Тістердегі тісжегі теориясы 3 страница

Тарау

ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Тіс қатты тағамды тістеуге, майдалауға, шайнауға арналған ең қатты орган болып келеді. Адамда 4 топ тістерді ажыратады: күрек тістер,сүйір тістер, кіші азу тістер, үлкен азу тістер тобы.Адамның тұрақты тістемінде 32 тіс болады: 8 күрек тіс, 4 сүйір тіс, 8 кіші азу тіс, 12 үлкен азу тіс. Үшінші үлкен азу тіс кейбір жағдайда толық шықпауы немесе болмауы мүмкін.

Ауыз қуысындағы тістің бір бөлігі – тіс сауыты деп аталса, ал жақ сүйекте орналасқан бір бөлігі - тіс түбірі деп аталады. Содан басқа сауыт және түбір шекарасындағы асуытты жауып тұрған кіреукенің түбір цементіне ауысатын аздап қысыңқы келген аймақты тіс мойыны деп атайды. Тістің қатты тіндеріндегі өзгерістерді дұрыс сипаттау үшін тіс сауыт бөлігін және түбірді үш бөлікке бөлген дұрыс. Тістерде келесі беттерді ажыратады:

окклюзиялық - тістің қарама –қарсы жаққа қараған түйісу беті. Үлкен азу тістерде бұл окклюзиялық үстірт болса, күрек тістерде –бұл кесу қыры болып табылады;

вестибулярлық – алдыңғы тістерде ерінмен жанасқан үстірт еріндік, ал артқы тістерде ұртқа қараған беті –ұрттық деп аталады;

оральды – тістің ауыз қуысына қараған беті. Астыңғы жақтағы тістерде –тілдік, ал үстіңгі жақ тістерде –таңдайлық деп аталады;

жанасу — тістердің көрші тістерге қараған беті. Бұндай беттер екеу:

медиальді (алдыңғы) және дистальді (артқы).

Тісті пломбылау, реставрациялау, эндодонттық ем жүргізу кезінде тіске сипат беретін негізгі белгілерді еске ала отырып жұмыс істеу керек. Ол белгілер: түбір белгісі, сауыт бұрышы белгісі және сауыт дөңестік белгісі.

Түбір белгісі: түбірдің бой осі тіс сауытының ось сызығынан қарағанда дистальді жаққа қарай ауытқуы.

Сауыт бұрышы белгісі: тістің окклюзиялық сызық шеті медиальді бетке өту барысында дистальді бетке қарағанда ең аз бұрыш жасайды. Мұндай құбылыс астыңғы жақ ортаңғы күрек тістерден басқа тістерде ережеге сәйкес дистальді бағытта окклюзиялық беткейі азаяды, немесе окклюзиялық беткей алдыңғыартқы бағытта жазықтау боып келеді.

Сауыттың дөңестік белгісі: барлық тістердің ерін және ұрт беттерінің алдыңғы жақ бөлігі (медиальды) бүйір немесе артқы жақ бөлігіне қарағанда дөңестеу болады және көбіне алдыңғы жақ бетіне тіктеу бұрыш жасай, ал артқы жақ бетіне доғалдау бұрыш жасап ауысады. Сыртқы пішіні тіс сауытының вестибуло-оральді және медиодистальді (алдыңғыартқы) беткейлерден құралған. Бұл беткейлер аздап дөңестеу және бірінен біріне өтіп отырады. Сызықтың ең көп дөңестігі экватор деп аталады және шайнау үрдісі кезінде пародонт тінінің бүтіндігін қамтамасыз етеді. Күрек және сүйір тістерде экватор сауыттың вестибулярлы және тілдік жағынан мойын бөлігінің аймағынан өтеді.

Бұл тістердің жанасу беттерінде экватор сызығы ұшы тіс сауытының үштен бір бөлігінде орналасқан доға жасайды. (жанаспалы аймақтық нүкте). Үлкен және кіші азу тістерде экватор сызығы вестибулярлы жағынан сауыттың үштен бір мойын бөлігінен, ал оральді беткейінде сауыттың ортаңғы үштен бір бөлігінде орналасады. Үлкен және кіші азу тістердің медиальді жанасу беткейлерінде экватор сызығы тіс сауытының ортаңғы және окклюзиялық үштен бір бөлігіндегі аймақта орналасқан. Дистальді беткейінде экватор сызығы тек бірінші кіші азу тістен басқасында тіс сауытының ортаңғы бөлігінде мойын бөлігіне жақын орналасқан.

Физиологиялық жағдайда тіс сауытының сыртқы дұрыс пішіні пародонттың маргинальді бөлігін физиологиялық ынталандырумен қамтамасыз ету арқылы пародонт тінінің бүтіндігін сақтап отырады. Егер пломбылау, реставрациялау, жасанды сауыт жасау үрдісі кезінде сауыттың сыртқы пішіні артық жасалса, шайнау үрдісі кезінде пародонтқа шеттік физиологиялық әсер ету болмағандықтан тіс қақтарының пайда болуына жағдай туындайды, қабыну және өзіндік тазалану үрдісінің төмендеуі салдарынан тісжегі дақтары пайда болады.

Экваторға артық пішін беру жанасу нүктесінің дұрыс қалыптаспауына және амбразур кескінінің өзгеруіне әсер етеді. Міне сондықтан осы жағдайда тіс қақтарының жиналуына жағдай туғызылып, гигиеналық шараларды жүргізу қиындайды.

Егер толық бұзылған тіс сауытын қалпына келтіру барысында сауыттың сыртқы пішіні толықтай пішінделмесе, онда пародонттың маргинальді бөлігінің соның ішінде эпителиальді байламның шайнау кезінде жарақаттануы мүмкін.

Бұдан басқа тіске толық пішін бермеу тіс үйлесімінің амбразурасының бұзылуына, жанасу нүктесінің болмауына алып келеді.

Екі көрші тістердің тістер доғасында экваторының түйісу аймағы жанасу нүктесі деп аталады. (1.1сурет).

1.1. Сурет Жанасу нүктелерінің орналасуы: а — үстіңгі жақтың окклюзиялық проекциясы; б — үстіңгі және астыңғы жақтың вестибулооральді проекциясы; в — астыңғы жақтың окклюзиялық проекциясы;

 

Әрбір тіс тіс доғасында көрші тістермен медиальді және дистальді беткейлерімен түйіседі. Түйісу алаңы көптеген дәрежеде адамның жасына байланысты болады.

Тіс жарып шыққаннан кейін тістер арасында нүктелі жанасу пайда болады. Уақыт өте келе тістер тістердің қызмет ету үрдісі барысында тұрақты үйкеліс нәтижесінде және тістегі физиологиялық қозғалыс әсерінен жанасу аймағы тегістеліп алаңға айналады. Жас ұлғаюына байланысты жанасу беткейінің қажалуына қарай тіс доғасының қысқаруы байқалады.

Дұрыс қалыптастырылған және орналасқан жанасу нүктелері даму үрдісі және тісжегімен бұзылған тістерде дұрыс қалыптастырылған жанасу беткейлері ешқандай күмәнсіз тісаралық қызылиек бүртікшелерін сақтай отырып шайнау үрдісі кезінде пародонт тінін қорғауды қамтамасыз етеді. Одан басқа жанасу нүктелері тіс доғасында тістің тұрақты деңгейін сақтап тұрады.

Жанасу нүктелері күрек және сүйір тістерде вестибулярлы-оральді бағытта күрек тіс сауытының үштен бірінде және де дистальді жанасу нүктесі астыңғы жақ ортаңғы күрек тістен басқасында аздап мазиальді төмендеу орналасады. Астыңғы жақ ортаңғы күрек тістерде сауыт бұрышы белгісі толық болмағандықтан жанасу нүктелері бір деңгейде орналасады. Күрек тістерден басқа барлық тістерде жанасу нүктесі окклюзиялық жазықтықта әр түрлі дәрежеде вестибулярлы жаққа қарай жылжығандықтан тіс сауытының ортаңғы үштен бірінде және вестибулярлы аймақта орналасады. Күрек тістерде жанасу нүктесі сауыттың ортасында орналасқан. Алдын алу шараларын тиімді жүргізу барысында жанасу нүктесін қоршаған кеңістіктің функциональдық маңызын және құрылымын есепке ала отырып тісжегі кезінде қуыстарды егеп тазалау және пломбылауды жүргізу керек. Міне осындай кеңістіктерге амбразур жатады. (1.2 сурет).

1.2.Сурет Амбразурлар: 1 — вестибулярлы амбразура; 2 — оральді амбразура; 3 — окклюзиялық амбразура; 4 — тісаралық қызылиектік аралық (қызылиектік амбразура); 5 — жанасу нүктесі; 6 —қызылиектің бүртікшесінің вестибулярля бөлігі;7 — қызылиек бүртікшесінің оральді бөлігі; 8 — қызылиек бүртікшесінің аралық бөлігі

 

Амбразур — бұл тістердің жанасу нүктесін қоршай орналасқан V-тәрізді кескін көлемі жағынан өте күрделі кеңістік. Олар қалай ашылса солай қарай белгіленеді.

Вестибулярлы, оральді, окклюзиялық және қызылиектік амбразуралар боып бөлінеді. Қызылиектік амбразура тісаралық қызылиек аралығында орналасады.

Вестибулярлы амбразурдың шекарасы көрші тістердің сауытының вестибулярлы жанасу еңістігінен басталып жанасу нүктесі аймағында бітеді. Вестибулярлы амбразуразурдың окклюзиялық шекарасы окклюзиялық амбразураға қарай өтіп тіс мойынына (кіреуке дентин шекарасы) қарай бағыт алып тісаралық қызылиек аралығына ауысады. Вестибулярлы амбразура кең және қысқа болып келеді.

Оральді амбразура шекарасы көрші тістер сауытының жанасу еңістігі болып табылады. Бұл шекарада жанасу нүктесі аймағында аяқталады. Оральді амбразураның окклюзиялық шекарасы окклюзиялық амбразураға ақарай өтіп, тіс мойынына кіреуке дентин шекарасы) қарай бағыт алып тісаралық қызылиек аралығына ауысады.Оральді амбразура тар және ұзын болып келеді.

Окклюзиялық амбразура көрші тістердің сыртқы еңістігінің жиектік білігінде орналасады және жанасу нүктесіне дейін жетеді. Вестибулярлы және оральді бағытта олар оральді және вестибулярлы амбразураға ауысады.

Қызылиектік амбразура, немесе тісаралық қызылиектік аралық ұшы жанасу нүктесінде болатын, екі жағы көрші тістердің жанасу беткейінен тұратын, ал негізін тісаралық альвеолярлы қалқанша болатын үшбұрышты кеңістік болып келеді.

Қалыпты жағдайда тісаралық қызылиектік аралық толықтай тісаралық қызылиек бүртікшесімен толықтырылған. Вестибулооральді бағыттағы кесіндіде тісаралық қызылиек бүртікшесі вестибулярлы және оральді бөліктен тұрады және олар жанасу нүктесін қоршап тұрған өзара ертоқымды ұстатқыш сияқты байланысады.

Ертоқымды ұстатқыштың ұзындығы күрек тістер бағытына қарай қысқарады. Тісаралық аралықта қандай да бір әрекет жүргізу кезінде тісаралық қызылиек бүртікшесінің ертоқымды бөлігінің түлемейтін эпителимен жабылғандықтан жарақатқа беріктігінің төмен мекенін ескеру керек. Бұл аймақтың құрылым ерекшелігін тістерді пломбылау кезінде тісаралық матрица және интердентальді сынаны қою кезінде де есепке алып отыру керек.

Жанасу нүктесінен басқа тістер жақтардың жыбылуы кезінде де өз ара жанасады. Үстіңгі және астыңғы жақ тістердің жабылу кезіндегі функциональдық қатынасы окклюзия деп аталады.

Окклюзияның негізгі төрт түрін ажыратады: орталық, алдыңғы, оң және и сол бүйірлік.

Орталық окклюзия кезінде тістердің өзара жанасуы барынша көп болады. м Окклюзия физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық окклюзия патологиялық окклюзияға қарағанда шайнау, эстетиканы және сөйлеу қызметін толыққанды қамтамасыз етеді.

Амбразураларды, жиектік біліктерді, көрші тістердің окклюзиялық беткейлерінің рельефін және төмпешіктерін, қарсы тістердің және пародонтпен түйісетін тіс сауытының өзара қарым –қатынасының дұрыс қалыптастыруын, тістердің шайнау қызметінің толыққанды болуына жағдай жасайды.

Тістерде тісжегінің пайда болуына ықпал етуші әсерлерді нақтылы түсіну үшін тіс тіндерінің дамуына, құрылымына және қасиетіне шолу жасаған дұрыс.

1.2. ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ

Адамда тістердің дамуы шамамен эмбриональді дамудың 6-7 аптасында басталады. Сыртқы ұрықтық жапырақ (эктодерма) кіреукенің және оны жауып тұратын кутикуланың қалыптасуына қызмет етеді. Цемент, дентин және ұлпа—мезенхиманың туындысы болып келеді (эктомезенхима).

Тіс тіндерінің қалыптасуы (одонтогенез) үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тіс ұрықтарының салына бастауы жүреді. Осы кезеңде мезенхима тініне қарай өскен көпқабатты жалпақ эпителий тіс пластинкасын құрайды. Бұл пластинканың кейбір аймақтарында болашақ кіреуке органы сүт тістердің ұрығы қалыптасатын эпителий өсіндісі басталады.

10-шы аптада әрбір болашақ кіреуке органы мезенхимаға қарай өсе бастайды. Осыдан бастап тіс бүртікшесі қалыптасады. Осыдан кейін кіреуке органы ұлғаяды және тіс пластинкасынан бөліне бастайды.

Эмбриональды дамудың 3-ші айының аяғында кіреуке органы кіреуке органының мойыны аталатын жұқа эпителиальді тартпа түріндегі тіс пластинкасымен қосылады.

Кіреуке органы айналасында бір уақытта мезинхима өсіп тіс қапшығы құрылады. Кіреуке органы мойыны тінінен және тіс пластинкасының бос бөліктегі қалған эпителийден тұрақты тістердің ұрығы қалыптасады.

II кезеңді тіс ұрығының дифференцияциясы жүреді. Дифференцияцияаланбаған кіреуке органының жасушалары және тіс бүртікшесі тіс кіреукесінің қалыптасуына жауап беретін энамелобласт-жасушаға трансформацияланады.

Тіс бүртікшесінің жасушаларының дифференциялану үрдісі кезінде дентин түзеуші одонтобласты жасуша преодонтобласттардың түзелуі жүреді.

Осы кезеңде тіс ұрығының пішіні болашақ тіс сауытының бөлігінің түріне сәйкес болады. Бір мезгілде кіреуке органының және тіс бүртікшесінің жасушаларының белсенді дифференциялануымен қатар тіс ұрығын қоршаған тіндерде жақ тінінің сүйегінің қалыптасуы жүреді.

Кіреуке органы мойыны эпителиі осы кезеңде толығымен сорылады және тіс ұрығының тіс пластинкасымен байланысы жойылып жартылай мезенхимаға ауысады.

III кезең, гистогенез — кіреуке, дентин, цемент және ұлпаның дамуы пайда болатын соңғы кезең. (1.3сурет).

Гистогенез кезеңі эмбриональді дамудың 3-ші айының соңында басталып тістер шыққанға дейін созылады. Осы кезеңде дентин одонтобластарының түзелуі басталады. Одонтобластар талшықтары алғашында тіс бүртікшесінің ұшында орналасатын коллаген және органикалық дентин матриксы компоненттерін синтездейді.

Пайда болған одонтобластардың шеттік өскіндері пайда болған коллагенмен жабылып дентин түтікшелерін қалыптастырады. Эмбриональді дамудың 5-ші айында дентиннің органикалық мариксінің минералдануы басталады. Алғашқы дентиннің пайда болуынан кейін кіреуке органының эпителиальді жасушасы есебінен пайда болған кіреуке, тіс бүртікшесі ұшында призматикалық құрылымда көрінеді.

Міне осындай құрылым энамелобластардың дифференциялануының бітуінен пайда болып Томс өсінідлерінің пайда болуымен және эндоплазматикалық торлы түтікшелердің көбейуімен, жасушалардың секреторлы қызметінің артуымен сипатталады.

 

1.3. Сурет. Гистогенез: 1 — ауыз кілегей қабық эпителиі; 2 — энамелобласттар; 3 — тіс кіреукесі; 4 — дентин; 5 —предентин; 6 — одонтобласт қабаты; 7 — тіс ұлпасы; 8 —кіреуке органының ұлпасы; 9 — сыртқы кіреуке органы;

 

Кіреукенің қалыптасу үрдісі екі кезеңде қүреді: алғашында призманың органикалық негізі пайда болады, ал содан кейін кіреукенің жетілуі.

Осы кезеңде энамелобластардың дифференциялануы ары қарай жүреді. Екі типті жасушалар қалыптасады.

I типтегі жасушалар кіреукенің бейорганикалық компоненттерін тасымалдауға қатысады. Бұл жасушалар құрамында кальций байланыстырушы ақуыздардың көп болуы тән.

II типтегі жасушалар кіреукеден органикалық заттарды және суды алып тастауды атқарады. Энамелобластардың қызметінің ең соңғы кезеңі кіреуке кутикулансының пайда болуына қатысуы.

Цементтің дамуы тіс түбірі дентині қалыптасқаннан кейін постнатальдық кезеңнен басталады. Мезенхима жасушаларында пайда болған цементобластар түбір дентині сыртын цемнтпен қоршай бастайды.

1.3. ТІС КІРЕУКЕСІНІҢ, ДЕНТИННІҢ, ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.3.1. КІРЕУКЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Кіреуке-эмаль (enamelum) организмдегі ең қатты тін болып саналады. Оның микроқаттылығы 1 мм2 алаңға 390 кг артық болып келеді. Кіреуке тіс сауытының сыртын қартап тұрады.

Кіреукенің қалыңдығы тіс сауытының әрбір аймағында әртүрлі және оның қалыңдығы кіреуке цемент байламында 0,01мм болса, шайнау беткейінде, төмпешіктерде 3,5мм құрайды.

Кіреукенің химиялық құрамы: су — 3,8%, органикалық заттар —1,2%, бейорганикалық заттар — 95%, соның ішінде кальций — 37%, фосфор — 17% құрайды.

Кіреукенің пайда болуы тіс бүртікшесі ұшында дентиннің пайда болуынан кейін басталады. I кезеңде энамелобласттар (амелобласт) коллаген типтес емес ақуыз — амелогениндерді және энамелиндерді бөледі.

Кіреукенің негізгі ақуызы барлық ақуыздардың 90% құрайтын энамелобласттар бөлетін амелогенин болып келеді.

Бұл ақуыздар гидроксиапатиттер кристалының ұзындыққы, қалыңдыққа, еніне қарай өсуін реттеп отырады деп есептейді. Кіреукеде ақуыздардың қабаттануымен қатар гидроксиапатит кристаллдарының пайда болуы кіреукенің минералдануына әсер етеді.

Бейорганикалық заттардың негізгі түсу көзі энамелобласттар болып табылады. Қайта қалыптасқан кіреуке көптеген органикалық заттардан тұрады. Кіреукенің даму барысында құрамындағы ақуыздар көптеп азая бастайды. Кіреукенің призмалық құрылымы энамелобластарда Томс өсінділерінің пайда болуынан бастап қалыптаса бастайды.. Олар кіреукеде заттың бағыттала қабаттану үрдісін реттейді және оны ары қарай ұйымдастырады. Сонымен қатар призманың қалыптасу кезіне гидроксиапатиттің кристалдарының бағытын реттеп отырады. Орталық бөлімде призма кристалдары ось бойымен орналасса, шет жақтарында ретсіз орналасады және призма осьіне тік бұрышпен бағытталуы мүмкін.Тістердің жарып шығуы барысында энамелобластар жетіледі де кіреуке беті жұқа қабықпен кутикуламен жабылады. Кіреуке призмасының диаметрі 4–6 мкм. Кіреуке призмасының негізі дентинкіреуке байланысында орналасады. Бұл байланыстан призмалар кіреукенің барлық қалыңдығына қарай тарала отырып тістің беткейіне дейін жетеді.

Кіреуке призмасының жолы шамамен тіс сауыты осіне негізінен радиальді орналасқандықтан өте күрделі болып келеді.Призманың ұзындығы S- тәрізді имектік болуына байланысты кіреуке қалыңдығынан аздап көп болады. Призмалардың имектігі нәтижесінде кіреукенің тігінен және көлденең кесінді шлифінде призмалардың әртүрлі оптикалық тығыздығы бар екендігі бірін бірі алмастырып отыратын Гунтер –Шрегер жолақтары деп аталатын ашық және күңгірт аймақтардың әсерінен туындайды.

Кіреукенің тығыздыну үрдісінің ерекшелігі онда Ретциус сызықтарының болуымен сипатталады. Бұл сызықтар тігінен кесінде шлифінде кіреукені қисық бағытта кесіп өтеді, ал көлденең кесінді шлифінде тіс беткейімен параллельді жүретін концентриялық шеңбер түрінде орналасқан.

Ретциус сызығы кіреукенің минералдану үрдісінің біртегістік емес екендігін сипаттайды және энамелобласттардың қызметінің тыныштау кезеңіне сәйкес. Бұл аймақтарда кіреуке аз минералданған. Ретциус сызығы дентинкіреуке шекарасынан басталып кіреукенің барлық қабатын қиғай өтіп кріеуке бетінде бір-бірінен өте терең емес төмпешікпен бөлінген білікпен аяқталады.

Сауыттың беткейін толықтай қоршап тұрған және параллельді қатармен орналасқан біліктер – перикимат деп аталады. Кіреуке призндімаларында оның тәуліктік минералдануын суреттейтін көлденең жолақтар бар. Призмалар көлденең кескінде көп пішінді, сопақша немесе дұрыс емес пішінді болып келеді. Призмалардың доға тәріздес түрі ең көп кездеседі. (1.4сурет).

а

1.4. Сурет. Кіреуке призмалары: а — көлденең кесіндіде доғатәрізді пішінді призма; б — тігінен кесінді;

Бұрын әр призманың айналасында құрамында органикалық материалдар өте көп призмааралық кеңістік деп аталатын қабықша бар деп есептеген.

Замануи зерттеу әдістері, мысалы электронды микроскопты қолдану барысы призмааралық аймақтың призмадан тек қана гидроксиапатиттердің кристалдарының орналасуымен ғана ерекшеленетіні анықталды. Кіреуке кристалдарының ұзындығы орташа 160, ені -40-69, ал қалыңдығы шамамен -1нм. Кіреукеде байланысқан гидратты судан басқа микрокеңістікте орналасқан бос денелі су кездеседі. Осы суды кіреуке сұйығы деп атайды. Болжамдау бойынша гидратты қабат және кіреуке сұйықтығы қоршаған ортамен және кіреуке кристалдары арасында иондық зат алмасуды қамтамасыз етеді. Қағидаға сүйенсек герероиондық зат алмасу да болуы мүмкін. Мысалы, гидросильді ион фтор ионымен алмасады да кіреукенің қышқылға беріктігін арттырады. Кіреукенің 75% дан астам апатиттері гидро-ксиапатит Са10(РО4)6(ОН)2 болып табылады. Фторапатит шамамен 0,7% құрайды. Гидроксиапатиттің құрамында кальций және фтордың молярлы қатынасы 1,67 құрауы, кіреукенің тісжегіге беріктігін қамтамасыз етеді. Бүтін кіреуке шлифінде кіреуке пластинкасы (ламеллалар)және кіреуке шоғырлары анықталады.

Кіреуке пластинксаы дентин-кіреуке байланысынан басталып тіс сауытының беткейіне дейін барады. Олардың ең көп орналасқаны тіс мойыны болып табылады.

Кіреуке шоғырлары дентин-кіреуке байланымын бойлай тек қана кіреукенің ішкі қабатында орналасады. Бұл өсініділер органикалық затқа бай кіреуке аймағы болып келеді.

Органикалық заттар ақуыздардан, липидтерден және көмірсуларынан тұрады. Аминдіқышқылды құрамы бойынша кіреуке ақуыздарын кератин тобына жатқызуға болады.

Дентин-кіреуке байланымы талшықты құрылым түріндегі дентинге және кіреукеге бойлай енген көптеген органикалық заттан тұрады. (1.5 сурет).

Тістің бетінде тіс жарып шыққаннан кейін ауыз қуысы ортасы мен тістің қатты тіндеріне әсер ететін әртүрлі құрылымды өсінділер болады.

Тіс жарып шыққанға дейін кіреуке беті екі қабаттан тұратын кутикуламен жабылып тұрады. Ішкі қабат, немесе біріншілік кутикула энамелобластардың бөліп шығару әсерінен пайда болған жұқа гомогенді қабық қалыптастыратын гликопротеиндерден құрылады.

Сыртқы қабат, немесе екіншілік кутикуланы жетілдірілген кіреуке мүшесінің эпителиі болып саналады. Тіс шыққаннан кейін ас шайнау нәтижесінде кутикула жойылып, жартылай тістің бүйір беткейлерінде және беткей асты қабатында сақталып қалады

 

1.5.Сурет. Дентин-кіреуке байланысы: 1 — кіреуке; 2 —

дентин; 3 — дентин-кіреуке байланысы

Кіреуке беткейінде пелликула қалыптасады. (жүре пайда болған кутикула). Ол негізінен сілекеймен араласу кезінде пайда болған ақуызды-көмірсулы кешеннен тұрады. Бұл қабық кіреукеге қышқылды диффузияның және кальций, фосфат ионының кіреукеден шығуына кедергі жасайды.

1.3.2. ДЕНТИН ҚҰРЫЛЫМЫ

Тістің негізгі құрамы дентиннен тұрады. Сауыт бөлігіндегі дентин кіреукемен, ал түбір бөлігіндегі дентин цементпен жабылған. Дентиннің 70% дан көбі бейорганикалық заттардан тұрады. Дентиннің негізгі заттары диаметрі 1–5 мкм болатын дентин түтікшелеріне енген. (1.6 сурет). Тіс ұлпасынан түтікшелер кіреуке және цементке қарай шеңберленген бағытпен жүреді. Дентин түтікшелерінің диаметрі орталықтан шетке қарай кішірейеді. Қалыпты жағдайда олардың саңлауы одонтобласт өсінідлерімен толыққан. Дентиннің негізгі заттары құрамында коллаген талшықтары болады. Тіс тіндерінің қалыптасуы кезінде пайда болған дентин біріншілік дентин деп аталады. Ұлпамаңындағы дентин — ішкі, дентин қабатының ең қалың қабаты. Онда коллаген талшықтары негізінен тангенциальді орналасқан және олар Эбнер талшықтары деп аталады.

а б

1.6.Сурет. Дентин түтікшелері: а — тігінен кесінді; б — көлденең кесінді;

 

Гидроксиапатиттің кристалдары дентинде оптикалық микроскоппен көрінетін глобул түрінде жиналады. Глобулдер әртүрлі көлемде болады: сауыт бөлігінде ірілеу, ал түбір аймағында ұсақтау болады. Глобулдер арасында минералданбаған дентин аймағы –интерглобулярлы дентин орналасады. Оның глобулярлы дентиннен айырмашылығы кальций тұздары болмайды. Интерглобулярлы дентин аймағында дентин түтікшелері өз бағытын өзгертпестен үзілмей жүріп отырады. Тіс түбірі аймағында дентин-цемент байланысы маңында интеглобулярлы дентин өте ұсақ тығыз орналасып, күңгірт жолақты дәнді Томс қабатын құрайды. Одонтобласт қабатына жататын ұлпамаңындағы дентиннің жартысы предентин деп аталады. Предентин қатаймаған немесе толық минералданбаған, оның қалыңдығы 10-50мкм. Предентин құрамында дентин түтікшелеріне перпендикулярлы бағытталған коллаген талшықтары болады.Предентин адам өмірінің барлық уақытында түзіледі. Жаңа қабаттардың пайда болуына қарай ескі қабаты минералданады. Предентиннің тұрақты қабаттану нәтижесінде тіс қуысы біртіндеп тарыла бастайды.

Тістер шыққаннан кейін пайда болған дентин екіншілік дентин деп аталады. Екіншілік дентин құрылымы аздап дұрыстаулығы оның дентин түтікшелерінің бағытының реттілігімен және олар қалыпты жағдайға қарағанда тарлау, саны жағынан аз болып келеді.

Тісжегі кезінде, тістің қатты тіндерін егеуде, тістің қатты тіндерінің қажалуында одонтобластар өсіндісінің тітіркенуі жаңадан бір үлес дентиннің түзілуіне әсер етеді. Оны екіншілік (үшіншілік) орынбасушы дентин деп жүйелейді. Бұл дентинәртүрлі құрылымды болады.Онда дентин түтікшесі бар немесе толығымен жоқ аймақтар да, сонымен қатар бейберекет тәртіпсіз орналасқан коллаген талшықтары да кездеседі. Міне сондықтан осындай дентинді иррегулярлы, немесе дұрыс құрылымнан айырылған дентин деп те атайды. Баяудамыған тісжегіде, тісті одонтоегеуде, тістің қатты тіндерінің қажалуында одонтобластар өсіндісінің төмендеуі нәтижесінде интерглобулярлы дентиннің минералдануы мүмкін.

Осы кезде дентиннің минералданған қабаты түзіледі. Егер сәуле түсіріп қарайтын болса ол ақшыл, мөлдір түстес болып көрінеді. Мұндай дентин мөлдір немесе тығыздалған дентин деп аталады. Тісжегіде, тістің қатты тіндерінің тез қажалуында және тістерді егеп тазалау кезінде одонтобласттардың бір бөлігінің жойылуы және ұлпаға жақын орналасқан дентин түтікшелерінің иррегулярлы дентинмен алмасуы мүмкін.

Түтікше ішіндегілер ыдырауға ұшырайды. Мұндай түтікшелер сәулемен қарағанда қара болып көрінеді және ол өлі жол деп аталады. Дентиннің осы аймағындағы сезімталдық төмендейді.

1.3.3. ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Цемент түбір дентинін толықтай жауып жатқан тығыз, қатайған тіс тіні болып табылады. Цементтің қалыңдығы тістің мойын бөлігінде 20-50 мкм болса, ал түбір ұшына қарай бағытында цемент қабаты қалыңдап 1500 мкм құрайды. 60% жағдайда цемент кіреукемен қабаттасады, ал 30% кіреукемен түйісе орналасса, 10% жағдайда цемент және кіреуке жиегінде ашық дентин аймағы қалады. Кіреуке-цемент байланысы әр тістер тобында және бір тістің әр беткейінде бірдей емес. Цемент өзінің құрылымы және химиялық құрамы жағынан дөрекіталшықты сүйекке ұқсас келеді, бірақ

сүйектен айырмашылығы қан тамырлары болмайды.

Цементтің бейорганикалық бөлігін 50–60% гидроксиапатиттің кристалдарынан тұрса; ал органикалық бөлігі негізінен I типтегі коллагеннен тұрады. Цементтің сүйектен айырмашылығы сүйекте қалыпты жағдайда сорылу үрдәсәмен қатар жаұа сүйек тінінің қалыптасуы жүретін болса, ал цементте сорылу үрдісі жүрмейді.

Цемент коллагені периодонттағы цементобластардан және фибробластардан құрылады және ол жалғыз пайда болу көзі болап табылады. Цементобластар ішкі коллаген талшықтарын, ал фибробластар сыртқы коллаген талшықтарын түзейді. Ішкі диаметрі кіші талшықтарцементтің өзіндік талшықтары цементтің беткейімен параллельді жүріп отырады. Сыртқы талшықтардың диаметрі үлкен, периодонта қалыптасып, шарпеев талшықтары түрінде цементке еніп оның беткейіне тік бұрышта жүреді. Бұл талшықтар тістің альвеолада мықты тұруын қамтамасыз етеді.

Жасушалықсыз немесе біріншілік және жасушалық-екіншілік цемент болып бөлінеді. (1.7сурет).

Жасушаллықсыз цементте жасуша болмайды. Ол жұқа қабатпен тістің мойын бөлігін және түбірдің бүйір беткейін жабады.

Онық қалыңдығы 30–50 мкм құрайды. Жасушалық цемент түбірдің түбір арасында және түбірдің ұшы бөлігінде орналасады және саны жағынан өте көп жасушалы өсінділері бар цементоциттерден тұрады. Цементоцит цементте және цементобласт қалыңдығы арасында цемент беткейінде орналасады. Жасушалық цемент жасушалықсыз цемент қабатында немесе тікелей дентинде де орналасуы мүмкін.

Жасушалықсыз цементке қарағанда жасушалық цемент тез түзіледі және цементобластар цементоциттерге ауысып отырады. Цеменнтоциттер –бұл ірі ядролы және көптеген тармақталған өсінідісі бар жасушалар. Терең қабаттарда цементоциттер тез өліп, өзінен кейін лакун қалдырады. Периодонтқа жақын қабаттарда бұл жасушалар жақсы қызмет етеді және цементобластармен ұқсастығы бар. Цементобластар цементтің пайда болуын қамтамасыз ететін белсенді жасушалар болып саналады. Цементтердің көп түзілуі гиперцементозға алып келеді.

 

 

Рис. 1.7. Тіс цементі: 1 — жасушалықсыз цемент; 2 — жасушалы цемент; 3 — Дәнді Томс қабаты; 4 — дентин

 

11.4. ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.4.1. КҮРЕК ТІСТЕР ТОБЫ

ОРТАЛЫҚ (МЕДИАЛЬДІ) ЖОҒАРЫ ЖАҚ КҮРЕК ТІСТЕР(1.8сурет)

 

Тіс сауыты Күрек тістер тобындағы ең ірісі. Сауыты жиегі тегіс күрекке немесе қашау тіріздес. Ерін беткейі дөңестеу, пішіні ұзынынан созылған төртбұрышқа немесе кесу қыры негізінде трапецияға ұқсас. Вестибулярлы беткейінде сауыттың орта бөлігінен басталып кесу қырына дейін баратын тігінен екі сай орналасады.Тіл беткейі үшбұрышты пішінді болып келеді. Жиектік біліктер бірігіп сауыт негізінде төмпешік құрайды.
Тіс қуысы Тіс қуысы тістің сыртқы пішінің қайталайды және пішіні қысыңқы келген үш бағытта кесу қырына бағытталған үшбұрышты саңлауға ұқсайды. Өзекке қарай бағытталған сайын қуыс тарылады және шеңберленіп түбір өзегіне ауысады.
Нұсқалар Тіл жағынанан жиектік біліктері әртүрлі дәрежеде дамуы мүмкін. Кейбір жағдайда сауыт квадрат немесе аздап сопақтау болады.
Тіс түбірі Тік, қырлары тегістелген төртбұрышты пішіндес. Түбірдің бүйір беткейі аздап дөңестеу, тігінен терең емес сайы бар.
Тіс түбірінің өзегі Түбір өзегі тіс қуысының жалғасы болып келеді. Түбір бойымен өзек тігінен орналасқан және түбір ұшы доғалданған анық көрінетін тесікпен аяқталады. Түбір өзегінің сағасы тарылған.
Нұсқалар 6% жағдайда түбір қисайған.Түбір өзегінің тармақтана түрленуі әр түрлі болып келеді. Түбір ұшында бірнеше тесіктер болуы ықтимал.Түбір өзегі вестибульярлы немесе дистальді бағытқа қарай ауытқуы мүмкін.

 

1.8. сурет. Үстіңгі жақтыңмедиальді күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай жақ беті; в — бүйір жақ беті; г — окклюзиялық беті; д — тігінен кесінді; е — көлденең кесінді;

 

ЖОҒАРЫ ЖАҚ БҮЙІР КҮРЕК ТІСТЕР(1.9 СУРЕТ)

Тіс сауыты Пішіні бойынша орта күрек тістерге ұқсас, бірақ көлемі жағынан аздап кішілеу. Вестибулярлы бетіндегі сайлары нашар дамыған. Әйелдерде таңдай бетіндегі жиектік айдаршықтары жақсы дамыған. Таңдай төмпешіктердің жиектік айдаршыққа қосылатын тұсы жақсы дамыған. Тұйық тесік тілдік төмпешіктің алдында орналасқан.
Тіс қуысы Көлемі жағынан кішілеу, сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооральдық бағытта қуыстың тарылуы байқалады.
Нұсқалар Сауыттың пішінінің көптеп түрін өзгеру байқалады. Кейбір күрделеніп дамуы кезінде бүйір күрек тістің тістеу қыры үшкірленеді және көрші тістен көлемі көп кішілеу болады.
Тіс түбірі Конус тәріздес, медиодистальді бағытта өте қысыңқы келеді. Түбір ұшы үшкірлеу және оральді жаққа қарай ауытқыған. Көлденең кесіндіде түбір сопақша пішіндес.
Тіс түбірінің өзегі Сауыт қуысының түбір өзегіне ауысатын аймағында айқын шекара жоқ. Түбір өзегі көп жағдайда дистальді жаққа қарай иілген немесе ауытқыған. Түбірдің көлденең кесіндісінде өзек диаметрі вестибулооральді бағытта медиодистальді бағытқа қарағанда үлкен.
Нұсқалар Түбір ұшы дистальді және вестибулярлы жаққа қарай ауытқуы мүмкін.

1.9. Сурет. Үстіңгі жақтың бүйір күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — тігінен кесінді; е — көлденң кесінді;

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ МЕДИАЛЬДІ КҮРЕК ТІСІ (1.10 сурет)

 

Тіс сауыты Тістер тобындағы ең кіші тістер. Тіс сауыты тар қашауға ұқсас. Бүйрлену көрінісі толықтай сипатталмағаң. Кіреуке біліктерінің беткейлік тік рельефі, тілдік төмпешіктері, жиектік айдаршығы тегістелген. Кесу қыры түзу.
Тіс қуысы Тіс қуысы қарсы жазықтықта орналасқан және пішіні үшбұрышты саңылау тәрізді, бірақ біртіндеп суқұйғыш тәріздітүбір өзегіне ауысады
Нұсқалар С ауыттың сопақша немесе трапеция пішінді нұсқалары кездеседі. Тістеу қыры төмпешіктерінің сандық және даму дәрежесі ауытқып тұрады.
Тіс түбірі Тік, медиодистальді бағытта қатты қысыңқы келеді. Түбірдің медиальді және дистальді бетінде сайлар болады. Түбір көлденең кесіндіде бүйір жағынан қысылған сопақ пішіндес.
Тіс түбірінің өзегі Түбір өзегі орта бөлігінде вестибулярлы және оральді өзектерге бөлінеді де түбір ұшы маңында бір өзекке айналады. Түбір ұшы тесігі біреу.
Нұсқалар Түбір өзектері өте аз жағдайда байланыспайды және түбір ұшында екі апикальді тесікті болуы мүмкін.

1.10. Сурет. Астыңғы жақтың медиальді күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е —көлденең кесінді; ж, з — тігінен кесіндіде түбір өзегінің құрылым нұсқалары;

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БҮЙІР КҮРЕК ТІСТЕРІ (1.11сурет)

 

Тіс сауыты Пішіні жағынан орта күрек тістен өзгешелігі аз. Орта күрек тіске қарағанда көлемі үлкендеу. Сауыттың вестибулярлы беттерінде біліктері, жиектік айдаршағы және тілдік төмпешіктері орта күрек тіске қарағанда жақсы дамыған.
Тіс қуысы Сауыт пішінін қайталайды. Тістің мойын бөлігіне бағыттала біртіндеп тарылады да түбір өзегіне жалғасады.
Тіс түбірі Тік, жалғыз. Мезиодистальді бағытта аздап қысылған. Түбірдің дистальді бетінде сайлары жақсы дамыған. Көлденең ксіндіде бүйірінене қысылған сопақ тәріздес болып көрінеді.
Тіс түбірінің өзегі Негізінен өзегі біреу, медиодистальді бағытта қысылған.
Нұсқалар Түбірдің орта бөлігінде өзек екіге айырылуы мүмкін.

 

ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ 3 страница

   

1.11. Сурет. Астыңғы жақтың бүйір күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінідісі; е, ж — тігінен кесіндісі

1.4.2. СҮЙІР ТІСТЕР ТОБЫ

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ СҮЙІР ТІСТЕРІ (1.12 сурет)

 

Тіс сауыты Ірі, көбіне көп бес бұрышты, пішіні найза тәріздес. Кесу қыры негізгі төмпешіктердің еңістігінен құрылған. Ерін беті дөңестеу, тігінен білік орналасқан.
Тіс қуысы Медиодистальді бағытта созыла отырып тіс сауытының пішінін қайталайды және айқын шекарасыз түбір өзегіне ауысады.
Нұсқалар Сауыт пішіні кейде конус немесе трапеция тәріздес болып келеді.
Тіс түбірі Негізінен біреу, бүйір жағынан аздап қысыңқы келген конус тәріздес. Ьарлық тіс түбірлерінің ішіндегі ең ұзын түбір.
Тіс түбірінің өзегі Негзінен кең жақсы өтетін бір өзек болады.
Нұсқалар Кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.

1.12. Сурет. Үстіңгі жақтың сүйір тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесіндісі; е, ж — тігінен кесіндісі

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ СҮЙІР ТІСТЕРІ (1.13 сурет)

 

Тіс сауыты Көлемі жағынан үстіңгі сүйір тістергі қарағанда кішілеу. Ерін беті дөңестеу, тілдік беті жазықтау және аздап иілген.Тілдік бетінде жақсы дамыған төмпешік бар
Тіс қуысы Сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооральді көлемі медиодистальдіге қарағанда үлкендеу. Тіс қуысы бірден шекарасыз түбір өзегіне ауысып кетеді.
Нұсқалар Сауыт пішіні күрек тістер пішініне немесе астыңғы жақ кіші азу тістер пішініне ұқсас балуы мүмкін.
Тіс түбірі Үстіңгі жақ сүйір тістер түбіріне қарағанда қысқалау, біреу, медиодистальді бағытта қатты қысыңқы келеді. Апроксимальді бетіндегі сайлары жақсы дамыған
Тіс түбірінің өзегі Түбірі айырлануы мүмкін, бірақ бұл жағдайда екі түбір өзегі –вестибулярлы және тілдік өзектер анықталады. Түбірдің айыршықтануы тіс мойынынан бастап түбірдің әр деңгейінде болуы мүмкін.
Нұсқалар Кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.

 

1.13. Сурет. Астыңғы жақтың сүйір тістері: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесіндісі; е, ж — тігінен кесіндісі

1.4.3. КІШІ АЗУ ТІСТЕР ТОБЫ

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ (1.14 сурет)

 

Тіс сауыты Вестибулярля бетінің алаңы таңдай бетіне қарағанда үлкендеу. Онда тігінен білік арналасқан. Вестибулярлы бетінің пішін үйлесімі сүйір тіске ұқсас. Вестибулярлы беті жанасу бетіне өткен кезде доғалданған бұрыш құрайды. Жанасу бетінің пішіндері үшбұрыш пішінді болып келеді. Дистальді жанасу беті медиальді бетіне қарағанда дөңестеу. Бүйір беттері ешқандай бұрыш жасамай таңдай бетіне ауысады. Окклюзиялық беті екі ұрттық және тілдік төмпешіктен құрылған. Ұрттық төмпешік көлемі жағынан үлкен. Төмпешіктер арасында жиектік айдаршыққа дейін жететін жақсы дамыған табиғи сызаттар (фиссура) орналасқан.
Тіс қуысы Түбірі тіс мойынына жақын арада екіге бөлінсе көп дәрежеде ұртық төмпешігі оральді жаққа қарай иіледі.
Нұсқалар Сауыт пішіні күрек тістердің немесе астыңғы жақ кіші азу тістердің пішініне ұқсас болуы мүмкін.
Тіс түбірі Түбірі мезиодистальді бағытта қатты қысылған. Апроксимальді бетінде тігінен сайлар бар. Көбіне түбірі екіге бөлінген.
Тіс түбірінің өзегі Тісте екі түбір өзегі болады. Таңдай өзегі ұрттық өзекке қарағанда кең.
Нұсқалар Көбіне көп түбір ұшы бөлігінде, аздап орта және мойын бөлігінде екіге айырылады.

 

1.14.Сурет. Үстіңгі жақтың бірінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е— тігінен кесінді;

 

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ КІШІ АЗУ ТІСІ (1.15 сурет)

 

Тіс сауыты Бірінші кіші азу тіске қарағанда аздап кішілеу. Ұрттық және таңдайлық төмпешіктерінің көлемі бірдей. Құрылымы, орналасуы, сызаттары, жиектік айдаршықтары, тесіктері бірінші кіші азу тіске ұқсас. Сауыттың вестибулярлы беті дөңестеу, тігінен білігі бар. Жанасу беттері де дөңестеу.
Тіс қуысы Пішін үйлесімі жағынан бірінші кіші азу тіске ұқсас, бірақ төмпешіктер жағындағы сайлары қысқалау. Тіс құысының ең кең бөлігі мойын деңгейінде орналасқан.
Нұсқалар Сауыттың вестибулярлы беті сопақ немесе бесбұрышты болуы мүмкін. Вестибулярлы төмпешіктің пішіндері ір түрлі болуы мүмкін.
Тіс түбірі Көбіне түбірі біреу ұшы вестибулярлы жаққа қарай иілген конус тәріздес. Түбірдің медиальді және дистальді беттерінде сайлар бар.
Тіс түбірінің өзегі Тіс қуысы мойын бөлігінде тарылып өзек сағаларын құрайды және кең өзекке айналып кетеді.
Нұсқалар Кейде түбір мойыннан төмен деңгейде екіге айырылады. Өзектердің екіге айырылуы бір түбір кезінде де байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда түбір өзектері түбір ұшында бір немесе екі тесікпен ашылуы мүмкін.

1.15. Сурет. Үстіңгі жақтың екінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е— тігінен кесіндіде түбір өзектерінің құрылымының нұсқалары

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ (1.16 сурет)

 

Тіс сауыты Вестибулярлы беті дөңестеу. Сауыттың дөңестік белгісі жақсы дамыған. Жанасу беттері де дөңестеліп біртіндеп тілдік бетке ауысады. Тілдік беті вестибулярлы беттен кішілеу. Окклюзиялық бетінде екі төмпешік бар. Тілдік төмпешігі вестибулярлы төмпешіктен кішілеу. Төмпеш Язычная поверхностьіктер бір бірінен сызаттар арқылы бөлінген. Жиектік айдаршығы жақсы дамыған.
Тіс қуысы Қуыстары медиодистальді бағытта қысылған. Пішіні сауыт пішінін қайталайды және екі сайының тілдік сайы анық бейнеленбеген.
Нұсқалар Кейде тілдік төмпешіктен ұрттық төмпешікке қарай бүйір жақтарынан тұйық тесік құрайтын кіреуке білігі пайда болады. Барлық кіші азу тістердің ішінде сауыт көлемі ең кіші тіс болып келеді.
Тіс түбірі Түбірі тік, алдыңғыартқы бағытта аздап жалпақталған. Медиальді және дистальді беттерінде түбірдің орта бөлігінде жақсы бейнеленген сайлар бар.
Тіс түбірінің өзегі Тістің мойын бөлігінде тіс қуысы біртіндеп түбір өзегіне ауысады. Өзек үстіңгі жарты бөлігінде өте кең, ал одан кейін түбір ұшына бағыттала келе конус тәрізденіп тарылады. Көлденең кесіндіде сопақ пішіндес.
Нұсқалар Кейде түбірде вестибулооральді орналасқан екі өзек болады.

1.16. Сурет. Астыңғы жақтың бірінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы ұрттық беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е,ж— тігінен кесіндіде түбір өзектерінің құрылымының нұсқалары

 

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ (1.17 сурет)

 

Тіс сауыты Бірінші кіші азу тіске қарағанда көлемі үлкен. Вестибулярлы және тілдік төмпешіктері жақсы бейнеленген және бер бірнен сайлар арқылы бөлінген. Жанасу беттері дөңестеу. Жиектік айдаршығы жақсы бейнеленген.
Тіс қуысы Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Қуыс алдыңғыартқы бағытта қысылғандықтан саңылау тәрізді пішіндес болып келеді.
Нұсқалар Үш төмпешігі болуы немесе одан да көп төмпешік болуы мүмкін. Көптөмпешікті болу кезінде ортаңғы сай әр төмпешіктке қарай тарамдар жасайды.
Тіс түбірі Тік, конус пішіндес.
Тіс түбірінің өзегі Тіс қуысы суқұйғыш тәрізденіп түбір өзегіне ауысады. Көп жағдайда алдыңғыартқы бағытта қысылған түзу бір өзек болады.
Нұсқалар Түбір ұшының үштен бір бөлігінде өзек екіге айыршақтануы мүмкін.

 

1.17. Сурет. Астыңғы жақтың екінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы ұрттық беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е,— тігінен кесінді

1.4.4. ҮЛКЕН АЗУ ТІСТЕР ТОБЫ

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.18 сурет)

 

Тіс сауыты Ең үлкен және ірі тіс. Шайнау беті бұрыштары тегістелген ромб тәріздес. Төрт төмпешігі бар. Екі тілдік және ұрттық. Төмпешіктерді бһліп тұратын сызаттар Н әріпіне ұқсас. Ұрт жақ төмпешіктері конус тәріздес, ал таңдай төмпешіктері жатыңқы аздап тегістелген. Алдыңғы төмпешіктері артқы төмпешіктерге қарағанда үлкен. Сауыттың ұрттық беті таңдай бетінен үлкен.
Тіс қуысы Негізінен сауыт пішінін қайталайды. Қуыстың күмбезі дөңестеу және төмпешік аймақтарында 4 тереңділі сайлар бар. Тіс қуысының табанында түбір өзегі сағалары орналасқан.
Нұсқалар Алдыңғы таңдай төмпешігінде әр түрлі дәрежеде бейнеленген, бірақ шайнау бетіне дейін жетпейтін қосалқы төмпешік орналасқан. (Ауытқулы Карабелли төмпешігі).
Тіс түбірі Жақсы дамыған — конус пішінді, тік қатты таңдайға қарай иілген екіұрттық және бір таңдайлық үш түбірі бар. Ұрттық түбірі алдыңғыартқы бағытта жалпақтанған және алдыңғы, артқы деп бөлінеді. Артқы түбір ең қысқа.
Тіс түбірінің өзегі Түбір өзегінің сағалары тіс қуысының табанында үшбұрыш тәріздене орналасқан. Ең кең өзегі таңдайлық, алең тар өзегк ұрттық
Нұсқалар Алдыңғы ұрттық түбірінде қосымша медиобуккальді түбір өзегі болады.

1.18. Сурет. Үстіңгі жақтың бірінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — көлденең кесінді; д — окклюзиялық беті; е, ж, з — өзектердің тігінен кесіндісіндегі құрылым нұсқалары;

 

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.19 сурет)

Тіс сауыты 4 нұсқалы құрылымы бар: — 1 нұсқа— тіс сауыты бірінші үлкен азу тіс сияқты, бірақ көлемі жағынан кішілеу. Бұл нұсқаға тән қасиет Карабелли төмпешіктерінің болмауы; — 2 нұсқа— тіс сауыты ромб пішінді болып келеді. Алдыңғы таңдайл

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow