Тістердегі тісжегіні емдеу

   

3.1. ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУДІ ЖӘНЕ РЕСТАВРАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН АСПАПТАР,ҚОСЫМША ҚОНДЫРҒЫЛАР, АКСЕССУАРЛАР.

Аспаптар мен заттар Қолдану тәсілі Мақсаты
1. Стоматологиялық қондырғы Пациентті әртүрлі стоматологиялық іс әрекеттерге дайындау. Стоматологиялық іс-әрекеттерді жүргізу Емдік алдын алу және ақыл кеңес беру шараларын көрсету
2.Турбиналы арнайы жарықтандырылған ұштық Тістің қатты тіндерін егеп тазалау Тісті қайта қалпына келтіруде қуысты қалыптастыру немесе эндодонтық емдеу кезінде қуысқа енуге жол жасау
3.Механикалық жарықтандырылған ұштық Тістің қатты тіндерін егеп тазалау. Қайта қалпына келтірілген тістердің бетін тегістеу Тісті қайта қалпына келтіруде қуысты қалыптастыру. Тіске анатомиялық пішін беру. Түбір өзегінің сағасын кеңейту.
4. Композиттік материалдарды қатайтуға арналған галогендік және сәулелідиодты полимеризаторлар. Сәуле тығыздығы 400 мВт/см2 кем емес, толқын ұзындығы 380–520 нм галогенді сәулемен әсер ету Жабысқақты жүйені және сәулемен қатаятын композиттерді қатайтуға арналған.
5.Сәулефильтлі немесе сәулефильтрі клипс түріндегі көзәйнек.Егер дәрігер немесе көмекшісі көз көруіне коррекция жасайтын арнайы қондырғыны колданатын болса. Сәулефильтрлейтін көзәйнекті сәулемен қатайтатын аппараттармен жұмыс істеу кезінде қолданады. Көз анализаторына гологен сәулесінің қауіпті әсер етуінен қарғау
6. Плексигластық қорғаныс қалқаны Маңдайүстіне кійілетін қорғаныс қалқаны Көз ағзасы және демалу жолдарын тістің қатты тіндерін егеп тазалау кезінде, ауыз қуысын және түбір өзектерінқатты әсер ететін антисептиктік препараттармен өңдеуде немесе әртүрлі қауіпті инфекциялы ауалы тамшылы қоспалардың түсуінен қорғау
7. Радиовизиография немесе рентгенография жүйесі Медициналық жағдайда рентген сәулелерін қолдану Мониторда радиовизиографиялық көріністі алу, тексерілетінобъектінің рентгенограммасы
8.Капсула түріндегі пломбалық материалды, соның ішінде амальгамманы араластыруға арналған прибор. Пломбалық материал бар капсуланы бірнеше секунд механикалық шайқау, араластыру. Қолдануға дайын пломбалық материалды алу.
9.Амальгаманы тісжегі қуысына апаруға арналған пистолет. Амальгаманы пистолеттің ішкілігіне алып, оны тікелей егеп тазаланған қуысқа сығып енгізеді. Стоматологиялық бөлменің былғануын алдын алу. Материалдарды тасымалдауға өте қолайлы.
10.Тісжегіні анықтайтын сәулелі детектор Тістің қатты тіндерін қуатты сәле шоғырымен сәулелендіру Көзге көрінбейтін жерде орналасқан тісжегі қуысын нақтылау
11.Электроодонтодиаг- ностикалауға арналған прибор Тіс ұлпасына аз күшпенәсер еткенде электр тогына қайтарған жауабын тіркейтін аппарат Тіс ұлпасының жағдайын анықтау (ұлпаның өміршеңдігін немесе ондағы өзгерістерді)
12. Ультрадыбысты скейлер Жоғары жиіліктегі ультрадыбыстық тербелісті қолдану Мамандандырылған тісүсті шөгінділерін алу. Тістің қатты тіндерін егеп тазалау. Түбір өзегінің тазалану сапасын жақсарту
13. Ауалы абразияға арналған қондырғы Ауаның үлкен қысымымен майдадисперсілі ұнтақты қолдану Пигменттелген дақтарды, соның ішінде енуге қиын иілген тіс беттеріндегішылым шегушілердің қақтарын алуға арналған
14. Арнайы резеңкелер мен щеткалар Механикалық ұштықтың көмегімен және арнайы қойыртпақтармен жұмыс істеуге арналған Пигменттелген дақтарды, соның ішінде енуге қиын иілген тіс беттеріндегішылым шегушілердің қақтарын алуға арналған Тіс қақтарын алғаннан кейін тіс түбірлерін және қайта қалпына келтірілген тіс беттерін жылтыратуға және тегістеуге арналады.
15. Артикаина және лидокаин негізінде жасалған анестетиктер Карпульді анестетиктермен инфильтрациялық неесе өткізгіштік жансыздандыру жасайды. Ауру симптомын басу.
16.Жансыздандыруға арналған карпульді шприцтер мен инелер Карпуланы анестетикпен шприцке қойып, оған инені бұрап орнатады да шприцтің поршеніне күш сала отырып ішіндегі анестетикті баяу егеді.. Ауру симптомын басу.
17.Тістің қатты тіндерін егеп тазалауға арналған алмазды және қаттықоспалы борлар Тубиналық несеме механикалық ұштықтарды қолдана отырып үзілісті қозғалыспен жұмыс сітеу Тісті қалпына келтіру үшін қуысты қалыптастыруғы немесе түбір өзегі сағаларына енуге жол ашу
18.Тегістеп жылтырату жүйесі, реставрациядан кейін жылтырату межелік жүйе, реставрация бетін жылтыратуға арналған карбидті және алмазды борлар,майысқақ полиэстерден даярланған абразивті жолақтар. Тубиналық несеме механикалық креі айналатын ұштықтарды қолданады. Реставрация бетін тегіс жылтыратады.
19.Сәуле өткізгіштік жолақтар (матри- цалар), металлды матрицалар (әмбебап). Матрицаның контурлы жүйесі по Блек жүйесі бойыншы II, III, IV класс тісжегі қуысын қайта қалпына келтіру кезінде тістер арасына орнатады. Жасанды нүктені қалпына келтіру, тіске анатомиялық пішін беру
20. Матрица ұстағыш Тіс арасындағы арада матрицаны ұстап тұруға арналған Блек жүйесі бойынша II класс тісжегісін қайта қалпына келтіру кезінде қолданады.
21. Ағаш сыналар Матрицаны тістер арасына қойғаннан кейін орнатады. Матрицаны ұстап тұру үшін
22.Унидозға арналған пистолет Пистолетке композиттік материал толтырылған унидоз орнатады. Пистолеттің қозғалтқышын басқан кезде унидоздан композиттік материал сығылып шығады. Пайиенттен пациентке инфекцияның берілу жолын алдын алу үшін
23. Уақытша және тұрақты пломбалық материалдар.: композиттер, соның ішінде төменмодулді (ағымды), бүктелген, амальгама, шыныполиалкенатты цементтер Материалдардың нұсқамаларымен таныс керек Тісжегі қуысын уақытшы жабуға немесе тұрақты реставрациялау үшін
24.Гидроксид кальций құрамдас емдік төсемдер Доғал аспаппен (нығыздағыш-штопфер) ашылған ұлпа мүйізшесіне немесе қуыс табанына қояды. Орынбасушы дентинді ынталандыру
25.Тістерді байлауға арналған синтетикалық полимерлі ма- териалдар (таспа-лента), материалды кесуге арналған қайшы Материалдардың нұсқамаларымен таныс керек Қозғалған тістерді байлап қатайтуға, тісі жоқ аймақтарда тіс қою үшін
26.Шыныталшықты штифттер Түбір өзегіне цементтердің көмегімен енгізіп қатайтады. Тіс пішінін қайта қалпына келтіру кезінде қосымша алң жасау ретінде қолданады.
27.Титанды анкерлі штифттер Түбір өзегіне цементтердің көмегімен енгізіп қатайтады. Тіс пішінін қайта қалпына келтіру кезінде қосымша алң жасау ретінде қолданады.
28.Кіреуке және дентинді уландырға(травление) арналған қышқыл материал Дентинге 10– 15 с, ал кіреукеге — о 15 -30 с Композиттердің тіс тінімен жанасу алаңын шағынкеңістіктер арқылы ұлғайтады.
29.Пломба бетін тегістеу және егеу кезінде пайда болған шағынсызаттарды жабуға арналған материал — Optigard Кіреуке және реставрация бетін пломба шекарасынан 2 мм арақашықтықта кондиционерлейді,қышқылды сумен жуып тастап, аппликатормен кептіріп жұқа қабат материалмен жауып ауамен үрлейді де 20сек қатайтады. Реставрация мерзімін ұзарту.
30.Тальксіз резеңке қолғаптар Әр пациентті қабылдар алдында ауыстырады. Инфекциялық бақылау. Инфекцияның тарау жолын алдын алу.
31. Жұмсақ қорғау бет перделері(маски) 3–4 пациентті қабылдағаннан кейін ауыстырады. Инфекциялық бақылау. Инфекцияның тарау жолын алдын алу.
32.Тістерді ауызсұйықтығынан оқшалауға арналған мақта біліктері Біліктермен сілекей шығатын сілекей без түтікшелері орнына қояды. Құрғақ операциялық алаң жасау
33.Гигиеналық екі қабатты құрғақ полиэтилен негізіндегі сулық. «крокодил» типтес сулықты ұстап тұруға арналған қысқыштар Сулықты пациенттің кеуде тұсына су тартқыш қабат жағымен жауып, қысқышпен ұстатады. Гигиеналық шараларды талаптарға сәйкес орындау
34.Сілекейсорғыштар,шаңсорғыш ұштықтары. Ауыз қуысынан сұйықтықты, ерітінділерді, түбір өзегінен шығарылған сулы ауалы массаларды сорып шығарады. Құрғақ операциялық алаң жасау. Гигиеналық шараларды талаптарға сәйкес орындау.
35.Ұштықтарды майлауға арналған баллондар Арнайы қондырғалар арқылы ұштықтарды майлайды. Ұштықтың үйкеліске ұшырайтын бөлшектерін майлау және тазалау
36.Антисептиктік ерітінділі баллондар және арнайы гигиеналық сулықтар Пластмассалық және металды стоматологиялық қондырғылардың бетін өңдейді: полимеризаторлардың,ультрадыбысты ұштықтардың, турбиналы және механикалық ұштықтардың т.б. Инфекциялық бақылау. Санитарлы-эпидемологиялық талаптарды медициналық мекемелерде орындау
37. Коффердам Емдеуді талап ететін тістерге қояды. Операциялық алңды әртүрлі былғанудан сақтау. Бөгде заттарды жұтып қою немесе бөгде заттың тұрып қалуынан қорғау.
38.Стоматологиялық ретрактор Ауыз қуысының кіре берісіне орнатады. Жұмысшы алаңның жақсы көрінуін қамтамасыз етеді.
39.Композиттік материалдардың түсін таңдауға арналған прибор Приборда арнайы үшлюминациялық флюренциялық суық катодтағы күндізгі солтүстіктік аспан түстес сәуле шығаратын, тістің табиғи түсін таңдауда өте қолайлы RGB- шамын қолданады. Композиттердің түсін оңай, жеңіл және қатесіз таңдау
40.Автоклавтарда аспатарды және науашықтарды залалсыздандыруға арналған бұындықтар(пакет) Дезсұйықтықтарда тазаланғаннан және ұстағаннан кейін аспап жиынтықтарын арнайы бұындықтарға науашықтармен бірге орап, автоклавқа қояды. Инфекциялық бақылау. Санитарлы-эпидемологиялық талаптарды медициналық мекемелерде орындау
41. Ультрадыбыстық ванна Приборды қосу кезінде сұйықтық ортасында ультрадыбыстық тербеліс пайда болады. Автоклавқа қоярдан бұрын аспаптарыд толықтай тазалау
42. Автоклав Бұылған аспаптарды автоклавқа қойып, керекті температура режимін орнатады 134 оС, қысымы 321 бар, және 40 мин кейін аспатар толық залалсыздандырылады Инфекциялық бақылау. Санитарлы-эпидемологиялық талаптарды медициналық мекемелерде орындау
43.Глассперленді стерилизатор. Глассперленді шарлар. Глассперленді шарлы камераға аспаптарды салады. Приборды қосқан кезде шарлар тез қызады және аспаптар залалсыздандырылады. Инфекциялық бақылау. Санитарлы-эпидемологиялық талаптарды медициналық мекемелерде орындау
44.Қабырғалық немесебактерицидтік шамдар Ультракүлгін сәулесімен әсер ету Аспаптарды сақтау.Қосымша заласыздандыру. Санитарлы-эпидемологиялық талаптарды медициналық мекемелерде орындау

 

Дәрігер-стоматологтың әр-түлі дәрігерлік шараларды орындауы көбіне дұрыс таңдап алынған борларға байланысты болады. (3.1,3.2. сурет). ISO6360 жүйесінде борлар жайында төрт топ цифлардан тұратын ақпараттар кодталған ААА ББВ ГГГГДДД ЕЕЕ. Бірінші топ цифлары — код (А), екіншісі-(Б) арттағы диаметрін және (В) жалпы диаметрін белгілесе, үшінші - (Г) пішінін және (Д) жұмысшы бөлігінің абразивтілігін, төртінші-(Е) 0,1мм тең жұмысшы бөлігінің бірліктік максимальді диаметрі.

Мысалы, ААА ББВ ГГГДДД ЕЕЕ — (А) бордың жұмысшы бөлігі жасалынған материал:

• 500 — қаттықоспалы борлар (вольфрам карбиді);

• 635 — керамикалық абразив «Арканзас»;

• 806 — алмасты аспаптар.

Борларды қолданудың ережелі төмендегідей: Алмазды борларды бүтін және зақымданған кіреукені, содан басқа аяқтау кезеңінде тісжегі қуысын финирлеу кезінде майда дәнді соңында қызыл жолақты алмазды борларды қолданады.

Қуысты қалыптастыруды аяқтау кезеңінде соңында көк сақиналы алмазды борларды қолданады. Бұл стандартты борлар және бұл борларда белгілер болмауы мүмкін. Кейбір жағдайларда, әсіресе эндодонттық ем жүргізу кезінде соңы ұзарған борлармен жұмыс істеу тиімді.Кіреукенің шекараФинирование границсын финирлеуді 10–16 қырлы вольфрам-карбидтен жасалған борлармен жүргізу керек. Жұмсарған және инфекцияланған дентинді алуды қатты қоспалы борларды қолдану арқылы орындайды. Алмазды борлар инфекцияланған жұмсарған дентинді алу кезінде тез былғанады және қолданудан тез шығып қалады.

ISO ұсынған борлардың ұзындық стандарттары.

 

Турбиналы ұштыққа арналған Иілген ұштыққа арналған Тік ұштыққа арналған
16мм - -
19мм 22мм 44,5мм
21мм 26мм 65мм
25мм 34мм 70мм

 

3.1.Сурет. ISO жүйесі бойынша белгілеу: А-бордың жұмысшы бөлігінің материалы; Б-соңғы құйрық жағының диаметрі; В- жалпы диаметрі; Г-жұмысшы бөлігінің пішіні; Д-жұмысшы бөлігінің абразивтілігі; Е-жұмышы бөлігінің диаметрі.

 

 

 

3.2. Сурет. Қайта қалпына келтіру стоматологиясында қолдануға рұқсат етілген борлардың пішіні.

 

3.2. СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАДА ЖАНСЫЗДАНДЫРУ

Стоматологиялық емнің нәтижелілігі жүргізілген емдеу шаралары кезінде ауру сезімнің болмауына тікелей байланысты. Стоматологиялық науқастарды емдеу сапасын замануи бағалау критериясы жансызандыруды қолдану болып саналады.

Жансыздандыру тістің қатты тіндерін толықтай егеп тазалауды, инфекцияланған дентинді алып тастауды, пломбалық материалдың қуыста жақсы тұруын, ретракциялық жіптерді ангізуде ауырмауды қамтамасыз ету керек.

Бүгінгі таңда астыңғы жақтың бірінші үлкен азу тісін емдеуде 100% жансыздандыруды 0амтамасыз ететін жансызданыдру әдісі мен заттар жоқ.

Стоматологтар тістерде тісжегіні емдеу кезінде қолданады:

аппликациялық (беткейлік) жансыздандыру, аэрозоль,гель, қойыртпақ, қабықтүрінде;

инфильтрациялық әдіс, анестетикті әртүрлі аймақатға егеді:

–кілегей қабық астына;

–сүйекүстіқабыршағы астына;

–интрасептальді;

–интралигаментарлы (байламішілік);

–ұлпаішілік;–өзекішілік.

Клиникалық тәжірибеде инфильтрациялық анестезияда жансыздандырғыш ерітіндіні көбіне ауыздың кіре берісінде кілегей қабықасты бар өтпелі қатпарға, ал үстіңгі жақта тістердің түбір ұшы проекциясынан аздап жоғары, астыңғы жақта тістердің түбір ұшы проекциясынан аздап төмендеу жасайды.

Инені альвеолярлы өсіндісіне 45 градуста кілегей қабықтың өтпелі қатпар астына, иненің қиығын сүйекке қарата отырып енгізеді. Анестетикті аз мөлшерде ақырын қарпуланың жартысын егеді.

Интрасептальді жансыздандыру кезінде жергілікті жансыздандырғыш ерітіндіні көрші тістердің альвеола аралық қалқан сүйегіне егеді.

Интралигаментарлы жансыздандыру тістің мойын бөлігіндегі байлам сақталған жағдайда жасалады. Жансыздану 1 минуттан кейін басталып, 20 минутқа дейін созылады. Интралигаментарлы жансыздандыру пациентке өте қолайлы және әдісті жүргізу кезінде ешқандай ауру сезімі болмайды.

Бұдан басқа осы жансыздандыруды жүргізу кезінде жұмсақ тіндердің жансыздануы болмайды және сөйлеу қызметі мен басқа қызметтері бұзылмайды. Қолданатын препараттың өте аз мөлшері егілу барысы анестетиктің улы әсер етуін тұғызбайды.Интралигаментарлы жансыздандыру қауіпсіз және мамандар оны оңай жасай алады. Терапиялық лар кезінде нәтижелілігі 89% құрайды.

Интралигаментарлы жансыздандыруды жүргізудің кері көрсеткіштері:

– пародонтальдық қалтаның болуы, егер тіс жұлынатын болса;

– пародонт тінінде жедел қабыну үрдісі болса;

– периодонттың жедел және созылмалы қабынуының өршуі кезінде тістерді емдеу немесе жұлу кезінде;

– анамнезінде эндокардит болса.

Интралигаментарлы жансыздандыру негізгі жансыздандыру немесе қосалқы жансыздандыру әдісі ретінде болуы мүмкін. Ұлпаішілік жансыздандырудан кейін дәрігерлер көбіне өздері ойлаған нәтижеге қол жеткізе алмайды. Себебі, тіс қуысын ашу кезінде тіс қуысы күмбезі өте кең етіп ашылады, сондықтан ашылған қанайтын, сүңгілегенде ауыратын ұлпа анық көрінеді.Осы жағдайда оған егілген анестетик ешқандай нәтиже бермейді.Ұлпаішілік жансыздандырудан тиімді нәтиже алу үшін тіс қуысын ашу кезеңінде оның диаметрін ине диаметріне сай етіп ашу керек. Ине ашылған тіс қуысына тығыз сыналай ену керек. Міне осы кезде анестетик қуысқы жоғары қысыммен еніп жақсы нәтиже береді.

Үстіңгі жақтың кіші азу тістерінде, сүйір тістерде жансызданудың нәтижелігін жоғарлату үшін анестетикті көзасты тесігіне егіп, үстіңгі алдыңғы және ортаңғы көзасты нервінің тармақтарын жансыздандырады.

Алдыңғы және ортаңғы көзасты нервтерінің тармақтарының нәтижелі жансыздануы үшін анестетикті егіп болғаннан кейін 2 мин инъекция жасалған орынды саусақпен басып тұру қажет.

Бұл манипуляцияны астыңғы жақтың кіші азу тістерін, сүйір және күрек тістерін иннервациялайтын иекасты нервті жансыздандыру кезінде де жасайды. Анестетикті еккеннен кейін иекасты тесігінің тұсын 2 мин саусақпен қысым түсіре басып тұру қажет. Балаларда астыңғы жаққа жансыздандыру жасау нәтижесі ересектерге қарағанда жақсы нәтиже береді.

Өткізгіштік жансыздандыру әдісі. Тістердің тісжегісін емдеу кезіндеинфильтрациялық жансыздандырумен қатар өткізгіштік жансыздандыруды қолданады.Үстіңгі жақта туберальді, таңдайлық, күректік және көзасты жансыздандыру әдістерін жасайды.

Замануи жансыздандырғыш (ультракаин, септанест, убистезин) қатарындағы анестетиктермен бірге 1:200 000 қатынасындағы эпинефринді күнделікті стоматологиялық тәжірибеде қолдану анестетиктің жоғары дәрежеде сіңуін қамтамасыз етеді.

Астыңғы жақта классикалық әдіспен қатар мандибулярлы жансыздандыру әдісінің жаңартылған, толықтырылған әдісін қолданады. Жансыздандыру кезінде қандайда бір топ тістерінде өзекті мәселелер тұындауы болуыын естен шығармау керек. Көп жағдайда (47%) астыңғы жақтың бірінші азу тістерінде, әсіресе алдыңғы түбірлерінде жансызданбаудың болмау мәселелері туындайды.Жансызданудың нәтижелігін жоғарлату үшін екінші азу тістің түбір ұшы проекциясы аймағында оральді бетіне қосымша жансыздандыру жасайды. Кейде қосымша бірінші азу тістің алдыңғы түбіріне интралигаментарлы жансыздандыру жүргізеді.

Үстіңгі жақтың ортаңғы күрек тісіне жансыздандыру жүргізу кезінде 33% жағдайда мәселелер туындайды. Себебі, олар қарама-қарсы жақтың нерв талшықтарымен анастомоз жасайтынын ұмытпау керек. 18% жағдайда үстіңгі жақтың бірінші азу тісіне жансыздандыру жүргізу қиындығы туындайды. Себебі, бет сүйегі жансыздандыру жүргізуге кедергі жасайды.

Жансыздандырудың болмауы себептері:

•тістердің анатомиялық құрылым ерекшеліктері;

•орындау техникасы кезінде жіберілген қателіктер;

•инфекцияның және қабынудың болуы;

•анестетикті дұрыс таңдап алмау;

•қолданылатын анестетикті дұрыс сақтамау немесе қолдану мерзімінің өтіп кетуі;

•пациенттің үрейленуі;

•психосоматикалық статустың бұзылуы;

•ішімдік қабылдауы.

Сауатты орындалған жансыздандыру әдісі және дұрыс таңдап алынған құрамынад вазоконстрикторлар бар анестетиктер жансыздандырудың ұзақтығын 40 тан 60 мин созылуын және жақсы әсер етуін толық қастамасыз етеді. Вазоконстрикторларсыз анестетиктердің 3% концентрациялы анестетиктерін қолдану барысы ғана жансызданудың 30 мин дейін созылуына әсер етеді. Осымен бірге пациенттерде егілеген препаратқа жеке өзгеріс жауаптары болуы мүмкін. Жансызданудың ұзақтығы егілген анестетик әдістеріне де байланысты болады.Анатомиялық ерекшеліктерде жансызданудың ұзақтығына және тереңдей енуіне әсер етеді.

Осындай ерекшеліктерге бетсүйегінің доғасы және альвеоларлы өсіндісінің қалыңдығы жатады. Үстіңгі жақ бірінші үлкен азу тіске жансыздандыру жасау кезінде бетжақальвеолярлы айдаршық негізінде орналасқан, әсіресе айдаршықтың төмен орналасуында келесі ерекшеліктерді білу керек:

Үстіңгі жақтың бірінші азу тісіне жансыздандыру жасауда инемен екі егу жасау керек. Бірінші егуді және анестетикті жіберуді екінші кіші азу тістің түбір ұшына жасау бірінші азу тістің медиальді ұрт жақ түбірінде жансызданудың болуын қамтамасыз етеді. Екінші егуді бетжақальвеолярлы айдаршығына тікелей жасау ұрт жақ дистальді түбірінде жансызданудың болуына әсер етеді. Егер үстіңгі жақтың бірінші азу тісінің таңдай түбірі қатты таңдайдың ортасына қарай көптеп ауытқыса дұрыс жасалған жансыздандыру мен сүйектің қалыпты қалыңдығы кезінде толық жансыздану болмайды. Бұл жағдайда таңдай түбірі проекциясына аз мөлшерде жансыдандырғыш анестетикті егу керек. Замануи улы әсері аз препататтар мен жаңа технологиялардың қолдануына қарамай кейбір жағдайларда адекватты жансызданудың болуына қол жеткізе алмайды. Қандайда бір стоматологиялық шаралар пациенттің жеке тұлғалық ерекшеліктерінің дәрежесінің айқындылығына қарай психикалық тепе-теңдігінің бұзылуына әсер етеді. Пациенттің психоэмоциональды өзгерістері стоматологиялық көмек көрсетуде кезекте отырған кезден бастап қорқыныш, үрей сияқты депресивті жағдайдың пайда болуымен сипатталады. Осының әсерінен пациентте гомеостаз бұзылады да жансыздануға кедергі жасайды.

Стоматологиялық науқастың психоэмоциональды ерекшеліктерін әртүрлі экспресс сауалнамаларды, психологиялық тестерді (тест Corah N.), сауалнамаларды қолдану арқылы анықтауға болады. Тістері емдеу кезіндегі ауру сезімі және соның нәтижесінде науқаста пайда болған қорқыныш пен үрей келесі емдеу кезіне теріс із қалдырады.Науқастарда пайда болған үрей гармональді орталықты өзгертеді: адреналин, норадреналин, глюкокортикостероидтар жоғарлайды, газалмасу мен қанайналымының өзгеруі емдеу шараларын жүргізуге қиындық туғызады.

Сондықтан стоматологиялық емдеу шараларын жүргізу кезінде болатын жалпы соматикалық асқынулардың алдын алу үшін және жансыздандыруды жеңілдету мақсатында қосарланған анестетиктерді қолдану керек.

 

3.3.ТІСТЕРДЕГІ БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ. КІРЕУКЕНІ ҚАЙТА МИНЕРАЛДАУ ТЕРАПИЯСЫ.

Тісжегіні дақты кезеңінде емдеу мүмкінідгі минералсызданған кіреукенің қайта минералдануы феноменіне негізделген.Қайта минералдау терапиясына құрамында кальций және фтор бар әртүрлі препараттарды қолданады.Фтор құрамдас препараттарды емдеу үрдісіне қосу жақсы нәтиже береді.

Е. В. Боровский және П. А. Леус ұсынған 10% құрамында глюконат кальций ерітіндісі бар әдіс тісжегінің дақты кезеңін емдеуде өте тиімді.

Қайта минералдаушы ерітіндіні зақымданған кіреуке бетіне 15-20 мин аппликация ретінде қояды. Емдеу курсы 15 процедурадан тұрады. Процедураны күн сайын немесе күнара жасайды. Егер глюконат кальций ерітіндісінен кейін кіреуке бетін 3 мин 2% фторид натрий ерітіндісімен өңдейтін болса емнің нәтижесі жоғары болады. Қазіргі кезде қайта минералдандырып емдеудің нәтижелілігін арттыру үшін аталмыш ертінділерді жарақат ошағына физикалық факторлардың көмегімен тереңірек және жылдамдата енгізуге болады. Ол үшін дәрілік электрофорездеу әдісін және дәрілік ертінділерді ультрадыбысты қолданып сіңіру тәсілдерін пайдалануға болады.

Тісжегінің дақты кезеңін емдеу үшін қазіргі кезде Е. В. Боровский мен Е. А. Волков жасаған екікомпонентті препарат жақсы клиникалық нәтиже береді..

Авторлардың ұсынған әдістемесі бойынша алдыменен зақымданған аймақты 3мин 10% кальций нитрат ерітіндісімен, ал содан кейін тісжегі дағы белбеуін 3 мин 10% фосфат аммонийдің қышқылды ерітіндісімен өңдейді.Емдеу курсы 5 процедурадан тұрады. Минералсызданған кіреукеге осы препараттардың компоненттерінің енуі нәтижесінде химиялық құрамы жағынан тістің қатты тіндерінің гидрокосиаппатитіне ұқсас аз еритін фосфорлы-кальций байланысы түзеледі.Қайта минералдау терапиясын жүргізу кезінде тіс беттері қіс қағынан тазалануы керек. Жоғарыда айтылған препараттарды қолдану нәтижесінде ақ тісжегі дақтары өзінің бортүстілігін жоғалтып, кіреуке түсіне сәйкес келеді. Емдеу шараларының нәтижелілігін бекітетін маңызды факторлар: ауызды дұрыс күту ережесін толық сақтау (тісжегі дағының бетінде қақ қайтадан пайда болмас үшін), тиімді құрамды тағамдық заттарды қабылдау, тамақ рационында көмірсулы тағамдар мөлшерін азайту және оларды бей-берекет қабылдай бермеу.

 

3.4.ТІСТЕРДІҢ ҚАТТЫ ТІНДЕРІН ЕГЕП ТАЗАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ. I КЛАСС БОЙЫНША ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУДЫҢ ЗАМАНУИ КӨЗҚАРАСЫ.

Бүгінгі таңға дейін тісжегімен зақымданған тістің қатты тіндерін егеп тазалау және пломбылау Блек ұсынған әдіс бойынша жүргізіледі. (Black G. V.).

Блек жүйесі бойынша 6 классты ажыратады. (3.3сурет):

I класс —үлкен азу тістер мен кіші азу тістердің және бүйір күрек тістерді тұйық тесігінде, табиғи сызаттар мен фиссураларда орналасқан тісжегі қуыстары жатады;

II класс —үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттерінде орналасқан тісжегі қуыстары жатады;

III класс —күрек және сүйір тістердің жанасу беттерінде тістеу қырының бұзылмауымен суреттедетін тісжегі қуысы жатады;

IV класс — күрек және сүйір тістердің жанасу беттерінде тістеу қырының бұзылуымен суреттелетін тісжегі қуысы жатады;

V класс —барлық тістердің мойын бөлігінде экватордан төмен вестибулярлы немесе оральді бетінде орналасқан тісжегі қуысы жатады;

VI класс — тістердің тістеу қыры мен төмпешіктерінде орналасқан тісжегі қуысы жатады;

Тістердің қатты тіндерін егеп тазалау әдістеріне жатады:

· механикалық- қолмен істейтін аспаптарды және борларды қолдана отырып егеп тазалау;

· химикалық-механикалық - тістің қатты тіндеріндегітісжегі үрдісі әсерінен жұмсарған зақымдалған ошақтарды химиялық препараттарды және қолмен істейтін аспаптарды қолдана отырып алу;

· ауалы абразивті немесе кинетикалық- тістің қатты тіндерін құмды ағыспен өңдеуге негізделген;

· ультрадыбыстық - арнайы бір беті алмазбен қапталған қондырғыларда ультрадыбыстық ұштық әсерінен пайда болатын ультрадыбыстық тербелісті қолдану

· лазерлік- лазер сәлесін қолдану арқылы;

Тістің қатты тіндерін механикалық егеп тазалау әдісі клиникалық жағдайда кеңінен қолданылады.

3.3.Сурет. Блек жүйесі бойынша тісжегі қуыстарының орналасуы.

 

Замануи талаптарға сәйкес тісжегі қуысын механикалық әдіспен егеп тазалаудың келесі ережелері бар:

•егеп тазалауға пациенттің жалпысоматикалық статусын есепке ала отырып алдын ала жансыздандырудан кейін жүргізу керек;

•тісжегі қуысын турбиналы ұштықтармен егеп тазалауды тістің қатты тіндерінің және тіс ұлпасының қызуынан сақтау мақсатында тек қана сулы салқындатумен қатар орындау керек;

•механикалық ұштықпен тістің қатты тіндерін қыздырмай, жұмсарған дентиннен борды тазалай отырып, абайлап тек кептірілген қуыста жұмыс істеу керек;

•тісжегі қуысында егеп тазаланғаннан кейін табанының қабырғаға қарай өтетін аймақтарында, акклюзиялық белбеуде, вестибулярлы және оральді беттерінде өткір қырлары болмауы керек;

•барлық егеп тазалаудан кейін қуысты межелік алмазды борларды (қызыл немесе сары жолақты борлар) қолдана отырып аяқтау қажет;

•40–градуста бұрышта көлемі 1,5– мм қиықты тек алдыңғы тістерді егеп тазалау кезіне алмазды межелік борлармен тістің қатты тіндерін қышқылдармен өңдегеннен кейін шағын ретенция жасау үшін;

Композиттің кіреукемен және дентинмен ретенциялану алаңы жабысқақтық жүйе арқылы тікелей 1000 нан астам болады. Тістің қатты тіндерін сау тіндер аймағына дейін егеп тазалаудың замануи қағидасы осы құбылысқа негізделген. Төмпешіктерді жабудағы қайта қалпына келтіру әдісі тіс сауытының әдеуір бұзылуы кезінде жүргізеді.

Бұл әдісте егеп тазалаудың ерекшелігі сау қалған бір төмпешікті 2,5мм ге дейін кесіп тастайды. Вестибулярлы жақтағы қабырғаны ортасына дейін немесе жиектік қызылиекке дейін кертпе жасай отырып егеп тазалайды.

Қайта қалпына келтіруде төмпешіктерді композитпен жауып эстетикалық жақсы және берік конструкция алады.

Қазіргі кезде тістің қатты тіндерін егеп тазалаудың бірнеше әдістерін қолданады. Ең көп тарау алғаны Блек ұсынған алдын алу үшін кеңейтілген әдісі. Бұл әдістің мағынасы тісжегі қуысын егеп тазалауда тістің қатты тіндеріндегі тісжегіге бейімді аймақтарын тісжегіге берік белбеуіне дейін кесіп алып тастайды. Блектің бұл қағидасы «алдын алу үшін кеңейту» (extention for prevention) мақсатына негізделген. Қуыстың пішіні пломбылауға мықты, ыңғайлы болып, пломбалық материалдың жабысуын қамтамасыз ету керек. Тістің қатты тіндерін осы әдіс бойынша егеп тазалау көбіне –көп сол болған пломбалық материалдар амальгамма мен цементтерге байланысты болды. Қазіргі кезде аммальгаманы қолдану кезінде Блек ұсынған классикалық әдісті қолданған жөн. Өткен ғасырдың ортасында

И. Г. Лукомский ұсынған биологиялық әдіс бойынша тістің қатты тіндеріндегі тісжегі ошағын тек зақымданған аймақта ғана алып тастау болды. Биологиялық әдіс клиникалық тәжірибеде шектелген түрде қолданылады. Себебі, бұл әдіс кезінде қуысты қалыптастыру және ретенциялық нүкте жасау сияқты қағидалар ұсталынбайды.Тісжегіні емдеу нәтижелігі көбіне тісжегі қуысын дұрыс егеп тазалауды сақтауға байланысты.Дұрыс қалыптастырылған қуыс пломбаның жабысуын және биомеханикалық параметрінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Тісжегі қуысын егеп тазалау кезеңдері.

Тісжегі қуыстарын егеп тазалаудың бірінші кезеңі қуысты ашудан басталады. Кезеңнің негізгі мақсаты зақымданған тіндерге визуальді және аспаптардың жақсы енуіне жағдай жасау. Қуысты ашу үрдісі кезінде бұзылмаған дентинмен шекараласпайтын кіреукенің шеткі салбыраңқы қырларын алып тастайды.

Келесі кезең қуысты «алдын алу үшін кеңейту» әдісі бойынша жүргізіледі.

Тістің тіндеріндегі тісжегіге бейімделген аймақтарын иммунда белбеуге дейін толығымен кесіп алып тастайды. Егер фиссуралар зақымданбаған болса, онда кіреуке деңгейінед ғана кеңейтіледі. Жұмсарған және пигменттелген дентинді толық алу некроэктомия кезеңінде жүргізіледі. Патоморфологиялық көзқарасқа байланысты осы кезеңде инфекцияланған, ыдыраған және минералсыздануға ұшыраған дентинді мөлдір және бүтін дентин белбеуіне дейін алынып тасталады.

Тісжегі қуысына пішін бер кезеңі. Қуысты қалыптастыру және пішін беру кезеңі пломбаның жақсы жабысуына және тістің қызметінің қалпына келуіне жақсы жағдай жасайды.

Қуыстың резистентті пішінді түрі егеп тазаланғаннан кейінгі тістің қатты тіндерінің және салынған пломбаның шайнау қызметі кезінде түскен қысымға берік болуын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдай пломбалық материалдың негізгі қасиетіне қарамай, негізгі пломбалық материалды тіс осіне қарай орналастырып, ал бүйір қабырғаларын тіс осіне параллельді, табанын тіс осіне перпендикулярлы орналастыруы нәтижесінде жеткізіледі.

Композиттерді қолдану барысында қуыстың ішкі контурын аздап тегістеу жасауды ұсынады. Тік және өткір бұрыштар жасауға болмайды. Қабырғалардың тіс қуысы табандарына қарай ауысуы бірқалыпты тегіс болуы керек. Табаны баспалдақты болуы да мүмкін.

Қуыстың ретенциялық пішінді түрі пломбаның жақсы жабысуы үшін қосымша мүмкіндіктерді қалыптастыру арқылы жүргізіледі. Бұл қосымша алаңның, конвергациялаушы қабырғалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Егеп тазалаудың соңғы кезеңі-пломбалық материалдың тістің қатты тіндеріне бейімделуі үшін қуыстың қабырғалары финирленуі керек.Тісжегі қуысының орналасуын, зақымданған тіннің ауқымын сырқатнамада толтыру үшін белгілі терминдерді қолдану керек. Зақымдану ошаіының орналасуын жазу үшін анатомиялық терминдерді қолданған жөн: окклюзиялық, медиальді, вестибулярлы, оральді ж.т.б. Егер тісжегі қуысы екі жанасу бетіне тарала орналасса және окклюзиялық беті зақымдануға ұшыраса, онда медиальді-дистальді-окклюзиялық деп сипаттап жазылады.

3.5. БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ

І кластық тісжегі қуыстарының пішіні тіске (кіші және үлкен азу тіс) және тісжегімен жарақаттанған табиғи сызаттардың орналасу ерекшеліктеріне де байланысты. Осыған сай қуыстың пішіні төрт бұрышқа, үшбұрышқа, ромбыға, цилиндрге және қосу белгісіне ұқсас болуы мүмкін. Кіші және үлкен азу тістердің шайнау бетіндегі тісжегі қуыстарын егеп тазалағанда барлық сызаттарын (фиссурларын) мұқият тексеріп, күмән туғыздыратын болса толық ашу керек. Үлкен азу тістің шайнау бетінде және ұрт жақ бетіндегі ойықта (тұйық тесік) тісжегі қуыстары болса және арасындағы тіндер жұқарып кетсе, оларды біріктіріп тазалауға және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, тік бұрышты жасап қалыптастыруға болды. Ал жоғарғы екінші күрек тістің таңдай жақ бетіндегі тұйық тесікте және төменгі үлкен азу тістердің ұрт жақ бетіндегі ойықтарда жеке дамыған тісжегі қуыстарын егеп-тазалаған кезде оларға цилиндрге ұқсас пішін береді.

Азу тістердің шайнау бетіндегі тісжегі қуысын және оның төңірегіндегі күмәнді сайларды қоса ашып егеп-тазалаған кезде олардың табандарының тереңдіктері бірдей болмауы мүмкін. Бұл жағдайда бұзылмаған тіс тіндерін сақтау үшін қуыстың табанын сатыға ұқсас етіп қалыптастырады. Егерде шайнау бетіндегі тісжегі қуысы бірнешеу (2-3) болса және олардың арасындағы қатты тіндерден туратын қабырға қалың болса, әрқайсысын жеке-жеке егеп-тазалап, пломбылайды.Егер зақымдану өте терең және ауқымды, әсіресе тісжегі үрдісі созылмалы болса, қуыстың табанында пигменттелген дентин қалдыруға болады.Зондпен тексергенде шықырлаған дыбыс шығу керек. Күмән туындатқан жағдайда тісжегімаркерін қолдану керек: егер дентин боялса, онда мұқият шар тәрізді бормен инфекцияланбаған дентинге дейін алынып тасталады. Бұл жағдайда тісжегі қуысының табаны әрдеңгейлі етіліп қалыптастырылып ағымы жоғары композиттік материалдармен тегістеледі.

Қуысты қалыптастыру кезеңі тісжегі қуысына пломбаның жақсы тұруының және функциональді салмақты әдеуір мықты қамтамасыз ететін пішін беру болып табылады. Осы кезеңде егеп тазалауды алмұрт тәрізді, жалын типтес алмазды борларды қолдана отырып ауалы-сулы салқындатумен жүргізеді.

Егер пломбалық материал ретінде амальгама, цементтер болса, онда егеп тазаланғаннан кейін тісжегі қуысы жәшік тәріздес, ал қабырғалары параллельді немесе дивергациялау болуы керек. Композиттік материалдарды қолдану кезінде қуыстың пішіні еркін қалыптастырылуы мүмкін. Қуыстың қабырғаларын финирлеу пломбалық материал мен тіс тіндері арасындағы шеттік өзара байланысты жақсы қамтамасыз етеді. Тістің қатты тіндерін ірідәнді борлармен егеп тазалау пломбалық материалдың тіс тінімен ретенциялануын жақсартады деген жалған мәлімет тұындаған.

Клиникалық және тексеру барысы бұндай борлармен егеп тазалау кезінде кіреуке бетінде сызаттар пайда болатынын, кіреуке призмасының бүтіндігі бұзылып, пломбаның шеттік жабысуы нашарлануы әсерінен асқынған тісжегінің дамитыны дәлелденді.Финирлеу межелік алмазды құйрық жағында қызыл немесе сары сақиналы, немесе 16 қырлы қаттықоспалы борлармен жүргізіледі.

Астыңғы жақтағы азу тістердің қуыс пішіні фиссуралардың орналасу пішініне қарай анықталады. Үстіңгі жақтың азу тістерінің фиссуралары ірі айдаршықтармен бөлінгендіктен қуыстарды бөлек қалыптастырған жөн.

Фиссуралар толық зақымдануға ұшыраған жағдайда қуысты таңдай бетіне қарай шығарады. Үстіңгі жақтың кіші азу тістерінде фиссураларын мезиодистальді бағыттан жиектік білікке дейін кесіп алып тастайды.Астыңғы жақтың кіші азу тістерінде екі біліктің болуы екі жеке бір –бірінен бөлек қуыс қалыптастыруды талап етеді. Астыңғы жақтың үлкен азу тістерінде вестибулярлы беттің тұйық тесігінде және үстіңгі жақтың бүйір күрек тістерінің таңдай бетіндегі тұйық тесігіндегі I класс бойынша орналасқан қуыстың пішінін сопақша немесе дөңгелектеу етіп қалыптастырады.(3.4 сурет).

 

3.4.Сурет. Блек бойынша I класс тісжегі қуысын егеп тазалау нұсқалары

 

3.6. БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ

Үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттері тісжегі үрдісіне шалдыққан кезде Блек жүйесі боынша тісжегі қуысы қалыптастырылады. Тісжегі қуысы алдыңғы жанасу бетінде немесе екі жанасу беттерінде орналасуы мүмкін. Екінші кластық тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың бірнеше ерекшеліктері бар. Егерде көрші тіс болмаған жағдайда тісжегі қуысына еркін енуге мүмкіншілік болса, оны шайнау бетіне шығармай-ақ егеп тазалайды және дайын қуыстың пішіні төртбұрышқа ұқсас, домалақ немесе сопақ пішінді болуы мүмкін. Көрші тіс болған жағдайда немесе қуысқа еркін ену мүмкіндігі бола тұра, оның шайнау жақ қабырғасы өте жұқа болса, тісжегі қуысын шайнау беті арқылы ашады. Алмасты немесе қатты қоспадан жасалған өткір борлардың көмегімен қуыс үстінен тесік жасап барып, оны кеңейту арқылы қуысқа енеді. Одан кейінгі шараларды тісжегі қуысын егеп-тазалаудың кезеңдеріне сай жүргізеді және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, тік бұрышты жасап қалыптастыруға болады.

Бұл кезде қуыстың табаны тік және жазық болады, қызыл иек жақ қабырғасы табанына тік бұрыш немесе сүйір бұрыш жасай орналасқаны жөн (қызыл иек бүртігін жарақаттап алмас үшін). Қатты тіндерге аса көп күш түсірмеу үшін қуыстың табаны мен қызыл иек қабырғасының қосылған жеріндегі бұрышты аздап доғалдандыруға болады. Мұндағы тағы бір ерекшелік, шайнау күшінің тіс тіндері мен пломбыға тепе-тең бөлініп, пломбының ұзақ тұруы үшін қосымша алаң жасау қажет. Қосымша алаң шайнау бетінің ұзындығының ⅓-½ бөлігіне, ені негізгі қуыстың еніне тең болуы, ал тереңдігі кіреуке-дентин шекарасынан 1-2 мм төмен орналасуы керек. Қосымша алаңның пішіні әртүрлі (тік бұрышқа, трапецияға, қарлығаштың құйрығына ұқсас) болуы мүмкін. Егер үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттерінің екеуінде де тісжегі қуысы пайда болған болса, онда оларға шайнау бетінде ортақ қосымша алаң жасалады.

Аталған тістердің жанасу беттерінде сауыт экваторынан төмен орналасқан тісжегі қуысын көрші тіс болмаған жағдайда V класқа тиісті ереже бойынша егеп-тазалайды, ал көрші тіс болған кезде біраз бұзылмаған қатты тіндерді егеп ала отырып, шайнау бетіне шығаруға тура келеді. Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын ұлғая қабынған қызыл иек бүртігі жартылай немесе толық жауып қалуы мүмкін. Бұл кезде егеп-тазалауға қызыл иек бүртігін кесіп, немесе диатермокоагуляциялап алып тастағаннан кейін кіріседі.

Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын тоннельдік реставрациялау әдісін қолдана отырып егеп- тазалауға болады. II класс бойынша орналасқан тісжегі қуысын пломбылау ең күрделі мануальді операция болып табылады.

II класс бойынша орналасқан қуысты пломбылау кезінде жіберілетін қателіктер:

•көрші тіспен пломба арасында тығыз жанасудың болмауы ас қалдықтарымен қызылиектің жарақаттануына ықпал етеді;

•жанасу нүктесі тіс айдаршығының жиектік деңгейінде орналасқан;

• мойын бөлігінде салбыраңқы жиек жасау қызыл иектің жергілікті қабынуын тұындатады;

•мойын бөлігінде материалдың дұрыс жабыспауы екіншілік тісжегінің дамуына ықпал жасайды.

Қандай да бір матрицалық жүйені және сыналарды арнату ауру сезімімен жүреді, сондықтан әрқашанда алдын ала жансыздандыру жүргізілуі тиіс.

Блек жүйесі бойынша II класс тісжегі қуысын егеп тазалау нұсқалары 3.5.суретте берілген.

 

3.5.Сурет. Блек жүйесі бойынша II класс тісжегі қуысын егеп тазалау нұсқалары: а —МО қуыс; б —МОД қуыс.

 

БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН АШУ ВАРИАНТТАРЫ

Ашу жолдары Кемшіліктері
тігінен Вестибулярлы және тілдік Қызыл иектік туннельді
Көрші тістер болмаған кезде және екі тістердің арасын ашу кезінде қолданады. Тістердің араларын ашу үшін интердентальді сыналарды қолдануға болады. Ірі, клиникалық сауыттарды биік тістерде қолдануға болады. Горизонтальді туннель түріндегі қуысты тісжегі қуысына параллельді жатқан окклюзиялық бетке қарай вестибулярлы немесе тілдікбеттен ашады. Тісжегі қуысы пародонт ауруларының ықпалынан тістердің түбірлерінде жартылай қызылиек рецессиясы орын алған жағдайда жанасу беттерінде орналасқанда қолданады. Туннельді егеп тазалауды окклюзиялық беттен бастайды. Егеп тазалауды шайнау бетінен бастайды.Қуысқа енуді жиектік айдаршық алдында үшбұрыш тәрізді фиссуралардың соңында орналасқан тұйық тесікте жасайды. Қуыстың пішіні зақымдану ошағына бағытталған туннель тәріздес. Жоғарыда айтылған тәсілдерді өте сирек қолданады. Вестибулярлы және оральді ену жолдары зақымданған ошақтағы патологиялық үрдіске ұшыраған тіндерді толық алуды қамтамасыз етпейді.Тікелей тістердің араларын аша отырып егеп тазалау кезінде қуысты толық бақылып отырып тазалау мүмкіндігі шектеледі. Туннельді ену кезінде тіс қуысын ашып алу қауіпі болады.

 

II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ПЛОМБЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

М атериалдар Қолдану тәсілдері Мақсаты
Гамма -2 фазасыз капсуладағы күміс амальгамасы Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Қуысқа порциямен арнайы амальгаманы тасымалдауға арналған пистолетпен алып енгізеді. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық параметрін қалпына келтіру
Микрогибридті композиттік ма- териалдар, соның ішінде нанотехнологияны қолдана отырып жасалған материалдар Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Қуысқа қабаттай қою технологиясын қолданады. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Конденсияланған ком- позиттік материалдар Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Қуысқа қабаттай қою технологиясын қолданады. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Төменмодульді (ағымды) ком- позиттік материалдар. Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Для лучшей адаптации матрицы к зубу и гибридных материалов
Үлкен тісжегі қуыстарын пломбылауға арналған шыныполиалкинатты қысқартылған цементтер Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық параметрін қалпына келтіру
Керамикалық вкладки Екі тәсілде қатаятын композиттік материалдарды қолданады. Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру

 

3.7. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША III КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ

III класс тісжегі қуысына тіс сауытының тістеу қыры бұзылмаған күрек және сүйір тістердің жанасу беттерінде орналасқан қуыстар жатады. III класс тісжегі қуысын егеп тазалауда үш тәсіл қолданады.

Тікелей ену жолын қасында тұрған көрші тіс болмаған жағдайда немесе үлкен диастема мен тремалар немесе II класс бойынша егеп тазаланған қуыс болған кезде қолданады

Оральді ену жолы көрші тістердің тығыз орналасуы кезінде вестибулярлы беттің бүтіндігін сақтап қала отырып егеп тазалауда қолданады. Мұның өзі эстетикалық мән жағынан үлкен орын алады. (. 3.6 сурет).

Вестибулярлы ену жолы егер тісжегі қуысы оральді беті жақсы сақталып, ал вестибулярлы беті зақымдаған болса қолданады.

III класс тісжегі қуысын егеп тазалау

Үшінші кластық тісжегі қуысын егеп-тазалаудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер оның орналасу жағдайына және жарақат ошағының аумағына байланысты. Егер тісжегі қуысына еркін ену мүмкіндігі болса, жарақат ошағына сай оған үшбұрыш пішін бере отырып егеп-тазалайды. Тістер тығыз орналасқан және көрші тіс болған жағдайда тісжегі қуысына жол ашып алады. Ол үшін таңдай немесе тіл жақ бетінен тісжегі аймағындағы бұзылмаған кіреуке мен дентин қабатын алып тастап, қуысты аталмыш беттерге шығарып алғаннан кейін ережеге сай егеп-тазалайды. Қуыстың ерін жақ қабырғасындағы бұзылмаған кіреукені барынша сақтап қалуға тырысу керек.

Үшбұрыштың табанын қуыстың қызыл иек қабырғасы, екі бүйір қабырғаларын ерін және ұрт немесе тіл жақ қабырғалары құрайды, ал шыңы тістеу қырына бағыттала орналасады (сурет -3). Егер тісжегі әсерінен тістің тек жанасу беті ғана емес, ерін және тіл жақ беттері

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: