double arrow

Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.Білім беру процесінің кезеңдерін атаңыз.

2.Қазіргі қоғам дамуындағы білім берудің үздіксіздігі дегеніміз не?

3.Сізді қазіргі заманғы білім берудің жағдайы қанағаттандыра ма?

4.Білім беру процесін реформалаудың қандай нұсқаларын ұсынар едіңіз?

5.Сіз білім берудің халықаралық стандарттарына қалай қарайсыз?

6. Білімге деген іңкәрліктен артық батылдық жоқ. (М. Монтень)

Глоссарий

п\п Әлеуметтанулық ұғымдар Анықтамасы
  Гуманизм тұлға ретінде адами қатынастарды бағалау өлшемі.
  Оқу адамның білім саласындағы негізгі әрекеті.
  Үйрену бастапқы схемалардың жаңа объектілерге,оның құрлымын өзгету жолымен бейімделуі.
  Дайындау белгілі бір әрекетке әзірлікті таңдау, қалыптастыру, бейімделу, талаптану, коммуникация, қайсыбір әрекет формаларының құндылықтарының өнімділігін арттыру механизмдерін дамыту жолдары.
  Мектеп өзіндік функциясы оқыту болып табылатын, қазіргі білімнің базалық институты

8) Мәнжазбалар тақырыптары

1. Білім әлеуметтануының зерттеу бағыттары.

2. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы білімнің ролі.

3. Гуманизм жалпы адамзаттық мәселе.

4. Үздіксіз білімнің қоғам дамуына ықпалы.

5. Гуманитарлық білімнің ерекшеліктері.

6. Техникалық білімнің ерекшеліктері.

7. Білім берудің ғылыми тұжырымдамалары.

8. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің ерекшеліктері.

9) Әдебиеттер

1. Әбсәттаров Р. Әлеуметтану: Оқу құралы / Р. Әбсәттаров. - 2 бас. толықт. - [б. м.]: Карасай, 2007. - 384 б.

2. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: Оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. - [б. м.]: Қарасай, 2006. - 364 б.

3. Әженов М.С. Ғылым социологиясы: оқу құралы / М. С. Әженов. - [б. м.]: Қазақ университеті, 2009. - 142 бет.

4. Әлеуметтану / орысшадан қазақшаға аударған Б. С. Шәпиев. - [б. м.], 1995. - 163 б.

5. Бәкір Ә. Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеументтік көзқарастары: оқу құралы / Ә. Бәкір. - [б. м.]: Сарыарқа, 2008. - 155 бет.

6. Габдуллина К. Құқық социологиясы: Оқулық / К. Габдуллина. - [б. м.], 2004. - 208 б.

7. Иватова Л. М. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат: Оқу құралы / Л. М. Иатова, Ш. А. Кұрманбаева, С. Т. Мейірманов. - [б. м.]: Қарасай, 2006. - 172 б.

8. Қалдыбаева Т.Ж. Әлеуметтану: оқу құралы / Т. Ж. Қалдыбаева. - [б. м.]: ШКМТУ, 2006. - 100 тг.

9. Қалдыбаева Т. Бәсекеге қабілетті Қазақстан республикасы тұрғысындағы ХХІ ғасыр мұғалімі: Теория, методологи, эмпирика және праксеология. Социологиялық талдау және тұжырымдама / Т. Қалдыбаева. - [б. м.]: ШКМТУ, 2008. - 242 с.

10. Орынбекова Д.С. Социология: оқу құралы / Д. С. Орынбекова. - [б. м.]: АЭЖБИ, 2002. - 82 бет.

1) №9 Сабақ

Тақырып Саясат әлеуметтануы

2) Сабақ мақсаты Саясаттың институттарының қызметіне талдау жасау, саясаттың әлеуметтік өмірдегі мәні мен мазмұнын білуге үйрету. Алынған білімдер бойынша дағдыларын бекіту және мемлекеттегі саяси процестердің әлеуметтік мәнін анықтау. Студенттерді отансүйгіштікке, патриотизм мен адамгершілікке тәрбиелеу.

3) Семинар жоспары:

1. Саяси жүйе және саяси процесс;

2. Саяси әлеуметтену;

3. Саяси өмірге қатысуға әлеуметтік талдау;

4. Топтар және саяси процесс;

5. Саяси өмірдің механизмдері.

Блиц- тест

1. Алғашқы қауымдық, құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік қоғамдық-экономикалық формацияларды іріктеген кім?

А) Зиммель

В) Спенсер

С) Паретто

D) Маркс

Е) Конт

2. Қоғам дамуының қозғаушы күші таптар болып табылады деген пікірдің иесі:

А) Конт

В) Дюркгейм

С) Маркс

D) Спенсер

Е) Вебер

3. Қоғамның маңызды әлеуметтік институттарына отбасы, дін, саяси жүйе экономикалық институттарды жатқызған ғалым:

А) Мэйо

В) Сорокин

С) Мертон

D) Спенсер

Е) Конт

4. Элита дегеніміз:

А) орта топтық төменгі қабаты

В) орта топ өкілдері

С) қоғамдағы ең таңдаулы, сұрыпталған адамдар

D) қоғамдағы ең төменгі адамдар

Е)төменгі топ

5."Орташа деңгейлер" теориясы ұғымын енгізуші:

А) Парето

В) Конт

С) Мертон

D) Парсонс

Е) Фромм

6.У.Томас және Ф.Знанецкий өкілдері:

А) өндірістік әлеуметтанудың

В) позитивизмнің

С) эмпирикалық әлеуметтанудың

D) органикалық мектептің

Е) әлеуметтік айырбас әлеуметтану

7.Әлеуметтанудың классикалық кезеңінің өкілдері:

А) Вебер, Дюркгейм

В)Мертон, Парсонс

С) Конт, Спенсер

D) Томас, Знанецкий

Е) Мид, Кули

8.Теңсіздік әлеуметтік дамудың басты негізі деп есептеген кім?

А) Сорокин

В) Вебер

С) Парсонс

D) Конт

Е) Спенсер

9.Адамдардың әлеуметтік жіктерге, қабаттарға бөлінуін көрсететін термин:

А) әлеуметтік шындық

В) әлеуметтік институттар

С) әлеуметтік стратификация

D) әлеуметтік мобильділік

Е) әлеуметтік топ

10.Билеуші пікірді қабылдаған, жеке тұлғалық мазмұннан айрылған немқұрайлық (пассивті) дегеніміз:

А) ритуализм

В) білік

С) конформизм

D) инновация

Е) догматизм

5) Бақылау сұрақтары

1. Саяси жүйе және әлеуметтік-саяси процесс ұғымдарын талдаңыз.

2. Саяси әлеуметтену және саяси өмірге араласудың әлеуметтанулық талдамасын жасаңыз.

3. Қоғамның саяси құрылымының қоғам дамуымен және оның тұрақтылығымен өзара байланысы.

4. «Саяси процесс» ұғымына түсінік беріңіз.

5. «Саяси әлеуметтену» ұғымына сипаттама беріңіз.

6. Саяси процесс пен қоғамның әлеуметтік өмірінің өзара байланысы неден көрінеді?

7. Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның саяси мәдениетін қалыптастыруды қалай жүзеге асыруға болады?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: