Псевдобульбарлы синдром

Радикулопатия немесе нейропатия кезінде жұлын түбіршектерінің функциясын қалпына келтіру үшін микроциркуляцияны жақсарту қажет (трентал, реополигюкин).

Салдар орталық және перифериялық болуы мүмкiн. Орталық қимылдатқыш нейрон мен перифериялық нейрон арасындағы байланыс бұзылса орталық сал байқалады. Орталық салдарға тән белгілер: бұлшық еттердiң тонусының күшейюi (гипертония), сiңiр және периостальдық рефлекстердiң жоғарылауы (гиперрефлексия), Бабинский және Россолимо сияқты патологиялық рефлекстердiң пайда болуы, мүшенiң семуі. Перифериялық қимылдатқыш нейрон мен бұлшық еттiң арасындағы байланыс бұзылған кезде перифериялық сал пайда болады. Перифериялық салдарға керiсiнше сiңiр және периостальдық рефлекстердiң төмендеуi (гипо- немесе арефлексия), бұлшық еттердiң әлсiреуi (гипотония немесе атония), бұлшық еттердiң семуі (атрофия) тән. Сонымен қатар сал болған бұлшық ет пен жүйке бұзылыстарында қалпына келмейтін реакция деп аталатын электрлік қоздырудағы өзгерістер дамиды. Электрлік қозудың өзгеріс тереңдігі перифериялық салдың ауырлығын білуге көмектеседі. Рефлекстердің жоғалуы мен атония рефлекторлық доғаның үзілісімен түсіндіріледі. Мұндай үзіліс бұлшық ет тонусының жоғалуына әкеледі. Осы себептен қалыпты рефлекс жоғалады. Бұлшық ет атрофиясы немесе тез арада кішірейіп, семуі бұлшық еттің жұлын нейронымен байланысы үзілгенде көрінеді. Осы нейрондардан перифериялық жүйке мен бұлшық етке импульстар барады, олар бұлшық ет тініндегі қалыпты зат алмасуды реттейді. Перифериялық сал ауруы кезінде атрофияланған бұлшық етте жүйке талшықтары мен бұлшық ет талшығы шоғында тез жиырылу түріндегі фибриллярлы дірілдеу байқалады. Олар перифериялық қозғалтқыш нейрон жасушаларындағы созылмалы үдемелі патологиялық процесте байқалады. Перифериялық жүйке бұзылуы сол жүйкемен жүйкелендірілетін бұлшықеттің перифериялық сал ауруына әкеледі. Сол аймақта сезімталдық және вегетативті бұзылыстар болады,өйткені перифериялық жүйке аралас болып, оның құрамында қозғалтқыш және сезімтал талшықтар өтеді.Алдыңғы түбірлердің бұзылуы нәтижесінде сол түбірмен жүйкеленетін бұлшық еттің перифериялық сал ауруы туындайды. Жұлынның алдыңғы мүйізшелерінің бұзылуы сәйкес сегменттегі бұлшықетте перифериялық сал ауруын тудырады. Мойын аймағындағы жұлынның алдыңғы мүйізшелері бұзылысында қолдың перифериялық сал ауруы туындайды. Бел аймағындағы жұлынның алдыңғы мүйізшелері бұзылысы аяқтың перифериялық сал ауруын тудырады. Егер мойын немесе бел аймақтарында жұлынның екі жақты зақымдануы орын алса, онда жоғары немесе төменгі параплегия пайда болады.Аяқтың перифериялық сал ауруына мысал: полиомиелит ауруындағы жұқпалы вирустың жүйкеге әсері. Полиомиелит кезінде аяқ, қол, тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы байқалады. Жұлынның кеуде және мойын сегменттері бұзылысында диафрагма және қабырғааралық бұлшықеттің перифериялық салдануы тыныс алу өзгерісіне әкеледі. Жұлынның жоғарғы бөлімдерінің зақымдалуы қолдың перифериялық сал ауруына, ал төменгілерінің зақымдануы аяқтың сал ауруына әкеледі

Сезімталдық түрлері

Сезімталдықтың зақымдалу түрлері:

Сезімталдықтың зақымдалу түрлері: Парестезия — денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу сезімінің пайда болуы. Анестезия – Сезімталдықтың жоқтығы.
Гипестезия – Сезімталдықтың төмендеуі. Гиперестезия – берілетін тітіркенгіш өте қатты сезіледі.

Сенсорлы афазия сол жақ самай бөлігінің (жоғарғы самай иірімінің ортаңғы және артқы бөлігінде – Вернике зонасы) зақымдалуы кезінде дамиды.Амнестикалық афазия – төбе мен самай бөлігінің төменгі және артқы бөліктері зақымдалған кезде дамиды және науқастың заттардың атын ұмытуымен сипатталады.Семантикалық афазия темпералис аймағының – ми қыртысының сол жақты жартышарының шүйде-төбе бөліктерінің зақымдалуының салдарынан пайда болады.Құрылысы жай сөйлемдерді қолданалады, жай құрылған тілді түсінеді, бірақ сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қиындатқан кезде науқас оны түсінбейді, абыржиды.

Серозды менингиттер: туберкулезді және сифилистік менингиттер.Туберкулезді менингит - бактериалдық серозды менингиттердің ішіңде ең жиі кездесетіні - ұзақ созылмалы түрде өтеді. Ол өкпе, бронх бездері, бүйрек немесе сүйектер мен буындар туберкулезінің кең жайылмалы (генерализацияланған) кезеңінде пайда болады. Туберкулездік менингиттің қоздырғышы- Кох таяқшасы. Ми қабықтарында серозды-фиброздық экссудат жиналып, миллиарлық туберкулдер бөртеді. Әдетте туберкулездік менингит энцефалитпен және бас сүйек-ми нервтері зақымдануымен қосарланады. Көбінесе патологиялық үрдіс облитерацияланған эндоартерит тәрізді ми қан тамырларын қамтиды. Ол тор қабық асты кеңістігіне қан құйылу мен мидың ошақты босаңсуына себеп болады. Туберкулездік менингитпен көбінесе 1 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Сырқаттану көктемде жиі болады. Клиникасы. Ауру әдетте біртіндеп басталады. Ауру алды кезеңі 1-2 күнге созылады. Туберкулездік менингиттің толық көрінісі әртүрлі деңгейде білінетін менингеалдық синдром мен бас сүйек-ми нервтерінің зақымдану симптомдарымен сипатталады. Әсіресе көз қозғағыш нерв жиі зақымданады: мидриаз, қитарлану, қосарланып көру, анизокория. Ми-жұлын сұйықтығында өзгерістер: қысымы көтеріледі, түссіз, мөлдір немесе аздап лай тәріздес болады, лимфоцитарлық клеткалар көбейеді. 12-24 сағат салқын қараңғы бөлмеде сақтаған сұйықтықта нәзік фибринді қабыршақ пайда болады. Бактериоскопиялық зерттеу нәтижесінде сырқаттардың ликворында Кох таяқшасы анықталады. Диагностикасы: ми-жұлын сұйықтығын зерттеу, бактериоскопиялық, бактериологиялық зерттеулер.

Симптомы поражения. При одностороннем поражении добавочного нерва голова отклонена в пораженную сторону. Поворот головы в здоровую сторону резко ограничен, поднимание плеч (пожимание плечами) затруднено. Кроме того, наблюдается атрофия грудинно-ключично-сосцевидной и трапециевидной мышц. При двустороннем поражении добавочного нерва голова отклонена назад, при этом поворот головы вправо или влево невозможен. Одностороннее надъядерное поражение клинически, как правило, не проявляется из-за двусторонних кортико-нуклеарных связей. В случае раздражения XI пары возникает тоническая судорога мышц, иннервируемых этим нервом. Развивается спастическая кривошея: голова повернута в сторону пораженной мышцы. При двусторонней клонической судороге грудинноключично-сосцевидной мышцы появляется гиперкинез с кивательными движениями головы.

Симтоматикалық ем дегидратациялық (күкірт қышқылыды магний, новурит, лазикс, фуросемид, маннитол) және дезинтоксикациялық емдік шараларды қолдануға негізделген.

Сирингомиелия емі,профилактикасы: Емдеу шаралары патологиялық үрдісті тұрақтандыруға бағытталады. Қазіргі заманда негізгі патологиялық үрдіске әсер ету үшін рентген және радионуклидтік терапия, ал кисталар анықталса — ламинэктомия (П.П. Пусеппше кистаны босату) және Арнольд-Киари мальформациясы қабатгаса — бас сүйектің артқы шұңқырын жаншылудан босату (декомпрессия) мен С,—С2 ламинэктомиясы, мидың қатты қабығы мен кистаны жару қолданылады. Киста жұлынның кеуде бөлігінде орналасса, тікелей қосу (щунттайтын) операциясы жасалады — шунттың бір ұшы киста қуысына қондырылады да, екіншісі плевралдық қуысқа енгізіледі. Сонымен қатар патологиялық үрдістің үдеуін тоқтату мен қайталану механизмінің негізін жою мақсатында қалыптастыру (коррекциялық) емдік шараларын қолдану керек.Сәулемен емдеудің табыстылығы аурудың даму кезеңі мен сәулемен емдеу әдісін дұрыс таңдауға байланысты. Сәулелендіру жұлынның 6—7 сегментін, сирингобульбияны емдегенде — жүйке аймағын қамтиды. Әр сәулелену өрісіне 600—800 рентген тағайындалады. Барлығы 5—6 дүркіндік ем қолданылады. Екінші дүркінді 3—6 айдан, үшінші дүркінді 6—8 айдан, ал келесі дүркіндерді 1—1,5 жылдан кейін жүргізген жөн. Емдеу нәтижесі ауырсынулардың, парестезиялардың, сезімділік, қимыл, вегетативті-трофикалық бұзылымдар қарқынын азаюымен білінеді. Мұндайда неврологиялық көріністер толық жойылмайды. Көбінесе бас ауыруы, лоқсу, анорексия, жүрек тұсының ауыруы және лейкопения түрінде білінетін рентгенотерапияның жағымсыз әсерлері болуы мүмкін. Сондықтан сәулемен емдеген кезде амин қышқылы препараттарын, белок гидрализаттарын, В6 витаминін, унитиол, купренил, ангиопротекторлар және басқа вазоактивті препараттар тағайындау керек.Гомеостазды реттеу үшін дәрі-дәрмектердің орнына рефлексотерапияны (10 сеанс электропунктура немесе акупунктура, немесе аурикулотерапия) пайдалануға болады.Родон ванналарьш пайдалану да тиімді. Радиотерапияның бір реттік үйлесімді дозасы — 182 нки/л, ұзақтығы 36—37°жылылықта 15 минут (бір дүркінге 12 сеанс). Тітіркендіру терапиясын дәрі-дәрмектермен (прозерин, дибазол, В, витамині, стрихнин, дуплекс, т.б.) қабаттастыра жүргізгенде аса тиімді нәтиже байқалады.Бүгінгі күнде сирингомиелияны емдеуде йод-131, фосфор -32 және алтын-192 пайдаланылатын радионуклидтік терапия арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады. Йод-131 жиі қолданылады. Ол таңертеңгі тағам қабылдағаннан 2 сағаттан кейін 50—100 мкКи (1,85 мБК) мөлшерінде 3 күнде 1 рет тағайындалады. Ересектер үшін дүркіндік дозасы 500—700 мкКи (18,5—20 мБК), балаларға беретін доза ересектерден екі есе кем. 10 айдан асырмай йод-131-мен емдеуді қайталау керек. Барлығы 4—5 дүркіндік ем ұсынылады. Аса тиімді нәтиже аурудың алғашқы кезеңдерінде байқалады. Радионуклидтік терапияның тиімділігі дәрі-дәрмектермен немесе рефлексотерапиямен бірге жүргізгенде арта түседі.Сирингомиелияны емдеуді барынша ерте бастап, емдік шараларды қайталап отыру керек.Профилактикасы: аурудың біріншілік профилактикасы жоқ. Екіншілік профилактикасы күйіктрмен, үсіктерден сақтау, тұрмыстық заттарды қолдау кезнде абай болу.

Сирингомиелия (syringos-қуыс, myelon-жұлын) – жұлынның қалыпты жағдайда бітеліп тұратын орталық өзегі кеңеюінен немесе оған таяу сұр затта қуыстар пайда болуы мен глиялардың ұлғаюынан дамитын созылмалы ауру (жұлындық глиоз немесе глиомотоз).Этиологиясында медуллярлық түтіктің екі жағынан қосылатын тұсындағы жіктің ақауланып бітелмеуінен (дизрафия) пайда болатын жұлынның эмбрионалдық даму кемістігі маңызды роль атқарады. Қарыншалар жүйесінен тор қабық асты кеңістігіне ликвордың таралуына әсер ететін Можанди және Люшка тесіктерінің тарылуы немесе туа бітелуіне байланысты ликвор жолдарының жартылай тығындалуы. Мұндайда әдеттегідей жойылып кетпеген орталық өзектің орнына біртіндеп білте (дренаж) пайда болады да, гидромиелия қалыптасады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: