Кіріспе. Л- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Л- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Азақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Факультет: Биология және биотехнология

Кафедра: Биотехнология

Баяндама


Тақырып: Тәуекел ханның сыртқы саясаты

Тапсырған: Тастамбек Қ.Т.

Қабылдаған: Смағұлов С.С.

Алматы 2012 жыл

Жоспар:

Ø Кіріспе

Ø Негізгі бөлім

Ò Тәуекел хан кезіндегі Қазақ хандығының Өзбек хандығымен қарым қатынасы

Ò Тәуекел хан кезіндегі Қазақ хандығының Ресеймен қарым- қатынасы

Ø Қорытынды

Ø Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақ тарихы, қазақстан тарихы- әлемдегі орны бөлек, ең бай, ең терең тарих. Ол дегеніміз еліміздің айнасы болып табылады. Демек, тарихты, яғни өз тарихын кез- келген адам жетік меңгеріп, жақсы білуі шарт. Енді, сол тарихтың, тарих бетінен менің алған тақырыбым «Тәуекел ханның сыртқы саясаты». Менің бұл тақырыпты алған себебім, Тәуекел ханның 16 жыл ел басқарғандағы қазақ ордасын нығайтуға қосқан еңбегін, зерттеулерді, деректерді, қағаз бетіне түсірілген тарихи оқиғаларды жинақтай отырып, тыңдаушылар мен оқырмандарға жеткізу. Тәуекел ханның қазақ халқы үшін атқарған жұмысын, сыртқы саясатының мәнін, қаншалықты маңызды екенін түсіндіре білу және тарихи еңбегі арқылы, тарихи тұлғаны түсінуге, батыр, ақылды елбасына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Қазіргі таңда, жастар тарихтағы Тәуекел хан былай тұрсын, тарихтың өзін жарытып оқымайды. Сол себепті соларды тарихқа бір шетінен баулу үшін де жасалған дүние деп білемін. Негізінен Тәуекел хан туралы, оның қазақ жерін, қазақ халқын және қазақ ордасын нығайтуға елеулі үлес қосқаны туралы біз 7-8 сыныптарды оқыған болатынбыз, бірақ 7-8 сыныптарға арналған «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығанда төрт- бес сөйлем ғана берілген. Ал, енді, соны біз одан ары қарай мәліметтер, зерттеулер, еңбек беттерін ашып толығырақ қарастыратын болсақ уақыт аздық етеді деп ойлаймын. Жалпы айтқанда қазақ тарихы қиын болған, өзіміз көріп отырғандай ата- бабаларымыздың тарихтың талай- талай өртінен өткен жандар. Сонау кезден олар бейбіт сүйгіш халық екенін дәлелдеген. Осының барлығы дана басшының арқасы болған. Себебі, басшы өзінің даналығымен шешім қабылдап отырған. Сол дана басшылардың бірі, баста атап өткендей – Тәуекел хан.

Мен, осы баяндама арқылы тыңдаушылар мен оқырмандарға Тәуекел ханның өзі және оның сыртқы саясат туралы түсіндіре біліп, осы жазғаным олардың назарын аударады деп сенемін.

XVI ғ. соңында хан тағына Жәнібектің ұрпағы Хақназардың немере інісі, 80 жастағы Шығай отырды. Ол 1580-1582 жылдар аралығында билік құрды. Оның саясатының негізгі бағыты- өзбек ханы Абдаллахпен байланысты болды. Соған байланысты 1582 жылы жазда Шығайдың баласы Тәуекел Йасы қаласының маңында Баба сұлтан мен соғысады1. Баба сұлтанды өлтіріп, оның басын

ІІ Абдаллахқа апарып беріп, сұлтанның балаларын, әмірлерін тұтқындайды. Кейін өзбек ханы Тәуекелге Самарқанд аймағын сыйға тартады. Осы кездері Шығай қайтыс болады. Хан тағына Тәуекел отырады. Ол 1582-1598 жылдар аралығында билік құрады. Бұл кезде Сыр бойындағы Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары ІІ Абдаллахтың билігінде болады. Соны қайтару керек болды. Тәуекел хан Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды2. Тәуекел ханның билікке жетуінің өзі қиын болды. Себебі, ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Негізінен ол 1586-1594 жылдары билікке таласқан Хақназар ұлдарымен күресті. Күресе отырып жан- жағына шабуылда жасай білді. 1586 жылы Түркістанды басып, Ташкентке қауіп төндірді. Ақырында хандық құруға

1Қазақ әдебиеті газеті 1995 жыл, 25 шілде, № 14 Тәуекел хан заманында басылымы 80-92 б.

2Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі // Тәуекел хан тұсында қазақтың көне тарихы. Алматы, 1999 жыл. 256-257б

өз құқығын бекітті. Оның саяси жағынан Хақназар кезеңіндегідей өрлеу үстінде

болды. Кейін келе сол саясатты жалғастырды. Ол Орта Азияның сауда орталықтарына жолын ашу саясаты болатын. Тәуекел мықты қолбасшы ғана емес, көрнекті ел басшы, дипломат, шебер саясаткер болған. Ол ата- бабаларының ел басқару өнерін ғана емес, көршілес елдердің ішкі, сыртқа саясаттарын, ел басқару өнерін зерттеп, бақылап отырған. Әсіресе өзінің қарсыласы Бұқар хандығының соғыс өнері мен ел басқару жүйесін танып, меңгерген. Абдаллах ханның ішкі саяси жағдайын, күш- қуатымен қатар осал тұстарын да зерттелейді. Сол заманның тарихшылары Абдаллахты шебер саясаткер, құдіретті әмірші, жеңімпаз қолбасшы деп мадақтай келе, оның сарайындағы сән- салтанатты тамсана жаза келе, егер қажет болса Абдаллах хан бір аптада 500 әскер шығара алатынын көрсетеді. Осындай қауіпті жаумен ауыр соғысқа бару ол кезде қазақ хандығы үшін өмірлік қажеттілік болды. Баста аталған Сыр өңірі қазақтың атамекені ғана емес, сауданың, қолөнердің, мәдениеттің орталығы болды. Сонымен қатар көшпелі қазақтар үшін Сырдың суы, ну тоғайлары құм арасында қыста мал бағатын қолайлы жер қыстаулары еді. Тәуекел хан қатерлі күресті бастамас бұрын оған мұқият даярланды. Ойраттарға қарсы табысты жорық жасап және ауыр бітім-шарттарын да таңбай, олармен 20 жылдай тыныштық сықтайды. Тіпті ойраттырдың бір бөлігі Тәуекел ханның билігін мойындайды. Мұсылман жазбаларында олар қалмақ деп аталады3.

Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында едәуір саяси байланыстар болды. Орыс мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларын кеңейтуге мүдделік көрсетті.Мемлекеттік өкіметтің орталықтандырылуына және күшеюіне қарай көршілес жатқан шығыс мемлекеттерінің халықтарымен сауда айырбасынөзара қарым-қатынастың басқа да түрлерін дамытудың мүмкіндіктері едәуір арта түсті. Орыс мемлекетінің

3Мағауин М. Тәуекел – Бахадүр ханның ұлы жеңісі // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1995 жыл.80-83 б.

4Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи алғы шарттары. // Тәуекел хан Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс. Алматы, 1981 жыл.56-59 б.

Қазақстанға деген ықыласы, әсіресе, 15-16 ғғ. Екінші жартысына бастап Ресей ортаазиялық хандықтарымен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатқаннан кейін қатты күшейді. Ортаазиялық хандықтармен Қазақстан арқылы аралық сауда жолдарын дамытуға мүдделі болған көпестер керуендерінің өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты, ал орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хандарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары үлкен рөлатқарды. Мысалы, Мәскеудің басшысы Иван ІҮ 1573 жылы Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігін қазақ даласына жіберді. Елшілік қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді.

Қазақ Ордасының елшілері Мәскеуге 1594 жылдың аяқ шенінде жеткен сияқты. Елшілік туралы алғашқы жазба дерек- 1595 жылдың 20 қаңтарында таңбаланған4. Қазақ Ордасының елшілерін бастап барған Құл- Мұхаммед бек. Елшілік құрамында канша адам болғаны туралы мағлұмат жоқ. Елшілікке қатысты іс - қағаздар толық сақталмаған. Бірақ соның өзінде Тәуекел

ханның Мәскеуге мәртебелі елшілік аттандырудағы мақсат - мұраты, екі ел

дипломаттары арасында жүргізілген келіссөздердің мән- мағынасы айқын танылады. 1594 жылы елшілік жіберу мақсаты Тәуекел өзінің бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшаға жіберген болатын және елшілік Тәуекелдің жиені Ораз- Мұхаммедті орыс тұтқынынан босату болды, ол 1580 жылы Көшіммен соғыс кезінде қолға түскен болатын.

Қазақ елшілігі орыс патшалығына Қазақ хандығының жайы туралы бір қатар қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, Құл- Мұхаммед былай деп хабарлаған: *Ал қазір Бұхара патшалығымен уақытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай татумыз, Тинехматтың балаларымен де, Ұрыс тұқымымен де ала- бөтен емеспіз*. Бұл елшілік туралы істе Тәуекел хан *қазақ және қалмақ патшасы* деп те атаған, оған Орталық және Солтүстік Қазақстанды мекендеген қазақтарға жақын көшіп- қонып жүрген кейбір жоңғар бағынған деген қарытынды жасауға болады. Сонымен, қазақтар- Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу және Абдоллахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегіне уәдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылы наурызда айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, онда Тәуекелге Қазақ хандығын *өзінің патшалық қол астына* алатынын хабарлаған және *патша мен ханзадаларға оқ ататын қару* жіберуге уәде етеді де, одан ары қарай мынадай тілек айтады: Тәуекел *біздің патша қол астымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұхара патшалығымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар*. Қысқартып айтқанда, Абдоллах пен Көшімді Тәуекел ханның өзі тыныштандыруға тиіс болды. Тәуекелдің жиеніне келер болсақ, патша оны Тәуекел *оның орнына өзінің ұлы Үсейін ханзаданы аманат етіп жіберген* жағдайда бәрі бірдей қабылдауға қолайлы болмады. Мәскеудегі орыс- қазақ келіссөздердің материалдарына қарағанда, бұл өзара қатынастарға Тәуекел қазақ хандығының саяси тәуелсіздігін жоғалтуға емес, қайта Абдоллахқа қарсы күресу үшін әскери одақ ретінде қарағаны көрінеді. Тәуекелдің барған елшілігіның тағы жақсы жағы бар- Құл –Мұхаммед бек осында жатқан Иран елшісі Ғади- бекпен танысып, ортақ жау – Бұхар хандығына қарсы күрес туралы келіссөздер жүргізеді. Оны ары қарай нақты ойластыру үшін Иран елшісін өздірімен бірге Тәуекелге жіберуін сұрады. Елшілердің өтініші

орындалды. Ғади- бектің Дәруіш-Мұхаммед деген елшісі елшілермен ілесіп Тәуекелге келеді. Бұл заманда Иран мен Қазақ арасында аса тікелек қарым- қатынас жоқ еді, сөйтіп, екі елдің алыстағы Мәскеуде кездескен өкілдері ортақ жау – Абдоллаға қарсы күрес шартының негізін салады. Ресей патшалағының рәсімі бойынша, Мәскеуге келген елшілер өз беттерімен қия баспауға, бейсауыт ешкіммен сөйлеспеуге, кездеспеуге тиіс еді. Құл- Мұхаммед пен Ғади- бектің еркін жүздесуі бас уәзір, ақтажы алпауыт Борис- Годуновтың арнайы рұқсаты нәтижесінде ғана мүмкін болған. Бұл рұқсатты алып берген патша сарайында айрықша құрметке жеткен Ораз- Мұхаммед сұлтан еді. Құл- Мұхаммед бастаған елшілігі Мәскеуге келген кезде Ораз- Мұхаммед патша сарайындағы құрметті мейман ғана емес, Ресейдің белгілі әскербасы воеводасы болатын. Қазақ елшілігінің Ресеймен әскери одақ құру туралы келіссөздерін соңғы ең басты шаруасы- осы Ораз- Мұхаммедті елге қайтару еді. Орыс өкіметі бұл тарап жайлы пікірін бірден айтпады. Қазақ елшілері Ораз- Мұхаммедпен бірнеше рет кездесіп, әңгімелеседі, тек қана оңаша емес, үнемі бақылау астында. Бас уәзір Борис Годунов қазақ елшілерінің Ораз- Мұхаммедтің Мәскеу түбінде сән-салтанатты иелігіне барып, соның үй- ішіменде кездесуге де жағдай жасап береді, тіпті, алыстан келген мәртебелі меймандарды тиісінше қабылдап, жақсылап қонақ етуі үшін арнайы қаражат бөледі. Ораз- Мұхаммедтің туған еліне – ағасы Тәуекел ханға, інісі Көшек сұлтанға, Орданың басқа да игі жақсыларына сәлем-хат жолдауына да рұқсат береді. Сұлтанның еліне қайтуына ешқандай бөгесін жоқ дейді. Орнына аманатқа Тәуекел ханның туған ұлы келсе болғаны дейді. Бірақ, барған елшілік мүлде нәтижесіз болды деуге болмайды, Тәуекел хан және оған тірек болап отырған Шах –Мұхаммед сұлтан, Көшек сұлтан, Есім сұлтан, Сүтемген би сияқты Қазақ ордасының қайраткерлері Ресейдің сыртқа саясатын біржола таниды. Бұқараға қарсы күресте тек өз күшіне сену керегін аңдайды. Сонымен, қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, дипломатиялық қатынастар, сондай- ақ сауда байланыстары жалғаса берді.

Қазақ- орыс дипломатиялық қатынастардың дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. Қазақтар өз тауарларын рыноктарға: малын, мал өнімдерін және т.б. апарып отырды. Ресейден Орта Азия мен Сібірге апаратын жол Қазақ хандығы арқылы өтті. Тобыл қаласынан Орта Азияға апаратын сауда жолы. Ертіс өзені арқылы Есіл өзенінің бас жағына қарай, ал ол жақтан Ұлытауды айналып өтіп, Сарысу арқылы Түркістанға дейін, сонан соң Сырдария өзені арқылы Бұқараға өтітін еді.

Құл- Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы наурыз айында Мәскеуден Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберіледі5. Вельямин Степанов деген мәмілегер бастаған орыс елшілігі жаз шыға Тәуекел ханның

5Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи алғы шарттары. // Тәуекел хан Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс. Алматы, 1981 жыл.14-17 б.

Алатау етегінде тұрған орда байтағына жетеді. Қазақ елінде екі ай болып, сый-сияпат көреді, қадарынша ұлыс ахуалымен танысады, ақыры, нақты бір келісімдер жасаудан бой тартып, сол жылы күзде Мәскеуге екінші рет аттанған Құл- Мұхаммед бекпен бірге кері қайтады. Бұл елшілік жыл басында басталған келіссөзді одан ары жалғастырып біржола тиянақтауға тиіс еді. Екінші елшілікке қатысты құжаттар сақталмаған. Алайда, іс- мәнісін, оның ақырғы нәтижесі әуелгі елшілік қағаздарынан айқын танылады. Қазақ Ордасының от қару алып, бір жола күшейіп кетуінен сескенген Ресей сөз аяғын құрдымға жіберген: әуелі Ресейдің бодандығын қабылдаңдар, Көшім ханды ұстап әкеліңдер, сонда от қарулы жасақ береміз. Бұқарды талқандауға көмектесеміз. Қисынсыз сылтау, орындалмайтын талап. Сөйтіп, Қазақ Ордасының сол заманда Еуропа жұрты тетігін игеріп отырған от қаруды игеру тарабындағы мақсаты жүзеге аспайды. Шынында да, келесі елшілікпен бірге Ораз - Мұхаммедке айырбас үшін Тәуекел ханның ұлы сегіз жасар Мұрат сұлтан

келеді. Сонымен, қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде

келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, дипломатиялық қатынастар, сондай-ақ сауда байланыстары XVI ғасырдың кейінгі жылдарында да жалғаса берді. Қазақ-орыс дипломатиялық қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. Қазақтар рынокқа өз тауарларын: малын, мал өнімдерін және т.б. апарып отырды. Ресейден Орта Азия мен Сібірге апаратын жол Қазақ хандығының аумағы арқылы өтті. Тобыл қаласынан Орта Азияға апаратын сауда жолы Ертіс өзені арқылы Есіл өзенінің бас жағына қарай, ал ол жақтан Ұлытауды айналып өтіп, Сарысу арқылы Түркістанға дейін, сонан соң Сырдария өзені арқылы Бұхараға өтетін еді.

1598 жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды. Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы шекаралас өңірлер сұлтандарының, әмірлерінің әскерлері мен өз әскерінің бір бөлігін жіберген. Ташкент пен Самарқанд арасындағы бір жерде шайқас болған. Абдаллах әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Абдаллах өлгеннен кейін хандық саяси дағдарыс кезеңіне енді. Сөйтіп Тәуекел аз уақыт ішінде Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы алды. 1598 жылы наурызда Абдоллаһ хан қайтыс болып, Абдылһұмин хан болды. Иран шахы Аббас оған жаулық ойлады. Осыны пайдаланған Тәуекел ханшапқыншылық соғыс қозғап, жүз мыңнан астам қазақ әскерімен Мауараннахрға басып кіріп, Ахси, Әндижан, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды. Тәуекел хан өзінің туысы Есім сұлтанды 20 мыңдай әскермен Самарқандта қалдырып, өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны алуға аттанды. Қазақ әскерлері Бұхараны 20 күн қоршады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды.

Міне, өздеріңіз байқағандай Тәуекел ханның саясаты, даналығы, парасаттылығы қандай екенін. Оның сыртқы саясатының өзі даналықпен жүргізілген іс. Ол бір мемлекетпен ғана емес жан- жағындағы мемлекеттермен жақсы қарым- катынас орнатуға тырысқан. Сыртқы саясаты жақсы болған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

v Қазақ әдебиеті газеті 1995 жыл, 25 шілде, № 14 Тәуекел хан заманында басылымы.

v Егемен Қазақстан газеті 1998 жыл, 25 қараша, № 3 XVI- XVII ғасырлардағы қарым қатынастар және Тәуекел хан тұсындағы кезеңдер басылымы.

v Тұрсын Сұлтанов Қазақ хандығының тарихы жетінші сөз. Алматы, 2008 жыл.

v Қозыбаев М.Қ. Қазақстан тарихы очерктер Алматы 1994 жыл.

v Қазақ энциклопедиясы, 4 том.

v Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Алматы: Атамұра, 2008 жыл.

v Байболұлы Қ. Тәуекел хан: Дастан Алматы, 1991.

v Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі // Тәуекел хан тұсында қазақтың көне тарихы. Алматы, 1999 жыл.

v Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи алғы шарттары. // Тәуекел хан Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс. Алматы, 1981 жыл.

v Мағауин М. Тәуекел – Бахадүр ханның ұлы жеңісі // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1995 жыл.

v Тәуекел хан// Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Алматы, 1998жыл. Тарихи тұлғалар.

v Әбусейітова М. XVI-XVII ғасырдағы қарым-қатынастар және Тәуекел ханның тұсындағы кезеңдер // Егемен Қазақстан.- 1998.- 25 қараша

v Мағауин М. Тәуекел хан заманында // Қазақ әдебиеті.- 1995.- 25 шілде (№14).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: