Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.Қазақстандағы стратификация мәселесі туралы қандай талдау жасайсыз?

2. «Әділетсіздік эгойстік мүдделердің салдарынан туындаған қажеттілік» дегенді қалай түсіндіресіз?

3.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік стратификация туралы не білесіз?

4. Пайда іздегендер адалдықты ұмытады, ең биік адамды сүюшілік, туысқандықбайланыстарды ескермейді (Чжуан - Цзы).

5. Менің адалдығым мен сенімділігімнің кепілі – менің кедейлігім. (Н. Макиавелли)

6.Кестені толтыру керек.

Логикалық тапсырмалар.

Әлеуметтік теңдік мәселелері

 
 


Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы.

           
 
Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы бойыншақоғам, түрлі сипаттарына қарай қабаттарға бөлінеді. Бұл табиғи және әрбір қоғамда кездесетін құбылыс.
 
     

       
   
 
 


1.Қазақстандағы стратификация мәселесі туралы қандай талдау жасар едіңіз?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. «Әділетсіздік эгойстік мүдделердің салдарынан туындаған қажеттілік» дегенді қалай түсіндіресіз?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Глоссарий

п\п Әлеуметтанулық ұғымдар Анықтамасы
  Стратификация белгілі бір қоғамда кездесетін иерархиялық тұрғыда қалыптасатын әлеуметтік теңсіздіктің құрылымы.
  Страта жоғарыдан төмен қарай жер қабаттарының орналасу ерекшеліктерін білдіретін геологиялық термин.
  Әлеуметтік страта иерархиялық жүйедегі түрлі статустардың позициясы.
  Престиж статустың құрметтелуі.
  Құлдық туылғаннан бастап адамзатқа тән құқықтарды иемденбейтін адамдардың тобы.
  Теңсіздік адамдар арсында теңдіктің болмауы.
  Мобильділік қоғамдағы және әлеуметтік стратификациядағы адамдардың түрлі позицияларға ауысуы.
  Тік мобилділік белгілі бір иерархиядағы статустың өзгеруі.
  Көлденең мобилділік әлеуметтік орта өзгергенмен статустың өзгеріске түспеуі.

8) Мәнжазба тақырыптары

1. П.Сорокиннің әлеуметтік көзқарастары.

2. Л.Уорнердің таптық жүйе туралы ілімдері.

3. Әлеуметтік теңсіздік туралы марксистік ілімдер.

4. Стратификацияның тарихи түрлері.

5. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік.

6. Мобильділік теориясы.

7. Орта тап.

8. Қазақстандағы таптық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері.

9) Әдебиеттер

1. Әбсәттаров Р. Әлеуметтану: Оқу құралы / Р. Әбсәттаров. - 2 бас. толықт. - [б. м.]: Карасай, 2007. - 384 б.

2. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: Оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. - [б. м.]: Қарасай, 2006. - 364 б.

3. Әженов М.С. Ғылым социологиясы: оқу құралы / М. С. Әженов. - [б. м.]: Қазақ университеті, 2009. - 142 бет.

4. Әлеуметтану / орысшадан қазақшаға аударған Б. С. Шәпиев. - [б. м.], 1995. - 163 б.

5. Бәкір Ә. Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеументтік көзқарастары: оқу құралы / Ә. Бәкір. - [б. м.]: Сарыарқа, 2008. - 155 бет.

6. Габдуллина К. Құқық социологиясы: Оқулық / К. Габдуллина. - [б. м.], 2004. - 208 б.

7. Иватова Л. М. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат: Оқу құралы / Л. М. Иатова, Ш. А. Кұрманбаева, С. Т. Мейірманов. - [б. м.]: Қарасай, 2006. - 172 б.

8. Қалдыбаева Т.Ж. Әлеуметтану: оқу құралы / Т. Ж. Қалдыбаева. - [б. м.]: ШКМТУ, 2006. - 100 тг.

9. Қалдыбаева Т. Бәсекеге қабілетті Қазақстан республикасы тұрғысындағы ХХІ ғасыр мұғалімі: Теория, методологи, эмпирика және праксеология. Социологиялық талдау және тұжырымдама / Т. Қалдыбаева. - [б. м.]: ШКМТУ, 2008. - 242 с.

10. Орынбекова Д.С. Социология: оқу құралы / Д. С. Орынбекова. - [б. м.]: АЭЖБИ, 2002. - 82 бет.

1) №6 Сабақ

Тақырып Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттары

2) Сабақ мақсаты Студенттерге жаңа заман философиясының философия тарихында алатын орнын, ерекшелігін ашып көрсету. Осы дәуірде пайда болған бағыттардың негізгі идеяларының мазмұнын ашу. Негізгі терминдер мазмұнын ашып, оларға түсініктеме беру. Сонымен қатар жаңа заман философтарымен жақын танысып, олардың қарастырған проблемаларын зерттеу.

3) Семинар жоспары:

1. Жеке тұлға әлеуметтануы;

2. Тұлға, индивид, персона;

3. Жеке тұлғаның әлеуметтенуi.

Блиц-тест

1.Әлеуметік статус дегеніміз:

А) шығу тегіне байланысты

В) тұлғаның жеке мамандығы

С) материалдық және рухани құндылықтарды иемдену

D) тұлғаның қоғамдағы орны

Е) топтан топқа ауысу.

2.Адамдардың әлеуметтік жіктерге, қабаттарға бөлінуін көрсететін термин:

А) әлеуметтік шындық

В) әлеуметтік институттар

С) әлеуметтік стратификация

D) әлеуметтік мобильділік

Е) әлеуметтік топ

3.Престиж дегеніміз не?

А)қарым-қатынас

В) құндылық

С) рөл

D) құрметке жету

Е) адамның қоғамдағы орны

4.Билеуші пікірді қабылдаған, жеке тұлғалық мазмұннан айрылған немқұрайлық (пассивті) дегеніміз:

А) ритуализм

В) білік

С) конформизм

D) инновация

Е) догматизм

5."Идеалды түр" түсінігінің авторы:

А) Дюркгейм

В) Зиммель

С) Конт

D) Вебер

Е) Теннис

6.Адамдардың ұмтылысына, өз еркіне, таңдауына байланысты берілетін статус:

А) басты

В) туа біткен

С) қолы жеткен

D) аралас

Е) интегралды

7.Ресоциализация (реәлеуметтану) дегеніміз:

А) әңгімелесу

В) өмірдің әрбір кезеңінде жаңа рөлдерді, құндылықтарды, білімдерді меңгеру процесі

С) қарапайым

8.Әлеуметтану қандай ғылымнан бөлінді?

А) саясаттану

В) философия

С) мәдениеттану

Д) тарих

Е) химия

9.Аз топтардағы тұлға аралық қатынастар құрылымын зерттейді:

А) әлеуметтік шындық

В) макроәлеуметтану

С) социометрия

D) әлеуметтік психология

Е) экономикалық әлеуметтану

10.«Статустар жиынтығы» терминін енгізген кім?

А) Дюркгейм

В) Зиммель

С) Конт

D) Вебер

Е) Мертон

5) Бақылау сұрақтары

1. Адам, индивид, тұлға ұғымдарына анықтама беріңіз.

2. Тұлғаның құрылымына талдама беріңіз.

3. Тұлғаның қандай қызметтері ең басты болып табылады?

4. Әлеуметтік мәртебе ұғымы нені білдіреді?

5. Тұлғаның әлеуметтенілуіне қандай факторлар әсер етеді?

6. Әлеуметтік мәртебе ұғымы нені білдіреді?

7. Тұлғаның әлеуметтенуіне қандай факторлар әсер етеді?

8. Тұлғаның әлеументтенуінің кезеңдері мен агенттерін атаңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: