Https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek 6 страница

оқушыларды табиғатты сақтап-қорғауға, аялап-мәпелеуге баулу;

сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың мазмұны:

Уақыты

Ресурсы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

6 минут

Үнтаспа

Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып «5Т» (Тәртіп, Талап, Тыныштық,Тазалық, Татулық) еске түсіру.

Тыныштық сәтi. Музыка қосылады.

Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз денеңізді босатып тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, салдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл дем алудасыз, сіз күш қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

Көздеріңізді ашулараңызға болады. Рахмет.

Мұғаліммен амандасып, 5Т

Тыныштық сәтін орындайды.

4 минут

Кеспе қағаздар

Топқа бөлу.

Оқушыларды сабақ тақырыбына сай мақал- мәтелдер арқылы топқа бөлу

Жер:

1.Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.

2.Жер-ана,Ел-бала

3.Жеріне қарай астығы

4.Жер тойынбай, ел тойынбайды

5.Жер құтты болса, мал сүтті болады

Су:

1.Нөсер алдында найзағай ойнайды

2.Су патшасы-мұрап,Түн патшасы –шырақ.

3.Су жүрген жер береке,ел жүрген жер мереке

4.Су-ырыстың көзі

5.Судың да сұрауы бар

Күн:

1.Көп күлкісі күннен де ыстық

2.Күн күркіресе көп дүркірер

3.Күн құлақтанса-күрегіңді сайла

4.Сәуір болса күн күркірер

Оқушылар өздері сыни ойланып

«Жер», «Су», «Күн» топтарына бөлінеді.

10 минут

 

 

2 минут

Плакат, маркер, түрлі бояулар.

1-топ:«Жер»,

2-топ: «Күн»,

3-топ: «Су» осы үшеуінің адамға пайдасы, жалпы артықшылықтары жөнінде постер дайындайсыздар, қорғайсыздар.

Тапсырманы түсінбеген оқушымыз болса ортаға алақанын жоғары қаратып қояйық, түсінген оқушылар төмен қаратып қояйық, бәріміздің қолымыз бірге бұл біз тапсырманы топпен орындаймыз деген сөз.

Смайлик арқылы бағалау

Оқушылар постер дайындайды, қорғайды.

3 минут

Доп

Сергіту сәті:

«Бір айналым, сөйлесім»

«Табиғат сен үшін....»

Шеңбер бойымен допты бір –біріне бере отырып табиғат өзі үшін не екенін айтады.

4 минут

АКТ

Дәйексөз:

«Қыстағы қар жерге-ылғал,

Жердегі ылғал –елге ырыс.» Мақал

2 рет қыз балаларға, 2 рет ұлдарға қайталату, бәрі хормен айтады
- Осы дәйексөз сөздің мағынасын қалай ашар едіңіз?

Оқушылар дәйексөзді оқиды және мағынасын ашады.

10 минут

Плакат, маркер, салфетка, қайшы, желім т.б

Шығармашылық тапсырма:

Енді балалар қайта топқа бөліну үшін өлең шығаруға, шығармашылыққа бейім оқушылар бір топқа, сурет салуға бейім оқушылар бір топқа, қолөнершілер бір топқа отырсын. Әр топ өз бейімділігіне қарай бүгінгі тақырып аясында табиғатқа өз туындысын дайындасын.

Мұғалім оқушыларды смайлик арқылы бағалайды.

Оқушылар өз бейімділіктеріне қарай топқа бөлініп, тапсырманы орындайды.

3 минут

Кері байланыс парағы

Кері байланыс:

Сабақ ұнаса лүпіл(лайк) басамыз, бүгінгі сабақтан құнды ақпарат алсаңыздар таратамыз (репост), және осы сабақ жөнінде өз пікірімізді(комментарий) қалдарамыз.

Кері байланыс парағын толтырады

3 минут

Үнтаспа

Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады.
Бүгінгі керемет сабақ үшін Сіздерге көп рахмет!

Оқушылар сңғы тыныштық сәтін орындайды.

Пәні: Өзін-өзі тану Пән мұғалімі: Кенжебаева Шынар Түлкібайқызы

Оқушы саны: 14

Мерзімі: 10.02.2016

сағ.9⁵⁵ -10⁴º № 15 кабинет

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттан нәр алып

Құндылық

қиянат жасамау

Қасиеттер

өзін қоршаған ортаны бағалау, шыдамдылық, мейірімділік, қиянат жасамау

Мақсаты

қиянат жасамау құндылығының маңыздылығын ұғындыру

Міндеттері

оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;

оқушыларды табиғатты сақтап-қорғауға, аялап-мәпелеуге баулу;

сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың мазмұны:

Уақыты

Ресурсы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

6 минут

Үнтаспа

Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып «5Т» (Тәртіп, Талап, Тыныштық,Тазалық, Татулық) еске түсіру.

Тыныштық сәтi. Музыка қосылады.

Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз денеңізді босатып тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, салдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл дем алудасыз, сіз күш қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

Көздеріңізді ашулараңызға болады. Рахмет.

Мұғаліммен амандасып, 5Т

Тыныштық сәтін орындайды.

4 минут

Кеспе қағаздар

Топқа бөлу.

Оқушыларды сабақ тақырыбына сай мақал- мәтелдер арқылы топқа бөлу

Жер:

1.Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.

2.Жер-ана,Ел-бала

3.Жеріне қарай астығы

4.Жер тойынбай, ел тойынбайды

5.Жер құтты болса, мал сүтті болады

Су:

1.Нөсер алдында найзағай ойнайды

2.Су патшасы-мұрап,Түн патшасы –шырақ.

3.Су жүрген жер береке,ел жүрген жер мереке

4.Су-ырыстың көзі

5.Судың да сұрауы бар

Күн:

1.Көп күлкісі күннен де ыстық

2.Күн күркіресе көп дүркірер

3.Күн құлақтанса-күрегіңді сайла

4.Сәуір болса күн күркірер

Оқушылар өздері сыни ойланып

«Жер», «Су», «Күн» топтарына бөлінеді.

10 минут

 

 

2 минут

Плакат, маркер, түрлі бояулар.

1-топ:«Жер»,

2-топ: «Күн»,

3-топ: «Су» осы үшеуінің адамға пайдасы, жалпы артықшылықтары жөнінде постер дайындайсыздар, қорғайсыздар.

Тапсырманы түсінбеген оқушымыз болса ортаға алақанын жоғары қаратып қояйық, түсінген оқушылар төмен қаратып қояйық, бәріміздің қолымыз бірге бұл біз тапсырманы топпен орындаймыз деген сөз.

Смайлик арқылы бағалау

Оқушылар постер дайындайды, қорғайды.

3 минут

Доп

Сергіту сәті:

«Бір айналым, сөйлесім»

«Табиғат сен үшін....»

Шеңбер бойымен допты бір –біріне бере отырып табиғат өзі үшін не екенін айтады.

4 минут

АКТ

Дәйексөз:

«Қыстағы қар жерге-ылғал,

Жердегі ылғал –елге ырыс.» Мақал

2 рет қыз балаларға, 2 рет ұлдарға қайталату, бәрі хормен айтады
- Осы дәйексөз сөздің мағынасын қалай ашар едіңіз?

Оқушылар дәйексөзді оқиды және мағынасын ашады.

10 минут

Плакат, маркер, салфетка, қайшы, желім т.б

Шығармашылық тапсырма:

Енді балалар қайта топқа бөліну үшін өлең шығаруға, шығармашылыққа бейім оқушылар бір топқа, сурет салуға бейім оқушылар бір топқа, қолөнершілер бір топқа отырсын. Әр топ өз бейімділігіне қарай бүгінгі тақырып аясында табиғатқа өз туындысын дайындасын.

Мұғалім оқушыларды смайлик арқылы бағалайды.

Оқушылар өз бейімділіктеріне қарай топқа бөлініп, тапсырманы орындайды.

3 минут

Кері байланыс парағы

Кері байланыс:

Сабақ ұнаса лүпіл(лайк) басамыз, бүгінгі сабақтан құнды ақпарат алсаңыздар таратамыз (репост), және осы сабақ жөнінде өз пікірімізді(комментарий) қалдарамыз.

Кері байланыс парағын толтырады

3 минут

Үнтаспа

Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады.
Бүгінгі керемет сабақ үшін Сіздерге көп рахмет!

Оқушылар сңғы тыныштық сәтін орындайды.

Табиғаттан нәр алып...

admin

 

 

Мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «жер», «су», «ауа», «топырақ» туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

∙Оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;

∙Оқушыларды табиғатты сақтап-қорғауға, аялап-мәпелеуге баулу;

∙Сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: фотосуреттер, үнтаспа.

Шаттық шеңбері

Мұғаліммен бірге оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірімен сәлемдеседі. Оқушылар Ғ.Жандыбаевтың «Гүлдер» атты өлеңін оқиды.

Гүлдер, гүлдер, әсем қандай, пәк қандай,

Жаңа жауған ұлпа мамық ақ қардай.

Таудың гүлі – таңның нұры, бейне бір

Дала төсін кілем болып жапқандай.

Дала шексіз, гүлдер сансыз, гүл алуан,

Гүлді өңір – нұр жамылған ну орман.

Әрбір шоқ гүл – жерде жанған бір жұлдыз,

Әрбір шоқ гүл – ардай таза бір арман.

Жердің нәрін, көктен – шуақ нұрды еміп,

Өз өлкемде өсем ылғи гүл болып,

Көбелектей гүл шырынын жинайтын,

Кеудеме бір жыр құсы кеп жүр қонып.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушылардың табиғат туралы білімдерін пайымдату үшін әңгімелесу сұрақтарын береді.

Табиғат сені қандай әсерге бөлейді?

Адам мен табиғаттың арасында үйлесім бар ма?

Адамның – табиғатқа, табиғаттың адамға ықпалы қандай?

Аппақ ай, жарық күн, жасыл жапырақ келбеті адамға қандай ой салады? Өздерің осыны бастан кешіріп көрдіңдер ме?

Бұл сұрақтар оқушылардың табиғат пен адам арасындағы өзара әрекеттестік, үйлесім жөнінде балалардың білімдерін ортаға салып айтуларына ықпал етеді.

Мәтінмен жұмыс

Сабақ тақырыбын түсіндіру мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Қ.Толыбаевтың «Ақ гүл» атты мәтінін оқып танысу арқылы оқушылар табиғаттың тіршілік бастауы екенін, жанды нәрсенің барлығы дерлік табиғаттан нәр алып, өсіп-өнетініне терең мән береді. Мәтінде айтылған негізгі ойды ашу үшін сұрақтарға жауап береді.

Жер-ана деген сөздің құдіретін сезініп көрдіңдер ме?

Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?

Табиғат пен адам үйлесімділігінің сырын қалай түсіндірер едіңдер?

Жаңа ақпарат

Оқушылар сабақта «Жаңа ақпаратпен» танысу арқылы жер-ананың құдіреттілігіне тәнті болып, адам баласының табиғаттан қуат-күш, нәр алып, табиғатпен үндестік табатынына көз жеткізеді.

«Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жарқырап шыққан күн, таза ауа, мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп, оның жан дүниесін мейірлендіре түседі.

Адам мен табиғат арасындағы байланыстың тамыры тереңде жатыр. Адам өмірі табиғатқа тәуелді. «Табиғатты қорғау - өз өміріңді қорғау» дейтініміз де сондықтан».

Тапсырма

Мәтінді оқып, адам мен табиғат арасындағы жарасым туралы ой бөлісіңдер.

А.Сейдімбек

Табиғат – мәдениеттің табиғи үлгісі. Бүгінгі таңда саналы әрекет пен табиғатты қарсы қою – баландыққа саяды. Табиғатты қоғам мен адамзат тіршілігінің құрамдас бөлігі екенін санаға орнықтыру қажет.

Табиғат мәдениеті! Бұл тосындау ұғым. Алайда санаға орнығуға әбден лайық ақиқат. Мынандай мысалдар еске түседі, қайыңның саясына саңырауқұлақ, мүк сияқты өсімдіктер көбірек өседі. Қалың орманға мұқият зер салсаңыз, ондағы ағаштардың бір-бірімен мейлінше санаса өсетінін, біріне-бірі көлеңке түсірмеуге тырысатынын байқар едіңіз. Бір ағаш көкке бой созып барып жапырақ жаяды. Онысы төңірегіне көлеңке түсіргісі келмегені. Бір ағаш жатаған, аясы кең. Онысы саясындағы балапан ағаштарға пана болғаны. Немесе қандыағаш пен қарағайдың ғажабын қараңыз. Балапан қарағай қаңдыағашты (қайың тұқымдасы) сағалап өседі. Қарағай буын бекітіп, бой көтерген кезде қандыағаш жол береді...

Белгілі ғой... сыртқы зорлық, сыртқы дүлей күш өзінің кісәпірлігін ең алдымен табиғатқа деген қарым-қатынасы арқылы көрсетуде. Ал пенде шіркін бар болғаны сол табиғаттың перзенті ғана...

Жүректен жүрекке

Мұғалім мен оқушылар жүректен – жүрекке шеңберіне жиналады. Табиғат – анаға өздерінің ризашылықтарын айтып, алғыстарын білдіреді.

 

Мақсаты: Оқушылардың «Табиғат», «Жер», «Су», «Ауа», «Топырақ» туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

Оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;

Оқушыларды табиғатты сақтап-қорғауға, аялап-мәпелеуге баулу;

Сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: фотосуреттер, үнтаспа.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне шақырады.

Балалар бір-бірімен сәлемдеседі. Барлығы қосылып, «Дала гүлі» әнін айтады.

Керім дала, кең дала, төре дала,

Жыршы дала, жыр дала, сері дала.

Ару дала, күй дала, күйші дала.

Гүлдеріне ғашықпын сол даланың.

Кең өлкемде көз тартқан дала гүлі,

Сенсің менің аяулым, арман әнім!

 

Қайырмасы:

Далам саған сыйлаған сұлулығын,

Далам саған сыйлаған шапағатын.

Көркем, сұлу, ғажайып дала гүлі,

Шексіз менің бір саған махаббатым!

 

Қызғалдағы құлпырған гүл-гүл дала,

Қыран дала, аққулы, бұлбұл дала.

Ақын дала, сал дала, сұңқар дала.

Сол даланың ғашықпын бір гүліне,

Ақ бұлақтай асықпын бір гүліне.

Сол даланың ғашықпын таңдарына,

Сол даланың асықпын арманына.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін іс жүзінде көрсете алуларына мүмкіндік беретін шығармашылық жұмыс тапсырылады. Шығармашылық жұмыс бойынша оқушылар өнер туындыларын қарап, ондағы адам мен табиғат үндестігін салыстырады. Адам мен табиғаттың өзара үндестігін өз шығармашылықтарымен көрсетіп береді. Мұнда балалардың қабілеті мен іскерліктеріне орай сурет салуға, өлең шығаруға, эссе жазуға, жоба жасауға, сахналауға т.б. шығармашылық еркіндік беріледі. Оқулықта төмендегідей өнер туындылары ұсынылған:

1. Ә.Қастеев. «Жайлаудағы кілемшілер». 1950 жыл.

2. Ә.Қастеев. «Пейзаж» (этюдте). 1950 жыл.

3. А.Дүзелханов. «Қорқыт ата туралы аңыз». 2004 жыл.

4. А.Дүзелханов. «Көктем». 1998 жыл.

Мәтінмен жұмыс

О.Бөкейдің «Алтай» атты мәтінін оқу ұсынылады. Бұл мәтінде туған жер табиғаттың ғажайып сырлары, сұлу келбеті, адам сезіміне әсері, қуат күші туралы айтылған. Оқушылар мәтінді оқып, оның мазмұнынан түйген негізгі ойларын ортаға салады. Сұрақтарға жауап береді.

Тыныштық сәті

Тыныштық сәті балалардың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеп, көңіл күйлерін көтеріп, өздерін жақсы сезінуіне әсер етеді.

Мұғалім сөзі:

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла толғанын сезініңдер.

Оқушылар өз қалпына түскен соң, мұғалім сабақты жалғастырады.

Дәйексөз

Мұғалім оқушылардан сабақтың дәйексөзі ретінде алынған

«Қыстағы қар жерге ырыс,

жердегі ылғал – елге ырыс» деген мақалдың мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

Оқушылар дәйексөздің мағынасы туралы өз ойларын білдіреді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды.

Жаңа ақпарат

Оқушылар берілген жаңа ақпаратпен танысып, табиғатқа құштарлық, табиғатты сезіну, табиғатпен үйлесім туралы ойларын түйіндейді.

«Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады.

Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады.

Адамның табиғатпен етене жақындасуы сұлулықты сезіндіріп, бойыңа күш-қуат қосып, шығармашылыққа жетелейді. Осылайша адам табиғаттың ғажайып күшін түсініп, оны аялап, әлпештеуге үйренеді».

 

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сайтқа тіркелуіңіз қажет.

«Табиғат – мен үшін денсаулық, өйткені...»

«Табиғат – мен үшін шығармашылық, өйткені...»

https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/0483/0005211a-3d4e75ae/hello_html_323783e9.jpg

Пәні: «Өзін-өзі тану»

Сыныбы: 8б сыныбы

Тақырыбы: Салауаттылық-өмір салты

Мақсаты: Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

· Оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;

· Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу;

· Сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: оқулық,оқушы дәптері, плакаттар, жүрекше, шарлар.

Сәлемдесу

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне жиналып, «Туған жер» әнін шырқайды.

Ш.Сариев

Дені сау адамдарға өмір-жұмбақ,

Кәусардай мөлдірейді көңіл бұлақ.

Кеуденің сәулесіндей көз жанары,

Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.

 

Ойланайық, пікірлесейік

· Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

· Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?

· Зиянды әдеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

· Зиянды әдеттерге нелер жатады?

Жасөспірімдердің көзқарасына, талғамына, құштарлығына олардың айналасындағылар, құрбы-құрдас, серіктестері ықпал етеді.

Ерік-күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез өзінің жағымсыз істеріне сылтау іздеп «тек бір рет» деген ережені басшылыққа алады. Өмірлік ұстанымы мен мақсаттарын аяққа басады, содан кейін бәрі солай кете береді. Осыдан кейін жақсы болар деп үміттенеді. Осылайша бір рет дәрменсіздік көрсету, келесісін туғызады. Осылай ұнамсыз қылықтар қайталана беріп, ол жағымсыз дағдыға айналады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: