Боинг 757-200

Эйрбас A319/A320/А321. “Эйр Астана” – Қазақстандағы алғаш рет Эйрбас A319/А320/А321 ұшақтарын қолданған әуекомпания және республикадағы басқа әуекомпаниялардың әуепаркінде мұндай ұшақ түрі жоқ. А320 ұшағының жанармай жағу төмендігі, зиянды шығарынды бөлу деңгейі және шу жолағы қоршаған орта үшін тиімді. А320 соңғы шығарылған ұшқыш кабинасы мен авиациялық электрондық құралдар технологиясымен жабдықталған. А320 бүгінде дүние жүзіндегі ең тез сатылатын ұшақ болып саналады.

А319, А320 және үлкенірек түрі А321 әуепаркіне қосылған ұшақтарымен “Эйр Астана” әуекомпаниясының халықаралық рейстерінің жиілігін арттыруға және реактивті әуекемелерді кейбір ішкі бағыттарда қолдануға мүмкіндік берді.

Фоккер-50. Фоккер-50 – қос турбовинттік қозғалтқышы бар жайлы жолаушылар салонын ұсынатын ұшақ. “Эйр Астананың” Фоккер-50 ұшағы Қазақстан аумағында облыс қалаларын Астана және Алматы қалаларымен байланыстыратын ішкі рейстер үшін қолданылады, сонымен қатар “Эйр Астананың” халықаралық және ішкі байланыс желісін қамтамасыз ететін жергілікті қызметші ретінде пайдаланылады.

Эйрбас A319/A320/ А321

2005 жылы тамыз айында Airline Business өндірістік журна­лында жарияланған рейтинг бойынша Эйр Астана жолаушы санының өсу мөлшеріне және 2004 жылғы жолаушылар өткен километрлердің жалпы санына байланысты дүниежүзілік алдыңғы 200 әуежол мекемелері арасында төртінші орынға ие болды.

Әуежайлардың техникалық сипаттамалары

2005 жылы Питер Фостер мырза Эйр Астананың президенті болып тағайындалды, сол жылдың аяғында онжылдық әуежол дамуындағы Стратегиялық Жоспар жасалды. Ол екі негізгі мақсатты көздеген: ұшақ паркін және әуежол жүйесін ұлғайту, тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін тоқтаусыз дамыту.

Қолданыстағы әуе билеттер түрлері

Көшірілетін автоматтық билет Transitional Automated Ticket – TAT
Отыру талоны бар автоматтық купонды билет Automated Ticket / Boarding Pass
Қолмен жазып алу билеті Manual Issued Ticket
Электронды билеттер Electronik Ticket
IATA бланктері Нейтралды бланктер

Келешекте көптеген өзгерістер өз күшіне енбек. Эйр Астана жаңа ұшақтарды енгізу, ішкі және халықаралық бағыттағы рейстер жиілігін арттыру, жаңа мәзірлерді ұсыну, ұшу кезіндегі ойын-сауық жүйелерін дамыту және жолаушыларға жиі ұшу бонустық бағдарламасмен таныстыру (frequent flyer bonus program) сияқты жаңартуларды енгізбек.

Ұшып келу (транзиттік) залында 320 орын, теледидар, бар қызметі, халықаралық телефон-автомат, консулдық пункт, дәретхана орналасқан.

8 шекаралық бақылау орны бар төлқұжаттық бақылау аймағы.

Кедендік бақылау аймақ.

Күтіп алушылар залы және т.б.

Қолданылған әдебиет:

1. Ақтымбаева Ә.С. Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 210 б.

2.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

1. Ұшақтардың көлік ретіндегі ерекшелігі неде?

2. Әуе турлардың артықшылықтары неде?

3. Әуе турлардың кемшіліктері неде?

4. Әуе турларын ұйымдастыру ерекшеліктері?

5. Ұшақтардың қандай түрлері болады?

6. Әуе турлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері?

7. Чартер деген не?

8. Чартердің қандай түрлері бар?

9. Чартерлік рейсті ұйымдастырудың артықшылықтары неде?

ДӘРІС 10

ТЕМІР ЖОЛ ЖӘНЕ СУ САЯХАТТАРЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жоспар

1. Туристерді темір жолымен тасымалдау түрлері

2. Балалар турпоездарын ұйымдастыру

3. Қысқа мерзімді теміржол саяхаттарын жобалау және өткізу

4. Қазақстанның су саяхаттарын ұйымдастыру мүмкіншіліктері

5. Туризм қызметкерлерінің кеме үстіндегі құқықтары мен міндеттері

Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүм­кіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер. КСРО ыдырағаннан кейінгі экономикалық дағдарысты елдің темір жол көлігі саласы да бастан кешті. Тасымал көлемі соңғы 10 жыл бойы құлдырап, 1999 ж. оның деңгейі 1991 жылғы деңгейдің 26% болды. Тек осы жылдың аяғынан және 2000 жылдан бастап өрлеу жолына түсті. 2000 ж. темір жол көлігімен тасылған өнім көлемі 34 %-ке өсті (135 198 млн. т -км).

Теміржол көлігі ҚР өндірістік инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Мемлекет экономика­сының тұрлаулылығы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың тұрмыстық жағдайы мен өмір деңгейі оның тұрақты және тиімді жұмысына байланысты.

Бүгінде Қазақстанның шойын жолдары – 14 мың километрден астам теміржол желілері. Еліміздің барлық жүк айналымының 70 пайызға жуығы және жолаушылар тасымалының 55 пайызынан астамы теміржолдың еншісінде. Теміржол саласында 135 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл дегеніміз Қазақстан халқының 1 пайызға жуығы.

Қазіргі кезде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) 22 тәуелді акционерлік қоғам мен еншілес ұйымдар бар. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша персоналының жалпы саны 136,5 мың адамды құрайды. Олардың ішінде 81 мыңнан астам адам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та жұмыс істейді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басым міндеттерінің бірі ҚР транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту болып табылады.

2.«Қазақстан темір жолы» компаниясының тарихы.

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жыл­дың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) – Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.

Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақын­дасуына үлкен үлесін қосты.

1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. 1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.

1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км) магистралі салынды.

1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Ново­сибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.

Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.

1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманауилық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.

Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.

1936-1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байла­ныстырған, Саратовқа шығатын жол телімі – Орал-Елек салынды.

1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының ара­сындағы қатынасты жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді.

1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қара­ғандының көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады. Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды.

1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды желісін құрайды.

Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі Ақмола (Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз көмір бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар жасады (тек 1953-1956 жылдардың өзінде Солтүстік Қазақстандағы тасымалдың көлемі 4 есеге артты).

1950 жылдары тың жерлердің игерілуіне байланысты Қазақ­станның солтүстік және орталық өңірлерінде темір жол құрылысы екпінді қарқынмен жүргізіліп жатты. 1955-1961 жылдары Есіл-Арқалық (224 км), 1959 жылға қарай Қостанай-Тобыл, 1960 жылы Тобыл-Жетіқара желілері салынды. 1950 жылдары Қазақстан теміржол жүйесінің тығыздығы екі есеге артты.

1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және Қазақстанды Сібір, Орал, Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен қосып, барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді.

1960 жылы шөлді өлкенің дамуына себепші болған Мақат-Маңғышлақ және Маңғышлақ – Өзен (жалпы ұзындығы 900 км) телімдері салынды. Қазақстан мен Ресей байланысының жан­дануына осы кезеңде салынған Гурьев-Астрахан желісін пайда­лану зор ықпал етті.

1964 жылы Қазақстанда бірінші болып жолдың Целиноград (Астана)-Қарағанды бөлігі электрлендірілді. Осы кезден бастап темір жолды электрлендіру жұмысы алға басты. Олар негізінен, республиканың солтүстік және орталық облыстарында жүргізілді. 1969-1970 жылдары Қарағанды-Магнитогорскі (1180 км) телімі электр тартымына ауыстырылды. 1980 жылдан бастап оңтүстіктегі Мойынты-Шу, Шенгелді-Арыс, Арыс-Түлкібас жолдарында электрлендіру өріс алды. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымға жетті.

1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды: Тың, Алматы және Батыс-Қазақстан.

Осы жылдары ондаған жаңа вокзалдар қайта тұрғызылды. Байланыс және белгі беру жүйелерінің, жол техникасының, электровоздар мен тепловоздардың жаңа түрлері іске қосылды. 1980 жылдан бастап автоматика және ақпараттық есептеу жүйе­лері өндіріске белсенді енгізілді.

Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986 жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың темір жолы арқылы өткізілді.

1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі салынды. 1956-1960 жылдары Қазақстан әрі қытай жақтан екі елдің темір жолын қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың түйісуі Қазақстандық Достық станциясы мен қытайлық Алашанькоу станциясын қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі іске қосылды. Сол кезеңде Достық станциясының қайта тиеу және тасымалдау қуаты артты.

Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.

Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.

Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы рефор­малардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағда­йында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.

2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне – 100 жылдық мерейтойына жетті.

Бұл жылы Қазақстан темір жолының мерейтойы – 100 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері аталып өтілді. Темір жолды жаңғырту, әлеуметтік саланы, теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды.

2004 жылы ақпанда мерейтойлық оқиғалардың басы басталды. Ел премьер министрі Даниал Ахметов темір жол көлігі саласының ардагерлері тобымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Премьер министр Даниал Ахметов сала жетекшілері мен теміржолға еңбегі сіңген ардагерлер құрамына кіретін “ҚТЖ” ҰК” АҚ жанынан құрылған Консультативтік кеңесінің мерейтойды өткізу жөніндегі шешімімен таныстырылды.

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Консультативтік кеңесі темір жол тарихын санауды ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент магистралі құрылысының аяқталу уақытынан бастау туралы шешім қабыл­дады. Премьер министр темір жол көлігінің 100 жылдығы мереке­сін атап өту туралы шешіміне наурыздың 12-сінде қол қойды. Мұны респубулика ҚР Президенті де қолдады. Сәуірдің 30-ында Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік датаны атап өтуге арналған медал шығару туралы Бұйрыққа қол қойды. Бұл мерекелік медаль төрт мыңнан астам теміржолшыларға бұйырды.

Бұл жыл біздің елде өткізілген Еуропа мен Азияның 25 елінің теміржол басшыларының қатысуымен болған Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Бас директорлары конференциясының 19-шы отырысымен тұспа-тұс келді.

Жоғары мәртебелі қонақтардың көзінше «Қазақстан темір жолының 100-жылдығына» арналған марка салтанатты түрде пошта айналымына енгізілді.

Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде «Мудис инвесторс сервис» халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген «Қазақстан темір жолы» компаниясының ұзақ мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, ком­мерциялық көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарлауы себеп болды.

2004 жылдың 1 шілдесінде Астанадан «Отан» пойызы елімізді аралап, сапарға шықты. Екі жарым айға жуық ол шексіз жеріміздің темір жол станциялары мен разъездеріне тоқтап, мерейтойға арналған салтанатты жиындар өткізді. Пойыздың ұжымы ардагерлер мен ең жақсы жұмысшыларды ерекше назарға алды. Оларға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мерей­тойлық медальдары мен естелік сыйлықтары тапсырылды. Сапар барысында теміржолшылар және олардың жанұяларына берген әлеуметтік көмектің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында алыс станцияларда тұратын теміржолшыларға олардың отбасыларына медициналық көмектер көрсетіліп, мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге оқу құралдары, сәбилерге балалар тағамдары табыс етілді. Барлық станцияларда мәдени – сауықтық, спорттық шаралар өткізіліп отырды. Мерейтойлық пойыздың сапары темір жол жұмысшыларының оң лебізіне ие болды. Бұдан былай осындай шаралар жыл сайын ұйымдас­тырылатын болды.

Темір жолдың ғасырлық мерейтойын мерекелеудің шарықтау шегі Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиналыспен аяқталды. Ол Республика астанасында 2004 жылдың 6 тамызында өткізілді.

Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасының қалыптасуында, мемлекет тәуелсіздігін, елдің территориялық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы темір жолдың рөлін жоғары бағалады. Ал теміржолшылар, өз кезегінде, Президентке алдағы уақытта темір жолды салу және жетілдіру, теміржол көлігіне арналған бәсекелеске қабілетті өнімдерді шығару сала­сындағы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға уәде берді.

Осы жылдың 9 қарашасында Ақтау портынан Құлсары станцясына дейін үлкен көлемді, биіктігі төрт қабаты үйдей жүк­терді тасымалдаған қазақстандық теміржолшылар әлемдік рекорд­ты жаңартты.

30-шы қарашада Арқа станциясында мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолдың ашылуы өтті. Бұл жол арқылы көршілес елдердің аумағына кірмей ел іші арқылы жүргізілетін бағдар іске қосылды. Алтынсарин-Хромтау темір жол желісі арқылы жылына 160 миллион доллар көлемінде үнемділікке қол жеткізілді. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі жолдарымен жүк тасымалдау қашықтығы 500-ден екі мың шақырымға дейін қысқарды.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесінде Астана вокзалы алдында тарихи экспонат – Эш 4161 сериялы паровозы орна­тылды. Алғашқы бесжылдықтың белгісі, Ұлы Отан соғысының естелігі, соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезеңіндегі басты рөл атқаратын Қазақстанның шойын жолы тарихындағы ерен ерліктердің куәсі іспетті мақтаулы жерден орнын алды.

Алтынсарин – Хромтау жолымен жолаушылар тасымалдаудың жаңа кестесін 10 желтоқсанда Астана-Ақтөбе пойызы ашты. Жолаушыларды жолдың 15 сағатқа дейін қысқарғандығы, билет бағасының екі есеге азайғандығы қуантты. 132 шақырымдық Павлодар – Екібастұз темір жол телімінде электрлендіру ең ірі жобалардың бірі болып отыр. Павлодар -Екібастұз жобасының жүзеге асуы тасымалдаудың үнемділігі және электровоздардың экологиялық тазалығын сақтауға әкелді. Мәселен, бұл жобаны іске қосу арқылы жылына бір жарым миллиард теңгені үнемдеуге және қоршаған ортаға артық қалдықтардың түспеуіне игі ықпал етті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай арасындағы мемлекеттік шекаралық өткелі Достық станциясының маңызы зор. 2004 жылы Достық станциясы арқылы 9,5 миллион тонна жүк тасылды. Бұл жылы станцияның әлеуетін арттыруға 3,5 миллиард теңге бөлінді. Осындай қаржы бөлу арқылы 300 метр жол, 64 көтергіш құрал, вагондарды алмастыру орыны жарақталды. Достық-Ақтоғай жол телімінде 102 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты жақсартылып, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жеткізілді. Сол жылы Достық станциясында теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне арнап 11 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Республика аумағында Ресей мен еуропа елдерін Азия-Тынық мұхиты өңірінің, Орталық Азия, Таяу Шығыс елдерімен байла­ныстыратын магистральдар өтіп жатыр. Біздің теміржолдар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Қытай темір­жолдарымен шектеседі және олармен тығыз қарым-қатынаста.

2015 жылға дейін теміржол желісін 1895 шақырымға ұлғайту жоспарланып отыр. Осыны ескеретін болса, түрлі санаттағы жұмысшылар үшін 9300 адамға басшылардың білікті мамандар­дың, қызметшілердің, жұмысшылардың жаңа жұмыс орындары ашылмақ. 2015 жылға дейін білікті мамандарға қежеттілік 8287 адамды құрамақ.

Біртіндеп өндірістік мүмкіндіктерді өсіру арқылы Қазақ­станның темір жол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз көлік түрі ретінде еліміздің көлік нарығының ең ірі әрі табысты дамып келе жатқан секторы болып қала бермек.

Әртүрлі мемлекеттердің түрлі аудандары арасында байланыстарды орнату үшін темір жол айрықша рөль атқарады. Әрбір мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуын қамтамасыз етеді және туристер көп қолданатын көлік түрі.

Көлік қызмет көрсету сферасында темір жол тасымалдау­ларының бірқатар ерекшеліктері бар. Осындай ерекшеліктерге:

– темір жол көлігінің тасымалдау мүмкіншілігінің жоғары болуы;

– шығатын пунктіден, бару пунктіне тасымалдаудың жоғары жылдамдығы;

– үлкен қашықтықтарды өтудің мүмкіншілігі;

– метео жағдайға қарамай тасымалдаудың тұрақтылығы.

Осы тасымалдаудың тағы бір артықшылығы жергілікті орынды кең түрде көру мүмкіншілігі. Осы жағдай олардың танымдық мінездемесін жоғарылатады. Сонымен қатар олар ұзақ қашықтықты саяхаттарда туристерге ыңғайлы жағдайларды ұсынады.

Қазіргі кезде туристік-экскурсиялық мекемелер темір жол саяхаттарын келесі түрде:

– бір немесе бірнеше жолдарда жүретін, сонымен бірге шең­берлік маршруттар мен шетелге шығатын арнайы туристік-экскурсиялық пойыздар;

– жергілікті немесе қала маңайы байланыс пойыздарын;

– алыс арақашықтыққа жүретін тұрақты пойыздарды жүргізеді.

Олар туристерді демалу орындарына дейін апарады.

Темір жол саяхаттарын ұйымдастырудағы ең қиыны маршрут таңдау. Негізінен, көлік құралдарының саяхат мақсаты жолдаманың бағасына тәуелді. Әрбір туристік маршрут бағдарламасы саяхат мақсатына сәйкес болуы қажет. Туристік-экскурсия пойыздар маршрутын құрастырған кезде, негізінен, туристерді қызықтыратын объектілер таңдалады. Мысалы: Алматы қаласынан басталатын «Орта / Республикалары бойынша» маршруты Ташкент, Самарқанд, Ферғана, Ашхабад, Душанбе, Ургенч сияқты қалаларынан өтті. «Балтық Теңізі жағалауы маршрутқа Мәскеу, Смоленск, Минск, Вильнюс, Каунас, Рига, Таллин, Санкт-Петербург қалаларын көріп өту кірді.

Әр станциядан темір жол туристік-экскурсиялық маршруттар басталуы мүмкін. Маршруттағы қалалар топтарға біріктіріледі.

Туристік-экскурсиялық пойыздарда келесі қызмет түрі көрсетіледі, орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық, мәдени-көпшілік, спорт-сауықтыру қызметтері. Қызмет көрсету сапасы жоғары, қызмет етуші қызметкерлері мамандандырылған болуы керек. Жол бойы ақпарат пен ойын-сауық түнгі немесе күндізгі уақытта жасалады.

Барлық көлік маршруты сияқты туристік-экскурсиялық пойызд трассаның құрылуы бойынша: сызықтық, шеңберлі, радиальдік, аралас болып бөлінеді.

Туристік-экскурсиялық пойыздарды құру турфирма мен темір басқару арасында келісім жасаумен басталады. Жеке түрде мейрамхана вагонымен шарт жасалады. Келісімдерді жасағаннан кейін және шығу мерзімін анықталған соң, қалалармен туристерді қабылдау үшін қызмет көрсету жұмысы жасалады. Туристердің қалада қанша уақыт болуымен байланысты: шолу, музейлік, тақырыптық экскурсия жүргізіледі. Кешкі уақытытта сауықтыру, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Туристік пойыздің құрылымына 12 купелік вагон, 3 вагон мейрмхана қосу керек. Штабтық вагонда, негізінен, вагон-ресторан қызметкерлері туристік-экскурсиялық қызметкерлер демалу үшін орналасады. Туристерді тамақтандыру 2 ауысыммен жүргізіледі.

Туристік пойыздар жұмысшыларының штабы екі категорияға бөлінеді:

1) темір жол қызметінің жұмысшылары;

2) туристік мекеменің жұмысшылары.

Темір жол қызметінің жұмысшыларына: жолсерік, механик, пойыздың бригадирі, вагон-ресторандардың қызметкерлері жатады.

Туристік мекеменің жұмысшылары: маршрут директоры, инструктор аниматор, музыкалды басшы, дәрігер, тәрбиелеуші (балалар маршрутты үшін). Маршрут қызметкерлерінің негізгі міндеттері – демалысты белсенді түрде ұйымдастыру, туристерге қызмет көрсету сапасының жоғары болуын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Жалпы пайдаланудағы темір жол көлігінде жолаушыларды тасымалдау (статистикалық мәліметтері бойынша)

Облыстар          
Ақмола 3,3 1,5 1,9 2,4 2,8
Ақтөбе 1,4 1,3 1,8 1,9 1,7
Алматы 2,5 2,4 2,3 2,6 2,3
Атырау 1,2 0,9 1,2 1,2
Шығыс Қазақстан 2,1 1,5 1,2 1,3 1,1
Жамбыл 0,7 0,2 0,03 0,4 0,6
Батыс Қазақстан 0,6 0,5 0,5 0,5 0,6
Қарағанды 4,7 2,3 2,0 2,2 2,3
Қостанай 1,6 0,6 0,5 0,6 0,6
Қызылорда 1,0 0,6 0,8 0,9 0,8
Маңғыстау 0,02 - - - -
Павлодар 12,8 2,3 1,4 1,4 1,5
Сол. Қазақстан 4,4 0,7 - - -
Оңт. Қазақстан 0,8 0,8 0,5 0,6
Қазақстан Республикасы 37,4 15,6 14,3 15,9 16,1

Қорғас – Жетіген теміржолы бағыты арқылы жаңа темір­жол туристік маршут ашылуы мүмкін. “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басшылары мен осы жорықты жұмысқа тартылған мердігер ұйымдардың өкілдерінің Алматы облысында осы темір жол желісін салуды бақылау бойынша өткізген көшпелі штаб отырысында, міне, осы мәселелер төңірегінде ой оздырып, тұжырым жасалады. Алқалы басқосуда Жоңғар Алатауының баурайын бойлай ілгері іргелеп бара жатқан ғасырлық салмағы бар ғаламат жолдың жұмысы айтарлықтай ауыртпалықтарды бастан кешіп жатқаны сөз болып, оны мейлінше жедел де жеңіл жеңудің жолдары қарастырылды. Расында да бұл құрылыс техникалық атқарылуы жағынан қиын жобалардың қатарына жатады. Бұдан қалды, осы 293 шақырымды қамтитын жолдың жонасында 29 көпір, 2 жол өткелегі, 307 су өткізгіш құбыр салынып кетуі тиіс. Онсыз да қыраттардың қиясы мен жоталардың жонынан жақ тартып, садақтың сағағындай жобаға қонып бара жатқан тағанды табандарды тағы тереңге талдырып, тұмсықты тұрбалар тастап шыға беру қисынның өзіне қиындау тірлік қой.

Қорғаста қамданып, Жетігенге жететін бұл темір жолдың ұзақтығы 293 шақырым екенін жоғарыда айтып өттік. Ал жалпы жобалық құны 153,2 млрд. теңге тұратын бұл құрылыстың өне бойына 14 темір жол бекеті орналасады. Олардың бәрі жаңадан соғылып, қайтадан ашылады. Қазіргі уақытта бұл алып құрылыстың алпарында салынып жатқан желінің ұзына бойына су өткізгіш құбырларды қойып шығып, жер төселімін салу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мұндағы жер төселімдерін салу бойынша атқарылатын жұмыс көлемінің өзі 26,8 млн. текше метр топырақты алады. Ал шілде айының ақырына дейін 4,7 мың текше метрден астам жер төселімі салынып, 3,6 мың текше метр су құбырларының темір-бетон құрылысы орнатылды.

Таяу аралықта жолдың жоғарғы бөлігін салу шаруалары да басталып кетті. Онда табандарға құмды-қиыршық қоспасы орнықтырылып, рельс-шпалды торламалар салынуда. Осы жұмыстар үшін құрылыс басына 40 мың тонна жаңа рельс әкелініп, 29 шақырымдық рельс-шпальды торламалар жинақталып қойылды. Сонымен қатар Қорғас-Жетіген аралығының 90-шы шақырымынан оның ең соңғы 293-ші шақырымына дейінгі аралықтағы 14 көпір мен жол өткелегінің құрылысы жақын арада басталмақшы. Техника күші сондай-ақ Жетіген станциясындағы ғимараттар мен басқа да құрылыс нысандарын, сыртқы қуат жабдықтау нысандары мен темір жолды электр қуатымен жабдықтау желілерін салу үшін жинақталып жатыр.

Жиында қазіргі таңға дейін бұл жол құрылысында 9,4 млрд. теңгенің қаражаты игеріліп, осыншама көлемдегі жұмыстардың жасалып біткені белгілі болды. Құрылыс жұмыстарына 1045 техника мен жабдық, 1200 адам жұмылдырылған. Жалпы, жобаны іс жүзіне асыруға 11 мердігерлік мекеме атсалысуда. Осыдан бастап Көлік және коммуникация министрінің бұйрығы бойынша құрылған Қорғас-Жетіген темір жол желісін салу жобасының іске асырылуын қадағалау жөніндегі штабтың жұмысы тұрақты түрде жүріп тұратын болады.

Осы күні мұнда штаб мүшелері құрылыс алаңдарын аралай жүріп, 6 мәрте көшпелі отырыс өткізді.

Шілде айының соңында Көлік және коммуникация министр­лігінде темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңес өтті. Оған аймақаралық көліктік бақылау инспекциясы мен олардың филиалдары басшылары, сонымен қатар “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ және Орталық аумақтық көлік прокуратурасының өкілдері қатысты. Басқосуда саланың 2010 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы шығарылып, жұмыстың басты бағыттары анықталды.

Канадалық тынық мұхиттық темір жолы (Canadian Pacific Railway). Canadian Pacific Railway (Канадтық тынық мұхиттық темір жолы), 1968 жылдан 1996 жылға шейін СР деген атпен белгілі болған. Канадалық Canadian Pacific Railway Limited темір жолы операторымен басқарылады. Темір жол торабы Ванкуверден Монреальға шейін созылып жатыр. Штаб-пәтері Альберт аймағындағы Калгари қаласында орналасқан (28 сурет).

Темір жол салудың идеясы 1840 жылдары пайда болған. Бұл идеяны жай ғана ессіз батылдық деп есептейді. Шынында да бұл темір жол тарихындағы ең батыл шешім болып саналады. Бірақ кейін оның іске асырылуы Канаданың дамуында маңызды орын алды. Алайда 1871 жылы ғана темір жол жұмыстары жүзеге асырыла бастады. 1881-1885 жылдары жол Канаданың шығыс бөлігі мен Британдық Колумбия арасында салынған.

Бұл Канаданың ең бірінші трансконтиненталды темір жолы. Қазіргі кезде бұл негізінен жүк тасымалдаушы теміржол магистралі, бірақ онжылдық ішінде жолаушыларды ұзақ жолға таситын жалғыз тасымалдау құралы болып есептелінген. Сондай-ақ Батыс Канаданы отарлау мен дамытуда маңызды рөл атқарды. Компания Канадада 1975 жылға дейін ең ірі және мықты компания болды. Негізгі жолаушы тасымалдаулары 1986 жылы жойылды. Онымен 1978 жылы VIA Rail компаниясы айналыса бастады (29-сурет).

Компанияның логотипы болып құндыз жануары алынды. Өйткені құндыз Канаданың ұлттық нышаны болып және компанияның еңбек сүйгіштік пейілін бейнелейді. Компания 120 жыл өмір сүргені үшін мадақтау және мақтаулар алды және Канаданың ұлттық нышаны болып отыр.

Canadian Pacific Railway 2008 жыл бойынша 15 мыңнан астам жұмысшысы бар және $7 млрд бар нарықтық капиталдандыруы бар компания болды.

Қорытындылай келетін болсақ жүз жылдан астам тарихы бар Канадалық тынық мұхиттық темір жолы Канаданың осы уақытқа дейін дамуына зор әсерін тигізді. Қазіргі кезде де бұл жол торабы арқылы елдің бір шетінен екінші шетіне дейін, тек қана ол емес АҚШ-тың да көптеген қалаларынан жолаушы және жүк тасымалдауына көмектесіп отыр.

Халықаралық туризмде көп жылдар бойы адамдарды су бойынша тасымалдаудың түрлері басым болған. Бірақ уақыт өте келе, авиацияның даму мөлшеріне қарай оның маңыздылығы бірте-бірте қысқарды. Мысалға алсақ, кемемен Солтүстік Атлантика арқылы Франциядан АҚШ-қа баратын саяхат 80 сағат уақытты алады, ал ұшақпен тек қана 8 сағатта ұшып өтесіз. Осындай жағдай сонымен қатар Тынық мұхиты арқылы өтетін іскерлік рейстерде де байқалады. Бірақ Европаның батыс жағалаулары, Жерорта теңізі, Кариб теңізі, Азор және Атлантиканың басқа аралдары аймағында теңіз экскурсия-круиздері үлкен маңызға ие болып отыр.

Круиздік туризм ежелгі заманнан пайда болғанға қарамастан, өзінің қарқынды дамуын 50-ші жылдардың аяғынан бастаған болатын. Круиздік саяхаттардың алғашқы гиді болып ағылшын жазушысы Уильям Теккерей саналады. Круиздік саяхат негізінен қысқы мерзімді экскурсиялар өткізілетін жағалаулардың бойымен жүргізіледі. Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.

Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.

Куриздердік турлардың ірі нарықтары АҚШ, Ұлыбритания, Германия болып табылады. Куриздік саяхаттар туризмнің ең комфортты (жайлы) түрі, яғни мұндай маршруттарға арналған теплоходтар көңіл көтерулермен мерекелерге жағдай жасалған жүзіп жүретін қонақүйлер. Сондықтан, жолдаманың қымбат тұруына қарамастан, оларды Қазақстанда сатып алады.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы - Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

Туристік су саяхатынының ерекшеліктері

Транспорттық құқықтық белгілері бойынша бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді.

Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады.

Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді.

Су көлігі – бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін туристік круизді суда қайта жабдықталынды.

Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады.

Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған. Ұйымның құрылу мақсаты:

Теңізде жүзу:

- қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау;

- халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету;

- теңіз үсті ластануын бақылау;

- ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою;

- халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау.

Теңіз порттары және судналарды көп пайдаланбастан капиталды жөндеу мен тез арада жаңартып тұруды қажет етеді, сонымен қатар оның шығыны да көп болады, сол себептен бұлардың жолдамасы да қымбатқа түседі. Су транспортының басқа да кемшілігі жылдамдығы аз және су круизінде теңіз ауруына, клаустрофобия ауруына шалдыққан кейбір туристтерге судың географиялық жағдайының қолданысы және де судың кеңістігінің шектеулі болғандығы біраз қиыншылықтар туындатады. Соған қарамастан, түрлі мақсаттардағы мүмкіншіліктерді бере алатын (іскерлік, оқулық, фестивальдық, және басқа да демалыстарда) жолаушылар таситын көлемі ерекше «жүзетін отель» басқа жерлерге баруда өте қолайлы. Су саяхатында туристік экскурсиялық мейрамдарды ұйымдастыру үшін теңіздік және өзендік судаларды жалға алады. Туристік экскурсияларда туристтерге барлық жағдайларын, қызметін қамтамассыз етіп, параходта жүрудің кестесін туристтермен бірлесіп жасайды. Маршрутта, яғни экскурсияларда саяхатшы, тарихшы, этнограф, архитектор және т.б. қызықты адамдармен кездесулер болып, олармен әңгімелесіз. Барлық жағынан комфортталған теңіздік және өзендік судаларда саяхат жасау, сіздің жақсы демалуыңызға себепші болады.

Су саяхатының бағдарламасы ерекше жоспармен өтіледі, өйткені сіз өзіңіздің маршрутыңызда басқа да мемлекеттің, облыстың, республиканың аумағымен жүріп өтуіңіз мүмкін, сол кезде сізге соларды таныстыру үшін ерекше жоспар қамтамассыз етілген. Жергілікті эксксурсиялардың арасын байланыстырушы бөлім – жолдағы экскурсиялық бағдарлама.

Бүкіл әлем транспорттық саяхатқа үлкен ден қойып отыр. Өйткені милиондаған адамдардың өмірі осы транспорт арқылы. Қазіргі транспорттың қай саласы болмасын жаңа технологияларды қолданып жүріс-тұрысты ыңғайластыруда. Бүкіл әлемде адамдардың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне байланысты туристік саяхаттарда көбейіп келеді.

Судалардың жеткілікті мөлшері және жауапты инфрақұрылымы болмағандығынан Қазақстанда су саяхаты әлі толық дамымаған, ал бар болғанда да жақсы ұйымдастырылмаған. Басты бірден бір кінә су проттардың жоқтығы. Порттар бұл жүктер мен жолаушыларды тасуда қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін арналған жағадағы белгілі бір зона немесе аймақ. Порттық зона мыналарға мыналарға қатысты: кемені арқанмен байлап қоятын және қауіпсіз зона, ол жолаушыларды вокзал ретінде күтеді және лайықты қызмет етеді, (байланыс, милиция, кеден, медпункт, және т.б.) тазалық жасайтын бөлім, жанармай қоймасы, зона судаларды жөндейтін және олардың бұзылған жағдайда жөндейтін шеберлер қоймасы сонымен қатар зонада жүктер мен багаждар сақталады.

Порттардың классификациялануы. Құрылысына қарай: олар табиғи болып қарастырылады, яғни оларға табиғи жағдайларда қолданылатын және адамдардың көмегімен құрастырылған порттарды айтамыз, демек олар жасанды болады. Орналасуына қарай: теңіздің жағасында, өзендердің жағасында және көлдердің жағасында орналасқан деп бөлінеді. Арналғанына тағайындалғанына байланысты; әскери, саудаға, жолаушыларға, спорттық. Ал тәртібіне қарай: қарапайым немесе ерекше, баж салығын жинау және кедендік тәртіптен басталуына деп қарастырылады. Тәніне қарай: мемлекеттік немесе жекеменшіктік болып келеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Ақтымбаева Ә.С. Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 210 б.

2.

3.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

1. Туристерді темір жолмен тасымалдаудың қандай ерекшеліктері айқындалады?

2. Темір жол пойыздарының қандай түрлері ажыратылады?

3. Темір жол турларын ұйымдастыру мен өткізудің қиындықтары неде?

4. Қазақстандағы темір жол көлігінің желісінің мүмкіндіктері?

5. Су маршруттарының ерекшеліктері неде?

ДӘРІС 11

ТУРИСТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САПАСЫ

Жоспар

1. Туристік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету принциптері

2. Туристік өнімді стандартизациялау

3. Өнім сапасына қойылатын ішкі талаптар

Бедел – халықтың санасында қалыптасқан және стереотип ретінде сипаттамасы бар эмоционалды бейнеленген белгілі бір адамның немесе заттың бейнесі. Белгілі бір имидж саяси қайраткерде, белгілі бір тауар немесе маманға сай болады және берілген жұмыста туристік ауданның беделі де болуы мүмкін. Беделдің қалыптасуы стихиялы түрде жүргізіледі, бірақ жиі-жиі бедел психология, жарнама және маркетинг саласындағы қызмет атқаратын мамандардың нәтижесі болып келеді.

Бедел белгілі бір топтың әлеуметтік күтімін, үмітін бейнелейді, көрсетеді. Сол себепті беделдің бар болуы іс-әрекеттің әртүрлі саласында субъектіге атақ, мансапты қамтамасыз етеді. Беделдің сипаты және әрекеті арнайы зерттеулерде анықталады. Бедел тек қана оның иесінде болады, яғни бедел қалыптасатын қоғам санасында пайда болады.

Нарықтық экономика дамуы өзіндік беделдің дұрыс бағытта қалыптасуын көздейтін, сонымен қатар қызығатын субъектілер дәрежесінің көбеюіне әкеледі.

Қазақстанның бедел-бейнесін қалыптастыру және оны таныстыру жөнінде жүргізілетін жұмыстарды бағалау нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Олар:

– бұл жұмыс бізде өте кеш қолға алынған;

– әлі күнге шетелдерде Қазақстанның дұрыс үлгісін жасау жөнінде сыртқы саяси насихаттау жұмыстары кемшілік алуда, имидждік әрекеттегі бірегей және нақты бағдарламаның жоқ болуы;

– мәселенің мазмұндық жағы;

– Қазақстанның жеке өз қорында ірі коммерциялық бренд жоқ, отандық компаниялар мүмкіндіктерді толық игере алмай отыр, тауар және қызмет түрлерінің халықаралық нарғына шыққан жоқ;

– Қазақстандағы туристік фирмалар саны көп бола тұра, ішкі туризм нашар дамыған, еліміздегі туристік фирмалар жан-жақты дамыған әлемдік туризм алдында өзін-өзі көрсете алмауда.

Қазақстан туризміның шетел инвесторларын тарту шаралары

Беделді қалыптастыру бірнеше кезең арқылы іске асады: нарық зерттеулер мен талдау жүргізіледі; біртұтас сауда саясатының мақсаты анықталады; қойылған мақсатты іске асыру орындалады; туристі өнімді жылжыту құралдары таңдалады.

Кез-келген туристік кәсіпорын беделі келесі пунктерден тұрады:

1) мекеменің аты;

2) сату маркасы;

3) фирма белгісі;

4) кеңсе жабдықталуы (жиһаз, оргтехника);

5) қызметкерлердің фирмалық киімдері;

6) жарнама өнімдері;

7) қызметкерлердің мәдениетті болуы;

8) мекеме қызметкерлерінің шет тілін білу және олардың білім деңгейінің жоғары болуы;

9) мекеменің туристік нарықтағы өтілімі (стажы).

Туризмде туристерге сапалы қызмет көрсету – халық шаруа­шылық саласын дамытудағы ең өзекті мәселе. Туристер белгілі бір елдің туристік кешенінің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса, онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болады. Олар бірнеше рет қайта келіп, өзімен бірге басқа да туристерді тартады, өзіне ұнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық әсерінің көтерілуіне септігін тигізеді.

Сапа менеджмент жүйенің (СМЖ-нің) құжаттары құрылымының деңгейіне байланысты құжаттар мазмұны

СМЖ құжаттар құрылымының деңгейі Жауап беретін құжаттары
Бірінші Жоғарғы басқарма сапа жөнінен қандай мақсаттар қояды? Алға қойылған мақсаттарға жету үшін басқарма қандай тапсырмаларды орындау керек? Қандай жолмен жоғарғы басқарма алға қойылған мақсаттарға жету үшін шешім қабылдайды?
Екінші Кім, қашан, қалай, қандай құжаттармен, кім арқылы СМЖ миссиясы кезінде оның талаптарын орындайды, сапа жөнінен саяси жұмыстар мен мақсаттарға жету.
Үшінші 1 деңгей асты 2 деңгей асты Қандай түрде, кім арқылы, қандай талаптармен, қандай уақыт аралығында және қандай жолмен нақты бөлімше СМЖ-нің талаптарын орындауда? Қандай жолмен бөлімше бекітілген тәртіптің орындалуын фактілі түрде дәлелдейді? Қандай жолмен орындаушы нақты операцияны өз жұмыс орнында орындайды және оның орындалуын белгілеу?
Төртінші Өнімнің сапасы мен жақсаруын немен дәлелдейді? Қандай жолмен СМЖ-нің нақты талаптарының орындалуының фактісі мен оның жақсару фактісін дәлелдеуге болады?
Базалық 1деңгей асты 2 деңгей асты Ресейлік заңнаманың және басқа да заңнамалық құжаттар талаптары, бұл заңнамалар кәсіпорынға іс-әрекет жасауға және оның өнімін регламенттеу мен басқа да әрекеттер арасындағы байланысты регламенттеуге құқық береді. Кәсіпорын қандай жұмыстар жасауды жоспарлауда, әр бөлім мен орындаушының миссияны реализациялау, сапа жөнінен саяси жұмыстар жүргізу және мақсатқа жету? Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін кім және қандай жұмыстар орындалуы керек? Қандай жолмен орындалған операцияларды құжаттандыру? Өнім, технология, өнім процесінің талаптары қандай?

Қонақжайлық индустриясының ашық және бәсекелеске толы нарығы индустрияға қысым көрсетеді, қызметтерді


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: