Тежеуіш камерасы

Ауа жинау баллоны компрессордан берілген ауаны жинап ұстап тұру үшін қажет. Онда сумен майдың конденсатын ағызатын кран және сақтандырғаш клапан орнатылған. Доңғалақ шиналарына ауа толтыру үшін ауа пайдалану краны орнатылған және қалпақша гайкамен тесігі жабылып бұрады.

Тежеуіш краны (17.16. сур.) автомобильдің тежеуіш жүйесін басқару үшін, ауа баллонынан тежеуіш камераларына жеткізу қажет. Тежеуіш краны тура және кері қайтару жүйесі болып бөлінеді. Тура жеткізу краны, тежеуіш педельне басқан кезде қысымды ауа баллоннан ауа магистралі арқылы тежеуіш камерларына беріледі.

Кері қайтару краны тежу кезінде қысымды ауаны магистральнан ауаға шығарады, бұл кезде тежеуіш камерасына ауа арнайы реттегіш кран арқылы баллоннан келіп толтырылады. Тура жеткізу краны автомобильдің тежеуіш жүйесін басқару үшін, ал кері қайтару краны тіркемелердің тежеуіш жүйесін басқару үшін қолданады. Жасалу конструкциясына байланысты – диафрагммалы және поршенді тежуіш крандары болады.

Қазіргі кездегі автомобильдер мен автобустарда поршень типті тежеуіш краны пайдаланады. Тіркемелері бар автомобильдерде аралас тежеуіш кранды қолданады. Кран екі цилиндрден тұрады. Оның біреуі автомобильді тежеу үшін екіншісе цилиндрі тіркемені тежеу үшін қоданады.

ЗИЛ автомобилінде аралас жүйелі тежеуіш жетегі орнатылған. Тежеуіш кранының екі секциясы бар. Төменгі секциясмен автомобильдің тежеуішін басқарады. Әрбір кран секциясында корпус пен қалпақтың арасында енгізу клапанынның ұясы бар иілгіш резңке маталы диафрагмалар 9, 16 бекітілген. Секцияның әр қақпағы бір стерженьде монтаждалған және жалпы серіппесі бар енгізу11, 13 және шығару10, 14 қосарланған клапандарынан тұрады. Тежеуіш кранының корпусында серіппелі екі шток орналасқан. Төменгі секцияның диафрагмасына бір мезгілде екеуі: диафрагма және шток серіппелері әсер етеді. Тежеуіш корпусына рычагтар корпусы бекітілгін, онда қосарланған рычаг және аяқ жетегінің тартқышы бар. Рычаг жүрісі реттеуіш болтпен 24 шектелген. Егер тежеуіш педалін басатын болса, онда тартқыш 1 сол жаққа жылжып, өзімен бірге рычагтың 2 жоғарғы шетін ала кетеді. Рычаг 2 айналып, штоктың23 жоғарғы секциясын солға жылжытады. Шток шектеуіш болтына24 тірелген кезде рычагтың төменгі жартысы астыңғы секцияның штогымен бірге кейін кетеді. Сөйтіп, қосарланған рычаг тіркеме тежеуішін автомобиль тежеуішіне қарағанда, едәуір ерте қосуға мүмкіндік береді, мұның өзі тіркеменің автомобильге қарай жүріп кетпеуін реттейді.

Тежеуіш камерасы (17.17.сур.) тұрқыдан, қақпақтан екеуінің арасында бекітілген резеңкелі маталы диафрагмадан 1 тұрады. Диафрагманың ортасында болат табақшаға шток 2 бұрандалы айыр 5 бекітіліп, ол рычагпен 6 жалғастырылған.

Рычаг червяк 7 осьті жұдырықшаға тістегеріш киіледі. Тежеуішті қосқанда шланг түтік арқылы ауа қақпақ пен диафрагма арасындағы кеңістікке жіберіледі. Диафрагма иіліп штокты 2 итерді, сол арқылы рычагты 6 қозғалтып жұдырықша білікті 8 айналдырады. Қалыптар керіліп атанаққа қысылады. Тежеуішті босатқан кезде серіппелердің 3,4 көмегімен бастапқы орнына қайтарылады.

Ажыратқыш кран жалғану қалпақшаның алдында орнатылады және жалғану қалпағын жалғағаннан кейін ашылады. Жалғау қалпағы тіркемелерді автомобильге жалғау үшін қолданады. Монометр ауаның қысымын өлшеу үшін қолданады. Сол үшін екі тілі мен шкаласы бар – біреуі баллондағы қысымды өлшейді, екіншісі тежеуіш камерасының қысымын өлшейді. Ауа алу краны шиналарды ауаға толтыру үшін орнатылған. Ол ауа баллонына орнатылады.

17.7. КӨП КОНТУРЛЫ ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ТЕЖЕУІШ ЖЕТЕГІ.

Тежеуіш жүйесінің сенімді жұмыс істеуіне, барлық талаптарға сай болуына, автомобильдің қауіпсіз қозғалысына, тежеуіш жетегінің жұмысын арттыру үшін, кейбір дизельді автомобильдерде көп контурлы пневматикалық тежеуіш жетектері қолданылады. Олардың бірнеше жекеленген контурға бөлініп жұмыс істеуі, жүйеде ақау пайда болған жағдайда барлық жүйе істен шықпай, тек ақау болған контур ғана жұмыс істемей қалады. КамАЗ автомобилінің пневматикалық тежеуіш жетегі мынандай құрылымнан тұрады:

Компрессор 1 сығымды ауаны жүк түсіргіш құрылғының қызметін атқаратын қысым реттегішке 2 жіберіп, сонан кейін сақтандырғыш кранына барады. Онда ауа-райының төмен температурасында дымқыл ауаның қатыпқалмауы үшін техникалық спирттің буы арасынан араласып өтеді.Содан кейін екі немесе үш қорғанысты клапан арқылы тәуелсіз контурларға түтікпен жіберіледі.

Алдыңғы доңғалақ және жұмыстық тежеуіш жүйесінің контур жетегі, үш қорғанысты клапанның төменгі бөлігі 12, ауа рессивері 13, екі секциялы кранның жоғарғы секциясынан 17, қысымды тежеуіш клапанынан 28, шығару клапанынан 9, екі алдыңғы тежеуіш камерасынан 27, тежеуіш кранының төменгі секциясынан 17, екі өткізгіш жетекті тіркеменің басқару клапанының төменгі секциясымен жалғанатын түтіктер мен шланг түтіктерден тұрады.

Тұру және қосалқы тежеуіш жүйесінің контур жетегі мен аралас жетекті тіркемелер тежеуішінің қоректену контуры екі қорғанысты клапанның төменгі бөлігінен 4, ауа баллонынан 10, шығару клапанынан 9, қолмен басқарылатын кері қайтару тежегіш кранынан 15, жеделдеткіш клапанынан 23, екі магистральды өткізгіш клапанның жоғарғы бөлігінен 24, төрт серіппеліэнегоаккумуляторлы тежегіш камерасын 22, жалғайтын түтіктер мен шланг түтікшелерден және қолмен басқару тежегіш кранының 15 түтігімен тіркеменің тежегішін басқаратын екі өткізгішті жетегінен 21, ауа баллонының 10 бір қорғанысты клапынынан 20, жалғанатын түтіктерінен тұрады.

Қосымша жүйенің және ауа қабылдағыш құралдардың контур жетегі, екі қорғанысты клапанның бөлігінен 4, ауа рессиверінен 8, бақылап шығару клапанынан 9, қосымша тежегішті қосатын пневматикалық краннан 6, пневматикалық цилиндрден 5, жанармайдың келуін тоқтататын пневматикалық цилиндрден 7 және түтіктер мен жекеленген аспаптарды жалғайтын шланг түтікшелерден тұрады. Қосымша жетекті тежеуіш жүйесінің контурынан ауа әйнектазартқышқа, пневмодабылдағышқа, пневмогидравликалық күшейткішке, ілініс муфтасының пневмоцилиндріне және басқада құрылғыларға беріледі.

Апаттық саладарынан тежейтін тежегіштің, тұру тежегіш жүйесінің контур жетегі үш қорғанысты кранның бөлігінен 12, апаттық тежейтін тежегіш кранынан 14, екі магистральды өткізгіш клапанынан 24 және түтіктер мен шланг түтіктерден тұрады. Аппаттық тежегіштің тұру тежегіш жүйесіне ауа рессиверлерінен 11, 13 жұмыстық тежегіш жүйесінің жетегі арқылы ауа беріледі. Бұл контур үш қайтарымды тұру тежегішін қозғалтқыш жұмыс істемей тұрғанда жалғайды және аппатық тежегіш қолданғаннан кейін автомобильді орнынан сүреуге қолданылады. Тіркеменің тежеуіш жетегі аралас (бір немесе екі өткізгішті)болып оның құрамы: тіркеменің тежеуішін басқару клапанының екі өткізгішті жетегінен 21, бір қорғанысты клапаннан 20, тіркеменің бір өткізгішті тежеуішін басқару клапанының жетегінен 29, үш ажыратқышкраннан, үш жалғағыш қалпақшадан тұрады. Тіркеменің тежеуіш жетегіне, тұру мен қосымша жүйенің контур жетегінің ауа баллондарынан ауа жіберіледі. Пневматикалық жетектің жүйесінде ауа қысымы манометр арқылы бақыланады.

Екі 4 немесе үш 12 қорғанысты қорғаушы клапандар компрессордан алынған сығымды ауаны екі немесе үш контурға бағыттайды. Егерде бір контурда ақау пайда болса, онда оны ажыратып, басқа контурдағы ауаның қысымын сақтап тұрады.

Иілгіш элементті 26 тежегіш күшін реттеуіші 25 автоматты түрде ортаңғы және соңғы белдіктің тежеуіш камерасының ауа қысымын реттейді.

Реттеуішті раманың лонжеронына орнатады. Оның рычагы 3 жетек 4 иілгіш элемент 5 арқылы штанга 6 мен компенсаторды 7 белдіктер 8 және 9 артқы асқышына жалғайды және тежеуіш қолданған кезде белдіктердің қиғаш келуі, тегіс емес жол бедері оның бұралып кетуін реттеуде тежеуіш күшіне әсер етпейді. Иілгіш элемент 5 реттегішті белдіктердің тіктей қозғалысы мен селкілдеген кезінде оның артық қозғалысын азайтады және қорғайды.

Қысым шектегіш клапаны 28 жекелеген тежеу кезінде алдыңғы доңғалақтардың тежегіш камераларындағы қысымды азайтып, автомобильдің сырғанауын болдырмай басқаруды жеңілдетеді. Мұндай тежелуі кезінде клапан жылдам тежелуді арттырып және тежеуді тоқтатқанда ауаны шығаруды жылдамдатады.

Жеделдеткіш клапан аппаттық тежеуіш кезінде серіппелі энергоаккумулятордың тежеуіш камераларының жылдам тежелуін қамтамасыз етеді. Екі магистральді қайта жіберу клапаны 24 серіппелі энергоаккумуляторды жеделдеткіш клапаны арқылы, кол тежеуіш кранын басқаруда немесе аппаттық тежейтін тежеуіш арқылы басқаруда қолданылады.

1. Копрессор; 2. Қысым реттегіш; 3. Сақтандырғыш клапан; 4. Екі қорғанысты клапан; 5. Пневматикалық цилиндр; 6. Пневматикалық клапан; 7. Жанармай берілуін сөндіру пневматикалық цилиндрі; 8 Ауа рессивері; 9. Бақылап –шығару клапаны; 10. Ауа баллоны; 11. Жұмыстық контурдың ауа баллоны; 12. Үш қорғанысты клапаны; 13. Жұмыстық контурдың ауа жинау баллоны; 14. Аппаттық тежегіш краны; 15. Қолмен басқару тежегіш краны; 16. Қысым өлшегіш манометр; 17. тежеуіш краны; 18. Жалғағыш қалпақша; 19. Ажыратқыш кран; 20. Бір қорғанысты кран; 21. Екі өткізгіш жетекті тежегіш краны; 22. тежегіш камерасы; 23. Жеделдеткіш клапан; 24. Өткізгіш Клапан; 25. Тежегіш күшін реттегіш; 26. Серіппелі элемент; 27. Тежегіш камерасы; 28. Қысым шектегіш клапан;

17.8. ТЕЖЕУІШТІҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖЕТЕГІ.

Тежеуіштің мехеникалық жетегі жетектер мен рычагтардан тұрады және басқыш педаль немесе қол тұтқасын тежеуіш механизмдеріне жалғау үшін қолданады. Қазіргі кезде мұндай тежеуіштерді тұру тежегішіне қолданылады. Тұру тежеуіші ленталы немесе жапсырмалы қалып тежеуіш механизмді болып орнатылады.

ЗиЛ, ГАЗ-33, МАЗ автомобильдерінде атанақ түрдегі орталық тұру тежеуіші орнатылған, ал «Волга», «Жигули», тағы басқа жеңіл автомобильдерде тұру тежеуіші ретінде артқы доңғалақтың тежегіш қалыптары іске қосылады.

Мысалы, ЗиЛ -4331 автомобилінде тұру тежеуішіне(17.19.сурет.) барабанды-қалып тежегіш орнатылған. Шойыннан құйылған тежегіш барабаны 2, беріліс қорабының жетектегі білігінің 4 артқы ұшына бекітілген. Барабанның ішіне екі метелды-асбест жапсырмалы қалып 1 орнатылған. Қалыптың осі 3 тежегіштің тірек кронштейніне бекітілген. Қалыптар екі серіппе 5 тартқышпен тартылып тұрады және тежелу кезінде ажыратқыш жұдырықша 6 арқылы керіледі.Жұдырықша білікпен біртұтас болып, тежегіш тірегінің кронштейніне бекітіледі. Жұдырықша біліктің рычагы 7 жетек 8 арқылы қол тұтқаның рычагіне 9 жалғастырылған. Қол тұтқа 11 тіректі тісті ілгішпен қамтылған және сектор 10 бойымен жылжығанда тұтқаны 12 тежелген қалпында бекітіп ұстап тұрады. Тұру тежеуішінің қалыбы мен барабан арасының саңылауын жетекші жетектің 8 ұзындығын өзгерту арқылы реттейміз. Сонымен қатар тежегішті реттеу жетектің 8 бекіткіш саусағын жұдырықша біліктің рычагының 7 тесіктерін өзгерту арқылы жүргізіледі. Реттеуіш тесіктер жұдырықша біліктің рычагына 7 орналастырылған. Қол тұтқаны 11 артқа қарай тартқан кезде механикалық жетек ажыратқыш жұдырықшаны 6 бұрады, сол кезде қалып 1 атанаққа 6 тіреліп тежеледі. Тұтқаны 11 босатқан кезде тартқыш серіппелер 5 қалыпты бастапқы орнына тартып қайтарады. Тұру тежегішінің жетегінде құлақша бар, ол жетекті доңғалақтың пневматикалық жетегін аралас тежегіш кранының басқару жүйесімен жалғастырады.

«Волга» автомобильдерінде тұру тежеуіш (17.20 сурет.)жүйесі артқы доңғалақтардың тежегіш механизмдері 2 арқылы іске қосылады. Тежеуіш жүйесі жүргізуші орындығының оң жағындағы қол тұтқасы 1 арқылы іске қосылады.

Қол тұтқасын 1 көтерген кезде күш рычаг реттеуіш 5 жетек арқылы теңдеуіші 3 жетекке беріледі. Теңдеуіш жетек трос 6 арқылы тежегіш механизмдерінің рычагтарына 4 жалғастырылған. Рычаг ажыратқыш стерженьнің көмегімен тежегіш қалыбы керіліп барабанға жақындап тежеледі. Қол тұтқаның тірегі, кронштейнге бекітілген тірек тісті механизм болады.

17.9. ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН ЖЕТЕКТІ ТЕЖЕГІШ

Пневмогидравликалық жетекті тежегіш Урал-375 автомобилінде қолданылады (17.18. сурет). Оның құрылысындағы алдыңғы, ортанғы, артқы белдіктердің доңғалақтарындағы тежеуіш механизмінің қалыптары 12, 11, мен 9 доңғалақтың гидравликалық цилиндрлері 10 мен 8 арқылы іске қосылып, аралас жетектің гидравликалық бөлігіне жалғастырылған. Алдыңғы мен ортаңғы белдіктің доңғалақтарының гидравликалық цилиндрлері бірінші басты тежеуіш цилиндрлеріне 4, ал артқы белдіктің доңғалақтарының гидроцилиндрі екінші басты тежеуіш цилиндріне 6 түтік арқылы жалғастырылған. Сондықтан аралас пневмогидравликалық жетектің гидравликалық бөлігі екі тәуелсіз гидравликалық жетектен тұрады.

Құрамдастырылған жетектің пневматикалық бөлігі, аралас тежеуішті поршень типтес краннан 1, төменгі бөлігі тежегіш кранынымен түтік 3 арқылы жалғастырылған екі пневмоцилиндрден 5, 7 тұрады. Тежеуіш кранының үстіңгі бөлігінен түтік 2 арқылы тіркемелердің тежегіш механизмдері жұмыс істейді. Жетектің пневматикалық бөлігі компрессор арқылы сығымды ауаны ауа баллондарына жинайды. Тежеуіш педалін басқан кезде сығымды ауа түтік 3 арқылы пневмоцилиндрге 5, 7 беріледі. Цилиндрлерде ауаның қысымы арқылы екі поршень, шток пен түрткіштің көмегімен басты цилиндрлердің поршеньдеріне 4, 6 беріледі. Сондықтан гидрожетектер орындаушылық қызметін атқарады, ал пневмоцилиндрдің тежегіш крандары басқарушылық қызметін атқарады. Доңғалақтың гидроцилиндріндегі 10, 8 тежеуіш сұйықтығының қысымы пневмоцилиндрдегі 5, 7 ауаның қысымына тура пропорционалды болады. Сондықтан құрамдастырылған жетектің гидравликалық бөлімі бір мезгілде барлық доңғалақтардың тежелуін атқарса, ал пневматикалық бөлімі оны жеңіл басқаруға және автомобиль тіркеген тіркемелерді тежеуге пайдаланады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Тежеуіш жүйесінің қызметі мен түрлері, оларға қандай талаптар қойылады?

2. Тежеуіш жүйелері механизмдерінің құрылымдары мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

3. Басты тежеуіш цилиндрінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

4. Доңғалақ тежеуіш цилиндрінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

5. Өздігінен реттелетін құрылғысы бар тежеуіш механизмінің құрылымы мен жұмыс істеуі қалай?

6. Қандай мақсатта гидрожетектің тежеуіш ажыратқышы қосылады? Оның құрылымы мен жұмыс істеуі қалай?

7. Пневматикалық тежеуіш жетегінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

8. Компрессордың құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

9. Тежеуіш краны мен тежеуіш камерасының құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

10. Тежеуіштің пневматикалық жүйесіндегі қысым реттегіш пен сақтандырғыш клапанның құрылымы мен

жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

11. Жүк және жеңіл автомобильдердің тұру тежеуіштерінің құрылымы мен жұмыс істеуін түсіндіріңіз?

12. Гидравликалық, пневматикалық және механикалық тежеуіш жетектерінің басымдылығы мен кемшіліктері қандай?

18 – тарау. ШАНАҚ ПЕН ҚОСЫМША ҚҰРЫЛЫМДАР.

     
 
 
 


18.1. ШАНАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Шанақ жүргізушіні, жолаушыларды, жүктерді және арнайы құрылымдарды орналастыруға қолданылады. Автомобиль шанақтарын пайдалануы мен құрылымы бойынша анықтайды. Пайдаланылуы бойынша шанақтар негізгі үш топқа бөлінеді: жолаушыларды тасымалдауға арналған (жеңіл автомобильдер, автобустар, жүкжолаушы автомобильдері), жүк тасымалдауға арналған (платформалар, цистерналар, фургондар, өздігінен аудармалы (самосвалдар) т.б.) және арнайы пайдалануға арналған (санитарлық, өрт сөндіруші т.б.).

Жеңіл автомобильдер шанақтары құрылымы бойынша каркассыз, каркасты және жартылайкаркасты, ал салмақ қабылдау мінездемесіне байланысты алып жүруші (несущие), жартылай алып жүруші(полунесущие) және түсірілген (разгруженные) болады.

Алып жүруші шанақтарда рама болмайды, автомобильдің жүрісі кезінде түсірілетін барлық салмақты шанақ қабылдайды. Жартылай алып жүруші шанақтар рамаға қаттылап орнатылып, рамаға түсірілген салмақтың жарты бөлігін қабылдайды. Түсірілген шанақтар тек қана түсірілген жүк салмақтарын қабылдайды, өйткені оны рамаға серпімді элементтердің көмегімен орнатылады (резиналы төсемдермен, жастықшалармен т.б.).Серпімді элементтері бар шанақтар автомобиль қозғалысы кезінде рамаға берілген барлық күштерден босатылады (тартылыс күшінен басқа).

18.1.1. ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ШАНАҚТАРЫ.

Көптеп шығарылатын жеңіл автомобильдер алып жүру шанақты болады. Бұл орталық тартылыс күшін төмендетіп, жалпы біиіктігін және құрылымның металл көлемін де азайтады. Біртұтас металлды алып жүруші каркассыз шанақтарды, әдетте қалыңдығы 0,8... 1,2 мм жайма болаттан дайындайды. Мұндай шанақтың тұрқы (сур. 18.1) пісірілген құрылымнан жасалып, шанақтың(еденінен) негізінің 2 алдыңғы, артқы бөлімінен, сол және оң жақтауы 3 артқы қанаттарымен, алдыңғы қанаттан 1 және шанақтың төбесінен 4 тұрады. Шанақтың есігі жалғамалар мен біріктіргіштер арқылы біріне – бірін фланцтердің көмегімен жалғастырып, штампталған сыртқы және ішкі, екі панелден тұрады. Шанақтың негізгі алып жүру элементтер бөлшегіне қораб кесінділері, жақтау таянышы, табалдырығы мен едені және әртүрлі көлденең құрылымдар жатады. Шанақтың қажетті қаттылығы панельдің қаптамаларын дәл келтіріп жалғастыру арқылы жеткізіледі, оларға әртүрлі қиғаш кесінділер мен жұқа қалыңдықтағы болат профильді біріктіргіштер қолданылады. Панельдерді пісіріп жалғастыру мен бірге шегелеп немесе бұрандалы түрде де жалғастырады.Каркасты алып жүруші шанақтардың арнайы каркастары болады, оған негізгі бөлшектерді және жұқа қалыңдықтағы профильдердің құрылымдарын, пісіріп құрайтын панельдің қаптамаларының біріктіргіштерімен бекітіледі. Жартылай каркасты шанақтардың жарты бөлігі каркас болып — тікелей немесе панель жапсырмалармен байланыстырған жеке таяныштан, доғадан, тіректерден, қаттылық бекіткіштен тұрады. Каркасты және жартылай каркасты құрылымды шанақтар жеңіл автомобильдерде сирек қолданылады. Қазіргі жеңіл автомобильдердің шанақтарының әртүрлі көп айырмашылығы бар. Автомобильдің түрлері мен пайдаланылуы шанақтың формасына, есіктерінің саны, орындары мен сыйымдылығына байланысты болады, сыйымдылығын шанақтың көлеміне байланысты анықтайды.

Шанақтың көлемінің саны бойынша үшкөлемді болаып жасалады — қозғалтқыш бөлімі, салон, жүк бөлігі (сур.18.2, а, б, в) немесе екікөлемді — қозғалтқыш бөлімі, салон(сур.18.2, г), мұндай кезде салон мен жүк бөлігі біртұтас болып жасалады.

Екі көлемді шанақтарға шанақтың универсал түрі жатады, классикалық схемадан екікөлемді шанақтың айырмашылығы төбесінің артқы бөлігі өте жоғары орналасқан, шанағы өте шығарып ұзартылған (сур.18.2, д).

Егер қозғалтқыш бөлімі, жолаушылар мен жүк бөлімі біртұтас шанақта орнатылған болса, онда мұндай шанақ біркөлемді болады. Мұндай шанақтар автомобиль өндірісінде шектеулі болады.

Жеңіл автомобильдерде раманың қызметін автомобиль шанағы атқарады, оған асқыштар бекітіледі. Автомобильдерде әртүрлі шанақтар пайдаланылады. Шанақтар пайдаланылуына байланысты екі немесе үш бөлімді болады. Екі бөлімді шанақтар жолаушылар салоны мен қозғалтқыш бөлігінен тұрады, ал үш бөлікті шанақтар – қозғалтқыш пен жүк бөлігіне және жолаушылар салонына бөлінеді.

Седан – (18.2, сур. а) үш бөлімді, жабық, төрт есікті, екі қатар орындықты(үшінші қатар сирек кездеседі). Седан жеңі автомобильдерде көп тараған түрі. (автомобилдер ВАЗ-2105-07; ГАЗ-3110, -31029 «Волга» т.б.)

Лимузин – (18.2, сур.б) үш бөлімді, жабық, төрт есікті, екі немесе үш қатар орындықты (үшінші қатары жиылдмалы) шанақ. Алдыңғы қатар мен екінші қатар, жүргізуші мен жолаушы ортасында көтерілетін қалқа (перегородка) пайдаланылады.

Артқы қатар орындықтардың үстінде жиналмалы жұмсақ тент жапқышы бар лимузин, (18.2, сур. в) ландо-лимузин деп аталады. Лимузин шанағы жоғары класты жеңіл автомобильдерде орнатылады. (автомобиль ЗИЛ-4104, ЗИЛ-41045).

Хэтчбек (комби, лиртбек)– (18.2, сур.г) екі бөлімді, жабық, екі есікті, екі қатар орындықты шанақ. Қосымша есік шанақтың артқы қабырғасына орналасқан. Хэтчбек шанағының жүк бөлімін ұлғайтуға болады. Бұл шанақ өте кіші, кіші және жеңіл автомобильдерде пайдаланылады. (автомобильдер ВАЗ-2108, «Москвич»-214122, ЗАЗ-1105).

Әмбебаб(Универсал) – (18.2, сур.д) екі бөлімді, жабық, үш немесе бес есіктк, екі немсе екі қатар орындықты. Қосымша есік шанақтың артқы қабырғасына орнатылған. Екінші қатардағы орындықтарды жинағанда жүк салатын бөлімі ұлғаяды.

Универсал шанағы кіші және орта класты жеңіл автомобильдерінде қолданылады. (ВАЗ-2104, ВАЗ-21213 «Нива», ГАЗ-24-14 «Волга»).

Фаэтон – (18.2, сур.е) толық ашылатын екі немесе үш бөлімді, екі немесе төрт есікті, екі немесе үш қатар орындықты шанақ. Шанақ төбесі жиналмалы және жұмсақ, жақтауы алып-салынатын болады. Фаэтон шанағы орта және жоғары класты автомобильдерде қолданылады. Кейде мұндай шанақты «Торпедо» деп атайды. (УАЗ-3151-01).

Купе – (18.2, сур.ж) үш бөлімді, жабық, екі,есікті, бір немесе екі қатар орындықты шанақ. Екінші қатардағы орындықтарға отыру үшін алдыңғы есікті ашып алдыңғы қатардағы орындықты алға қарай шалқайтып кіру қажет. Купе шанағы өте кіші класты жеңіл автомобильдерде орнатылады.

Кабриолет – толық ашылатын үш бөлмді, төрт есікті, екі немесе үш қатар орындықты (үшінші қатар орындықтар жиылмалы) шанақ. Шанақ төбесі қатты немесе жұмсақ жиылмалы, жақтауы алып-салынатын болады. Кабриолет шанағы орта және жоғары класты жеңіл автомобильдерде пайдаланылады. (автомобиль ЗИЛ-41044).

Пикап – (18.2, сур.з) жүк-жолаушы шанағы ашық платформалы, бүйірдегі 4-6 адамдарға арналған орындықтары алынады, екі адамға арналған жабық кабиналы болады. (ИЖ-27151)

Арнайы транспорттық автомобильдерде толық немесе жартылай рама пайдаланылады. Рама болат прокаттан жасалады, оған автомобиль агрегаттары бекітіледі.

18.1.2. АВТОБУСТАР ШАНАҚТАРЫ.

Автобустар шанақтары вагон типті болып жасалады және оның 90% көлемін жолаушылар орналасу орындарына бөлінеді. Қазіргі автобустарда каркас типті штампталған қырлы болаттан бірне –бірі пісіріліп, олар темірмен немесе алюминий қортпасынан жасалған қапсырмамен қапталады. Каркас автобус шанағының негізігі бөлігі болып бекітіледі. Каркас – төменгі еденінен 1, төбесі 4 жабық оң және сол жақтауларынан 2, алдыңғы 5 мен артқы 3 бөліктерінен тұрады. Оның ішіне жолаушылар мен жүргізуші орындықтары орнатылған.

Жүргізуші кабинасы жолаушылар орынынан тасаланып бөлек тұрады.Есіктерді жүргізушіге және жолаушыларға бөлек орнатады. Алдыңғы жолаушылар есігі үш немесе төрт бүктелмелі, ал артқы есігі төрт бүктелмелі болып жасалады. Жүргізуші есігі бір бүктеліп ашылады. Есіктер пневматикалық механизм арқылы жүргізушінің басқаруымен іске қосылады. Жақтауларындағы әйнектер төрт бұрышты жылжымалы терезе болып орнатылады. Алдыңғы мен артқы әйнектері үлкен доғал болып, жан-жағын толық көруге қолайлы етіп орнатады. Орындықтар жылжымалы реттеліп тұрады немесе қозғалмайтындай қаттылап бекітеді.

Жылжымалы реттелетін орындықтар қалааралық автобустарда, ал қозғалмайтын орындықтар қалалық автобустарда қолданылады. Жүргізушінің орындығы бойлық бағытта, биіктігімен және орындық арқалығының бұрыштық бағыты өзгерілетін болып жабдықталған. Көбінесе оларға амортизаторлар қолданылады.

Сыртқы дыбыстың естілмеуі үшін шанақты шуылға қарсы битумды мастикпен, жылу ұстайтын қатты картонмен немесе басқада материалдармен қалыңдатылады. Шанақтың едені мен аяқ басқышына резина төсемдер салынады

Автобусты жеңіл басқару үшін шанақты алдыңғы әйнек жуғыш, тазалағыш, күнқағар, терезе пердесі, айна қолданылады. Айна арқылы салондағы жолаушылардың кіріп шығуын көріп отыру үшін пайдаланылады.

18.1.3. ЖҮК АВТОМОБИЛІНІҢ ШАНАҚТАРЫ.

Жүк автомобильдерінің шанақтары жүк платформасынан(18.5. сур.) жүргізуші кабинасынан (18.4. сур.)және олардың тіректерінен тұрады. Шанақтың тірегіне қозғалтқыш жапқышы 1, доңғалақ үстіндегі қанат тірегі 2, радиатордың бетжапқышы 4, аяқ басқыш тірегі 3 жатады. Кейбір жүк автомобильдерінде жүргізуші кабинасы қозғалтқыш үстінде орнатылғандықтан онда қозғалтқыш жапқышы болмайды. Жүк платформасы(18.5.а,сур.) ағаш жақтаулы немесе темір құрылымды болып келеді. Олар едені мен шеткі жақтаулардан тұрады. Еденінің негізі бойлық 2 және көлденең 4 брусьтарға, ал алдыңғы 7 жақтауы еденнің негізіне бекітіледі. Екі шеткі 6 және артқы 3 жақтауы ашылады, еденге бұғалық 11 арқылы бұрандалы бекітілген, ал алдыңғы жақтауы арнайы тірек арқылы қатыланып бекітіледі. Ашылатын жақтаулары көтеріліп жабылған кезде біріне –бірі тұтқа арқылы бекітіліп тұрады. Жүк платформасы автомобиль рамасына темір құрсаумен 1, 9 мықтап бекітіледі. Жүк шанақтары әмбебап немесе арнайыланған болады. Әмбебаб шанақтардың жүк платформасы ағаштан немесе темірден жасалып, әртүрлі жүктерді тасымалдауға арналған. Жүк платформаларын жүктердің тығыздығына, көлеміне, түріне байланысты қолданылады. Платформалар ашық шанақты немесе жабық (фургон) болады. Жеңіл автомобильдерде жүк платформасы бар шанақтар жабық шанақты – фургон, ашық шанақты – пикап деп аталады. Арнайы шанақтарға өздігінен аудармалы шанақтар, шанақ – фургон, шанақ – цистерна, тағы басқалар жатады.

ГАЗ-3308, -33097 «Садко» автомобильдеінің жүк платформасы металлдан дайындалып пісірілген, артқы жақтауы ашылады. Платформа рамаға он төрт нүктеде резеңке төсемдер салынып бұрандамен қаттыланып бекітіледі. Алдыңғы екі бекіту нүктесіне цилиндрлі серіппелер орнатылған. Платформаның бүйірдегі 19 мен алдыңғы жақтауларына(18.5. б.сур.) алып – салынатын ағаш – металл решеткалар 16, 21 қойылады. Бүйірдегі решеткаларға жиналмалы орындықтар 14, 15 дайындалған. Платформаның ортаңғы бөлігіне алынатын орындықтар 17, 20 құрылған. Артқы жақтау 18 екі шетінен рычаг бекіткіш ілгектермен бекітіледі.
Жолаушы адамдарды және жүктерді жаңбыр мен желден сақтандыру үшін платформаның үстіне жоғарғы жағын канатпен 13 байлап қойылған металдан дайындалған бес доғаның 12 үстінен березент тент жабылады. Тент терезелермен қамтамасыз етілген. Тентті алғаннан кейін доғаларды платформаның алдыңғы бөлігіне арнайы орнатылған ұяларға жинастырып орнатады.

КамАЗ-5320 және оның барлық модель түрлерінде металлдан жақтаулы платформа орнатылған, тент каркасы орнатуға негізі болатын алты жақтаудан тұрады. Платформаның негізі темір каркас түрінде дайындалған, екі бүйірдегі профильден, көлденең балкалармен байланған байлама мен бойлық күшейткіштерден тұрады. Каркастың барлық элементтері қалыңдығы 2,5 – 3 мм болатын жалпақ болаттан дайындалған. Платформа жақтауларының барлық каркас элементтері қалыңдығы 1 – 1,5 мм. болатын жалпақ болаттан дайындалған.

18.2. ЖҮРГІЗУШІНІҢ КАБИНАСЫ.

Жүргізуші кабинасы бір немесе екі жолаушы мен жүргізушіге арналған. Қалааралық жүретін жүк автомобильдерінде екінші жүргізушіге арналған тынығатын орынмен қамтылған. Жүк автомобильдері қозғалтқыш бөлімінің жапқышынан (ЗиЛ, ГАЗ, т.б. автомобильдерінде), қозғалтқыш бөлімін жапқышынсыз(МАЗ, КамАЗ, ГАЗ-66, т.б. автомобильдерінде) болып келеді. Қозғалтқыш жапқыш бөлімі бар жүк автомобильдерді қазіргі кезде өндірістен азайтып келеді. Жүргізуші кабинасының көп тараған түрі қозғалтқыш үстіне орналастырылған кабина. Мұндай жүк автомобильдерінің жүк платформасының көлемі ұлғайып және жүргізушінің автомобильді басқаруына, кабина астындағы қозғалтқыштың агрегаттары мен механизмдерін жөндеуге қолайлы болып келеді. Мұндай кабиналар алдыға қарай ашылады, кабинаның артқы жағында кабина тірегі мен тұтқа механизмі орнатылған.

Ол кабинаның өздігінен ашылып кетуін болдырмайды. ЗИЛ-431410, ГАЗ-3307 жүк автомобильдердің кабиналары — бүтін металлдан штампталған панельден пісірлген екі жанындағы есіктерден тұрады. Есіктер екі топсаға 2 ілініп (18.11. а, сур.) және жабық тұрғанда тұтқалы 13 құлпымен ұстатылып, ішкі және сыртқы жақтарынан ашылуға мүмкіндік береді.. Есіктер екі топсаларға бекітілген, жабық кезінде құлпы арқылы ұсталып, ішінен де сыртынан да тұтқа арқылы ашылады. Есіктерді құлыппен жабуға болады. Құлыптар сақтандырғыш ілгекпен жабылып, жүру кезінде есіктердің өздігінен ашылуына кедергі жасайды. Есіктің ашылуы шектеуішпен шектеледі, төменгі жағында ішіне жиналған сулардың ағуына арналған саңылаулар бар. Көбінесе жүк автомобильдерінде жүргізуші орындығы жеке орнатылып және жүргізушіге қолайлы болуы үшін реттеліп тұрады. Автомобильді қолайлы басқару үшін кабинаның екі шетіне артқы жағын көруге арналған айна қойылады, оларды реттеп тұруға болады және күнқағармен қамтамасыз етілген. Күнқағар кез-келген қалыпта бұрып реттеп бекітіп қоюға болады. Кабинаның ішінде автомобильді басқаруға арналған барлық жүйесі орнатылған. Есіктің ашылу бұрышы шектеуішпен 4 қосымша максималды ашылу қалпы тұрақтандырылып реттеледі. Есіктің жоғарғы бөлігінде әйнекке арналған ойығы бар. Терезенің оң жағы түсірілетін әйнек 11, ал сол жағы —бұрылмалы әйнек 9 оны бекітетін ілгегі 8 және әйнектің қапсырмасының тығыны 12 болады.
Әйнекті 11 төмен түсіруде бағыттауыш 1 арқылы есіктің ішіне орнатылған әйнек көтергішпен 5 жүргізіледі. Әйнек көтергіштің жетегі тісті сектормен 6 біріктіріліп

тістегерішпен бір осьта орнатылған тұтқаның 7 көмегімен жұмыс істейді. Терезенің жабылуы мен ашылуы кезінде тісті сектор 6 күш әсерін әйнек көтергіштің рычаг 14 арқылы түсірілетін әйнектің қапсырмасына 15 бекітілген қозғалмалы кулисаға 16 жеткізеді, соның әсерінен әйнекті қозғалту жүзеге

асырылады. Есіктің құлпында қозғалыс кезінде есіктің өздігінен ашылып кетуін болдырмайтын сақтандырғыштар бар. Есіктердің құлпы сыртынан кілтке

жабылады. Кабина есіктерінің ішкі жағынан шынтақ асты тұтқасы 23 орнатылған, сол арқылы есікті ішке тартып жабуға болады.
Кабинаның ойығы мен есіктердің жиегі кабинаға шаң – тозаң және салқын ауаны жібермеу үшін жұмсақ резеңке тығыздағышпен 3 тығыздалады. Есіктің терезесі және бұрылмалы әйнектің қапсырмасы тығыздауыш ұстағышпен 10 бекітілген түктіленген немесе резеңкелі тығыздауышпен тығыздалады. Кабина есігінің ішкі қуыстары монтаждау люктің қақпағымен 17 жабылады. Қозғалтқыштың және басқа агрегаттардың жұмыс істеуінен берілетін шуылды азайту үшін кабинаның еденін және есік панелдерінің ішкі беттерін шуылға қарсы мастик жағылады. Есіктің төменгі бөлігінде есіктің ішіне түскен сулардың ағып шығуына арналған саңылау орындалған.

18.2.1. КАБИНАНЫ ЖЫЛЫТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ.

Кабинаның алдыңғы әйнегін және ішін жылыту үшін оған жылытқыш орнатылады. Жылытқыш автомобиль қозғалтқышының салқындату жүйесінен берілетін сұйықтық арқылы жылынады. Жылытқышқа түтікті-пластиналы радиатор орнатылып, оны салқындату жүйесіне түтік арқылы жалғастырады. Электрлі желдеткіш арқылы ауа құндағынан жіберілген ауа, радиатордың арасынан өтіп, жылы ауа бөлу каналдары арқылы алдыңғы әйнекке беріліп жылытады. Ыстық салқындатқыш сұйықтығы жылытқыш радиаторына келіп тұрады. Оны сұйықтық сорабы еріксіз жеткізіп беріп тұрады.

Ауа жылытқышқа кабинаның оң жағындағы канал арқылы өткізіледі, сол жағындағы канал және кабинаның төбесіндегі ашқышпен, есіктің әйнектерінің ашылуының нәтижесінде кабинаның ішін таза ауамен қамтамасыз етеді. Ауа каналдарының алдыңғы жағында сыртқы қақалағыш орнатылған. Қалқалағыш екі деңгейде жұмыс істейді.(ауа каналы жабық немесе ауа каналы ашық). Ішкі қалқалағыштар жүргізушінің әрекеттерінің әсерінен қолмен ашылып жабылады, қалқалағышты үш деңгейде қозғап іске қосады.

Бірінші деңгейде қалқалағыш тік қалпында болып, оң жағындағы ауа каналының жолын жабады. Бұл кезде ауа тек кабина ішіне беріледі.

Екінші деңгейде қалқалағыш көлбеу қалпына жылжытылады, сырқы ауаның каналы ашылып, ауа жылытқышқа беріледі. Кабинаға баратын жылы ауаның жолы жабылады.

Үшінші деңгейде қалқалағыш жазыңқы қалпында болып, кабинаның ішіне таза ауа келуін қамтамасыз етеді. Жлытқышты қосудан бұрын қозғалтқыштың жұмыстық температурасын жоғарлатып, сонан кейіноның жұмысын алдымен алдыңғы әйнекті алған соң оны кабинаны жылытуға бағыттайды. Қозғалтқыш жылдам қыздыруы үшін, оның айналу жиілігін көбейтеді. Жаз айларында жылытқыштың радиаторын салқындату жүйесінен ажыратып қояды.

ЗИЛ – 4314, – 4333 автомобильдерінің модельдерінде кабина жылытқыш (18.9. а, сурет) қозғалтқыш салқындату сұйықтығымен түтік жетектер 7, 8 арқылы жалғастырылған түтік – пластиналы радиатордан 12, желдеткішті 9 электрлі қозғалтқыштан 10, ауа қалқалағышының 13 құндағынан 11, тілімше фиксаторлы 14 басқару тұтқасынан 15, шашыратқыш ұштығына 4 шланг құбырмен 16 ауа тарату арнасынан 5 тұрады. Тұтқаға 1 жалғастырылған тростың 2 көмегімен арнаны 5 жабатын қалқалағыштың 3 қалпын өзгертуге болады.

Ыстық сұйықтық (су немесе антифриз) салқындату жүйесінен шүмек 6 ашық тұрған қалпынан құбыржетек 7 арқылы жылытқыш радиатор бачогының төменгі сол жағы бөлігінен жіберіліп, бачогтың оң жағының жоғарғы бөлігінен шығарылады, содан соң құбыржетек 8 арқылы қозғалтқыштың сұйықтық сорабының сорылу қуысына жалғастырылады.

Жылытқышқа сыртқы ауаның ағыны, капот астында орналасқан оң жағының вентиляциялық арнасы арқылы түседі. Жылытқыштың радиаторынан жылытылған ауаның үлкен бөлігі желдеткіш арқылы таратқыш арнаға 5, ал кіші бөлігі – кабинаның ішіне жолаушылар аяқтарының астына жіберіледі. Таратқыш арнадан жылытылған ауа шланг – түтікпен 16 алдыңғы әйректі жылытатын шашыратқышқа 4 және арнаның соңында қалқалағышпен 3 жабылатын саңылау арқылы жүргізушінің аяқтарының астына жіберіледі. Сырттан берілетін ауаның ағыны сонымен бірге жылытқыш құндағының төменгі бөлігіне орналасқан қалқалағыш 13 арқылы жылытқышқа түседі. Жылытқыштың сол жағына орналасқан қалқалағыш рычагы, үш қалыпын өзгертуге болады.

Жылытқыштан берілген ауамен бірге кабинаның ішін тазалау үшін оған кабина төбесіндегі люктен, кабина есігіндегі бұрылмалы әйнек пен есік әйнегінің түсіріліп тұрған кезінде ауа түсіріледі.

Жылытқыш салқындату сұйықтығының 75 о...80 о С температурасында әсерлі жұмыс істейді. Сондықтан жылытқыштың желдеткішін қозғалтқышты жылытқаннан кейін аспаптар қалқанында орналасқан қосқыш арқылы қосу керек, қосқыштың рычагының үш қалпында, екеуі электірлі қозғалтқыштың айналу жиілігін ауыстырып қосуға және біреуі оны өшіруге арналған. Жылытқышты қосқанда ең алдымен оның жылуын қалқалағышты 3 тұтқаның 1 көмегімен жауып, барлық жылы ауаны қатып тұрған алдыңғы әйнекті жылытуға бағыттайды. Сонан соң тұтқаның 1 көмегімен қалқалағыштың 3 қалпын өзгертіп, жылы ауаны кабинаның ішін жылытуға бағыттайды. Автомобильдің желіге шығар алдында, қозғалтқышты тұтандырғанда және оны жылытқаннан кейін жылытқыш радиаторына 12 жіберілетін сұйықтықтың шүмегін 6 ашып, жылытқыш желдеткішін қосып қозғалтқыш иінді білігінің айналу жиілігін арттырады. Бұл кезде жылытқыш радиаторы жылы сұйықтықпен жылдам толтырылып, радиторға жіберілген сұйықтықтың қатып қалуын болдырмайды. Автомобильдің желіден оралғаннан кейін, егер салқындату сұйықтығына суды пайдаланған болса, онада қыс мезгілінде сұйықтықты қозғалтқыштың салқандату жүйесінен төу кезде, жылытқыш радиаторынан 12 да шүмек 6 арқылы төгіп, шүмекті жабу керек.

ГАЗ-31029 «Волга» автомобилінің жылыту жүйесі мен салонды тазалау 18.10. суретте көрсетілген. Бұл автомобильдің шанағының салонын жедел жылыту қосқышпен 12 басқарылатын екі жылдамдықты жылытқыш желдеткішімен, сонымен бірге жылытқышқа ауа жіберілуінің қалқалағышын 5 тұтқаның 9 ашылу мөлшерімен және сұйықтықты жіберу шүмегі 4 тұтқаны 8 ашу арқылы реттеледі. Бұл кезде тұтқаның оң жағындағындағы қалпы шүмекті толық ашылуына сәйкес келіп, қозғалтқыштың салқындату жүйесінен жылытылған сұйықтық жылытқыштың 6 радиаторына жіберіледі, ал тұтқаның 8 шеткі сол жығындағы қалпында сұйықтық радиаторға жіберілмейді. Сыртқы ауа жылыту жүйесіне алдыңғы әйнектің орнатылған негізіндегі решетка арқылы түседі. Жылытқышқа 6 бағытталған ауаның мөлшері тұтқамен 9 басқарылатын ауа жинағыштың қалқалағышымен 5 реттеледі. Тұтқаның шеткі сол жағының қалпында ауа жинағыштың қалқалағышы толық жабық, ал шеткі оң жағында — толық ашық, сыртқы ауаның барлық көлемі жылытқыштың радиаторы арқылы жіберіледі. Тұтқаның ортаңғы қалпына тұрақтанғанда сыртқы ауаның жарты бөлігі радиаторға бағытталып, ал қалған бөлігі оны айналып жүріп радиатордың кейін жылытылған ауамен араласады. Сыртқы ауаның төмен температурасында ауа жинағыш қалқалағышының тұтқасын 9 қозғалтқыштың 75 о...80 о С температурасында ашу керек. Жылытылған ауаның ағынын тарату тұтқа 11 арқылы бөлінеді. Тұтқаның шеткі сол жағының қалпында жылытылған ауа алдыңғы әйнекті шашыратқыш 2 арқылы жылытуға және бағыттаушы решетка 1 арқылы алдыңғы есіктердің әйнегін жылытуға жіберіледі, шеткі оң жағының қалпында — жылытылған ауа көрсетілген бағытпен, ауа жүру арнасы 13 арқылы салонның артқы бөлігін жылытуға жіберіледі. Табиғи түрде автомобиль салонын тазалау тұтқаны 10 шеткі оң жағының қалпына қозғалтып қалқалағыш 3 ашу арқылы жүргізледі. Бұл кезде салонға бағытталған ауаның ағыны бағыттаушы решеткамен 7 реттеледі.

18.2.2. ӘЙНЕКТАЗАЛАҒЫШ ЖӘНЕ ӘЙНЕКЖУҒЫШ.

Сыртқы атмосфераның тозаңынан, шаң-батпақтан алдыңғы әйнекті тазалау үшін әйнектазалағыш қолданылады. Әйнектазалағыш жетекші механизм, рычагты механизм және тазалағыш щеткадан тұрады. Оны іске қосу үшін пневматикалы механизмді немесе электрлі двгательді қолданады және тазалағыш щеткаларға байланысты бір немесе екі щеткалы болады. Пневматикалық тежеуіш жүйесі бар автобустар мен жүк автомобильдерінде певматикалық әйнектазалағыш, ал гидравликалық тежеуіш жүйесі бар автомобильдерде электрлі двигательді әйнектазалағыш орнатылады. Тазалағыш щетка темірден жасалған резина лента бекіткіштен тұрады. Щетка әйнекке серіппе арқылы бастырылады. Щеткалар әйнек сыртымен бірқалыпты жылжып тазалауы керек. Рычаг механизмді әйнектазалағыш топсалы жетекпен айналмалы қозғалыста болатын рычаг-жетектен тұрады және олар двигателмен жетекші механизмге жалғастырылған. Рычагты механизм щеткаларды тербелмелі қозғалыс арқылы іске қосады.

Пневматикалық әйнектазалағыш поршеньді пневматикалық қозғалтқыштан, клапанды тартқыштан, рычаг механизмінен, іске қосу кранынан тұрады. Цилиндр 5 ішінде екі поршень 1 рейкаға 2 орнатылған. Рейка 2 тісті секторға 3 жалғанып, оған білікше арқылы щетканың рычагы бекітілген. Қысымды ауа түтік арқылы тартқыш құрылғыға беріліп, екіжақты клапанмен 12, екі клапаннан 14, 16 поршеньдерге жалғастырылады. Әйнек тазалағыш ілгері-кейін поршеньнің қозғалысы арқылы жүргізіледі. Цилиндр поршеньнінің екі шеті кеңістік қуысты құрайды. Поршеньнің оң жағына қозғалысында сығымды ауа сол жағының қуысына беріліп, оны оңға қарай итеріп қозғалтады.Оң жағына қарай поршеньнің қозғалысы шектелгенде, серіппенің көмегімен тарқыш клапан сығымды ауаны оң жағының қуысына бағыттайды, сол кезде поршень солға қарай қозғалады.

Электрлі двигательді әйнектазалағыш барлық жеңіл автомобильдерде және орташа салмақты жүк автомобильдерінде қолданылады. Мұндай әйнектазалағыш электрлі двигательден 3, червякті шестернядан 6, қарама-қарсы иінді жетектен 21, білікше жетектерден 20, 16, 18 рычагтардан 17, 15, 19, шеткалардан 13, 14 тұрады. Электрлі қозғалтқыштың қозғалысы үш позициялы қосқышпен іске қосылады. Әйнекжуғыш алдыңғы әйнектегі батпақты дымқылдап, шаң – топырақты жуып оны резиналы шеткамен тазалап тұруы үшін пайдаланылады. Әйнекжуғышты автомобильді тоқтатпай кез – келген ауа – райында қолданылады. Әйнекжуғыш жекеленген гидравликалық жүйемен және сұйықтыққа арналған резервуардан 5, сораб 1 пен резиналы шланг түтік 2, 4 арқылы жалғастырылған жиклерден 3 тұрады. Резервуар 5 жүргізуші кабинасында немесе қозғалтқыштың жапқышы астында орнатылады. Резервуар сұйықтық құйатын қылтаауыз қақпағынан, штуцерден немесе түтіктерді жалғастыратын резиналы ұштықтан тұрады. Тор сүзгі 6 жіберу түтігіне басқа қоспалардың насосқа түсуін және жиклерлердің бекітілуін болдырмайды. Резервуар көлемі жуғышты көп мәрте қолдануға пайдаланады.

Электр сорабы. Қазіргі кезде автомобильдерде әйнекжуғыштың сорабының көп тараған түрі электр жетекті сораб. Сорабқа тұрақты ток күші арқылы жұмыс

істейтін ең кіші көлемді электрлі қозғалтқыш орнатылған. Жүргізуші руль тірегіне орнатылған қосқыш қосқыш тұтқа арқылы іске қосылады. Сораб сұйықтық құйылатын бачогына орнатылған енгізу клапаны арқыл шашыратқыш жиклерне беріледі. Жиклер екі немесе үш саңылалы болады. Саңылаудан шашыратылған сұйықтық алдыңғы әйнекке шашыратылып, әйнектазалағышпен сүртіліп тазаланады. Жиклер қозғалтқыш жапқышына орнатылады. Әйнек жуғыштың сорабының негізгі көрсеткіштеріне жуғыш сұйықтықтың шашырауы, шашыратылған сұйықтықтың мөлшері және сұйықтықты шашырату жылдамдығы жатады. Жуғыш сұйықтығына суды немесе арнайы сұйықтық пайдаланылады. Әйнек жуғыштың бөлшектері тоттануға қарсы тұра алатын материалдан жасаланады, мысалы көп қолданылатын – пластмасса.

18.3. АВТОМОБИЛЬ – АУДАРҒЫШТЫҢ ШАНАҚ КӨТЕРУ

МЕХАНИЗМІ МЕН ШАНАҒЫ.

Өздігінен аударушы автомобильдерде шанақ көтеру үшін қозғалтқыш арқылы гидравликалық жетекті көтергіш механизмдер қолданылады. Сол үшін көтергіш механизмдер екі тәсілмен орнатылады:

–Тербелмелі цилиндр мен шанақтың түбіне бекітілген айналмалы тірек;

–Тербелмелі цилиндр мен рычагты – теңгергіш арқылы шанақтың

платформасына әсер ету;

Көтергіш механизмнің жұмыс істеген кезінде қозғалтқыш қуатының біршама бөлігі (қуат іріктеп алу қорабы, май сорабы, басқару краны, кері қайтару клапаны, көтеру механизмінің цилиндрі арқылы) автомобиль-аударғыштың шанақ платформасына беріледі.

Қуат іріктеп алу қорабы Е көтергіш механизмнің май сорабына автомобильдің беріліс қорабынан алынған айналыс моментінің күшін жеткізу үшін пайдаланады. Қуат іріктеп алу қорабы E беріліс қорабының оң жағындағы ашық орынға бекітіледі. Жетекші білік 24 жетекші тісті шестерниясымен 23 қуат іріктеп алу қорабының картерінде 17 рычаг 5 арқылы алдыға және артқа жылжытып көтеру механизмін қосып немесе ажыратады. Жетекші білікті 24 оңға қозғалтқанда(суретте рычаг 5 I қалыпта тұрады) тістегеріш 23 беріліс қорабындағы артқа жүргізу блогының тістегерішіне 18 ілініске қосады. Бұл кезде беріліс қорабы бос айналысында болады. Жетекші біліктің 24 тістегеріші 23 жетектегі тістегерішке 22 беріліс қорабының артқа жүру блогының тістегерішнен 18 айналыс моментін май сорабының жетекші білігіне 20 жеткізеді.Май сорабының жетекші білігі төлке 21 арқылы қуат іріктеп алу қорабының тістегерішімен шлицті жалғанады.

Май жіберу сорабы Ғ тістегерішті, құрылымы автомобиль қозғалтқышының майлау жүйесінің май сорабына ұқсастығы бар. Ол іске қосылған кезде бактағы майды 8 МПа қысыммен көтеру механизмінің гидравликалық жүйесіне жеткізеді.

Басқару краны D шанақтың платформасын көтеріп немесе түсіру үшін немесе оны ортаңғы қалыпта бекітіп көтеріп қоюға болады. Басқару краны D май сорабының Ғ тұрқының 19 үстіне орнатылған. Кранның тұрқында 7 золотник 9 жетек 6 арқылы күш іріктеп беру қорабының рычагына 5 жалғастырылған. Золотник кран в тұрқында 7 әртүрлі деңгейде жұмыс істеуіне байланысты, май сорабынан д май жіберу арнасымен жоғары қысымды түтік 10 арқылы көтеру механизмінің цилиндріне а


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: