Сызбалар, есептер, ситуациялар

Ж.

Орындаушы(лар)

Орындағандар:

Ф. ғ.к., аға оқытушы _________ Е.Е. Мұханбетқалиев

(дәрежесі, атағы/ лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

Г. ғ. магистрі, оқытушы _________ Г.С. Симұқанова

(дәрежесі, атағы/ лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

Г. ғ. магистрі, оқытушы _________ Б.А. Нұралина

(дәрежесі, атағы/ лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Хаттама № 203қыркүйек 20 14 ж.

Кафедра меңгерушісі

Ф.ғ.к. ________________ _______ Ү.Қ. Сәрсембин

(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

Алғы сөз

Адам мен қоғам жөніндегі ғылымдардың ішінен, әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары жөніндегі ғылым - әлеуметтану маңызды орынды иеленеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелердің өзектілігі тұлғаның қоғамдағы орнын және адам жөніндегі білімінің рөлін арттырады. Әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып, қоғамның бір тұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйені, институттарды түсінуге көмектеседі. Әлеуметтану кез - келген құбылысты адамдық тұрғыдан қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен салдарларын көруге мүмкіндіктер береді. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика мен әлеуметтік мемлекеттің түпкі конституциялық қағидалары тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады.

Әлеуметтану пәнінен семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау студенттердің өзін қоршаған әлеуметтік әлемді ғылыми тануға, әлеуметтану ғылымның әдістемелері мен әдістерін меңгеруге және қоғамдағы түрлі өзгерістерді болжауға, оларды талдауға бейімділікке, шығармашылық пен сыни тұрғыда ойлауға үйретуге бағытталған. Осы семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқауда әр сабақтың тақырыптары және мақсаты, блиц-тест, түрлі кестелер мен жағдаяттарды, тапсырмалар, студенттердің тақырып аясындағы білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтар, әлеуметтену ғылымындағы негізгі ұғымдар, мәнжазба тақырыптары берілген. Ол пәнді оқып-үйрену барысында студенттің белгілі бір біліктілікке, дағдыға, құзыреттілікке ие болуына септігін тигізеді.

1) №1 Сабақ:

Тақырып Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде

2) Сабақ мақсаты Студенттерді әлеуметтанудың пәнімен, мақсаттарымен, оның пәнаралық байланыстары мен таныстырып, алынған білім мен дағдыларын бекіту. Сонымен қатар, әлеуметтанудың ғылым ретіндегі мақсаты мен міндеттерін таныту және оны қоғам туралы ғылым тұрғысынан ұғындыру.

3) Семинар жоспары:

1.Әлеуметтанудың пәні және обьектісі;

2.Әлеуметтанудың басқада қоғамдық ғылымдармен байланысы;

3.Әлеуметтік білімнің құрылымы;

4.Макро және микро әлеуметтану.

4) Блиц- тест:

1. «Societas» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

А) адам

B) дүние

C) қоғам

D) жүйе

E) жеке адам

2. Әлеуметтанудың объектісі ретінде қоғам біртұтас... шындық:

А) әлеуметтік

B) саяси

C) тарихи

D) субъективтік

E) виртуальдық

3. Әлеуметтану қандай ғылымнан бөлінді:

А) саясаттану

B) философия

C) мәдениеттану

D) тарих

E) химия

4. Кім әлеуметтануды ғылым ретінде негіздеді?

А) Конт

B) Спенсер

C) Вебер

D) Маркс

E) Дюркгейм

5. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы әлеуметтік институттарға қатысты емес?

А) мемлекет

B) құқық

C) ғылым

D) отбасы

E) интернет

6. Әлеуметтанудың қай түрі әлеуметтік мәселелерді практикалық іс жүзінде шешуге бағытталады?

А) теориялық

B) абстрактылық

C) қолданбалы

D) діндік

E) иллюзиялық бейне

7. Антикалық дәуірдің алғашқы әлеуметтанушылары деген атқа ие болған әлеуметтік философтарды атаңыз?

А) Дж.Мид

В) О.Конт

С) Г.Спенсер

D) Платон, Аристотель

Е) Т.Парсонс

8. Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формацияларды жіктеген кім?

А) Г.Спенсер

В) О.Конт

С) К.Маркс

D) В.Паерето

Е) Г.Зиммель

9. Орташа деңгейлер теориясы ұғымын енгізуші кім?

А) Э.Фромм

В) В.Парето

С) О.Конт

D) Р.Мертон

Е) Т.Парсонс

10.Әлеуметтануда Позитивистік бағыттың негізін қалаушы?

А) О.Конт

В) Р.Мертон

С) Дж.Мид

D) М.Вебер

Е) Э.Дюркгейм

5) Бақылау сұрақтары

1.Әлеуметтану қоғам, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауымдастықтардың әсерлесу механизмдері, әрекет ету заңдылықтары мен дамуы туралы ғылым ретінде ролі қандай?

2. Әлеуметтік білімнің құрылымын анықтаңыз.

3. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары атаңыз.

4. Әлеуметтік факт және әлеуметтік процесс ұғымдары, олардың ерекшеліктері мен жіктелуі.

5. Әлеуметтанудың қызметтерін атаңыз.

6. «Парадигма»ұғымын қалай түсіндіресіз?

Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.Неліктен қоғам тек қана әлеуметтану ғылымының объектісі болып табылмайды?

2.Г.Зиммельдің «Әлеуметтану жеке әлеуметтік ғылымдардың таным теориясы», - деген ойын қалай түсіндіресіз?

3.Бір индивидтің дүкеннен белгілі бір затты сатып алуын әлеуметтанушының, экономистің, психологтың көзқарасымен қарастырып талқылап көріңіз?

4.Сіздің ойыңызша сорциологиялық көзқарастың негізі неде?

Кестені талдаңыз.

Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен өзара байланысын қарастырыңыз.

Кестені толтыру керек.

Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен өзара байланысы.

 
 



Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері

 
 


Кестені толтырыңыз:

Философия мен социология ғылымдарының ерекшелігі мен ұқсастығын


7) Глоссарий

п\п Әлеуметтанулық ұғымдар Анықтамасы
  Әлеуметтану қоғамдық процесстерді және тұлғалар арасындағы түрлі деңгейдегі әлеуметтік байланыстарды зерттеу.
  Макроәлеуметтану тұтас қоғамның әлеуметтік құрылымы менжүйелерін саралау деңгейі.
  Микроәлеуметтану адамдардың күнделікті өмірдегі жеке қарым-қатынас негізіндегі социологиялық талдаудың деңгейлері.
  Орта деңгейдегі теория теориялық және эмпирикалық социологияның аралығын біріктіреді.
  Әлеуметтік теория әлеуметтік қатынастарға қатысты жалпытеориялық зерттеулер.
  Парадигма белгілі-бір концепцияның және теоретикалық көзқарастардың ғылыми үлгісі (моделі).
  Әлеуметтік шындық адам мен қоғам арасындағы өте күрделі, көп сатылы әлеуметтік қарым- қатынас.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. Азаматтық қоғам.

2. Әлеуметтанудың қызметтері.

3. Әлеуметтанудың философиямен ара қатынасы.

4. Әлеуметтану, қоғам туралы ғылым.

5. Әлеуметтік білімнің құрылымы.

6. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары.

7. Орта деңгейлер теориясы.

9) Әдебиеттер

1.Әбсаттаров Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану/Р. Б. Әбсаттаров. Алматы. Ғылым, 2004. – 382 б.

2.Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология/ Н.А. Аитов. Алматы: Қазақ университеты, 2002. 254 б.

3.Габдуллина К.Г. и др. Социология. Учебник для студентов высшых технических учебных заведений/ К.Г. Габдуллина. Алматы., Санат, 1997

4.Тұрғынбаев Ә.Х. Социология/ Ә.Х. Тұрғынбаев. Алматы, 2001. – 180б.

5.Сәрсенова Ж., Тәңірбергенова Г. Әлеуметтану/ Ж.Сәрсенова. Алматы, 2000. – 320б.

6.Смелзер Н. Современная западная социология/ Н. Смелзер. Москва, 1992

7. Словарь по социологии. Москва, 1992. – 548 с.

1) №2 Сабақ

Тақырып Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары

2) Сабақ мақсаты Әлеуметтанудың тарихымен, даму кезеңдерімен және негізгі теорияларымен таныстыру арқылы осы ғылымның тарихи бағыттарын ажырата білуге, талдауға, әлеуметтік білімнің жалпы ғылым дамуына қосқан үлесін бағалауға үйрету.Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының дамуына шолу жасау.

3) Семинар жоспары: 1. Әлеуметтанудың қалыптасуының алғышарттары;

2. О.Конт пен Г.Спенсердің әлеуметтік көзқарастары;

3. Э.Дюркгеймнің «социологизмі». Құрылымдық– функционализм;

4. Индустриалды әлеуметтанудың пайда болуы (Э.Мэйо);

5. Эмпирикалық әлеуметтанудың пайда болуы;

6. ХХ ғ. әлеуметтанудың басты мектептері (символикалық интерак-ционизм, феноменологиялық, неофункционализм т.б.).

Блиц-тест

1.Әлеуметтануда позитивистік бағыттың негізін қалаушы?

А) О.Конт

В) Р.Мертон

С) Дж.Мид

D) М.Вебер

Е) Э.Дюркгейм

2.«Түсіну» әдісін құрастырған қай ойшыл?

А) М.Вебер

В) А.Шюц

С) Э.Дюркгейм

D) Л.Козер

Е) О.Конт

3.Кім бойынша әлеуметтанудың объектісі болып әлеуметтік фактілер табылады?

А) Э.Дюркгейм

В) М.Вебер

С) О.Конт

D) А.Шюц

Е) Мэйо

4.Адам қоғамының дамуы қандай сатылардан өтеді?

А) мифологиялық, діни, философиялық

В) индустриалдыққа дейін, индустриалды, постиндустриалды

С) күнделікті, ғылыми

D) дінсіз, дінді, атеистік

Е) дәстүрлік, модернистік

5.Эволюцияны әлеуметтік құрылымның күрделену процесі деп түсінген кім?

А) З.Фрейд

В) Э.Дюркгейм

С)О. Конт

D) Г.Спенсер

Е) Р.Мертон

6.Орташа деңгейлер теориясы ұғымын енгізуші кім?

А) Э.Фромм

В) В.Парето

С) О.Конт

D) Р.Мертон

Е) Т.Парсонс

7.Қауым мен қоғамды бөліп көрсеткен кім?

А) Дж.Морено

В) А.Шюц

С) Ф.Теннис

D) Э.Мэйо

Е) Дж.Мид

8.У.Томас пен Ф.Знанецкий қай бағыттың өкілдері?

А) өндірістік әлеуметтану

В) органикалық мектеп

С) позитивизм

D) Эмпирикалық әлеуметтану

Е) Әлеуметтік айырбас

9.Адамның интелектуалды дамуының үш кезеңін көрсеткен ғалым?

А) М.Вебер

В) Н.Смелзер

С) Г.Гарфинкель

D) О.Конт

Е) З.Фрейд

10.Р.Дарендорф пен Л.Козер қандай бағыттың өкілдері?

А) Құрылымдық функционализм

В) Символдық интеракционизм

С) Әлеуметтік дау жанжал

D) Биологиялық бағыт

Е) Этнометодолгия

5) Бақылау сұрақтары

1. Әлеуметтанудың негізін салушы кім?

2. Х1Х академиялық әлеуметтануының өкілдерін атаңыз.

3. ХХ ғасырдың әлеуметтік теорияларын атаңыз.

4. Қазіргі заманғы ресейлік және қазақстандық әлеуметтанушы-ғалымдарды атаңыз.

5. Қазақ халқының ауыз әдебиет үлгілеріндегі әлеуметтік-саяси ойларды көрсетіңіз.

6. Ақын-жыраулар шығармашылықтарында қандай ой-пікірлер көрініс табады?

7. Қазақ зиялылыраның әлеуметтік ойларына шолу жасаңыз.

8. Қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтану ғылымының дамуы туралы не білесіз?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: