Тістердегі тісжегі теориясы 5 страница

   

Осы жас арасындағы топтарда тұрақты тістерді емдеу негізінен алдын алу шараларын жүргізумен, тұрақты азу тістердің табиғи сызаттарын герметизациялау (52%), қайта минералдану терапиясын тағайындау (51%), содан басқа бір бетін пломбылауа (13%) және екі бетін пломбылау (5%) құрады.

12- сында жастағы топ арасында тістерді пломбылау мұқтаждығы (46% — бір, 21% — екі және одан да көп беттерін) артса, эндодонтық ем жүргізу және тұрақты тістердің жұлынуы (8 және10% сәйкес), ал алдын алу шараларын жүргізуді талап ету көрсетілімі (тұрақты екінші азу тістердің табиғи сызаттарын герметизациялау) (48%) құрайды.

15- жастағы жеткіншектер арасында жоғарыда айтылған стоматологиялық көмек көрсету түрлерін жүргізіуді қажет етеді. Соның ішінде ортопедиялық ем жүргізу-жасанды сауыт жасауды да кажет етіп отыр.

Ересек халықтар арасында тістеріне пломба қойғызуды, жасанды тіс сауытын немесе протез түрлерін жасауды (55%), тістерді жұлуды (23%), ал егде адамдарда негізінен протездеуді (63%), ал тістерін жұлуды (35%) қажет етеді.

2.4. ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

Жергілікті факторлар:

•тіс қақтарының болуы (ауыз қуысының гигиенасының қатағаттандарарлықсыз болуы);

•тамақ рационында жеңілферменттенетін көсірсулардың жоғары болуы;

•ауыз сұйығының сандық және сапалық құрамының өзгеруі;

•кіреукенің тісжегіге беріктілігінің төмен болуы;

•тұрақты тістерде олар жарып шығу кезеңінде кіреуке сызаттарының минералдануының толық аяқталмауы;

•тіс қақтарының тұруына жағдай тұғызатынфакторлардың (тістердің тіс қатарында ауытқи орналасуы, алындайтын ортодонтиялық және ортопедиялық құрылымдар, пломбаның жиектік шеттері ж.т.б.).

Жалпы факторлар:

• ауыз суында фторидтердің мөлшерінің төмен болуы;

• минералды заттардың алиментарлық (алдыменен кальций және фосфат) тапшылығы, дұрыс тамақтанбау, дәрумендердің жетіспеушілігі;

• тұлғадағы соматикалық аурулар (асқазан ішек жолы патологиясы, эндокриндік жүйе патологиясы),зат алмасудың бұзылуы, бет –жақ аймағының туа біткен аномалиялары;

• организмге экстемальді әсер ету, күйзеліс;

• экологиялық жағдайдың әсер етуі;

Төмендегі топтарда тісжегінің пайда болу қауіп дәрежесі өте жоғары:

• жүктілік және 0-3 жасқа дейінгі балалар арасында;

• тұрақты тістері шыға бастау кезіндегі балаларда;

•ауыз қуысы гигиенасы күтімі қиындаған адамдарда (тістердің тіс қатарында ауытқи орналасуы, алындайтын ортодонтиялық және ортопедиялық құрылымдар,ж.т.б.);

• қауіпті өнідірісте жұмыс істейтін жұмысшылар арасында ра (химиялық,

кондитерлік.).

2.4.1. ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ҚАУІПІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ.

АУЫЗ ҚУЫСЫ ГИГИЕНАСЫ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

Тіс қақтары ауыз қуысынстоматологиялық зондтың көмегімен және арнайы индикаторлық заттарды қолдана отырып немесе визуальді қарау арқылы анықтауға болады

1) құрамында эритрозин бар препараттар немесе ерітінділерді қолдану арқылы; фуксин (таблетка Ѓб Espo-Plak Ѓв (Ѓб Paro Ѓв), Ѓб Red-

Cote Ѓв (Ѓб Butler Ѓв), тіс қағын анықтауға арналған ерітінді (Ѓб PresiDENT Ѓв) және басқалар.;

2) йодқұрамдас ерітінділер (Люголь, Шиллер–Писарев ерітіндісі) (2.4сурет);

3) ультракүлгін сәуле арқылы тіс қақтарын анықтау үшін қолданылатын құрамында флюоресцин бар препараттар.

 

Рис. 2.4. Шиллер–Писарев ерітіндісімен боялған тіс қақтары

АУЫЗ ҚУЫСЫ ГИГИЕНАСЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН СЫНАМАЛАР (ИНДЕКСЫ).

1. Ерте жаста балаларда тіс қақтарын анықтау сынамасы

(тіс шыққаннан бастап момента 3 жасқа дейін) (Кузьмина Э. М., 2000).

Сынаманы бағалау үшін визуальді немесе стоматологиялық зондтың көмегімен ауыз қуысындағы барлық тістерде тіс қағының бар немесе жоқ екенін анықтайды.

Кодтар және бағалау критериі:

0 —қақ жоқ;

1 — тіс қағы бар.

Сынаманы есептеу:

 

ИС — ерте жастағы балалардың гигиена сынамасы.

Нәтижесін талдау

Сынаманың мағанасы Гигиена деңгейі
  Жақсы
0,1–0,4 Қанағаттанарлық
0,5–1,0 Нашар

2. Федоров–Володкин сынамасы (1971).

5-6 жас аралығындағы балаларда ауыз қуысы гигиенасын бағалауға ұсынылған сынама. Сынаманы бағалау және жүргізу үшін алты алдыңғы тістердің вестибулярлы бетін бояйды. 83,82,81,71,72,73 сүт тістер..

Кодтар және бағалау критериі:

1 — боялмайды;

2 — тіс сауытының 1/4 беті боялады;

3 — тіс сауытының 1/2 беті боялады;

4 — тіс сауытының 3/4 беті боялады;

5 — тіс сауытының бет толық боялады.

Сынаманы есептеу:

ГС — Федоров–Володкиннің гигиена сынамасы.

Нәтижесін талдау

Сынаманың мағанасы Гигиена деңгейі
1,1–1,5 жақсы
1,6–2,0 қанағаттанарлық
2,1–2,5 қанағаттандырарлықсыз
2,6–3,4 нашар
3,5–5,0 Өте нашар

3.Ауыз қуысы гигиенасының нәтижелігін бағалау сынамасы РНР (Podshadley A. G., Haley P., 1968).

Сынама жүргізіледі:

16, 11, 26, 31 — вестибулярлы беттерінде;

36, 46 — оральді беттерінде.

Сынама жүргізетін тіс болмаған жағдайда аттас топтағы көрші тістерді бояйды. Тістің тексеру жүргізетін бетін 5 –ке бөледі.

 

 

1 — медиальді; 2 — дистальді;

3 — орталық-окклюзиялық;

4 — орталық;

5 — орталық- мойын бөлігі.

Коды и критерии оц

Кодтар және бағалау критериі:

0 — боялмайды;

1 — әртүрліқарқынды боялу.

Сынаманы есептеу:

РНР — ауыз қуысының гигиенасының нәтижелігі сынамасы

Нәтижесін талдау

Сынаманың мағанасы Гигиена деңгейі
  Өте жақсы
0,1–0,6 Жақсы
0,7–1,6 Қанағаттанарлық
1,7 жоғары қанағаттандырарлықсыз

 

4. Ауыз қуысы гигиена сынамасы ИГР-У

(OHI-S — Oral Hygiene Index-Simplifi ed; Greene J. S.,Vermillion J. K., 1964).

Тіс қақтары (сынама жүргізілетін тістер бетін арнайы индикаторлық ерітіндімен бояу)және тіс тастарын (сүңгілеп тексеру әдісі) анықтайды.

Сынама жүргізілетін тістер:

16, 11, 26, 31 — вестибулярлы беттері;

36, 46 — оральді беттері.

Тіс қағын бағалау коды және критериі:

0 — тіс қағы анықталмады;

1 — тістің бетін 1/3 ге дейін жауып тұрған жұмсақ тіс қағы немесе пигменттелген тіс қағы;

2 — жұмсақ тіс қағы тістің 1/3 немесе 2/3 бетін жауып тұрады;

3 — жұмсақ тіс қағы тістің 2/3-тен көп бетін жауып тұрады.

Тіс тастарын бағалау коды және критериі:

0 — тіс тастары анықталмады;

1 — тістің 3/1 бетін жауып тұрған қызылиек үсті тіс тастары;

2 — тістің 1/3, бірақ 2/3 бетінен аз бетін жауып тұрған немесе тістің мойын бөлігінде орналасқан тіс шөгінділері мен қызылиек асты тастары;

3 — тістің 2/3 бетерінен артық бөлігін жауып тұрған қызылиек үсті тіс тастары немесе тістің мойын бөлігін қоршай орналасқан қызылиек асты тастар мен шөгінділер.

Сынаманы есептеу:

Нәтижесін талдау:

ИГР-У мағанасының қосындысы Гигиена деңгейі
0–1,2 жақсы
1,3–3,0 қанағаттанарлық
3,1–6,0 нашар
Тіс қақтары мен тіс тастарының көрсеткіштері Гигиена деңгейі
0–0,6 жақсы
0,7–1,8 қанағаттанарлық
1,9–3,0 нашар

5. Тістердің апроксимальді беттеріндегі қақты анықтау сынамасы

API (Lange D. E., Plagmann H.,1977).

Бояу арқылы тістердің жанасу бетіндегі және тістераралық аралықтағы тіс қақтарын анықтайды.

 

II және IV квадранттар— вестибулярлы беттер, I және III квадранттар — с оральді беттер.

 

Бағалау критеиі:

0 — қақ жоқ;

1 — тістераралық аралықта қақтар бар.

Сынаманы есептеу:

API — тістердің апроксимальді беттеріндегі қақтар сынамасы.

Нәтижесін талдау:

Сынамалар мағынасы, % Гигиена деңгейі
25-дан аз Оптимальді
25–39 Қанағаттанарлық (қадағалап отырып тістерді тазалау кеңесі беріледі)
40–69 Қанағаттанарлықсыз (ауыз қуысы гигиенасын үйрету және қадағалап отырып тазалау)
70–100 Мүмкін емес, болмайды. (ауыз қуысы гигиена деңгейіне түзетулер жүргізу шаралары және пародонт тініндегі қабыну үрдісін жою емдік алдын алу шараларын жүргізу)

2.5. ТІС ҚАҚТАРЫ МЕН АУЫЗ СҰЙЫҚТЫҒЫНЫҢ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ

Сілекейдің бөліну жылдамдығын анықтау. Сілекейді ас қабылдағаннан кейін 1,5 -2 сағ соң жинауды ұсынады. Пациентке осы уақыт ішінде сағыз, конфет, шылым шегу, көп су ішпеу, ауызын шайқаумау туралы кеңес беріледі.

Ынталандырылмаған сілекей бөліну жылдамдығын анықтау үшін пациент 5 мин ішінде арнайы пробиркаға ауыз қуысындығы сілекейді түкіріп отырады.

Ынталандырылған сілекей жылдамдығын пробиркаға парафинді шарды шайнау кезінде бөлінген сілекейді жинау арқылы анықтайды.

Екі жағдайда да жиналған сілекейдің көлемін және жылдамдығын анықтайды. (мл/мин).

Қалыпты:

• ынталандырылмаған сілекей бөліну жылдамдығы — 0,2–0,5 мл/мин тең;

• механикалық ынталандыру арқылы — 1–3 мл/мин.

Сілекейдің тұтқырлығын анықтау. Тестті ашқарын немесе тамақтан кейін 3 сағ кейін арнайы Освальд визкометрінің көмегімен жүргізеді. Өлшеуді үш қайтара жүргізеді.

Қалыпты — 4,16 бірлік; сілекейдің тұтқырлығының 2 есе көбейуі кіреукенің тісжегіге беріктігі төмен екенін дәлелдейді.

«CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау.

Жүйеде тестік индикаторлық жолақты және бақылаушы градациялық шкала болады. Ынталандырылған сілекей тамшысын залалсыздандырылған тамызғышпен тестік жолақты жастықшаға тамызады. 5 минуттан кейін жолақтағы түстің нәтижесін түстік кестенің түсімен салыстырып бағалайды.

(2.5сурет).

Индикаторлық жолақтың түсі:

көк (рН >6,0) — жоғары (қалыпты) буферлық сыйымдылық;

жасыл (рН=4,5–5,5) — орташа (қалыптан төмен) буферлық сыйымдылық;

сары (рН <4,0) — сілекейдің буферлық сыйымдылығы төмен.

Ескерту: Егер боялу біркелкі болмаса онда нәтижені ең төмен мағынамен талдайды.

 

2.5. Сурет. Сілекейдің буферлық сыйымдылығын «CRT buffer» жүйесі көмегімен анықтау.

Ауыз сұйықтығының және тіс қақтарының рН-метрі.

Ауыз сұйықтығының және тіс қағының рН-ын рН-селективті электрод көмегімен анықтайды. 20 мл аралас сілекейді ашқарын таңертең жинайды.

Бір үлгіні үш қайрата тексеріп. орта көрсеткішін есептеп шығарады.

Ауыз сұйықтығының рН-ын тікелей пациенттің ауыз қуысында тіласты аймағына электродты қою арқылы өлшеуге болады. (тыныштық кезінде — 6,8–7,4 тең, қалыпты; ал рН 6,0 аз болса сілекей кіреукеде минералдану үрдісінің бұзылуына әсер етеді).

Тіс қағының рН анықтау үшін тісті арнайы мақта білік көмегімен сілекейден бөлшектеп, ауамен кептіреді. Электродты тістің мойын бөлігінің вестибулярлы және оральді жағына орнатып, прибордың көрсетілімін анықтайды. (тыныштық жағдайда 6,5–6,7 тең, қалыпты, тіс қағының рН мағынасының төмендеуі- 5,5–5,7 кіреукеде минералдану үрдісінің бұзылуына әсер етеді.

Тісжегіні туындатушы бактериялардың санын (S. mutans и Lactobacilli)

«CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау.

Ынталандырылған сілекейді немесе тіс қағының үлгісін жинап, агармен жабылған пластинаға сеуіп, (S. mutans немесе Lactobacilli селективті қоректі орта), 37 oС температурада. 48 сағ өсіреді.

Агар бетіне өскен колония тығыздығын эталонды кестеде берілген тығыздық мағанасымен салыстырады. S. Mutans және Lactobacilli колония тығыздығы 105 КОЕ/мл көп болса тісжегінің пайда болу қауіп дәрежесі өте жоғары екеіне айғақ болады. (2.6 сурет).

Ескерту. Тексеру алдында пациенттер антибактериальді шайқауыштарды қолданбау керек және мамандандырылған ауыз қуысы гигиенасын жүргізуге болмайды.

Тістерде тіс жегінің алдын алу шараларын жүргізуде көптеген жетістіктерге жетсек те бұл ауру әлі күнге дейін әлемнің көптеген елді мекеннің денсаулықсақтау ұжымына, әсіресе қалпына келтіру емінің бағасын0ың күрт өсуіне және кеәбір жалпысоматикалық аурулардың тісжегімен асқынулурының өзара байланысының жаңа дәлелдермен толығуына байланысты күрделі мәселе болып отыр.

2.6.Сурет. Lactobacilli колониясының тығыздық нұсқалары, «CRT bacteria»жүйесі көмегімен анықталған.

Тістерді қарап тексеру нәтижесін тіркеудің оңтайлы және қысқа болуы үшін арнаулы тістерді белгілеу үлгісін (зубная формула) толтырады. Тістерді белгілеу үлгісінің бірнеше жүйесі бар. Ертеректе қолданылып келгені – Зигмонд-Палмер 1876 ж. ұсынған австралиялық үлгі. Бұл үлгі бойынша екі жақ сүйектерін түзулер арқылы төрт шаршыға бөледіде 1 ден 8 ге дейінгі цифрлармен белгіленеді. Көлденең түзу тістердің жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне тік түзу олардың оң және сол жақ бөліктеріне жататындығын көрсетеді.Тұрақты тістерді белгілеу үшін араб цифрын, ал сүт тістерді рим цифрымен белгілейді.(2.7 сурет).

Қазіргі кезде цифрлық жүйені қалдану өте қолайлы болып табылады.

Дүние жүзінде Халықаралық стоматолгтар федерациясы (FDI) ұсынған жүйені кеңінен қолданады. Бұл жүйені ДДҰ және Халықаралық стандартау Ұжымы ХСҰ қолдануды ұсынып отыр.

Зигмонди жүйесіне негізделген бұл жүйе екі жақ сүйекті 4 шаршыға бөледі де, тістердің реттілік санының алдына шаршының нөмірін қояды.

Мысалы, 21 саны жоғарғы сол жақ бірінші күрек тісті білдіреді, 48 саны төменгі оң жақ үшінші үлкен азу тісті көрсетеді. Уақытша тістер үшін шаршылардың нөмірі 5, 6, 7, 8 сандарымен белгілейді және тістер реттілігін араб сандарымен көрсетеді.

Міне сондықтан бұл жүйеде әр тіс екі цифрмен белгіленеді: бірінші цифр-квадрант номері, ал екінші цфр – квадранттағы тіс номері. Мысалы, үстіңгі жақтың екінші сол жақ кіші азу тісі -24 цифрымен белгіленеді, ал үстіңгі сол жақ уақытша бүйір тіс -62 цифрымен белгіленеді. (. 2.8сурет).

2.7. Сурет. Зигмонд-Палмер жүйесі.

2.8.Сурет. FDI жүйесі.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: