Ші субтест «Орнын табу» 7 страница

Студенттерге және үлкендерге арналған психодиагностикалық тесттер

 

Мотивацияны әзіл-сықақты түсіне білуді бағалау арқылы диагностикалау

(тест юмористических фраз ТЮФ)

 

А.Г.Шмелева мен В.С.Бабина жасаған әдістеме көмегімен адамның мотивациялық сферасын диагностикалауға болады. Бұл тестте 100 әзіл-сықақ келтірілген. Олардың көмегімен адамның бейсаналы деңгейде келесі тақырыптардағы мәселелерге сезімталдылығы бағаланады.

1. Агрессия - өзін қорғау.

2. Жыныс аралық қатынастар.

3. Жаман әдеттер.

4. Ақша.

5. Мода

6. Лауазымдық армандары.

7. Жанұялық келіспеушіліктер.

8. Әлеуметтік проблемалар.

9. Шығармашылықтың жоқтығы.

10. Зердесіздік (нақұрыстық).

Нәтижесін талдау

Әр тақырып бойынша белгіленген әзіл-сықақтар бір балл деп саналады. 10 және одан жоғары балл – сол көрсеткіш мотивациялық сферада жетекші роль атқаратындығы, ал одан төмен балл жинаған тақырыптар қосалқы мотивацияны көрсетеді. Жиналған баллдарды санына байланысты реттеу арқылы олардың жеке тұлға құрылымындағы рангтік орнын анықтауға болады.

 

Орындау ережесі: Төмендегі әзіл-сықақтардың ішінен қайсысы жоғарыда көрсетілген сфераның қайсысына жататынын белгілеп шығу керек. Қайсы тақырыпқа жатқызған тұжырымдама көп жиналса, сол сфераға зерттелінушінің жақын екенін байқатады.

 

Тапсырмадағы әзіл-сықақтар

1. Жазушының қолында қауырсын болғанымен, оның қанаты болмады.

2. Қанша алысырақ секіргің келсе, сонша төменірек еңкейуің керек.

3. Бақыт ақшада емес, оның санында.

4. Моданың байбаламы басқа тілде болғаны түсініктірек.

5. Әйелсіз күн көру мүмкін емес, әсіресе қараңғы уақытта.

6. Адамның жанын түсіну үшін оны алу керек.

7. Ақымақ өзін-өзі жетілдіре келе елірме болады.

8. Кіммен жүрсең, соны алу керек.

9. Байлығың неде екенін айтсаң, қандай қызмет атқаратыныңды айтып беремін.

10. Қақтығыстың басталуы күйеуінен, ал оның дыбыстық қоштауы әйелінен болады.

11. Еңбек пен шыдамдылық барлық қиындықты жеңуге мұрындық болады.

12. Табиғаттағы барлық нәрсе бір-бірімен байланысты, сондықтан байланыссыз өмір сүру өте қиын.

13. Бөтелкеден басқа ешнәрсені алқымынан алған емес.

14. Суретші теңіздегі шайқалысты жақсы көрсеткені сонша, оның салған суретіне қарағанда жүрегің айниды.

15. Өте тыныш Варфоломей түні.

16. Інжір (фига ағашы) жапырағы да сарғайып төгіледі.

17. Киім-кешек! Ол менің әлемдік компасым, табыс – батылдығым үшін марапат.

18. Тиының болмаса, тамшы да болмайды.

19. Лауазымдық орынға ие болу кезінде жердің тартылыс күшін ерекше сезінесің.

20. Құрметті классик ерекше көрініске таң қалды: өз шығармасының экрандық қойылымына.

21. Қызметтік жолым жақсы болды деп есептесең - әлі мансапқор емессің.

22. Ой-өрісінің шалықтауына ұшуға қолайсыз ауа райы кедергі болды.

23. Алкоголиктер қатарына қосыла алды.

24. Қарт жендеттің жас шәкіртіне өсиеті: «жеті рет өлшеп, бір рет кес».

25. Өмірден модаға енгеннің барлығын алды.

26. Ақшаның арамзалығы санына байланысты азаяды.

27. Менің сізден зеріккенімнен сізбен бірге ұйықтағым келеді.

28. Оның басына келген ой ешкімді таба алмай қайтып қатты.

29. Екі бәленің біреуін қалау керек болса, екеуін де ала бер, өйткені ол да болмай қалуы мүмкін.

30. Ол күйеуіне газдалған судай пышылдады.

31. Мен жүз граммнан артық ішпеймін, бірақ оны ішкеннен соң өзгеріп кетемін де, бәрін басынан бастаймын.

32. Бұл гранатадан қорықпаңыз, өйткені ол қолға үйретілген (қолға икемделінген).

33. Бала - өмір гүлі. Оны баптамасаң, жабайыға айналады.

34. «Тек қана нанменен адам адам болмайды», - деп айқай шығарды ет кезегінде тұрғандар.

35. Қанша тамаша ойлар ми қатпарларында тозады.

36. Оның жалғыз ер жігіттік қасиеті – сыпайылығы.

37. Күніне 20 кг.макулатура тапсыратын Е.Сазанов: «Жазушы еңбегі өте ауыр» деген тұжырымдама жасады.

38. Модамен қатарласып жүргенде, оның бұрылып кеткенінен көз жазып қалма.

39. «Ақша деген ақша!» бұл тұжырымның мағынасы терең, ал үтірі жоқ.

40. Қабілеттілік – жақсылық нысаны, атақ одан да артық.

41. Ақын тауға өрлеуде, бірақ ол Парнас емес еді.

42. Мода стрептизі: макси, миди, мини, жалаңаш король.

43. Моданы қуалауға әмианның (кошелек) ауырлығы қуат береді.

44. Дездемона: «қылқындырғаны – жақсы көргені»

45. Біздей ақыл-парасаттыларды іздей беріп, айықтырғыштан бірақ шықты.

46. Өмірде өз орныңды тауып алсаң, әйеліңді де тап.

47. Кассалық көзқараста болды.

48. Банкетті 2-3 сағат бұрын өткізгендердің қорғауы сәттірек өтеді.

49. Жаратушы әйелдерге ер адамдарды жақсы көрсету үшін олардың ақылын келте қайырған.

50. Неге шектеусіздердің мүмкіндіктері де шектеусіз?

51. Келіспей қалғанда олар бір-біріне орындықтарды лақтыратын: одан жанұяда жиһаздарда бұзылғанжоқ. Олар мықты еді.

52. Егер ақылды адам тауға өрмелесе, одан түсетін табыс мол болғаны.

53. «Менде сеннен басқа дым қалмады» - деді ол әйелінің айлық алуына 2 күн қалғанда.

54. Ақымақтар адам болуға қарай домаламайды, оларды басқалар домалатып әкеледі.

55. Қасап өз байлығын басқалардың қанынан тұрғызады.

56. Оның басы түлкі тымағымен қоса ештемеге тұрмайды.

57. «Ішкіліктің денсаулыққа зияны мол» деді. Юдиф армия қолбасшысы Олефернді мастандырып ұйықтатып, басын шауып алғаннан соң.

58. «Пегасқа» да кейде бассыздар мініп жүреді.

59. Көңіл-күйі шат болғанда ғана күйеуінің айлығын ақша деп санады.

60. Шайға алатындар тек коньяк ішеді.

61. «Таңғажайып нәрсе - уда» деді Сальери.

62. Корольдің моданы сақтамағаны уәзірлеріне мода болады.

63. Заттарға мастықпен қарау оларсыз өмір сүруге әкеледі.

64. Бастықтың әйелі - әйелінің бастығынан жақсы.

65. Егер әйел ақылды болса біліктіліктің жемісін жейсің, әйелің ақымақ болса - өмірдің жемісін жейсің.

66. Сатушының жасырғанының барлығын бастығы сипап көреді.

67. Ол қара-буыр түлкі туралы сөз көтергенде күйеуі қасқырша ұлиды.

68. Өзінің айлығына достарының да табысын қоса жұмсайды.

69. Мансаптық жолмен жүруге мини юбка ыңғайлы.

70. Музалар үндемеген кезде ақындардың әйелдері сөйлейді.

71. Ақша сатылмайтын нәрсе өте қымбатқа түседі.

72. Әйелдің қасында күйеуі болғаны жақсы, егер ол өзгенікі болса одан да жақсы.

73. Шығармадағылардың сонша ішкені, одан спирт жасауға болар еді.

74. Табысты орынға ие болғысы келеді.

75. Айықтырушының жанынан ана мен бала бөлмесі ашылды.

76. Бұл асханада тек жалмауызыңның басын қайырып қоймайсың.

77. Арақ ішіп отырған кезінде әйел адамды көрсе басы айналып кететін.

78. Моданың соңғы сөзі жасырын саудамен келетін.

79. Егер ойлана берсең неге өмір сүресің?

80. Лауазымдық сатымен тез көтерілді: бір «қолы» осы жерде, екіншісі – жоғарыда.

81. Бас сүйек формасына деген мода оған көпке тұрды.

82. Шығармашылық қанша өнімді болса, тоңазытқышқа қажеттілік сонша болады.

83. Басын қатырамын деп мойнын сындырды.

84. «Мен бұл жерде болашақ үшін еңбек етемін» деді ол диванды көрсетіп.

85. Шаблонның дүниежүзілік тарту күші.

86. Отеллоға ең ұнамайтын мода – декольте.

87. Интеллигенттер отырған жерінде өледі.

88. Қойлар өмір сүруді біледі. Олардың өліксесінің өзі қаракөл болады.

89. Неше дантистердің әлі аты шыққан жоқ.

90. Ұмытылған ақын үмітін шарапқа артты.

91. Есеппен үйленуге мүмкіншілігі болмағандар сүйгеніне қосылады.

92. Модельер әйелдерді киіндіруі керек. Ал олар шешіндіреді.

93. Адамдардың да күзі болады.

94. Пайдасы бар болса Оттеллоның рөлі де шынайыға ұқсас орындалады.

95. Әйелдерге қызығушылық еріккендікпен байланысты болмауы керек.

96. Артық пайдаланудың алдында сапырма.

97. Егер әйелің моданы қудаламаса, оны қудалаудың қажеті жоқ.

98. Барлық топтар ұлы емес.

99. Формасы қанша жарамды болса, мағынасы сонша мәнсіз.

100.Графемания – жан дүниенің немесе жанұяның қажеттілігінен туады.

 

 

Бақылаудың жинақтылығын бағалау тесті (Локус контролы)

 

Субъективтік локус контролы анықтау тестін жасағандар С.Р.Пантеллева мен В.В.Столин. Нәтижесін талдау

Жауаптарды келесі кілтке сай бағалап шығу керек.

1- шкала –Интерналдықтың көорсеткіші: 2б,3а,4а,5б,6а,7б,8б,10б,11а,12а,13а,14а,16а, 1 7б,18 б,19б, 20б.22б,23б,24б,25б,27 а,2 8б, 29 а, 31а,32б.

2-шкала Экстерналдықтың көрсеткіші: 2а,3б,4б,5а,6б, а,10а,11б,12б,13б,14б,16б,

17 а,18а,19а,20а,22а,23а,24б,25а,27 б,28 а,29б,31б,32а.

Бүркемелі сұрақтар:1, 9,15,21,26,30.

Тапсырма бойынша зертелінушінің таңдаулары екі шкала бойынша бағаланады.Тесттегі 26 тапсырманы орындау нәтижесі 27 шкаламен бағаланады (0 ден 26 ға дейін). 1- шкала бойынша жинағаны 27 баллға қанша жақын болса,сонша интерналдық көрсеткіші жоғары болғаны, 0 баллға жақын болғаны –экстерналдықтың жоғары болғанын білдіреді.

2- шкала бойынша есептегенде интерналдық пен экстреналдық көрсеткіштері керісінше бағаланып анықталады.Осы екі шкала бойынша бағалардың орта көрсеткіші зерттелінушінің локус бағалауын көрсетеді.

 

 

Орындау ережесі. Тест тапсырмалары таңдауды талап ететін қарама-қарсы мағынадағы екі тұжырымнан тұратын 32 пунктен тұрады. Әр жұптағы айтылған пікірлердің ішінен сіздің пікіріңізге жақынырақ келетін біреуін таңдап алып, оның әріптік белгісін жауап параққа жазу керек.

Тапсырмалар

1.а) тәрбиедегі жіберілген қателіктер ата-аналардың ерекше қаталдық көрсеткеніне байланысты орын алады.

б) балалардың бетімен кеткендігі олардың ата-аналарының қатал болмастан, жүгенді бос жібергендігінен.

2.а) адамдардың өмірінде бақытсыздыққа ұшырауы оның жолы болмауымен байланысты.

б) адамның жолы болмағаны – оның өз қателерінің нәтижесі.

3.а) қызмет көрсету сферасындағы кемістіктер біздің ол кемістіктермен күреспейтіндігімізден.

б) жақын арада қызмет көрсету жүйесін жөнге келтіру мүмкін емес.

4.а)адамдардың абыройлы болуы олардың қажырлы еңбегіне байланысты.

б)адамдар қанша еңбек етсе де, оның жетістіктері бағаланбастан, аяқ асты болап қалады.

5.а) студентік өмірдің үйлесімді болуы оның факультет басшылармен тіл табысуына байланысты:

б) барлық жұмысты сапалы орындаған студент ешқандай қиындықтарға жолықпайды.

6.а) студенттердің, оқытушылар мені қудалады, деп шағым айтуына негіз болатын себеп өте сирек кездеседі.

б) студенттің алатын бағасы кездейсоқ жағдайға байланысты екенін олардың көбісі түсінбейді.

7.а) жолы болмаған адамның өмірде үлкен табысқа жетуі мүмкін емес

б) қабілетті адамның өмірде табысты бола алмағаны оның өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмағандығынан

8.а) Сіз сонша әуре болсаңыз да бәрібір кейбіреулерге ұнай алмайсыз

б) өзгелерге ұнамды бола алмағандар олармен тіл табыса алмағандар.

9.а) Жеке тұлғаның барлық қасиеттері тұқым қуалаушылықпен байланысты

б) адамның барлық қасиеттері оның өмір жолымен байланысты.

10.а) өз өмір тәжірибемнен жасаған тұжырымдамам: өмірде болатын нәрселер міндетті түрде орын алады.

б) табысты болу жолын өмірдің өзі көрсетеді деп күткеннен гөрі оны іс-әрекеттерді орындау туралы шешім қабылдаған артық.

11.а) барлық сабақтарға дайындалатын студенттің әділетсіз баға алуы сирек кездесетін жағдай

б) емтихан лотерияның бір түрі,сондықтан күнделікті сабаққа дайындалу уақытыңды босқа жіберу.

12.а) ерінбей еңбек еткен табысты болады,олжаның табысқа қосатын үлесі аз

б) табысты болу үшін қажетті жерде дер кезінде болу керек.

13.а) студент өз пікірін дәлелдеп берсе,ол міндетті түрде ескеріледі.

б) деканаттың шешіміне студенттер ешқандай әсер ете алмайды.

14.а) мен не жоспарласам да орындайтыныма сенімдімін

б) болашақ істеріңді ешқандай жоспарлаудың қажеті жоқ, өйткені барлығы кездейсоқ жағдайға байланысты.

15.а) кейбіреулердің бойында ешқандай жақсы қасиет жоқ

б) әр адамның өзіне тән оң қасиеттері бар

16.а) егер мен бір нәрсені орындаймын деп шешім қабылдасам, ешқандай сыртқы жағдайға қарамастан оны орындаймын.

б) теңге тастап, ол алшы түссе ғана шешім қабылдаймын

17.а) жолы болған адам ғана басшы болады

б) басшылық қызметті атқару үшін басқаларды жұмысқа жұмылдыра алатын қабілет болу керек.

18.а) әлемде болып жатқан оқиғалар бізге бағынбайтын күшке байланысты жүреді.

б) саяси және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысандар әлемде болып жатқан оқиғаларды реттей алады.

19.а) жатақханадағылар зерігіп жүрсе «студком» ештеме істемей жүргені.

б) жатақханадағы өмірді қызықты етіп үйымдастыру сонда тұратындардың қолында

20.а) адамның өмірінде не болатынын кездейсоқ жағдайға байланысты екеніне көпшілік онша сенбейді

б) жолы болу деген шынайылыққа сыймайтын нәрсе.

21.а) кейде жаңылуға адамның құқығы бар

б) қателескенде оны «бүркемелеп» жасырған дұрыс

22.а) кейбіреулер неге мені ұнататынын түсінуім қиын

б) достарыңның көптігі өзіңнің қандай адам екеніңе байланысты

23.а) біздің өміріміздегі сәтсіздіктер олжалы болған сәттермен тепе-теңдікке келіп тұрады.

б) өмірде бақытсыз болу – қабілетсіздік, надандық және жалқаулықтың салдары.

24.а) магистрант –бұрынғы ұқыпты еңбекқор студент

б) магистратураға түсу үшін біреу қолдау көрсетуі керек

25.а) кейде оқытушының қойған бағасы неге байланысты екенін түсіне алмаймын

б) алған бағам өзімнің еңбегіме тікелей байланысты

26.а) жақсы жетекші топтағылардың не істейтінін өздері біледі деп есептейді

б) жақсы жетекші топтағылардың әрқайсысы не істейтінін өзі анықтап береді.

27.а) қазір өз еркіммен еңбек етіп болашақта ғылымда табысты болуымды қамтамасыз етемін

б) ғылымдағы көптеген жаңалықтар – кенеттен нұр жауғанының нәтижесі.

28. а) менімен болып жатқан оқиғаларды реттеуге ешқандай әсер ете алмайтынымды жиі сезінемін

б) жолым болуы, немесе олжаға жолығу менің өмірімде белгілі рөл атқаратынына сенбеймін

29.а) жалғыздық адамның басқаларға адал ниетін білдіргісі келмегенінен

б) басқаларға ұнамды болу үшін арнайы әрекет жасаудың қажеті жоқ, ұнататындар онсыз да ұнатады.

30.а) жоғары оқу орнында дене тәрбиесіне көп көңіл бөлудің ешқандай қажеті жоқ

б) дене тәрбиесі- мінез бен ерікті шынықтырудың ең тиімді жолы

31.а) менімен болған оқиғалардың барлығы өзімнің қылықтарымның нәтижесі

б) кейде маған менің өмірім өз ағымыменжүріп жатқан сияқты көрінеді.

32.а) қатардағы студентке деканаттың шешімдері немен байланысты қабылданып жатқанын түсіну қиын

б) деканаттың қатал шаралар қолданғанына студенттердің өздері кінәлі.

 

 

Оптимизмді бағалау тесті.

Мақсаты: «оптимизм- пессимизм» көрсеткіші бағаланып бұл қасиеттің көрініс беруін анықтау

 

Жауап варианттары Тапсырмалардың реттік нөмірі
                   
А Б В Г                      
Жауап варианттары Тапсырмалардың реттік нөмірі
                   
А Б В Г Д                    

 

 

Бағалау шкаласы

Келесі кестедегі кілтке сай келген жауаптарды бағалау баллдар жауап белгісінің тұсында көрсетілген.

Барлық жауаптар бойынша жинаған баллдардың қосындысы шығарылып жалпы көрсеткіші анықталады.

Нәтижесін баллдар санына қарай, «оптимизм- пессимизм» көрсеткіші бағаланып бұл қасиеттің көрініс беруі келесі шкала бойынша сипатталады.

 

91-100 балл – оптимизм көрсеткіші ешнәрсемен аяқталмайтындай өте жоғары, тіптен жеңілдікпен шекаралас жағдайда көрініс береді

76 - 90 балл – оптимизм көрсеткіші кішкене жоғарылау, нормада деп қарастыруға болады, дегенмен кейде өзінің жіберген қателерін түсініп, оны жөндеу немесе жағдайдан шығу жолын табуға кедергі жасайды

61- 75 балл – оптимизмі нормада, барлық әлеуметтік жағдайларда жоғары парасаттылық көрсетеді

48 -60 балл – ғылымға көзқарасты жоғары парасаттылықпен,кейде пессимистік білдіреді

36- 47 балл – көбінесе оптимизімінен пессимизімі басым келеді

24-35 балл – ешнәрсеге негізделмеген пессимизмі өте жоғары

 

 

Орындау ережесі: Төменде берілген 20 тапсырманың әрқайсысымен танысып оларға а). б).в). г). әріптерімен белгіленіп берілген жауап пікірлер варианттарының біреуін таңдап алыңыз.

1. Сіздің түстеріңіз а) драматикалық

б) елес тәрізді түсініксіз

в) жағымды

г) көбінесе эротикалық

2. Таңертең,ұйқыдан оянысымен мені билейтін ой: а) ауа райының қандай болатыны туралы б) жақсы көретін жұмыс туралы

в) жаман көретін, бірақ орындау керек жұмыс туралы

г) өзім ұнататын адамым туралы.

3. Таңертеңгі асты қалай қабылдайсыз:

а) біраз уақытты дастарханды жақсылап даярлаумен өткіземін

б) таңертеңгі ас кезінде ұйқымның қанбағанын айтып отырамын

в) таңертеңгі ас кезінде отбасындағылармен әңгімелескенді ұнатамын

г) жұмысқа кешігіп қалмайын деп таңертеңгі асты асығыс ішемін

4. Газет оқығанда қандай мәселелерге ерекше көңіл аударасыз?

а) саяси және экономикалық мәселелерге

б) спорт туралы хабарларға

в) мәдениет туралы жаңалықтарға

г) барлық хабарлармен танысуға

5. Табиғат апаттары, жанжалдар мен қылмыстық оқиғалар туралы мәліметтерді оқығанда: а) оның маған ешқандай қатысы жоқ,деп көңіл аудармаймын

б) менің басыма сондай күн тумаса екен, деп уайымдаймын

в) әділеттік сақтау орындары мен қауіпсіздік сақтау орындары қайта қарап отыр деп әбіржимін

г) барлық нәрсенің өз орны бар, деп қабылдаймын

6. Бір адаммен жаңадан танысқанда: а) оған күдіктенбей сенемін

б) өзі менімен сөйлескенін күтемін

в) оның барлық қылықтарына зейін салып бақылаймын.

г) онша қызықпастан сырттай бақылаймын

7. Автобуста, немесе басқа көпшілік орында біреу тесіліп қарап отырса:

а) менің бір жерімде кемістік барма деп қымсына бастаймын

б) мен өзімді ыңғайсыз сезінемін

в) айна немесе басқа бейнелейтін заттардағы өзімнің бейнеме қараймын

г) оған ешқандай мән бермеймін

8. Егер танымайтын қалада өзіңізге керек мекенжайды іздеп жүрсеңіз:

а) таксиге отырып іздеймін

б) таныстардан сұрастырып аламын

в) өзім тауып алуға тырысамын

г) іздегенімді таба алмай қаламын деп күмәнданамын

9. Жұмыс күнімді бастағандағы ойым:а) табысты болуыма сенімдімін

б) жұмыс күні ертерек бітсе екен

в) әріптестермен кездесіп, оларды уақытымды жақсы өткіземін

г) жұмыста көптеген проблемалар мен қолайсыз жағдайлар болмаса екен деген ойға бөленемін

10. Егер ойыннан ұтылып қалсаңыз: а) сәтсіз күн деп есептеп көңілім бұзылады

б) ұтысқа жеткенше ойынды жалғастыра беремін

в) ойында біреу жеңілу керек деп есептеймін

г) ұтысқа жету жолын іздей бастаймын

11. Дастарханға ерекше дәмді нәрсені аз мөлшерде алып келсе:

а) ешкімге қарамастан барлығын жеп қоямын

б) толып кетемін деп тартыншақтап отырамын

в) бәрін бір өзім жеп қойдым деп қысылсам да одан түк қалдырмаймын

г) асқазаным қорыта алмайды деп тартыншақтаймын

12.Сізге ұнайтын адаммен сөзге келіп қалсаңыз:а) арамызда түсінбеушілік болып қалады ма, деп қорқамын

б) пікірталас қажет болды, деп өзімді жұбатамын

в) жақын арада тіл табысып кетеміз, барлығы ұмытылады.

г) арақатынаста ешқандай кедір-бұдырсыз болмайды деп есептейсіз.

13. Ванна бөлмесіндегі айнадан өзіңіздің фигураңызды көргенде:

а)жақсырақ болғанда болар еді, дегенмен бәрі нормада

б) артық салмақтан тезірек құтылу керек

в) фигурам фигура сияқты

г) тез арада гимнастика бастауды бастау керек

14.Сүйіспеншілік қатынаста қаншалықты ашықсыз: а) сүйіспеншілікке беріліп кетемін

б) серігіме менің сезімімді білдіргенім ұнайды ма екен, деген ойға бөленемін

в) мен өз сезімімді ашық көрсете алмай, жүгендеп ұстауға өзім түсіне алмаған уайым мұрындық болады

г) ешнәрсеге алаң болмастан өзімді-өзім еркін ұстаймын


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: