double arrow

Урок 1

БҮКІЛ ӘЛЕМ.

Мазмұны жағынан шолулар қалай жіктеледі?

Азақ баспасөзін тұңғыш зерттеуші Бекхожин Қайыржан

Журналистік қызметтің нәтижелік проблемалары.

Журналистика – қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы.

Журналистикаға кіріспе» пәні мен міндеттері

Дайджест дегеніміз ағылшынның digest сөзінің қазақша баламасы. Жалпақ тілге салып айтар болсам, дайджест дегеніміз әр түрлі ақпарат көздерінен жиналған, кейде маңызды жерлері ғана берілетін басылым. Оның жинақ, кітапша, немесе журнал типтес баспа өнімі болуы мүмкін. Дайджест қағазы арқылы емес, ішіндегі әр жерден жиналған контенті бойынша ерекшеленіп тұрады. Дайджесті айдарлар мен тақырыптар бойынша, уақыттық ерекшеліктер бойынша шығаруға болады. Интернет сайттарда да дайджест жасауға болады. Сіздің дайджестіңізде жарияланатын мақалалар автордың немесе редакцияның рұқсатымен жинақталу керек, міндетті түрде ақпарат көзіне сілтеме берілу керек. Ісіңіз оңай болу үшін тұрақты түрде мақала алып тұратын ақпарат көзімен алдын ала келісімге келіп алуыңызға болады.Дайджест - қысқартып алынатын ақпараттың мазмұндамасы. Трактат пен манускрипт арасында мәліметтерді іздеу қажеттілігі көнелікте пайда болды. Сол қажеттілік әдебиеттің дигестам - көне түрін өмірге әкелді. Латын тіліне аударғанда, бөлу, ретімен орналастыру, толығымен жазу деген мағынаны білдіреді.

Журналистиканың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы. Журналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді. 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады. Неміс өнертапқышы И.Гутенбергтің 1445 жылы баспа машинасын ойлап табуы қазіргі заманғы түсініктегі журналистиканың пайда болуына ықпал етті. Алғашқы газеттер Германияда 1609 жылы, 1622 жылы, Францияда 1631 жылы шыға бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде журналистика – пайда болу тарихы жөнінен екінші орын алатын ең ежелгі мамандық. Ол XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болып, кейін қоғамға дендей еніп, талай қалыптасу, даму жолдарынан өтті.Ал Қазақстанда журналистика қашан пайда болды? Қазаққа газет-журнал кейінірек, яғни ХІХ ғасырдың соңына таман келді. Қазақ тiлiндегi ең алғашқы басылым 1831 жылы «Қазақ халқына хабарлама» деген атпен Қазан университеті баспаханасынан жарық көрген. Кейін 1870-1882 жылдары қазақтың алғашқы «Түркiстан уәлаятының газетi» атты басылымы шыға бастады. Б) Қалыптасуы: Журналистік қызмет құрылтайшы – журналист – аудитория жүйесі шеңберінде жүргізіледі. Кеңестік тоталитарлық қоғамда Журналистикаға қатысты біржақты көзқарас қалыптасып, барша бұқаралық ақпарат құралдары бірпартиялық билік пен оның идеологиясын насихаттауға жұмылдырылды.

Журналистика функциялары

Журналистика қоғамдық институт ретінде. Қазіргі кезеңдегі журналистиканың функциялары мен міндеттері. Журналистика типологиясы. Басылымдар мен телебағдарламалардың негізгі типқалыптастырушы факторлары. Интернет ғаламдық ақпарат және коммуникация жүйесі ретінде.

Журналистиканың пайда болуы

Қызмет тегі және кәсіп ретінде журналистиканың пайда болу тарихы. Журналистиканың пайда болу шарттары. Журналистиканың пайда болуының идеологиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық және материалдық-техникалық алғышарттары. Еуропадағы, АҚШ-тағы және Қазақстандағы алғашқы газеттер.

Журналистика жанрлары

Журналистикада жанрлар жүйесінің дамуы. Жанрлардың түрлері мен құрылымы. Аналитикалық журналистиканың ерекшеліктері. Жанрлар жүйесіндегі жаңалықтар мен оқиғалар. Ақпараттық жанрлар. Журналистикадағы көркем-публицистикалық жанрлар: ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.

Редакция жұмысын ұйымдастыру

Редакцияда еңбекті ұйымдастыру жүйесі. Редакциялық иерархия. Редактор мен журналистің міндеттері. Журналистің шығармашылық өзіндік ерекшелігі. Журналистік мәтін мен әлеуметтік практика. БАҚ-тағы компьютерлік технологиялар. Журналистік қызмет тиімділігі. Редакцияның өндірістік-шығармашылық және коммерциялық қызметінің арақатынасы. Құрылтайшы, баспагер, редакция, аудитория: өзара әрекет проблемалары. Ақпараттық агенттіктер мен қызметтер жүйесі.

Құқық негіздері және БАҚ

БАҚ туралы заңнама жүйесі. Қазақстандағы журналистік қызмет үдерісін реттейтін негізгі құжаттар. ҚР «БАҚ туралы» Заңы: түзетулерді қабылдау тарихы. ҚР Конституциясы сөз бостандығы туралы. «Экстремизмге қарсы тұру туралы» ҚР Заңы журналистика жөнінде.

Журналистиканың ақпарттық қызметі – маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Ақпарттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтіік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салада қоғамдық саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы күн тәртібінен түспейтін мәселе. журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды.

Журналистиканың негізгі функциялары: Қазіргі журналистиканың мынадай басты функциялары бар:

1.Бұқаралық аудиториямен, әлеуметтік институттармен байланыс орнату, коммуникациялық функция.

2.Ұйымдастырушылық қызметін атап өту қажет.

3.Иделогиялық әлеуметтік бағдарлаушы ретіндегі қызметі.

4.Тұлғаны әлеуметтіндіру, ағарту және тәрбиелеу, мәдениет тарату функциялары.

5.Жарнамалық қызметі.

6.Реактивтілік қызметі. Журналистика функциясы мәселелерін әр жылдары зерттеген Қ.Бекхожиннің, Б.Кенжебаевтың, Т.Қожакеевтің, С.Имашевтің, С.Қозыбаевтың еңбектерінде де пуб.туралы жекелеген пікір-тұжырымдар кездеседі.

Журналистикадағы бұқаралық-ақпараттық процесс негiзiнен неше сатыдан тұрады? (ҮШ САТЫДАН)

Журналистика принциптері Моральдық-этикалық принцип – қызмет бабы барысында журналист ұстанатын заң, ереже, шарт, тәртіп һәм мінез. Принциптің ұлттық ұғым-мағынасы:Журналистің қызмет бабы барысындағы моральдық-этикалық принциптері журналистиканың жалпы принциптері (көпшілік-бұқаралық, демократиялық, шыншылдық, объективтілік, гуманистік, патриоттық т.б.) негізінде қамтылады. Принцип – негізгі қағида, кейде, ереже деп те айтылатын латын тілінен енген термин сөз. Журналистің принциптері:1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына жан-тәнімен беріліп, адал қызмет етеді. Бұл оны әрі міндеті, әрі принципі.2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікірімен санасуға және құрметпен қарауға міндетті.3. Журналисттің алдында әрдайым: «Аудитория үшін не істеуім керек? Бұл жазғандарым халыққа қажет пе? Олардың арман-мүддесін қозғай ма? Уақыттарын алмаймын ба?» деген сияқты этикалық сауал-сұрақтары тұрады. 4. Деректерге бай, ақиқат шындығы зерттелген, жан-жақты ойластырылған материалды ғана журналистің аудиторияға ұсынуға толық моральдық этикалық құқы бар.5. Журналистің біреулерді қаралап та, мақтап, мадақтап та өтірік жазуға құқығы жоқ. Ондай жағдайда журналистер аудитория алдында, заң алдында, ар алдында жауап береді. 6. Дерек, мәлімет жинау барысында журналист шындыққа қашан көзін жеткізгенше ішкі қарсылығын, мәселеге қосылатын қосылмайтынын білдірмейді.7. Қандай жағдайда болмасын, кіммен сөйлеспесін, журналист алдында отырған адамның салт-дәстүрімен санасып, жеке басының кемшіліктерін көре шұқып айтпай, керісінше оны байыппен, сабырмен мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, қажет жағдайда денсаулығын да ескеруге тиіс.8. Әдепті, мәдениетті журналист қызмет бабы барысында адамдарды жұмыстарынан қалдырмау үшін, «сізбен қай жерде, қай уақытта кездескенім дұрыс болады» деп олардың өздерімен ақылдасады, уақыт белгілейді.9. Журналист ағайын-туыстарының арыз-шағымдарын пайдаланған жағдайда аса сақ, абай болғаны жөн.10. Журналист баспасөзде автор ретінде ғана емес, редактор ретінде де көріне алады. Әдептен озбай, ол редакцияда істемейтін әріптесінің шығармаларын сынап, мінеуге де қақылы. 11. Журналист не редакция қызметкері авторлар материалына ойдан бір түйір дерек қоспайды.12. Журналист жіберген қатесін мойындауға, кешірім сұрауға міндетті. 13. Жарық көрген материалы үшін журналист ештеңе дәметпейді.14. Газет-журналдар қалың оқырмандарға арналған. Оның бетін жарнамаларға қаптату әдеп-нормаларға қайшы. т.с.с.

Журналистік қызметті ұйымдастыру. Журналистика саяси, салалық, тақырыптық т.б. басылымдар, радио және телебағдарламалар арқылы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғап, алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және арнаулы мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Қоғам дамуының заңдылықтары, әлеуметтік, экономика және рухани мәселелер жөнінде мағлұмат беріп, жұртшылықтың қоғамдық пікірін қалыптастырады. Журналистикаға берілетін анықтамалар мен тұжырымдар барлық уақытта біркелкі болған емес. Кейбір тұжырымдар журналистика қоғамдық ой-пікір мен дүниетанымды қалыптастыратын, сол уақыттағы нақтылы оқиғаларды барлық жағынан қамти отырып, ондағы ағымдар мен процестерге, сондай-ақ құбылыстарға түсінік бере алатын әлеуметтік-бағыттаушылық мәнге ие болуы қажет дегенге тоқталса, кейбір тұжырымдар журналистика тек қана боямасыз ақпарат жеткізуші құрал, сондықтан тыңдаушы не оқырманның ой-пікірді өзі қорытуына, дүниетанымдық таңдау жасауына мүмкіндік қалдыруы тиіс деп санайды. Тіпті қазіргі заманғы ақпарат құралдарының қайсыбірі өз өнімдерінің ішкі мазмұны мен идеясына, ал кейбіреуі жалаң хабарды неғұрлым шұғыл да шапшаң таратуға баса назар аударып жүр. Осыған байланысты журналистиканы қалыптасқан жалпыадамзаттық ортақ құндылықтармен қатар әрбір елдің өзіндік ішкі бағыттары арқылы дамитын пластикалы ақпарат тарату түрі ретінде қарастыруға болады.

Журналистика-шығармашылық қызметтің саласы.БАҚ аудиториясы. Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте кажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист — ақпарат — аудитория». Журналист творчестволық тұлға — ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады. Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, телевизор көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен езгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.

Журналистика – шығармашылық қызметтің саласы. Журналист шығармашылық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Журналист үнемі ізденісте жүретін маман. Ол үшін оған ерекше қасиеттер керек. 1)тіл, 2)ойлай білу,қиял,сезімталдық, 3)сол білгеніңді жеткізе аларлықтай қабілет керек.4) жаза білу керек.Өмірбаян.тәж.молдығы.5) байқампаздық,6)парасат. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек. 7)адалдық, 8)жедел қабылдық,9) анық айту,анық сөйлеу,түсінікті жазу.10) шешендік,шеберлік. «сөз-шығармашының құрылыс материалы, сөзден әдемілеп әңгіме шығару, үй салу өнеріне ұқсас» деген екен А.Байтұрсынов.

Комментарий жанрының спецификасы- Коментарий- кітап немесе текст туралы қысқаша түсіндірме беру.

Көркем-публицистикалық жанрлар: көркем әңгiме, шешендiк сөз, әдеби-көркем сын, танымдық мақала

Корреспонденцияға қойылатын талаптар: бүгiнгi күн тақырыбына араласады, обьектi - адам және оның iсi.

Криминалдық хроника- бір күн ішінде болған заң бұзушылықты қысқаша баяндау.

Қоғамдық пікір және БАҚ қалыптасуы мен көрініс табу процестері. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

(1910.Павлодар обл.Баянауыл ауд.)-қазақ баспасөзінің тарихын тұңғыш зерттеушілердің бірі.ҚазМУ-ді бітірген (1942).Журналистік қызметін 1929 ж Павлодар округтік «Кеңсе туы» газеті мен «Колхоз» газетіне хаттар мен ақпараттар жариялаудан бастады.1935-39 жж. Семей обл. «Екпінді» газетінде жұмыс істеді.1942-45жж. Қостанай обл. «Большевиктік жол» газетінің редакторы.1945-47 жж. ҚазМУ-дің журналистика фак аға оқытушы, содан соң фак деканы болып қызмет істеді.Кандидат,доктор диссертациялар қорғады.Тарих ғыл.док.профессор 1948 ж. Журналистика кафедрасының меңгерушісі. «дала уәлаяты»газеті мен «айқап» журналын алғашқы зерттеушілердің бірі. «Қазақ баспасөзі тарихының очерктері», «Қазақ журналистикасы тарихының очерктері»(С.Қозыбаев пен С.Матвиенкомен бірлесіп жазған) монографияларының авторы.

Қазіргі баспасөздің негізгі тенденциялары. Баспасөз — мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімдібаспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.Баспасөз хатшысыПрезидент, премьер-министр немесе белгілі бір мемлекеттік орынды иеленген басқа тұлға не басқа саяси қайраткердің бұқаралық. ақпарат құралдарымен байланысын жүзеге асыратын және оның сол немесе басқа мәселе бойынша көзқарасын жариялайтын өкілі.

Мақсаты мазмұны,с,о,ж,жазылу.с,ж,баспасөзге шолудың жіктелуін ата:

Шолуды ерекшелеп тұратын қасиеттері ол аса қатаң фактологиялы, мұнда дерек автордың айқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады; екіншіден, шолушы деректі олардың байланысына қарай айқындап, араларындағы байланысты ашады, әрі іздестіреді; үшіншіден шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке дерек ғана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, көпшілігінде хроникалық шеңбермен шектеледі. Демек, телеэкрандағы шолушы хабар үстінде1.Мәліметтерді хабарлау кезінде деректің өзара байланысына зер салуы.2.Оқиға, деректің тұтастығына көңіл қоюы.3.Біртектес дерекрердің жинақтап беруге үнемі көңіл аударып отырғаны қажет. Шолудың түрлері - 1 Жалпы шолу2Тақырыптық шолу3көлемді шолу4шағын шолу.

Нәзипа Құлжанова - Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі, Құлжан немересі 1887 жылы Торғай қаласында туған. Аумалы токпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Оқып жүрген кезінен бастап өзін ұлт үшін күресуге даярлаған. Оқуын аяқтаған соң, 1905 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз болған. Ұстаздық жұмысты атқара жүріп, этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып, талантын танытқан ол 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады. 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырады. 1915 жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде әйел мәселелеріне байланысты мақалалар жазады.1917 жылы Семей облысы қазақ сиезінің төралқа кұрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару, баспасоз істері жөніндегі арнаулы комиссияның құрамында жұмыс істеген. Осы жұмыста жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енеді. Н.Құлжанова - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі.

Осы заманғы ақпараттық кеңiстiкті қалай түсінесің:

Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Публистика жур шығармашылықтың негізгі түрі Адамзат дамуында жазудың пайда болуы мен дамуы - қазіргі публицистиканың пайда болуына ықпал еткен үшінші құбылыс болып саналады.Ежелгі замандардағы жазба мәдениеттің көп таралған ертедегі көріністерінің бірі - шаруашылық, дипломатиялық және жеке жолдаулар мен хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір тобы - ресми сипаттағы қызметтік құжаттар болса, енді бір парасы - тұрмыстық, отбасылық, достық сипаттағы жеке адамдар арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс тапты. Міне дәл осындай жолдаулардан келіп публицистикалық эпистологра-фияның алғашқы көріністері туды.Сонымен қоғамдық маңызды мәселелерді қозғайтын публицистика - бірнеше ғасырлардағы адамзат ақыл-ойының жемісі.Латынның риЫісш - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бүдан аңғаратынымыз публицистика сөзінің этимологиясы "қоғамдық" деген сөзге тікелей қатысты.Қазак зерттеушілерінің ішінде публицистикаға түңғыш анықтама-ны Ахмет Байтүрсынов өзінің "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде берді. А.Байтүрсынов публицистиканы көсем сөз деген қазақ сөзімен теркіндестіреді. "Кесем сөз шешен сез сияқты әлеуметке айтканын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырыла-тын жері - шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Кесем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мүрындық болып істеу ыждағатымен айтыладыПублицистика дегеніміз ~ заман тарихы, дәуір танысы, өмір шежіресі. Шежіре болғанда да күнделікті тіршіліктің рухани бейнесі, жанды көрінісі. Публицистика •• бүл бөрінен де бүрын шығармашылық процесс. "Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" публицистикаға біршама жинақы айқындама берілген: "Кесем сез (публицистика, лат. риЫісш - қоғамдык) - едебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, еткір мәселелерді қозғайтын саласы. Көсем сездің мақсаты - нақтылы саяси, экономикалық, өлеуметтік, философиялық мәселелерді көтере отырып, өз кезеңіндегі қоғамдык ойға ықпал ету. Көсем сездің осы мақсатка орай қалыптасқан өзгеше стилі болады, оған айтыс рухы, сендіру, иландыру, үйытуға бағытталған тәсілдер тән, көсем сездің озык үлгілерінен шешендік сөздердің ізі андалатыны да содан.Публицистиканың көркем әдебиеттен езіндік өзгешеліктері бар. Ең алдымен, публицистика шығармашылықтың публицистикалық түріне, ал көркем әдебиет - шығармашылықтың көркем түріне жатады.Екіншіден, "керкем әдеби шығармалар (өңгіме, хикая, роман) міндетгі түрде сюжетке қүрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ жасау, публицистиканын коркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк пен фельетон атворлары өздерінін кейіпкерлерімен міндетгі түрде кездесіп, олардың портреті, мінез-қүлықтары туралы біраз мағлүмат алады. Сөйтіп, әдеби шығарма көркем шындыкка негізделіп жазылса, публицистік шығармалар өмірдің нақтылы шындығына сүйеніліп жазылады". Яғни, көркем өдебиетте шарттылык, басым болса, публицистика нақтылыққа негізделеді.Үшіншіден, көркем әдебиеттің өзіне ғана тән жанрлар жүйесі болатыны сияқты, публицистиканың өзіне ғана тиесілі бай жанрлар палитрасы бар.Төртіншіден, көркем шығармада жазушы өзінің негізгі идеясын, ойларын, идеалын оқиға желісі, адам образы, характерлер қақтығысы' картиналар, эпизодтар арқылы береді. Автордың оқырманға үсынар идеясы оқиға дамуы, образдың өсу жолдары арқьиы ашылып отырады. Ал публицист өз ойын оқырманға тікелей үсынады.

Публицистика жанрлары табиғаты мен атқарар қызметіне қарай қалай топтастырылад?(3ке жіктеледі)

Парафраза (гр. қайта айту мағынасында) – әдеби шығарманы қысқаша баяндап беру. Парафраз өлеңді қара сөзбен немесе қара сөзді өлеңмен айтуға негізделген. Мысалы, “Мың бір түн” ертегісінің, “Дон Кихот”, “Робинзон Крузо”, т.б. шығармалардың балаларға арнап қысқартылған (жеңілдетілген) басылымдары. В.К. Тредиаковский мен А.П. Сумароковтың “Библия” сюжетіне негізделген туындылары парафразға жатады. Парафраз негізінде пародия, еліктеулер қалыптасты. Термин ретінде сирек қолданылады, перифразбен шатастыруға болмайды.

Профессор Т.Қожакеев айтуынша жанр дегеніміз не Газет-журнал материалдарының телевизия және радио хабарларының өмір сүру көріну формасы.

Профессор М.Барманқұлов журналистика жанрларын 3 топқа бөледі: Хабарлама –оқиғалық.Талдамалы.Көркем публицистикалық

Публицистикалық материалдағы журналист образы неден көрiнедi? болған оқиғаға журналист көзқарасынан, оның позициясынан

Публицистика ұғымына не кiредi? баспасөз, телевизия-радио материалдары, деректi фидьм, шешендiк сөздер, плакаттар, жарнамалық ақпарат.

Репортаж жазу үшін ең алдымен не қажет? Репортаж. Бұл жанр төңірегінде зерттеушілер арасында түрлі көзқарастар бар. Ал, осы пікірлерден шығатын қорытынды, біріншіден, репортаж - негізгі фактіге құрылатын, оқиғаны шындықпен суреттейтін әрі белгілі бір объектіге арналатын жанр. Бұл қасиеттердің барлығы оның хабарлама жанрына жататынын дәлелдейді.Екіншіден, репортаж - эмоциямен жазылады. Оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді.Үшіншіден, репортаж - халықтың көзі мен құлағы тәрізді. Оны жазу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Репортажды жазу үшін оның жанрлық ерекшелігін жете меңгерген жөн. Оны жазған журналист өзі қатысқан немесе өзі бақылап тұрған оқиғаны әлі жеткенше көркем тілмен жазуы керек.Төртіншіден, репортаж - нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықты, оқиғаны қамтиды. Репортаж басқа хабар жанрлары сияқты жаңалықты, оқиға, құбылысты жай хабарлай салмайды, көз алдымызға елестетеді, суреттеп көрсетеді. Оқиғаның болған жері, ондағы кейіпкердің көңіл-күйі репортаж арқылы көрсетілуге тиіс. Репортаждағы басты мақсат — оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы, газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан еткізуі шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы түрде жеңілірек. Өйткені, эфирден дауыс, көңіл-күй естіледі, теледидардан әрі көріп, әрі естиді.Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады. Әйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білініп тұрғаны шарт. Өйткені, оның осы «мені» репортажда оны және бір қырынан көрсетуге көмектеседі.

Телефон арқылы алынған сұхбаттың жетістігі мен кемшілігін көрсет Сұхбатты жедел аласыз,алаида респондентпен байыпты,кең отырып әңгімелесуге мүмкіндік болмаиды.

Ұлттық идеология дегенiмiз -мемлекетiмiз халқының экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, ақпараттық кеңiстiкте өмiр сүруiнiң жарасымды идеялық жүйесi.

Алғаш рет «идеология» деген терминді француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданды. Ол «Идеологияның элементтері» деген төрт томдық еңбек жазған. Оның пікірінше, идеология идеялар туралы ғылым, ол барлық табиғат және қоғам туралы ғылымдардың, саясат, этика және тағы басқа әлеуметтік құбылыстардың негізіне жатуға тиіс. Бірақ «идеология» деген сөздің кең тарауына себепкер болған адам – Наполеон Бонапарт.

Эпистолярлық жанр түрлерi: Үндеу, ашық хат, оқырмандар хаты, оқырманға хат, жол-сапар хаты.

«Живое письмо»

Приступая к занятиям живописью, обратите внимание на то, что само слово «живопись» можно трактовать как призыв — живо пи­сать! Живое письмо, живое действо кисти — это очень важный момент. Тут вы можете проявить свою индивидуальность, свой темперамент, если не будете слишком скованными в работе.

Темперамент, чувства и эмоциональное их проявление у всех разные, поэтому кто-то писать будет порывисто, лихо, а кто-то свое пристрастие к натуре будет выражать в тонкой работе, любовно и тщательно пропи­сывая кистью всевозможные детали. У кого-то в работе мазки будут тре­петать, мерцать и переливаться, а кто-то будет строить изображение обоб­щенными цветовыми массами, локально и силуэтно. Каждый из вас имеет право на тот или иной «почерк», и в этом смысле вам все позволено, лю­бая манера письма будет правильной, если она связана с вашим восприя­тием. Так что старайтесь работать смело, по своему разумению, по своему чувству. Поддерживать вашу решительность должно еще то, что, действуя масляными красками, в отличие от акварели, вы имеете возможность сво­бодно экспериментировать, возвращаться несколько раз к одному и тому же месту, переписывая его, упорно добиваясь определенного качества. Масляные краски допускают такие переписки. Здесь легче исправить ошиб­ки, легче преодолеть свою неопытность и можно писать буквально по-вся­кому: быстро и долго, по-акварельному жидко и, наоборот, характерными только для масляной живописи густыми рельефными мазками (пастозно); можно по-мозаичному фиксировать, выделять каждый мазок и можно маз­ки плавить друг с другом в дивное красочное тесто; можно создавать са­мую различную фактуру живописной поверхности, но можно сохранять и гладкость этой поверхности. Важно, однако, чтобы все это было не просто вольной игрой с красками — ход работы должен связываться с конкрет­ными впечатлениями, замыслами. Как говорится, по мотиву и прием.

Иллюстрация: «Снег» А. Солдатский. 2012 год.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: