Шлюздер

ReiserFS

Бұл файлдық жүйе дерекқорға ұқсас: оның ішінде өзінің индексация мен жылдам іздеу жүйесі бар, ал оның файл мен бумалар ретінде көрінуі – жүйенің тек бір көрінісі ғана. Әдетте ReiserFS ұсақ файлдардың көп санын сақтауға үшін жақсы келеді деп саналады.

XFS

Бұл файлдық жүйе үздіксіз жазылатын не құрамасы өзгертілетін үлкен және өте үлкен файлдарды сақтауға арналған. Ext3 сияқты өнімділігі нашар емес, бірақ оны қолданған кезде электрқорегі кенет өшірілсе, файлдардың құрамасын жоғалту қаупі бар (қауіпсіздік салдарынан осындай кезде файлдың құрамасын нөлдеу қолданылады). Үздіксіз қорек көзіне қосылған компьютерлерде қолдануға ұсынылады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Файлдық жүйелер мен журналдық файлдық жүйелердің айырмашылығы?

2. FAT пен NTFS?

3. Linux – та қолданылатын файлдық жүйелер?

Негізгі әдебиет: 5 нег [63-77], 7 нег [23-133]

Қосымша әдебиет: 2 қос [84-106 ], 4 қос [4-7 ]


3-лекция. Гетерогенділік. Желілерді байланыстыруды ұйымдастырудың негізгі жолдары. Шлюздер. Ресурстарды меншіктеу қызметтері. Домендік қарастыру. – 2 сағат

Лекция мақсаты – Желілік операциондық жүйелерде желілік пен интернет шлюздерін орнату. Домендік жүйелерді қарастыру.

Сұрақтар:

1. Желілерді байланыстыруды ұйымдастырудың негізгі жолдары.

2. DNS (Domain Name System) домендік аттар жүйесі

3. Шлюздер

Қазіргі таңда интернет-технология күнделікті өмірде көп қолданысқа ие. Көптеген ұйымдар, қарапайым қолданушылар Интернет желісінде өз сайттарына ие. Желіде «Домен» сөзін көп қолданамыз, ал бұл термин ағылшынның «domain» сөзінен аударғанда область, территория дегенді білдіреді. Ал интернет технологияда сервермен қызмет көрсетілетін иерархиялық аттар облысы болып есептеледі.

DNS (Domain Name System) домендік аттар жүйесі және домендік аттардың әріптік мәндерін IP-адрестерге аударып және керіі айналдыратын желілік қызмет болып табылады

Статистика

Шлюздер

Желілік шлюз деп (ағыл. gateway) аппаратты машрутизатор немесе жергiлiктi және глобалдi желілерге арналған әртүрлi хаттамалар қолданатын программалық жабдықтаушы.

Интернет-шлюз - желілік программалық шлюз, жергілікті желідегі Интернет желісін қолдану үшін үлестіретін және бақылайтын шлюз(пайдаланушылар арасында).

Программа жүйелiк администратордың жұмыс аспабы болып табылады, яғни ол оған трафик және қызметкерлердiң жұмысын тексеруге және қадағалауға мүмкiндiк береді.

Программалық интернет-шлюздер

ü Microsoft ISA Server

ü Kerio Winroute Firewall

ü Traffic Inspector

ü Usergate

ü Ideco Internet Control Server

ü TMeter

Домендік қарастыру.

Цифрлық адрестер-бұл да компьютердің қарым-қатынасы арқасында түсінікті болды. Цифрлық адрестерді айту және жаттау қиын. Сондықтан Internet-тегі компьютерлерге аттар беріледі. Internet қолданбалы программалары компьютердің сандықадрестерінің орнына аттар жүйесін қолданады.
Бұл аттарды қолданудың тиімсіз жақтары да бар. Біріншіден, екі компьютерге бір ат берілмеуін қадағалар отыру керек. Сонымен қатар адамдарға тиімді аттарды сандық адрестерге айналуын қадағалап, қарау керек. Сіз программаға атты көрсетуіңізге болады, бірақ та сол адресті іздеу жолы болуы керек.

Internet–тің жаңа қалыптасу кезінде аттарды
қолдану жеңіл болды. Желілік ақпараттар орталығы (NIC) арнайы тіркеу қызметін жасап отырды. Сіз толтырылған бланкіні электрондық қызмет жолдары арқылы жібересіз, сонда NIC Сізді өзінің аттар және адрестер тізіміне қосады. Бұл файл Hosts депаталады. Аттар қарапайым сөздерден тұрады. Сіз атты көрсеткенде сіздің
компьютеріңіз осы файлдың ішінен іздеп, адресті
көрсетеді.

Интернет жүйесіндегі аттарды оңай еске ұстау үшін DNS (Domain Name System) механизмі қолданылады. Ол DNS серверінің көмегімен атқарылады. Компьютерді IP символдық атпен табу үшін серверге сұраныс жіберіледі. Бұл процесс кері бағытта орындалуы мүмкін (символдың аттарын IP адресі бойынша табу).

DNS-сервер — тиісті хаттама бойынша жіберілетін сұрақтарға жауап беретін қосымша жабдық. Сонымен қатар "DNS – сервер" деп қосымша іске қосылатын хоста айтылуы мүмкін.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Желілерді байланыстыруды ұйымдастырудың негізгі жолдары?

2. DNS (Domain Name System) домендік аттар жүйесі?

3. Интернет шлюздер

4. Желілік шлюздер

Негізгі әдебиет: 8 нег [63-77], 9 нег [23-133]

Қосымша әдебиет: 1 қос [84-106 ], 2 қос [4-7 ]


4-лекция. Серверлік операциялық жүйені баскарып өндірушісі Windows (Microsoft), Linux, Mac OS X (Apple). Жұмыстың сеансы Linux. – 1 сағат

Лекция мақсаты – Әр түрлі платформадағы серверлік операциондық жүйелерге шолу жасау

Сұрақтар:

1. Windows (Microsoft) серверлік операциондық жүйелер

2. Linux серверлік операциондық жүйелер

3. Mac OS X (Apple) серверлік операциондық жүйелер


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: