Https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek 2 страница

Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады.

Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жрде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:

А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?

Інісі айтады:

-А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?

Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.

Сұрақтар:

Екі ағайындының іс-әрекеттері дұрыс па?

Сен болсаң не істер едің?

Әңгіменің соңында ағайындыларды не біріктірді?

 

 

3. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

........................... өзіңнен,

.............................көзіңнен.

..............................өзіңнен,

............................. сөзіңнен.

 

................................. адам,

............................... жасаса.

................................ қадам,

...............................орнатса.

 

........................... болмасын,

............................. қолдасын.

.............................. қарасақ,

............................. болашақ.

 

................................. қиянат,

............................... ұялат.

................................ жүрейік,

............................... білейік.

Жүрегі ізгілікке толы тұлға» моделін ойлап шығар.

 

4. Топпен ән айту.

Мейірімді болайықшы бауырлар

Сөзі: Серік Қалиев

Әні:Құрмаш Маханов

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейіліңді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,

Қаратайық Құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!

 

5. Үй тапсырмасы.

№15 Ш.Айтматовтың «Жәмила» мәтінін оқып, түсінігін айту. 64 бет.

 

6. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

 

Тақырып: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыйластық, бауырмалдық,мейірімділік,татулық,қамқорлық.

Мұғалiм: Джумабаева А.А Сынып 8 Оқушылар саны — 11

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адами қасиеттерді ұғындыру, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -Оқушылардың өз махаббатарын күллі тіршілікке,болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру; -Оқушылардың адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту; -Оқушыларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу. «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»еске түсіру.   2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 3. Үй тапсырмасын тексеру №14 сабақ. 59-бет. «Жедел хат» (үзінді). К.Паустовский, оқып келуге тапсырылған.   Сұрақтар: 1.Ана жүрегі нені аңсады? 2.Өздерің Настя сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер? 3.Осы шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар? Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.» В.Гюго. -Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрін хормен айтады. Балалардың жауаптарымен дәйексөздің мағынасын ашамын.  
5. Әңгiмелеу Жалғыз хат Камила Құдабаева Анасының үйге кеткеніне екі-үш күн өтпей-ақ Гүлзейнеп одан хат алды.Кешкілік жұмыстан қайтқанда, әдеттегідей почта жәшігін ашып, ішіне қолын жүгіртті.Газет-журналдармен қоса қолына қомақты бір хат ілікті. Бұл қайдан келген «семіз хат?»деп Гүлзейнеп сәл таңырқай конверт сыртына көз жүгіртіп еді, адресі ауыл жақты көрсетіп тұр. Әрі хат жазған қол – өз анасыныкі екенін таныды. «Не боп қалды екен, өмірі хат жазбаған адам еді, әлде жүрегінің сырқаты қайта ұстап қалды ма?!» — деп қауіп ойлап, баспалдақтармен жоғары көтеріліп келе жатып — ақ бөлмеге жеткенше шыдамай конверттің шетін жыртып ашты. Үйге кіре сала бірнеше бетке созылған хатты оқи бастады. «Балам», — деп бастапты анасы хатын. — Осыны алған беттен-ақ сенің шошып кеткеніңді сеземін. Себебі бұдан бұрын саған хат жазып көрген жоқпын — ғой, жалпы балаларымның бірде — біреуіне осы кезге дейін хат жолдамаппын. Бәлкім, оның қажеті де болмаған шығар. Әлде ақ қағазды алдына алып отырған адам тек имандай шынын ғана жазуы керек деп ойлайтыным тежеп келді ме. Яки, мына біздер, соғыс дегеннің өзініңде одан кейінгі бар — жоғыныңда азабын тартқан әйелдер — нені де болса іште сақтауды әдетке айналдырып үйрендік пе, кім білсін. Әйтеуір, қолыма қалам алуымда, осы хатты бастап жазуымда өзіме оңай соқпады. Бірақ әйтеуір саған бір септігі тиеме деп, сол ауыртпалықтың бәрін жеңгендей боп, осы хатымды жазып отырмын. Балам, мен ауылға кеткенде көңілің қатты басылып қалғанын байқадым. Менің де, шынын айтсам, еңсем түсіп, ет — жүрегім езіліп, ауылға құр сүлдем жетті. Неге сонша мүжілгенімді білмеймін. Әйтеуір, осы жолы бәрінен баз кешіп кеткім де келді.Бес баланы асырап –бағудың қиындығын әкеңнің барында онша сезбесем керек.Тұрмыстағы қиын нәрсе сендерге жейтін нан, киетін киім тауып беру ғана емес-тін. Біреуден ілгері, біреуден кейін бізде өлмес күнімізді көрдік қой.Жаман атқа қалмай, әйтеуір сендердің беттеріңе шіркеу түсірмей,қатарыңнан кем қылмай өсіруге тырыстым. Әкең марқұм соғыстан алып келген жарадан қайытты ғой. Көзін жұмарда, «Екеумізді табыстарған тағдырға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бес бірдей баламен артымда жалғыз қалып бара жатқанын жаныма бәрінен де қатты батады. Ақылың бар адамсың, сен жыламай жүрсең мен де көрде тыныш жатамын…..» -деп кетіп еді. Бірақ қанша қиналсам да, мен сендердің көздеріңді жәудіретіп қойған емеспін. Қайта әкеңнің айтқан сөзі мені жерге қазық қаққандай шегелей түсті. Оның адалдығымен адамгершілігін өмір бойы кіршіксіз ұстандым. Баласына жақсылық тілемейтін ата-ана бар ма өмірде? Е-е …қарағым, жұбайлық өмірді алып жүруде мемлекетті басқару ісі секілді қиын шаруа….. Орыс халқының бір әдемі сөзін оқып едім: «Еркек үйдің бір бұрышын ұстап тұрады, қалған үшбұрышты тіреп тұратын-әйел деген…… Сол сөз өте орынды айтылған деп ойлаймын…..». Соңғы сөздерді оқығанда Гүлзейнептің көзінен үлкен жас тамшысы тырс етіп хатқа тамып, бір талай жазуды айғыздап, жайылып бара жатты. Сұрақтар: 1.Гүлзейнеп хатты оқығанда қандай сезімде болды? 2.Ананың балаға деген сүйіспеншілігін сендер қалай түсінер едіңдер? 3.Неліктен ана қанша қиыншылыққа төзді? 4.Баланың анаға деген рухани ішкі сезімінен не байқалады? (жетелеу сұрақтары қойылады.)  
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс 1.Сыныпты топқа бөлу I-топ –сүйіспеншілік ІІ-топ – отбасы. Топтың атына байланысты ойлап тапқан рухани сөздерден өлең шумақтарын шығару. Отбасы О – ойшыл Т — татулық Б – бірлік А – ақылдылық С – сүйіспеншілік Ы – ынтымақ     Сүйіспеншілік С – сенімділік Ү – үміт Й – инабаттылық І – ілтипатты С – сыйластық П – парыз Е – еңбекқор Н – намысқой Ш – шыншыл І – ізеттілік Л – лайықты І – ізгілік К – көңілді.  
7. Топпен ән айту. Кешір ана   Еркелеп өстік,бала да болдық, Қуалап ойын далада қондық. Ананың сөзін құлаққа ілмей, Кей-кезде көсем де,дана да болдық.   Қайырмасы Есейдік енді ақтықты беріп, Жүзіңнен сенің шаттықты көріп. Қуансам деймін өзіңмен бірге, Ырысың менен бақытты бөліп.   Піспеген әлі шала шығармын, Үйретті ме екен нағашыларым. Балалық та бар,қателікте бар, Кешіре көрші анашым бәрін.   Қайырмасы   Тағдырым білем қояды сұрақ, Жаппасын қатты есігін бірақ. Басымды иіп отырмын мында, Барлығы үшін кешірім сұрап.   Қайырмасы.      
8. Үй тапсырмасы. №15 сабақ Ш.Айтматовтың «Жәмила» повесінен үзінді оқып келу.    
9. Соңғы тыныштық сәтi. Бүгінгі сабағымыздан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге салып қоялық. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.  

 

 

Натяжные потолки в Алматы. Акция! newpotolok.kz/натяжные-потолкиnewpotolok.kz/натяжные-потолкиот 1100 тг/м2 под ключ от компании «Новый потолОК

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Елім деп соғар жүрегім». №17 сабақ

Құндылығы: сүйіспеншілік

Қасиеттері: шынайылық,жанашырлық,сүйіспеншілік

Мұғалім: Маликова Т.М. Сынып: 8 Оқушылар саны:25

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктері жайлы түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
• Оқушыларды отанға, туған жерге деген шынайылығы туралы түсінік беру

• Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

• Оқушыларды отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар, дерек сөздер)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтағы жағымды күйге келу.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Әдістемелік нұсқау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Елім деп соғар жүрегім!» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.

Слайд-презентация.

ІІІ. Жағымды ой пікір (дәйексөз)

«Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ.»
М. Әуезов

Сұрақтар

1. Осы нақыл сөздің мағнасын қалай түсіндірер едіңіздер?

2. Туған жерге деген сүйіспеншілік дегеніміз не?

3. Аяр жаным жоқ, іркер күшім жоқ -деген сөздерді қалай түсінесіздер?

М.Шаханов кітабі

ІV. Оқиға айту (әңгіме)

ЖАН ДАЛА - ЖӘННАТ ДАЛА.Күләш Ахметова

Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала - Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала - Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,

Түсінем өзендердің саз ағыстарын.

Қалай ақын болмайын, мен түгілі

Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.

Қырандар қанатында даңқы кеткен,

Дән дала - Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың,

Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.

Бабамның көздерінің қарашығы ең,

Баламның бақытына да қорған боларсың.

Жан дала - Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.

Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,

Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Кең дала - Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер, Қазақстаным.

 

Сұрақтар:

1.Ақынның өлең жолдарын қандай мақсатта жазуды деп ойлайсыңдар?

2.Сендердің отанға,елге деген сүйіспеншіліктерің қандай?

3.Еліңе қосқан үлесің бар ма?

Күләш Ахметова (25.4.,, Киров ауылы) - ақын.

V. Шығармашылық жұмыс

Топпен жұмыс

Оқушылардың таңдаған геометриялық пішіндер арқылы екі топқа бөлінеді.

Постер қорғау

1 - топ. Біз өз елінің патриотты адамның қандай қасиеттері болу керек.Балалар тамшыларға жасаған игі істерін жазады.

2 - топ. Елдің гүлденуі үшін оқушылар қандай іс - әрекеттер жасау керек.

3-топ

Елімізде болып жатқан әділетсіздікті жоямын,елімізді дамытамын.

Слайд

Суреттер

Нақыл сөздер

VІ. Топпен ән айту

Атамекен

 

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.

 

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен.

 

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем.


Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен.

 

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспаныммен астасқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем.

 

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен.

Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған Е.Хасанғалиетің «Атамекен» әні

 

VІІ.Үй тапсырмасы:

«Елім менің Қазақстан» тақырыбында өлең жолдарын шығару

 

VІІІ.Сабақтың қорытынды сәті

Бүгінгі сабақтан «Отан» туралы құндылықтарға қанық болдыңыздар.

1. Осы сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

 

ІХ. Тыныштық сәті.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

тыныштық әлемде!

 

·

·

·

·

·

·

Выделить текст

 

если материал вам не подходи

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп №52 негізгі мектеп
Мерзiм 25.12.15ж
Мұғалiм Өтемісова Ботакөз
Класс 8 «а», «ә» Оқушылар саны
Тақырып:№ 15 Елім деп соғар жүрегім
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Кешірімді болу,шынайылық, жанашырлық.
Сабақ мақсаты: Елім деп соғар жүрегім сүйіспеншілік құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-оқушыларды үнемі кешірімді болу керектігі туралы түсінік беру;
-оқушылардың бойынан шынайылық қасиетін дамыту;
-бүкіл адамзатқа жанашырлық танытуға тәрбиелеу; Ресурстар:
Оқулық, дәптер (аудио, видео жазбалар)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т.
2.Тыныштық сәтi.
3. Үй тапсырмасын тексеру:
Жәмила
1.Данияр өз махаббатын қалай білдірді?
2.Даниярдың жан дүниесін қалай сипаттап айтып берер едіңдер?
3.Махаббат адамға ерекше көңіл күй сыйлайды дегенге келісер едіңдер ме? Сабақ барысын талқылау:

2 минут
Дәйексөз
«Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ.»
М. Әуезов
2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.
Бәріміз қосылып айту.Дәптерге жазып алу
5. Мұғалімнің сыйы.
Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың белгісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды.
Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
— «Туған ел», «туған жер» дегенде ойларыңа не түседі?
— Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?
— Отанға, елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер?
— Өз Отаныңның көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүрсіңдер?
— Өз еліңнің жарқын болашағына сенесің бе?
— Кіндік қандарың тамған туған жерлерің туралы не айта аласыңдар?
Қаздар қайтып барады.
қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндіресіңдер?
Қарт туған жерін неге аңсады және осы мәтіннен өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
6. Шығармашылық жұмыс
Дәптерде: №15 сабақтан 1–тапсырманы орындау.
7.Топпен ән айту.
«Мейірімді болайықшы ағайын»
Сөзі: С. Қали; Әні: Қ. Махан
8.Үй тапсырмасы
№15Қаздар қайтып барады
Дәптерде: 2-тапсырма
9.Сабақтың қортынды минуты.
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! зiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:Аққұдық орта мектебі
Мерзiм:13.01.2015ж. №16
Тақырып: Елім деп соғар жүрегім

Құндылық:сүйіпеншілік
Қасиеттер:еліне деген сүйіспеншілік,сенімділік.
Мұғалiм:Муздакова А.Ж.

Класс:8
Оқушылар саны:11
Сабақ мақсаты:
«Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отаныны, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Отанға туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру.
• Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру.
• Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.. 5 «Т
Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
1. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ барысын талқылау:
2. Дәйек сөз.
«Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес».
М. Шаханов
1.М.Шахановтің сөзін қалай түсінесіңдер?
3. Әңгiмелеу (сұхбат).
Берілген мәселені бірігіп талқылай отырып, басқа да адамдардың қалай ойлайтындығын түсінуге түсінуге мүмкіндік туғызу мақсатында оқулықта берілген төмендегі сұрақтар негізінде пікір алмасу ұйымдастырылады.
• «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?
• Туған жерге,ьуған елге деген сүйіспеншіліктің түп тамырын неде деп ойлайсыңдар?
Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасын оқып береді. Сұрақтарға жауап айтылады. Сынып алдында қысқаша мазмұндап береді.
• Қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
• Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
• Өздерің туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар?
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт.
Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді өз-өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құралақан қалар едік.
Десе де, жер шарының қай екендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың –туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өге топырақ, өзге ауа, өзге су орнын толтыра алмақ емес. Ш. Айтматов.
4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Эссе жазу «Туған жер».
5. Топпен ән айту.
Қ. Мырза Әлінің «Өз елім» өлеңін орындайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow