Кубаев К.Е., Байшоланова К.С. Инновационный бизнес (учебное пособие). Алматы: «Экономика», 2011. 6 страница

Бұл сипаттамалар ойланған істің шынайылығын нақтылайтын және сіздің кәсіпорын туралы жақсы пікір тудыратындай толық болу керек.

Фирма қызметінің мақсаттары

Кәсіпорын қызметіндебизнес жобаны жүргізу жұмыстарын бірнеше этапта жасау ұсынылады:

мақсаттың құрылымын қайта құру, яғни лоарды маңыздылық және бағыну дәрежесіне қарай, сондай-ақ мерзімді белгілері (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) бойынша бөлу;

қызметтің күшті және әлсіз жақтарын анықтау және болашақтағы қауіп-қатердің алдын-алу мүмкіндіктерін қолдану;

жобаны жүргізгенде қауіп-қатер мен кәсіпорынның әлсіз позицияларының болашақтағы жағдайдың нашарлауына әсер ету дәрежесін анықтау;

басты мақсатты нақтылау және оны сандық түрде анықтау;

кәсіпорын қызметінің функционалды облыстары бойынша басқа деңгейдегі мақсаттарды сандық мөлшерін анықтау арқылы бөлу.

Мақсат артықшылықтарын белгілеу (қауіп-қатер және мүмкіндіктерге байланысты), нарық жағдайын қолдану есебінен қызметтің күшті жақтарын анықтау, қызметтің-өндірістік, маркетингтік, қаржылық және т.б.-функционалды облыстарына қарай міндеттерді бөлу қажеттілігінің негізінде мақсатты және міндетті анықтайды.

Әрбір мақсат бойынша стратегия әзірлеуді этапты жүргізілу схемасы түрінде көрсетуге болады:

1 Нарық мүмкіндіктерін зерттеу (сыйымдылығы, өткізу бағасы және т.б.)

2 Фирма мүмкіндіктері мен ресурстарын нарықтағы табысты жұмысы үшін қажетті ресурстармен салыстыру

3 Әрбір ресурс түрі бойынша жетіспеушілікті анықтау

4 Ресурс жетіспеушілігін компенсациялау міндеттерін қою

5 Бұл міндеттерді жүзеге асыру шараларын әзірлеу. Бұл жерде бизнес-жоспардың тиісті бөлімдеріне сілтемелер келтірілуі де мүмкін немесе тұтынушылар пікірі көрсетіледі, жетіспейтін ресурстар түрі мен мөлшерін анықтау есептемелеріне және оларды жабудың болжанған көздерін сипаттауға сілтемелер келтіріледі.

Бизнес-жоспар – кәсіпорын дамуының жоспары, фирма қызметінің жаңа сфераларын игеру, бизнестің жаңа түрін құру негізінде жасалады.

Бизнес-жоспар жаңадан кәсіпорын және жұмыс істеп тұрған экономикалық ұйымның кезекті даму этаптары үшін әзірленеді.

Бизнес-жоспардың негізгі мақсаттары келесі маңызды мәселелерді шешу:

кәсіпорынның өмір сүру қабілеті мен болашақ беріктілігі дәрежесін анықтау, қызметтің тәуекелділігін төмендету;

бизнес болашағын дамудың сапалы және сандық көрсеткіштерінің жүйесі түрінде нақтылау;

фирманың потенциалды инвесторының назары мен мүддесін тарту, олардың қолдауын қамтамасыз ету.

Ұйымдастырудың қалыптасқан жоспарына қарағанда бизнес-жоспар кәсіпкерлік ұйымдастырудың ішкі мақсаттарын ғана емес, жаңа іске пайдасы тиетін тұлғалардың сыртқы мақсаттарын да ескереді. Инвесторлардан басқа потенциалды тұтынушылар мен фирма жабдықтаушылары болашақ бизнестің ынталанған тұлғалары болып саналады.

Бизнес-жоспар деңгейі кәсіпкер мен оның ісінің сенімділігі және салмақтығының негізігі көрсеткіші болып табылады.

Бизнес-жоспар кәсіпкер мен инвесторлар (мысалы, банктер) арасында келісімдер бастамасының жөнелту нүктесі болып табылады. Бизнес-жоспар әсіресе шетел фирмаларымен келісім жүргізгенде қажет.

Бизнес-жоспардың сыртқы бағыттылығы бар, кәсіпорын бизнесін жарнамалайды, сатылғанда максималды мүмкін ұтыстар әкелетін тауарға айналады. Бұл қасиеттер фирманың басқа жоспарларында жоқ.

Қазіргі жағдайда бизнес-жоспар жағдайы нашар кәсіпорындарды санациялаумен (жандандыру) байланысты міндеттер шеңберін анықтау үшін қолданылады. Бизнес-жоспар экономикалық ұйымдарды акцияландыру кезінде жарияланатын бағалы қағаздар эмиссиясы проспектісінің құрамына кіреді.

Әртүрлі инновациялық жағдайда бизнес-жоспарды қолданудың шектен тыс анықталған түрінен ойластырылған және экономиалық негізделген түріне өту бүгінгі күн тәжірибесіне тән.

Кәсіпорынның акция пакетін сатқанда бизнес-жоспарды (инвестициялық бағдарлама) міндетті түрде көрсету керек. Инвестициялық бағдарламаның орындалуы кәсіпорын сатып алушысымен бақыланады. Мұндай ыңғай "бірсарынды" бизнес-жоспар ды құруға, ЮНИДО талаптарын ескере отырып бизнес-жоспарлау процесін жүзеге асыруға әсер береді.

Қазақстан экономикасы бірінші кезекте бизнес-жоспардың жоғары сапасы мен негізділігіне мұқтаж.

Бизнес-жоспар ұйымның стратагиялық жоспары сияқты ұзақ периодты, көбіне 3-5 жылға, кейде одан да көп мерзімге жасалады. Бірақ бизнес-жоспар мен стратагиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар:

- стратагиялық жоспарға қарағанда бизнес-жоспар фирманың жалпы мақсаттарының кешенін толығымен қамтымайды, тек біреуін ғана, жаңа бизнесті құру мен дамытуға байланыстысын қарастырады. Бизнес-жоспар тек дамуды көздейді, стратагиялық жоспар ұйымдастыру стратегиясының басқа түрлерін қамтуы мүмкін;

- стратагиялық жоспар - өспелі уақыт горизонтындағы жоспарлар.

Жоспарлы экономика жағдайында бизнес-жоспар аналогы – технико-экономикалық негіздеу (ТЭН). ТЭН – кәсіпорынның даму жоспарының тағы бір варианты. Осыған байланысты ТЭН көбіне бизнес-жоспар функцияларына жақын.

ТЭН ЮНИДО әдістемесі біріккен кәсіпорын құру туралы ұсынысты негіздеу Ұсынымын әзірлеуде қолданылды.

ЮНИДО әзірлемесіне сәйкес ТЭН материалдарын баяндау келесі реттілікте жүргізіледі:

1 Жалпы негізгі мәліметтер мен жағдайлар

2 Нарық және кәсіпорын қуаттылығы

3 Өндірістің материалды факторлары

4 Кәсіпорынның орналасу жері

5 Жобалық-конструкторлық құжат

6 Кәсіпорынды - өнеркәсіптік объектілерді құру мен дамыту үшін құрылатын арнайы жоспарлы құжат. Бұл ТЭН бизнес-жоспардан басты айырмашылығы. Сондықтан ТЭН құрылымында ерекшк акцент жобаның өндірістік-техникалық аспектілеріне жасалған, ал болашақ бизнестің коммерциялық, нарықтық мәселелері шешілмей қалады. Сәйкесінше бизнес-жоспармен салыстырғанда ТЭН сипаттамасы тар және өзгеше.

ТЭН құру әдістемесін өнеркәсіпті дамыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНИДО) әзірлеген. Бізде

ұйымдастыру және үстеме шығындар

7 Еңбек ресурстары

8 Жобаны жүзеге асыру мерзімін жоспарлау

9 Жобаны қаржылық-экономикалық бағалау.

Отандық кәсіпорындар үшін ТЭН, оның құрамының көрсетілген ерекшеліктеріне байланысты, экономикалық жобаны негіздеудің машықты формасы. Қазіргі жағдайда кәсіпорынның ТЭН ЮНИДО ұсынған үлгіге жақындастырылған.

Кәсіпкерлік жобаны негіздеу формасы ретінде бизнес-жоспар бизнестің жоспарлы қызметі сферасынан ТЭН біртіндеп ысырады. Оның мәнісі фирма қызметінің өндірістік және нарықтық, қаржылық және техникалық, ішкі және сыртқы аспектілерінің икемді үйлесімінің артықшылықтарын қамтуы.

Бизнес-жоспарда шешілетін мәселелер тізімі мен мақсаттар анықталады. Ұйымдастырудың ішкі және сыртқы мақсаттарына қастерлі және сапалы жоспар құрылса ғана жетуге болады.

Көпшілік фирмалар сыртқы қаржыландыруға өте мұқтаж несие иелеріне – коммерциялық банктерден, потенциалды қарыз алушылардан кәсіпкерлік жобасының байыпты негіздемесін беруді талап етеді.

Бизнес-жоспарлаудың ішкі және сыртқы мақсаттары қарастырылғаннан кейін үшінші қадамға кірісуге болады – мақсатты оқырман тұлғаларын нақты анықтау – Ұйымдардың ішкі мүшелеріне, бизнес-жоспарды жүзеге асыратын көмекшілерге, мамандарға қарағанда сыртқы тұлғалар, ұйымның инвесторлары болатын, - болашақ акционерлер, коммерциялық банктер, венчурлы капиталистер, әртүрлі деңгей әкімдері маңызды.

Венчурлы немесе тәуекелді капитал – кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың әртүрлі кезеңінде оны қаржыландыруға (құру, кеңейту, модернизация этаптарында), сондай-ақ жеке тәуекелді бөлімшелерді – S ірі шаруашылық ұйымға кіретін бизнес түрлерін қаржыландыруға мамандалған коммерциялық ұйымдар. Венчурлы капиталистер бизнесті қаржыландыруға қарыз қолхаттары жүйесі, қаржыландыруға мұқтаж фирманың акциялары мен басқа бағалы қағаздарын сатып алу арқылы қатысады. Венчурлы капитал қызметінің мақсаты – тәуекелді кәсіпорындарға жоғары пайда алу мақсатымен қаржыларды салу.

Нарықтық экономика дамыған елдерде венчурлы капитал – кәдімгі, кең тараған құбылыс. Оны ұйымдастыру формалары әртүрлі.

Венчурлы капиталдың бірінші тарихи формалары: жеке бай адамдардың, жанұялық ұйымдардың, инвестициялық банктік бірлестіктердің қаржылары. Бұл венчурлы капиталистер қаржыларын жаңа іске салу тәуекеліне бармай, құрылған және дамитын ұйымдарды қаржыландыруды жөн көрген.

Кейін аралас мемлекеттік – жеке венчурлы қорлар (АҚШ-та – кіші инвестициялық компаниялар) пайда болды, олар қызметінің негізгі сферасы ретінде құрылатын немесе жақында құрылған кіші кәсіпорындарды таңдаған.

Соңғы онжылдықта кішігірім жеке венчурлы компаниялар көптеп пайда болды. Көбінесе олар жауапкершілігі шектелген серіктестік шеңберінде құрылады, олардың әріптестері – сақтандыр, зейнет ақы, қайырымдылық қорлары немесе табысы жоғары жеке тұлғалар.

Қазіргі уақытта қаржылық және өндірістік ірі фирмаларда венчурлы капитал бөлімі жұмыс істейді. Венчурлы капиталдың басқа да формалары бар. Жалпы алғанда, венчурлы капитал біздің экономикада әлі де болса аз қолданылады.

Оқырмандар ортасының таңдауы бизнес-жоспар мазмұнының өзіндік ерекшелігін, фирма қызметінің жан-жақтылығын атап көрсету қажеттілігін, экономикалық көрсеткіштерді (акция шығару және сату есебінен қаржыландыруды көздеген фирма дивидендтер мөлшерін, оларды төлеу тәртібін атап көрсетуі керек; егер ұйым банктік несиені алуға сенім артса, онда бизнес-жоспарда проценттер мөлшерін көрсетуі керек, мұнда жалпы нарықтағы олардың тиісті мөлшерін және жеке алғанда банктік несие нарығындағы мөлшерін ескеру керек) анықтайды.

Ең соңында, егер бизнес-жоспар қабылданбаса, үміт үзбеу керек, керісінше, бұл неліктен болды деп саналы пайымдау керек. Қандай себептер бойынша? Бұл құжатты немқұрайлы ресімдеуден бе, жаман стильден бе? Әлде толық есепке алмау немесе кәсіпкердің өз болашағының факторларын асыра бағалауының терең, мазмұнды себептері бар ма?, Біле тұра мүмкін емес бағдар таңдалған жағдайдан басқа, қандай жағдайда болмасын бизнес-жоспар қайта өңделуі және жетілдірілуі мүмкін.

Жалпы алғанда, бизнес-жоспарлау жұмыстары – бұл өте еңбек сыйымдылықты және ұзақ процесс. Кәсіпкер бизнес-жоспар құрастыруға апта және ай кетіреді.

Бизнес-жоспарлау бойынша әртүрлі мамандар ойынша бұл жұмысқа қажетті уақыт жиынтығы 200 сағат құрайды.

 

12 дәріс Кәсіпкерлік мәдениет және кәсіпкерлік құпияны қорғау әдістері

1. Іскерлік және кәсіби этика.

2. Іскерлік қатынастар – кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды бөлігі. Бизнесменнің негізгі ерекшеліктері.

1-сұрақ.

Адамдар мен қатынасқа түсе білу –

ақшаға сатып алған тауар, кофе немесе

қант сияқты. Мен бұл білім үшін бұл

өмірдегі басқа тауардан да көп төлеуге

дайынмын.

Дж.Рокфеллер.

Іскерлік қарым-қатынас адам өміріндегі қажетті бөлігі, басқа да адамдар мен қарым-қатынасының маңызды түрі болып саналады.

Бүкіл немесе маңызды регуляторлардың бұл қарым-қатынасы этика нормасына келіп түседі, мұнда жақсы мен жаманға деген қарым-қатынас білдіріледі. Әділеттілік пен әділетсіздік, адамдардың ісіндегі дұрысы мен дұрыс емес жақтарын қарастырады. Өзінің жұмысшылары мен іскерлік әріптестікте қарым-қатынасқа түсе отырып, басшы мен әріптестері, әркім ойы немесе стихиялы түрде осы қойылдымдарға қарай сүйенеді, бірақ адам моральді нормаларда қалай түсінетіндігіне байланысты болады. Жеке адамның оқуы нақты адаммен іскерлік қатынас қаншалықты тиімді болуын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін жетекші қарым-қатынас құрылған. Процесс кезінде міндетті түрде әріптестер мен қарым-қатынасты есептеген жөн, әріптестер мен шиеленістік жағдайлар туындауы да мүмкін, мысалы, жеке намысқа деген сыйласымдықтың жоқтығының сезілуінен. Сондай-ақ, сөздің дұрыс қолданбауының өзі ақпараттың жоғалуына, сонымен қатар атқарып жүрген міндеттердің үзілуіне әкеп соғады.

Іскерлік қарым-қатынас этикасы әріптестердің мынадай ережелері мен нормаларында құрылады, ақырында іскерлік қатынастың дамуына қатысты болады, іскерлік қатынас құрылуын тұрақтандырады. Бұл нормалар мен ережелердің мәні – сенімділіктің нығаюы, әріптесті әрқашан өзінің іс-әрекеттері туралы ақпараттандыруы, жалғандық үшін қысқарту және әріптестің бағыттан адасуы. Іскерлік қарым-қатынас тәжірибесі кәсіпкерліктің жеке кодексін аз емес түрін және профессионалдық кодекстер, банкирлер.

2-сұрақ.

Қарым-қатынас психологияның ең маңызды түсініктерінің бірі болып табылады. Онда көбіне осы процеске қатысушылардың жеке құндылықтары әр түрлі қарастырылады.

Қарым-қатынас өзіндік функциялар, түрлер, типтер, жүйелер мен фазаларға ие.

Психологтар мен әлеуметтанушылар зерттеулері бойынша 70 % -ға дейінгі басқару шешімдері іскерлік процестерде ауызша түрде жетекшілермен қабылданады.

Ақпараттық технологиялар ғасырында адамдардың қарым-қатынасының басты құралы сөз болған. Кім қарым-қатынас процесінде жақсы қабілеттерге ие болса, сол «келді, көрді, көндірді» принципімен өмір сүру мүмкіндігіне ие болған. Қарым-қатынастың екі түрі бар: қатысты және қатысты емес.

Қатысты емес қарым-қатынаста жай хабарласу «көзбе-көз» вербалды көмек арқылы немесе вербалсыз құралдар мәнерлер, мимика, пантомима, кеңістік (аралық, жақындау, жойылу, «осы жерден және басқа жерге» бұрылыстар), уақыттық (ерте, кеш). Атап айтатын жай іс-тәжірибелік маңыздылықтың қабілеті вербалсыз ақпаратты «оқу». Сөйлеу жылдамдығы, даусы, дауыс жылдамдылығының суреттелуімен жоғарлауының өзгеруі – мұның барлығы эмоциялы адам халінің жеткізу құралы, оның жіберілген хабарға деген қатынасы.

Адам өзінің бүкіл қарым-қатынас сферасын бақылап отырмайды, сондықтан ол жиі өзін жасырады, мысалы, қолдың, аяқтың жылжуы арқылы және көздің көрінісі, т.б. Тек аккомпанементін ескере отырып, әріптестің қарым-қатынасын дұрыс түсінуге қабылдауға болады.

Қатысты қарым-қатынас толық емес психологиялық хабарласу жазбаша немесе техникалық құралдардың көмегімен қарастырылады, қатысушылармен қарым-қатынаста байланысты қабылдау кезіндегі бөлінулер.Әртүрлі коммуникативті –техникалық құрылғылардың пайда болуы адам біліктілігінің түп – тамырының санын ұлғайтты, бірақ көбіне адам қарым-қатынасының жүйесін күрделендіреді.

Қарым-қатынас типтері: әлеуметтік роль деңгейіндегі қарым-қатынас (рөлдік қарым-қатынас) – басшы-бағынышты, сатушы – сатып алушы, мұғалім – оқушы, рөлді орындау кезінде адам әлеуметтік жүйеде қандай орынға ие екендігі тексеріледі.

Күнделікті адам қарым-қатынасының білікті процедураны жоққа шығарады, ұйымдастырылған принцип бойынша қарапайым «терапияларды дәлелдейді»: танысу рәсімдері, амандасу, ат қою, көңіл аударуға түрлі ескертпелердің қамтамасыз етілуі. Ғылыми тілмен атағанда олар адамның «дәлелдеу минимумының» қолданылуына бағытталған.

Кеңістік - әлеуметтік психологияда қарым-қатынастың үш түрі бар: императивтік, манипуляциялық және диалог.

Императивтік қарым-қатынас – бұл әріптеске деген қарым-қатынас арқылы мақсатқа жетудегі оның тәртібін, белгілі бір іс-әрекетін бағалау. Императивтің құндылығы онда қарым-қатынас мақсатының қорытындысы - әріптесті күштеу ойластырылмаған. әсер ету құралы ретінде бұйрық пен талаптар қолданылады.

13 дәріс Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу әдістері

 

1.1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының классикалық моделі.

1.2. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстық моделі.

1.3. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының кейнстік моделі.

1.4. Қазіргі аралас экономикадағы мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы және экономиканың ғаламдануы.

 

1.1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының классикалық моделі

Рыноктық жүйе өзін-өзі реттеуге қабілетті және қоғамдағы шектеулі ресурстарды толық әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Бұл рыноктық реттеу тетіктері арқылы жүзеге асады, яғни, пайыз қойылымы және баға мен жалақы ара қатынасының икемділігі. Екі реттеу механизмі бірігіп әрекет ету нәтижесінде толық жұмыспен қамту мен шектеулі ресурстарды толық пайдалану объективті мүмкіншілікке айналады. Осы арқылы экономика сыртқы күштердің қатысуынсыз-ақ өзін-өзі дамытуға қабілетті болады. Адам Смиттің пікірінше бағалар жүйесі экономикалық процестердің қатысушыларына қатаң ережелерді жүктейтін, олардың әр түрлі іс-әрекеттерін анықтайтын механизм. Бұл орталық басшылықтың немесе ұжымдық шешімнің көмегенсіз автоматты түрде жүзеге асады. Бағалар жүйесі ғана жеке мүдделерді қоғамдық мақсаттармен үйлестіруге қабілетті.

“Көрінбейтін қол” мен рыноктың автоматтылығы ресурстарды бөлу мен оңтайландыруға қабілетті. Яғни, рынок “айқын және қарапайым табиғи еркіндік жүйесі” идеясын жүзеге асыруға қабілетті. Шығатын қорытынды: мемлекеттің экономикаға ешқандай араласуы болмауы тиіс, әйтпесе табиғи тәртіп “қалай жүрсе, солай жүрсін” – laissez faire – laissez passez – бұзылады. Мемлекеттің араласуы қажет емес, өйткені ол экономиканың аса тиімділікпен даму жолынан адастырады.

Қоғамдық үлес пайыз қойылымы, баға, жалақы, бәсеке секілді рыноктық механизмдермен реттеледі. Жоғары немесе төмен ауытқу арқылы бұл механизмдер рынок субъектілерінің іс-әрекеттерін басқарады және экономиканың тұрақты дамуы мен толық жұмыспен қамтуға жағдайлар жасайды. Еңбек рыногындағы бәсеке нәтижесінде мәжбүрлі жұмыссыздықтың болуы мүмкін емес.

Классикалық рыноктың негізгі белгілері:

- сатып алушылар мен сатушылар санының көп болуы;

- тауарлар мен қызметтердің бағалары өндірушілерден тәуелсіз сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады;

- рынокқа енуде ешқандай кедергілер жоқ;

- өндірілетін өнімдер біртекті, күрделі емес және ірі көлемдегі өндірістің артықшылықтары жоқ;

- рыноктың барлық қатысушылары қажетті ақпараттарды еркін алады және кәсіпкерлік әлемінде жақсы бағдарланады.

 

1.2. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстық моделі

 

Экономиканы жоспарлы-социалистік ұйымдастыру К. Маркстың теориялық негізделген моделі. Модельдегі мемлекеттің экономикалық іс-әрекеттері біріншіден, өндіріс пен тұтынуды қоғамдық ұйымдастырудың тарихи нысаны, екіншіден, экономикалық жүйеде үстемдік етуші сектор ретінде қарастырылады. Бұл жүйенің негізі болып табылатын өндірістің негізгі құрал жабдықтарына мемлекеттік меншіктің болуы барлық экономикалық процестерді бір орталықтан реттеудің қажеттігін білдіреді. Ресурстарды пайдалану туралы барлық шешімдер осы орталықта қабылданады. Не, қанша және қандай сапада өндіру, қандай шикізаттар мен құрал-жабдықтарды пайдалану керек екендігі туралы барлық ақпараттар орталық органдарда жинақталып, қайта өңделеді. Содан кейін нақты кәсіпорындарға белгілі бір өнімдер үшін тапсырыс беріледі. Бұл жағдайда техника-экономикалық факторларды және саяси шешімдер мен әлеуметтік басымдықтарды ескеруге мүмкіншілік бар.

Жүйенің артықшылығы- теориялық тұрғыда болса да, ресурстарды үнемі басқару арқылы барлық адамдарды толық жұмыспен қамтуға болатындығы. Баға мен жалақыны қоса алғанда экономиканы түгелдей бақылау арқылы ресурстарды қалаған мөлшерде бөлуге болады.

Бұл моделдің басты белгілері:

- өндіріс құрал жабдықтарына қоғамдық (мемлекеттік) меншіктің болуы. Бұрынғы Кеңес Одағында негізгі ресурстардың 98%-дан астамы мемлекет меншігінде болды;

- өндіріс пен тұтыну, салалар мен аймақтар араларындағы экономикалық байланыстар жоспарлы жүзеге асты. Экономикалық ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық сфералары жоспарға бағынды;

- өндірілетін тауарлар мен қызметтердің бағалары орталықтан қатаң бекі-тілетіндіктен, баға сұраныстың да, ұсыныстың да жағдайын анықтай алмады;

- бақталастықтың рәсімделген түрі, экономикалық бақталастықтың антаго-нистік нысаны ретінде бәсеке экономикалық жарыспен ауыстырылды. Эконо-микалық жарыс ешқандай материалдық ынталандырумен қамтамасыз етілмеді.

Бұл моделдің орталық бөлімі- жоспар- заң мәртебесінде болды.

 

1.3. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының кейнстік моделі

Қоғамның материалдық-техникалық базасы түбірлі өзгерістерге ұшырап, капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы күшейді, монополистік бірлестіктер пайда болып, бәсекелестік күрес аса күрделі сипат алды.

Бұл кезеңнің басты белгілері:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: