double arrow

Кремнилі тау жыныстар

Сазды және карбонатты тау жыныстардан кейін шөгінді тау жыныстардың ішінде көп таралған кремнилы тау жыныстар болып табылады. Кремнилі тау жыныстар минералдары болып опал, халцедон және кварц табылады. Опал мен халцедон химиялық процесстер немесе организмдер әрекетінің нәтижесінен қалыптасады.

Кремнилі тау жыныстардың басты типіне трепель, спонголит, радиолярит, опока, яшма, кремни жатады.

Диатомиттер - дитомитті балдырлардың қалдықтарынан құралады. Бұлар ақ, жеңіл, жұмсақ, кеуекті жыныстар. Биогенді тип.

Тепель - диатомиттердің бұзылған қалдықтарынан пайда болады. Опал жєне халцедон дөнгелек тәрізде бөлшектерден тұрады. Бұлар ашық – сары биохемогенді тау жыныстар.

Спонголиттер кремнийлы спикул еріндерден жєне халцедонды псевдоморфоздан пайда болады.

Радиорялиттер - радиолярий қаңқаларынан пайда болады.

Опока - опалды кремнеземдерден тұрады. Бұл – тығыз, жеңіл, кеуекті, ашық – сұр тау жыныстар.

Метаморфизмде опокалар, трепелдер, диатомиттер, спонголиттер және радиоляриттер яшмаға ауысады. Бұл тығыз, әртүсті тау жыныстар қосындысы. Декаративті материал ретінде қолданылады.

Кремни бұл тығыз, халцедон мен кварцтен тұратын біртекті тау жыныстар. Құрлымы жабық кристалды. Кеш диагенез сатысында сұйық шөгіндіден пайда болады.

Фосфатты тау жыныстар.

Ең басты фосфатты минералдар аппатит, фторапатит, хлорапатит, гидроксилапа тит, оксиапатит болып табылады

Фосфатты жыныстардың көп бөлігін сазды материал, карбонаттар, құмдар, алевриттер алмастырады. Сонымен қатар органикалық заттар опал, глауконит, пирит, сирек жерлер, уран кездеседі.

Қосындыларының басымдылығына қарай, фосфориттер түр жағына қарай әртүрлі шөгінді тау жыныстарына ұқсас болып келеді: құмтастарға, саздарға, әктастарға. Пайда болған орындарына қарай теңіздік жєне континенталды, жату жағдайына қарай қабатты және конкрециалы болып бөлінеді. Қабатты фосфориттер геосинклиналды аудандарда қабатты түрде 15-17м қалындықпен орналасады. Конкрециалы фосфориттер шар тәрізді 1см ден 20см мөлшерінде көбінесе сазды тау жыныстарда пайда болады.

Негізгі әдебиеттер: 1 – [164 - 210], 2 - [124 - 150]

Бақылау сұрақтары:

1. Алюминилі және сазды тау жыныстарға глинозем мен кремнеземнің қатнасы қанша?

2. Шөгінді темірлі тау жыныстар минералдарының атау қандай?

3. Кремнилі тау жыныстардың басты типтерін айтып бер?

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: