Томас К. Сауалнамасы

Мақсаты: Дау-дамайдағы мінез –құлық ерекшеліктерін анықтау.

Орындау ережесі. Бұл тесте 30 тапсырма берілген. Сауалнаманың әр бабы екі варианттағы тұжырымдамадан тұрады. Олар А және Б әріптерімен белгіленген. Осы тұжырымдамалардың қайсысымен келісетін болсаңыз сол вариантты белгілеңіз.

 

Тапсырмалар.

 

  1. А.Кейде тартыс – талас мәселерді шешу үшін жауапкершілікті өзгелерге өз мойнына алуға мүмкіншілік беремін. Б.Біздің көзқарасымыздағы қарама қайшылықтарды талқылаудың орнына, келісімге келетін нәрселерге көңіл аударғым келеді.
  2. А.Мен компрамистік шешім қабылдауға тырысамын

Б. Мен мәселені өзімнің де басқаның да көңілін табатындай етіп шешкім келеді

  1. А. Әдетте мен өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын

Б. Басқа біреудің мүддесін қорғау үшін кейде өз қызығушылығымды жанпида етемін

  1. А.Мен компрамистік шешім қабылдауға тырысамын

Б. Басқалардың сезімін аяққа таптамауға тырысамын

  1. А.Талас тартыс сұрақтарды шешу үстінде біреудің қолдауын іздеймін

Б. Бостан-босқа шиленістік болмауы үшін қолымнан бар келгенін істеймін

  1. А.Өзіме қолайсыздық әкелетін жағдайлардан аулақ жүруге тырысамын

Б. Мен өз айтқанымды орындауға тырысамын

  1. А.Тартыс-талас тудырған сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана дәл шешуге болатынына сенемін.

Б. Мақсатқа жету үшін кейбір жағдайларда кіші пейілдік танытуға болады деп есептеймін.

  1. А.Өз дегеніме жетуге әбден тырысамын

Б. Бірінші кезеңде барлық қаралған мәселелрдің ішінен тартыс талас тудырған сұрақтардың негізін анықтап алуға тырысамын

  1. А.Қарама –қайшылықтарға бола қатты толғануға болмайды деп ойлаймын

Б. Өз дегеніме жету үшін бар күш жігерімді саламын

  1. А.Өз дегеніме жетуге тырысамын

Б.Мен компрамистік шешім қабылдауға тырысамын

  1. А. Ең бірінші қандай өзекті мәселе тартыс талас тудырғанын анықтап алу керек деп есептеймін.

Б.Екеуміздің арамыздағы сыйластықты сақтау үшін оны сабырлылыққа шақырамын

  1. А.Ұрыс керіс шығаратын жағдайдан аулақ жүру ұстанымын сақтаймын

Б. Егер маған қарсылық білдірмесе, менде оған өз пікірінде қалуға мүмкіндік беремін

  1. А.мен ортақ ұстанымды сақтауға шақырамын

Б. Өз дегенімдей болуды қатаң талап етемін

  1. А.Өз пікірімді басқа біреуге жеткіземін және оның пікірін сұраймын

Б.Өз пікірімнің логикасы мен артықшылығын басқа біреуге көрсеткім келеді.

  1. А.Біздің сыйластық қатынасымызды сақтау үшін оны келісімге шақырамын

Б.Ауыртпалық болмауы үшін бар жағдайды жасауға тырысамын

  1. А.Басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын

Б.Өз ұстанымымның артық екендігіне басқаның көзін жеткізуге тырысамын.

  1. А.Өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын

Б.Қолайсыз жағдайдан аулақ болу үшін бар күшімді жұмсаймын

  1. А.Егер біреу баққытты болатындай жағдай болса, мен оған мүмкіндік беремін

Б. Егер ол маған қарсы болмаса, мен оған өз пікірін ұстануға мүмкіндік беремін

  1. А.Біріншіден барлық қаралған мәселелер мен тартыс талас сұрақтардың негізін қызығушылықпен анықтаймын

Б.Тартыс талас сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен кейін ғана шешуге болатынына сенемін

  1. А.Қарама –қайшы ойларды тез арада жеңіп шығуға тырысамын

Б. Екеумізге де тиімді болатын үйлесімділікті табуға тырысамын

  1. А.Әңгіме барысында өзгелерге мұқият болуға тырысамын.

Б. Мен әрқашанда мәселені тікелей талқылауға бас ұрамын

  1. А.Менімен басқалардың ұстанымдарына ортақ болатын ұстанымды табуға тырысамын

Б.Өз ұстанымымды қорғаймын.

  1. А.Әр адамның тілегін қанағаттандыруды мақсат етемін

Б. Кейде тартыс-талас сұрақтарды шешуде жауапкершілікті өзге адамның өз мойнына алуына мүмкіндік беремін.

  1. А.Өзгенің ұстанымы ол үшін өте маңызды болған жағдайда мен оған қол созамын.

Б. Оның бітімгершілікке баруы керек екендігіне көзін жеткізуге тырысамын

  1. А.Менікі дұрыс екеніне нандырамын

Б. Әңгіме барысында біреудің дәлелдеріне зер саламын

  1. А.мен әдетте орта позицияны ұстанамын

Б. Әрқайсысымыздың қызығушылығымызды қанағаттандыруға әрқашан талпынамын

  1. А.Тартыс-талас жағдайларды болдырмауға тырысамын

Б.Шиеленіс мәселелрді шешуде біреудің қолдағанын қалаймын.

  1. А.Өз айтқанымнан қайтпауға тырысамын

Б. Шиеленіс мәселелерді шешуде біреудің қолдағанын қалаймын

  1. А.мен ортақ ұстанымды ұстанамын

Б.Дау-дамайға бола толғанудың қажеті жоқ деп ойлаймын

  1. А.Басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын

Б. Келіспеушілікті шешкенде екеуміз бірлесіп жетістікке жететіндей ұстанымда боламын

 

Нәтижесін талдау.

Келіспеушілік жағдайдағы мінез-құлық көрсетудің келесі бес түрі орын алады. Бәсекелес, ынтымақтас, ымырашыл, жалтарғыш, бейімделгіш. Осылардың қайсысы (қандай дәрежеде)Сізге тән екендігін анықтау үшін жауаптарыңыздың төменде берілген кілтке сәйкес келгенін бір балл деп бағалап шығыңыз.

 

Түрлері жауаптары
                             
Бәсекелес     А     Б   А Б А     Б Б  
ынтымақтас   Б     А     Б     А     А  
ымырашыл   А   А     Б     Б   Б А    
жалтарғыш А       Б А А   А     А     Б
бейімделгіш Б   Б Б             Б       А

 

Түрлері жауаптары
                             
Бәсекелес Б А         Б     А     А    
ынтымақтас       А А Б   А     Б   Б   Б
ымырашыл     Б   Б   А   Б   А     А  
жалтарғыш   Б   Б       Б       А   Б  
бейімделгіш А   А     А     А Б   Б     А

 

Дау дамайдағы мінез құлықтың 5 түрінің көрсеткіштері 0 мен 12 баллдың аралығында ауытқып тұрады.Дау дамай кезінде осы аталған 5 түрінің элементтерін ұштастырып пайдаланған стратегия тиімді болады. Олардың әрқайсысы 5 тен баллға дейінгі аралықта болғаны қарым-қатынаста сыйысымдылық, тіл табысқыштық білдіруге негіз бола алады.

Егер мінез құлықтың бір түрі бойынша жинаған баллдар саны 5 тен төмен боса, ал қалған түрлерінен 7 баллдан жоғары болса (барлық баллдың қосындысы 30 ға тең)- сіздің нәтижеңіз тиімділіктен алыс.

Өз мінез құлқыңыздың тиімділігін арттыру үшін барлық 5 түр бойынша 5,7 ұпайларды жинағаны дұрыс, яғни жоғары ұпайдағы мінез құлықты азырақ қолданып, төмен ұпай жинайтындарын көбірек қолданған дұрыс болады.

Дау –дамай мәселесінің мамандары осы 5 тактиканы Бәсекелес, ынтымақтас, ымырашыл, жалтарғыш, бейімделгіштікті шеберлікпен қолдана білу шытырман жағдайды болдырмаудың негізгі шарты деп есептейді.

Тәуелсіздікті бағалау тесті.

Мақсаты: Тәуелсіздік қасиеттің көрініс беру деңгейін бағалау.

Орындау ережесі: Сіздерге өмірде кездесетін жағдайларға байланысты 10 сұрақтар ұсынылады. Әр сұраққа берілген жауап нұсқаларының біреуін таңдап алып, оның әріптік белгісін жауап параққа түсіріңіз.Таңдауыңыз баллдармен бағаланады.Олардың қосындысынан Сіздің «тәуелсіз» деген қасиетіңіздің даму деңгейінің бағасы анықталады.

Тапсырмалар

1. Мектепті бітірген кезде Сіз өзіңіздің болашақ мамандығыңыз туралы шешімді:

а) Өзіңіздің қызығушылығыңызды және қабілетіңізді басшылыққа алып, өз бетіңізбен шешім қабылдадыңыз

б) Туған туысқандар мен ата-ананың пікіріне сүйендіңіз

в) жолдастарыңыз бен достарыңыздың кеңесіне құлақ салыңыз

2.Өзіңіз қалаған оқу орнына түскенде Сіз неге үміт арттыңыз?

а) тек өз күшіңізге

б) қолдаушылармен емтиханды жақсы тапсыра алатындығыңызға сеніміңізге

в) тек қана көмектесемін деген қолдаушыларыңызға

3. Оқып жүрген кездесабақтар мен емтихандарға қалай дайындалдыңыз?

а) тек өзіңіздің еңбек сүйгіштігіңізге сүйендіңіз

б) кей кезде курстастар мен оқытушылар көмектесті.

в)тек қана басқалар көмегімен оқыдыңыз

4. Оқуды бітіргеннен соң жұмысқа қалай орналастыңыз?

а) жолдама бойынша

б)мәлімет көздеріндегі деректер арқылы

в)қолдаушының көмегімен.

5. Жұмыста бір мәселені шеше алмай қиналған кезде:

а) тек өзімнің біліміммен біліктілігіме сүйенемін

б) кей кезде әріптестерімнен кеңес сұраймын

в) барлық уақытта басқалардан кеңес сұраймын

6. Некеге тұрғанда Сіздің қалауыңызға қандай себеп жетекші болды?

а) өзімнің қалауым бойынша тәуелсіз шешім қабылдадым

б) жақындарыммен ақылдастым

в) ата-анамның менімен келіспестен қабылдаған шешімі бойынша

7. Сіздің өмірсерігіңіз ұзақ сапарда жүрген кезде қымбат тұратын нәрсені,үй жиһазын, пәтерді, сатып алуға немесе басқа күрделі мәселені шешуге шамаңыз келеді ме?

а) иә

б) иә, тек тек ол үшін мен туысқандарымнан немесе достарымнан кеңес сұраймын

в) жоқ

8. Жеткіншек кезіңізде өз пікіріңізді «қызыл кеңірдек» болып дәлелдейтін едіңіз бе?

а) барлық уақытта

б) өте жиі

в) сирек, көбінесе үлкендермен келісімге келетін едім.

9. Сіз жеке тұлға ретінде өзіңіздің кәсіби шеберлігіңізді, интеллектуалдық қабілетіңізді, қоғамдық істерді меңгеруіңізді қалай жетілдіріп жүрсіз?

а) барлық уақытымды кәсіби қызметімді атқаруға жұмсаймын

б) өмірсерігімнің және достарымның пікіріне сүйенемін

в) өмірсерігімнің және достарымның пікірі жетекші рол атқарады.

10. Егер Сіздің туысқандарыңыздың біреуінің денсаулығы нашар болып, оған ешқандай көңіл аудармай жүрсе:

а) Оларды денсаулығын жөндеуге, емделуге мәжбүр етемін

б) Сіз оған денсаулық сақтау керек екендігі туралы оқтын –оқтын айтып отырасыз

в) ол туралы ойланасыз, бірақ ешқандай шара қолданбайсыз.

Бағалау шкаласы:

А- жауаптар 4 баллмен бағаланады

Б – жауаптар 2 баллмен

В – жауаптар 0 деп бағаланады.

Нәтижесін талдау:

33-44 балл- өте тәуелсіз, ешкімнің айтқан сөздерін тыңдамайды, ешкіммен санаспайды, барлық мәселені өз бетімен шешеді.

15-29балл – тәуелсіздігі нормада, ол басқалардың пікірін сыйлайды, кейде айтылған ақылға құлақ салып, өз пікірін кішкене өңдейді.

0-14 балл - басқалардың пікіріне тәуелді, өз бетімен тәуелді шешім қабылдауға шамасы келмейді.

Сіз қандай жетекшісіз?

 

Мақсаты: Зертелінушінің басшылық қызметке икемділігін анықтау.

Орындау ережесі: Сізге 14 тапсырма берілген. Олардың көмегімен Сіздің басшылық қызметке қаншалықты икем екендігіңізді болжамдауға болады. Егер сіз басқару жұмысында іс тәжірибеңіз бен дағдыңыз болса (мүмкін дәл кәзір де бір ұжымның басшысы шығарсыз), онда төмендегі сұрақтарына жауап беру арқылы Сіз қандай басшы екендігіңізді білесіз.

Сұрақтарды мұқият оқыңыз, оларға «иә» немесе «жоқ» деген сөздермен рет-ретімен жауап беріңіз.

 

Тапсырмалар

  1. Стандарттан жоғары берілген есептерді шешуге батыл кірісесіз бе?
  2. Үйренген дағдыңыздан жеңіл арыла аласыз ба?
  3. Басшылық қызметке ауысып кетсеңіз де өзіңіздің бұрынғы жұмысыңызға ұзақ уақыт көңіл бөлесіз бе?
  4. Көп жағдайда тиімді басқарудың әмбебап түрлерін меңгеруге ұмтыласыз ба?
  5. Өз қарамағыңыздағыларды қателеспей, күшті, орта және төмен деп бөліп бағалай аласыз ба?
  6. Кадр мәселесімен айналыса отырып, Сіз жағымдылық пен жағымсыздық шегінен жеңіл шыға аласыз ба?
  7. Жағдайға байланысты жұмысты орындау жолдарын басқа әмбебап жұмыс істеу тәсілдерімен алмастырып отыруды жөн деп есептейсіз бе?
  8. Жоғарыдағы басшыларыңызбен түсінбеушілік жағдайды басқалардан оңай шешемін деп ойлайсыз ба?
  9. Сіздің қарамағыңыздағыларда қалыптасқан жұмыс істеуге деген көзқарастары Сізді ойландырады ма?
  10. Сіздің жеке тұлға ретінде басшыға деген алғашқы ойыңыз дәлме –дәл келеді ме?
  11. Жұмысыңыздағы түсінбеушіліктерді шартты жағдай деп жиі есептейсіз бе?
  12. Жұмыс уақтының жетіспеушілігін жиі сезінесіз бе?
  13. Қарамағыңыздағылардың жұмыс істеуіне сіздің басқару қабілетіңіз әсер ететініне сенімдісіз бе?
  14. Болашақ қызметкерлеріңізге өзіңіздің басқару әрекетіңіздің тиімділігін көрсете аласыз ба?

 

 

Талдау қорытындысы:

Бағалау шкаласы

 

№ жауап
Иә                            
Жоқ                            

 

5 балға дейін – басшыдан гөрі, орындаушы мамансыз. Егер мүмкін болса, әкімшілік жұмыстан бас тартқаныңыз жөн. Сіздің міндетіңіз ұйымдастырушылық қызметіңіз бас маман, бас инжинер, бас технолог, аға менеджер т.б. болса ол жұмысқа ойланбай кіріңіз.

6-10 балл – жетекші ретінде сіз әлі қалыптасқан жоқсыз. Егер сіздің ұжымыңызда жұмысыңыз жаман емес болса, онда ауыстырудың қажеті жоқ. Көбінесе тәжірбиелі адамдардың ойын тыңдаңыз, жоғарыдағы басшыларыңызбен кеңесіңіз. Кадр мәселесіне ерекше көңіл бөліңіз, басшылық шешімдердің коллегиялдық түрлеріне көбірек жүгініңіз. Ұжымыңызда қызықты дәстүрлерді батыл ендіріңіз.

11- 15 балл – Сіз әкімшілік түріндегі басшыға жатасыз. Сізде ерекше ұйымдастырушылық

Қабілеті бар, ол кадрларды таңдау мен қабілеттеріне, жетістіктеріне қарай орнына қоюда ерекше білінеді. Сіз біреудің ықпалымен жүрмейсіз, өз ойыңызды айтудан қорықпайсыз. Бір ғана тілек: барлық жұмысты толық мойыныңызға артып алмаңыз, қарамағыңыздағыларға шамасына қарай бөліп беріп, олардың белсенділігін арттырыңыз, жұмыстың басым көпшілігін соларға тапсырыңыз.

16-20 балл- сіз қатардағы емес «нағыз»басшысыз. Сіздің барлық ісіңізде жаңашылдық әрекет бар. Сізде тамаша жауынгерлік қасиет бар, ол сіздің лауазымдық қызметте өсіуіңізге көмектеседі. Алайда сіз кейде қатты кетіп, кей нәрселерге баға беруде қаталдық танытып, эмоцияға жол беріп аласыз. Өзіңізден жоғары қызметтегілерді сынай беруге құмар болмаңыз. Өзіңіздің кәсіптік және рухани байлығыңызды жетілдіруден бас тартпаңыз.

 

«Сіз қандай құссыз?» тесті

 

Орындау ережесі: әр адамның бойында табиғат өкілдеріне тән қасиеттер кездеседі. Бұл тесттің көмегімен өзіңіздің әр түрлі және жарқын тұлғаңызды тереңірек біліп, құстардың қандай қасиеттері сізге тән екенін біле аласыз. Тест тапсырмаларын мұқият тыңдап әр сұрақтың соңында берілген үш варианттағы тұжырымдамалардың біреуін белгілеңіз.

 

Тапсырмалар

1.Менің жасым 12 де, мен қыдыруға шығып жатқан едім, анам: «Кеш болды, сен ешқайда бармайсың», -деді. Сонда мен:

А)анамнан тағы да жақсылап сұранамын, егер ол өз райынан қайтпаса, ешқайда бармай үйде қаламын;

Б) өзіме: «Ал менің ешқайда барғым келіп тұрған жоқ»,-деймін де, үйде қаламын;

В)анам ұрсатын болса, мен оған: «Ешқандайда кеш емес, мен барамын дегеннен соң барамын», -деп шығып кетемін.

 

2.Келіспеушілік болған жағдайда, мен негізінен:

А)басқа адамның ойын тыңдап, келісім табуға тырысамын;

Б)керексіз талас-тартыстан қашамын және өз дегенімді істеу үшін басқа жолдармен мәселені шешуге тырысамын;

В)өз бағытымды ашып көрсетіп, әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысамын.

 

3.Мен өзімді мынадай адаммын деп санаймын:

А)өзгелерге жағымды және барлық адамдар сияқты болғанды ұнататын;

Б)әр қашанда өз бетімен жүретін;

В)басқаларды өзіне бағындыруды ұнататын.

 

4.Романтикалық махаббатқа менің көзқарасым:

А) сүйген адамыңмен бірге болу - өмірдегі ең үлкен бақыт;

Б)жаман емес, бірақ сеннен ол көп нәрсені талап етпесе және жаныңа бататын мінез көрсетпесе;

В)ол өте керемет, әсіресе сүйгенің қажет нәрсенің барлығымен қамтамасыз етіп тұрса.

 

5.Егер менің көңілім бұзылса, онда:

А)мені жұбататын адам табуға тырысамын;

Б)оған көңіл бөлмеуге тырысамын;

В)қатты ашуланамын, айналамдағылар мені жұбата алмайды.

 

6.Егер бастық менің жұмысымды әділетті бағаламаса, онда:

А) ол менің жыныма тиеді, бірақ сыр бермеуге тырысамын;

Б)менің ашуым келіп, белсенді түрде қорғанамын және өз шағымымды айта аламын;

В)мен өкпелемеймін, бірақ оның дұрыс ескерту жасағанын қабылдап, қатемді түзеуге тырысамын.

 

7.Кімде-кім кемшілігімді басқаларға айтып мені жәбірлесе, мен:

А)ашуланамын және үндемей, өкпемді өз ішімде сақтаймын;

Б)ашуланып, дәл өзі сияқты жауап қайтарамын;

В)көңілім бұзылып, ақтала бастаймын.

 

8.Мен іс-әрекетте табысты боламын, егер де мен:

А)ол жұмысты өз бетімше орындасам;

Б)лидер, басшы ретінде басқалардың жұмысын басқарсам;

В)топ құрамында орындаушы болсам.

 

9.Егер де мен күрделі жұмысты бітірсем:

А)бірден келесі бір жұмысқа өтемін;

Б)қоршағандардың барлығына мен не бітіргенімді айтып, көрсетіп шығамын; ит

В)мені мақтағанды ұнатамын.

 

10.Мен сауық-кештерде негізінен:

А)тыныш қана бір орында отырамын;

Б)бар оқиғаның ортасында болғанды ұнатамын;

В)көп уақытымды дастархан жаюға және ыдыс жууға көмектесіп өткіземін.

 

11.Дүкенде кассир ақшаны дұрыс қайтармаса, мен:

А)әрине, мен одан ақшаны дұрыс қайтаруды сұраймын;

Б) көңілім бұзылып үндемеймін.

В) сондай ұсақ түйек нәрсеге көңіл аудармауға тырысамын

 

12. Егерде ашуланғанымды сезсем, мен:

А) өз сезімімді өзгелерге білдіріп, тезарада ашудан арыламын

Б) өзімді қолайсыз сезінемін

В) өзімді тыныштандыруға тырысамын

13.Ауырып қалған жағдайда мен

А)Ашушаң және сабырсыз боламын

Б)төсекке жатып, басқалардың мені бағып-қағуын талап етемін

В)көңіл аудармауға тырысамын және айналадағылардан да соны талап етемін.

14.Егер де бір адам менің ашуымды келтірсе, мен:

А)өз сезімімді ашық және бетіне айтуға тырысамын;

Б)басқа жұмыстармен айналысып немесе біреулермен әңгімелесіп өз эмоциямды жөндеп аламын;

В) ол адамға жанама түрде, яғни басқа біреуге айтқызу арқылы ашуланғанымды білдіремін.

15.Менің ұраным, сірә, мынадай:

А) «Жеңімпаз ешқашан қателеспейді»;

Б) «Әлем сүюшіні сүйеді»;

В) «Қасқырды аяғы асырайды».

 

Жоғарыдағы тапсырмаларға берген жауаптарыңызды қарап шығып, оларды үш бестікке бөліңіз: 1-5,6-10,11-15.

Сіздің тұлғалық қасиеттеріңізде «Көгершін» көрсеткіштерін бағалау үшін бірінші бестікте қанша «а» жауабы, екінші бестікте «в» жауабы, үшінші бестікте қанша «б» жауабы бар екенін есептеп шығыңыз.

Өзіңізде қаншалықты «Түйеқұс» мінезінен бар екенін білу үшін - бірінші бестікте қанша «б» жауаптар саны, екіншідегі «а», ал үшіншіде «в» жауаптар бар екенін есептеңіз.

Тұлғалық қасиеттеріңіздегі «қаршығаның» үлесін білу үшін - бірінші бестікте қанша «в», екіншіде қанша «б», үшіншіде қанша «а» жауабы бар екенін есептеңіз.

Мысалы: сіздің жауаптарыңызда 11 «Көгершін» көрсеткіші, 4 «Түйеқұс» және 1 «қаршыға» көрсеткіші болса, онда сіздің мінезіңіз «Көгершінге» жақын, «Түйеқұстан» шамалы бар, ал «қаршығаға» мінезіңіз онша сәйкес келмейтіндігі байқалады. Егер де барлық көрсеткіштер бір-бірімен тең болса, онда сіз әр жағдайда әр түрлі мінез көрсете аласыз.

Шынында, қызық емес пе?: «Көгершіннің» - мейірімді жұмсақ мінезін немесе жайсыз сенімсіздік көңілін, «Түйеқұстан» - сезімі, эмоциясы тұрақты немесе тұйықтығын, ал «қаршығадан» - батылдық, табандылық немесе агрессивті мінезін алдыңыз ба екенін бағаладыңыз.

Ол үшін осы типтерге жеке мінездемелерді қарап шығыңыз.

 

Көгершін

Бұл сезімтал, өте жұмсақ мінезді, сүйіспеншілігі мол адамдар. Олар махаббатқа үлкен мән беріп, ол үшін өзін-өзі құрбандыққа келтіруге дайын. «Көгершіндер», көп жағдайда жігерсіздік және сылбырлық көрсетеді. Олар көбінесе басқаларға көмек беруге дайын және оны көпшілікке жарияламай, құпия түрде жасайды. Олар өзіне керекті нәрсені тікелей сұрауға батылы бармайды, қорқады немесе өтініш жасау қолынан келмейді.

«Көгершіндер» өзінің арман-тілектерін айтқызбай орындайтын адамдарды өмір бойы іздейді. Мұндай адамдарды кездестіре алмаса өмірге өкпелі болып жүреді. Шынайы жұмыспен айналысудың орнына, олар армандары мен уайым-қайғыларына көп бөленіп, уақытын босқа өткізуі мүмкін.

«Көгершіндер» көбінесе басқа біреудің беделін көтеруге көмектесіп, мансаптық жолда қосалқы роль атқарады. Бұл жағдай олардың кемшілігінен емес, өздері тақта отырғаннан, оның артында тұрғанын қалайтындығынан. өз мойнына жауапкершілікті алуға қорқады, көшбасшысы ролін атқаруға шамасы келетіндігіне сенімсіздік білдіреді. Олар айналадағылардың көзқарастарына тәуелді, ұсақ-түйекке көңіл бөлгіш, ырымшыл, қайырымды және қорқақ. «Көгершіндер» қызу қанды адамдарға оң әсерін тигізіп, олардың лауазымдық қызметке тез көтерілуіне ісер етеді. Эмоционалдық шытырман жағдайларда өз ашуын өзіне жұмсап, денсаулығын жоғалтып, шұжықтың орнына саусақтарын кесетін кездері де болады.

Түйеқұс

«Түйеқұс» - суық қанды, есепшіл, байқағыш адамдар. Олар барлық өзін қоршаған адамдардан арақашықтық сақтайды, өйткені оған айналасына да кеңестік болғаны қажет. Егер біреу «Түйеқұсқа» жақындағысы келсе, ол одан қашқалақтап, жасырынады. Түйеқұс өзімшіл және тыныштықты қалайды. Егер өмірде өте қиын жағдайлар, шешу жолы анық емес жағдай орын алса олар басымен қоса, жүрегін, дарындылығын да құмға көміп жасырады.

«Түйеқұс» өз басына күрделі міндетті жүктейтін байланыстардан аулақ жүреді. «Түйеқұсқа» күйеуге шыққан немесе үйленген адамдар өз өмірінің суықтыққа тола болатынын білуі керек. «Түйеқұстар» өмірлік серігін тапқысы келеді, оны кездестірмесе көңілі бұзылып, қайғырады, бірақ бұл сезімі аса ауыр емес, күйзеліске бармайды, себебі олар өзін-өзі қоршаған ортадан қорғай алады. Тіпті олар жалғыз қалсада міз қақпайды, өйткені олар өмірден және адамдардан көп нәрсе күтпейді, сондықтан да өмірдегі сәтсіздіктерге онша қиналмастан, ешкімге өкпелеместен өзін-өзі қанағаттандырып жүре береді. Мінезі ауыр тұйық болып келеді.

«Түйеқұстарда» «Көгершіндерге» жетіспейтін тәуелдіктің және өзімшілдіктің көрінісі жеткілікті мөлшерде бар және «қаршыға» сияқты әрқашанда әрекет үстінде болып, жетістікке жетіп жүреді. Олар өмірдің ағымымен байланысты жүре алмайды.

Қаршыға.

«Қаршыға» – өзін-өзі жақсы көретін, тік мінезді, қайсар адам. Оған әр қашанда басқаларға билігін жүргізуі қажет. Өз мақсатарына жету жолында олар көптеген қарсыластар, қастандық жасаушыларды кездестіреді. «Қаршыға» білімділігі мен іскерлігінің арқасында өмірде көптеген жетістіктерге жете алады. Олар агрессивті, демонстративті болғандықтан өздеріне өмірлік жар табуы өте қиын адамдар. Басқалар «қаршығаны» жақсы көргеннен бұрын, оларды құрмет тұтады, жақындауға қорқады.

«Қаршығалар» өз басына күрделі міндетті жүктейтін жұмыстарға, өте байланыстарға құмар болады. «Қаршығалар» өмірлік серігін тапқасын отбасы туралы мәселерді соған жүктеп қояды, ал өзі тек лауазымдық қызметімен болады. «Қаршығалар» жалғыз қалса, өз өмірін қоғамдық немесе ғылыми жұмысқа толық бағыштайды, өкпелеместен үкімет қызметімен қанағаттанып жүре береді. Мінезі ауыр, кейде ашықжарқын, кейде тұйық болып келеді.

«Қаршығалар» барлық уақытта іс-әрекет үстінде болып, қай салада болсын табысқа жете алады, айналасындағылардың өзіне бағынғанын, барлығы құрмет тұтқанын ұнатады. Дегенмен олар басқалардан еселеп көп жұмыс істейді, сондықтан үлкен дәрежеге ие болып, лауазымдық сатымен көтеріледі.

 

Сандық тест «Социотип»

Мегель, А.Овчаров ұсынған социотип әдістемесі зерттеліншілерді ұлы адамдардардың жеке тұлғалық ерекшеліктерімен салыстырып талдауға арналған.

Мақсаты: типологиялық зерттеу жүргізу және зерттелінушінің атақты адамдардың қайсысының типіне жататынын анықтау.

Орындау ережесі: Сізге 8 тұжырымдама беріліп отыр. Оларды мұқият оқып, берілген жұптардың беруін таңдап алып (1-2, 3-4, 5-6, 7-8), оның реттік номерін жазыңыз. Нәтижесінде Сіздің төрт таңбалы саныңыз тізіледі. Мысалы, Сіздің Социотипіңіз 1358. Бұл көрсеткіш бірінші «1» нөмермен белгіленген жауап таңдалды, екінші жұптан «3» нөмірмен белгіленген жауап таңдалады, үшінші жұптан «5» нөмерімен берілген жауап таңдалады, ал төртінші жұптан «8» нөмірдегі жауап таңдалғанын білдіреді. осы сандар бойынша Сіздің ұлы адамдардың қайсысына ұқсайтыныңызды, немесе социотипіңізді анықтауға болады.

Тапсырмалар:

  1. Сіздің жұмысқа деген қабілетіңіз күнделікті бір қалыпты, болмаса белгілі бір себептерге байланысты өзгеріп отырады. Сіз жұмысқа ұқыптысыз және бәрін соңына дейін жеткісіз. Шешімді таразыға тартып қабылдап, оны өзгерткенді ұнатпайсыз. Қалыптасқан ережелерден бойыңызды аулақ ұстау сізге оңай.
  2. Сіздің жұмыс қабілетіңіз ешқандай себепсіз көңіл күйіңізге байланысты ауысады. Өмірдегі өрлеу құлдырауымен алмасып отырады. Сіз жолым болады деп жиі дайындықсыз іске кірісесіз. Сіздің қатаң тәртіпке, уақытқа бағынуыңыз қиын.
  3. Сіз ұрыс-керістің түсініспеушіліктің түп-тамырын іздегенді жақсы көрмейсіз. Сіз сананы сезімнен жоғары қоясыз, сіз адамдарға жалпылама көзқарастасыз. Жеке өзіңіздің және басқаның өмірін талдамайсыз.
  4. Сіз жақсы ара қатынас үшін тәуекелге де барасыз. Ұрыстан қашасыз. Сізді адамның сезімі және адамдардың арқатынасы қызықтырады. Сіз адамдардың көңіліне қарайсыз, әр нәрсе қаперіңізде жүреді.
  5. Шыншылсыз, бос қиялды ұнатпайсыз, өзіңізге сенімдісіз. Бір мезгілде бірнеше жұмысты қолға алмайсыз. Бір жұмысты тиянақты орындайсыз. Барлық жұмыстарды өзгелерге жүктеген гөрі өзіңіз атқаруды жөн көресіз. Өзіңіздің және басқалардың жұмысын қадағалайсыз.
  6. Келешек туралы ойланғанды жақсы көресіз, өткенді жиі еске аласыз, жаңалыққа ұмтыласыз. Ауытқуға және күдіктенуге бейімсіз, өзіңізге барлық уақытта сенімді емессіз. Көбінесе іс жүзінен гөрі өзіңіз теорияға жүгінесіз.
  7. Сіз жан-жақтысыз, ұстамды және байсалды, қарым-қатынаста жаңа таныстарыңызға сенбейсіз. Жанжал, дау-дамай кезінде артық сөз айтып қоймау үшін өзіңізді қатаң бақылайсыз.
  8. Жаңа адамдармен жеңіл тіл табысасыз. өзіңізден гөрі басқаны оңай түсінесіз. Сіз ашық жарқын, қарым-қатынасқа құмарсыз. Сіз бірбеттік, ұстамсыздық білдіресіз.

Нәтижесін талдау.

Берілген жұптардың ішінен зерттелінушінің таңдап алған номерін қатармен жазғанда шыққан төрт таңбалы санды келесі кесте көмегімен оның қандай типке жататыны анықталады.

Жиналған сандар Типі Жиналған сандары Типі
  Драйзер, Ротару   Гексли, Боярский
  Штирлиц   Гюго, Орлова
  Собчак   Достоевский, Монро
  Робеспьер,Чехов   Гамлет, Жириновский
  Робеспьер,Чехов   Дюма, Хрущев
  Лондон, Кеннеди   Наполеон, Горбачев
  Гобен, Пьеха   Бальзак, Есенин

 




double arrow
Сейчас читают про: