double arrow

Желілер типтері


Желілер үш негізгі типтерге бөлінеді:

Бір рангты желілер , («рабочие группы», 10 компьютерлерден аспайды)

Серверлер негізіндегі желілер ( қымбатырақ, бірнеше мыңға дейінгі, өндірістік стандарт)

Комбинирленген ( кең тараған, бір рангтың қарапайымдылығы мен серверлері бар желілердің өндіргіштігін үйлестірген)

Бір рангты желілер – компьютерлер арасында иерархиясы жоқ, яғни барлық пайдаланушылар тең. Әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет атқарады. Сервер болмаса, желіні басқаруға жауапты компьютер де жоқ. Барлық пайдаланушылар өз компьюерлерінде қандай мәліметтерді жалпы ортақ, ал қай мәліметтерді ортақ қылдырмайтынын өздері шешеді.


Сурет 1. Бір рангты желі

Сервер негізіндегі желіде барлық мәліметтер клиенттерге қажетті желілік ресурстарды ұсынатын серверде орталандырылған түрде сақталынады. Серверді баптаумен және қызмет көрсетумен әрбір желіні пайдаланушының желілік ресурстарға қатынауның құқығын анықтайтын желілік әкімгер айналысады. Сервер негізіндегі желілер желілік клиенттердің сұратуын тез өңдеу үшін және файлдар мен каталогтардың қорғауын басқару үшін оңтайландырылған.

 
 


Сурет 2. Сервері бар желі

Серверлердің келесі специализациясы бар:

Сервер файлы – мәліметтер базасын және ортақ файлдарды сақтау үшін пайдаланылады (сервердің кең тараған түрі)

Принт сервер – құжаттарды желі бойынша қымбат принтерде немесе плоттерде басып шығару үшін

Қосымшаның сервері – клиенттің компьютеріне сұрату нәтижелерін жіберетін бағдарламаларды орындауға және сақтау үшін арналған.

Пошталық сервер – пайдаланушылар арасында хабарларды жөнелту үшін және сақтау үшін. Сервердің мәліметтері Internet-те E-MAIL электронды поштасын ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Коммуникационды сервер - әртүрлі желілер арасында комникационды басқаруды іске асырады, мысалы, Windows-платформасымен және UNIX-платформасы бар желілер арасында.

 
 


Сурет 3. Бірнеше серверлері бар желі

 
 

Тапсырма

Тақырыпты алып жұмыс үшін WWW-адресінің іздеу жүйесі арқылы анықтау. Интернеттен тапсырылған тақырып бойынша ең ақырғы және ең актуальді ақпаратты алу қажет. Дайын рефераттарды немесе ескірген ақпараттарды пайдалануға болмайды.

Іздеу жүйелерінің WWW-адрестері бойынша таңдалған тақырыпқа реферат жасау. Реферат А4 форматты 5-10 бет көлемінде болып, тақырыпты толық ашуы тиіс. Рефератта негізгі адрестерге сілтеме жасау міндетті.




Берілген тақырыпқа интернеттен WWW-адрестерінің барлық материалдары бойынша 5 кілтті сөздердің рейтингін анықтау. Сөздердің рейтингін тек қана реферат бойынша құруға болмайды. Талдаудың нәтижелері рейтинг кестесіне орналастырылады.

N Сөз Саны Барлық сөздер %
       
       
       

Рейтингті құру үшін сөздердің тізімін алфавиттік тәртіпте әрбір сөздің санын санауды қалыптастыратын бағдарламаны жазу қажет.

Доментердің сұлбасын тақырыптың адрестері бойынша құру.

Домендер сұлбасы мысалы, "www.talk.kz, www.main.ru, www.main.ru/1.html", үшін былай болады:

Жұмыстың есебін рәсімдеу

Есепте болу керек:

- титулды бет;

- тапсырма;

- реферат;

- сөздер рейтингінің кестесі;

- тақырыптың барлық талданған адрестерінің тізімі;

- тақырыптың барлық адрестерінің домендерінің сұлбасы.


Нұсқалары

Тақырыптың атаулары
1. Әлемдік терроризм
2. Нашақорлық және наша
3. ЖҚТӘ
4. Жұмыссыздық және бомждар мәселесі
5. Адаммен жануарларды клондау
6. Қылмыспен қоғам
7. Экологиялық және табиғи катаклизмдер
8. Діни қозғалыстар мен секталар
9. Виртуальды шындық
10. БҰО (НЛО)
11. Әлемдегі апаттар
12. Жасанды интеллект
13. Ежелгі өркениеттің жұмбақтары
14. Феноменальды мүмкіндіктері бар адамдар
15. Әлемнің ең бай адамдары
16. Ұялы телефондар және байланыс жүйелері
17. Химиядағы жетістік
18. Физикадағыжетістік
19. Адамды сауықтыру жүйесі
20. Интернет арқылы жұмыс
21. Компьютерлік ойындар және симуляторлар
22. Интернет технологиялары
23. Стресс және психикалық жүктеулер
24. Әскер және мемлекет
25. Алкоголизм и шылым тарту

№10 Зертханалық жұмыс



Тақырыбы:Ақпаратты қорғау. Желіні басқару және модернизациялау. Желілік басылымды ұйымдастыру.

Мақсаты: Ақпаратты қорғаудың, желіні басқарудың және модернизациялаудың әдістерін оқу. Желілік принтерлер мен алмасудың жалпы буферінің пайдалануын меңгеру, жұмыс тобының пошталық қызметін оқу.

Теориялық бөлім

1 Желілік принтерлермен жұмыс

Принтерді желілік жүйеге қосу үшін қажет:

1 1. Басылым диспетчерін қосып, Принтер/ Установить сетевой принтер менюін таңдау;

2 Желілік принтер қосылатын параллельді портты таңдау; Қажетті компьютерді, сосын принтердің сен деп аталатын желілік атауын таңдау;

ОК басу, принтерлер тізімінде оң жағында жақша ішінде принтері бар және осы принтердің аты тұрған компьютердің желілік жолы көрсетілген жаңа принтердің аты пайда болады.

Желілік принтерді өшіру үшін қажет:

1. Басылым диспетчерін қосу және Принтер/ Отключить принтер сети менюін таңдау.

2. Принтерлер тізімінен сөндіру қажет принтерін таңдап, ОК басу.

3. Хабарламалармен алмасу.

Егер сіздің компьютеріңізде желі дұрыс орнатылса, онда компьютерлер арасында хабарламалар мен алмасуға болады. Алмасуды бастамас бұрын екі компьютерде де WinРорuр бағдарламасын жіберу қажет және кейбір баптауларды жасау қажет.

Сообщения/Параметры меню пунктін таңдау

Сіздің компьтеріңізге хабарлама түскен кезде дыбыстық сигнал шығу үшін Дыбыстық сигнал пунктін орнату, Үнемі алда – егер осы флаг орнатылса, онда жаңадан келген хабарламалар хабарламалар тізімінде бірінші болып орналасады (әйтпесе соңғы болады), Шығару – экранда келген хабарламалардың терезеде көріну , көрінбеуін анықтайды.

ОК басу және бағдарлама терезесін жабу. Экранның астында басқа терезелердің үстінде болатын бағдарлама жұлдызшасы көрінеді. Енді хабарламалар мен екі жақты алмасу мүмкін.

Хабарламаны жіберу үшін қажет:

1 Winрорuр жұлдызшасын ашу жәнеСообщения/Параметры менюін таңдау.

2 Пайда болған терезеде компьютер-алушының желілік адресін көрсету (қара "Работа с сетевыми дисками")

3 Сообщение терезесіне жөнелтетін мәтінді енгізіп, ОК басу

Егер жөнелту сәтсіз аяқталса, онда сіз қате туралы хабарлама аласыз

Егер қате туралы хабарлама алынбаса, онда хабарлама жөнелті деген сөз.

4 Хабарламаны жөнелту аяқталғаннан кейін терезені жабыңыз.

Тапсырма:

1. Жоғарыда келтірілген теорияны оқыңыз

2. Жүйеге желілік принтерді қосу

3. Сосын көрші компьютерге атқарылған жұмыс туралы хабарлама жіберу.

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Олифер В.Г. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы СПб: Издательство «Питер», 2000г. – 672с.: ил.

2. Microsoft Corporation. Компьютерные сети: Учебный курс. / Пер. с англ. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Издательский отдел «Русская Редакция» ТОО «Channel Trading Ltd.», 1998. – 696 с.: ил.

3. Закер К. Компьютерные сети. Модернизация и поиск неисправностей: Пер. с англ.-СПб.: БХВ – Петербург, 2001. - 1008с.:ил.

4. Гук М. Аппаратные средства локальных сетей. Энциклопедия. – СПб: Издательство «Питер», 2000г. – 575с.: ил.

Қосымша:

1. Фролов А.В., Фролов Г.В. Глобальные сети компьютеров. Практическое введение в Internet, E-Mail, FTP, WWW и HTML, программирование для Windows Sockets – М.: Диалог-МИФИ, 1996. – 288 с.: ил. – (Библиотека системного программиста. Т. 23)

2. Создание intranet. Официальное руководство Microsoft / Пер. с англ. – СПб.: BHV-Санкт-Петербург, 1998. – 672 с.: ил.

Заказать ✍️ написание учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Сейчас читают про:
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7