Функциональды зерттеуге 2 страница

ауруы, Базед ауруы)

6) психикалық ауруларда (психогендік анорексия) кездеседі

Арықтаудың титығына жеткен түрін кахексия деп атайды. Семіру негізінен эндокриндік ауруларда (Иценко-Кушинг ауруы мен синдромы, микседема т.б.) және тамақты көп ішіп, аз қимыл жасағаннан болады (алиментарлық семіру)

Жамылғы келбеті (тері мен кілегей қабықтарды) қарау

Теріні қарағанда: 1. оның түсін

2. терідегі бөртпелердің түрін

3. терідегі жараны, тері тесігін, тыртықты

4.терінің түктері мен тырнақты

5.тері асты шелдің ісігін анықтау

Терінің түсі: Тері астымен өтетін кішкене тамырлар капиллярлардың түсі тері арқылы өтіп оған қалыпты жағдайдағы терінің түсі күлгін қызғылт түс береді. Жалпы сау адамда терінің түсі адамның нәсіліне байланысты.

Ауру адамда тері түсінің бозаруы (құқылдық, бозарыңқы) қызару, көгеруі, сарғаюы және қола түсті болуы байқалады.

Терінің ағарыңқы (бозаруы) түсі адамның конституциясына сай қалыпты жағдайда да кездеседі.

Сырқаттанғанда тері түсінің бозару себептері:

1. қан аздық (анемия)

2. қолқа қақпақтарының ақаулары

3. бүйрек аурулары

4. тамырдың жедел әлсіздігі (шок, коллапс)

5. созылмалы уланулары (сынаппен, қорғасынмен)

6. күшті ауырғандық

Физиологиялық (қалыпты) себептер: күшті сезім билеу (эмоция) жағдайлары (үрей, қорқыныш)

Терінің қызаруы. Физиологиялық жағдайда қызару ұялағанда, қатты ашуланғанда байқалады.

Сырқаттанған кезде терінің қызару себептері:

1. қызу көтерілу, қызу көтерілігенде тері түсі қызармайтын ерекше жағдайларға қызудың қансырауымен, ревматизм мен және сепсиспен тіркесімді кездесуі жатады. Бұл тіркесімде терінің түсі ағарып кетеді.

2. Полицитемия (циркуляциядағы қан массасының көбеюі)

3. Гипертония ауруы

4. Уланулар: кейбір дәрілермен (амилнитрат, атропин, опий):

5. Беттің қызаруы қант диабетінде кездеседі

6. Көбелек тәріздес эритема екі беттің қызаруы мұрынның үсті арқылы жалғасады.

7. көз шарасы айналасының ісінген эритемасы (көзілдірік симптомы) дерматомиозитке тән

Терінің көгеруі ( цианоз). Цианоздың негізгі механизмі қанда көгілдір түсті редукцияланған гемоглабиннің көбеюі:

Тері көгеруінің негізгі себептері:

1. дем алу (тыныс алу) мүшелерінің ауруы

2. жүрек тамыр аурулары

3. қанның қан уларымен улануы

Тері мен кілегей қабықтардың сарғаюы. Физиологиялық жағдайда терінің сарғаюы ішінде каротині (сары түсті зат) көп жемістерді көп жегеннен болады (мандарин, апельсин т.б.) Кейде сары түсті дәрі қабылдағанда да болады (мыс.акрихин)

Патологиялық жағдайларда тері сарғаюының негізгі себептері:

1. от жолдарының тығындалуы

2. бауыр клеткаларының жарақаттануы

3. эритроциттер гемолизі. Патологиялық тері сарғаю теріге билирубин жиналғаннан болады

Терінің қола түсті болуы Аддисон ауруын да кездеседі.

Теріде меланиннің көп жиналғанынан болады.

Тері бөртпелері - Эритема –терінің шағын көлемеінің қызаруы. Эритема тері асты капилляр тамырлардың кеңуінен пайда болады. Кейде терінің қызарған жері деңгейінен аздап көтеріңкі де болуы мүмкін (тілмеде кездеседі, қызарған жер сипағанда ауырып тұрады)

Алиментарлық эритема - кейбір тағамдарға сезімталдықтың ерекше күшейгенінен болады (шаян етіне, уылдырыққа, сүзбеге, шоколадқа, жұмыртқаға т.б.) Медикаментоздық эритема - кейбір дәрілер әсерінен болады (сезімталдық артқаннан): опий, хинин, атропин, сульфаниламидтер, антибиотиктер т.б. Инфекциялық эритема - кейбір жұқпалы ауруларға тән: сепсис, қызамық (скарлатина), тілме (рожа) Розеола – қызғылт түсті дөңгелек бөртпе. Тері деңгейнен жоғары көтерілмейді. Розеоланың пайда болуы капиллярдың жергілікті кеуіне байланысты. Негізінен жұқпалы ауруларға тән. Іш сүзегінде розеола ауру басталғаннан 7-9 күн кейін құрсақ терісінің бүйір бетінде және кеуденің төменгі жағында пайда болады. Пайда болғаннан 3-7 күннен кейін жойылып кетеді.Бөртпе сүзекте розеолла аурудың 5-ші күніне құрсақ кеуде терісінде, қолдың име бетінде пайда болады да 5-8 күннен кейін жоқ болып кетедеді, не петехияға (кішкене көлемде терінің қанталауы) айналады. Розеола себебі болатын басқа аурулар: мерез, миллиарлы түберкүлез, безгек, қайталама сүзек.

Түйіншек (папула) розеоланың әрі қарай дамуынан пайда болады. Кеңіген тамырлардың айналасында эксудациялық процеске байланысты тері ісініп көтеріле бастайды да, розеоланың орнына түйіншек пайда болады. Себептері: қызылша, сифилис (мерез), шешектің бастамасы. Түйінді эритема қабынуға байланысты тері ісініп, диаметрі 3-5 см түйін пайда болады. Түйінді эритема ревматизмде, түберкүлезде және аллергиялық ауруларда кездеседі. Көпіршік (везикула ) ішінде ұйыма сұйық бар эпидермисте орналасқан диаметрі 1-5 мм қуыс. Көпіршіктің бір түрі ұшық. Ұшық (герпес) пневмонияда, грипте және менингитте кездеседі. Көпіршік ішіндегі ұйыма сұйық іріңдегеннен (пустула) пайда болады. Іріңдік сепсисте түйнемеде және шешекте кездеседі. Күлдіреуік (уртика) диаметрі 2-3 мм ден 10 см және одан да үлкен, қызғылт, қызғылт, ақшыл қызғылт, не ақ түсті тері деңгейінен көтеріңкі тұратын, терінің жедел қабынғанынан болатын қуыссыз элемент. Күлдіреуік қатты қышиды. Ол есекжемде кездеседі.

Терінің қанталуы геморрогиялық диатезге (қансыруға икемділік күй) тән.

Терінің жарасы, тесілуі және тыртығы. Терінің және тері асты тканьдары-ның терең жарақаттануын (улкус) деп атайды. Тері жарасы қан және лимфа айналасының бұзылғанынан (венаның варикозды кеңеюі, тромбофлебит, жүрек шамасыздығы) қан тамырларының өзгерістерінен (атеросклероз, Рейно ауруы), трофикалық өзгерістен (нерв жарақаттанғанда) түберкүлезде, мерезде пайда болады. Тері ойығы терінің ұзақ уақыт басылып қалғанынан пайда болады. Негізгі себептері: сал ауруы, кома және әлсіздік.

Тыртық. Физиологиялық жағдайда тыртық босанған әйелдерде болады.

Патологиялық жағдайда:

1. Тері жарасының және жарақаттанған жері жазылғанда пайда болады.

2. Шешекте (бұжыр бет) түйнемеден кейін

3. Иценко-Кушинг аруында

4. Мерезде (жұлдыз түрлі тыртық)

5. Түберкүлезде (мойында) кездеседі

Шаш пен тырнақ күйі

1. Шаш пен қабақтың (қанатының) түсуі микседемада болады

2. Бас шашының кішкене ойық-ойық (кішкене дөңгелек бөлшек) болып түсуі мерездің екінші кезеңінде болады

3. Әйелде шаштың еркек типтес болып өсуі

4. Тырнақтың сыңғыштығы мен тегіс еместігі эритремияда, микседемада, тетанияда, қант диабетінде және кеш хлорозда кездеседі.

5. “Сағат әйнегі” тәрізді тырнақ кейбір іріңді ауруларда (бронхоэтазия ауруы, өкпе іріңдігі, бактериялық эндокардит) бауыр циррозында және жүректің іштен туа болатын кейбір ақауларында кездеседі.

6. Ісік деп тері асты шелге сұйықтық жиналуды айтады.

Ісіктің түрлері: 1.Жалпы ісік

2. Дененің белгілі бір жеріндегі ісік 3. Ангионевроздық ісік.

Жалпы ісіктің негізгі себептері.

1. Жүрек әлсіздігі (шамасыздығы) 2. Бүйрек аурулары

3. Ашықтық (дистрофия, какехсия) 4. Микседема

 

Жергілікті ісік вена тамырының қабынуынан не қысылып қалғаннан болады (тромбофлебит, венаның варикозды кеңеюі т.б.)

Ангионевроздың ісік деп жергілікті иннервация бұзылғандықтан капилляр қабырғасының өткізгіштігі артқаннан пайда болатын ісікті айтады Бұл ісік тез пайда болып, тез жойылып кетеді. Көбіне бетте, кеудеде және қол-аяқта болады.

Пальпация (сипау) Пальпация саусақтардың сезім түйсігіне негізделген. Ол ертеден қолданылып келе жатқан тәсілдердің біріне жатады, бірақ 19-ғасырдан бастап практикалық медицинада кең өріс алып дамыды. Бұл тәсілдің ерекше дамуына үлес қосқан орыс ғылымдары В.П Образцов пен Н.Д.Стражеско. Пальпацияны қолданған кезде де белгілі бір ережелерді сақтау міндетті. Бұл ережелер пальпация кезінде ауру мен дәрігер қалпының, дәрігер саусақтарының қандай болу керек екенін және пальпация жүргізудің техникасын (әдісін) қамтиды.

1. Аурудың қалпын тексеретін мүшені жеңіл тауып сипап қарауға мүмкіншілік туғызатын ыңғайлы болу керек. Тексеретін мүшенің түріне қарай ауру тұрған, отырған, жатқан т.б. қалыптарда болады.

2. Дәрігер қолдары тез шаршамайтын, өзіне ыңғайлы қалыпта болу керек. Тез шаршаған қолдың сезімталдығы азаяды.

3. Дәрігердің қолдары тырнақ алғанда жылы және жұмсақ болу керек. Тырнақ аурудың терісіне батып, ауыртпалық тудырады. Салқын және қатты қол аурудың денесін тітіркендіріп, бұлшық еттің жиырылуын қоздырады. Бұлшық еттің жиырылуы сипаудың нәтижесіне теріс әсерін тигізеді.

4. Қолданылатын әдісіне қарай пальпация беткі және терең пальпация болып екіге бөлінеді. Терең сипау негізінен ішкі қуыс мүшелерін тексеру үшін қолданылады

Перкуссия (қағу) Перкусияны 1761ж Вена дәрігері Л. Ауэнбругер ұсынған болатын. Бірақта бұл метод көп уақытқа дейін онша белгілі болған. Тек 1808 жылы Францияның белгілі дәрігері Корвизор Ауэнбругердің еңбегін австрия тілінен француз тіліне аударғаннан кейін ғана,ол тәсіл медициналық әлемде кеңінен қолданыла бастады. Кейін бұл тәсілді басқа дәрігерлер жетіл-діріп отырды. Перкуссия тәсілі соққыдан пайда болатын дене қозғалысы тер-беліс толқындарын туғызатынына негізделген. Ал, тербеліс толқыны белгілі бір амплитуда да жиілікте және ұзындықыта дыбыс болып қабылданады.

Дыбыстың негізгі параметрлері: күші, ұзақтығы және биіктігі Дыбыс күші дыбыс толқындарының амплитудасының шамасына байланысты. Амплитуда неғұрлым биік болса, дыбыс соғырылым күшті болады. Перкуссияда (қаққанда) тербеліс амплитудасының биіктігі тексерілмекші органның құрамында ауа болуына және сол мүшенеің серпінділігіне де байланысты. Мысалы: бұл талапқа сай келетін өкпе сондықтан өкпеде күшті (ашық) перкуссиялық дыбыс туады. Керісінше құрамында ауа аз, мүшелер қаққанда аласа тербеліс амплитудасын береді де жәй (тынық) дыбыс тудырады. Мысалы: бұлшық еттер, бауыр т.б.

Дыбыс ұзақтығы дыбыс толқындарының сөну ұзақтығына байла-нысты. Ал дыбыс толқынның сөну мерзімі мүшенің тығыздығына бай-ланысты. Тығыз мүшелерде (ауасы аз) дыбыс толқыны тез сөнетіндіктен перкуссиялық дыбыста қысқа болады. Ауасы бар мүшелерде перкуссия-лық дыбыс ұзақ болады.

Дыбыс биіктігі тербеліс жиілігіне байла-нысты. Тербеліс жиілігі мүшелердің тығыздығына тәеулді. Мүше неғұр-лым тығыз болса,оны қақ-қанда туатын дыбыс тербелісінің жиілігі соғұр-лым көп болады. Сондық-тан, тығыз органдарда туатын дыбыс биік болады. Құрамында ауа көп ор-гандар перкуссиялық төмен (жуан) дыбыс береді. Негізгі перкуссиялық

өкпе (анық, айқын) жәй (сан дыбысы) және дабыл (тимпондық) дыбыстары жатады.

Айқын (өкпе) дыбыс – күшті, ұзақ және төмен дыбыс. Жәй (тынық, сан дыбысы) дыбыс ақырын, қысқа және жоғары дыбыс, ол тығыз мүшелерде пайда болады (бауыр, бұлшық ет, жүрек).

Дабыл дыбысы ауасы бар жұқа қабырғалы қуысты мүшелерде пайда бо-лады. Оларға қарын, ішек, кеңірдек, көмей жатады. Дабыл (тимпондық) дыбысы – күшті және ұзақ дыбыс, ол жоғары дыбыста, бола алады. Егер бұл дыбысты тудырып тұрған жұқа қабырғалы ауасы бар қуыстардың мөлшері кішкентай ьолатын ьолса, дыбыс жоғары болады. Егер қуыстар-дың көлемі үлкен болса, онда дыбыс төмен болады. Тимпондық дыбысқа дыбыс толқынының тазалығына тән.

Перкуссия ережелері мен әдістері

Перкуссия жасағанда сақталуға тиісті ережелер:

1. Бөлме іші тыныш және жылы болуы керек.

2. Перкуссия кезінде ааурудың қалпы оның бұлшықеттерінің тартылуына жағдай туғызбауы керек. Перкуссияға ең ыңғайлы қалыптар – аурудың тұрған және отырған қалыптары.

3. Дәрігердің қалпы өзіне ыңғайлы болуы керек. Перкуссия кезінде дәрігер аурудың алдыңғы жағында оның оң қолын ала тұрады, ал аурудың арт жағында оның сол қолын ала тұрады.

4. Өткізу әдісінге қарай перкуссия тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей перкуссияда перкуссиялық соққы (қағу) аурудың денесіне тікелей (бірден) тиеді. Тікелей перкуссияға Ауэнбруггер ұсынған әдіс жатады – белгіленген мүшені бір бірімен біріктіріліп, жартылай иілген төрт саусақпен қағады. Тікелей перкуссияның бір түріне Образцов перкуссиясы жатады – перкуссия жасайтын мүшені сұқ саусақ ортан саусақтың үстінен сырғанап барып шертіп ұрады.

Тікелей перкуссияның артықшылығына перкуссиялық дыбыс алу мен қатар тексеріліп отырған мүшенің физикалық қасиеттерін де сезіп білуге мүмкіншілік барлығы. Кемшіліктеріне перкуссиялық дыбыстың әлсіздігі және Ауэнбругер әдісін қолданғанда мүшенің топографиясын анықтаудың қиындығы. Қазіргі мезгілді тікелей перкуссияны жүрек пен бауырдың шек-терін анықтау үшін және өкпенің төменгі бөліктерін салыстырмалы пер-куссиялау үшін қолданады. Жанама перкуссияда тексерілмекші мүшені қағуда плессиметр (тұғырық) арқылы іске асырады. Перкуссиялық соққы денеге тікелей тимейді. Бұл әдіспен перкуссиялық күшті дыбыс алуға болады.

Жүргізу әдісіне қарай жанама перкуссия 3 түрге бөлінеді:

1. Инструментальды перкуссия – перкуссия үшін плессиметр мен балға қолданылады;

2. Саусаққа – саусақ перкуссиясы – инструменттер орынына сол қолдың саусағы (ортаң саусақ) плессиметр болады да, оң қолдың саусағы (олда ортаң саусақ) болғаның міндетін атқарады.

3. Құрастырмалы перкуссия – инструмент пен саусақ аралас пайдаланылады.

Бұл әдістердің ішіндегі көп тарағаны саусаққа саусақ перкуссиясы. Біздің елімізде жанама перкуссиядан тек осы перкуссия ғана қолданылады. Сондықтан бұдан әрі қарай перкуссия туралы әңгімені тек осы перкуссиямен байланыстырып айтатын боламыз.

Саусаққа саусақ перкуссияның әдісі.

1. Плессиметр саусақтың ұзын бойы перкуссия жасайтын мүшенің үстіне тығыз орналастырады. Сол қолдың басқа саусақатары плессиметрге және науқас денесіне тиіп тұрмауы керек.

2. Балға саусақтың соққысы плессиметрдің ортаңғы не шеткі фалонгасына 2-3 рет тұрақты ырғақпен перпендикулярлі түрде түсу керек.

3. перкуссиялық соққы (қағу) тек білезік буынның қимылы арқылы іске а асырылуы керек

4. Перкуссиялық соққы қысқа болу керек. Ол үшін перкуссиялық соққыдан кейін балға саусақты плесиметрден тез алып кету керек

5. Әр перкуссиялық соққының күші бірдей болуы керек.

6. Қойған мақсатына карай күшті, не терең және жәй (әлсіз, не таяз) перкуссия болады. Күшті перкуссияда қағуға белгілі бір күш салынады, ал жай перкуссияда қағудан пайда болған дыбыс әрең әрең естілетін болуы керек.

Күшті перкуссияда тербеліс толқыны 6-7 см, тереңдікке, ал перкуссия жасалып отырған мүшенің үсті бойынша 4-6 см тарайды. Осы жағдайларды ескеріп, қатты перкуссияның көлемі, үлкен және терең орналасқан патологиялық өзгерістерді табу үшін пайдаланады. Сонымен қатар перкуссия үшін де қолданылады.

Жәй перкуссия көлемі кішкене және бетке жақын орналасқан элементтерді зерттеу үшін және органдардың шегін анықтау үшін қолданылады. Перкуссияның бұл түріне қағу дыбысының күші адам құлағы дыбысты қабылдайтын шекке дейін төмендейді. Басқаша айтқанда, тек ауасы бар органдарды перкуссиялағанда ғана дыбыс естіледі, ал тығыз органдардың перкуссиялық дыбысы естілмейді. Алдына қойған міндетіне қарай перкуссия топографиялық немесе шекаралық және салыстырмалы немесе сапалық перкуссия болып екіге бөлінеді.

Топографиялық перкуссияның мақсаты әр түрлі органның шегін, мөлшерін және конфигурациясын анықтау. Топографиялық перкуссия әр мүшенің әр түрлі перкуссияолық дыбыс беретініне негізделген.

Салыстырмалы перкуссияның мақсаты – мүшелерде патологиялық өзгерістерді (элементтерді, орындарды) табу. Дененің симметриялық нүктесінде перкуссиялық дыбыстың да бірдей болатыны – салыстырмалы перкуссияның негізі. Жалпы салыстырмалы перкуссия тек өкпені зерттеу үшін пайдаланылады. Топографиялық және салыстырмалы перкуссияның өзіндік ережелері бар.

Топографиялық перкуссияның жалпы ережелері:

1. Перкуссияны анық дыбыстан жәй дыбысқа қарай жүргізу керек, айқын дыбыстың жәй дыбысқа ауысуы, әлсіз дыбыстың айқын дыбысқа ауысқанынан тезірек байқалады.

2. Плессиметр саусақты анықтайтын шекараға параллель қою керек

3. Плессиметрдің анықтайтын шекараға қарай қозғалыс бағыты сол шекараға перпендикуляр болуы керек

4. Топографиялық перкуссияда жай перкуссияны пайдалану керек.

5. Шекараны плессиметрдің айқын дыбысқа қараған жағынан белгілеу керек, Екінші сөзбен айтқанда “Қай жақтан келсең, сол жақтан белгіле”

Салыстырмалы перкуссияның жалпы ережелері:

1. Салыстырмалы перкуссияда симметриялық нүктелер үстінің дыбысын салыстыру керек.

2. Перкуссиялық қағудың күші екі жақтан да бірдей болуы керек.

3. Салыстырмалы перкуссия үшін күшті де, жай да перкуссия қолдануға болады

Аускультация (тыңдау) Аускультация организмде табиғи жағдайда пайда болған дыбыстарды тыңдауға негізделген. Бұл да ертеден қолданылып келе жатқан әдіс болғанымен оның авторы француз клиницисі Рене Лаэннек болып есептелінеді. Ол 1819 жылы “Аускультация” немесе осы жаңа зерттеу тәсіліне негізделген өкпе мен жүрек ауруларын анықтау туралы деген еңбегін жариялады. Кейін басқа дәрігер зерттеушілер бұл тәсілді көп жетілдіреді.

Әдісіне байланысты аускультация тікелей және аспапты аускультация болып екіге бөлінеді. Тікелей аускультацияда дәрігер құлағын ауру денесіне үшін құлақтың астына орамал төсейді. Бұл тәсілдің өзіндік артықшылығы да кемшілігі де бар.

Артықшылықтары:

1. Аускультациялық дыбыстар өзгеріссіз естіледі

2. Аспаппен тыңдағанда естілмейтін кейбір дыбыстарды тікелей тыңдағанда естуге болады. (мысалы: жүректің ІІІ тоны)

Кемшіліктері: 1. Тазалық сақтау қиындығы

2. Қолдануға ыңғайсыздығы 3. Этикаға шәлкестеу келетіні

4. Кейбір дыбыстардың кейде естілмейтіндігі Аспапты аускультацияда әр түрлі инструменттер (стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоптар) қолданылады.

Аспапты аускультацияның артықшылықтары:

1. Тазалылығы 2. Ыңғайлылығы

3. Аз мөлшерлі мүшелердің дыбысын жеке айырып (бөліп тыңдауға мүмкіндік барлығы)

Кемшіліктері: 1. Дыбыстың аз да болса өзгеретіні

2. Кейбір дыбыстардың естілмейтіні. Жалпы медициналық практикада негізінен аспапты аускультация қолданылатын болғандықтан, әрі қарай аускультация осы тәсілге байланысты әңгімеленетін болады.

Аускультация ережелері:

1. Ауруды тыңдайтын бөлме тыныш және жылы болу керек

2. Аурудың аускультация кезіндегі қалпы перкуссия кезіндегідей болуы керек

3. Дәрігердің қалпы өзіне ыңғайлы болу керек

4. Дененің үсті аускультация кезінде қосымша дыбыс туғызбауы керек (қаулап өскен түк болса, оны не сабындап сулау керек, не қырып тастау керек)

5. Аускультацияны бір жүйелікпен жүргізу керек

Аускультацияның әдістері:

1. Стетоскоп түтіктерінің ұшы құлақтың тесігіне тығыз кигізілуі керек

2. Стетоскоп түтіктері аускультация кезінде бір біріне, аурудың денесіне және дәрігердің киіміне тимеуі керек

3. Қосымша дыбыс тумас үшін стетоскоптың дыбыс қолдайтын қалқанын екі саусақтың арасында қимылсыз қысып ұстау керек

4. Стетоскоптың дыбыс қабылдайтын қалқаны тыңдайтын бетке тығыз да тегіс қойылуы керек. Стетоскоп қалқаны теріге барлық шетімен (периметрімен) бірдей тиіп тұруы керек.

Қосымша әдісі. Диагностикада 3 топқа бөлуге болады.

1. Лабораториялық әдістер. Оларға лабораторияда жүргізілетін анализдер жатады. Мысалы: әр түрлі қанның анализдері, асқазан сөлінің анализі, қанда қант; қалдық азот т.б. заттарды анықтау т.с.с.

2. Аспапты әдістер. Бұл тәсілдерді пайдалану үшін әр түрлі аспап құрал саймандар қолданылады. Мысалы: рентгенмен тексеру, электрокардиография, бронхоскопия, фиброгастродуденоскопия, цитоскопия т.б.

3. Дәрігерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар. Дәрігерлік манипуляцияға плевраның, перикардтың, төс сүйегінің пункциясы, трепанобиопсия жатады. Диагностикалық операцияға лимфа безі, тері бұлшықет биопсиясы, лапоротомия (іш қуысын ашу) т.б. жатады.

Науқастарды тексеру үлгісі. І. Құжаттық мәліметтері

1. Аты жөні 2. Жынысы

3. Жасы 4. Мамандығы

5. Жұмыс орны 6. Тұратын жері

7. Білімі 8. Ауруханаға түскен уақыты

9. Курация жасау уақыты

ІІ. Аурудың шағымдары. Шағымдары (негізгі, қосымша) сипаттама беру

ІІІ. Аурудың даму тарихы (Anamnesis morbi)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow