Тырыспа.Клиникасы, профилактикасы

Тырысулар

Тырысу- бұл жүйке жүйесінің арнайы емес реакциясы, ол әр түрлі эндо және экзогенді факторлар әсерінен қайталанған құрысып – тырысу, ол қайталанатын құрысып – тырысу немесе оның эквиваленттері (жыбырлау, шошу, тремор, еріксіз қимыл,т.б)түрінде немесе жиі естен танып қалу түрінде байқалады.

 

Анықтау

Құрысып – тырысу кенеттен пайда болған скелет бұлшық еттерінің еріксіз жиырылуы, көбінде естен танумен бірге болады. Құрысып – тырысу локальді және жайылған болып бөлінеді. Эпилептикалық статус деп ес жинау толық болмауымен, тыныс алудың, гемодинамиканың бұзылуымен және мидың ісінуімен сипатталатын қайталанған ұстаманы айтады. Көбіне икроножные бұлшық еттер, сонымен қатар – бел, арқа, мойын және іште болады.

Тырысудың себептері

Тырысу бұлшық етте қанайналымның жетіспеушілігінен дамиды, әсіресе физикалық күш түскенде. Кейбірінде тырысулар сыртқы әсерлерден – денеге укол салғанда, кененттен қатты дауыста, алкаголь пайдаланғаннан пайда болады.Спортпен шұғылданатын адамдарда тырысу денеде тұздың жетіспеушілігінен болады. Кейде тырысулар – бұл жүйке жүйесінің ауруларында (эпилепсияда, неврозда) уланған кезде, зат алмасу бұзылыстарында кездеседі.

Симптомы

Тырысудың көрінісі әлсізден басталып күшті түріне өтеді. Жеңіл түрінде есін білмей қалу, көздің қарауытуы, тырысу ұстамалары. Орта түрінде – жоғарғыдағы симптомдарға зәрді және үлкен дәретті ұстай алмау, аз уақыттық естен тану болады. Қауіпті тобына – эпилепсиялық тану жатады. Бұл кезде қорқыныш сезімі, жүрек айну, бас айналу, ауыздан көбік шығу жатады. Тырысу бірнеше минутқа созылады.

Құрысып – тырысудың механизмі

Құрысып – тырысудың негізгі белгілеріне инфекциялық, токсикалық, су зат алмасу бұзылыстары жатады. Сонымен қатар ишемия мен гипоксия патогенезінің бірі болып табылады.

 

Тырысу клоникалық және тоникалық болып бөлінеді. Тоникалық тырысу қолда, аяқта, мойында, бетте, кейде тыныс алу жолдарында болады. Қолдары бүгілген, аяқтары ашылған, бұлшеқеттері босансымаған,басы артқа шалқайған, есі сал жоғалады немесе сақталған.

Клоникалық тырысуда бұлшықеттердің ритмиялық жиырылуы болады. Клоникалық тырысу жалпы емес локальді болады. Бұлшықеттердің тырысуы, тыныс алу бұлшықеттері кідіріп шығады.

Жедел көмек

1. Жалпы шаралар:

Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету; Ылғалданған оттегімен ингаляция жасау;

бас, аяқ – қол жарақатының алдын алу;

тіл тістеуін, құсықпен қақалуды болдырмау.

2. Дәрі – дәрмектермен емдеу:

Эпилепсияға қарсы анксиолитик. Диазепам (седуксен, волиум, сибазон) 0,5%ерітіндісін 0,1мл/кг дене салмағына көк тамырға немесе бұлшық етке, бір реттік мөлшері 2 мл-ден артық болмауы керек. Егер көк тамырға жасау қиын болса диазепам ауыз қуысының бұлшық етіне енгізіледі. Егер ұстама аз уақытқа немес толық тоқтамаса, онда 12-20 минуттен кейін бастапқы мөлшердің 2/3 бөлігін енгізеді. Барлық мөлшері 4мл-ден аспауы керек;

 

Егер ұстама толық тоқтамаса қосымша оксибутират натрий 20% ерітіндісін 0,3-0,5 мл /кг дене салмағына көк тамырға жайлап 10%глюкоза ерітіндісімен немес б/е қолданылады;

Егер нәтиже аз болса қосымша дроперидол 0,25%ерітіндісін 0,05мл/кг көк тамырға немесе 0,1-0,2мл/кг б/е қолданылады;

Егер эпилептикалық статус жалғаса берсе, онда ӨЖЖ үшін реанимация бөлімшесіне жатқызады.

3) Қосымша шаралар: - дене құрысып – тырысуында ұзақ естен танса ми ісінуі және гидроцефалияның алдын алу үшін лазикс 1-2 мг/кг, преднизалон 3-5 мг/кг көк тамырға немесе б/е енгізіледі;

 

Ауруханаға жатудан бас тартса, құрысып –тырысу тоқтағаннан кейін фенобарбитал 1-2 мг/кгсөткесіне;

Фебрильді құрысып – тырысуда 50%аналгин ерітіндісін 0,1 мл әр жасына және пипольфен 2,5%ерітіндісін 0,1мл әр жасына б/е;

Гипогликемиялық құрысып – тырысуда к/т-ға үздіксіз глюкоза 20%ерітіндісін 1 мл/кг жасайды, одан кейін госпитилизациялайды.

Жедел госпитализациялау көрсеткіштері:

Бір жасқа дейінгі балалар;

Фебрильді құрысып – тырысулар;

Себебі белгісіз құрысып – тырысулар;

Жұқпалы аурулар кезіндегі құрысып – тырысулар.

 

Күйіктер. Термиялық күйіктер. Күйіктің көлемін және тереңдігін анықтау.

Электрокүйіктер. Клиникалық ағымының ерекшеліктері.

Күйіктер Ыстықтың (жоғарғы температура), химиялық заттардың, электр тогының, радиация сәулесінің жергілікті әсер етуінен болатын жарақаттарды күйік деп атайды. Терінің көлемі адам денесінің 1/6 — 1/7 бөлігін құрайды. Дерма мен эпидермисті қос алғандағы салмағы адам қанының салмағына тең. Ересек адамның терісінің ауданы 1,5 м -тан 2,5 м -қа дейінгі аралықта. Күйіктің ауданын анықтау кезінде бастапқы шама ретінде 1,7 м2 алынады. Терінің эпителий қабатында діңгекті қан тамырлары жоқ. Бұл аталған тамырлар бүртікті қабаттың ұшына дейін ғана жетеді де мальпиги қабатынан жоғары өтпейді. Теріде үш капилляр қабаты бар: 1-шісі — беткі қабат, дерманың бүртікті қабатында орналасқан, 2-шісі — аралық қабат — тер бездері мен шаш қапшықтарының деңгейінде орналасқан, 3-шісі дерманың астында орналасады. Эпителий жамылғысының клеткалары оттегінің жетіспеуіне төзімді және олардың бітісіп кету қабілеті өте жоғары.

. Этиологиялық себептеріне байланысты: термиялық; химиялық; электрлік; сәулелік.

Термиялық күйіктер. Адам тіндерінің тіршілігінің температуралық шегі шамамен 450 С тең. Сондықтан, терінің зақымдану дәрежесі мына факторларға байланысты: Әсер ету температурасына — ол неғұрлым жоғары болса, жарақат соғүрлым ауыр болады, күйік температура 500С және одан жоғары болған кезде дамиды. Теріге жанасатын заттың жылу өткізгішітігіне (ауа, су буы, жалын, металл зат және т.б.). Жылу өткізгіштігі жоғары болса, зақымдану да ауыр болады. Ыстық агентпен жанасу уақытына: уақыт неғұрлым ұзақ болса, жарақат соғұрлым ауыр болады. Қоршаған ортаның ылғалдылығына: ылғалдылығы жоғары болса, күйік дәрежесі үлкен болады

Электр күйіктері. Бұл күйіктердің алатын үлесі 3%. Олардың бір ерекшелігі ішкі ағзалар электромагниттік өріспен зақымданады.

. Кеңестен кейінгі кеңістікте хирургтердің Бүкілодақтық XXVII съезінде қабылданған жіктеу қолданылады. Зақымдану тереңдігіне байланысты күйікті 4 дәрежеге айырады: I дәрежелі күйік. Зақымдану тек эпидермисті қамтиды. Терінің қызаруы, ісінуі, ашыған ауырсыну сезімімен көрініс береді. Бұл құбылыстардың негізінде тұрақты артериялық гиперемия мен қабынулық экссудация жатыр. II дәрежелі күйік. Тері тереңірек зақымданады, бірақ бүртікті қабаты сақталады. Эпидермис дермадан ажырап, мөлдір, сары түсті сұйық толған көпіршіктер пайда болады. І а дәрежелі күйік терінің ішінара (бүртікті қабаттың ұштарының) өлі еттенуімен сипатталады, әйтседе терінің тереңдегі қабаттары мен оның туындылары (шаш қапшықтары, тер мен май бездері) сақталады. ІІІ б дәрежелі күйік. Терінің толық өлі еттенуімен сипатталады. Кейде тері астындағы шел қабаттары да зақымдануы мүмкін. IV дәрежелі күйік. Тері мен тері астындағы шел қабаттары ғана емес, тереңде орналасқан тіндер де өлі еттенеді (бұлшық ет, сіңірлер, сүйек пен буындар). Тәжірибе тұрғысынан алғанда, емдеу ерекшеліктеріне байланысты барлық күйіктерді екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ — беткі күйіктер (I — II – ІІІ а дәрежелі күйіктер). Бұл күйіктерде терінің жоғарғы қабаттары зақымданады. Тері кетігінің өздігінен жабылуы мүмкін, өйткені эпителизацияның негізгі көздері (эпителийдің түзуші қабаты, май мен тер бездерінің шығаратын өзектері, шаш қапшықтар) сақталады. Беткі күйіктер консервативтік еммен тері жамауды қолданбай-ақ жазылады. Екінші топ — терең күйіктер (ІІІ б — IV дәрежелі) терінің толық және тереңде жатқан тіндердің өлі еттенуімен сипатталады. Бұл күйіктерді емдеу үшін теріні операция жолымен қалыпқа келтіру қажет. Батыс елдерінде бес дәрежелі жіктеу қолданылады. Бұл жіктеудің айырмашылығы күйіктің ІІІ б дәрежесі IV дәреже деп, IV дәрежесі тиісінше V деп аталған. Зақымдану ауданына байланысты Күйіктің ауырлық дәрежесін анықтау үшін зақымданған беттің ауданын анықтаудың маңызы зор. Оның ішінде күйіктің ауданының абсолюттік шамасының емес, жалпы дене ауданына қатынасы арқылы көрсетілген салыстырмалы ауданының маңызы ерекше. Адам денесінің жалпы ауданы 15000 см -тан 21000 см -ге дейінгі аралықта. Күйіктің жалпы ауданын және терең күйіктердің ауданын анықтауға мүмкіндік беретін көптеген арифметикалық, графикалық жобалар мен есептер ұсынылған. Күйіктің ауданын дәл анықтау әр адамның индивидуалдық ерекшеліктеріне — бойы, салмағы, аяқ-қолының ұзындығына байланысты өте қиын. Күйіктің ауданын анықтау кезінде терінің табиғи қыртыстарын ескеру қиын, сонымен қатар, бір аймақты бір аймақтан бөліп тұратын айқын шекараның болмауы да күйіктің ауданын анықтауды қиындата түседі.

. А. Уоллестің әдісі (1951 ж.). Бұл әдіс «тоғыздық ережесі» деген атпен белгілі болды. Бұл ережеге сәйкес дененің негізгі бөліктері 1-2 тоғыздықтан тұрады (дененің жалпы ауданының 9%) — тиісінше 9-18 %. Балаларда бұл қатынас өзгешелеу және жасына сәйкес өзгеріп отырады. «Тоғыздық ережесіне» сәйкес бас пен мойын 9%, қолдың ауданы 9 ■ 2 =18%, кеуденің алдыңғы беті — 9 ■ 2 =18%, кеуденің артқы беті — 9 ■ 2 =18%, сандардың ауданы — 9 ■ 2 =18%, балтыр аяқ басымен — 9 ■ 2 =18%, шап аралығы -1%. Уоллестің жобасы дәл болмағанмен күйіктің ауданын тез де қарапайым түрде анықтауға мүмкіндік береді. И.И. Глумовтың әдісі (1953ж.). Бұл “алақан әдісі” деген атпен белгілі. Бұл ереже бойынша күйіктің ауданы 1%-ке тең зардап шегушінің алақанының ауданымен өлшенеді. Б.Н. Постниковтың әдісі (1949 ж.).

Б.Н. Постников күйген теріге стерильденген дәке немесе целлофан салып, күйіктің жиектерін сол дәкеге немесе целлофанға көшіруді ұсынды. Осылайша, миллиметрлік қағаз көмегімен күйіктің абсолюттік ауданы анықталады. Сонан соң дененің жалпы ауданына қатынасы арқылы күйіктің пайыздық ауданы анықталады. Бұл әдіс ұзақтығы мен машақаты көптігіне байланысты тәжірибеде қолданылмайды. Г.Д. Вилявиннің жобасы. Күйіктің ауданын құжаттау мен есептеу үшін бірқатар авторлар адам денесі көрсетілген әртүрлі пішіндегі штамптар әзірледі. Бұл штамптар белгілі бір ауданға сәйкес келетін шаршыларға бөлінген. Бұл шаршылар «скиццалар» деп аталады. Кең таралған жоба Г.Д. Вилявиннің жобасы. Бұл жоба адам денесінің алдыңғы және артқы бетінің жобасы. Күйіктің тереңдігі әртүрлі бояумен немесе штрихпен көрсетіледі. Дененің бүйір бетінің жағдайын көрсету үшін профильдік скиццалар жасалған. Күйікті көрсетудің Ю.Ю. Джанелидзе шығарған формуласы. Күйіктің ауырлығы 3 негізгі фактор бойынша анықталады: күйіктің тереңдігі (дәрежесі); күйіктің ауданы (%); күйіктің орналасқан жері. Бұл аталған әдістердің барлығының бір кемшілігі — күйік жөнінде толық мәлімет бермейді. Бұл орайда Ю.Ю. Джанелидзе (1931 ж.) ұсынған, кейін В.В. Васильев пен В.О. Верхолетов толықтырған формула дәлірек көрінеді. Бұл формуланың қазіргі кездегі көрінісі мынадай: күйік бөлшек түрінде көрсетіледі. Оның алымында күйіктің ауданы, жақша ішінде терең күйік ауданы, ал бөлімінде — күйіктің дәрежесі көрсетіледі. Сонан соң — негізгі зақымданған аймақтар көрсетіледі (бас, мойын, кеуде және т.б.). Мысалы, бас пен мойынның 10% (оның ішінде 5% терең күйік) II — III дәрежелі термиялық күйігі деген диагноз былайша жазылады: Термиялық күйік 10% (5%) бас, мойын. Күйіктердің клиникасы Күйіктің клиникасы күйік жарасындағы жергілікті өзгерістер мен күйік ауруының жалпы көріністерінен құралады. Күйік жарасындағы жергілікті өзгерістердің нобайы мынадай: Термиялық агенттің әсерінен болатын анатомиялық және функциональдық өзгерістер; Реактивті қабыну процестері; Регенерация. Бұл аталған процестердің сипаты ең алдымен тіндердің зақымдану дәрежесіне байланысты. Күйік неғұрлым ауыр болса, тіндердегі морфологиялық өзгерістер де айқын және клиникасы әр алуан болады. Күйіктің дәрежесі (тереңдігі) жоғарыда келтірілген төрт дәрежелі жіктеу бойынша көрсетіледі (I — IV дәреже). Күйіктің тереңдігін анықтаудың дәлдігі мен уақытылығына емдеу әдісін таңдау мен дерттің ақыры көп байланысты. Өлі еттенудің тереңдігін ерте анықтау комбустиологиядағы ең маңызды мәселенің бірі болып отыр. Зақымдану тереңдігін анықтау. Зақымдану дәрежесін анықтау анамнездің мәліметтеріне, күйік жарасын қарау кезінде алынатын мәліметтерге және қан айналысы мен сезімталдықтың бұзылу дәрежесін анықтайтын бірқатар диагностикалық сынамалар нәтижесіне негізделеді. Күйік аймағын қараған кезде қызару, қабық, өлі еттену ошақтары сияқты белгілерге назар аудару керек. Тиісінше, табылған белгілерге сүйене отырып, күйіктің тереңдігін болжауға болады. Күйік дәрежесін ажырату үшін, әсіресе, ІІІ а және ІІІ б дәрежелерін ажырату үшін қан айналысы мен сезімталдықтың бұзылуын анықтайтын әдістер, арнаулы бояғыш заттар мен ферменттік препараттар қолданылады. Қан айналысының бұзылуын анықтау. Беткі күйіктерге тән құбылыс. а) Басу әдісі Қан айналысының бұзылу дәрежесіне байланысты үш аймаққа айырады: Гиперемия аймағы. Беткі күйіктерге тән. Қызарған теріні басқан кезде тері бозарады. Іркіліс аймағы. Басқан кезде терінің түсі өзгермейді. Өйткені айқын көктамырлық іркіліс пайда болады. Әдетте, бұл құбылыс 1 тәуліктің аяғына таман дамиды (сынама аталған мерзім өткен соң айқын байқалады). Сонымен қатар, артериялық қан қысымын өлшейтін аппаратпен 60-80 мм.сын. бағ. тең қысым жасалса, некроз болған жерлерде көгеру байқалмайды. Мұндай өзгерістер ІІІ б және IV дәрежелі күйіктерге тән. Қан айналысы толық жоқ аймақ. Терең күйіктерде, ылғалды, құрғақ өлі еттену аймақтарында байқалады. 1-ші аймақтағы өзгерістер қайтарымды, 2-ші аймақтағы өзгерістер де қайтарымды болуы мүмкін, кейде өлі еттену ошақтары да байқалады, 3-ші аймақ өлген тіндер аймағы. Осылайша, өлі еттену процестері 2-ші және 3-ші аймақтарда пайда болуы мүмкін. Қан айналысын бағалаудың объективті әдістері де бар. Тетрациклиндік флюоресценция әдісі. Окситетрациклинді ішкеннен соң қараңғы бөлмеде күйік болған жерді кварц лампасымен сәулелейді. Беткі күйіктер (I – ІІІ а дәрежелі) сары түсті жарық береді, ал терең күйіктерде мұндай құбылыс байқалмайды. Термометрия әдісі. Терідегі қан айналысы бұзылса температурасы төмендейді. Бұл әдістің көмегімен ІІІ а, ІІІ б дәрежелі күйіктерді ажыратуға болады. ІІІ б дәрежелі күйікке шалдыққан жерлерде температура 1,5 -2оС -қа төмен. Ауырсыну сезімін анықтау. Ауырсыну сезімі ІІІ а дәрежелі күйікте күрт төмендейді, ІІІ б, IV дәрежелі күйікте тіпті болмайды. Күйік тереңдігін анықтаудың тағы бір әдісі — терідегі түкті жұлып көру — егер науқас ауырсынатын болса және түк тез жұлынбаса — күйік беткі күйік; терең күйікте түктер оңай алынады, ауырсыну сезімі болмайды. Аталған сынамаларды дұрыс бағалау үшін тексеруді терінің сау немесе беткі күйік жағынан бастау қажет. Бояғыш заттарды қолдану. Терең өліеттену аймағын анықтау үшін тіндерді Ван-Гизон әдісімен бояуды пайдаланады. Зақымданбаған тері мен I — II дәрежелі күйіктер айқын раушан түске боялады. Ал ІІІ а дәрежеде — сарғыш түске, ал терең күйіктер — қанық сары түске боялады. Эванс көгін ішке жіберу арқылы бояу өте сирек қолданылады. Өйткені боялған тіндердің бақылау қиынға түседі. Ферменттік әдіс. Тіндердің зақымдану тереңдігін ферменттік әдіспен анықтау тері биопсиясын жасауды қажет етеді. Алынған биоптаттарды дифосфопиридиннуклеотидфосфатаза ерітіндісі бар пробиркаға салады. Тіршілігі сақталған тіндер 3-5 минуттен соң біркелкі көгілдір түске боялады. Өлі еттенген тіндер боялмайды немесе ала боялады. Бұл аталған әдістердің барлығы да беткі және терең күйіктерді ерте және шексіз дәлдікпен ажыратып бере алмайды, сондықтан бұл орайда дәрігердің санаттық дәрежесі мен тәжірибесінің маңызы зор. Күйік жарақатының ауырлығы мен ақырын болжау. Терең де ауқымды термиялық күйіктер пациенттің өміріне қауіп төндіреді. Орта жастағы ересек адамдар үшін I дәрежелі тотальдық күйік пен 30% астам II және а дәрежелі күйік, ІІІ б және IV дәрежелі 10 -15% — дан астам теріні қамтитын күйіктер, сонымен қатар бет пен шап аралығының күйіктері адам өмірі үшін қауіпті саналады. Күйік кезіндегі болжамды анықтайтын қарапайым әдістерге “жүздік ережесі” мен Франк индексі жатады. Жүздік ережесі. Науқастың жасы мен күйік ауданының салыстырмалы шамасының қосындысынан тұрады (жалпы дене ауданына қатынасы %). Егер алынған қосынды: Секретный гороскоп Тамары Глобы попал в сеть. Читайте, пока не удалили Доход для сайтов < 60 — болжам қолайлы; 61-80 — болжамның қолайлылығы салыстырмалы; 81 — 100 — болжам күдікті; >100 — болжам қолайсыз. Бұл әдіс тек ересек адамдарға ғана қолданылады. Франк индексі. Франк индексін беткі күйіктер ауданы мен терең күйіктердің үш еселеген ауданын қосу арқылы алады. Егер индекс: < 30 — болжам қолайлы; 31-60 — болжам салыстырмалы түрде қолайлы; 61 — 90 — болжам күдікті; >91 — болжам қолайсыз.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: