Модулі

МОДУЛЬДІҢ МАҚСАТЫ: студенттерді фундаментальді және клиникалық пәндер интеграциясы негізінде нормадағы және патологиядағы қан жүйесін клиникалық тексерудің негіздеріне және негізгі клиникалық симптомдар мен синдромдар қалыптасуының патофизиологиялық, морфологиялық, механизмдері мен оның жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді түсіну негізінде оқыту.

Патофизиология -2 модулінің міндеті:

  • Қан түзуші жүйе дерттерінен дамитын негізгі клиникалық симптомдар мен синдромдар дамуының патофизиологиялық тетіктерін түсіндіру

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

№ 1 тақырып. Анемиялар дамуының патофизиологиялық тетіктері.

Мақсаты: анемиялық синдромның этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру

Дәріс жоспары:

1. Анемия, анықтамасы, жіктелу ұстанымдары

2. Анемияның әртүрлерінің жалпы этиологиясы мен патогенезі.

3. Анемиялық синдромныңклиникалық көріністерінің патогенезі.

Дәріс тезистері

Анемия – қанның белгілі қөлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын, мөлшерінің азаюы

АНЕМИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУ ҰСТАНЫМДАРЫ

Этиологиясы бойынша   Тұқымқуатын және жүре пайда болған
Патогенезі бойынша а) қансыраудан болатын –постгеморрагиялық б) эритроциттердің күшейген гемолизінен–гемолиздік в) қан өндірілуі бұзылуынан –дизэритропоэздік
Қан өндіру түріне қарай Нормобластық және мегалобластық  
Сүйек кемігінің регенерациялық қабілетіне қарай регенерациялық (ретикулоцит –0,2-1% одан жоғары) гипорегенерациялық (ретикулоцит –0,2%-ден аз) арегенерациялық (ретикулоцит – 0%)
Түстік көрсеткішіне қарай (ТК) нормохромды (ТК- 0,85-1,05) гипохромды (ТК- 0,85-ден аз) гиперхромды (ТК –1,05-ден артық)
Эритроциттердің орташа диаметріне қарай (ЭОД) нормоциттік (ЭОД-7,2-8 мкм) микроциттік (ЭОД –7 мкм-ден аз) макроциттік (ЭОД –8 мкмөден артық) мегалоцитік (ЭОД –12 мкм‑ден артық)
өту ағымына қарай Қауырт және созылмалы

Постгеморрагиялық анемия

 
 


қауырт созылмалы=теміртапшылықты

ҚАУЫРТ ПОСТГЕМОРРАГИЯЛЫҚ АНЕМИЯ

Себептері: қауырт қансырау

Қауырт постгеморрагиялық анемияның сатылары:

жасырын (қансыраудан соң алғашқы тәулікте) Нормоцитемиялық гиповолемия (эритроцит пен қан плазмасы¯). Гематокрит, Нb, эритроциттер қанның бірлік көлемінде қалыпты.  
гидремиялық (қансыраудан 2-3 күннен соң) Олигоцитемиялық гипо- немесе нормоволемия. Қанның бірлік көлемінде Нb, эритроцит¯. ТК қалыпты. Тінаралық сұйықтықтың тамырға түсуінен және бүйрекпен сұйықтықтардың шығарылуы¯ қан көлемінің қалпына келуі
Сүйек кеміктік (қансыраудан 4-5 күннен соң) Эритропоэз ­ Шеткері қан көрінісі: ретикулоцитоз, полихроматофилия, нормобластар пайда болады; ТК <0.85; ядролық солға жылжыған нейтрофильдік лейкоцитоз

Қауырт постгеморрагиялық анемия:

Сүйек кемігінің регенерациялық қабілетіне қарай - регенерациялық,

Қан өндіру түріне қарай – нормобластық,

Түстік көрсеткішіне қарай (ТК)- нормо- немесе гипохромды,

Эритроциттердің орташа диаметріне қарай (ЭОД)– макроциттік


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: