Https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek 4 страница

 

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

 

Бекітемін

Мектеп директорының бейінді-бағдарлы

оқу ісі жөніндегі орынбасары: ______ С.Қажығалиева

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы

Мерзiм: 16.01.2016

Сабақ: 18

Тақырып: Адам – әлем бөлшегі

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: сүйіспеншілік, сенімділік, қайырымдылық

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

Сынып: 8 «а»

Оқушылар саны: 11

Мақсаты:Оқушыларға «Әлем», «Адамзат», Адам» туралы ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәнін ұғындыра отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушыларды қоршаған әлемді түсіне білуге, танып-білуге ізгі ниеттерін дамыта отырып, ұлтжандылық, ұлтшылдық қасиеттеріне баулу. Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)Түрлі-түсті маркерлер, ақ қағаз
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Тыныштық сәті. Тыныс алуға зейін қою. Сіздердің аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз, демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Қане, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз, арқамызды тіктейміз, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Дем ал… шығар…. (жаймен 9-10 рет) Сабақ барысын талдау:
4. Үй тапсырмасын тексеру «Елім деп соғар жүрегім» эссе 1. Адам отанына, туған жеріне жасаған қызметі үшін сый- құрмет күтуі керек пе? 2. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрметтің азаматтық белгісі дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Өз отаныңның көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүрсіңдер? 4. Отанға, туған жерге деген махаббатыңды қалай білдіресің? 5. Отаалдындағы парызыңды қалай өтер едің?  
3. Дәйексөз «Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас» Халық мақалы Барлығы бірігіп, дауыстап оқу. Ұлдарға және қыздарға оқыту. · Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптарын тыңдаған соң қорытындылаймын.  
5. Әңгімелеу: Шолпан жұлдызы туралы аңыз. Шолпан аңызда емші қыз болып айтылады. Әрі мейлінше сұлу. Ол бар ғұмырын ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады. Бірақ оның бұл ойы жүзеге аспай қалады: өзі сұлу, өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып, ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға айналады. Ел арасында іріткі туа бастайды. Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты болғанын сезген қыз елден алысқа кетіп, халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді. Сөйтіп, таң қылаң бере ол аспанға ұшып шығып, таң жұлдызына айналады. Халық оны Шолпанжұлдызы деп атап кетеді Аңыз бойынша сұрақтар: 1. Аспан жұлдыздары туралы аңызды естідіңдер ме? 2. Аспан әлемінің құпиясын танып-білу өздеріңді қызықтырмай ма? 3. Аңызда табиғат пен адамзат өмірінің байланысы қалай көрсетілген? 4. Өз жұлдыздарың туралы айтыңдар? Күн, ай, жұлдыз өздерін қызмет ету жолында құрбан ете отырып, адамдарға өз жылуын беріп, оның орнына ешнәрсені талап етпей, шаршамастан адам үшін қызмет етеді. Күн өз жылуын, жарығын жер бетіндегілердің бәріне береді. Жер еш тынбастан, жыл мезгілдерін әкелуден шаршамай айналып тұрады. Өкінішке орай, қазіргі жаһандану заманындағы адамдар тек қана алуды ойлап, құрбандық шеңберінен шығып кететін жағдайлар кездеседі. Құрбандық шеңбері үзілген кезде, жер бетіндегі экологиялық мәселелердің пайда болуына себепші болады. Адамдардарға бұл туралы ойлану керек және өзінің өмірін адамдарға, табиғатқа қызмет етуге, қайырымды істер жасауға арнауы қажет.  
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Алты  
7. Топпен ән айту. «Желсіз түнде жарық ай» А.Құнанбаев Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың, жаны — терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі. Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Тау жаңғырығып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып. Сөз айта алмай бөгелiп Дүрсіл қағып жүрегі, Тұрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп иегі.  
10. Үй тапсырмасы. Нақыл сөздердің мағынасын ашу  
11. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақта алған игі қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Бүгінгі сабақ үшін сендерге көп рахмет!  

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

Бекітемін

Мектеп директорының бейінді-бағдарлы

оқу ісі жөніндегі орынбасары: ______ С.Қажығалиева

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы

Мерзiм: 13.02.2016

Сабақ: 22

Тақырып: Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, жауапкершілік, ұқыптылық

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

Сынып: 8 «а», 8 «ә»

Оқушылар саны: 27

Мақсаты:Оқушыларға табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Міндеттері: Білімділік: Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейте отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрете отырып, жауапкершілік қасиеттеріне баулу Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілік, жауапкершілік, ұқыптылық тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)Түрлі-түсті маркерлер, ақ қағаз
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Тыныштық сәті. Су асты патшалығына саяхат. — Балалар шеңбер құрып отырамыз, қолдарыңызды тізелеріңізге немесе үстел үстіне қойып, аяқтарыңызды айқастырмаңыздар. Арқаларыңызды тік ұстаңыздар. (Жайлы, баяу музыка қойылады) — Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты – неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаныүшін ризашылық білдіңіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Сабақ барысын талдау:
6. Үй тапсырмасын тексеру Оқулықтағы 109-беттегі О.Бөкейдің «Алтай» мәтіні 1. Алтай өлкесінің сұлулығын мәтін арқылы сезіне алдыңдар ма? 2. Өр Алтай, асқар Алтай, асқан Алтай дегенде қандай сезімді аңғардың? 3. Табиғат тамашасын сезіну адамға не үшін қажет? 4. Табиғат сұлулығын қалай сақтап қалуға болады? 5. Табиғат әдемілігі мен адам көркіне тамсану бірдей сезіле ме? 6. Табиғат сені қандай әсерге бөлейді?  
3. Дәйексөз Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді. Анатоль Франс Барлығы бірігіп, дауыстап оқу. Ұлдарға және қыздарға оқыту. · Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптарын тыңдаған соң қорытындылаймын.  
7. Әңгімелеу: Қайыңның қасіреті Қ.Толыбаев 1. Адамдар табиғатқа неліктен зала келтіреді? 2. Табиғат та жылай ма? 3. Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін? 4. Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр? 5. Жер бетінде табиғи апаттардың етек алып кету себебі неде? 6. Табиғатты сақтап, қорғау не үшін қажет?  
7. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Өзің тұратын ауылдың экологиялық ахуалын түзету үшін не істегендеріңді есеп түрінде, ал алдағы уақытта қандай жоспарларың бар екенін жоба түрінде суреттеп беру  
7. Топпен ән айту. Күрең күз Әні: Г.Дәукенова Сөзі: М.Мақатаев Күп-күрең менің реңім, Қош енді, қош бол, күрең күн! Жаз келер және жап-жасыл, Жақсылық тағы тілермін. Жадырап өмір сүрермін, Қош енді, қош бол, күрең күз! Қайырмасы: Қош енді, қош бол, күрең күз Күрең мұң саған жібердім. Күлермін деп ем түнердің. Білермін қалай, білермін. Жыртылып жатыр күрең жер, Күрең жер — тозған кілемдер. Күрең тау анау, күрең бел, Күрең бел — жиған кілемдер. Жаз келер және жап-жасыл, Жасауын жердің түгендер. Қайырмасы: Қош енді, қош бол, күрен күз! Ақ қысты тездеп жібергіз. Ак қыстай әппақ бір елміз, Ширығып біраз жүрерміз. Қош енді, қош бол, күрен күз, Шынығып өмір сүрерміз  
12. Үй тапсырмасы. Табиғат апаттарынан сақтанудың жолдарын көрсететін жоба дайындау  
13. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақта алған игі қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Бүгінгі сабақ үшін сендерге көп рахмет!  

 

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

 

Бекітемін

Мектеп директорының бейінді-бағдарлы

оқу ісі жөніндегі орынбасары: ______ С.Қажығалиева

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы

Мерзiм: 20.02.2016

Сабақ: 23

Тақырып: Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, адалдық, жауапкершілік

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

Сынып: 8 «а», 8 «ә»

Оқушылар саны: 27

Мақсаты:Оқушыларға табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Міндеттері: Білімділік: Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейте отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрете отырып, жауапкершілік қасиеттеріне баулу Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілік, жауапкершілік, ұқыптылық тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)Интер- белсенді тақта, түрлі-түсті маркерлер, ақ қағаз
1. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Тыныштық сәті. Су асты патшалығына саяхат. — Балалар шеңбер құрып отырамыз, қолдарыңызды тізелеріңізге немесе үстел үстіне қойып, аяқтарыңызды айқастырмаңыздар. Арқаларыңызды тік ұстаңыздар. (Жайлы, баяу музыка қойылады) — Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты – неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаныүшін ризашылық білдіңіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Сабақ барысын талдау:
2. Үй тапсырмасын тексеру Оқулықтағы — беттігі Қ.Мырза Әлидің «Табиғат тазалығы» атты өлеңі 1. Табиғат тазылығын сақтауда адамның рөлі қандай? 2. Табиғат тірі жан сияқты, өзіне зәбір шектіргенде қиналуы мүмкін бе? 3. Табиғат та жылай ма? 4. Адамдар табиғатқа неліктен зала келтіреді? 5. Жер бетінде табиғи апаттардың етек алып кету себебі неде? 6. Табиғатты сақтап, қорғау не үшін қажет?  
3. Дәйексөз «Табиғат тазалығы – адамзат амандығы» Нақыл Барлығы бірігіп, дауыстап оқу. Ұлдарға және қыздарға оқыту. · Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптарын тыңдаған соң қорытындылаймын.  
4.Әңгімелеу. «Қазақстан экологиясы» атты бейнетаспа. Бейнетаспа бойынша сұрақтар: 1. Бұл бейнетаспаны көре отырып қандай ой түйдік? 2. Біздің әрқайсысымыз қандай үлес қоса аламыз?    
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды дөңгелекшелер арқылы топқа бөлемін. Әр топқа тапсырма беремін. 1-топ:Нақыл сөздерді оқып, табиғаттағы адам үшін тіршілік көзі нелер екенін және оның мәнін түсіндіру. 2-топ:Өздері тұратын ауылдың (қаланың) экологиялық ахуалын түзету үшін не істегендерін есеп түрінде жазу. 3-топ:«Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» атты тақырыпта эссе жазу. Тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі. Тапсырма орындау кезінде баяу музыка қойылады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмысын жариялайды.  
6. Топпен ән айту. Сөзі: Б.Тәжібаев Әні: Е.Хасанғалиев Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан, Құс едің ғой, кең далама бауыр басқан. Аяздарда тонбайсың ба, бозтарғайым, Жылы ұяңа қонбайсың ба ба, бозторғайым! Қайырмасы: Даланы мен де, Сүйемін сендей, Бауырмал құсым! Назыңнан әсем, Сазыңнан әсем, Жаңылма, құсым! Тауқымет тартып, Торықпа, жаным, Қорықпа, жаным. Құшағымды ашып, Кеудеме басып, Берейін жалын! Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан, Құс едің ғой, кең далама бауыр басқан. Аяздарда тонбайсың ба, бозтарғайым, Жылы ұяңа қонбайсың ба ба, бозторғайым!  
7. Үй тапсырмасы. Табиғат апаттарынан сақтанудың жолдарын көрсететін жоба дайындау  
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақта алған игі қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Бүгінгі сабақ үшін сендерге көп рахмет!  

 

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

 

 

Бекітемін

Мектеп директорының бейінді-бағдарлы

оқу ісі жөніндегі орынбасары: ______ С.Қажығалиева

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы

Мерзiм: 27.02.2016

Сабақ: 24

Тақырып: Салауаттылық – өмір салты

Құндылық: «Дұрыс әрекет»

Қасиеттер: сүйіспеншілік, парасаттылық, сезімталдық

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

Сынып: 8 «а», 8 «ә»

Оқушылар саны: 27

Мақсаты:Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Міндеттері: Білімділік: Оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыта отырып, сүйіспеншілік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баули отырып, парасаттылық қасиеттеріне баулу Тәрбиелік: Оқушыларды сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)Интер- белсенді тақта, түрлі-түсті маркерлер, ақ қағаз
2. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Тыныштық сәті. Су асты патшалығына саяхат. — Балалар шеңбер құрып отырамыз, қолдарыңызды тізелеріңізге немесе үстел үстіне қойып, аяқтарыңызды айқастырмаңыздар. Арқаларыңызды тік ұстаңыздар. (Жайлы, баяу музыка қойылады) — Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты – неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаныүшін ризашылық білдіңіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Сабақ барысын талдау:
3. Үй тапсырмасын тексеру «Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» эссе жазу 1. Табиғатты сақтап, қорғау не үшін қажет? 2. Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді? 3. Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Табиғатты қорғауда адамдар қандай міндет атқара алады? 5. Өзің табиғатты қорғау үшін қандай жұмыстар жасайсың?  
3. Дәйексөз «Кімде-кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жауқаулығын, өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді» В.Суворов Барлығы бірігіп, дауыстап оқу. Ұлдарға және қыздарға оқыту. · Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптарын тыңдаған соң қорытындылаймын.  
4.Әңгімелеу. «Салауатты өмір салты» туралы бейнекөрсетілім Бейнекөрсетілім бойынша сұрақтар: 1. Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін? 2. Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады? 3. Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек? 4. Зиянды әдеттерге нелер жатады? 5. Өзің зиянды әдеттерден бойыңды аулақ ұстайсың ба?  
9. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды дөңгелекшелер арқылы топқа бөлемін. Әр топқа тапсырма беремін. 1-топ:Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды айту 2-топ:Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторларды айту 2-тапсырма: Сөз ұйқастары беріледі, өлең құрастыру керек. 1-топ: …………………………………………баламыз, ………………………………………….аламыз. …………………………………………….. ………………………………………….санамыз. 2- топ: …………………………………………күлеміз, ………………………………………….жүреміз, ………………………………………………. ……………………………………………сүреміз. 3-тапсырма:Жағдаяттар талдау 1-жағдаят: Аслан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті. ·Асланның ойы дұрыспа? Сендер Асланның орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер? 2-жағдаят: Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді. ·Сендер не деп айтқан болар едіңдер? Тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі. Тапсырма орындау кезінде баяу музыка қойылады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмысын жариялайды.  
10. Топпен ән айту. Балдәурен Сөзі: Б.Тәжібаев Әні: Е.Хасанғалиев  
11. Үй тапсырмасы. «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» тұжырым  
12. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақта алған игі қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Бүгінгі сабақ үшін сендерге көп рахмет!  

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: