Https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek 1 страница

 

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Шағын қойылым Атасы мен немересі.

Атасы: Айналасындағыларды жақсы көрмеген адам әрқашанда өзін бақытсыз сезінеді.

Немересі:Барлық адамды жақсы көру мүмкін емес қой.

Атасы:Мүмкін болғанда қалай. Бұл -өте қарапайы нәрсе. Тек қана барлығына жақсылық тілеп, ниетің мен ойыңды жақсылыққа бағыштасаң болғаны.....

Немересі:Мен бұған қалай үйренсем екен....

-Сендер қалай ойлайсыңдар бірінші адам неден бастау керек?адамзаттың бәрін сүю үйрені үшін?

-Немересіне қандай кеңес берер едіңіз?

 

6.Үй тапсырма

-Балаларға Ұлы адамдар туралы қызықты деректерді тауып алуға тапсырма беремін.Оқушылар Ұлы адамдар туралы бізге айтып, тауып алған материалдармен бөліседі.

Мысалы:

Каиржанова Лаура -Тереза ана туралы

Бейсенбаева Камила -Януш Корчак туралы

Абильдина Алия - Махатма Ганди туралы

Рахимова Айдана -Бауыржан Момышұлы туралы

Еркенов Ерзаман - Сократ туралы

Канапьянова Асылзат -Абай туралы

 

7.Топпен ән айту.

Сөзi: Хасен Закарияновтiкi.
Әнi: Оралхан Көшеровтiкi.
Жанар Айжанова «Достарым»
Толтыра бiлiп көңiлдiң олқы бос жағын,
Қатемдi түзеп жол тапсам дұрыс қостадың,
Қиналған шақта бөлiсiп жүрек жылуын,
Жүрдiңдер сендер қолтықтан демеп достарым.
Жабыққан сәтте қас-қағым
Жанымды ұғар басқа кiм?!
Жаңа бiр әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым.
Сағыныш толы кеудемдi кернеп жыр көшкiн,
Достыққа келдi сағына әнмен үн қосқым,
Өтермiн мына өлшеулi ғана тiрлiкте,
Биiктен сайлап, орынын адал, шын достың.
Жабыққан сәтте қас-қағым,
Жанымды ұғар басқа кiм?!
Жаңа бiр әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым.
Десек те қанша баянсыз достан түңiлдi ер
Қаншама арзан мiнезге куә жұмыр жер.
Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшiн
Соларға тағдыр, өкiнбей өтер ғұмыр бер.
Жабыққан сәтте қас-қағым,
Жанымды ұғар басқа кiм?!
Жаңа бiр әуен бастадым
Сендерге арнап, достарым.

 

8.Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Сіздерге көп- көп размет!

 

·

·

·

·

·

·

зiн-өзi тану сабағының жоспары

Мерзiм 2014жыл.№ 14- сабақ
Мектеп: Б.Қ.О.Ақсай қалалық №4 ЖББОм
Тақырып: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сыйластық, бауырмалдық,мейірімділік,татулық,қамқорлық.
Мұғалiм: Джумабаева А.А Сынып 8 Оқушылар саны - 11

Сабақ мақсаты:
Оқушыларға адами қасиеттерді ұғындыру, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-Оқушылардың өз махаббатарын күллі тіршілікке,болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;
-Оқушылардың адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
-Оқушыларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасу. «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» еске түсіру.

2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру
№14 сабақ. 59-бет. «Жедел хат» (үзінді). К.Паустовский, оқып келуге тапсырылған.

Сұрақтар:
1.Ана жүрегі нені аңсады?
2.Өздерің Настя сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?
3.Осы шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар? Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз
«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны,
сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.» В.Гюго.
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрін хормен айтады.
Балалардың жауаптарымен дәйексөздің мағынасын ашамын.
5. Әңгiмелеу
Жалғыз хат
Камила Құдабаева
Анасының үйге кеткеніне екі-үш күн өтпей-ақ Гүлзейнеп одан хат алды.Кешкілік жұмыстан қайтқанда, әдеттегідей почта жәшігін ашып, ішіне қолын жүгіртті.Газет-журналдармен қоса қолына қомақты бір хат ілікті. Бұл қайдан келген «семіз хат?»деп Гүлзейнеп сәл таңырқай конверт сыртына көз жүгіртіп еді, адресі ауыл жақты көрсетіп тұр. Әрі хат жазған қол – өз анасыныкі екенін таныды.
«Не боп қалды екен, өмірі хат жазбаған адам еді, әлде жүрегінің сырқаты қайта ұстап қалды ма?!» - деп қауіп ойлап, баспалдақтармен жоғары көтеріліп келе жатып - ақ бөлмеге жеткенше шыдамай конверттің шетін жыртып ашты. Үйге кіре сала бірнеше бетке созылған хатты оқи бастады.
«Балам», - деп бастапты анасы хатын. - Осыны алған беттен-ақ сенің шошып кеткеніңді сеземін. Себебі бұдан бұрын саған хат жазып көрген жоқпын - ғой, жалпы балаларымның бірде - біреуіне осы кезге дейін хат жолдамаппын. Бәлкім, оның қажеті де болмаған шығар. Әлде ақ қағазды алдына алып отырған адам тек имандай шынын ғана жазуы керек деп ойлайтыным тежеп келді ме. Яки, мына біздер, соғыс дегеннің өзініңде одан кейінгі бар - жоғыныңда азабын тартқан әйелдер - нені де болса іште сақтауды әдетке айналдырып үйрендік пе, кім білсін. Әйтеуір, қолыма қалам алуымда, осы хатты бастап жазуымда өзіме оңай соқпады. Бірақ әйтеуір саған бір септігі тиеме деп, сол ауыртпалықтың бәрін жеңгендей боп, осы хатымды жазып отырмын.
Балам, мен ауылға кеткенде көңілің қатты басылып қалғанын байқадым. Менің де, шынын айтсам, еңсем түсіп, ет - жүрегім езіліп, ауылға құр сүлдем жетті. Неге сонша мүжілгенімді білмеймін. Әйтеуір, осы жолы бәрінен баз кешіп кеткім де келді.Бес баланы асырап –бағудың қиындығын әкеңнің барында онша сезбесем керек.Тұрмыстағы қиын нәрсе сендерге жейтін нан, киетін киім тауып беру ғана емес-тін. Біреуден ілгері, біреуден кейін бізде өлмес күнімізді көрдік қой.Жаман атқа қалмай, әйтеуір сендердің беттеріңе шіркеу түсірмей,қатарыңнан кем қылмай өсіруге тырыстым. Әкең марқұм соғыстан алып келген жарадан қайытты ғой. Көзін жұмарда, «Екеумізді табыстарған тағдырға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бес бірдей баламен артымда жалғыз қалып бара жатқанын жаныма бәрінен де қатты батады. Ақылың бар адамсың, сен жыламай жүрсең мен де көрде тыныш жатамын.....» -деп кетіп еді. Бірақ қанша қиналсам да, мен сендердің көздеріңді жәудіретіп қойған емеспін. Қайта әкеңнің айтқан сөзі мені жерге қазық қаққандай шегелей түсті. Оның адалдығымен адамгершілігін өмір бойы кіршіксіз ұстандым. Баласына жақсылық тілемейтін ата-ана бар ма өмірде? Е-е...қарағым, жұбайлық өмірді алып жүруде мемлекетті басқару ісі секілді қиын шаруа..... Орыс халқының бір әдемі сөзін оқып едім: «Еркек үйдің бір бұрышын ұстап тұрады, қалған үшбұрышты тіреп тұратын-әйел деген...... Сол сөз өте орынды айтылған деп ойлаймын.....».
Соңғы сөздерді оқығанда Гүлзейнептің көзінен үлкен жас тамшысы тырс етіп хатқа тамып, бір талай жазуды айғыздап, жайылып бара жатты.
Сұрақтар:
1.Гүлзейнеп хатты оқығанда қандай сезімде болды?
2.Ананың балаға деген сүйіспеншілігін сендер қалай түсінер едіңдер?
3.Неліктен ана қанша қиыншылыққа төзді?
4.Баланың анаға деген рухани ішкі сезімінен не байқалады? (жетелеу сұрақтары қойылады.)
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
1.Сыныпты топқа бөлу
I-топ –сүйіспеншілік
ІІ-топ – отбасы.
Топтың атына байланысты ойлап тапқан рухани сөздерден өлең шумақтарын шығару.
Отбасы
О – ойшыл
Т - татулық
Б – бірлік
А – ақылдылық
С – сүйіспеншілік
Ы – ынтымақ

Сүйіспеншілік
С – сенімділік
Ү – үміт
Й – инабаттылық
І – ілтипатты
С – сыйластық
П – парыз
Е – еңбекқор
Н – намысқой
Ш – шыншыл
І – ізеттілік
Л – лайықты
І – ізгілік
К – көңілді.
7. Топпен ән айту.
Кешір ана

Еркелеп өстік,бала да болдық,
Қуалап ойын далада қондық.
Ананың сөзін құлаққа ілмей,
Кей-кезде көсем де,дана да болдық.

Қайырмасы
Есейдік енді ақтықты беріп,
Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.
Қуансам деймін өзіңмен бірге,
Ырысың менен бақытты бөліп.

Піспеген әлі шала шығармын,
Үйретті ме екен нағашыларым.
Балалық та бар,қателікте бар,
Кешіре көрші анашым бәрін.

Қайырмасы

Тағдырым білем қояды сұрақ,
Жаппасын қатты есігін бірақ.
Басымды иіп отырмын мында,
Барлығы үшін кешірім сұрап.

Қайырмасы.


8. Үй тапсырмасы.
№15 сабақ
Ш.Айтматовтың «Жәмила» повесінен үзінді оқып келу.

9. Соңғы тыныштық сәтi.
Бүгінгі сабағымыздан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге салып қоялық.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар. Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Астрахан№1 орта мектебі.Мерзімі:11.12.2013жыл.

Сабақғтың тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп

Құндылық: Сүйіспеншілік. Қасиеттері:Мейірімділік.

Мұалім:Нуралиева Д. К. Сынып:8-сынып.Оқушылар саны:15.

Сабақтың мақсаты: «Сүйіспеншілік»ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

- Өз махаббаттарын күллі тіршілікке,болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;

- Жаныңда жүрген адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

- Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:интерактивтік тақта,қағаздан жасалған жүрекшелер,түрлі-түсті қарындаштар,ақ қағаз.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Тыныштық сәті:

№3 «Орманға саяхат».

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«.Сүйіспеншіліксіз дүние бос.»тақырыпқа шығармашылық жұмыстарын талқылаймыз.

1.Адамдар арасында сүйіспеншілік болмаса,әлемде не болады деп ойлайсыз?

2.Сүйіспеншілік арқылы қандай жетістіктерге жетуге болады?

3.Отанға деген сүйіспеншілікті қалай түсіндіресіз?

3.Жаңа сабақ.

Дәйек сөз:

Дәйексөз Сабақта игерген құндылықтарды мақсатында оқулықта дәйексөз ай-дарында Абайдың «Адамның жақсы адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» деген қанатты сөздері берілген.Дәйексөзді оқушылармен бірге талқылып,ой қорытындысын шығарарамыз.

Мұғалім сабақ тақырыбын түсіндіреді.

Бүгінгі сіздермен танысатын тақырыбымыз «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп».Бұл тақырыптта сіздермен сүйіспеншілік туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелеу(сұхбат)сұрақтары.

Ш.Айтматовтың «Жамила»атты әңгімесімен танысып шығамыз.

1.Жамиланың бойында қандай қасиеттерді байқадыңыздар?

2.Жамиланың іс-әрекетін қалай бағалайсыз?

3.Жамила әңгімесіқалай аяқталды?

4.Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды екі топқа бөлеміз.

Әр топқа жеке-жеке жадаяттар беріледі.Оқушылар жағдаяттарды сахналық көріністерде көрсетеді.

5.Үйге тапсырма Оқулықта Орал Таңсықбаевтың «Тауда»,Х.Құрбановтың «Бала мен құс-тар».Оқушыларды өнер туындыларымен салыстырып сипаттама бере білуге,өнердің мәнін,мағынасы мен мазмұнын түсіне білуге үйрету.

 

6.Топпен ән айту.

«Бақытты болыңдар адамдар».

Сөзі жазған: Ә.Ысқақов

Әнің жазған:А.Махамбетовтікі

 

 

Жаңа ақпарат Махаббат-ұлы сезім.Бұл сезімнің адамға берері орасан зор.Бүкіл жа-ратылысты жақсы көріп,оны сүйу арқылы жан дүниең байып,көңілің өседі.Махаббат ертеңге деген үмітіңді оятып,сеніме серік болады.Үлкен істерге бастап,шабытыңа шабыт қосады.

7.Тыныштық сәті:- Құрметті оқушылар,сабағымыз да өз мәресіне жетті.Сендердің қуанышты,жайдары,ақжарқын жүздеріңнен сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.Әрбір сабағымыз сендердің жан дүниелеріңе кішкене болса да жылулық ұялатып,ізгілікке бастағанына қуаныштымын.Олай болса,бір-бірімізге жақсы,жылы сөз айтайық.Балалар барлығы бірігіп оқулықта берілген М.Шахановтың өлеңін

үнтаспадан тыңдаймыз.

Мектеп Жақсы №1орта мектебі Мерзiм 11.12.2015ж.14

Тақырып Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Сыйластық, бауырмалдық, мейірімділік, татулық, қамқорлық.

Мұғалiм Ғазез Жансая Серікқызы Класс 8

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адами қасиеттерді ұғындыру, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушылардың өз махаббатарын күллі тіршілікке,болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;

-Оқушылардың адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

-Оқушыларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

слайд,өлеңнің аудиодискісі.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

№14 сабақ. 59-бет. К.Паустовскийдің «Жедел хат» мәнініне сүйене отырып аналарына арнап хат жазып келу.

Сұрақтар:

-Ана махаббаты не себепті бәрінен биік тұрады?

-Ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Тақырыпты ашып алу үшін мына сұрақтарды қоямын.

Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді?

Жақсы көрудің мәні неде?

Адамдарды не үшін, қандай қасиеттері үшін жақсы көресің?

Тренинг

Амандасу. Екі оқушыдан шығып, әр елдің амандасуын көрсету.

Қазақ, қытай, француз, ағылшын.

 

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

Абай

(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)

 

Риясыз сүйіспеншілік

· Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтіріктен аулақ қашады.

· Сүйіспеншілік бастан болмаса ауыздан шықпайды, ол жүректен шығады.

-Адамдар әркез ойланбайтын, ақылға салмайтын болады.

Сонда да сен оларды кешіре біл.

- Егер сен жақсы болсаң да, кейде адамдар сені жазықсыз жазғыруы мүмкін.

Сонда да сен оларға мейірімді бол.

-Егер сен адал, шынайы болсаң да, адамдар сені алдауы мүмкін.

Сонда да сен адал, шынайы бол.

-Бүгін жасаған жақсылығыңды ертен адамдар ұмытып кетуі мүмкін.

Сонда да сен жақсылық жаса.

-Әлемге өзіңдегі бар жақсылықты бер, және бұл да ешуақытта жеткілікті болмас.

Сонда да сен әлемге жақсылығыңды жаса.

 

2. Әңгiмелеу

Тату ағайындылар

Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.

Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».

Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.

Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».

Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.

Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: