Кубаев К.Е., Байшоланова К.С. Инновационный бизнес (учебное пособие). Алматы: «Экономика», 2011. 3 страница

Бұл нәтижеге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.

Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

Жаңалық енгізудің негізі болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестициясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, транстпорттық және сонымен қатар жаңалық тауардың қолданушыға жетуін қамтамасыз етеді.

Инвестициялау- бұл түсімді қалыптастыру мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл бизнеске салынған инвестициялар болвп табылады(экономикалық инвестицияларда). Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірісітік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда.

Әрқашанда инвестициялау бағдарының альтернативтік түрлері болады:

-ұзақ мерзмдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестицияларды)сатып алу жолымен ақшалай салым;

-бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестицияларды);

-инновациялық бизнеске арналған инвестициялар.

Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі үлкен кірістерді болжауын көрсетеді.

Жаңалық енгізуге арналған инвестициялардың өзіндік қасиеттері болады:

1) Олар инновациялық үрдістің өзіндік қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір экономика салаларында тұрулар, ал кейбіреулерінде-новацияға және өндірістік ақпараттың және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестициялық үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал жинағының механизмдері тығыз байланысты болып, жаңка білім мен интеллектуалдық еңек өнімдерінің дискреттік қасиетін көрсетеді.

2) Бұл инвестицияларға скпуляцияның байланысы болмайды, өйкені олардың нақты болашақ кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі бар.

3) Ішкі және сыртқы факторларға байланысты оның ұйымдық-экономиалық және әлеуметтік параметрлерініің болуымен қатар, бизнеске арналған инвестицияларға обьект туралы мағлұмат білу керек.

Кәсіпкер сонымен қатар инвестициялық үрдістің өзімен анықталатын кейбір талаптарды есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектісі сен қаражат қайнар көзінің тәуекелін табу; инвестициялардың түрі(ақшалай қаражат, меншік, басқа активтер және қорғау және т.б).

Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері кездеседі:

Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуының мүмкіндігімен айқындалады.

Бизнес тәуекелі- жаңалық енгізудің экономикалық бағалау эффектілігіндегі нақтылықпен, соның ішінде иныестициялық мерзімнің ұзақтылығымен айқындалады. Қаржылық тәуекел-ақшаның қаблеттілігінің төмендеуі мен инвестициялау, коммерциялық жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздануына байланысты.

Жаңалық енгізудің инвестициялануының шешу негізіне этаптық мерзімде жүзеге асырылатын стратегия мен бизнес әдісін таңдау кіреді.

Инновациялық қызметкерліктің стратегиясының қалыптасуы.

Инвестициялық талдаудың статистикалық және динамикалық әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде инвестициялауға шешім қабылданады.

Статистикалық әдістерге жобаның есе қайтару мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген баға, түсім индекс, рентабельдіктің ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты.

Динамикалық әдістерге-инвестициялық жобаның бағалануына әсер ететін көптеген факторлар анықтамасы.

Өнеркәсіптің қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауға маңызды орын алады. Бұл жерде жаңалық енгізу жүзеге асыру көзделіп отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін.

Ұйымдық жобалау келесі кезеңдерден тұрады:

-жобаның маңыздылығын анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті);

-фиксация рангі және ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы, сонымен қатар тәуекелдерді сақтандыру, саясатты және банкілік кепілдіктер.

Үстіде келтірілген түсініктемелер, жобалаудың түрлері мен сценарийлері болжау сипаттамасын анықтайды және қарсылық сипаттамасын ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызығушылықтарына байланысты болады.

Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған инвестицялар туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу инновациялық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуекелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді.

 

 

3 дәріс. Кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы негізгі және айналым қорлары

Айналым капиталының құрылымы мен мәні,

пайдалану көрсеткіштері

Өндірістік айналым қоры- бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының арзан бағалы және тез тозатын заттарды есепке алғандағы заттық мазмұны. Мұның экономикалық мәні - өздерінің толық құнын дайын өнімге түгелдей көшірілумен сипатталады.

Айналыс қоры- өндіріс процесіне тікелей қатынаспайды, алайда өндіріс және айналыс біолестіктерін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өндірістік айналым қоры мен айналыс қоры ауыспалы айналым қаражаттарын үздіксіз қамтамасыз етуге тұрақты қозғалыста болуы тиіс. Осыдан авансты құнның тұрақты және заңды ауысым нысаны пайда болады:

· ақшалайдан тауарларға;

· одан кейін өндіріске;

· қайтадан тауарлы және ақшалай.

Қорытындысында айналым қаражатын береді.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен оны сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым қорларын құру ұшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға алдын- ала берілетін ақшалай қаражаттың жиынтығы. Айналым қаражатының қызметі өнімді өндіру және сату кезеңдеріне төлем- есеп айырысу жұмыстарынан тұрады. Міне бұл жағдайда өндірістік айналым қорының қозғалысы дер кезінде материалдық факторлардың айналымын қалпына келтіруге, ал айналым қаражатының қозғалысы – ақша, төлем айналымына жалғасады.

Айналым қаражаты- ауыспалы айналым процестеріне қарай:

· өндірістік айналым қоры;

· айналыс қоры;

қалыптастыру көздеріне қарай:

· меншіктік;

· қарыз;

жоспарлау ерекшеліктеріне қарай:

· мөлшерлеу;

· мөлшерлемеу болып бөлінеді.

Кәсіпорын жарғылық қорын анықтағаннан кейін, дербес өндірістік қызметінің мүмкіндіктеріне қарай айналым қаражатының мөлшерін белгілейді.

Ауыспалы айналым үш кезеңнен тұрады:

· Бірінші кезеңде кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын, яғни шикізатты сатып алуға жұмсайды. Ақша қаражаты ақшалай нысаннан тауарлы нысанға, ақша қаражаты айналыстан өндіріске өтеді.

· Екенші кезеңде- өндірістік қор мен жартылай фабрикаттар айналысының нәтижесінде дайын өнім пайда болады.

· Үшінші кезеңде- дайын өнім сатылады, айналым қоры өндірістен айналысқа көшеді және қайтадан ақшалай нысанға айналады.

Бұл капиталдың ауыспалы айналымы деп аталады, оны формула түрінде былай бейнелеуге болады:

Айналым қаражатында тұтынылатындар және

оларды қалыптастыру көздері

Айналым қаражатында тұтынылатындарды анықталғанда негізінен үш әдіс қолданылады:

1. Талдамалы әдіс бойынша өндіріс көлемінің өсуіне байланысты айналым қаражатында тұтынылатындардың орташа нақты қалдықтардың мөлшері анықталады. Бұл әдіс- айналым қаражатының жалпы соммасында үлес салмағы жоғары кәсіпорында қолданылады.

2. Коэффицентті әдісті қолданғанда запастар мен шығындар, өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей әсер ететін (шикізат, материал, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын өнім) және оған әсер етпейтін(қосалқы бөлшектер, арзан бағалы және тез тозатын заттар, болашақтағы шығындар)болып екіге бөлінетінін ескеру қажет.

Бірінші топ бойынша айналым қаражатында тұтынылатындардың алдағы жылдағы мөлшері мен өткен жылғы өнім шығындарының өсу қарқыны анықталады.

Екінші топ бойынша тұтынылатындар орташа нақты қалдықтар деңгейіне қарай қарастырылады.

3. Тікелей есептеу әдісі кәсіпорындағы ұйымдық- техникалық даму деңгейіндегі әрбір айналым қаражаты элементтерінің барлық өзгерістерін есепке ала отырып, тауарлы- материалдық құндылықтарды тасымалдау және кәсіпорындар арасындағы тәжірибелі есеп айырысу жұмыстарын атқаруға қолданылады. Бұл әдіс кәсіпорында өндірілетін өнімнің болашақта еңбек сыйымдылығын неғұрлым азайтуға бағытталған. Ол кәсіпорынның жабдықтау, заң, өнім өткізу, өндірістік бөлімдерінде, сондай- ақ есептеу және басқа да ішкі құрылымдарында жұмыс істейтін кадрлардың аса біліктілігін талап етеді.

Айналым қаражатының мөлшері бірнеше бөліктен тұрады:

· көлік қоры, жүк пен құжаттардың айналым уақыттары арасындағы айырмашылық (құжат айналымы- есеп айырысу құжаттарын банктерге тапсыру уақыты, банктегі құжаттарды өңдеу уақыты, құжаттардың почта аралығында жүру уақыты);Ғ

· қоймаға жүк түсіру, қабылдау және өңдеу уақыттары, нақты түскен материалдары негізінде анқталады;

· материалдарға талдау жасау, хронометраж арқылы жүргізіледі;

· материалды өндіріске дайындау уақыты;

· қоймадағы запас, ол өндіріс процесінің үздіксіз жұмыс істеу үшін қажет;

· кепілдіктегі запасы, ұдайы қалыпты жағдайдағы қажеттілік, ол ағымдағы запастың 50% мөлшерінде белгіленеді.

Кәсіпорынның айналым қаражатын қалыптастыру көздері:

· тұрақты пассивтер;

· несиелік қарыз;

· банк және басқа да несиелер бере алатын субьектілер.

Тұрақты пассивтер:

Жалақы және әлеуметтік сақтандару аударымдары, зейнетақы қоры, жұмыспен қамту қоры және тағы да басқа ауыспалы қарыздар:

· резерв бойынша алдағы шығындар мен төлемдерді өтеу жөніндегі ең аз қарыздар;

· фактураланбаған жеткізілім мен акцептелген есеп айырысу құжаттары бойынша төлем мерзімі басталмаған жеткізушінің қкрыздары;

· тапсырыс берушінің өнімдерді алдын- ала немесе бөлініп төлейтін қарыздары;

· салық түрлері және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке түсетін қарыздар;

Несиелік қарыз – уақытша айналымда жүрген кәсіпорын иелігінде жоқ қаражаттар, олар қалыпты есеп айырысу ерекшеліктеріне байланысты дамитын және қалыпты емес, яғни тауарды сатып алушының есеп айырысу құжаттарын төлеу мерзімі бұзылуының нәтижесінде қайта жасалатын болып екіге бөлінеді.

4 дәріс. Инновациялық кәсіпкерліктің дамуындағы инновациялық жүйенің қалыптастыру ерекшеліктері

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мемлекеттің негізгі рөлі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құру болуы қажет.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы – бұл кәсіпкерлік субьектілерін дамытуға көмектесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қажетті жағдай жасау үшін қызметтер көрсететін ұйымдар мен бірлестіктер жиыны. Ал, шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары деп оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, кеңес берушілік және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды айтамыз.

Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қолдау облысында әртүрлі институттар бар, сондай-ақ, қолдау нысандары мен механизмдері, негізгі қағидалары қалыптасты.

Функционалдық бағытталуына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымын келесі түрде көрсетуге болады:

1. Мемлекеттің бастамасымен құрылған және мемлекеттік ұйымдар (қаржылық институттар);

2. Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, салалық ассоциациялар;

3. Халықаралық ұйымдар және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері;

4. Бизнес-инкубаторлар, индустриалдық және технологиялық парктер;

5. Ақпараттық – аналитикалық, маркетингтік, консалтингтік және оқыту орталықтары;

Мемлекеттің бастамасымен құрылған қаржылық институттар келесі ұйымдар түрінде қызмет етуі мүмкін:

· «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ және оның аймақтық филиалдары;

· Сәйкес Министрлік жанынан құрылған департаменттер;

· Қазақстанның даму институттары (Маркетингтік талдамалық – зерттеулер орталығы» АҚ, «Инжиниринг және трансферттік технологиялар орталығы» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ т.с.с.);

Сонымен қатар лизингтік компаниялар, микрокредиттік ұйымдар да құрылып қызмет ете алады. Олар мемлекет бастамасымен, сондай-ақ жеке бастама негізінде де құрылуы мүмкін.

Қазіргі кезде елімізде 200-ден астам кәсіпкерлер ассоциациялары мен бірлестіктері тіркелген және қызмет етеді. Мұндай бірлестіктер кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Олардың қызметі бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде олардың рөлін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге кәсіпкерлер территориялық (республикалық, облыстық, қалалық) және салалық (жиһаз және ағаш өңдеу кәсіпорындарының ассоциациясы, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ассоциациясы т.б.) белгілері бойынша бірігуі мүмкін.

Елімізде қоғамдық және Үкіметтік емес ұйымдар нысанында құрылған едәуір ірі кәсіпкерлер ассоциациясы ретінде келесілерді атап көрсетуге болады: Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің «Атамекен» жалпыұлттық одағы, «Қазақстанның кәсіпкерлер форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, ҚР-ның сауда - өнеркәсіптік палатасы одағы, Инновациялық орталықтар мен бизнес – инкубаторлардың Қазақстандық ассоциациясы, «Кәсіпкерлердің тәуелсіз ассоциациясы» т.с.с.

Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсететін аккредиттелген шетелдік және халықаралық ұйымдар да белсенді түрде қызмет етеді. Олардың қатарына Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жобасы (ПРООН), Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы, Халықаралық даму жөніндегі Американдық агенттік (ЮСАИД), Сорос Қазақстан қоры, «Евразия» қоры, ТАСИС т.б.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына бизнес – инкубаторлар кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының бірі ретінде айтарлықтай ықпал етеді.

Бизнес-инкубатор ағылшынның business incubator деген екі сөзінен шыққан. Бұл сөз (бизнес-инкубатор) жаңа кәсіпорындарды құрудың икемді әдістерінің жүйесі дегенді білдіреді. Бизнес-инкубаторлар тек АҚШ-та ғана емес Франция, Германия, Швеция, Англия, Жапония, Қытай сияқты елдерде де кеңінен тараған. Бірақ олар түрлі елдерде әртүрлі аталады (инновациялық орталық, кәсіпкерлік орталық, бизнес және технология орталығы т.б.). Бизнес- инкубатор – бұл кәсіпкерлерді қажетті кеңестермен (консультация) және түрлі қолдаулармен қамтамасыз ететін бизнесті қолдау бағдарламасы. Басқаша айтқанда бизнес – инкубатор – шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, құрал-жабдықтар беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға.

 

5 дәріс. Инновациялық инфрақұрылымның қалыптасу бағыттар

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мемлекеттің негізгі рөлі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құру болуы қажет. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы – бұл кәсіпкерлік субьектілерін дамытуға көмектесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қажетті жағдай жасау үшін қызметтер көрсететін ұйымдар мен бірлестіктер жиыны. Ал, шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары деп оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, кеңес берушілік және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды айтамыз. Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қолдау облысында әртүрлі институттар бар, сондай-ақ, қолдау нысандары мен механизмдері, негізгі қағидалары қалыптасты.Функционалдық бағытталуына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымын келесі түрде көрсетуге болады:

6. Мемлекеттің бастамасымен құрылған және мемлекеттік ұйымдар (қаржылық институттар);

7. Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, салалық ассоциациялар;

8. Халықаралық ұйымдар және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері;

9. Бизнес-инкубаторлар, индустриалдық және технологиялық парктер;

10. Ақпараттық – аналитикалық, маркетингтік, консалтингтік және оқыту орталықтары;

Мемлекеттің бастамасымен құрылған қаржылық институттар келесі ұйымдар түрінде қызмет етуі мүмкін:

· «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ және оның аймақтық филиалдары;

· Сәйкес Министрлік жанынан құрылған департаменттер;

· Қазақстанның даму институттары (Маркетингтік талдамалық – зерттеулер орталығы» АҚ, «Инжиниринг және трансферттік технологиялар орталығы» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ т.с.с.);

Сонымен қатар лизингтік компаниялар, микрокредиттік ұйымдар да құрылып қызмет ете алады. Олар мемлекет бастамасымен, сондай-ақ жеке бастама негізінде де құрылуы мүмкін.

Қазіргі кезде елімізде 200-ден астам кәсіпкерлер ассоциациялары мен бірлестіктері тіркелген және қызмет етеді. Мұндай бірлестіктер кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Олардың қызметі бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде олардың рөлін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге кәсіпкерлер территориялық (республикалық, облыстық, қалалық) және салалық (жиһаз және ағаш өңдеу кәсіпорындарының ассоциациясы, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ассоциациясы т.б.) белгілері бойынша бірігуі мүмкін.

Елімізде қоғамдық және Үкіметтік емес ұйымдар нысанында құрылған едәуір ірі кәсіпкерлер ассоциациясы ретінде келесілерді атап көрсетуге болады: Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің «Атамекен» жалпыұлттық одағы, «Қазақстанның кәсіпкерлер форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, ҚР-ның сауда - өнеркәсіптік палатасы одағы, Инновациялық орталықтар мен бизнес – инкубаторлардың Қазақстандық ассоциациясы, «Кәсіпкерлердің тәуелсіз ассоциациясы» т.с.с.

Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсететін аккредиттелген шетелдік және халықаралық ұйымдар да белсенді түрде қызмет етеді. Олардың қатарына Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жобасы (ПРООН), Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы, Халықаралық даму жөніндегі Американдық агенттік (ЮСАИД), Сорос Қазақстан қоры, «Евразия» қоры, ТАСИС т.б.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына бизнес – инкубаторлар кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының бірі ретінде айтарлықтай ықпал етеді.

Бизнес-инкубатор ағылшынның business incubator деген екі сөзінен шыққан. Бұл сөз (бизнес-инкубатор) жаңа кәсіпорындарды құрудың икемді әдістерінің жүйесі дегенді білдіреді. Бизнес-инкубаторлар тек АҚШ-та ғана емес Франция, Германия, Швеция, Англия, Жапония, Қытай сияқты елдерде де кеңінен тараған. Бірақ олар түрлі елдерде әртүрлі аталады (инновациялық орталық, кәсіпкерлік орталық, бизнес және технология орталығы т.б.). Бизнес- инкубатор – бұл кәсіпкерлерді қажетті кеңестермен (консультация) және түрлі қолдаулармен қамтамасыз ететін бизнесті қолдау бағдарламасы. Басқаша айтқанда бизнес – инкубатор – шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, құрал-жабдықтар беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: