Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 10 страница

12.Шыдамдылықпен, ерінбей түсіндіресіз бе?

13.Терең ойланып істейтін істі жақсы көресіз бе?

14.Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді ме?

15.Күшті тебіренуден кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?

16.Өзіңіздің күшті жағыңызды көрсетуге құмарсыз ба?

17.Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?

18.Ашуыңызды басқаларға көрсетпеу сізге оңай ма?

19.Сәтсіздікте сабырлылық сақтай аласыз ба?

20.Қажет болғанда, өз мәнерлеріңізді басқа адамдардың мінезіне икемдейсіз бе?

21.Ерекше жауапкершілік талап ететін функцияны орындауға құмарсыз ба?

22.Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?

23.Қиын қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталадыма?

24.Пікірімен санасатын адамның алдында өзіңізді емін еркін сезесіз бе?

25.Күтпеген жерде күн тәртібі өзгерсе,сіз сасып қалмайсызба?

26.Қажетті жауапты тез табасызба?

27.Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете аласыз ба?

28.Демалыс,каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өтедіме?

29.Тапқырсыңба?

30.Жүрісіңізді,тамақтануыңызды жай басарларға теңестіруіңіз оңай ма?

31.Дем алуға жатқанда тез ұйықтайсызба?

32.Сабақта,жиналыстарда сөз алуға құмарсызба?

33.Ашулануыңыз оңай ма?

34.Жұмысқа кірісіп кеткеннен соң оны тоқтатуыңыз оңай ма?

35.Басқаларға кедіргі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсызба?

36.Шағыстырушыларға ермей қаласыз ба?

37.Басқалармен тіл табысып жұмыс істеуіңіз оңай ма?

38.Шешім қабылдау үшін барлық жағдайларды салыстырып көресіз бе?

39.Кітап оқығанда,автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалап отырасыз ба?

40.Жолаушылармен әңгімелесіп отырасыз ба?

41.Егер,пікірталас нәтижесі жемісті болмайтынын білсеңіз,сол әңгімеге қатысудан өзіңізді ұстап қаласыз ба?

42.Нақты қимыл әрекетті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

43.Басқалардың пікірімен санаса отырып өзіңіздің шешіміңізді өзгерте аласызба?

44.Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәртібіне тез үйренесіз бе?

45.Күндіз қызмет атқарған болсаңыз,түнде жұмыс істеуге шамаңыз келеме?

46.Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?

47.Кедергі кездескенде жоспарланған нәрседен тез бас тарта аласыз ба?

48.Ұстамдылық көрсете аласызба?

49.Тез оянасыз ба?

50.Жылдам жауап бермей,ұстамдылық көрсете аласыз ба?

51.Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?

52.Шындықты бетіне баспай,шыдамдылық көрсете аласызба?

53.Емтихан алдында,бастықпен сөйлесерде ұстамдылық көрсетесіз бе?

54.Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?

55.Жаңалыққа құмарсыз ба?

56.Күндіз ауыр жұмыс істегеннен соң толық демалуға түнгі ұйқы жеткілікті ме?

57.Қысқа мерзім ішінде түрлі-түрлі әрекет жасауды талап ететін жұмыстан бас тартасыз ба?

58.Өмірде кездесетін қиындықтың басым көбін өзіңіз дербес шешесіз бе?

59.Өзіңіз сөйлеуден бұрын басқалардың пікірін тыңдап аласыз ба?

60.Жүзе білетін болсаңыз,суға кетіп бара жатқан адамды құтқаруға әрекет жасайсыз ба?

61.Қажырлы еңбек етуге қабілеттісізбе?

62.Ескерту жасау артық болып тұрса,өзіңізді ұстап қала аласыз ба?

63. Жұмыс орныңызға мән бересіз бе?

64.Бір жұмыстан екіншісіне ауысуыңыз оңай ма?

65.Маңызды шешім қабылдау үшін барлық мүмкіндіктерді салыстырып көресіз бе?

66.Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?

67.Басқа адамның тіршілігіне үңілмеу,қағаздарын оқымау сізге оңай ма?

68.Біркелкі орындалатын жұмыстан жалығасыз ба?

69.Көпшілік ортасында тәртіп сақтау сізге оңай ма?

70.Артық дене қимылын жасамай сөйлеу,жауап беру сізге қиын ба?

71.Көңілді ортаны жақсы көресіз бе?

72.Көп күшті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

73.Ұзақ уақыт жұмысқа беріліп істейсіз бе?

74.Жылдамдықты талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?

75.Қиын кезеңде шыдамдылық көрсетесіз бе?

76.Ұйқыдан оянғаннан соң төсектен бірден тұрасыз ба?

77.Өзіңіз тапсырманы орындап болғаннан соң басқалардың бітіргенін сабырмен күтесіз бе?

78.Жағымсыз жағдайды көргеннен соң бұрынғыдай ынтаменен әрекетіңізді жалғастырасыз ба?

79.Күнделікті басылымдарды жылдам қарап шығасыз ба?

80.Басқалар түсінбейтіндей жылдам сөйлейтін кездеріңіз болады ма?

81.Ұйқыңыз қанбаса жұмысты сапалы істей аласыз ба?

82.Ұзақ уақыт үзілізсіз жұмыс істей аласыз ба

83.Бас немесе тіс ауыруы мазалағанда жұмыс істей аласыз ба?

84.Басқалар сізді күтіп,көңіл көтеріп отырғанын біле тұрып жұмысыңызды алаңдамай бітіре аласыз ба?

85.Төтенше сұрақтарға тез жауап бере аласыз ба?

86.Тез сөйлейсіз бе?

87.Қонақ келетін болса өз жұмысыңызды саспай орындайсыз ба?

88.Сенімді дәлелдер әсерімен өз пікіріңізді өзгертуіңіз жеңіл ме?

89.Шыдамдысыз ба?

90.Өзіңізден жай қимылдайтындардың темпіне икемделе аласыз ба?

91.Өз уақтыңызды ұйымдастырғанда,бірнеше бір-бірімен үйлесімді жұмыстар орындау орындауға шамаңыз келеді ме?

92.Көңілді компанияда қобалжығаныңыз басылады ма?

93.Бірнеше жұмыстарды қиналмастан бір уақытта орындайсыз ба?

94.Көшеде болған қайғылы уақиғаның куәсі болсаңыз,өмірге деген сеніміңіз сақталады ма?

95.Нақты қимылды талап ететін жұмыстарды ұнатасыз ба?

96.Жақын адамдарыңыз істі болғанда салқын қандылық көрсетесіз бе?

97.Қиын жағдайларда өзіңізге сенесіз бе?

98.Бейтаныс топтың арасында,үлкен топтың ішінде өзіңізді еркін сезінесіз бе?

99.Қажет болса сөзіңізді бірден тоқтата аласыз ба (жиналыс,кино,спектакль басталғанда)

100.Басқалардың жұмысты атқару ережесіне икемделуіңіз оңай ма?

101.Іс-әрекет түрлерін өзгертуге құмарсыз ба?

102.Төтенше жағдайда басқалардың әрекетін басқаруды мойныңызға аласыз ба?

103.Жағдай көтермейтін кезде күлкіңізді баса аласыз ба?

104.Жұмысқа бірден кірісіп кетесіз бе?

105.Келіспейтін нәрсеңізге қарсы сөз айтасыз ба?

106.Уақытша депрессияға бөленбеуге шамаңыз келеді ме?

107.Ақыл ой қызметінен қатты шаршағаннан соң күндегідей ұйықтайсыз ба?

108.Ұзақ уақыт,ішкі кернеу қыспай,күте аласыз ба (мысалы:кезекті)

109.Нәтижесі сәтсіз болатынын білсеңіз оған араласпай тұрасыз ба?

110.Тартыс талас кезінде саспастан дәлел іздейсіз бе?

111.Күтпеген жерде өзгерістер туғанда дұрыс шешімін таба аласыз ба?

112.Сізге өтініш жасағанда тыныштық сақтайсыз ба?

113,Сізге өтініш жасамай ақ медициналық процедуралардан өтесіз бе?

114.Бар күшіңізді салып жұмыс істеуге даярсыз ба?

115.Демалыс өткізу,көңіл көтеру жайыңызды ауыстырып тұрасыз ба?

116.Жаңа күн тәртібіне үйрену сізге оңай ма?

117.Төтенше жағдайларда басқаларға көмек көрсетуге асығасыз ба?

118.Спорт жастарын,цирк өнерін тамашалаған кезде өз әсеріңізді ерекше дыбыстар мен қимыл әрекеттер арқылы білдіресізбе?

119.Көпшілікпен сөйлесуді талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?

120.Өзіңіз бет әлпетіңіздің көрінісін қадағалайсыз ба?

121.Дене күшін талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?

122.Өзіңізді ержүрек адам деп есептейсіз бе?

123.Күтпеген жағдайда дауысыңыз өзгереді ме?

124.Сәтсіздікке кездескенде барлығын тастай салмауға шамаңыз келеді ме?

125.Сізге өтініш жасаса ұзақ уақыт тыныш отыра аласыз ба?

126.Егер күлкіңіз біреудің намысына тиетін болса,өзіңізді ұстай аласыз ба?

127.Тұнжыраған көңіл күйіңіздің жарқын жүзге айналуы оңай ма?

128.Сізді күйгелектендіру оңай ма?

129.Қоршаған ортаның салт-дәстүрін орындау сізге оңай ма?

130.Көпшіліктің алдына шығуды ұнатасыз ба?

131.Жұмысқа ұзақ даярлықсыз кірісіп кетесіз бе?

132.Өз өміріңізді тәуекелге тігіп,басқаларды құтқаруға барасыз ба?

133.Қимыл-әрекеттеріңіз ширақ па?

134.Жауапкершілікті талап ететін жұмысты ынталанып мойныңызға аласыз ба?

Балалар агрессиясы мен акцентуациясын зерттеу.

 

Балалар агрессиясы мен акценттуациясы бірнеше түрде көрініс береді. Акцентуацияның пайда болуына себебін тигізетін жағдайлар жеткіншектер мен ересектер арасында кездесетін тартыс-таластар. Олар ересек адамның жеткіншектерге әлі бала деп қарайтын көзқарасының сақталуы, өз мәселелерін өз бетімен шешуге үлкендердің мүмкіншілік бермеуі, жолдастарымен қарым –қатынас жасауға себепсіз тыйым салуы т.б. Жеткіншек өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен үлкендердің балаға деп қойған талабы олардың арасындағы қарыс-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болып, акцентуацияның агрессияның әр түріне әкеліп соғуы мүмкін. Олар баланың қырсық мінез көрсетуі, үлкендердің талабына қарсы шығуы, дөрекілік көрсетуі арқылы белгі береді.

Психологиялық қызымет көрсету барысында балалардың мінез-құлығында осы ауытқулардың орын алуын қарсы алдын-алудың (профилактикалық жұмыс жүргізуі) маңызы үлкен. Бұл мәселені зерттеу үшін акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бұл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификация бар. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі түрлерге бөледі:

 

Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі – көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүреді, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөлінеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.

Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым –қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты – жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтанғанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, ұзақ уақыт шат болып жүреді. Махаббатта қатты ренжігіш, бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.

Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабыр-шу шығаратын ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды. Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін-өзі қатал бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Патологияда – эпилептикалық психопатия.

Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншіктер – тынымсыздықтың өте жоғары сатысындаға меланхоликтер. өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөлініп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз қабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.

Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мерзімге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатігездік көрсетіп, ашуланған адамын үрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.

 

Тұрақсыз тип (қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсифті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда – эпилептоидты психопатия.

 

Астено – невротикалық тип. Көңіл-күй айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.

 

Демонстративтік тип. Эгоцентризімі шексіз, өзіне көпшіліктің көңілін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөлініп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассациалдық әрекеттерімен көзге түседі. Патологияда – истериялық психопатия.

 

Циклоидық тип(тұйықталып қалушылық). Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезінде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бұл түр көрініс бергендер майда-шұйде сәтсіздіктерге көп көңіл бөлетін.

 

Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетуге жақын, экзальтацияға, аффектіге бөлінуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект жағдайында болады. Агрессия көрсетуі мүмкін. Патологияда – пароноялды психопат.

 

 

Жеткіншектерде кездесетін акцентуацияны және мазасыздануды көптеген түрлерге бөліп қарастырады. Оның түрлерін нақты анықтау үшін Шмишек, Басса-Дарки т.б. әдіс-тәсілдері қолданылады. Олардың бірнешеуі төменде берілген.

 

Жеткіншектер акцентуациясын анықтау.(Шмишек тесті)

 

Мақсаты: Акцентуация көрініс беруін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.

Бұл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонградтың бұл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестен жасаған.

Тест нәтижесін талдау.

Сұрақтар соңында жақшада берілген нөмірлер акцентуация типін көрсетеді.Әр нөмір бойынша жиналған оң жауаптар санын кестеде көрсетілген коээфициентке көбейту арқылы акцентуацияның сол түрі орын алғанын білдіреді.Талдау жоғарыда берілген акцентуация түрлерінің мінездемесі бойынша жүргізіледі.

 

Шкала №   Акцентуация типі Жиналған ұпайлар Коэффициент Акцентуация көрсеткіші
                    Гипертимді   Лабильді   Сенсетивтік   Шизоидтық   Эпилептоидтық   Тұрақсыз   Астене-невротик   Демонстративтік   Циклоидтық   Афффектті-экзальтациялық.      
             

 

 

Жеткіншектер акцентуациясын анықтау.(Шмишек тесті)

 

Орындау ережесі. Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолына беріледі, оларда номері, оның тұсында (+) немесе (-) деген белгілер қойылған болады. Зерттелінуші таңдапалған жауап вариантына сәйкес белгі қойып отырады.

Сауалнама және жауаптарды бағалау кілті.

  1. Сен, әдетте, байсалды және көңілдісің бе? (1)
  2. Сен тез ашуланып, әбіржейсің бе? (7)
  3. Жылауың оңай ма? (6)
  4. Жұмысымда қате жоқпа,деп бірнеше рет тексересіңбе (-2)
  5. Сен, өзіңнің сыныптастарыңдай күштісің бе?(-2)
  6. Сенің көңіл-күйің қуаныштан қобалжуға және керісінше тез өзгереді ме?(9)
  7. Сен ойын барысында жетекші болуды ұнатасың ба?(8)
  8. Себепсіз ашуланып жүретін күндерің болды ма?(5)
  9. Мұғалімнің берген тапсырмасын әрдайым адалдықпен орындауға тырысасың ба?(7)
  10. Жаңа ойынды ойыңнан шығара аласың ба?(1)
  11. Біреуді ренжітіп қойғаныңды тез ұмытасың ба?(-7)
  12. Өзіңді мейірімді, басқаларды аяйтын деп ойлайсың ба?(6)
  13. Пошта жәшігіне хат салғанда, ол бір жеріне ілініп қалды ма, деп тексересің бе?(4)

14.Мектепте, спорт секциясында, үйірмеде озық болуға тырысасың ба?(8)

15.Кішкентай кезіңде иттен, найзағайдан қорқатын ба едің?(2)

16.Балалар сені өте ынталы және ұқыпты деп санайды ма?(2)

17.Көңіл-күйің мектептегі және үйдегі жағдайларға байланысты ма?(9)

18.Таныстарыңның көпшілігі сені жақсы көреді деп айтуға болады ма?(8)

19.Ішіңнен қобалжып жүретін уақытың болды ма?(5)

20.Әдетте мүңданып жүресің бе?(3)

21.Қайғыны бастан кешкенде өкіріп жыладың ба?(10)

22.Бір орында ұзақ отыру саған қиын ба?(1)

23.Саған әділетсіздік жасағанда өз құқығыңды қорғайсың ба?(7)

24.Мысықты рогаткамен атқан күнің болды ма?(6)

25.Дастархан немесе перде қисайып тұрса сенің жының келеді ме?(4)

26.Кішкентай кезіңде үйде бір өзің қалуға қорқатын ба едің? (2)

27.Ешқандай себепсіз қуанышқа немесе уайымға бөленесің бе?(9)

28.Сыныпта ең жақсы оқушысың ба?(8)

29.Көңіл көтеріп есерленетін кез жиі болды ма?(-3)

30.Ашулануың оңай ма?(5)

31.Кейде өзіңді бақытты сезінесің бе?(10)

32.Басқалардың көңілін көтере аласың ба?(1)

33.Біреу туралы өз ойыңды ашық айта аласың ба?(7)

34.Қаннан қорқасың ба?(6)

35.Мектеп тапсырмасын шын көңілмен орындайсың ба?(4)

36.Әділетсіздіктің құрбаны болғандарды қорғайсың ба?(4)

37.Қараңғы, бос бөлмеге кіруге қорқасың ба?(2)

38.Жылдамдық пен нақтылықты талап ететін жұмысқа қарағанда жай немесе нақты емес жұмысты көбірек ұнатасың ба? (2)

39. Адамдармен танысу саған оңай ма? (9)

40.Ертеңгілік пен кештерде өнер көрсетуге құмарсың ба? (8)

41.Үйіңнен қашып кеткен уақытың болды ма? (5)

42.Балалармен, мұғалімдермен ұрысып қалып, мектепке бара алмай жүрген кез болды ма? (3)

43.Өмір сүру қиын ба? (3)

44.Сәтсіздікке ұшырағанда өз-өзіңді мазақтап күлесің бе? (1)

45.Ұрысып қалғанда, өзің кінәлі болмасаң, татуласуға әрекет жасайсың ба? (-7)

46.жануарлардың жақсы көресің бе? (6)

47.Үйден шығып кеткеннен соң, бір оқиға болмасын деп, тексеруге қайтып ораласың ба? (4)

48.Кейде өзіңнің немесе туысқандарыңның басына бір қауіп төнгендей болып сезінесің бе? (2)

49.Көңіл-күйің ауа райына байланысты ма? (9)

50.Сұрақтарды біле тұрып жауап беруге қиналасың ба? (8)

51.Біреуге ашулансаң төбелесесің бе? (5)

52.Балалармен бірге болу ұнай ма? (3)

53.Бірнәрсе қолыңнан келмесе оны үйренуден үміт үзесің бе? (10)

54.Істерді,ойынды ұйымдастыру қолыңнан келеме?(1)

55.Қиындықтар кездескеніне қарамастан мақсатыңа жетуге әрекет жасайсыңба? (7)

56.Кино көргенде,кітап оқығанда жылайсың ба?(6)

57.Міндеттеріңді орындауға қиналасың ба? (4)

58.Тапсырманы көшіріп алуға бересің бе? (-7)

59.Түнде қараңғы көшемен жүруге қорқасың ба? (2)

60.Барлық заттар өз орнында болуын қадағалайсың ба? (4)

61.Жатарда көңіл күйің,ал тұрғанда –тұнжыраған болған ба?(9)

62.Бейтаныс балалар арасында өзіңді еркін сезінесің бе?(8)

63.Басың ауырады ма?(5)

64.Жиі күлесің бе?(-3)

65.Егер біреуді ерекше силайтын болсаң,оны білдірмей жүре аласың ба?(8)

66.Бір күннің ішінде әр түрлі жұмыс жасай аласың ба?(1)

67.Әділетсіздікке жиі кездесесің бе?(7)

68.Табиғатты жақсы көресің бе? (6)

69.Үйден кетерде,ұйқыға жатарда есікті,электр тетіктерін тексересің бе?(4)

70.Өзіңді қорқақпын деп санайсың ба?(2)

71.Мерекелік дастархан басында көңіл күйің өзгереді ме?(9)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: