Сызбалар, есептер, ситуациялар

1. Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюост Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдап, қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтамасына талдау жасаңыз.

2. Эмиль Дюркгейм «қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқы сипаты бар рухани нақтылық» деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі — коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымдарды айтады. Осы айтылған пікірге өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

3. Көрнекті неміс ғалымы М. Вебердің: «Қоғам — адамдар бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» деген пікірін сіз қалай түсінесіз?

4. «Қоғам дегеніміз бұл-еліктеу»деген Г.Тард пікірінің мазмұнын талдаңыз.

5. Американдық әлеуметтанушы Парсонстың «Қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізі — ережелер (нормалар) іс құндылықтар болып табылады» деген пікірін қалай бағалайсыз?

6.К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.Осы анықтаманы мысалдар арқылы түсіндіріңіз.

7.Әлеуметтік әділеттілік ұғымы туралы өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

8.Кестелерге назар аударыңыздар.


.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: