double arrow

Альтернирлеуші синдром

1

Альтернирлеуші синдром-ми бағаасындағы бас ми нервтерінің бір жақты зақымдалуынан,зақымдалған ошақ жағында геипарез көріністері мен қарама-қарсы жақтан сезімталдықтың немесе қимыл координациясының өткізгіш типте бұзылуы. АС дамуына алып келетін патологиялық жағдайлар көп,оларды 4 үлкен топқа бөледі:қан айналым бұзылысы,қабыну,травмалар және ісіктер.АС ми бағанасында орналасқан ошағына байланысты педункулярлы(ми аяқшасы зақымдалса); понтинді,немесе көпірлік(ми көпірі зақымдалса);бульбарлы (сопақша ми зақвмдалса)деп бөледі.

Альцгеймер ауруы: емі, профилактикасы.Альцгеймер ауруы – бұл бас миының белгісіз этиологиямен шақырылатын нейропаталогиялық белгілерімен көрінетін біріншілік дегенеративті ауру.

Амбулаторлы және стационарлық ем үшін:

Анальгетиктер.

Артық психикалық күш түсуден сақтану

Ауруды емдеудің негізгі мақсаты – ауыру сезімін басу, көпіршік бөрткендердің шығуын тежеу, аурудың неврогендік асқынуларының алдын алу. Осыған байланысты жалпылай және жергілікті емдеу шараларын қарастырады және төмендегі дәрілерді таңдап тағайындайды:

Ашық бас сүйек жарақаты. Жараны мүмкіндігінше хирургиялық жолмен тазалауға бағытталады. Ол езілген тканьдерді, сүйектердің сынығын, бөтен денелерді және қан ұйымаларын алып тастауға мүмкіндік береді. Жараны тазалау мұқият түрде гемостазбен қоса жүргізіледі.

Бас ми ісігі:емі,профилактика. Емі:негізінен хирургиялық əдістерді қолдану арқылы жүзеге асады.Ми бағаны,ми қыртысы асты түйіндері,үшінші қарынша қабырғасы мен сүйелді дене ісіктеріне операция жасау қолайсыз.Емдеу нəтижесі ісіктің жетілу дəрежесіне байланысты.Ең тиімді нəтижеге астроцитома мен есту нервісінің невриномасын хирургиялық əдіспен алып тастағанда қол жетеді.Гипофиздің эозинофильдік аденомасы мен операция жасауға болмайтын ісіктерге немесе оларды жартылай сылып тастағанда рентген сəулесімен емдеу жəне химиотерапия қолданылады.Симптоматикалық ем дегидратациялық (күкірт қышқылды магний,новуритлазикс,фуросемид,маннитол) жəне дезинтоксикациялық емдік шараларды қолдануға негізделген.Профилактикасы:Канцерогенді заттыр өндірілетін орындарды(химиялық өндіріс орындарда жұмыс істемеу).

Бас ми қан айналымының өткінші бұзылыстары -кезінде ми зақымдануының белгілері бірнеше минут, сағат өткен соң тегіс жойылады. Пайда болуына кішігірім қанқұйылулар, аздаған жібу ошақтары, гипертониялық криз әсер етеді. Оларға: транзиторлы ишемиялық шабуыл; гипертониялық церебральды криз; жедел гипертониялық энцефалопатия жатады. ТИШ- тұрақсыз жалпы милық және ошақтық белгілермен көрінетін, 24 сағат ішінде өткінші болып өтетін ми қанайналым бұзылысы. Патогенезінде: тамырдың белгілі бір бөлігінде тромб не эмбол қалыптасады, ол мидың дистальды бөліктеріне қанның жүруіне кедергі жасайды. Соның нәтижесінде мида гипоксия болып, қызметін бұзады. Қан тамырларында қан ағымының кемуіне байланысты ошақтық неврологиялық симптодар болады. Ішкі ұйқы артериясы қанмен қамтитын аймақта болатын өткінші ишемиялық ұстама патологиялық ошаққа қарама-қарсы жақтағы қол не аяқтағы тұрақсыз парез бен сезімділіктің бұзылғандығы арқылы білінеді. Өткінші ишемиялық ұстамаларға: синкопалдық жағдай, бас айналу, тепе-теңдің бұзылу, атаксия, нистагм, фотопсия тән. Ауырлық дәрежесі 3ке бөлінеді: 10мин соң қалпына келетін бұзылыстар; 10 мин бастап,кейде бірнеше сағатқа созылатын, бірақ 24 сағ ішінде қалпына келетін орташа бұзылыстар; жеңіл ошақтық бұзылыстар. Диагностика: реоэнцефалография, ультрадыбыстық доплерография, КТ, МРТ.

Бас ми цистицеркозы, емі, профилактика.Цистицеркоз — орталық жүйке жүйесінде шошқа солитерінің жұмыртқалау инвазиясы. Ағзаға асқазанның сілекейлі қабатынынан енетін паразиттің миграциялануы (онкосфера) порталды венозды жүйенің қан тамырлары және қан айналымы арқылы жүреді. Мидың паразитарлы ауруларының клиникалық белгілері ісік клиникасына ұқсас келеді.Белгілері:Цистицеркоз барысында ұстамалы бас аурулары, жүректің айнуы, құсу, қояншыққа ұқсас ұстамалар болуы мүмкін. Кейде адамның психикасы бұзылады, түрлі елестер кенеттен пайда болып, жоғалады. Ми қалташықтарының цистицеркозы кезінде бастың қысымы қатты көтеріледі. желудочков мозга сопровождается повышением внутричерепного давления.Эхинококкоз барысында бас ауырып, айналады, құсу орын алады. Адамда сал болып қалу, парез, психикалық ауытқу, судоргалар, ұстамалар сынды белгілер пайда болады.Мидың паразитарлы зақымдануы байқалған кезде жұлын сұйығын қоса тексеретін мұқият диагностика жасалуы тиіс.Емдеу әдісіИнтраоперациялық нейромониторинг арқылы мидағы паразитарлы кисталарды микрохирургиялық жолмен алып тастау.

Бас ми эхинококкозы: емі, профилактика.Бас ми эхиноккозы –жиі нервттік жүйені зақымдайтын паразитті ауру. Емі: Жекелеген бір бөліктен тұратын эхинококк қапшықтарына хирургиялық ем қолданған жөн. Көп бөлшекті эхинококкты емдеуде хирургиялық әдіс нәтижесіз болуда. Операциядан кейін асқынулар жиі кездесіп тұрады. Операция жасауға болмайтын жағдайда тональ (пальметин қышқылының эфирі) препараттарымен емдеу ұсынылады. Профилактика: Санитарлы гигиеналық профилактиканы дұрыс ұстану. дала және үй жануарларымен контакт болғанда қолды жақсылап жуу керек. Жуылмаған көкөністерді жеуге болмайды ашық су қоймаларынан су ішуге болмайды.

Бас миының қанмен қамтамасыз етілуі. Әр бассейн қан тамырларының зақымдалуының семиотикасы. Ми қан айналысы екі артериялық жүйе ұйқы және омыртқа артерияларымен қамтамасыз етіледі.Омыртқа артериялары бұғана асты артериясынан басталып, мойын омыртқасыкөлденең өсінділерінің каналына кіреді де бірінші мойын омыртқасы деңгейінде одан шығады. Соңынан үлкен шүйде тесігі арқылы бас сүйек қуысына кіріп, сопақша ми астына орналасады. Сопақша ми мен варолиев көпірі аралығында негізгі артерияның жалпы бұғанасымен қосылады. Әр бір омыртқа артериясынан екі тармақ шығып, төмен қарай жұлынға бағытталады. Олар бірігіп алдыңғы жұлын артериясын құрайды. Сонымен, сопақша ми астында «Захарченко артериялық шеңберінің» ромбысы қалыптасады, оның жоғарғы бұрышы негізгі артерияның, ал төменгісі алдыңғы жұлын артериясының басталған тұсы. Ішке ұйқы артериясы жалпы ұйқы артериясының тармағы, ол сол жақта тікелей аортадан, ал оң жақта оң бұғана артериясынан шығады. Аталмыш артерия бас сүйек қуысына үлкен шүйде тесігі арқылы кіріп, одан түрік ершігінің және көру нервтері қиылысының екі жағынан шығады. Ішкі ұйқы артериясының тікелей жалғасы орталық ми артериясы мидың төбе, маңдай және самай бөліктерінің арасында сильвиева қыртысы бойымен жүреді. Ішкі ұйқы артериясы ми астында алға қарай тік бұрыш жасап, алдыңғы ми артериясына ұласады. Екі алдыңғы ми артериясы алдыңғы біріктіруші артериясына ұласады. Екі алдыңғы ми артериясы алдыңғы біріктіруші артерия аралық анастамоз жасайды. Екі артериялық жүйенің байланысы Виллизева артериялық шеңбері арқылы іске асады.

Бас сақинасы: емі,профилактикасы Бас сақинасын емдеу бас ауыру ұстамаларын басу мен алдын алуга бағытталған. Патогенездік дәрі-дәрмектердің бірден-бірі ретінде, ауырсыну импульстерін тоқтатып, простогландиндер пайда болуын тежейтін, сонымен қатар серотонин мен гистаминге және кининге қарсы әсері бар ацетилсалицил қышқылын қолданған жөн. Ацетилсалицил қышқылы мен оның туындыларының микроциркуляцияны реттейтін актиагреганттық әсері дс маңызды роль атқарады.

Бас сақинасы: этиология, патогенез, клиника, диагностика. Бас сақинасы (мигрень) – бас ауруының жиі кездесетін түрлерінің бірі. Ауру әйелдерде басым байқалады. Бас сақинасына бейімділік аутосомды доминанттық түрде тұқым қуалап, аналар жағынан ұрпақтан ұрпаққа таралады. Оның негізгі клиникалық көрінісі – кенеттен басталатын бас ауруы, көбінесе жарты шеке ауырады (гемикрания). Ауру пубертаттық кезеңде немесе өмірінің үшінші он жылдығында басымырақ білінеді. Бас сақинасы ұстамаларының пайда болуына психоэмоционалдық және ауыр дене еңбегімен зорығулар, мезгілінде тамақтанбау, ішімдік қабылдау, шылым шегу, транспортта ұзақ болу, иістер, ауа райының өзгеруі, аллергияға бейімділерде аллергиялық реакциялардың асқынуы және тб әсер етеді. Бас сақинасы патогенезінде ми мен ми қабықтарында пайда болатын нейрохимиялық өзгерістерде региональдық вегетативті қан тамырлық реакция маңызды роль атқарады. Ұстама алдында тромбоциттерден серотонин, толық клеткалардан гистамин мен протеолиттік ферменттер бөлініп шығады. Клиникасы: бас ауруының бір жақтан білінуі, солқылдата ауруы, аурудың белсенділігін төмендететін және бір қалыпты дене еңбегімен айналысқанда, жүргенде асқынатын ауырсыну; лоқсу, құсу, жарық пен дыбысты жақтырмау; ұстаманың 4-72 сағатқа созылуы. Классикалық (кәдімгі, офтальмиялық) бас сақинасы бас ауруы ұстамаларымен сипатталады. Олардың алдында әдетте міндетті түрде көру бұзылымдарымен (фотопсиялар, өткінші, көбінесе көзі жыпылықтататын гемианопсиялық скотома) білінетін аурк кезеңі байқалады. Ұзақтығы 30-4 мин үдемелі бас ауруы пайда болады. Бастың ауруы күшейген кезде науқас жиі құсады. Құсқаннан кейін бас ауруы біртідеп басылады. Ұстама 2-6 сағатқа созылады. Жүктілік кезінде ұстамалар жиі болады. Атипиялық (жай, жабайы) бас сақинасының аурасы ұстама алдында байқалатын психоэмоционалдық бұзылыстар (депрессия, масаттану) мен әр түрлі вегетативтік реакциялар (ашығу, шөлдеу, есінеу, лоқсу, тоңғақтық) түрінде білінуі мүмкін. Науқастар жарық жақтрмайды, мұрны бітіп қала береді, жалпы гиперестезия байқалады, дене қызуы көтеріледі. Ұстама 16-18 сағатқа кейде одан ұзаққа созылуы мүмкін. Құсқаннан кейін ұстама басылады. Науқастардың ұйқысы келіп, ұйықтап қалады. Ұйқыдан оянғанда өздеріні әлсіз сезінеді. Жүктілік кезінде бұл түрдегі ұстамалар тыйылады. Бас сақинасының қайсысы болмасын әдетте созылмалы түрде өтеді. Оның клиникалық көрінісі науқастың тұрмыс жағдайы мен гормондық балансына тікелей байланысты оқтын-оқтын қайталануымен ерекшеленеді. Диагностикасы: анамнез жинау.

Бас сүйек ми жарақаты: емі, профилактикасы. Жабық бас сүйек жарақаты.Шұғыл кезеңдік жеңіл дәрежелі жабық бас сүйек –ми жарақатында 1-3 апта, ал дәрежелі ми жарақатында одан да ұзақ уақыт боый толық тыныштықпен қатар, мына төмендегі емдік шаралар жүзеге асырылуы керек: Тыныс алудың бұзылуымен күрес (ауыз қуысын, көмейді және кеңірдекті шырыштан тазарту, тіл ұстағышты пайдалану, карбогенмен дем алдыру, бұлшық етке 1%-дық 1,0мл лобелин немесе 1мл цитозон жіберу) және қажет болса, интубация немесе трахеостомия жасап, жасанды дем алдыруға көшіру; Жүрек қызметі бұзылуымен күрес (күніне 1-2рет тері астына 1мл кордиамин, 1%-дық 1,0мл мезатон) Шокқа қарсы емдік шаралар (қан, плазма, қанды алмастырғыштар құю, венаға глюказа, 025%-дық 10,0мл новокаин, новокайындық тежеу, 2%-дық 1,0л промедол жіберу); Құрыспалы ұстамаларға қарсы дәрі-дәрмектер қолдану (бұлшық етке 5%-дық 10,0мл тиопентал натрий, венаға 10%-дық 10,0мл бромды натрий, бұлшық етке 10%-дық 10,0мл гексенал, хлоргидратты клизма, люминол 0,1гр-нан тәулігіне 3 рет)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  


1

Сейчас читают про: