Ші субтест «Орнын табу» 5 страница

 

Нәтижесін талдау

Нәтижесін талдау үшін төменде берілген кестеге зерттелінушілердің сұрақтарға берген жауаптарының баллдық көрсеткіштері жазылады. Сонан соң әр көрсеткіші бойынша баллдар суммасы есептелінеді.

Өзін бағалуы жоғары зерттелінушілердің ашықтығы, экстраверсиясы жоғары болады. Байсалдылық пен қозғыштығы жоғары болғандардың өзін-өзі бағалау деңгейі орта, ал депрессиялылығы анық байқалатындардың өзін-өзі бағалауы төмен көрсеткішке ие болады.

Екінші кезеңде арманына сай келетін идеалды адам бейнесіне берген бағалары сол ретпен нәтижесін талдау кестесіне түсіріліп талданады.

Зерттеу нәәтижесін талдауға арналған кестелер төмендегі үлгі бойынша жасалады. Әр кестеге сұрақтың номерінің тұсында белгіленген баллдар жазылып олардың суммасы алты көрсеткіштер бойынша шығарылады.

Нәтижесін талдауға арналған кестелер үлгісі

 

Қызбалығы   Агрессивтілігі
18 =.........................балл 19 =.........................балл 23 =.........................балл 41 =.........................балл 42 =.........................балл 55 =.........................балл 61 =.........................балл 67 =.........................балл 74 =.........................балл 83 =.........................балл   8 =.........................балл 9 =.........................балл 24 =.........................балл 37 =.........................балл 44 =.........................балл 48 =.........................балл 65 =.........................балл 68 =.........................балл 78 =.........................балл 89 =.........................балл
Н=қызбалық шкаласы бойынша баллдары   А= агрессивтілік шкаласы бойынша баллдары
     
Ашықтығы   Байсалдылығы
10 =.........................балл 22 =.........................балл 25 =.........................балл 27 =.........................балл 38 =.........................балл 47 =.........................балл 51 =.........................балл 56 =.........................балл 71 =.........................балл 87 =.........................балл   21 =.........................балл 29 =.........................балл 32 =.........................балл 43 =.........................балл 49 =.........................балл 57 =.........................балл 61 =.........................балл 76 =.........................балл 80 =.........................балл 86 =.........................балл
О= ашықтық шкаласы бойынша баллдары   Б = байсалдылық шкаласы бойынша баллдары
     
     
     
     
     
Депрессивтілігі   Қозғыштығы
4 =.........................балл 12 =.........................балл 21 =.........................балл 26 =.........................балл 33 =.........................балл 34 =.........................балл 45 =.........................балл 53 =.........................балл 54 =.........................балл 72 =.........................балл   5 =.........................балл 11 =.........................балл 17 =.........................балл 20 =.........................балл 24 =.........................балл 36 =.........................балл 37 =.........................балл 55 =.........................балл 77 =.........................балл 89 =.........................балл
Д = депрессивтілік шкаласы бойынша баллдары   В = қозғыштық шкаласы бойынша баллдары
     
Экстраверсия-интроверсия   Маскулизм-феминизм
9 =.........................балл 20 =.........................балл 21 =.........................балл 46 =.........................балл 53 =.........................балл 54 =.........................балл 71 =.........................балл 77 =.........................балл 79 =.........................балл 85 =.........................балл   7 =.........................балл 14 =.........................балл 17 =.........................балл 19 =.........................балл 21 =.........................балл 26 =.........................балл 31 =.........................балл 66 =.........................балл 74 =.........................балл 81 =.........................балл
ЭИ = экстраверсия-интроверсия шкаласы бойынша баллдары   МФ = маскулизм-феминизм шкаласы бойынша баллдары

 

Осы көрсеткіштер бойынша жинаған баллдарының ара қатынасын 100 ге көбейту арқылы әр зерттелінушінің өзінің психикалық қасиеттерін бағалауының коэффициенті шығарылады. Өзін бағалаудың деңгейі келесі формуламен есептелінеді:

 

П= Р/

-- - х 100%

И

 

Р- шынайы өзіне тән қасиеттерді бағалау баллдары,

И – армандаған, идеалға сай келетін адамның қасиеттерін бағалаудан жинаған баллдары. Нәтижесі бойынша өзін өзі бағалау деңгейі келесі кестедегідей жоғары, норма, төмен деп деңгейлерге бөлінеді.

  Өзін өзі бағалау деңгейі % көрсеткіші
  Жоғары 56 және одан көп
  Норма 46-55
  Төмен 0-45

 

Тұлғалық дифференциал (ТД) әдістемесі

Бұл әдістеме - өзіне тән ерекшеліктермен сипатталатын Ч.Осгудтың семантикалық дифференциал әдістемесінің модификациясы. Бұл әдістеме көмегімен жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін бағалауға, адам өзін-өзі танып білуге және тұлғааралық қатынас ерекшеліктерін диагностикалауға болады.

Әдістемеде жеке тұлға қасиеттерінің қарама-қарсы көрсеткіштермен бағаланған 21 сипаттамасы берілген. Олардың әрқайсысы негізгі тұлғалық факторлардың біреуімен тікелей корреляциялық қатынаста болады. Олар: Бағалау факторы (Б); Күш-қуат факторы (К); Белсенділік факторы (Ф). Бұл әдістеменің ұтымды жері оны әр түрлі жағдайға икемдеп пайдалана беруге болатындығында. Мысалы, «Әке қандай болуы керек», «Менің мұғалімім мені мынандай адам деп есептейді...» т.с.с. сауалдарға жауапты талдау барысында идеалдық және шынайы бейнелерді бағалаудың айырмашылығын есептеп шығып ТД көрсеткішін анықтауға болады.

Мақсаты: өз-өзін бағалауының қазіргі бейнесі мен болашақ маман ретінде идеалдық тұлғалық қасиеттерін бейнелеуінің бір-біріне сәйкестігін бағалау, өз-өзін тәрбиелеудегі даралық қасиеттерін дамыту бағыттарын анықтау.

Бағалау шкаласы ТД нәтиижесін қорытындылау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде зерттелінушінің өзіне берген бағаларын талдаудан басталады. Әр фактор бойынша (кестенің сол жағындағы «фактор» деген бағанда әріп белгісі берілген) қойылған бағалардың оң және теріс белгімен түскендерінің қосындысы шығарылады. «0» баллдан оң және сол жағында орналасқанына байланысты баллы «+» немесе «-» белгіде болады. Ол белгі сапа көрсеткішінің алдында қойылған. Мысалы, жоғарыда келтірілген «адал» деген көрсеткіштің сапасы «+», ал «арам» деген көрсеткіштің сапасы «-» деп бағаланған. Осы ұстаным бойынша қанша оң балл, қанша теріс балл жинағаны анықталады да, олардың қосындысы сол фактор бойынша жинаған баллдары болады.

1. «Б» бағалау факторы бойынша көрсеткіші жоғары болса ол зерттелінушінің өзін сыйлауының жоғарылығын, өзінің оң бағаланатын қасиеттерге ие екенін, әлеуметтік ортадағы қалыптасқан нормаларды мақұлдағанының белгісі. Бұл фактор бойынша жинаған баллдарының төмендігі өзіне сын көзбен қарайтындығын, өзін қабылдауының төмендігін, өзінің тұлғалық қасиеттеріне көңілі толмайтындығын көрсетеді. Жинаған баллдары өте төмен, «-» белгімен болса ол адамның неврологиялық проблемаға жақын екенінің, өзінің жеке тұлға ретінде құнсыз екеніне сенімі бар болғанының белгісі.

2. «К» күш-қуаты факторы зерттелінушінің ерік күшін көрсетеді. Бұл фактор бойынша жинаған баллдары жоғары болғаны адамның өз күшіне сенімі бар, тәуелсіз, кездескен қиындықтарды өз күшімен жеңуге бағытталғандығын көрсетеді. Бұл фактор бойынша төмен көрсеткіштер өзін қадағалауының төмендігін, өзінің мінез-құлқын сыртқы орта жағдайларына байланысты өзгертіп тұратынын, сол жағдайларға тәуелділігін байқатады. Бағасы өте төмен немесе «-» белгімен болғаны мазасыздануының жоғары екендігінің белгісі.

3. «Ф» белсенділік факторы экстраверсия-интроверсия көрсеткіштерімен байланысты. Бұл фактордың көрсеткіші жоғары болғандар қарым-қатынасқа құмар, ашық-жарқын, тұлғааралық қатынаста белсенділік білдіреді. Көрсеткіші төмендер тұйық, эмоционалдық жағынан тұрақты болады.

Екінші кезеңде идеалды «эталон» ретінде келтірген бейнесіне қойған бағалары әр фактор бойынша бағаланады. Салыстырмалы талдау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:

Негізгі қасиеттерді бағалауы (бірінші кезеңде 3 баллмен бағалаған сапалар);

Қосалқы қасиеттер деп бағаланған сапалар (2 және одан төмен баллмен бағаланғандар);

Реалдық және идеалдық варианттарда бағалардың бір-біріне сай келген сапалар;

«идеалды бейнені» және өзінің «шынайы» бейнесін бағалауының арасындағы айырмашылығы 2 және одан көп болған қасиеттерді анықтау.

Зерттеу нәтижесінде адамның өзін субъективті бағалауы мен эталонның арасындағы айырмашылық анықталады.

Орындау ережесі. Тесті орындау бланкісінде қарама-қарсы мағынадағы сөз жұптары берілген. Осы сөз жұптары көмегімен адамның жеке тұлғалық қасиеттерін бағалап шығуға болады. Сөз жұптарының арасында сандар орналасқан. Қатардағы сандардың ішінен белгілегеніңіз қай сөзге жақын орналасса ол сол қасиеттің тұлғада көрініс беруінің белгісі болады. Мысалы:

 

+ Адал               +Адал емес

 

Осы қатардағы «адал» деген көрсеткішті 3 балмен бағаласаңыз ол бағаңыз сол жақтағы 3 санымен белгіленеді, ал егер «адал емес» деген көрсеткіші басым, бірақ аса асқынып кеткен емес, орта деп бағалайтын болсаңыз оны оң жақтағы 2 деген санды белгілеумен көрсетесіз.

Диагностикалау жұмысы екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде Сіз өзіңіз бағалап отырған адамыңыз (өзіңіз қандай болғыңыз келеді) идеалды бейнеде болса, қандай баға қояр едіңіз, бұл шешімдеріңізді бағалаған сандарды (х) белгімен сызып тастап көрсетіңіз. Ескеретін мәселе, ешкім мінсіз болмайтындығы, сондықтан өзіңіз оң деп бағалаған қасиеттердің барлығын 3 баллмен бағалауға болмайтын шығар.

Екінші кезеңде өзіңіздің қасиеттеріңізді осы сөз жұптармен шынайы бағалаңыз. Ол сандарды шеңбермен қоршап қойыңыз. Бағаларыңыз шынайыға жақын болсын

 

Тестті орындау бланкісі

 

фактор          
Б К Ф Б К Ф Б К Ф Б К Ф Б К Ф Б К Ф Б К Ф + - + - + - + - + - + - + - + - + - + - +   Сүйкімді Күшті Сөзшең Қара ниетті Қырсық Тұйық Ақ көңіл Тәуелді Белсенді Мейірімсіз Батыл Қайратсыз Әділ Босаңсыған Күйгелек Қастандықпен Сенімді Шектеулі Адал Дербес емес Ашушаң               - + - + - + - + - + - + - + - + - + - + - Сүйкімсіз Әлсіз Үндемес Ақ ниетті Жол бергіш Ашық Эгоист Тәуелсіз Ынжық Қайырымды Ұяң Қайратты Әділ емес Кернеулі Байсалды Жылы шырайлы Сенімі жоқ Көпшіл Арамы Дербес Сабырлы
                         

 

 

Психоэмоционалдық зорлану жағдайын диагностикалау әдістемесі

Т.А.Немчин ұсынған ПЭН (психоэмоциональное напряжение) тестін пайдалану арқылы тұлғаның психоэмоционалдық зорлану жағдайында болуы және оның деңгейі бағаланады.

Зерттеу жеке-дара, жарық бөлмеде жүргізіледі.

 

Орындау ережесі. Берілген бланкіде 30 көрсеткіштер берілген. Олардың әрқайсысына үш варианттағы жауап анықталған. Солардың ішінен біреуін таңдап алып, оны бланкідегі жауаптардың ішінен таңдап алғаныңыздың оң жағына плюспен «+» белгілеу, немесе жауап парақтағы тапсырманың нөмірінің тұсына өзіңіздің таңдап алған жауабыңыздың әріп белгісін қою керек.

Бағалау шкаласы:

«а» жауапқа – 1балл

«б» жауапқа – 2балл

«в» жауапқа – 3балл

 

Нәтижесін талдау:

Зерттелінушінің жинаған баллдарының ең азы 30, ең көбі 90 балл болады. Зерттелінушінің жинаған баллдарының санына қарай оның психоэмоционалдық зорлануының деңгейі анықталады.

30-50 балл – «детензивті көріністе», немесе бір қалыпты, әдеттегіден өзгермеген, психоэмоционалдық зорлануы нормада;

51-70 балл – «интенсивті көріністе», немесе психоэмоционалдық зорлануы шамалы жоғарылаған және ол адамның барлық күш-қайратын жұмылдыруға негіз болатындай деңгейде;

71-90 балл – «экстенсивтік» көріністе, немесе психоэмоционалдық зорлану асқынып кеткен, бұл деңгейдегі көрініс адамның басқалармен қарым-қатынас жасауына, өз қызметін атқаруына, денсаулығына теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Тапсырмалар

1.Дене қалпы:А)дене мүшелерінде ыңғайсыз сезімдердің атымен болмауы;

Б)жұмысқа ешқандай кедергі жасамайтын кейбір мүшелеріндегі ыңғайсыз сезімдердің орын алуы;

В)жұмысқа едәуір кедергі жасайтын дене мүшелеріндегі жағымсыз жағдайларды сезіну.

2.Ауыстыратын жерлерінің болуы:А)ешқандай ауруды сезбеуі;

Б)оқтын-оқтын ауыратын жерлері бар, дегенмен одан тез арада айығып кетеді, ол жұмыс істеуіне ешқандай кедергі жасамайды;

В)барлық уақытта ауырып жүретін жерлері жұмыс істеуіне едәуір кедергі жасайды.

3.Дене қызуы:А)дене қызуы бір қалыпты;

Б)әр кезде дене қызуы аздап көтеріліп жүреді;

В)денесі мұздап, аяқ-қолы қақсап, кейде қалшылдап жүреді.

4.Бұлшық еттер тонусы:А)бұлшық еттерінің тонусы нормада;

Б) бұлшық еттерінің тонусы жоғарылап, кейде бұлшық еттерінің ішкі кернеуін сезінеді;

В) бұлшық еттерінің тонусы жоғары, бұлшық еттерінің тартылып, бетінің, мойынының, қолдарының, аяқтарының еттері тартылып қалатындығы орын алады.

5.Қимыл-әректтерінің үйлесімділігі:А)қимыл-әрекеттері үйлесімді;

Б)жазу жазғанда және басқа дәл қимылды талап ететін жұмыс атқарғанда қимыл-әректінің үйлесімділігінің жоғарылауы;

В)жазуының бұзылуы, майда, дәлме-дәл қимылды талап ететін жұмыстарды сапалы орындауға қиналуы, қимыл-әрекеттердің үйлесімділігінің бұзылуы.

6.Қимыл белсенділігінің жалпы көрінісі:А)қимыл белсенділігі әдеттегідей;

Б)қимылдың жылдамдылығының және энергиясының жоғарылауы, жалпы қиыл белсенділігінің жоғарлауы;

В)қимыл белсенділігінің бірден күрт жоғарлауы, бір орында отыра алмайтын тыным таппайтындықтың орын алуы, тынышсыздық, жүруге құмарлық, денені қозғалтып, орнын ауыстырып отырмаса болмайтындық.

7.Жүрек-қан тамырлар жағы:А)жүрек жағынан ешқандай ыңғайсыздық сезінбеуі;

Б)жұмысқа ешқандай кедергі жасамайтын жүрек соғуының өзгергенін кейде айқын сезінуі;

В) жүрек жағынан жағымсыз сезімдерге бөленуі, жүректің кейде тарсылдап немесе қысылып кетуі, жүрек шаншуын және басқаша ауруын сезінуі.

8.Ас қорыту жолы:А)ас қорыту жағынан ешқандай ыңғайсыздық сезінбеуі;

Б) жұмысқа ешқандай кедергі жасамайтын асқазанның кейде ауыратыны, «жүректің сазуы», қарын ашқан сияқты сезімнің орын алуы, іштің қорылдауы және басқа жылдам өтіп кететін ыңғайсыздықтардың орын алуы;

В)асқазанның ауруы, «жүрек айнуы», аппетиттің бұзылуы, тамақтың қурап, жиі-жиі шөлдеу.

9.Тыныс алу жүйесі:А)тыныс алумен байланысты ешқандай ыңғайсыздық сезімдердің орын алмауы;

Б)жұмыс істеуге кедергі жасамайтын тыныс алудың жиілесуі, дем алудың тереңдеуі;

В)тыныс алудағы күрделі өзгерістің болуы, «ауа жетпей» қалуы, тамақта «тас тұрғандай» қысылуы, ентігіп қалу.

10.Зәр шығару жолы:А)ешқандай өзгерістер жоқ;

Б)зәр шығару жолы жұмысының жылдамдауы, әжетханаға барудың жиілеуі, қажет болса шыдауға шамасы келуі;

В)әжетханаға барудың күрт жиілеуі, ешқандай шыдауға шамасы келмейтіндігі.

11.Терлеу:

А)терлеудің сыртқы ортаның жағдайына сай жүретіндігі;

Б)Терлегіштеу болуы;

В)«мұздай» терге «шомылу».

12.Ауыз қуысындағы шырыш қабығы:А)нормада;

Б)түкірік көбірек бөлінетіндігі байқалады;

В)ауыздың кеуіп қалатын болғаны.

13.Тері түстері:

А)бет, мойын, қол терісінің түсі нормада болуы;

Б) бет, мойын, қол терісінің қызаруы;

В) бет, мойын, қол терісінің бозарып, саусақтарда «мәр-мәр» дақтарының пайда болуы.

14.Сыртқы тітіргендіргіштерге әсерлену:

А)әсерленуі жайбарақаттықпен, нормада;

Б)жұмысқа кедергі жасамайтын әсерленуінің жоғарылауы;

В)әсерленуінің күрт жоғарлауы, барлық тітіргендіргіштерге назар аударғыш болуы, жұмысқа зейінді шоғырландыра алмауы.

15.Өз-өзіне, өз күшіне сенуі:

А)өз күші мен қабілетіне сенімді;

Б)өз күшіне сенімі өте жоғары, барлық уақытта табысты болуына ешқандай күмәнданбайтындығы;

В)өзіне сенімінің төмен болуы, сәтсіздікке ұшыраймын деп барлық уақытта уайымға бөленіп жүретіндігі.

16.Көңіл-күй:А)жайбарақат;

Б)көңіл-күйі көтеріңкі, өз жұмысына, барлық іс-әрекеттеріне қанағаттанып, масаттанып жүруі;

В)көңіл-күйі тұнжыраңқы, қайғы-қасіретті.

17.Ұйқысы:А)ұйқысы тыныш;

Б)ұйқысы тыныш, терең, сергектететін;

В)ұйқысы бірнеше түн қатарынан тынышсыз болып, түс көрумен, бірнеше рет оянумен өтетін.

18.Эмоционалдық жағдай:

А)эмоциясы мен сезімдері өзгермеген;

Б)жұмысына жауапкершілігінің жоғары болуы, уайымдауы, белсенділік көрсетуге құмарпаздықтың байқалуы;

В)мазасыздануы, қорқуы, өзіне сенімінің болмауы.

19.Ыңғайсыз жағдайларға төзімділігі:А)төзімділігі сенімділік тудырады;

Б)жұмыстағы қолайсыз жағдайлардың барлығында өте төзімді, дабыр-шу, ыстық-суыққа қарамастан барлық жұмыстарды қажырлылықпен атқара алады;

В)төзімділігінің төмендеуі байқалады, кедергі жасайтын жағдайларда жұмысқа қабілеттілігінен айырылуы.

20.Сөйлеу ерекшеліктері:А)бір қалыпты;

Б)сөзшеңдігінің жоғарылауы, даусының күшті шығуы, сөйлеу сапасының, логикасы мен сауаттылығының сақталғандығы, дегенмен оның темпінің жылдамдауы;

В)сөйлеуінің бұзылуы – ұзақ паузалардың, тоқтап қалудың орын алуы, қыстырма сөздердің көбеюі, дауыстың бәсең шығуы.

21.Жалпы психикалық жағдайының бағасы:А)психикалық көрінісі нормада;

Б)өте жинақы, барлық уақытта жұмысқа дайын, барлық күш-қуаты жұмылдырылған, психикалық тонусы өте жоғары;

В)жинақы емес, шаршау үстінде, күш-қуатын жинақтауға шамасы келмейді, психикалық тонусы өте төмен.

22.Еске сақтау ерекшеліктері:А)еске сақтауы әдеттегідей;

Б)еске сақтау қабілетінің жақсаруы – барлық қажет нәрселерді қиналмай еске түсіруі;

В)еске сақтау қабілетінің төмендеуі.

 

 

23.Зейіннің ерекшеліктері:А)зейіні әдеттегідей, ешқандай өзгермеген;

Б)барлық қажетсіз нәрселерге көңіл аудармастан өз ісіне бар көңілін шоғырландыруға қабілеттілігінің жоғары болуы;

В)зейін сала алуының төмендеуі, бір әрекетке зейінді шоғырландыруға қиналуы, барлық нәрсеге алаңдай беретіндігі.

24.Зеректілігі:А)зеректілігі қалыпты жағдайда;

Б)зеректілігінің жоғарлауы байқалады, өте тапқыр;

В)зеректілігінің төмендеуі анық байқалады.

25.Ақыл-ой қызметіне төзімділігі:А)ақыл-ой қызметіне төзімділігі әдеттегідей;

Б)ақыл-ой қызметіне төзімділігінің жоғарлауы;

В)ақыл-ой қызметіне төзімділігінің күрт төмендеуі, тез шаршайтындығы.

26.Психикалық жағдайының үйлесімділігі:

А)мазасыздануының, психикалық жағынан үйлеспеушіліктің болмауы;

Б)психикалық жағынан өзін өте жақсы сезінуі, психикалық құбылыстары қысқа мерзімде өтеді, одан жалпы жағдайына және жұмысына теріс әсерінің жоқтығы;

В)жұмысына үлкен кедергі жасайтын психикалық құбылыстардың орын алуы, психикалық жағдайының үйлесімсіздігінің анық байқалуы.

27.Психоэмоционалдық зорлану белгілерінің көрініс беруі:А)ешқандай көңіл аударуға тұрмайтындай психоэмоционалдық зорлану белгілерінің кей кезде әлсіз көрініс беруі;

Б)жұмысқа белсенділігіне қосымша күш беріп тұратын психоэмоционалдық зорлану белгілерінің анық байқалуы;

В)жұмысына және ағза мүшелерінің қызметіне теріс әсер ететін психоэмоционалдық зорланудың көптеген жағымсыз белгілерінің орын алуы.

28.Психоэмоционалдық зорлану белгілерінің көрініс беруінің жиілігі:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: