Істердегі тісжегі теориясы 6 страница

   

Кіреуке ішінде минералсыздану ошағының ұзақ сақталуы төзімді сыртқы қабаттың ішінен біртіндеп еріп жойылып тісжегі қуысының пайда болуына әкеп соғады. Сонымен қатар тісжегі қуысы басқа жолмен де пайда болуы мүмкін. Астыңғы қабаттағы минералсыздану үрдісі дамыған сайын сыртқы қабат жұқара келе механикалық әсерлерден сыныуы барысында кіреукеде ақау немесе тісжегі қуысы пайда болады.

Тісжегі үрдісінің бастапқы белгілерінің дамуында тістің қатты тіндерінің тұрақтылығының (резистенттігінің) үлкен маңызы бар. Бұл тұрақтылық олардың құрылымдылық, химиялық құрамдық ерекшеліктерімен және генетикалық ізқуарлығымен қамтамасыз етіледі.

Клиникалық –экспериментальді зерттеуде бұл Стефан қисығында жақсы көрсетілген. (2.9 сурет).

Тістердің тісжегіге беріктілігі оның химиялық құрамының, құрылымының, кіреуке өткізгіштігінің және тістің басқа тіндерінің толық қалыптасуы кезінде орын алады.Ауыз сұйықтығының көлемі және оның минералдаушы потенциалының тістің тісжегіге берік болуында маңызы зор.

2.9. Сурет. Стефан қисығы.

2.7. ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ.

Кіреуке бетінде қаратласа орналасқан өсінділер бар екені мәлім. Кутикула кіреуке ағзасының редуцияланған эпителиі болып табылады. Тіс шыққаннан кейін кутикула тамақ шайнау кезіндегі үйкеліс әсері нәтижесінде жойылады және кіреукенің беткейасты қабатында жартылай сақталады. Тістің қызмет атқаратын бет бұдан кейін сілекей әсерінен дамитын ақуыздыкөмірсулы кешеннен тұратын пелликуламен (жүре пайда болған кутикула) жабылады.

Пелликула кіреуке бетімен оның беткі қабатына ене тығыз байланысқан.

Пелликула бетіне қалыптасқан тіс қағы,кіреуке бетіндегі жұмсақ шөгінділер келесі беттік өсінді болып келеді. Бұл субстанцияларды белгілеу үшін келесі «тіс тоғасы» «биоқабық» терминдерін қолданады.

Көбіне –көп тіс қақтары мықты тісжегі туындырушы фактор ретінде жүреді. Сондықтан тіс қақтарын мұқият және тұрақты тазалап алып тастап тұру керек.

Тіс қағының қалыптасуының маңызды кезеңі іртүрлі типтес микроорганизмдердің матрица бетіне шоғырлануы. Бұл микроорганизмдердің бір-бірімен және организммен қарым-қатынасы тіс қағында айқын микробтық гомеостазбен қамтамасыз етеді, ал бірақ тіс және пародонт тіні бүтіндігі бұзылмайды.

Бұл тепе-теңдіктің сыртқы және ішкі қолайсыз факторлардың әсерінен бұзылуы патологиялық үрдістің дамуына, мысалы тісжегінің пайда болуына алып келеді. Тіс қағындағы әртүрлі микроорганизмдердің ішінде шынайы тісжегі туындатушы ретінде қышқылтүзеуші микроорганизмдердің маңыздылығын қарастыру керек.

Замануи көзқарасқа сүйенсек тісжегі үрдісіндегі инфекциялық агентке жататын St. mutans және Lactobacilli –лардың қышқылтүзеуші штаммдары

Болжам бойынша St. mutans тісжегіде кіреукенің минералсыздануын бастаушы болып саналады. Лактобациллаларүрдіске кейіннен тісте тісжегі ақауы кезеңі басталғанда қосылады.

Тіс қақтарының пайда болуы, құрамы, қызметі, қасиеті ауыз қуыс жағдайымен және организммен тығыз байланысты. Тіс қақтарының тісжегі тұындатушы потенциалы тамақта көмірсуларын көп қолданғанда, ауыз суында фтордың жетіспеушілігінде, ауыз қуыс гигиенасының нашар болуы кезінде жүзеге асады.

Тіс қағының құрамы және касиеті сілекеймен тығыз байланыста. Тістердің тіс жегіге бейімділігі немесе беріктілігі сілекейдің мына параметріне қарай анықталады: бөліну жылдамдығы, буферлік сыйымдылығы, сутекті иондардың концентрациясы (рН), органикалық және минералдық компоненттердің болуы. Тістердің сілекеймен шайылуы үрдісі кезінде тіс қағы және тіс тіндерінің клиренсі жүзеге асады. Тіс кіреукесі және сілекей арасында кальций және фосфат иондарының алмасуы жүруі нәтижесінде кіреуке қабаты бетінде, тіс қағында және сілекейде тепе-теңдік орнайды. Бұл сілекейдің кальций және фосфор ионымен қанығуына әсер етеді.

Тістерді тісжегіден қорғауда сілекейдің буферлік сыйымдылығы үлкен роль атқарады және қышқылдардың, сілтілердің бейтараптануын қамтамасыз етеді. Сілекейдің буферлік қабілетінің негізін карбонаттар, фосфаттар және ақуыздар құрайды.

Сілекейде көміртекті иондардың концентрациясы бейтарап диапазонда болады. Тіс қағындағы рН тісжегі тұындатушы жағдай болмағанда сілекейдің рН –на тең және үлкен дәрежеде сілекейдің буферлік жүйесінің бақылауында лсызданудың тоқтауы болады.

Одан басқа сілекейдің буферлік қабілетіне қарай кіреуке бетінде пайда болған тісжегі ошақтарында қайта минералдану үрдісінің жүруі және ары қарай минералсызданудың тоқтауы мүмкін.

Сілекейдің қорғаныс қызметі. Сілекейдің минералдаушы қасиеті бар. Сілекей бездерінің қызметінің бас және мойын ісіктерін үлкен сәуле дозасымен емдеуде тоқталуы кезінде гүлденген тісжегінің дамуы бірден бір тікелей дәлелдеуші айғақ болады.

Бұндай тісжегі бірнеше апта ішінде тістердің тісжегіге бейім беттерін зақымдап, тістердің құрылымының толық бұзылуын тұындатады.

Тістерді тісжегіден қорғауды қамтамасыз ететін сілекейдің негізгі қасиеттері:

• ауыз қуысына тамақпен түскен көмірсуларының клиренсі және араласуы;

• тіс қағындағы қышқылдарды бейтараптандыру;

• тістің қатты тіндерінің қайта минералдануының иондық бастауы;

Адам тістерінің сілекейде ерімейтін себебі, ол кальций, фосфат және гидрооксил иондарымен қаныққан. Тістердің минералды фракциясы негізінен осы иондардан тұрады. Динамикалық тепе-теңдікте сілекейдің кальций және фосфат иондарымен қанығуының алмасу үрдісі минералсызданудан толық қорғайды. Тіс қағындағы рН өте төмен болғанда, гидроксил және фосфат иондарының концентрациясы критикалық мағанадан төмен болу үшін сілекейдің толық қанығу жағдайы орын алады.

Кіреуке өткізззгіштігі. Тістің қатты тіндері және әсіресе кіреуке өткізгіштігі тексеруге жеңіл бірден-бір физиологиялық қасиеті болып саналады. Кіреукенің өткізгіштігі көптеген факторлар мен шарттарға тәуелді.

Кейбір иондар кристалдар ішінде еніп, кристаллішілік алмасуға қатысатыны жайлы мәліметтер бар. Мысалы фтор кіреукенің беті қабатынан гидроксиапатитінің кристалдарының гидроксил иондарын ығыстырып, оның қышқылға беріктігін арттырады

Кіреукеге заттардың тереңдене және жылдам енуіне тістің қатты тіндерінің минералдану дәрежесі әсер етеді. Содан басқа физикалық және химиялық факторлардың әсер етуінен кіреукенің өткізгіштік деңгейі де өзгеруі мүмкін. Кіреукеге заттардың бойлай және жылдам енуі енуші заттардың сипатына, оның тіспен жанасу уақытына байланысты болады.

Фтор ионы кіреукеге 15-80 мкм дейін енеді.

2.8. ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ ЖҮЙЕСІ

Отандық стоматологиядатісжегінің топографиялық жүйесі кеңінен қолданылады

1. Бастапқы тісжегісі немесе дақты кезеңдегі тісжегі.

2. Беткей тісжегсі

3. Орта тісжегісі.

4. Терең тісжегісі.

ДДҰ стоматологиялық аурулардың МКБ-10 негізінде жасалған МКБ-С-3 Халықаралық тісжегі жүйесін ұсынады. Бұл жүйеде тісжегіге(код К02)

Белгі берілген.

К02.0. Кіреуке тісжегісі. Ақ дақ (бор түстес) кезеңі (бастапқы тісжегі).

К02.1. Дентин тісжегісі.

К02.2. Цемент тісжегісі.

К02.3. Тістерде тоқтаған тісжегі.

К02.4. Одонтоклазия.Балалар меланодентиясы. Меланодонтоклазия.

Бұл бөлімнен сыртқы және ішкі тістердің патологиялық сорылуы алынып тасталған. (К03.3).

К02.8. Тістерде басқа анықталған тісжегі.

К02.9. Тістерде анықталмаған тісжегі.

МКБ-С-3 жүйесінде «терең тісжегі» диагнозы жоқ.

Қазіргі кезде клиникалық стоматологияның МКБ жүйесіне ауысуына қарай «терең тісжегі» диагнозы алынып тасталғаны дұрыс дәлел, себебі терең тісжегінің клиникалық көрінісі және емі МКБ-С-3 жүйесінде тістердің ұлпа қабынуы бөліміне енгізілген және бұл бөлімде терең тісжегі ұлпаның қабынуының бастапқы кезеңі немесе ұлпа гиперемиясы коды К04.00 сәйкес келеді.

Е. В. Боровский және П. А. Леус (1979) ұсынған тістердің тісжегі жүйесі аурудың клиникалық түрін, орналасуын, ағымын және зақымдану қарқындылығын қамтиды.

БОРОВСКИЙ–ЛЕУС ҰСЫНҒАН ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ЖҮЙЕСІ

 

I. Клиникалық түріне 1. Дақты кезең (тісжегі минералсыздануы): • дамыған-прогрессирующий (ақ немесе ақшыл сары дақ); • түсін өзгерткен-интермиттирующая (қоңыр дақ); • тоқтаған (қоңыр дақ). 2. Тісжегі ақауы (дезинтеграция): • Кіреуке тісжегісі (ақау тек кіреукеде орналасқан); • Дентин тісжегісі: – орта тереңдіктегі; – терең; • Цемент тісжегісі
II.Орналасуы бойынша • Фиссурлы тісжегі немесе табиғи сызат тісжегісі. • Беттермен түйіскен тісжегі -кариес соприкасающихся поверхностей. • Мойын бөлігі аймағындағы тісжегі
III.Ағымы бойынша • Жылдам ағымды тісжегі -Быстротекущий кариес. • Баяу ағымды тісжегі -Медленно текущий кариес. • Тұрақтанған тісжегі -Стабилизированный кариес
IV.Зақымданудың қарқындылығы бойынша • Жеке орналасқан зақымдану. • Көптеген зақымдану. • Жүйелі зақымдану

 

2.9. ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

Тісжегінің кіреукедегі дақты кезеңінденегізі сыртқы бетке қараған, ал ұшы кіреуке-дентин шекарасына бағытталған үшбұрышты тәріздес зақымдану ошағы анықталады. поляризациялы микроскопиялау әдісімен зерттегенде кіреукеде үшбұрыш пішінді жарақат ошағы анықталады және оның табаны кіреукенің сырт бетіне қарай орналасқан. Жарақат ошағындағы өзгерістер дақтың аумағымен тығыз байланысты. Егер дақтың көлемі 2-мм аспаса, шлифте мөлдір және қараңғы белдеулер анықталады. Тісжегі дағының көлемі ұлғайған кезде үш белдеуді (зоны) ажыратады – жарақат денесі (тело поражения), қараңғы және мөлдір белдеулер. (2.10сурет).

 

 

2.10.Сурет. Тісжегінің дақты кезеңіндегіминералсыздану белдеуінің схемалық суреттемесі (поляризациялық микроскопия):

1 — беттік қабат (бүтін); 2 — зақымдану денесі; 3 — қараңғы белдеу; 4 —мөлдір белбеу.

•1белдеу — беткей қабат, ені 50 мкм дейінгі бүтін кіреуке.

•2белдеу — орталық белдеу (зақымдану денесі), бұл белдеуде минералсыздану жақсы бейнеленген, микрокеңістіктердің көлемі 25%-ға дейін көбейген. Кіреукенің өткізгіштігі өте жоғары дәрежеде.

•3 белдеу — қараңғы белдеу, бұл белдеуде микрокеңістіктер 15–17% құрайды.

•4белдеу — ішкі қабат, немесе мөлдір белдеу, микрокеңістіктер көлемі 0,75–1,5% құрайды.

Дентин тісжегісі. Дентин тісжегісікіреуке –дентин байланыс аймағының бұзылуымен басталады және дентин түтікшелері бойымен тарап, ұлпаға қарай бағыт алады. Дентинде және ұлпада қорғаныс үрдісі басталады. Дентин түтікшелері семеді,ал одонтобластар өсінділері орталыққа қарай ығысады. Қорғаныс реакциясы нәтижесінде дентин және ұлпа шекарасында орынбасушы немесе қалыпты дентиннен дентин түтікшелерінің орналасу бағдарының аздап өзгешелігі бар ирегулярлы дентин түзеледі.

Тісжегі кезінде дентиннің минералдаушы құрамының минералсыздануы, дезинтеграция және органикалық матрицаның еруі нәтижесінде құрылымдық бүтіндігінің бұзылуы жүреді. Дентиннің тісжегімен зақымданған ошағы 5 белбеуден тұрады. (2.11 сурет).

2.11.Сурет. Тістердің тісжегісі кезіндегі дентиндегі зақымдану белдеулері.

1 — бүтін дентин; 2 — жартылай мөлдір дентин; 3 —мөлдір дентин; 4 — күңгірт дентин; 5 — инфекцияланған дентин.

• 1 белдеу— қалыпты дентин. Бұл белдеуде дентин түтікшелерінің құрылымы өзгермеген, одонтобластар өсіндісі дентин түтікшелерін толтырып тұрады.

• 2 белдеу— жартылай мөлдір дентин. Жартылай мөлдір дентин қабаты дентин түтікшелері арасындағы дентиннің минералсыздану нәтижесінде пайда болады. Бұдан басқа дентин түтікшелері ішінде минералды қаттардың шөгуі байқалады. Бұл белбеуде микроорганизмдер байқалмайды.

• 3 белдеу — мөлдір дентин. Бұл белбеуде минералсыздану дәрежесі айқын бейнеленген. Клиникалық бұл дентиннің жұмсаруымен көрінеді. Бірақ коллаген талшықтарының бір бөлігі бұзылмайды. Міне осыған байланысты қолайлы жағдайда бұл белбеуде қайта минералдану үрдісі толықтай қамтамасыз етіледі.Белбеуде микроорганизмдер болмайды.

• 4 белдеу — күңгірт дентин. Бұл белбеуде дентин түтікшклерінің кеңейуі анықталады. Коллаген талшықтарының дезинтеграциясы нәтижесінде бұл белбеуде қайта минералдану мүмкін емес. Белбеуде кеңейген дентин түтікшелерінде барлық жағдайда микроорганизмдер болады.Клиникалық дентин жұмсарған, және ережеге сәйкес оны толық алу керек.

• 5 белдеу — инфекцияланған дентин. Белбеуде дентин құрылымы ыдыраған, микроорганизмге толы. Бұл белбеу емдеу кезінде толық алыну керек. Тісжегі кезінде ұлпада өзгерістер болуы мүмкін. Осы өзгерістердің дәрежесінің айқындылығы оның ағымы мен зақымдану тереңдігіне байланысты. Тісжегінің дақты кезеңінде және беткей тісжегі кезінде ұлпада өзгеріс болмайды. Егер тісжегі үрдіс дентинге араса, ұлпада тамырлардың және нерв талшықтарының морфологиялық өзгеріске ұшёырағаны анықталады. Одонтобластардың санының азаюы және бағыттарының бейтараптануы көрінеді. Одонтобластардың тітіркенуі орынбасушы дентиннің түзілуіне ықпал етеді.

2.10. ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ, КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

2.10.1. ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Бастапқы тісжегі кезінде немесе ақ дақ кезеңінде визуальді көрінетін тіс беттерін тексеру керек. Бұл үшін алдыменен тістерді тіс қақтарынан тазалайды да ауамен кептіреді. Процедураны жүргізу нәтижесінде сау кіреуке түсінен өзгешелеу беткей үстіндегі ақ немесе аз көлемде пигменттелген дақтар белбеуі анықталады.Тістің бастапқы зақымдануы кезінде кіреукенің өткізгіштігінің жоғарлауы тіс тіндерін витальді бояу арқылы тісжегінің дақты кезеңіндегі минералсыздану дәрежесін және орналасуын анықтауға мүмкіндік береді.Тексеруді жүргізу үшін алдыменен тіс беттерін тіс қағынан тазалайды және тісті сілекейден бөлектейді де кептіреді. 2%метилен көгі ерітіндісімен бояйды.Зақымданған ошақтың боялу қарқындылығын ерітіндіні жұғаннан кейін минералсыздану дәрежесінің ақшыл-көк түстен қара-көк түске боялу аралығындағы көрсеткішіне қарай бағалайды.(2.12сурет).

Бұл әдісті бастапқы тісжегіні тістің қатты тіндерінің тісжегіден басқа зақымдауларымен салыстырмалы диагностика (гипоплазия, флюороз) жүргізгенде қолданған қолайлы. Тісжегіден басқа тістің қатты тіндерін зақымдайтын ақауларды тістің қатты тіндері боялмайды. Бұл әдісті қайта минералдау терапиясының нәтижесін бақылау кезінде де қолданылады.

Тісжегінің бастапқы кезеңін, пломба айналасындағы екіншілік тісжегіні анықтау үшін траниллюминация әдісін қолданады: тіс тіндеріне галлоген шамы арқылы бағытталған сәуле шоғырларымен сәулелендіру арқылы анықтайды. Бұл әдісті қолдану үшін арнайы сәулендіргіштерді қолданады. Зақымданған ошақтар сәуле жіберу кезінде күңгірт көрініс береді.

 

2.12.Сурет. 2% метилен көгіменбояу кезіндегікіреукедегі минералсыздану ошағы.

Тісжегіні анықтау үшін бұдан басқа тістің қатты тіндеріне ультракүлгін сәулесін қамтитын сәулелер қолданады. Соңғы кезде тістің қатты тіндерінің люминесценциялау үшін лазер сәулелерін қолданып жүр.

«KaVo DIAGN Odent» аппаратын қолдану. Тістерде тісжегімен зақымдануын және тістердің көзге көрінбейтін беттерінде орналасқан ошақтарды ертерек анықтау үшін KaVo DIAGNOdent аппаратын қолданады..

Жұмыс істеу қағидасы. Лазерлі диод импульсті 655нм толқын ұзындығындағы қызыл спектрлі сәуле шығарады. Сәуле толқындарын фиброоптикалық элементтер көмегімен шоғырландырып, иілмек талшықты –оптикалық сәулеберуші және арнайы қондырғылы ұштықты тіс бетіне жақындатады.Бүтін кіреукеге қарағанда патологиялық өзгеріске ұшыраған тіс тіндері сәуле толқынын басқа ұзындықта шағылыстырады.Шағылысқан толқын ұзындығы электронды аппарата талданады. Тінде минералсыздану ошағы анықталған жағдайда дыбыстық белгі беріледі. Аппарат кіреукедегі кішігірім зақымдануға жауап береді. Диагностикалық дәлділігі 90% құрайды. Флюоренцияның қарқындылығы сандық мағанада анықталады.

0–10 — кіреуке бүтін;

10–25 — минералсыздану кіреуке деңгейінде;

25 және одон жоғары — дентин тісжегісі.

Жүргізу тәсілі. Тістердің бетін мұқият қақтардан тазалайды, сілекейден бөлектеп, кептіреді. Содан кейін қондырғылы аппарат ұштығын тексерілетін аймаққа қарай баяу перпендикулярлы орналастыра тіс бетіне жанастыра отырып жылжытады. Немесе 1,5 мм тіс бетіне жанастырмай орналастырады.

(2.13сурет). Толық дәлелдік үшін тәсілді қайтара жүргізеді де орта мағанасын анықтайды.

 

 

2.13. Сурет. Тісжегінің зақымдануының алғашқы кезеңін KaVo DIAGNOdent аппараты көмегімен диагностикалау.

Тістің тіндерін зондпен сүңгілеудің маңызды мағанасы бар.Кіреукенің бастапқы бұзылу кезеңінде беті тегіс емес ошақтар анықталады.

Тісжегінің даму қарқынына қарай бұл әдістің көмегімен зақымдау ошағының тереңдігін, ауыру белбеуін анықтауға болады. Тісжегінің әртүрлі кезеңдерін және ұлпа ауруларын салыстырмалы диагностика жүргізу кезінде қолданылатын қосалқы тексеру әдіс - термометрия толық ақпарат береді.

Тістердің электрқозғыштығын анықтау (электроодонтометрия – электроодонтодиагностика, электроодонтотест) тіс ұлпасы мен тіс төңірегіндегі тіндердің жағдайы туралы мәлімет бере алады. Бұл да физикалық тексеру әдісіне жатады және кез келген тірі тіннің тітіркендіргіштер әсерінен қозу жағдайына негізделген. Тітіркендіргіштің жауап туындататын ең төменгі күші немесе деңгейі қозу табалдырығы немесе қозу көрсеткіші (порог возбудимости) деп аталады. Сау тістер ток күшіне 2 - 6 мкА ге жауап береді. Терең тісжегі кезінде тіндердің электрқозғыштығы 10–15 мкА төмендейді.

Бұл әдіс стоматология саласында кең қолданыс тапты. Көптеген рентгендік тексеру әдістерінің терапиялық стоматологияда жиі қолданылатыны – рентгенографиялық немесе ағзалардың рентген суреттерін алу әдісі.

Өте жоғары дәрежеде минералданғандықтан рентген суретке (негативте) тіс кіреукесі өте тығыз және біркелкі ақ көлеңке береді, дентин мен цемент тығыздығы одан аздау, сондықтан ақ көлеңке береді. Периодонт тіні рентген сәулелерін өткізетін болғандықтан қара көлеңке береді. Сондықтан осы көлеңке арқылы периодонт орналасқан саңылаудың (периодонт саңылауы – периодонтальная щель) диаметрі 0,2-0,25 мм біркелкі жіңішке қара көлеңке пішінді жобасын анықтауға болады. Периодонт саңылауының бір қабырғасын түбір цементі, екінші қабырғасын түбір ұяшығының компакты сүйек қабаты құрайды.

Әрине осы қосалқы тексеру әдістерінен басқа ең маңыздысы негізі тексеру әдістері: қарап және сұрап тексеру.

2.10.2.ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ

2.10.2.1. КІРЕУКЕ ТІСЖЕГІСІНІҢ АҚ ДАҚТЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ К (БОРТҮСТЕС) (БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІ) (К02.0)

 

Тексеру мәліметтері Симптомдар Патогенездік негіздеу
Шағымы Көбіне –көп науқастың шағымы болмайды, ал егер болса бор түстес немесе пигменттелген дақтарға шағымдауы мүмкін (эстетикалық ақау) Тісжегі дақтары зақымдану ошағында кіреукенің минералсыздануы нәтижесінде пайда болады.
Қарап тексеру Қарап тексергенде анық тегіс емес контурлы бор тәрізді немесе пигменттелген дақтар анықталады. Дақтардың көлемі бірнеше мм болуы мүмкін. Дақтың беті бүтін кіреуке бетіне қарағандакүңгірттеу, жылтыр емес.  
Тісжегі дақтарының орналасуы Тісжегіге тән табиғи сызаттарда және басқа апроксимальді беттерде, мойын бөлігінде орналасады. Ережеге сәйкес дақ біреу, кейде симметриялық зақымдану байқалады. Тісжегі дақтарының орналасуы бұл айамқтарда ауыз қуысының жақсы гигиенасы кезінде де тіс тоғаларының жиналуына және сақталуына қолайлы жағдай болады.
Сүңгілеп тексеру (зондирование) Сүңгілеп тексергенде кіреуке беті тығыз, ауырмайды. Кіреукенің беткі қабаты бұзылмайды, соның нәтижесінде минералсыздану үрдісімен қатар сілекей компоненттері есебінен қайта минералдану үрдісі бірге жүреді.
Тіс беттерін кептіру Тіс беттерін кептіру кезінде ақ дақтар айқын көрінеді. Кептіру кезінде минералсызданған зақымдану ошағының беткейасты белбеуінен кеңейген шағынкеңістіктерден су буландыда оның оптикалық тығыздығы өзгереді.
Тіс тіндерін витальдә бояу 2% метилен көгі ерітіндісімен бояғанда әртүрлі қарқындағы көк түске боялады. Дақты қоршаған бүтін кіреуке боялмайды. Бояғыш ерітіндінің зақымданған ошаққа енуі кіреукенің бетасты қатабының минералсыздануы шағынкеңістіктердің ұлғаюымен және кіреуке призмасының құрылымының өзгеруімен сипатталады.
Термодиагностика Температуралық тітіркендіргіштерге ауру сезімі болмайды. Кіреуке дентин шекарасында және дентин түтікшелерінде одонтобласт өсінділері тітіркендіргіш әсерінен алыс.
ТҰЭҚ (ЭОД) ТТҰЭҚ 2–6 мкА тең Ұлпа үрдіске қатыспаған
Трансиллюминация Бүтін тісте сәуле тістен ешқандай көлеіке бермей біркелкі өтеді. Тісжегімен зақымданған белдеуде күңгірт шекарасы анық дақ болады. Сәуленің құрылымы бұзылған аймақтан өтуі сәуленің күңгіртенуіне әсер етеді.Тінде оптикалық тығыздығы өзгеру жүреді.

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: