Кубаев К.Е., Байшоланова К.С. Инновационный бизнес (учебное пособие). Алматы: «Экономика», 2011. 5 страница

3) Бизнестің қамтамаысз етілуі әртүрлі әскерліктік қызметін өткізудің тарапында АТ-ң қызметтері мен өнімдерін тұтынуын кіргізеді: сатылымдар, жабдықта-өндірісі, маркетинг, өнімнің физикалық таралуы және қосылған құнды құрудың басқа кезеңдері. АТ қолданылуы, ереже бойынша, белгілі бір процедураларымен қадағаланады және қайталанатын сипатын алады.

4) Парасаттылық жұмысы менеджерлер мен басқа мамандар арасындағы ақпараттың жіберілуі және тұтынылуына жатады.

Тұтыну ауданы көлемі бойынша аз, өте арнайы сипатын алады және АТ алуы туралы сұрағын қарастыруы кезіндегі үлкен жағдайлардың дәрежесімен анықталады. Көптеген сатып алушылары сандық талдаудың әдістемесінің болуына қарамастан, сапалы критериялары мен сезгіштігімен жетекшеленеді.

АТ индустриясын дамытудың динамикасын талдаудың есебімен нарықтың «шынайы» болжануы АТ-ң келесі негізгі аудандарын бөлу:

1)Байланыстың қызметтері – дыбыс сигналдары мен бейнелеудің жіберілуін, деректердің телефондық жіберілуін, сонымен қатар тасымалдаудың дәстүрлік әдістері сияқты, жалпы қолданылуы өткізіледі.

2) Ақпараттық қызметтері — электрониканың құралы сияқты, дәстүрлі әдістерімен де жүзеге асатын, әртүрлі басылымдарымен; қолданбалы бағдарламаларының пакеттерімен, тапсырысты бағдарламалық құралдарымен, деркетердің компьютерлік өңделуімен, жарнамамен және басқа іскерліктік қызметтердің түрлерімен көрсетілген.

3) Ойын-сауықтары ақпараттық өнімін құрудың есебімен қамтамасыз етіледі:музыкалық, көркемдік, әзіл-сықақ және ойын сипаты.

4) Тұтынушылықтық электроникасы ойын-сауықтары мен ақпаратындағы жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, стандарттық жүйелері мен құрылғылары көрсетілген. Мысалы, ақпаратты – ойын-сауықтық арналарын жүргізетін және сақтайтын, шаруашылық компьютерлері мен лазерліік орындалуы сияқты, жаңа жүйелері, телеарна-аппаратурасы және аудио, телефондық.

5) Кеңселік құрылғы жүйлері мен құрылғылардың кең аумағын жайлайды: телефондық аппараттары мен персоналдық компьютерлерінің торларымен-бүгінге дейінгі тасушыдан тасушыға ауыстыру үшін қарапайым автоматтық құрылғыларынан.

6) Бизнесті қамтамасыз етудің жүйелері. Оған ақпараттың жіберілуі, сақталуы және өңделуі үшін жалпы ұсынылым жүйелері жатады. Потенциалдық нарықтың АТ сегменттері мен шынайы нарықтың болжамымен нарықтың конъюнктурасын анықтайтын, тыйым салудың эффектісі жүреді.

Тез конвергенциясының керектілігі мен жаңа интегрирленген өнімнің ізденісі АТ аумағындағы фирмалардың жан-жақты серіктестігіне бағытталуын шақырады. Бұл жердегі бақыты көбінесе төрт жағдайларынан байланысты:

1. Компаниялары «стратегиялық ядросы» деп аталатынын күшейтетін, жақын немесе туыстық кәсіпорындарымен конвергенциясына бағытталады.

2. Фирмалары құрама күштерімен қамтамасыз етілетін, нарығына мықты және ұзақмерзімді жағдайына жетуге бағытталады.

3. Компаниялары стратегиялық тарапынан келешектік серіктестіктерін таңдауға келуі керек.

4. Потенциалды-стратегиялық серіктестігі кезіндегі келісімді жасауға дейінгі АТ-ң тасымалдаушысы қандай серіктестіктің шарттары максималдық ерекшеліктерін қамтамасыз ететін нақты көрсетілуі керек.

Конвергенциясы, осылайша, басқа төрт «ақпараттық тенденцияларының» дамуымен негізделген, көп өлшемді тамашалығы сияқты қызмет етеді. Интеграциялық нарықтық қызметтерінің конвергенциясы глобализациясына тәсілденетін, дәстүрлі каналдардың таралуы мен аралық мүшелердің жоюылуына әкелетін, өзара қозғалысына қабілетті, жүйелерінің құралымен жүзеге асырылатын тұтынушының рұқсаты, ақпараттық өнім ағымдарының дминирленген ағымдарының мысалысы болып табылады.

керек <Тез дамитын бизнесі үшін ақшаларды қайдан табу керек?

9 дәріс Кәсіпкерлік қызметтегі инновациялық капиталды бағалау

Кәсіпорынның негізгі капиталы

Негізгі капитал - бұл негізгі қорды ұзақ уақыт атқарылатын материалдық құндылық бар ретінде бағалау.

Негізгі қордың құрамын жіктегенде екі бөлікке бөлінеді:

· өндірістік

· өндірістік емес

Өндірістік негізгі қорға:

· өнеркәсіп;

· құрылыс;

· ауыл шаруашылығы;

· көлік құралдары;

· байланыс, сауда;

· басқа да материалдық салалар жатады.

Өндірістік емес негізгі қорға:

· тұрмыстық- коммуналдық шаруашылық;

· денсаулық сақтау;

· білім беру;

· мәдениет және т.б. қатысты.

Негізгі қор натуралдық заттық белгілеріне қарай:

· ғимарат;

· құрылыс;

· техника күштері және құрал- жабдықтар;

· көлік құралдары;

· аспап;

· өндіріс;

· шаруашылық мүлкі;

· жұмыс малдары;

· көп жылдық көшеттер деп бөлінеді.

Негізгі қор өндірістік процеске қатысуына қарай екі топқа бөлінеді:

· актив;

· пассив;

Актив бөлігі өндіріске, өнімнің саны мен сапасына тікелей әсер етеді.

Пассивті бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрайды. Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:

· негізгі қордың тозуы;

· амортизация;

· негзгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;

· капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.

Негізгі қордың табиғи тозуы - олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте- бірте жоғалтуы. Оларды қалпына келтіруге болады.

Негізгі қордың сапалық тозуы - қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негзгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.

Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі қор өндірістік процесте:

· натуралды;

· ақшалай нысанда зерттеледі.

Натуралды нысандағы құралдардың есебі:

· негізгі қорлардың техникалық құрамын;

· кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;

· құрал- жабдықтарды пайдалану дәрежесін;

· басұа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.

Негізгі қордың ақшалай нысанындағы есебі:

· негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамакасын құрлымын;

· амортизациялық аударымның есебін;

· дайын өнім тасымалдау құнын;

· капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік.

 

Негізгі қорды бағалау және есептеу

Негізгі қорды құндық бағалаудың мынандай түрлері бар:

1. Қолда бар құрал- жабдықтарды бастапқы толық құны бойынша бағалау, оларды тасымалдаудағы көлік шығындары және пацдаланы кезіндегі құрастыру жұмыстарының құны. Негізгі қор бастапқы құны бойынша кәсіпорынның балансында есепке алынады, сондықтан оны «бастапқы құн» деп аталады.

2. Қорды толық қалпына келтіру құны және оны дамыған жағдайға келтіру құны бойынша бағалау. Бұл ұқсас материалды дамыған жағдайға сәйкес, пайдаланудың тиіісті параметрлерін сақтауды көздейді.

3. Қордың тозуын есепке ала отырып бастапқы және қалпына келтіру құны бойынша бағалау. Бұл процестің нәтижесінде техника тетіктері мен құрал жабдықтардың жоғарғы өнімділігін және оларды үнемді пайдалану жолдарын қарастыру көзделеді.

Лизинг- техника күштерін ұзақ мерзімге жалға берудің нысаны.

 

Лизинг операцияларының субьектілері үш жақты бола алады:

· кәсіпорын, құрал- жабдықтарды немесе түрлі техника күштерін жасап шығарушы;

· жалға беруші (лизинг компаниялары)

· жалгер(жеке тұлға, кәсіпорын, ұйымдар.)

10 дәріс Инновациялық кәсіпкерлікте бизнес-жоспар құру ерекшеліктері.

  1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процесі, оның кезеңдері, мәні мен ұйымдық факторлары.
  2. Бизнес-жоспар – кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру жоспары. Бизнес-жоспарды құру әдістемесі.

1 – сұрақ.

Жоспарлау - кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын тусінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінен бас тартылса, егер меншік штюрализмі (дүниенің негізі бірімен-бірі байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын ғылымға жат философиялық концепция) жағдайында қандай да болсын жоспарлау өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл (догматизм) пікірді ұстанса, алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде жосларлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады.

Жалпы экономика кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәніне, міндеттері, мақсаттары мен кезеңдеріне көзқарастарының бір тұтастығы әзірше жоқ. Сондықтан оны жүзеге асырудың жалпы қабылданған негізгі элеметтеріне тоқтаймыз. Жоспарлау бұл – белгілі бір болашақта кәсіпкерліктің мақсаттарын анықтау, ресурстармен қамтамасыз ету мен жетіспеушіліктерге жету әдістерін талдау процесі. Ол стратегиялық, яғни ұзақ мерзімді және ағымдағы қысқа мерзімді жоспарлау болып бөлінеді. Оның негізгі мына элементтер кіреді:

· Болжам жасау, мемлекеттік деңгейде жасалған ұлттық экономиканың және оның жекелеген аймақтарының даму болжамдарына сүйене отырып, кәсіпорын өзінің болашақта дамуын зерттеуді қарастырады.

· Жалпы міндеттерді қалыптастыру – бұл кәсіпорынның даму болжамдарының негізінде оның орындалу мен ресурстардың қамтамасыз етілуінің белгілі уақытымен жүзеге асады.

· Кәсіпорынның әрбір бөлімшесімен жоспарды нақты орындау, бағдарламаларын жасау, мұнда өндіріс сатылатын шикізат, материалды дер кезінде жеткізуді, өндірістік және өткізу операцияларын есепке ала отырып байланыстыру.

· Кәсіпорын бөлімшесінің арасында ресурстарды бөлу. Кәсіпорынның ақшалай табыстары мен шығындар балансын құру бағдарламасын жасау, онда шикізат, матермалдар, еңбек ақы, күрделі құрылыс шығындарының көрінісі орын алады. Осының негізінде кәсіпорынның әрбір бөлімшесінің функциялары, оларды орындаушылардың және бөлек процестермен операцияларды орындайтын жауапты адамдар анықталады.

· Аяқтаушы кезең – кәсіпорынның төменгі буындарына шешімдерді тарату және нақты тапсырмаларды жасау, осыдан жоспарды көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру басталады.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлауды ұйымдастыру бойынша екі теоретикалық көзқарас, жоспарлауды ұйымдастырудың екі кестесі бар. Бірінші, жоғарыдан төменге жоспарлау. Осы кесте бойынша жұмыс жоғарыдан басталады. Кәсіпорын басшылығы пайда бойынша жоспар көрсеткіштерін, мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Содан кейін осы көрсеткіштер бөлшек нысанда кәсіпорынның ең төменгі құрылымдарына және бөлімшелеріне жеткізіледі, олар бөлімшелер жоспарына енгізіледі. Екінші, төменнен жоғарыға қарай жоспарлау. Жоспарлаудың осы кестесін қолданғанда кәсіпорынның төменгі бөлімшелері жоспарлық есептерді бастайды. Осыдан кейін осы көрсеткіштер алдағы уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің біртұтас жоспарына енеді. Жоспарлаудың кез келген кестесін қолданғанда кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жоспарлары өндірістік және өткеру операцияларының жалпы үлесімен сәйкестігі қажет.

2 – сұрақ.

Бүгінгі күнде кәсіпкерліктің маңызды мәселелерінің бірі бизнес-жоспарды дайындау болып табылады. Бизнес-жоспардың бөлімдеріне бірден кіріспестен, олардың негізгі міндетін түсіну қажет.

Жоспарлау – менеджмент міндеттерінің бірі және кәсіпорын қызметінің болашағын болжамдауды, яғни келесі мәселелерді шешуді білдіреді: фирма қандай бағытта дамиды; қандай қарқынмен; қойылған мақсатқа қалай жетуге болады; тұрлаусыздық және тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін не істеу керек. Тиімді жоспарлау – ол тек мақсаттарды анықтау процесі ғана емес, сондай-ақ сол арқылы жетістікке жету жолдарын табу. Жоспарлау жаңа кәсіпорынды құру кезінде де және оның әрі қарай даму кезеңдерінде де қажет.

Бизнес-жоспар жоспарлау процесі нәтижелерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспар – бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігін сипаттайтын құжат және менеджерлер командасының кәсіпорынды қандай түрде ұйымдастырайын деп жатқанын анықтайды. Толық бизнес-жоспар әдетте айтарлықтай көлемге ие, бірақ барлық кезде толығырақ жоспар жасаудың алғашқы варианты ретінде шағын бизнес-жоспарлар пайдаланылады. Бизнес-жоспар – өнімге қарағанда процеске көбірек жақын және бизнес-жоспарлаудың нәтижесі өзгеріссіз болып табылмайды. Сондықтан фирма қызметі алғашқы белгіленген нәтижелерден ауытқыған жағдайда бизнес-жоспарды түзетудің күттірмейтін қажеттілігі бар.ъ

Бизнес-жоспарды дайындауға әсер ететін негізгі факторларды қарастырайық:

· Бизнестің күрделілігі. Шағын шаруа қожалығының бизнес-жоспары үлкен көлемде өнім шығаратын, күрделі құрал-жабдықтары және есебі бар ірі кәсіпорынның бизнес-жоспарынан айтарлықтай айрықшаланады.

· Бәсекелестік деңгейі. Егер кәсіпорын күшті бәсекелестік күрес жағдайында жұмыс істейтін болса, онда ол бәсекелестер тарапынан күшті қысымды сезбейтіндерге қарағанда бизнес-жоспарды дайындауда жинақы да ұқыпты болуы керек.

· Тұрлаусыздық деңгейі. Кейбір кәсіпорындар тез өзгеретін, тұрақсыз ортада жұмыс істейді, ол жоспарлау процесін қиындатады және керісінше, тұрақты жағдайларда жұмыс істейтін кәсіпорындарға болашақтағы қызметті болжамдау айтарлықтай оңай.

· Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы. Бизнес-жоспар кәсіпкердің қабілеттілігіне және оның командасының бизнестің ішкі және сыртқы ортасындағы қарым-қатынасты пайдалануына, кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын дұрыс тұжырымдау ептілігіне байланысты.

Бизнес-жоспар өндіріс және қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвесторларды іздеу кезінде міндетті. Бизнес-жоспар негізінде инвесторлар жаңа кәсіпорынның жоспарлаған мақсаттарды, оның ішінде кәсіби деңгейі жоғары менеджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі бағдарламалық іс-әрекеттерді орындауға сай мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізуі тиіс. Егер бизнес-жоспар мақұлданса, ол кәсіпкер мен оның командасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критерийі болуы керек.

Инвесторларды, бірінші кезекте, кәсіпорынның қарызды өтеуі, яғни оның тек пайызды төлеп қана қоймай, сонымен қатар негізгі қарызды қайтара алуы толғандырады. Сол себепті кәсіпорынның қаржылық көрсеткішін мұқият талдап, жоспарлау қажет. Бизнес-жоспар тек инвестиция тарту құралы ретінде пайдаланылады деген пікір де айтылып жүр. Бизнес-жоспардың мақсат өрісі айтарлықтай кеңірек, себебі бизнес-жоспарды дайындаудың басқа да маңызды себептер бар. Соның ішінде:

1. Көбірек жөнге салынған жұмыс. Бизнес-жоспар менеджерлер командасының тиімді жұмыс істеуіне, яғни әртүрлі балама варианттардың ішінде өте пайдалысын таңдауға, мүмкін болар тәуекелдердің алдын-алуға және олардан құтылудың немесе төмендетудің жолдарын анықтауға көмектеседі.

2. Болашаққа бағдарлану. Жоспарлау менеджерлер командасына көптеген проблемаларды болжауға, алдын-алуға және олар пайда болған кезде дайын болуға септігін тигізеді.

3. Ниеттердің мақұлдануы. Жоспарлау тек стратегияны тұжырымдауға ғана емес, сондай-ақ ниеттерді мақұлдау және тәсілдер арқылы оны жүзеге асыруға көмектеседі.

4. Стресті басқару. Жоспарлау процесінде шындыққа негізделген мақсаттарды анықтау болашақтағы болатын стресс жағдайларынан құтылуға мүмкіндік береді.

5. Тиімділігі жоғары жұмысты қаржыландыру. Шындыққа жақын мақсаттарды белгілеу кезінде қисын әсері бизнес-жоспардың қолға түсетін аз салдары болып табылады. Егер мақсаттар қиын болса да, бірақ жетуге болатынын адамдар көбірек дәлелдейтінін зерттеулер көрсетуде.

( ><Бизнес жоспар жасау, есептеу жәңе сараптау технологиясы.)

 

1 Нарық мүмкіндіктерін зерттеу (сыйымдылығы, өткізу бағасы және т.б.)

2 Фирма мүмкіндіктері мен ресурстарын нарықтағы табысты жұмысы үшін қажетті ресурстармен салыстыру

3 Әрбір ресурс түрі бойынша жетіспеушілікті анықтау түрлері

4 Ресурс жетіспеушілігін компенсациялау міндеттері

5 Міндеттерді жүзеге асыру шаралары.

 

Титулды бет келесі мазмұннан тұрады: жоспар тақырыбы,оны дайындау мерзімі,

жоспарды жасаған тұлға, фирманың толық аты және адресі,кәсіпкер аты және оның үйінің телефоны, жоспар кімге жасалған,

кейде титулды бетке құжаттағы мәліметтерді таратуға болмайтыны туралы өтініш қосу ұсынылады – осылай кәсіпкер өз идеясына құқығын белгілейді.

Бұл бөлім кәсіпорын жұмыс істесе және дамыдудың белгілі жолын өтсе құрылады. Бұл бөлім ақпаратты негізінен сыртқы оқырмандарға арналған, сондықтан бизнес тарихын талқылауда нақты табыстар, фирма жұмысшыларының жетістіктері айтылады.

Мұнда бизнес қашан құрылған, оның негізгі даму этаптары қандай, нарыққа қандай өнімдер (қызметтер) ұсынылған, бизнес дамуындағы жоғары басшылық рөлі қандай, фирмада негізгі рөлдер қалай бөлінген сұрақтары қарастырылады

Осылайша бизнес-жоспарлау процесінде әрбір бөлімшенің экономикалық міндеттері мен қызмет бағыттары фирма алдына қойған жалпы мақсаттан туады, ал жоспарлау процесі "жоғарыдан төмен" жүргізіледі. Бұл бизнес-жоспардағы жоспарлы-экономикалық сипаттағы мәселелер кәсіпорын дамуының болашағы негізінде әзірленеді. Кәсіпорындағы бизнес – жоспар мақсаттарын жүзеге асыру тұтас кәсіп орын дамуының директиваларымен салыстырғанда мәселе қойлымының төменгі деңгейі.

Кәсіпорын шеңберінде нақты жоба мақсаттарын жүзеге асыру жалпы стратегиялық желіні қолдау туралы болып табылады. Бірақ мақсаттарға жету деңгейі жобаны табысты жүргізгенде артуы мүкін, ал көзделген стратегия өзгерістерге ұшырап агрессивті болады.

Көп жағдайда жалпы мақсаттарды жүзеге асыру реттілікпен немесе параллельді шешілетін міндеттерді орындаумен қабаттасады, ал соңғы нәтиже әрбір міндетті шешу сапасына, олардың өзара байланысы мен реттілігіне байланысты. Тұтынушылар санын артыру мәселесі өнім сапасын арттыру мәселесімен соқтығысуы мүмкін. Нәтижесінде міндеттер, жұмыстар мен прцедуралар тізбегі пайда болады. Бұларды ертеректе қойылған мәселелерді шееу мен ара қатынаста жүргізу керек. Қызметтің әрбір бағыты бойынша мақсаттар құрлымыни схема түрінде көрсету керек.

Мақсаттарды қойғанда сандық көрсеткіштерді (ел, тауар немесе сегмент бойынша фирма нарығының үлесі, нарықта тауарларды және қызмет өткізудің натуралды және ақша түріндегі көлемі, пайда мөлшері, өнімді дайындау және өткізу бойынша өндірістік шығындар және т.б.), спалық көрсеткіштерді (жаңа нарық, жаңң өнімді әзірлеумен өткізу. Фирма жұмыс істейтін қоршаған ортаны қорғау, фирма сауда жасайтын немесе филиалдарын ашатын елдегі жұмыспен қамтамасыз ету) қолдану керек.

Кәсіпорын өзінің сандық мақсаттарын орын және уақыт шеңберінде қаншалықты анық құрса, соғұрлым оларға жету стратегиясы нақты болады.

Кәсіпорын сипаттамасына: барлық сіздің ісіңізбен (бизнесіңізбен) тура немесе жанама байланысты сипаттар, кәсіпорын орналасқан жер оның профилі, жұмыс тәжірбиесі, сатып алушыға қандай өнім немесе қызмет ұсынасыз немесе ұсына аласыз, сіздің клиенттеріңіз кімдер және олрдың ұсынымдары қандай, кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық формасы мен капитал құрлымына қандай мәселелері жатады.

Барлық сипаттамалар ақпарат болып табылады және алдағы немесе жұмыс істеп тұрған бизнеспен байланысты келтіріледі. Кәсіпорын орналасу жерін таңдау бизнестің шығын бөліміне әсер етеді:негізгі жанданған магистральдан қашықтық, шикізат. Материал, өнімді өткізу орындарына жақындық. Бұл аймақта мерзімгет байланысты бағаның ауытқу амплитудасы, халықтың сатып алу қаблеті және басқа факторлар ескеріледі.

Жаңа кәсіпорын құрғанда мына мәселелер айқындалуы керек: неліктен таңдалынған орынға орналастырылды және жоғарыда айтылған факторлар түсімге, пайдаға қалай әсер етеді; бұл жерде бизнес-жоспар тіркемесіндегі есептеу варианттарына сілтеме жасалады. Кәсіпорын жұмыс істейтін болса сіздің бизнесіңіздің жаңа бағыттарына осы жағдайлар неліктен сәйкес келетінін түсіндіру керек. Егер сәйкес келмесе, онда нені ауыстыру қажет: қоймалардың негізгі магистральдарына жақындау, өткізу желілерін ұйымдастыру (дүкен, дилерлер), жолды тегістеу және т.б.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: