Тапсырма №1

3.1. ping утилитінің көмегімен өзіңіздің нұсқаңыздан барлық DNS-атаулар (домендер) атаулар үшін интернет – түйнектердің IP адрестерін анықтаңыз (-а ping утилитінің кілтін қолданыңыз). Атауларын салыстырыңыз және берілген интернет – түйнек үшін домен негізгі бола ма деген қорытынды шығарыңыз. Егер мүмкін болса, берілген доменнің жұмысын қамтамасыз ететін хостинг – провайдерін немесе ұйымның атын көрсетіңіз. Есепте осы пунктті орындаған кезде алынған бір screenshot (копию экрана) әкеліңіз.

Тапсырма №2

Зертханалық жұмыс бойынша есепті MS Word-та орындау қажет. Есеп файлын келесі форматта атау қажет: "ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НОМЕРІ ТОП ФИО1 ФИО2.doc", мысалы: "1 8820 Иванов А.С. Петров В.М.doc". Есебі бар файлды "\\server\Student\Student\For exchange\Интернет-технологии папкасына көшіру қажет. Ағымдағы терезенің суретін есепке келесі тәсіл бойынша орналастыруға болады: ALT+PrintScreen басыңыз, MS Word редакторына көшіңіз, CTRL+V басыңыз. Мәтінді командалық жол терезесінен келесі тәсілмен көшіруге болады: қажет мәтінді маустың көмегімен ерекшелеңіз және ерекшеленген бөлшекте маустың оң жақ батырмасын басыңыз, сосын мәтіндік редакторға көшіп Ctrl+V басыңыз. Түйнектер адресінің тізімі барлық нұсқалар үшін 4-ші пунктте.

Ipconfig утилитінің көмегімен компьютердің ІР адресін, DNS-серверлер адресін және DHCP қолданылатынын анықтаңыз.

Ping командасының көмегімен тапсырманың нұсқасына сәйкес кез келген екі түйнектердің (жұмысқа қабілетті) байланыс жағдайын тексеріңіз. Жөнелтілетін сұратулардың саны 20-дан аспау керек. Есепте ping командасының нәтижелері бар терезенің бір көшірмесін көрсету. Нәтиже ретінде зерттелетін түйнектердің әрқайсысы үшін көрсетіңіз:

1. жоғалтылған пакеттердің пайызын;

2. беру мен қабылдаудың уақыты (ең азы, ең көбі және орташасы);

3. сұралатын түйнекке дейінгі маршрутизаторлардың саны;

4. түйнектің ІР адресі.

3.3. Тапсырманың нұсқасына сәйкес екі жұмысқа қабілетті түйнектерден кем емес трассировкаларын жасау. Нәтижелерді кестеге хаттамаландыру.

  №түйнектің №1 пакеттің өту уақыты № пакеттің өту уақыты №3 пакеттің өту уақыты пакеттің өтуінің орташа уақыты маршрутизатордың DNS атауы маршрутизатордың IP-адресі  

Есепте tracert командасының нәтижелері бар терезенің бір көшірмесін көрсету. Әрбір сұралатын түйнек үшін пакеттерді жіберу кезінде көп бөгелетін желі учаскесін анықтау.

3.4. Smart Whois бағдарламасының көмегімен жұмысқа қабілетті екі Internet-түйнектерге қажет ететіндерін анықтау:

1. Түйнек тұрған ел;

2. ІР адресінің диапазоны, яғни зерттелетін түйнектің ІР желісі;

3. ІР түйнек жататын желі класы;

4. қарастырылп жатқан ІР желі кімдікі;

5. егер болса, желінің әкімгерлерін.


№9 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Желілік коммуникация. Желілік ресурстарын және тіркеу жазбаларын басқару».

Жұмыстың мақсаты: Жаһанды Интернет желісімен және желілік коммуникациясымен танысу.

Теориялық ақпарат

Жалпы түсінік

Желі (Network) – бұл өзара мәліметтерді, бағдарламаларды, құлылғыларды (желілік принтерлерді, факс – модемдерін, CD-ROM) бірге пайдалану үшін байланыстырылған екі немесе одан да көп компьютерлер. Компьютерлердің қосылған және бірге пайдаланылатын ресурстарының концепциясы желілік өзара әректтестік деп аталады.

Желілер территориялық белгісі бойынша жергілікті (ЛВС - LAN) және жаһанды (ГВС - WAN) болып екіге бөлінеді. Жергілікті желі – бұл өзара байланысқан және бір бірнен онша алыс орналаспаған 2-ден 100-ге дейінгі компьютерлер. Жаһанды желі - өзара байланысқан және әр түрлі жерлерде территориялы (ғимараттарда, қалаларда, континенттарда) орналасқан 2-ден бірнеше мың компьютелерге дейін.

Желіліерді пайдалану мүмкіндік береді:

- Жабдыққа шығынды төмендету;

- Жалпы мәліметтерді бір уақытта және оперативті пайдалану;

- Желілік және қолданбалы қосымшаларды стандарттау;

- Басқа компьютерлерді және құрылғыларды дистанционды басқару.

Барлық желілердің келесідей жалпы мәліметтері бар:

РЕСУРСТАР- желінің ортақ пайдалнуына берілген бағдарламалық және аппаратты қамтамасыздандыру

СЕРВЕРЛЕР (Server) – желілік пайдаланушыға өзінің ресурстарын ұсынатын компьютер

КЛИЕНТ (Client)- сервер ұсынған желілік ресурстарға қатынауды жүзеге асыратын компьютер

ОРТА (Media) – компьютерлерді байланыстыру тәсілі

БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕР- желі бойынша сервер ұсынатын файлдар

БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ПЕРИФРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР – мысалы, принтерлер, CD-ROM, модемдар, сканерлер және басқалар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow