Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.Девиант ұғымының мазмұнын анықтаңыз.

2.Делинквентті мінез-құлық дегенді қалай түсінесіз?

3.Аномия және девиацияның қоғамда туындау себептерін талдаңыз.

4.Аномияның жеке адамға тигізер әсерін дәлелді түрде тұжырымдаңыз.

5.Мемлекеттің басты капиталы адам деген тұжырымның мазмұнын ашып көрсетіңіз.

6.Қазіргі адамның ашуланшақ болуының әлеуметтік себептерін түсіндіре аласыз ба?

7. Фортуна өте мейірбан адамдардан гөрі, не болса сол болсын деп батыл кірісетін адамдарды сүйеді. (Э. Роттердамский).

8. Адам – көп түрлі өзгеретін табиғаты бар жануар. (Пико делла Мирандолла)

9.Қандай қиындық болса да өмірден бас тартпа. (М. Монтень)

10.Тұлғаның қоғамдағы бейімделу үлгілерінің мағыналарын анықтаңыз:

бейімделу үлгілері Қоғам мақсатына деген көзқарасы Жетістік нормаларына жетуі
Конформизм    
Инновация    
Ритуализм    
Эскейпизм    
Бүлік    

Глоссарий

п\п Әлеуметтанулық ұғымдар Анықтамасы
  Делинквентті мінез- құлық қоғамдық заңдарды бұзушылық.
  Деградация адамгершілік қасиеттердің әлсіреуі немесе жоғалуы.
  Делинквентті әлеуметтану ғылымында салдары қылмыстық жазалауды туындататын іс – әрекетті сипаттайтын ұғым.
  Деиндивидуалдылық индивидтің азаматтық мәнін жоғалту процесі.
  Депривация индивидтердің қалыпты өмір сүруіне қажеті жағдайдың болмауы.
  Девиант қоғамда қабылданған нормадан ауытқыған кез – келген индивид.
  Ретритизм қоғамдағы мәдени нормалар мен құндылықтардан, шынайы өмірден бас тартып,ішкі өзіндік әлемінде индивидтің өмір сүруі.
  Ритуализм өзіндік мақсатына жетуге жағдай жасайтын кез-келген ортаға бейімделу түрі.
  Инновация Р.Мертонның теориясы бойынша, қоғамның мақсатымен келісіп, оған жетудің жолдарын қолдамайтын ауытқушылық әсері.
  Конформизм билеуші пікірді, дәстүрді, принциптерді пассивті түрде қабылдау.

8) Мәнжазбалар тақырыптары

1. Р. Мертонның қоғамдағы ауытқушылықтар туралы көзқарастары.

2. Девиантты қазіргі қоғамдағы жиі кездесетін ауытқушылық түрлері.

3. Дюркгеймнің девиация туралы түсіндірмелері.

4. Девиантты іс – әрекет.

5. Девиантты іс – әрекетті зерттеген ғылыми бағыттар.

6. Әлеуметтік нормалардың қызметтері.

7. Деликвентті индивидтің іс-әрекеті.

8. Қазіргі қоғамдағы маскүнемдіктің адамға тигізер зияны.

9. Өз-өзіне қол жұмсау мен нашақорлықтың қоғам үшін қауіптілігі.

9) Әдебиеттер

1. Әбсәттаров Р. Әлеуметтану: Оқу құралы / Р. Әбсәттаров. - 2 бас. толықт. - [б. м.]: Карасай, 2007. - 384 б.

2. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: Оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. - [б. м.]: Қарасай, 2006. - 364 б.

3. Әженов М.С. Ғылым социологиясы: оқу құралы / М. С. Әженов. - [б. м.]: Қазақ университеті, 2009. - 142 бет.

4. Әлеуметтану / орысшадан қазақшаға аударған Б. С. Шәпиев. - [б. м.], 1995. - 163 б.

5. Бәкір Ә. Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеументтік көзқарастары: оқу құралы / Ә. Бәкір. - [б. м.]: Сарыарқа, 2008. - 155 бет.

6. Габдуллина К. Құқық социологиясы: Оқулық / К. Габдуллина. - [б. м.], 2004. - 208 б.

7. Иватова Л. М. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат: Оқу құралы / Л. М. Иатова, Ш. А. Кұрманбаева, С. Т. Мейірманов. - [б. м.]: Қарасай, 2006. - 172 б.

8. Қалдыбаева Т.Ж. Әлеуметтану: оқу құралы / Т. Ж. Қалдыбаева. - [б. м.]: ШКМТУ, 2006. - 100 тг.

9. Қалдыбаева Т. Бәсекеге қабілетті Қазақстан республикасы тұрғысындағы ХХІ ғасыр мұғалімі: Теория, методологи, эмпирика және праксеология. Социологиялық талдау және тұжырымдама / Т. Қалдыбаева. - [б. м.]: ШКМТУ, 2008. - 242 с.

10. Орынбекова Д.С. Социология: оқу құралы / Д. С. Орынбекова. - [б. м.]: АЭЖБИ, 2002. - 82 бет.

1) №8 Сабақ

Тақырып Білім беру әлеуметтануы

2) Сабақ мақсаты Білім беру жүйесі туралы студенттердің дүниетанымдарын байыту. Олардың құндылықтарын анықтау. Білім беру институттарының қажеттілігін, даму себептерін, қызметтерін талдау. Білім берудегі жаңа технологияларды зерттеп, оқып – үйрену. Білім берудің түрлі типтері мен формаларын білуге үйрету және білім берудің жеке тұлғаның әлееуметтенуіндегі рөліне талдау жасау.

3) Семинар жоспары:

1. Білім берудегі концепциялар;

2. Білім беру әлеуметтік құрылым ретінде;

3. Білім беру процесінің сатылары;

4. Бұқаралық және элитарлық білім беру;

5. Техникалық және гуманитарлық білім беру.

Блиц тест

1. Пәні ұлттық сана мен этникалық тәрбие болатын әлеуметтанудың бөлімі... деп аталады.

А) жастар әлеуметтануы

В) этноәлеуметтану

С) дін әлеуметтануы

D) жеке адам әлеуметтануы

Е) ғылым әлеуметтануы

2.Бюрократияны әлеуметтік өмірді рационализациялауға әкеледі деп есептеген:

А) А.Тойнби

В) Ф.Теннис

С) М.Вебер

D) С.Липсет

Е) О.Конт

3.Білім институтының қоғамдық нормалар мен құқықтарын түсінуге үйрету функциясын қалай атаймыз?

А) мамандар дайындау

В) кадрларды жетілдіру

С) тәрбиелеу

D) әлеуметтік бақылау

Е) білімін жоғарылату.

4.Мәдениет дегеніміз:

А) қарым-қатынас

В) ішкі саясат

С) өзара әңгімелесу

D) салт – дәстүрлердің әлеуметтік нормалардың, тәртіптердің жиынтығы

Е) мемлекеттің сыртқы саясаты

5. "Айналадағы мен" теориясын қалыптастырушы:

А) Г.Маркузе В)Ч.Кули С) Г.Тард D) Д.Мид Е) Э.Дюркгейм

6."Түсінетін әлеуметтануды" қалыптастырушы:

А) Г.Тард

В) Д.Мид

С) М.Вебер

D) Г.Спенсер

Е) З.Фрейд

7.Аты аталған ғалымдардың қайсысы капитализмнің дамуына протестантизмнің позитивтік ықпалын көрсетті:

А) Дюркгейм

В) Маркс

С) Вебер

D) Спенсер

Е) Конт

8.Бүкіл бар әлеуметтік қажеттілікті және қызығушылықтарды қанағаттандыруға бағытталған нормалар жүйесі бұл әлеуметтік:

А) әлеуметтік

В) тексеру

С) институт

D) прогресс

Е) процесс

9.Этноәлеуметтанудың пәні:

А) ұлттық азшылдардың іс әрекеті

В) ұлттық мейрамдар

С) ұлттық сана сезім мен этникалық іс әрекет

D) этникалық ерекшелік пен ұлттық дәстүрлер

Е) ұлттық топ, басшылардың қоғамдық қайраткерлігі

10.Адамның мәні қоғамдық қатынастардың жиынтығы деген кім?

А) Фромм

В) Фрейд

С) Конт

D) Сорокин

Е) Маркс

5) Бақылау сұрақтары

1.Өмірде адам мен білім жүйесіне қандай талаптар қойылады?

2.Білім беруді әлеуметтік білім берудің құралы ретінде анықтаңыз.

3.Қоғам үшін гуманитарлық білім берудің мәні мен маңызы қандай?

4. Білім беру әлеуметтануы, оның мақсаттары мен міндеттері.

5. Білім берудің түрлі тұжырымдамаларға талдау жасаңыз.

6. Білім әлеуметтануының анықтамаларын атаңыз.

7. Білім сапасын зерттеудің социологиялық әдіс-тәсілдерге шолу жасаңыз.

8. Білім берудің социологиялық жолдарын анықтаңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: