Автомобиль – тягатар

Жүк тасылмадау үшін автопоездар мен автомобиль – тягачтар, тіркемелер мен жарты тіркемелер пайдаланылады. Автопоездарды пайдалану жанармай шығынын азайтуға еңбек өнімділігін арттырып, жүк тасымалдауға шығынды азайту. Автопоездардың пайдалы болуы мен қатар олардың кемшіліктері де бар. Жолсызбен жүргізу, маневр жасағанда қиындығы, жүргізушінің жұмысын қиындатуы және жүк тиеп түсіру кезінде жұмыс уақытының артылуы, т.б. кемшіліктері бар. Осы кемшіліктерді жою үшін оларға жүк тиеу кезіндегі уақытты үнемдеуге авто – тягачтар қолданылады. Бір немесе екі осьті тіркеме тіркеу үшін ЗиЛ – 130, КамАЗ – 5320, ГАЗ – 53 А автомобильдеріне тіркеме құрылғы орналатын пайдаланады. Жартылай тіркемелерді тарту үшін заводтардан автомобиль – тягачтар шығарылады. ЗиЛ – 139В1, МАЗ – 6422, КамАЗ – 5410, КрАЗ – 260В, Урал – 377С – К1 автомобильдерінде шанақ – платформасы жоқ. Олардың қысқа рамасына жартылай – автоматты тірек – тіркемелі орнатылған, оған жартылай тіркемелер кіндіктемірмен тіркеледі. Автомобиль – тягач пен жартылай тіркеме бірдей қозғалуы үшін қондырғы көлденең және бойлық қозғалыста болады. Автомобиль рамасына плита 3 мықтап бекітіледі және бойлық осі 6 бойынша балансир бұралып тұрады. Плита 3 мен балансирдің арасына амортизаторлы серіппе 7 орнатылған. Балансирдің тірек – ершікке 4 орнатылған көлденең осі 8 бар. Көлденең осьтегі 8 бұрылуы шектеуішпен шектеледі. Ершіктің 4 ернеуі мен қапсырма 11 орнатылған. Қапсырманы 13 ашып – жабу үшін рычаг 14, шток 1, серіппе 16, бағыттаушы саусақ 15 және тиек 17 әсер етеді.

Тіркемені тіркеу алдында шығыршықты 2 шетке бұрып рыгачты 14 алдыға тартады. Бұл кезде шток 1 құлыппен бірге серіппені 16 ығыстырып қозғалады. Құлпы 16 бұл кезде тиекпен 17 ұстатылып, қозғалу кезінде тиектің дөңесінде орналасады.

Жартылай тіркеме автомобиль – тягачтің артына тура бағытта болуы керек. Оның тірек плитасы автомобиль – тягачтың ершігіне бір деңгейде немесе 100 мм төмендеу болуы тиіс. Жартылай тіркеменің доңғалақтары тежеулі тұрады. Тіркелер алдында пневматикалық тежеуіш жетегінің шлангы түтүктері мен электр жүйесінің жетектері қысылып қалмауы тиіс. Содан соң автомобильді артқа қарай ақырындап қозғау керек. Бұл кезде жартылай тіркеменің кіндіктемірі плитаның ернеуінен өтіп қапсырмаға тіреліп итереді. Қапсырма 13 өзінің тірек саусақтарында 15 айналып штифт арқылы құлыпты шығарады да серіппе 17 арқылы құлып кейін қайтарылады, қапсыма 13 кіндіктемірді жауып қалады. Сақтандырғыш шығыршықты 2 тіктеп қою арқылы штоктың өздігінен қозғалуын болдырмайды.

Тіркемені ажырататын болса, тіркеменің тежеуіші тежеліп, шланг түтіктер мен электр желісі шешіліп жиналады.

Тіркеменің тірек катоктарын жерге тіреп қояды. Құлыптың рыгачын алдыңғы шетке қозғалтып жылжытады. Сақтандырғыш шығыршықты 2 жанына қарай қозғалтады.

Автомобиль алдыға жүрген кезде қапсырма кіндіктемірдің әсерінен екі жаққа қарай ажыратылып, тіркеме орнында қалады. Штифт тиекті 17 құлыпты серіппенің 7 көмегімен бастапқы қалпына қайтарады. Сақтандырғыш шығыршықты 2 қайтадан тіктеп қояды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: