Созылмалы аппендицит: дифференциальді диагностикасы, емі

Созылмалы аппендицит (appendicitis chronica) — деп құрт тәрізді өсіндіде инфекцияның тұрақты болуына байланысты ұзақ мерзімге созылатын және, соған қарамай, ауру адамды қатты мазаландырмайтын сырқатты айтады. СА-те инфекция, көбінесе, бұдан бұрынғы кезеңде орын алған, бірақ кері даму процесі толық аяқталмаған ЖА ауруынан қалады немесе, сирегірек, ауру өз алдына біріншілік ретпен дамиды.

СА-ті жіктеу (топтау) жобасы. Көптеген ғалымдар Созылмалы аппендициттің мына төменде келтірілген түрлерін ажыратады

Резидуальді (қалдықты) СА. Бұдан бұрын болған ЖА сырқатының жартылай кері даму себебінен, ауру өзінің созылмалы түріне айналады.

Созылмалы қайталанатын (рецидивті) аппендицит. ЖА-те байқалатьш ұстамалы ауру сезімдері толық жоғалмай, ауру адамды мезгіл-мезгіл мазасыздандыруы және өсіндінің кейбір қабыну белгілерінің анықталуы.

Біріншілік ретте дамитын өсіндінің созылмалы қабынуы. Созылмалы аппендициттің бұл түрінде ауру адамның анамнезінде бұдан бұрын ЖА ауруына шалдыққаны туралы мәліметтер анықталмайды, демек ауру басынан созылмалы түрде дамиды.

Созылмалы аппендициттің клиникалық көрінісі: пациент оң жақ мықын аймағында орналасатын және жанға онша батпайтын, яғни қатты мазаландырмайтын ауру сезіміне шағымданады. Бұндай сезім әлсін-әлсін, әсіресе ауыр жүк көтергенде, тез жүргенде, секіргенде күшейеді. Ішек қызметінің бұзылуы (іш қату немесе өту, іш кебу т.б.) байқалуы мүмкін, бірақ бұл белгілер сирек кездеседі.

Ауру адамның жалпы жағдайы көп өзгермейді, ал лабораториялық зерттеу нәтижелерінде қабынуға тән құбылыстар (лейкоцитоз), көбінесе, болмайды.

Объективтік зерттеуде ЖА-тің кейбір белгілері (әсіресе Образцов белгісі) анықталуы мүмкін. Кейбір жағдайларда диагностикалық шара рстінде рентгенологиялық әдіс қолданылады. Ол үшін тоқ ішек кон­трасты затпен (барий ертіндісі) толтырылып, пленкаға түсіріледі (ирригоскопия). Созылмалы аппендицитте контрасты зат өсіндіге өтпейді немесе өсіндінің сыртқы пішіні әртүрлі болып өзгергені (деформация) көрінеді.

 

Созылмалы аппендициттің диагнозын анықтау барысында оны іш ағзаларының көптеген сырқаттарымен (созылмалы холецистит, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралары, пиэлит, созылмалы колит, глистік инвазия, әйелдердің ішкі жыныстық ағзаларының сырқаттары т.б.) мұқиятты түрде ажырату қажеттілігі туады және, әдетте, пациентті әржақты зерттегеннен соң жоғарыда аталған немесе басқа аурулардың түрі анықталмаған жағдайда ғана өсіндінің созылмалы қабыну диагнозына тоқталады.

Созылмалы аппендицитті емдеу тек хирургиялық жолмен іске асырылады. Диагноз толық анықталған соң, жоспарлы түрде операция жасалып, құрт тәрізді өсінді алынып тасталынады (аппендэктомия).

4.2.3 Ішек өтімсіздігі. Патогенезі.

Ішек өтімсіздігі— ауыр түрде өтетін ауру, асқазаннан артқы тесікке баратын ішек сұйыктығының тоқтауымен сипатталады.

Ішек өтімсіздігінің патогенезі

Ішек өтімсіздігі кезінде ағзада жалпы және жергілікті көріністер байқалады.Странгуляция кезінде ішекте, максимальді өзгерістер болады, өйткені онда шажырқайдың қан тамырлары зақымданады.Басында шырышта және шырыш асты қабатында қанның ұюы кездеседі.3-4 сағаттан кейін қан құюлылар болады, ішек қуысына қанның транссудат сияқты жиналуы және де құрсақ қуысында да жиналады. Қысылған түйінде перистальтика болмайды, өйткені онда сұйықтық жиналып және жел кеңейтіп тұрады. Кейінірек тамырларда тромбоз болады,артериальді қан айналып тоқтайды, некрозға ұшырап шырыш ажыратылып, содан кейін ішек қабырғасының түгелдей өлуі болады. Сонымен қатар ішектің нервтік түйіндері зақымданады. Осы өзгерістердің бәрі қайтымсыз болады және 4-5 сағаттан кейін ішектің түгелдей некрозы болады. Ішектің өзгерген қабырғасынан құрсақ қуысына инфекция еніп, периотонит тудырады.

Ішек қуысынан токсикалық заттар қанға түседі.(Гистамин тәрізділер) – холин, серотонин, кетохоломин, бұлар тамыр орталығына барып әсер етіп АҚ қысымын төмендетеді. Ағзаның улануы болады. Осы көріністі 1838 ж аммюсет стеркоромия деп атаған. Ішектің обтурациясында тамыр бұзылыстары біраз айқын көрініп тұрады, бұл бір жерде ішекте желмен сұйықтықтар жиналған, ішек қабырғасы созылған және де шырыштың өзгерістері болады. (созылғанның салдарынан жара болады). Басында перистальтика күшейеді, кейін атония дамиды.

Сонымен қатар жедел ішек өтімсіздігінің жергілікті өзгерістер кезінде жалпы бұзылыстар байқалады, аурудың қауіпті ағымында маңызды роль атқарады. Бұл бұзылыстар странгуляция да байқалуы мүмкін. Ішек өтімсіздігі болған жағдайда ағза тәулігіне 10 литрға дейін сұйықтық жоғалтады. Қалыпты жағдайда 1 л сілекей бөлінеді. Асқазан сөлі 3-4 л, өт 1- л, ұйқы безінің сөлі – 1,5л, ішек сөлі – 3-3,5 л.Осы сұйықтықтар ағзадан құсық массасымен жоғалады, ағзаның құрғауы болады және витаминмен ферменттердің алмасуы бұзылады. Жоғалған өзгерістер дамиды. Қанның құрамындағы хлориттер төмендейді.(300-400 мг — дейін)калий, натрий, осының салдарынан бұлшық еттердің әлсіреуіне әкеп соғады. Қанның қоюлануы дамиды. Эритремия 5-5,5 ммоль, “жалған”лейкоцитоз 20-30 азотемия. Транссудатпен бірге көп мөлшерде белок жоғалады, науқаста белок жетіспеушілік туады және осының нәтижесінде жүйке жүйесі зақымдалады. Бауырда бөлінетін гликоген бұзылыстары кезінде жүрек қызметі бұзылады.

Ішектің түйілуі кезінде нервтердің қысылуы қатты ауырсыну шақырады да рефлекторлы түрде орталық нерв жүйесіне әсер етеді, кейін шокты жамытады.

4.2.4 Жедел іш анықтамасы, негізгі клиникалық симптомдары.

Жедел іш синдромы - бұл құрсақ қуысы мүшелерінің жедел қабынуы аурулары кезінде болатын науқастың халін сипаттайтын медициналық термин болып табылады.

Көбінесе бұл термин науқастың жедел ауырып, тағат таппастан жылдам хирург маманның кеңесінен өтуі қажеттігін білдіреді. Кез келген медицина қызметкері осы бір сөз тіркесін естігенде бірден хирург маманын еске алады.

Негізгі Жіті іш клиникалық белгілері. іштің ауыруы, анемия, шок

Vistserosomaticheskaya қабыну ауыруы орган.

Vistserosomaticheskaya ауыруы, сепсис, перитонит.

Жедел obturation қуыс органның (ішек, өт жолдары) кезінде скачкообразное ауырсыну.

Анемия асқазан-ішек немесе құрсақ қуысына қан үшін.

жылы Бастапқы Зерттеу әдістері келесі науқасты қамтиды.

Тарих: уақыт және іштің басы (кенеттен, бірте-бірте), іштің оқшаулау; диарея және дизурия; температура; өткен ауыстырылды Құрсақ қуысы және құрсақ органдар хирургия аурулар.

инспекциясы: Науқастың мәжбүр лауазымы; науқастың уайым-қайғысы, дене пішінін өзгерту; әлсіздік, адинамия; Сусыздандыру белгілері (сүйір бет-бейнесі, құрғақ ауыз қуысының шырышты қабатының); бозару, сарғаю, таңдау (құсу, кресло, қан).

Температура: қолтық асты және ректальды.

Performance Гемодинамика. ЖЖЖ, қан қысымы, жүрек аускультация

4.2.5 Ішек өтімсіздігінің себептері.

ішек өтімсіздігінің этиологиясы (пайда болу себебі): Жедел ішек өтімсіздігініңдамуында бейім және әсер ету факторларды айырамыз. 1 – топ бейім болу факторы: туа біткен себебі (Мерккель дивертикуласы, мальротация, ішек атрезиясы, мықын және соқыр ішектің жалпы шажырқайы, әртүрлі қуыстар, құрсақ қуысына енуі, осының салдарынан ішек түйілуінің қысылуы болады.) ішектердің түйілуі, күш түсуі, жабысуы, қайырылуы, деформациясы, ішектің басылуы. ішек қуысында әртүрлі бөгде заттардың болуы (өт тастары, нәжіс тастары, аскаридалар және т.б.). Сонымен қатар ішек қабырғасында (ісінулер тыртықтар) немесе көрші мүшелерде кисталар, жүктілік жатыр және т.б). мүшелердің артық қозғалуы (сигманың ұзындығы, соқыр ішектің қозғалғыштығы). Алиментарлы фактор (С.И. Спасокукоцкий, 1908) тамақтану ережесінің бұзылуы (уақытсыз тамақтану, көп сіңірілуі, қатты тағамдарды қолданғанда) Толық тамақтанбау, май клеткаларының азаюы, құрсақтағы бұлшық ет тонусының төмендеуі, ішектің моторлыфункциясының өзгеруі. 2-ші топ: Әсер ету факторлары: құрсақ ішілік қысымның жедел көтерілуі Физикалық күш түсу Асқазан жолына көп тамақтың түсуі мен ауыртпашылық тудыруы Ішектің түйілуі немесе салдануы, 30-60 жастағы әйелдерден қарағанда ер адамдар жедел ішек өтімсіздігімен 2 есе ауырады.100 000 ішінен 4-тен 20-ға дейін ауырады

4.2.6 Динамикалық ішек өтімсіздігі. Себептері. Клиникасы

Динамикалық іш түйілудің негізгі себебі орталық немесе шеткі (перифириялық) нерв жүйелері қызметтерінің бұзылуымен байланысты болады.

динамикалық іш түйілу себептерінің негізінде, жоғарыда көрсетілгендей, орталық немесе шеткейлі (перифериялық) жүйке (нерв) жүйелерінің ішек моторикасын реттеу қызметінің әрқилы себептерден нашарлауы жатады. Ондай себептер хирургиялық операциялардан және іш жарақаттарынан соң немесе перитонит және іш қуысының абсцесі сияқты аурулар пайда болғанда және кейбір жүйке жүйелерінің ауруларында туады. Аталған себептер ішектердің спазмын немесе парез, параличін туғызады, ал олар, өз кезегінде, ішектердің қалыпты қозғалысын (перистальтика) бұзып, олардың өткізгіштік қасиетінің жоғалуына әсерін тигізеді.

Клиникалық көріністері мен диагностикасы. Іш түйілу ауруының түрлері, жоғарыдағы топтау жобасында көрсетілгендей, бірнешеу болғанмен олардың клиникалық көрінісінде субъективтік және объективтік ортақ белгілерді байқауға болады.

Сырқаттың келесі бір жиі анықталатын белгісі ол үлкен дәреттің шығуының қиындауы және іш желінің шықпауы. Кейбір пациенттерде, ауру басталуының алғашқы мерзімінде, ішекте орналасқан бөгеттен төмен бөліктері босау себебінен нәжіс түсуі мүмкін. Қабылдау бөліміндегі дәргерлерді бұндай жағдай диагнозды анықтауда дұрыс жолдан тайдыруы мүмкін екенін есте сақтағандары абзал. Келесі бір пациенттер қан араласқан нәжіс түседі деп шағымданады. Бұл белгі іш түйілудің инвагинация түрінде жиі байқалады және соған тән белгі. Ішек қуысында газдың көп мөлшерде жиналуы іш кебу белгісін тудырып, іштің сыртқы пішінін өзгертеді (деформация).

4.2.7 Жүктілердегі жедел аппендициттің ағымының ерекшеліктері. Диагностикасының қосымша әдістері,дәрігіер тактикасы.

Жүкті әйелдерде кең тараған хирургиялық аурулардың бірі- жедел аппендицит. Жедел аппендицит анамен ұрықтың өміріне қауіп төндіреді, ол 0,03-5,20% жағдайда кездеседі. Құрт тәрізді өсіндінің тесілуі 14% жағдайда кездеседі және оперативті көмекке жүгінеді. Жүктілік кезінде аппендицит 25-45% жағдайда науқастарда диагнозды нақты дәлелдейді. Жүктіліктің алғашқы жартысында ¾ жедел аппендицитке бақылайды. Көбінесе жиірек І триместрде (19-30%), II триместрде (44-80%), IIIтриместрде (15-20%), босанғаннан кейін(6-8%). Аппендициттің деструктивті түрі ІІІ триместрде жіне босанғаннан кейін туындайды. Жедел аппендицит кең тараған көрінісі ауырсыну, ауырсыну оң жақ мықын аймағында пальпация барысында, жүрек айну, құсу, дене температурасының жоғарлауы және лейкоцитоз болады. Жедел аппендициттің симптомдары босанбаған әйелдердің симтомынан ерекшелігі жоқ және клиникалық көрінісі жүктіліктің мерзіміне және құрт тәрізді өсіндінің патологиялық процессіне байланысты. Жүктілік кезінде жедел аппендицитті диагностикалау басқа аурулардағы сияқты “қатайған іш” симптомымен негізделінеді, ал босанбағандардан қарағанда ауырлау. Семеновтың зерттеуі бойынша 2/3-де қарағанда әйелдер кенесіне келген әйелдерді босану үйіне жүктіліктің угрозасы деп госпитализацияланады. Жүктіліктің үлкен мерзімінде аппендициттің клиникалық көрінісінің айқын өзгеруімен айқындалады. Жүктіліктің 20-22 аптасында соқыр ішек және өсіндісі жоғары және сыртқа қарай ығысады. Бұның негізгі себебі жатыр түбінің ұлғаюына байланысты. Жүкті әйелдерде жедел негізгі лабораторлы диагностикасы болып лейкоцитоз (лейкоциттердің солға ығысуымен), нейтрофильдер. Лейкоцитоз 12-19х10/л, бұл көрініс қалыпты жіне деструктивті аппендицит кезінде болады.

Жүктілердегі жедел аппендицит:

Құрт терізді өсіндінің орналасуының өзгеруі

Бұлшық ет тонусының қиын байқалуы

Перитонтке айналуы мүмкін

Туу кезінде диагноз қою қиын

Жатыр түтігін құрт тәрізді өсіндімен алып тасталуы

Операциядан кейін түсік тастауы мүмкін

Жалғыз емі – операция жүргізу.

4.2.8 Аллергиялық ринит. Патогенезі, дифференциалды диагностикасы

Аллергиялық ринит – IgE қатысуымен мұрын қуысы шырышты қабығының қабынуымен жəне күні бойы бір сағат жəне одан аса уақыт келесі симптомдардың кем дегенде екуінің болуымен: мұрынның бітелуі (обструкция), мұрыннан бөлінділер (ринореялар), түшкіру, мұрынның қышуымен мінезделетін мұрынның шырышты қабығының қабынулық ауруы. (Еуропалық академия мен клиникалық иммунологияның Халықаралық консенсусы - 2000 ж.).

Негізгі факторлар:

- аллергиялық сенсибилизацияның болуы;

- бай отбасылық жəне жеке аллергологиялық анамнез;

- жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы инфекциялары;

- кəсіби.

Ықпал ететін факторлар:

- мұрын жарақаттары;

- темекі тарту;

- бөлмедегі ауаның төмен сапасы;

- ауаның ластануы;

- климаттық факторлар;

- экологиялық факторлар;

- "өмір салты" факторлары;

- жедел жəне созылмалы күйзелу;

- дəрі-дəрмектерді, бояуларды, дезинфекция жəне дезинсекция мен т.б. бақылаусыз пайдалану.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: