Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 9 страница

Мақсаты: Әр түрлі тапсырмаларды орындауға икемділікті, бір әрекеттен екіншіге ауысудың жеңілділігін және зейін аударуға қабілеттілікті зерттеу.

Орындау ережесі: Әдістеме жүргізу үшін тапсырмалар арнайы бланкке түсіріліп, зерттелінушілердің қолына беріледі де оны орындау тәртібі түсіндіріледі.

«Сіздерге, онша қиындығы жоқ, 40 тапсырма берілген. Олардың әрқайсысын орындауға 2,3,4,5 секунд уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде тапқан жауаптарыңызды бланкінің номері аталған жеріне толтырасыздар. Тапсырмаларды тез және зейіндеріңізді жинақтап отырып орындаңыздар». Психолог әр тапсырманы асықпай оқып береді де, оны орындау уақыты аяқталғаннан соң, келесі тапсырма оқылады. Зерттелінушілер жауаптарын қолындағы бланкіге толтырып отырады.

Бағалау шкаласы.

Икемделгіштік (лабильділік) көрсеткіші жіберілген қателер санымен анықталады.

0 – 4 қате – лабильділігі жоғары, оқуға қабілеті жақсы.

5 – 9 қате – лабильділігі орта

10 – 14 қате – лабильділігі төмен, қайта үйрету қиын.

15 және оданда көп қате – іс-әрекеттің барлық түріне икемсіз.

 

Тапсырмалар.

(1-ші квадрат) Смадияр деген аттың бірінші әрібі мен жылдың бірінші айының соңғы әрібін квадрат ішіне жазыңыз.(3сек)

(4-ші квадрат) «Жел» деген сөзді квадратқа жазғанда бір әріп үшбұрыштың ішіне түссін.(3 сек.).

(5-ші квадрат) Төртбұрышты екі вертикалдық және екі горизонталдық сызықтармен бөліңіз. (4 сек).

(6-шы квадрат) Бірінші шеңберден төртінші шеңберге қарай сызық жүргізіп, оны екіншінің үстінен, үшіншінің астынан өтетіндей етіп орналастырыңыз. (3 сек)

(7-ші квадрат) Үшбұрыштың ішіне плюс белгісін қойып, ал үшбұрыш пен төртбұрыштың ортақ ауданына 1 деген санды жазыңыз. (3 сек)

(8-ші квадрат) Екінші шеңберді үшке, ал төртінші шеңберді екіге бөліңіз.(4 сек)

(10-шы квадрат) Егер бүгінгі күн сәрсенбі болмаса атыңыздың соңғы әрібінен бұрынғыны квадрат ішіне жазыңыз. (3 сек)

(12-ші квадрат) Бірінші тікбұрыштың ішіне плюс, алтыншысына 0 қойыңыз да, үшіншіні сызып тастаңыз. (4 сек).

(13-ші квадрат) Нүктелерді тік сызықтармен қосып шығыңыз, кішкентай үшбұрыштың ішіне плюс белгісін қойыңыз.

(15-ші квадрат) Дауыссыз дыбыстардың сыртына шеңбер сызыңыз да, дауыстыларды сызып тастаңыз. (4 сек).

(17-ші квадрат) Трапецияның бүйір қабырғаларын бір-бірімен қиылысқанша төмен қарай жалғастырыңыз, қиылысқан нүктені өзіңіз тұратын мекен-жайыңыздың соңғы әріпімен белгілеңіз. (4 сек).

(18-ші квадрат) Егер «синоним» деген сөздің алтыншы әрібі дауысты болса, тікбұрыштың ішіне 1 деген санды жазыңыз. (3 сек).

(19-шы квадрат) Үлкен шеңберді қайта сызыңыз да кішісінің ішіне плюс белгісін қойыңыз. (3 сек).

(20-шы квадрат) 2,4,5 нүктелерді бір-бірімен қосыңыз, ал 1 мен 3 нүктелерді тастап кетіңіз. (3 сек)

(21-ші квадрат) Егер екі көпсанды сандар бір-біріне тең болса арасындағы сызықшаның үстіне қанат белгі қойыңыз. (2 сек)

(22-ші квадрат) бірінші сызықты үшке бөліп, екіншісін екіге бөліп, үшінші сызықтың ұштарын «А» әріпімен жалғастырыңыз. (4 сек).

(23-ші квадрат) Бірінші сызықты ұшын екінші сызықтың жоғарғы ұшымен қосыңыз, ал екінші сызықтың үстіңгі шетін төртінші сызықтың төменгі ұшымен жалғастырыңыз. (3 сек)

(24-ші квадрат) Тақ сандарды сызып тастап, жұп сандардың астын сызып қойыңыз. (5 сек)

(25-ші квадрат) Екі фигураның сыртына шеңбер кигізіңіз, сонан соң оларды бір-бірінен вертикаль сызықпен бөліп қойыңыз. (4 сек)

(26-шы квадрат) А әріпінің астына төменге бағытталған стрелка қойыңыз, ал В ның астына жоғарыға бағытталған стрелка, С әрібінің астына қанат белгі соғыңыз. (3 сек)

(27-ші квадрат) Егер «ҮЙ» мен «ҮЙРЕК» деген сөздер бірдей әріптен басталатын болса, ромбтардың арасына минус белгісін қойыңыз. (3 сек)

(28-ші квадрат) Сол жақ шеті клеткаға 0, ал оң жақтағы шеткі клеткаға плюс белгісін қойып, ортасынан диагональ өткізіңіз. (3 сек)

(29 квадрат) Қанат белгілердің астын сызып, бірінші қанат белгінің ішіне А әріпін жазыңыз. (3 сек)

(30-шы квадрат) Егер, «СЫЙЛЫҚ» деген сөздегі үшінші әріп И болмаса, келесі сандар суммасын жазыңыз 3+5. (3 сек)

(31-ші квадрат) «САЛЮТ» деген сөздегі дауысты дыбыстарды дөңгелектеп сызып, ал «ЖАҢБЫР» деген сөзден дауыссыз дыбысты сызып тастаңыз. (4сек)

(32-ші квадрат) Егер 54 саны тоғызға бөлінетін болса, төртбұрыштың сыртына шеңбер сызыңыз. (3 сек)

(33-ші квадрат) 1 санынан 7 санына қарай сызық сызып, оны жұп сандардың астынан, тақ сандардың үстінен өткізіңіз. (4сек)

(34-ші квадрат) қасында сан жазылмаған шеңберлерді сызып тастап, саны барлардың астын сызып қойыңыз. (3 сек)

(35-ші квадрат) Дауыссыз дыбыстардың астына төмен қараған, дауыстылардың астын – жоғары қараған стрелка қойыңыз. (3 сек)

(36-шы квадрат) «ҚОЛ» деген сөзінің бірінші әрібін шеңбердің ішіне, ал екіншісін – тікбұрыштың ішіне түсіріп жазыңыз. (3 сек)

(37-ші квадрат) Горизонталдық сызықтарды солға қараған, вертикал сызықтарды – жоғары қараған стрелкалармен белгілеңіз. (5 сек)

(39-шы квадрат) Екінші сызықты екіге бөліп, бірінші сызықтың екі ұшын сол нүктемен қосыңыз. (3 сек.)

(40-шы квадрат) Вертикал сызықтар көмегімен тақ сандарды жұп сандардан бөліп қойыңыз. (5 сек).

(41-ші квадрат) Сызықтың үстіне жоғары қараған, ал астына – солға қараған стрелка қойыңыз. (2 сек).

(42-ші квадрат) «М» әрібінің сыртына шаршы, «К» - ның сыртына шеңбер, ал «О» -ның сыртын үшбұрыш салыңыз. (4 сек).

(43-ші квадрат) 5 пен 2 сандарының қосындысын тікбұрыштың ішіне, алымын – ромбтың ішіне жазыңыз. (4 сек)

(44-ші квадрат) 3-ке бөлінетін сандарды сызып тастаңыз да, басқаларының астын сызып қойыңыз. (5 сек)

(45-ші квадрат) Қанат белгілерін тек шеңбер ішіне, 3 санын тек тікбұрыш ішіне қойып шығыңыз. (3 сек)

(46-шы квадрат) Әріптердің астын сызып, жұп сандардың сыртына шеңбер салыңыз. (5 сек)

(47-ші квадрат) Тақ сандардың сыртына шаршы скобка, жұп сандардың сыртына дөңгелек скобка қойып шығыңыз. (5 сек).

 

 

 

 

Сан қатарлары әдістемесі

 

Мақсаты: Математикалық ойлаудың логикалық аспектісін зерттеу, математикалық қабілеттің көрініс беруін анықтау.

Тестің балаларға және үлкендерге арналған варианттары бар.

Зерттеу жүргізер алдын тапсырмалар толтырылған бланкілер даярланады. Олар әр зертелінушіге таратылап беріледі де орындау ережесі түсіндіріледі.

Дұрыс жауаптары.

 

Балаларға арналған варианты.

 

                                       
                            ¼          
                            1/8          

 

 

Үлкендерге арналған варианты.

 

 

Дұрыс жауабы:

 

1)12,9. 5)13

2)25,36. 6) 44, 46

3)13,20 7)10, 4

4)36,38.

 

Нәтижесін талдау.

Зерттелінуші тапсырмаларды орындауға қиналса, сандық материалдармен операциялар жүргізуге қажетті зандылықтарды таба алмағанының белгісі. Ол адамның логикалық ойлауының нашар дамығанын көрсетеді. Анықталған уақытта тапсырманың жартысын орындаса – логикалық ойлауы көрініс берген, оны дамытуға мүмкіндік мол.

 

 

Балаларға арналған варианты.

Орындау ережесі: Қатардағы сандарды мұқият оқып шық. әр қатарда екі бос орын бар. Оларға осы қатардағы сандарды жалғастыратын екі санды тауып жаз.

Мысалы:

Берілген сандар қатары: Бос орынға жазылатын сандар

2 4 6 8 10 12 14 16

10 9 8 7 6 5 4 3

3 3 4 4 5 5 6 6

1 7 2 7 3 7 4 7

Орындау уақыты – 7 минут

 

Тапсырмалар:

Берілген сандар қатары. Бос орындар

 

             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             

Үлкендерге арналған варианты.

Орындау ережесі: Сіздерге 7 қатар сандар берілген. әр қатардағы сандардың орналасу заңдылықтарын тауып, бос орындарға жетіспей тұрған сандарды жазу керек.

Орындау уақыты – 7 минут.

Тапсырмалар.

1) 24 21 19 18 15 13...... 7

2) 1 4 4 16...... 49 64 81 100

3) 16 17 15 18 14 19......

4) 1 3 6 8 16 18...... 76 78

5) 7 16 9 5 21 16 9.... 4

6) 2 4 8 10 20 22....... 92 94

7) 24 22 19 15........

 

Оқушылардың жекелік психологиялық қасиеттерін зеттеу әдістемелері.

Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті.

Мақсаты: Баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (нейротизмнің көрінісін) анықтау.

Нәтижесін бағалау кілті

Эстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп есептелінеді:

Ия – 1,3,8,10,13,17,22,25,27,39,44,46,49,53,56;

Жоқ – 5,15,20,29,32,37,41,51.

0 – 10 балл жинасаңыз сіз интровертсіз;

15 – 20 балл жинасаңыз сіз экстровртсіз;

11 – 14 балл – амбиверт көрсеткіші болоып табылады.

Нейротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады:

Ия – 2,4,7,9,11,14,16,19,21,23,26,28,31,33,38,40,43,45,47,50,52,57,

0 – 10 эмоционалдық жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші;

11 – 16 сезімталдық белгісі;

17 - 22 жүйке жүйесі күйзелгенінің белгісі бар;

23 – 24 невротизм патологияға жақындаған.

Өтірікшілік көрсеткішін анықтау:

Келесі сұраққа жауап берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады:

Ия – 6,24,36; Жоқ – 12,18,30,42,48,54.

0 -3 балл жинасаңыз сізге барлық уақыт сенуге болады.

4 – 5 – жалғандығыңыз көрініп тұр.

6 – 9 – жауаптарыңыз ақиқатқа сай емес, оларды өңдемей ақ қойса болады.

Бағалау шкаласы бойынша жоғарыда берілген графиктің горизонталдық бағанына экстраверсия бойынша анықталған балларды түсіріп, ал нейротизм көрсеткішін вертикалдық бағанға орналастыру керек.

Нейротизм

 

 

 

меланхолик 14 холерик

 

 
 


0 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20

 

 

флегматика сангвиник

 

Эмоционалдық тұрақтылық

 

Сол нүктелердің түсірген перпендикулярлардың қиылысқан жері зерттелінушінің темпераментіндегі жетекші типті көрсетеді. Осы көрсеткіш бағандарының қилысқан жеріне жақын орналасса ол адамда барлық темпераменттің көрсеткіштері анық байқалатынының белгісі.

 

Көрсеткіштер бойынша мінездеме.

Сангвинк-экстраверт: тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жолдас-жоралары көп, өмірсүйгіш.

Холерик-экстраверт; айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист; белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл күйі тұрақсыз, стресс жағдайында психопат.

Флегматик- экстраверт; тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сиысымды,қарым-қатынасқа жайлы,интеллекуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, ден саулығын бір қалыпты сақтайды.

Меланхоллик- экстраверт; тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөленіп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға ұшырап, ден саулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.

Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті.

 

Орындау ережесі: «Сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ беріледі. Сұрақтардың әрқайсысына «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріп оны жауап параққа жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл – ойдың дамуы деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз».

Сауалнама.

1. Тынығу үшін, немесе ерекше сезімге бөліну үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?

2.Сізді түсінетін, жұбататын және көңіліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?

3.Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?

4.Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?

5.Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала, асықпай ойланып аласыз ба?

6.Берген сөздеріңізді барлық уақытта орындайсыз ба?

7.Сіздің көңіл күйіңіз құбылмалы ма?

8.Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?

9.Ешқандай себепсіз өзіңізді бақытсыз адаммын деп есептеген уақытыңыз болды ма?

10.Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз ба?

11.Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?

12.Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағдай болды ма?

13.Жағдайға байланысты ойланбайтын әрекет жасауыңыз жиі болады ма?

14.Өзіңіздің айтқаныңыз немес істегеніңіз туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма?

15.Адамдар мен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба?

16. Сіздің намысыңызға тию оңай ма?

17.Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?

18.Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?

19.Кейде күшіңіз тасып, тауды қопаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?

20.Өзіңіздің қарым–қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?

21.Арманға жиі бөленесіз бе?

22.Сізге дауыс көтергендерге солайша жауап бересіз бе?

23.Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?

24.Сіз өзіңізді кінәлі деп сезінуіңіз жиі болады ма?

25.Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға қабілеттісіз бе?

26.Кернеу жағдайында жиі боласыз ба?

27.Басқалар сізді көңілді, еті тірі деп есептейді ме?

28.Бір істі бітірген соң, ол тірлікті «одан да жақсы орындауға болар еді» - деген ойға бөлінесіз бе?

29.Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?

30.Сіз өсек айтатын кездер болады ма?

31.Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез болды ма?

32.Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?

33.Кейде жүрегіңіз қатты соғады ма?

34.Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

35.Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе?

36.Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?

37.Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияны ұнатпайсыз ба?

38.Сіз ашушаңсыз ба?

39.Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс ұнайды ма?

40.Сізді, еш уақытта болмаған неше түрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалайды ма?

41.Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па?

42.Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігіп барасыз ба?

43.Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?

44.Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?

45.Бір жеріңіз ауырады ма?

46.Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?

47.Сіз шыдамсыз адамсыз ба?

48.Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма?

49.Өзіңізге сеніміңіз күшті ме?

50.Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме?

51.Көптеген адам қатынасатын іс-шаралардан ләззаттанасыз ба?

52.Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсыз ба?

53.Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?

54.Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме?

55.Өзіңіздің ден саулығыңыз туралы қам жисіз бе?

56.Басқаларды әзілдетуге құмарсыз ба?

57.Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?

 

Темпераментті анықтауға арналған Я.Стреляу тесті

 

Мақсаты: Темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.

Орындау ережесі: Тесте берілген 134 сұрақтарға жауаптарды талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. Сұрақтарға жауапты «ия», «жоқ», «білмеймін» деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан, қойылған сұрақтардың ретін бұзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың біреуін жауап параққа жазыңыз. «Білмеймін» деген жауапты сирек қолданған жөн.

Бағалау шкаласы:

Жауап кілтке сай келсе-2 балл

Жауап сай келмесе-0 балл

Білмеймін деген жауап -1 балл

Өңдеу кілті:

Қозу кезін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе шкала бойынша бағаланады: «Ия»-3,4,7,13,15,17,19,21,23,24,32,45,56,60,66,72,73,78,81,82,83,94,97,98,102,105,106,113,114,117,121,122,124,130,132,133,134,

«Жоқ» 47,51,107,123.

Тежелу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

«Ия»-2,5,8,10,12,16,27,30,35,37,38,42,48,50,52,53,59,62,65,67,69,70,75,77,84,87,89,90,96,99,103,108,109,110,112,118,120,125,126,129.

«Жоқ»-18,34,36,128

Динамикасын анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады.

«Ия»-1,6,9,11,14,20,22,26,28,29,31,33,40,41,43,44,46,49,54,55,64,68,71,74,76,79,80,85,86,88,91,92,93,95,100,101,104,111,115,119,131.

«Жоқ» -25,57,63,116.

Қозу және тежелу процесстерінің көрсеткіштері 42 жән одан жоғары болса,өлшенген жүйке процесінің күшті жүретінін көрсетеді.Қозу және тежелу процестерінің ара қатынасы жүйке поцестерінің тепе теңдігін көрсетеді.

Егер ара-қатынасы 1ге жақын немесе тең болса ол көрсеткіштің иесі байсалды болады,

қозу көрсеткіші басым болса –ол адамның қозғыштығын,ұстамсыздығын көрсетеді,

ал тежелу басым болса ол адамның «тормоздан» шығуы қиын,тежелгіш екенінің белгісі болады.

 

Темпераментті анықтауға арналған Я.Стреляу тесті

Сауалнама.

 

1.Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?

2.Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау күтесіз бе?

3.Жұмыстан шаршағаныңыз басылу үшін қысқа уақыт ішінде дем алғаныңыз жеткілікті ме?

4.Ыңғайсыз жағдайда жұмысты орындай аласыз ба?

5.Пікірталас болғанда тақырыпқа байланысы жоқ аргументтерді пайдаланасыз ба?

6.Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайтып оралуыңыз оңай ма (демалыс, каникул)?

7.жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?

8.Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылықпен күтесіз бе?

9.Әр түрлі уақытта төсекке жататын болсаңыз, ұйықтауыңыз барлық уақытта бірдей жеңіл болада ма?

10.Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?

11.Бірнеше апта немесе айлар бойы айналаспаған жұмысқа жеңіл ораласыз ба?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: