Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1). Қазақстандық топ-менеджерлердің негізгі қиындығы қандай?

2). «Форсаж» компаниясы қандай тақырыпта зерттеу жүргізді?

3). Сауалнамаға қанша және қайда жұмыс істейтін адамдар қатысты?

4). Басшының қандай қасиеттері негізгі болып саналады?

5). Менеджердің психологиялық қасиеттерін ескеру керек пе?

3. Фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Екінші апта.ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

1-сабақ.

ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ. СИНТЕТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ

Лексика-семантикалық тәсіл – терминжасау тәсілдерінің бірі. Оны басқа тәсілдерге қарағанда термин жасаудың басты негізгі тәсілі деп бағалауға да болады. Өйткені ұлт тілі негізінде жасалған ғылыми терминдердің көпшілігі осы тәсіл арқылы жасалған терминдер. Тілімізде бұрын жалпыхалытық сөз болған, ал қазір менеджмент ғылымының термині қызметін атқарып жүрген сөздердің саны аз емес. Олардың қатарына кәсіп, дерек, табыс, тұлға, пайда, шығын, сауда, тәуекел, кепіл т.б. сөздерді жатқызуға болады.

Синтетикалық тәсіл – термин сөздердің жұрнақтық қосымшалар арқылы жасалуы.

-шы, -ші: көшбасшы, төлеуші, сарапшы, өндіруші, кеңесші, демеуші.

-кер,-гер: кәсіпкер, саудагер, қызметкер, қайраткер.

- ма, -ме: жарнама, хабарлама, бастама, аңықтама, түрлендірме.

- лық,-лік: қаржылық, кәсіпкерлік, бейімділік, тұрақтылық.

-тық,-тік: өндірістік, қауымдастық, нарыктық, ұлттық, жиынтық.

-дық,-дік: отандық, мамандық, басымдық, кепілдік, әкімшілдік.

Сөздік

дерек – данные, факты

жалпыхалықтық – общенародный

кәсіпкер – предприниматель

көшбасшы – лидер

сарапшы – эксперт

тәуекел – риск

түрлендірме – вариация

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

1)Лексика-семантикалық тәсіл дегеніміз не?

2) Синтетикалық тәсіл дегеніміз не?

3) Синтетикалық тәсіл қалай жасалады?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтінбойыншажоспар құрып, мазмұнынайтыңыз.

2-сабақ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: