double arrow

Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.З. Фрейдтің «Жоғары мен» түсінігін талдаңыз?

2.Гуманизм неліктен жалпы адамзаттық мәселе болып табылады?

3.Жеке адамды әлеуметтендірудің жолдары қандай?

4.А.Құнанбайұлының адам проблемасына қатысты айтылған тұжырымдарының қазіргі кездегі алатын маңызы?

5. Адам мәселесінің зерттелу деңгейлері туралы кестені толтырыңыз:

Ежелгі Қытай Ежелгі Индия Ежелгі Греция Орта ғасыр Қайта өрлеу дәуірі Ағарту кезеңі Қазіргі кезең
               

6.«Алғашында адам табиғатқа тәуелді болды. Ал, кейін техникалық машиналық ортаға деген тәуелділік пайда болды. Осы кезде адамзат үлкен ауыр проблемамен кездесті. Себебі, адамның психо физикалық организмі табиғи ортаға бейімделгендіктен, оған техникалық машиналық орта үлкен қауіп төндіруде. Машиналық техникалық өркениет бәрінен бұрын адам жаны үшін өте қауіпті. Техникалық өркениет адамның белсенді болуын талап еткенімен, адамның тұлға болуын қаламайды»,- деген Н.Бердяевтың пікіріне өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Қосымша тапсырмаларда талдаңыз (осы айтылған ойларды өз бетіңше жалғастырып, өз көзқарасыңызбен толықтырыңыз):

«Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына ос төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңыштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін, мықты, берік денелі болса, түзу ойлайьын, дұрыс шешетін, дәл табатын, дұрыс ақылды болса, сұлу сө, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанды адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы...»

Мағжан Жұмабаев Шығ. Жин., Алматы, 2003.3-т., 15б.

«Қоғам – индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, ол адамдардың бірлігінен тұратын, ерекше қасиетке ие жүйе. Әрине, ұжымдық өмір дараланған сананың қалыптасуын көрсетеді, бірақ бұл қазіргі жағдайда жеткіліксіз. Бұл сана ерекше түрде дамуға, үйлесімділікке қол жеткізуі тиіс. Осы үйлесімділіктен келіп әлеуметтік өмір туындайды»(Э. Дюргкгейм)

«Біздің қазақ ғұрпында қай заттан болса да ел ішіне келген адам нәсіліне қарамай бәрі бірдей құрметте болады, бәрі бірдей қонақ болып көрінеді... Қазақтың қарияларының айтып кеткен сөзіне қарағанда, тіршіліктің қызығы адамзатқа жақслылық қылуменен болып көрінеді.

Ел билеген жақсылардың ойлағаны ел қамы болмаса, әрқайсысы өзінің пайдасын ойлап мұқатқаны ағайыны, жұрты болса, билерде әділет болмаса, енді жақсылықты жұрт қайдан күтпек».

М. Дулатұылы Шығармалары: Мақалалар мен зерттеулер.-Алматы, 1997.-2-т.-85б.

«Индивидтен ойллаудың қайнар көзін іздейміз. Осыдан келіп қателік туындайды.

Біріншіден, адам ойының негізі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортадан, әлеуметтік топтан туындайды. Адам өзін қоршаған әлеуметтік ортаның ісерімен ойланады».

Л. Гумплович Основания социологий. М., 1991.-1991-С-261

«Адамдағы жеке тұлға дегеніміз күрестің нәтижесі... Адамда, күмәнсіз екі «мен» бар, ақиқатты, шындыққа сай қалыптасқан «мен» және төменге тартатын, құмарлықтан туындайтын «мен»...

Адамзат рухы адамнан жоғарыға ұмтылуы тиіс... Сонда ғана адам өзін жоғалтпайды, өзін-өзі құрметтей алады.

АДАМ ТІРІ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ».

Н. Бердяев Мир философий. М., 1991. 2б.

«Адамдар табиғи ортасын жасанды, таьиғи емес – мәдениет саласымен ауыстырды. Біз өткенге көз жүгірткен сайын даналықты жиі байқаймыз....»

Б.Ф.Поршнев. Социологяия. Хрестоматия. М.,1991. 80 б.

Глоссарий

п\п Әлеуметтанулық ұғымдар Анықтамасы
  Адам биологиялық, психологиялық және әлеуметтік жан.
  Әлеуметтік статус индивидтің қоғамда алатын орны.
  Жеке тұлға өмір сүру барысында әлеуметтік құндылықтар мен мәдени нормаларды меңгерген адам.
  Әлеуметтік рөл белгілі– бір адамның статусына сәйкес иемденетін әрекеті.
  Әлеуметтік норма адамды әлеуметтік ортада реттеп отыратын ережелер.
  Әлеуметтендіру индивидтің әлеуметтік ортаға бейімделуін реттейтін процесс немесе әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеруі.
  Девиация қоғамның нормадан ауытқушылығын көрсетеді.
  Аномия ортақ мәндегі тәртіптің болмауы, қоғамдағы ортақ құндылықтар мен нормалардың әлсіреуі.
  Интернализация сыртқы тәртіптің ішкі нормаға айналу процесі.

8) Мәнжазбалар тақырыптары

1. Тұлға туралы теориялар.

2. Ролдік тұжырымдамалар.

3. З.Фрейдтің ілімдері.

4. Әлеуметтендірілу процесі.

5. Жеке тұлғаның құрылымы.

6. Айнадағы мен тұжырымы.

7. Қазақ ағартушыларының адам, тұлға, индивид туралы көзқарастары.

8. Т.Парсонстің әлеуметтік тұжырымдамалары.

9) Әдебиеттер

1. Әбсәттаров Р. Әлеуметтану: Оқу құралы / Р. Әбсәттаров. - 2 бас. толықт. - [б. м.]: Карасай, 2007. - 384 б.

2. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: Оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. - [б. м.]: Қарасай, 2006. - 364 б.

3. Әженов М.С. Ғылым социологиясы: оқу құралы / М. С. Әженов. - [б. м.]: Қазақ университеті, 2009. - 142 бет.

4. Әлеуметтану / орысшадан қазақшаға аударған Б. С. Шәпиев. - [б. м.], 1995. - 163 б.

5. Бәкір Ә. Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеументтік көзқарастары: оқу құралы / Ә. Бәкір. - [б. м.]: Сарыарқа, 2008. - 155 бет.

6. Габдуллина К. Құқық социологиясы: Оқулық / К. Габдуллина. - [б. м.], 2004. - 208 б.

7. Иватова Л. М. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат: Оқу құралы / Л. М. Иатова, Ш. А. Кұрманбаева, С. Т. Мейірманов. - [б. м.]: Қарасай, 2006. - 172 б.

8. Қалдыбаева Т.Ж. Әлеуметтану: оқу құралы / Т. Ж. Қалдыбаева. - [б. м.]: ШКМТУ, 2006. - 100 тг.

9. Қалдыбаева Т. Бәсекеге қабілетті Қазақстан республикасы тұрғысындағы ХХІ ғасыр мұғалімі: Теория, методологи, эмпирика және праксеология. Социологиялық талдау және тұжырымдама / Т. Қалдыбаева. - [б. м.]: ШКМТУ, 2008. - 242 с.

10. Орынбекова Д.С. Социология: оқу құралы / Д. С. Орынбекова. - [б. м.]: АЭЖБИ, 2002. - 82 бет.

1) №7 Сабақ

Тақырып Девиация және әлеуметтік бақылау

2) Сабақ мақсаты Студенттерді қоғамдағы ауытқымалы мінез-құлық пен ауытқушылық процесін анықтай білуге үйрету, тәрбиелеу, алынған білімдері бойынша білім мен дағдыларын бекіту. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі мінез-құлықтың ауытқушылығын анықтай білу мен кейбір қоғам мақұлдамайтын іс-әрекеттердің алдын алуға үйрету;

3) Семинар жоспары:

1. Тұлғаның ауытқушылығы;

2. Ауытқушылықтың түрлерi;

3. Әлеуметтік бақылау әдістері;

4. Тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері;

5. Қазіргі қоғамдағы девианттық әрекеттің ерекшеліктері.

Блиц-тест

1. Өзін-өзі өлтірушілік» еңбегінің авторы?

А) Э.Мэйо

В) Г.Тард

С) Э.Дюркгейм

D) Р.Мертон

Е) А.Шюц

2. Р.Дарендорф пен Л.Козер қандай бағыттың өкілдері?

А) Құрылымдық функционализм

В) Символдық интеракционизм

С)Әлеуметтік дау жанжал

D) Биологиялық бағыт

Е) Этнометодолгия

3. Аномия дегеніміз?

А) Қоғамның ынтымақтасуы

В) Ортақ мәндегі тәртіптің болмауы

С) Әлеуметтік бейімделу

D) жанжал

Е) Өзара әрекет

4. Әлеуметтік норманы бұзу?

А) Мінез-құлық

В) Қалыпты жағдай

С) Ауытқушылық

D) Тәртіп Жүйе

5. Әлеуметтік құрылымның элементтері:

А) мәртебе

В) діни ұйым

С) жеке адам

D) кәсіптік топтар

Е) биология

6. Жеке тұлға қоғамдағы индивидтердің орындайтын рөлдері жиынтығының функциясы болып табылады - осы жағдай:

А) марксизм

В) дау-жанжал теориясы

С) айырбас теориясы

D) рөлдік теория

Е) айнадағы теориясы

7. Аномия дегеніміз:

А) өзара әрекет

В) жанжал

С) ортақ міндетті тәртіптің болмауы

D) қоғамның ынтымақтасуы

Е) әлеуметтік адаптация

8.Адамдардың психоэмоционалдық әрекеттеріне негізделген әлеуметтік әрекет дегеніміз:

А) қарапайым

В) аффективті

С) рационалды

D) құндылықты

Е) дәстүрлі

9. Әлеуметтану социализация процесіне көмек беруші адамдар мен мекемелер:

А) субъектілер

В) позиция

С) объектілер

D) агенттер

Е) бағыт

10.Жанжалдың басты себебі: біреулердің өзгелерге өкілетті болу фактісін деген пікірді қалыптастырған:

А) Спенсер

В) Мертон

С) Дарендорф

D) Дюркгейм

Е)Маркс

5) Бақылау сұрақтары

1. Ауытқымалы мінез-құлық дегенді қалай түсінесіз?

2. Девианттылықтың типтерін анықтаңыз.

3. «Аномия» дегеніміз не?

4. Әлеуметтік ауытқушылықтың қандай себептері бар?

5. Қоғамға әлеуметтік бақылау жүргізудегі жүйенің рөлі қандай?

6. Ауытқымалы мінез-құлық деп нені айтамыз?

7. Қазіргі қоғамда ең көп кездесетін девианттылықты атаңыз.

8. Ауытқушылықтың мұндай формаларын қандай бақылау және санкциялау органдары қадағалайды?

9. Осы девианттылықтың қандай формалары делинквенттілік және аномиялық мінез-құлыққа айналуы мүмкін?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: