Https://youtu.be/Zh9T0VJ7Jek 3 страница

6. Үй тапсырмасы.
№ 17 сабақ оқу.
7. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Елім деп соғар жүрегім

Жарияланды 20-01-2017, 18:36 Категориясы: Өзін өзі тану

Тақырып: Елім деп соғар жүрегім
Өзін - өзі тану сабағының жоспары 8 сынып
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, жақсы көру, құрметтеу
Сабақ мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру;
- Отанның жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;
- Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) стикер, плкаттар, түрлі түсті қаламдар, қазақстанның картасы.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастырукезеңi.
Топқа бөлу
Қазақстан
Бірлік
Достық
Тыныштық сәті

2. Үй тапсырмасын тексеру
5т ережесін еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Тыныштық сәті
Барлығымыз денемізді бос ұстап еркін сезінейік. Тынышталамыз. Көзімізді жұмайық. Мен кең байтақ Тәуелсіз Қазақстан жерінде тұрамын. Менің жүрегім елім деп соғады. Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын. Мен патриотпын. Осындай Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыныз. Енді осы сезімді жүрегіңізге орналастырыныз. Ақырын көзімізді ашамыз. Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру
«Елімдеп соғар жүрегім!» тақырыбында шығарма жазу.
Ескерту
Мой нур әуені жәймен ойнап тұрады.
релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді.

3. Дәйексөз.
Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ.

М. Әуезов Әуезовтің нақыл сөзімен мұғалім оқушыларды таныстырып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды
4. Оқиғаларды әңгiмелеу
1. Отанға деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?
2. Елің, жерің үшін жасаған азаматтық ерлікке жата ма?
Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік.
«Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз. Әрқайсымыз ата - бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер - қасиетті, құдіретті.
Сіздер кең байтақ, Тәуелсіз қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыңдар.

Мәтінмен жұмыс.
«Елге деген махаббат»
Мәтін бойынша сұрақтар:
- Елге, жерге деген махаббатты немен түсіндірер едіңдер?
- Өздерің елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер?

Мұғалім сөзі: Туған жер, атамекен әр адамның тағдыры. Одан алғаныңды жүрегіңе құя білуің шарт.
Туған жерді сүю, өз еліңе байланып қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу. Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өмірдің мәнін ұғынады. Адам өз өмірінің сүретшісі екенін түсіну керек.

Оқушылардың ойыларын қорытындылаймын
5. Шығармашылықіс - әрекет, топтық жұмыс.
«Қазақстан» тобы: Қазақстан картасын құрастырып тілектерін жазып постер қорғайды.
Бірлік тобы: Егер әкім болсаңдар елдің гүлденуі үшін не істер едіңдер... Постер қорғау
Достық тобы: Елімізде болып жатқан әділетсіздікті жоямын, елімізді дамытамын.
Сиқырлы кәмпит ойыны
Кәмпиттер ішінде жағдаяттар берілген
1. Шыңғыс әркез азаматтық іс көрсетуге, көмек жасауға дайын тұрады. Оның бұл әрекеті жолдасы Нұрболға ұнамайды.
• Шыңғыс қандай бала?
• Нұрболға қандай кеңес берер едіңдер?
2. Олжас сыныптағы барлық жағдайға жайбарақат, немқұрайды қарайды. Айналасындағы болып жатқан жағдайларға мән бермей, көрседе көрмегендей, үндемей тұра береді...
• Олжастың немқұрайдығының себебі неде?
• Олжастың бойында қандай құндылықтар мен жақсы қасиеттердің болғанын қарар едіңдер?
3. Сынып үшін маңызды іс жасау керек болды. Бірақ балалар бұл іске бірден кірісіп кетпеді. Олар бір - біріне, барлығына, біреуге, әркімге сеніп, солар жасайды деп күтті. Жұмысты ешкім жасамады. Барлығы әйтеуір біреудің жасайтындығына сенді. Бұл жұмысты жасау бәрәнің де қолынан келетін еді. Алайда ешкім жасамады. Балалар бір - біріне ренжиді. Өйткенді жұмыс жасалмады. Біреу жасайды деген үміт ақталмады. Өкініштісі ешкім де жұмыс ітелінбей қалды деп ойламапты. Соңында әр кімнің жасай алатын ісін ешкім жасамағаны үшін барлығы белгісіз біреуді кіналады..
• Осы жағдаяттан қандай қорытынды жасар едіңдер?
Дария жаттығуы
Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға өз елінің патриотты адамның қандай қасиеттері болу керек екенін жазу.
Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен іледі.
- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған тамшыларды қосқанда үлкен дарияға айналды. (Дарияны ілемін.) Яғни әр адам өз елінің патриотты болса, гүлденуіне үлесін қосса, біздің елімізде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Дәйексөзде айтылған ойдың пысықталуы мақсатында оқушылар жеке тапсырманы дәптерлеріне орындайды.
6. Үй тапсырмасы.
«Елім менің Қазақстан» тақырыбында өлең жолдарын шығару

7. Топпен ән айту.
Атамекен
Сөзі: Қ. Мырзалиевтің
Әні: Е. Хасанғалиетің

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
Сабақ барысын талқылау:
Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс. Сабақ осылай қорытындалады.

«Сам мектеп - балабақша кешені» КММ
Мамбетова Назгүл Далубековна

Тақырыбы: Елім деп соғар жүрегім

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Қоғамға риясыз қызмет ету, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік, әділеттілік,сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.Отанына,туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілікке дұрыс әрекетпен тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: · Отанға,туған жерге елге деген махаббаттың мәнін түсіндіру; · Отанның жарқын блашағына деген сенімдерін қалыптастыру; · Отанына,туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ресурстар: Аудио жазбалар, плакаттар, кестелер
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, көңіл –күйін сұрау. Жағымды жағдай туғызу. Нұрға бөлену. -«Рахмет! Ал балалар кім не сезінді, ойларыңды ортаға салайық». 5Т (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық,) Ескерту «Нұрға бөлену». Мұғалімге арналған әдістемелік құрал
2. Үй тапсырмасын тексеру:Дәптермен жұмыс № 16 сабақ тапсырма. 3. Жағымды ой-пікір: (дәйексөз)Оқулықта М.Әуезовтың «Алтын анам,Отаным!Сенен аяр жаным жоқ,сенен іркер күшім жоқ» деген қанатты сөзі дәйексөз ретінде айтылып,түсіндіріледі. Оқушы дәптері Тақтаға дәйексөзді жазу
4.Жаңа сабақ: · Отанға деген сүйіспеншілік,құрметтеріңді қалай білдіресіңдер? · Елің,жерің үшін жасаған азаматтық ерлікке жата ма? · Өзіңе «Мен болмасам,кім?» деген сұрақ қойып көрдің бе? Халықтың қажетіне жарап,ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету-әрбір азаматтың міндеті.Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілік,құрмет-азаматтықтың көрінісі.Елін,жерін сүйетін адам топырағының кешегісін бүгінмен,бүгінгісін ертеңмен жалғастыра алады.Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп,оның жарқын болашағына сенеді.Отанын қастерлеп,білімі мен еңбегін елінің мүддесіне игілігіне жұмсайды. Оқиға айту: (әңгіме)Қ.Мырза Әлидің «Елге деген махаббат» өлеңін айтып беру.     Оқулық
5.Шығармашылық:(топтық жұмыс)Төмендегі сұрақтарды қатыстыра отырып, «Елім деп соғар жүрегім!» тақырыбына эссе жазу. · Адам Отанына,туған жеріне жасаған қызметі үшін сый-құрмет күтуі керек пе? · Өз Отанының көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүрсіңдер? Оқулық, оқушы дәптері, қалам
6. Топпен ән айту: Көктудың желбірегені - Қазақтың асқақ беделі. Махаббат, қайрат екеулеп, шымырлатқаны денені. Көктудың желбірегені - жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту жан емес, маған керегі- Көктудың желбірегені. Көктудың желбірегені- елдіктің асқақ өлеңі, әр жаққа тартпай, Қазағым, бір сөзге жинал дегені. Көктудың желбірегені - бақыттың елжірегені, қиырда қалған Қазақтың Азат отанға жете алмай көзінің мөлдірегені. Үнтаспа
7. Үй тапсырмасы:Ж.Қашқыновтың «Астана жыры» өлеңін жаттау. Соңғы тыныштық сәті. (музыкамен)(2минут)Тыныштық,тыныштық,тыныштық...бар елде.Тыныштық,тыныштық,тыныштық...бүкіл әлемде. Бүгін сендер сабақты өте жақсы оқыдыңдар,жақсы ойлар айттыңдар, сол үшін, сендерге көп-көп рахмет айтамын. 8 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы 78 бет
8. Сабақтың қорытынды сәті: - Сабақтан қандай әсер алдың? - Өзіңе сабақтан қандай ой түйдің?  

Елім деп соғар жүрегім

admin03.09.2017 Материалдар

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы

Мерзiм: 26.12.2016

Сабақ: 16

Тақырып: Елім деп соғар жүрегім

Құндылық: «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер: Отансүйгіштік, ұлтжандылық, ұлтшылдық

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

Сынып: 8 «а»

Оқушылар саны: 11

Мақсаты:Оқушыларға «Отан», «ел» туралы ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін ұғындыра отырып, отансүйгіштік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушыларды туған еліне, отанына ізгі ниеттерін дамыта отырып, ұлтжандылық, ұлтшылдық қасиеттеріне баулу. Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)интербелсенді тақта, слайд, түрлі-түсті маркерлер, ақ қағаз
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. — Ыңғайланып отырыңыздар. Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздерімізді жұмыңыздар. Елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің ортасында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасайды және баршамызға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға барды. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат, тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Енді жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! Сабақ барысын талдау:
2. Үй тапсырмасын тексеру Н.Исабековтің сөзін өз сөзімен қорытындылау. 1. Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді? 2. Жақсы көрудің мәні неде? 3. «Бәрінің бастауы махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Адамдарды не үшін, қандай қасиеттері үшін жақсы көресің? 5. Өзіңнің бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?  
3. Дәйексөз «Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ» М.Әуезов Барлығы бірігіп, дауыстап оқу. Ұлдарға және қыздарға оқыту. · Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптарын тыңдаған соң қорытындылаймын.  
4. Әңгімелеу: Бейнекөрініс «Тәуелсіздікке 20 жыл» Бейнекөрініс бойынша сұрақтар: 1. «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі? 2. Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар? 3. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрметтің азаматтық белгісі дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Отанға, туған жерге деген махаббатыңды қалай білдіресің? 5. Отан алдындағы парызыңды қалай өтер едің? Сергіту сәті. «Қара жорға»  
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды дөңгелекшелер арқылы топқа бөлемін. Әр топқа тапсырма беремін. 1-топ:«Менің отаным — Қазақстан» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар. 2-топ:Отанға, туған жерге байланысты мақал-мәтелдер жазып, өз ойларымен түйіндеме жазу. 3-топ:Отанға, туған жерге арнап өлең шығару Тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі. Тапсырма орындау кезінде баяу музыка қойылады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмысын жариялайды.  
6. Топпен ән айту. «Көк тудың желбірегені» Сөзі:Қ.Ыдырысов Әні:Ә.Еспаев  
6. Үй тапсырмасы. «Елім деп соғар жүрегім» тақырыбына эссе жазып келу  
7. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақта алған игі қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Бүгінгі сабақ үшін сендерге көп рахмет!  

 

 

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

 

Бекітемін

Мектеп директорының бейінді-бағдарлы

оқу ісі жөніндегі орынбасары: ______ С.Қажығалиева

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы

Мерзiм: 9.01.2016

Сабақ: 17

Тақырып: Елім деп соғар жүрегім

Құндылық: «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер: Отансүйгіштік, ұлтжандылық, ұлтшылдық

Мұғалім: Құспанова Аңсағаным

Сынып: 8 «а»

Оқушылар саны: 11

Мақсаты:Оқушыларға «Отан», «ел» туралы ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін ұғындыра отырып, отансүйгіштік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушыларды туған еліне, отанына ізгі ниеттерін дамыта отырып, ұлтжандылық, ұлтшылдық қасиеттеріне баулу. Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)интербелсенді тақта, слайд, түрлі-түсті маркерлер, ақ қағаз
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. — Ыңғайланып отырыңыздар. Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздерімізді жұмыңыздар. Елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің ортасында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасайды және баршамызға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға барды. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат, тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Енді жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! Сабақ барысын талдау:
3. Үй тапсырмасын тексеру «Елім деп соғар жүрегім» эссе 1.«Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі? 2. Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар? 3. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрметтің азаматтық белгісі дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Отанға, туған жерге деген махаббатыңды қалай білдіресің? 5. Отан алдындағы парызыңды қалай өтер едің?  
3. Дәйексөз «Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас» Халық мақалы Барлығы бірігіп, дауыстап оқу. Ұлдарға және қыздарға оқыту. · Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптарын тыңдаған соң қорытындылаймын.  
4. Әңгімелеу: Бейнекөрініс «Менің елім — Қазақстан» Бейнекөрініс бойынша сұрақтар: 1. Отанға деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіресіңдер? 2. Елің, жерің үшін жасаған азаматтық ерлікке жата ма? 3. Өзіңе «Мен болмасам, кім?» деген сұрақ қойып көрдің бе? 4. Елге, жерге деген махаббатты немен түсіндірер едіңдер? 5. Өздерің елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер? 5.Сергіту сәті. «Көңілді күн»  
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды дөңгелекшелер арқылы топқа бөлемін. Әр топқа тапсырма беремін. 1-топ:«Менің отаным — Қазақстан» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар. 2-топ:Отанға, туған жерге байланысты мақал-мәтелдер жазып, өз ойларымен түйіндеме жазу. 3-топ:Отанға, туған жерге арнап өлең шығару Тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі. Тапсырма орындау кезінде баяу музыка қойылады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмысын жариялайды.  
7. Топпен ән айту. «Атамекен» Сөзі:Қ.Мырзалиев Әні:Е.Хасанғалиев  
8. Үй тапсырмасы. Нақыл сөздердің мағынасын ашу  
9. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақта алған игі қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Бүгінгі сабақ үшін сендерге көп рахмет!  

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: