15. Диагностикалық орталыққа барып тексеруден өттіңіз.Нәтижесін күткен кезде:
а) қатерлі сырқатым барма деген уайымға бөленемін
б) бәрібір дәрігер шынын айтпайтынына сенемін
в) қәуіптенетін ешнәрсе жоқ деп ойлаймын
г) әр адам өз денсаулығы туралы мәліметті болуы керек.
16. Күнделікті адамдармен қарым-қатынас жасағанда қандай сезім білдіресіз
а) қарым-қатынас жасаған адамдарға және жағдайға байланысты жылы шырайлық немесе селқостық білдіремін
б) өзімді ыңғайсыз сезініп қалай ұстауымды білмеймін.
в) өзгелердің қатынасындағы маған деген көзқарасын талдап, мен туралы айтылған пікірлерді басшылыққа аламын
г) мен өзім басқаларға қарағанда жайдары мінездімін
17. Ұзақ сапарға шығатын болсам
а) оған адын ала жақсылап дайындаламын
б) сапарыма бірнәрсе кедергі болатынына сенемін
в) дайындалудың онша қажеті жоқ, өйткені барлығы өзінен-өзі орнына келеді
г) сапарға аттанғанша әбіржіп уайымға бөленіп жүремін.
18. Түрлі түстердің ішінде басқалардан артық көретінім
а) қызыл
б) сұр
в) жасыл
г) көк
19. шешім қабылдағандағы менің сенетінім:
а) жолымның болуы кездейсоқ олжаға ие болу, істің сәтті аяқталуы
б) өз күшім және іскерлігім
в) барлық жағдайларды таразыға салып болжамдау нәтижесі
г) жорамалдарға
д) пешенеңе жазғаннан кете алмайсың
20. Егер таңдауға мүмкіндік болса менің қалауым:
а) мұрагерлікке ие болу
б) кәсіби қызметте тиянақты табысты болып даңққа ие болу
в) ғылым, өнер, техника салаларының бірінде табысты болып даңққа ие болу
г) сүйетін адаммен қосылып, жақсы достар ортасында болу
Өзгелерді объективті бағалауыңызды анықтау тесті
Мақсаты: Өзіңіздің басқа адамдардың жағымды, жағымсыз жақтарын және өмрдегі жетістіктерін дұрыс қабылдауыңыз, оларды объективті бағалауға қабілетіңіз бағаланады. Бұл қасиеттің көрініс беру сапалы болуы басқаларды күнделікті бағалап отыратын мұғалімдерге әсіресе өте қажетті.
Бағалау шкаласы
Төмендегі кестеде жауаптарды санға айналдыру жолы көрсетілген. Жауап кестедегі кілтке сай келсе, ол тұсындағы баллдармен бағаланады.
| Жауп варианттары | Тапсырмалардың реттік нөмірі | |||||||||||
| А Б В |
Нәтижесін талдау.
Әр зерттелінушінің жинаған баллдары анықталады.
40 балл және одан көп болса - өзгелер туралы пікірін үстіртін және жеңіл құрады. Өз пікірін сол адамға және басқаларға айтуға құмар. Оның пікірі субъективтік болып келеді және бағалап отырған адамдарды менсінбеушілігі, басқаларға көзқарасындағы менмендігі анық байқалады.
31-39 балл - өзгелерді бағалауда объективтік көзқараста болуға тырысады, егер қателессе мойындайды.
21-30 балл - өз пікірінің объективтілігіне онша сенбейді, сондықтан пікірін өзгерткіш.Кейде басқалардың пікіріне тәуелді, сондықтан олардың мінездемелері үстіртін, көбінесе ақиқатқа сай емес.
Орындау ережесі: Сіздерге өзгелерді қабылдап, бағалауды талап ететін 12 әртүрлі өмірде кездесетін жағдайлар ұсынылады.Оларға сіздің көзқарасыңыз қандай екенін анықтау үшін әр тапсырмадан кейін берілген үш варианттағы жауаптардың біреуін таңдап алып, оның әріптік белгісін жауап параққа түсіріңіз,таңдауыңыз баллдармен бағаланады. Олардың қосындысы Сіздің басқаларды объективті бағалауыңызды көрсетеді.
Тапсырмалар
1. Ортада қабылданған ережелерді бұзбай жүретін, әдет ғұрып, салт- дәстүрді қатал сақтайтындар: А) әдепті, қарым- қатынасқа икемді, жүзі жылы адамдарБ) қатал тәрбие көргендерВ) олар өзінің шынайы келбетін жасырып жүрген арам ойлылар
2. Еш уақытта ұрыс-қағысқа бармай тату өмір сүретін ерлі –зайыптылар сіздің ойыңызша:
А) бақытты адамдарБ) бір-біріне немқұрайды қарайтындар
В) бір-біріне және қоршағандарға сенімі төмен сондықтан өз қатынастарын құпияда сақтайтындар
3. Сіз біреуді бірінші рет көріп отырсыз. Ол сізге анекдоттар мен қызықты әңгімелер айта бастады. Оны бағалауыңызА) әзілқой, көңілді адамБ) сізден қысылғаннан өзін ерекше көрсеткісі келіп отырВ) жақсы пікір қалдырғысы келеді
4. Екеуіңізді де қызықтыратын тақырыпта әңгімелесіп отырған адам өз сөздерін қолын сермеумен толықтырып отыр. Ол ненің көрсеткіші деп ойлайсыз.А) іштей мазасызданудың Б) шаршап отырғанныңВ) сырын жасырғысы келгенінің
5. Таныстарыңыздың біреуінің ерекшеліктерін егжей-тегжей танып білгіңіз келсе оны былай ұйымдастырған жөн:
А) оны бір компанияға шақырып
Б) іс-әрекет үстінде бақылай жүріп
В) эмоционалдық шытырман жағдайлардағы көрсеткен мінез –құлқын талдап.
6. Ресторанда бірге болған адамыңыз официантқа үстемелі ақшаны көп бергенін қалай бағалайсыз?
А) қоршаған ортадағыларға әсер етудің амалы
Б) официанттың сеніміне жету жолы
В) ашық қолды екендігінің көрсеткіші
7. Ешқашан басқалармен өзі бірінші болып сөйлеспейтін адамдар туралы сіздің пікіріңіз
А) ол ешкімге сырын ашпау үшін ішінде сақтайтын адам
Б) өте ұялшақ адам
В) бірнәрсені бүлдіріп қойсам мені кінәлайды деп қорқып жүретіндер
8. Кейбіреулермен сөйлеспей ақ олардың бет әлпетіне қарап бағалауға болады.Адамның маңдайының кішкентайлығы ненің белгісі?
А) ақмақтығыныңБ) қырсықтығыныңВ) ешнәрсе айта алмаймын
9. Сөйлескен кезде көзіңізге қарамайтындар туралы пікіріңіз:
А) өзін-өзі нашар сезінетін кемістігі бар
Б) айтып жатқан сөздері ақиқатқа сай емес
В) аңғалақтықтың белгісі
10. Өзіңіз білетіндердің ішінде неше түрлі оқиғалардың орын алатынын алдын-ала білген едім, бірақ басқалар мені түсінбей қалады деген ойменен ешнәрсе айтқан жоқпын дейтіндер бар болса олар туралы сіздің пікіріңіз:
А) ұстамды, ерік күші жақсы дамығандарБ) басқаларға деген ізгі ниеті төмен адамдар
В) мақтаншақтар
11.Қалталы адамның арзан затқа құмарлығын қалай түсіндіресіз?
А) қарапайым, күй талғамайтынБ) құнттыВ) сараң
12. Сіз адамдарды сыртқы көрінісі бойынша бағалаған шығарсыз. Толық адамдар қандай болады:
А) басқаларға ұнамды, өйткені олар жарқын жүзді, кең пейілді
Б) онша ұнамды емес, өйткені олар жалқау және енжар келеді
В) олар да басқалар сияқты, жақсылары да, жамандары да кездеседі.
Өз-өзін қадағалай білуді бағалау тесті
Субъективтік қадағалау дегеніміз адамның өзімен және өзгелермен болған жағдайларға жауапкершілікті өзінің мойнына алуы немесе басқаларға жүктеу қабілеті. Сонымен қатар оқиғаларды объективтік байқау түсінігі пайдалынады. Объективтік байқау дегеніміз – адамның өз ниетіне тәуелсіз жағдайларға байланысты орын алған оқиғалар.
Мақсаты: ұсынылып отырған әдістеме көмегімен адамның өзімен және өзгелермен болып жатқан оқиғаларға жауапкершілікті өз мойнына алуға даярлығын бағалау.
Бағалау шкаласы:
Субъективтік байқау:
«Иә» - 2,4,11,12,13,15,16,17,19,20,22,25,27,29,31,32,34,36,39,42,43,44
«Жоқ» -1,3,5,6,7,8,9,10,14,18,21,24,26,28,30,33,38,40,41.
Кілтпен сай келген жауаптар 1 балл болып бағаланады.
33-44 балл – жауапкершілігі өте жоғары және өзіне тәуелділердің әрекеттеріне де жауапкершілікті мойнына алады.
12-32 балл – субъективтік байқауы орта, жауапкершілікті бірде өзіне жүктесе, бірде басқаларға жүктейді.
0-11 балл – жауапкершілігі төмен, барлық оқиғалар себебін сыртқы жағдайларға немесе өзгелерге жүктейді.
Ерік күшін бағалау тесті.
Мақсаты: Адамның ерік күшінің көрініс беруін және оның мінез-құлыққа тигізетін сапалық әсерін бағалау.
Бағалау шкаласы: Төмендегі кестеде жауаптарды санға айналдыру жолы көрсетілген. Жауап кестедегі кілтке сай келсе ол тұсындағы баллдармен бағаланады.
Нәтижесін талдау ережесі
14 балл және одан төмен – еркі қалыптаспаған, жігерсіз адам.
15-25 балл – еркі дамыған, ал барлық іс әрекеттері мен мінез құлқы шынайы жағдайға лайықталған.
26-38 балл – еркі күшті, мінез құлқы қатал, жауапкершілігі жоғары дамыған.Өзін бағалауы жоғары болуы мүмкін
39 балл және одан жоғары – ерік күші мен мінез құлқы идеалға жақын,бірақ зерттелінушінің өзін дұрыс бағалағаны күмән туғызады.
Орындау ережесі: Сізге 44 тұжырымдама ұсынылып отыр. Олардың әрқайсысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.
- Лауазымдық орынға ие болу және қызметте жоғары көтерілу адамның ынта жігеріне емес, сыртқы орта жағдайларының үйлесіп келгенімен байланысты.
- Ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбінесе олардың бір-бірін түсінісіп, икемделіп, кешірімді болғысы келмегендіктен орын алады.
- Ауру –кездейсоқ жағдай, сондықтан одан ешқандай қорғаныс жоқ
- Адам басқаларға мейірімділік пен қарым-қатынасқа қызығушылық білдірмегеннен жалғызбастыллыққа ұшырайды.
- Менің ниеттерімнің орындалуы жолым болуына байланысты
- Басқаларға ұнамды болуға тырысудың ешқандай қажеті жоқ
- Отбасының жылуын сақтауға ерлі-зайыптылардың ынтасымен қатар олардың ата-аналарының көзқарасы және тұрмыстық жағдай үлкен әсер етеді.
- Менімен болып жатқан нәрселерге менің әсерім төмен екенін жиі сезінемін
- Басқару тиімді болу үшін басшы барлық қызметкерлерін бетімен жібермей қатал ұстауы керек.
- Менің мектепте алған бағаларым қажырлы еңбегіме емес, мұғалімнің көңіл күйіне байланысты болатын
- Мен бір нәрсені жасар алдында оны толық орындайтыныма сенімдімін.
- Көпшіліктің бағалауы бойынша олжалы болу шынында ұзақ уақыт қажырлықпен орындаған еңбек нәтижесі.
- Дәрі-дәрмектен гөрі салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсері әлдеқайда жоғары.
- Егер адамдар бір-бірімен сай келмесе, олардың қанша күш салғанына қарамастан отбасы бұзылады.
- Менің істеген жақсылықтарымды басқалар қадірлеп бағалайды.
- Балалар ата-анасының тәрбиесіне сай есейеді.
- кездейсоқ жағдайлар менің өмірімде маңызды роль атқармайды.
- Мен өз болашағымды жоспарламаймын, өйткені не болатынын өмірдің ағымының өзі көрсетеді.
- Менің мектепте алған бағаларым сабаққа дайындалуыма байланысты болатын.
- Отбасындағы шытырман жағдайдың орын алуына басқалардан гөрі мен кінәлімін.
- Көптеген адамдардың өмірі кездейсоқ жағдайларға тәуелді.
- Басшылардың алдымда тұрған мәселелерді өз бетіммен шешуге мүмкіндік бергенін қалаймын.
- Менің өмір сүру дәстүрім сырқатануымның себебі болуы мүмкін емес деп есептеймін.
- Әр адамның өз мақсатына жету жолында табысты болуына күтпеген жағдайлар кедергі жасайды.
- Мекемені нашар басқаруға қызметкерлердің өздері жауапты.
- Отбасында қалыптасқан жағдайды өзгертуге шамам келмейтінін жиі сезінемін.
- Мен қаласам, кімді де болса өзіме қаратып аламын.
- Балаларға әсерін тигізетін нәрселердің көп болғандығынан ата-аналарының тәлім-тәрбиесі пайдасыз болып қалады.
- менімен болған оқиғалардың барлығына өзім кінәлімін
- Кейде басшылардың тірлігіне не себеп болғанын түсіндіру қиын
- Өз орнында табысты бола алмағандар жұмысын бар ынтасымен беріліп істемегендер.
- Отбасы мүшелеріне өзімнің айтқанымды істетемін.
- Өмірімдегі сәтсіздіктерге өзгелер кінәлі болады.
- Баланы дұрыс киіндіріп, дұрыс күтсе, ол тұмауратпайды
- Шытырман жағдайларды туғызған проблемалар өзі шешілгенше оған араласпай күтемін
- Табысты болу қажырлы еңбек нәтижесі және кездейсоқтыққа да байланысты.
- Менің отбасымның татулығы тек маған байланысты.
- Мен біреулерге ұнап, біреулерге ұнамсыз болуымның себебіне түсінбеймін
- Мен басқа адамдардың көмегіне немесе тағдырға сенбестен өз бетіммен шешім қабылдап, әрекеттенгенді артық көремін
- Адам қанша әрекеттенгенімен оның ынтасын ешкім бағаламайды
- Кейде отбасында орын алған жағдайды шешудің жолын табу мүмкін емес
- Өз қабілетін іске асыра алмағандар тек өзін кінәлауы керек
- менің табысты болуыма достарым өз үлестерін қосты.
- Өмірімде сәтсіздікке ұшырағаныма өзімнің білімімнің, іскерлігімнің төмендігі немесе жалқаулығым себеп болды.
Ерік күшін бағалау тесті
Орындау ережесі: Сіздерге өмірде кездесетін жағдайларға байланысты 20 түрлі сұрақтар ұсынылады. Оларға сіздің көзқарасыңыды анықтау үшін әр сұрақтан кейін берілген бірнеше варианттағы жауаптардың біреуін таңдап алып, оның әріптік белгісін жауап параққа түсіріңіз. Таңдауыңыз баллдармен бағаланады. Олардың қосындысы сіздің ерік күшіңіздің даму деңгейінің бағасы болып есептеледі.
Тапсырмалар.
- Сіздің қылықтарыңыз айналадағыларға қалай әсер ететіні туралы жиі ойланасыз ба?
А)өте сирек Б)сирек В)жиі Г)өте жиі
- Сіз өзіңіз сенбейтін нәрсені басқаларға ерегескеніңізден дұрыс деп дәлелдейтін кезіңіз болды ма?
А)иә Б)жоқ
- Адамдардың қандай қасиеттерін сіз жоғары бағалайсыз?
А)қайсарлық Б)ой-өрісінің кеңдігі В)өзін басқаларға көрсете білуі
- Педантизмге (тақуалыққа) жақынсыз ба?
А)иә Б)жоқ
- Сіз сәтсіздікке ұшырағаннан соң оны тез ұмытасыз ба?
А)иә Б) жоқ
- өз қылықтырыңызды талдауды жақсы көресіз бе?
А)иә Б)жоқ
- Өзіңізге жақсы таныс адамдардың арасында болғанда:
А)сол ортада қабылданған салт-дәстүрге сай мінез көрсетемін
Б)өзім қандай болсам сол қалыпты сақтаймын
- Қиын тапсырманы орындауға кірісер алдында алдыңызда тұрған проблемалар туралы ойламауға тырысасыз ба?
А) иә Б) жоқ
- төменде берілген мінездемелердің қайсысы сіздің ерекшеліктеріңізді дәлірек көрсетеді?
А) арманшыл
б) ақ көңіл
в) жұмысқа берілген
г) ұқыпты және пысық
д) «аузымен орақ оратын»
е) сасқалақ
- Бір мәселені талдағанда Сіз: а) егер сіздің ойыңыз тіптен өзгеше болса да өз пікіріңізді ортаға саласыз б) қалыптасқан жағдайда үндемей отырғаннан артығы жоқ в) өз пікіріңізді ішіңізде сақтап, басқалардың айтқанына қосыласыз г) өз пікіріңізден бас тартып, басқалардың пікірін қабылдайсыз
- Бастық Сізді кенеттен алдына шақырса қандай сезімге бөленесіз? А) ашуланамын б) мазасызданамын в) уайымдаймын г) ешқандай сезім туындамайды
- Пікірталас барысында аппонентіңіз Сізге қарсы қатты сөйлесе а) дәл солай жауап беремін, б) оған ешқандай көңіл аудармаймын в)ашуланғанымды анық білдіремін г) ашуланғанымды басу үшін біраз уақыт сөйлеспей отырамын.
- Егер сіздің жұмысыңыздың нәтижесі жарамсыз деп бағаланса: а) өкінемін б) ұяламын в)долданамын
- Егер Сіз ыңғайсыз жағдайға ұшырап қалсаңыз, оған кімді кінәлайсыз а) өзімді, б) сәтсіздік алып келген тағдырды, в) объективтік жағдайларды.
- Қоршаған ортадағы адамдар Сіздің біліміңіз бен қабілетіңізді онша бағаламайтын сияқты болып көрінбейді ме? а) иә б) жоқ
- Егер достарыңыз немесе әріптестеріңіз сізді сықақтаса: а) оларға ашуланамын б) олардан өзімді аулақ ұстаймын в) олардың сөзін әзілге айналдырып, өзімді өзім сынай бастаймын г) көңіл аудармағандай боламын, бірақ ішімнен ызаланамын
- Егер Сіз асығып тұрғанда заттарыңызды өз орнынан таба алмасаңыз: а) үндеместен іздеуімді жалғастырамын б) басқаларды балағаттап жүріп іздеймін в) керек нәрсені үйде қалдырып, жолымнан қалмай кете беремін.
- Сіздің шыдамыңызды тауысатын нәрсе: а) тез арада жолығу керек болған қызметкердің алдындағы кезекті күту б) автобустағы қысылыс
В) бір мәселемен бір жерге қайта қайта бару.
- Бір адаммен пікірталас аяқталғаннан соң өзіңіздің көзқарасыңызды сендіруге дәлел келтіруді өз ойыңызда әлі де біраз уақыт жалғастырасыз ба?
А)иә Б)жоқ
20. Жылдам орындауды талап етіп тұрған жұмысты орындауға көмекші керек болса, Сіз келесі талапкерлердің ішінен кімді қалайсыз
А) тәртіпті, бірақ ынтасыз
Б) жұмыстың көзін табатын, бірақ илікпейтін бірбет
В) қабілетті,бірақ жалқау.
Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?
Мақсаты: Қарым қатынастағы басқаларға ұнамдылық, сыйысымдылық көрсетуге икемділікті бағалау.
Орындау ережесі: Төмендегі сұрақтарға «иә», «кейде», «жоқ» деп жауап беріңіз
Сауалнама
- Сізді қызмет бабымен кездесу күтіп тұр.Күту сізді шаршатады ма?
- Ауру әбден асқынғанға дейін дәрігерге бармай жүре бересіз бе?
- Іс шаралар: баяндама жазу, хабарлама жасау т.б.сізге қиындық туғызады ма?
- Өзіңізге таныс емес қалаға іс сапармен баруды ұсынса Сіз оған бармаудың бар әрекетін жасайсыз ба?
- Сіз өзіңіздің уайымыңызды басқа адамдармен бөлісуді ұнатасыз ба?
- Көшеде таныс емес адам бір нәрсе сұрағанда ашуланасыз ба?(жол сұрау т.б)
- «Әке және бала» мәселесі барлығына сенесіз бе және әр жас кезеңіндегі адамдардың бірін бірі түсінуі қиын ба?
- Осыдан 3 ай бұрын 300 теңге алып, оны қайтаруды ұмытқан танысыңыздан ақшаңызды сұрауға ұяласыз ба?
- Ресторанда немесе асханада сізге сапасыз тамақ берді. Сіз үндемей, тарелканы ашуланып сырғытып қоясыз ба?
- Танымайтын адаммен жеке қалғанда онымен сөйлеспейсіз және ол бірінші болып сөйлесе оны жақтырмай қаласыз ба?
- Сізге қай жерде болмасын ұзақ кезек күту керек болса Сіз кезекке тұрудан бас тартасыз ба?
- Тартыс- талас мәселелерді қарастыратын комиссия мүшесі болудан қорықпайсыз ба?
- Әдебиетті, өнер мен мәдениетті бағалауда Сіздің өзіңізге ғана тән пікіріңіз бар, сіз «бөтен» пікірлерді ескермейсіз.Солай ма?
- Сізге анық мәселе туралы біреулердің басқаша пікір айтқанын естісеңіз, Сіз үндемейсіз бе,жоқ турасын айтасыз ба?
- Қызметтегі сұрақтар, оқу тақырыптарын меңгеруде басқа біреулер көмектессе,Сіз қысылмайсыз ба?
- Сіз өз пікіріңізді ауызша айтқаннан гөрі, жазбаша түрде баяндауды ұнатасыз ба?
Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?
Бағалау шкаласы
«иә» - жауабы 2 балл, «кейде» - 1 балл, «жоқ» - 0 балл
Барлық баллдар қосындысы бойынша қарым қатынаста Сіздің мінез құлқыңыз қандай өзгешеліктерге ие екені анықталады.
30-32 балл Сіз ешкіммен тіл табыса алмайсыз, ешкімді менсінбейсіз, сондықтан оқшауланып жападан жалғыз жүресіз. Көкірек мінезіңіз өзіңізге де, жақын адамдарыңызға да өте қиын жағдай туғызады. Көпшілікпен араласуға және тіл табысуға тырысыңыз, өзіңізді өзіңіз бағалаңыз.
25- 29 балл. Сіз аз сөйлейсіз, томаға тұйықсыз, жалғыз болғанды қалайсыз, сондықтан сіздің достарыңыз аз. Жаңа жұмыс және басқалармен араласу сізді тұйыққа тіремесе де, аз уақытқа болса да тыныштығыңызды бұзады. Өзіңіздің осы мінезіңізді білесіз және оған риза емессіз. Сіз мұндай наразылықпен шектелместен бұл мінезіңізді жеңуге күш салыңыз.Оған сіздің күшіңіз жетеді. Кейде жұмысқа беріліп кеткенде ашық жарқын болып, өзгелердің барлығымен тіл табысып кетесіз. Сондықтан тек қана өзіңіздің тұйықтығыңызды өзгерту керек
19-24 балл. Сіз белгілі дәрежеде көпшілсіз, таныс емес ортада өзіңізді емін еркін сезінесіз. Жаңа мәселелер сізді қорқытпайды, оны орындауға шешімді жылдам қабылдайсыз. Дегенмен, жаңа адамдармен араласуға, бәсекеге түсуге, диспуттарға қатысуға асықпайсыз. Өзіңізді жоғары бағалайсыз, сондықтан Сіздің сөздеріңізде басқаларды кекетушілік кездеседі, бұл кемшілікті түзетуге болады.
14-18 балл. Сіз басқалармен дұрыс қарым қатынастасыз. Сіз өте әуесқой, әңгімешіл адамсыз, басқаларды жақсы тыңдайсыз, қарым-қатынаста ұстамдылық көрсетіп, өз пікірлеріңізді, көзқарасыңызды асықпай дәлелдейсіз. Жаңа адамдармен тез араласып, тіл табысып кетесіз.Шулы ортаны ұнатасыз. Ойда жоқтағы (экстраванттық) қылықтарды, көп сөйлегенді жақтырмайсыз.
9-13 балл. Сіз ашық жарқынсыз (кейде шектен тыс). Өте әуесқой, сөзшең, әр түрлі сұрақтар туралы ой пікіріңізді басқаларға білдіруге құмар болғандықтан олар туралы көп айтқандығыңыз сонша, кейде айналадағылар жалығып кетеді. Жаңа адамдармен танысу сізге қиын емес.Әр уақытта көпшілік ортасында болғанды ұнатасыз. Ешкімнің өтініш сұранысына жоқ деп айтпайсыз, тек ол сөзіңізді орындамауыңыз да мүмкін. Тез ашуланғышсыз, бірақ қайтымыңыз да тез.Егер істі өзіңіз орындағыңыз келсе, алған беттен қайтпайсыз. Жауапты мәселелрді шешуде Сізге сабырлылық, батырлық, орындаушылық жетіспейді.
4-8 балл. Сіз өте көпшілсіз, іскер білгірсіз. Күрделі тақырыптар басыңызды ауыртса да жарыс сөздерге қатысуды ұнатасыз. Қандай да бір сұрақтарды үстіртін білсеңіз де, өз ойыңызды айтпай қалмайсыз. Барлық жерде өзіңізді суда жүрген балықтай, емін еркін сезінесіз. Барлық іс шараларға белсенді қатысып, мойыныңызға алған істерді аяғына дейін жеткізе алмасаңыз да, оны орындауға белсенділікпен кірісесіз. Сондықтан да, сіздің басшыларыңыз бен әріптестеріңіз сізге сенімсіздікпен қарайды. Бұл мәселеге көңіл аударыңыз.
3 балл. Сіз ашық- жарқын, көп сөйлейтін адамсыз, басқалармен өте тез тіл табысып кетесіз, бірақ бұл мінезіңізді көпшілік ұнатпайды.Сізге қатысы жоқ істердің барлығына араласып,тиісті емес мәселелрдің барлығын сынап мінейсіз, сондықтан саналы немесе санасыз түрде айналадағылардың жанжалының себепкері боласыз өзіңіз тез ашуланғыш, өкпелегіш, сын көтермейтін болғаныңызға қарамастан өзіңіз кейде ешкімнің көңіліне қарамайсыз. Жауапты жұмыстардан бас тартасыз, әріптестеріңіздің, отбасы мүшелерінің сіздің осы мінездеріңізден өте қиналатын кездері болады.сіз өзіңіздің мінезіңізді жөндеуге үлкен көңіл бөлуіңіз керек. Ең алдымен өзіңізді шыдамды болуға,өзіңізді ұстай білуге, адамдарды сыйлауға үйрету қажет. Соннан соң өзіңіздің денсаулығыңызды ойлаңыз, өйткені мұндай мінез құлықтың міндетті түрде ізі қалады
Дау дамайдағы мінез құлықты анықтау тесті.






