Исторические предпосылки и проблемы внедрения стратегического планирования 1 страница

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

Лекция

1. Экономикалық ғылымдар жүйесінде басқару ғылымының пәні

2. Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері

1. Нарық және бәсекелестік теорияларын басқару мәселелерімен байланыстыру ақылға қонымды көрінеді, өйткені ашық қатынастағы нарықтық экономиканы нарық құрылымын, оның тетіктерін және елдің бәсекеге қаншалықты жарамды екенін бағалау әдістерін асқан дәлдікпен зерделемейінше қалыптастыру мүмкін емес.

Теорияда да, тәжірибеде де басқару ісі әрдайым халық шаруашылығының әр түрлі деңгейінде нақты әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды жүзеге асыратын белгілі бір әдістер жиынтығының айрықша мүддесін білдіреді. Көптеген әдістер бар. Алайда басқара білу өнері керекті сәтінде, яғни қажетті кезеңде белгілі бір деңгей мен объекті үшін дұрыс қолданылуы экономиканы қалыпты жұмыс істетіп бір немесе бірнеше әдістерді (тетіктерді) таңдай білуді білдіреді. Нарықтық экономиканы басқару әдістерін таңдай білудің маңызы меншік формаларының маңызынан кем емес. Бұл контекете академик Л.М. Абалкиннің «Өндіріс күші мен тиімділікті арттырудың аса қуатты жылдам қозғаушысына меншік формаларының өздері емес, экономикалық немесе шаруашылық тетіктері жатады. Міне, осылар еркіндікті дамытып, іскерлікке ынталандырып тәуекелдікті тудырады» дейтін ережесі әлдеқайда дұрыс айтылған. Осыған байланысты тиісті басқару әдістерін пайдалану арқылы экономикалық тетіктердің мәнін терең ашып көрсетудің маңызы зор.

Басқару процесінде функцияларға ерекше мән беріледі, өйткені оларды дәлме-дәл орындау басқару ісінің тиімділігін көп арттырады. Функцияларды ғылыми негіздеп жіктеу жэне оларды ұйымдастыру, жоспарлау, маркетипг, уәждеме (мотивация), реттеу сияқты әр түрлі міндеттерін қатаң түрде қолдану басқару қызметтің әлдеқайда нәтижелі болуына өз әсерін тигізеді. Осы заманғы экономикадағы проблема - бөлімше құрылымдарының, аймақтық органдардың, нарық пен жоспардың және т,б. араларында функциялар шектеліп қалған.

Басқару теориясында стратегиялық менеджменттің тұжырымдамалық мәселелері айрықша назар аударуға тұрады. Бұл арада мынаны білген жөн, әлдеқайда менеджерлік сыйымдылығы бар салаларға, яғни менеджерліктің кең қамти алатын салаларға ақшалай-қаржы, кредиттік-банк және сақтандыру жүйелері жатады. Мұндай жағдай қаржы инетитуттарындағы стратегиялық меиеджмент мәселелерін зерделеу қажеттілігін тудырады.

2.1 Басқару ғылымы экономикалық-ұйымдастырушылық ғылымға қатысты, өйткені ол өндірісті басқару және тұтас экономика процесінде адамдардың қарым-қатынасын, байланысын зерделейді.

Адамдардың қоғамдасып тіршілік етуі үшін материалдық өндіріс қажет, ал осы өндіріске қатысты қарым-қатынас адамдардың қоғамдық тұрмысын (болмысын) анықтап береді. Қоғамдық өндірістің ішкі шеңберінде тікелей өндіріс шешуші мәнге ие, «Өндіріс - тұтыну үшін тек затты ғана өндіріп қоймай, оның тұтынудағы анықтамасын, сипатын, аяқталуын береді» (К. Маркс). Онда болатын процестер мен оларды басқару осы ғылымның объектісі болып табылады.

Басқару ғылымынын мазмұны біріккен еңбекті басқару қажеттілігінен пайда болатын ерекше міндетті іс (функция) ретінде басқарудың мәні арқылы анықталады. Өндіріс пен барлық экономиканы біліктілікпен басқаруды қажет ететін біріккен еңбек саласы, жеке адамдардың кооперативі ретінде қарастыруға болады. К. Маркс басқару ісіне қатысты былай деп жазған: «...жеке орындаудағы скрипкашы ешкімнің сүйемелдеуінеіз өзі-ақ ойнай алады, ал оркестрге дирижер керек».

Өндіріс пен оның адамдарды басқару процесіне адамдардың бір-біріне белгілі бір қарым-қатынасы жатады. Сондықтан да басқаруды оқып-білу - бұл ең алдымен өндіріс процесіне белгілі бір мақсатпен ықпал ету барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерделеу, басқару қатынастарын қалыптастыратын зандарды анықтау болып табылады. Осының негізінде басқару қызметінің принциптері, оларды жүзеге асырудың формалары мен тәсілдері белгіленеді.

Басқару ғылымы әр түрлі халық шаруашылығы буындарына қатысты басқару процестерін зерттейді: оның алғашқы әрі ең шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқанда, түпкі есебінде қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық кұндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Осыған қарай басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек.

Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық, басқа да өндірістік және тұтынушы үяшықтарымен бірге қарастырылады.

Басқарудың бір объектісі - мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне өндіріс ұйымының, технологияның әр түрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады. Аймақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен кеңістіктегі орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән. Аймақтардың басты құрастырушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы жатады. Аймақты басқару объектісі ретінде мемлекет пен ұлттық экономиканың (аймақ мемлекет сыңайлы болады), аймақ-нарық, аймақ-әлеумет ретіндегі оқшауланған қосымша жүйені білдіреді.

Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макродеңгей - экономикалық саясаттың күллі объектісі жатады. Макроэкономика - бұл экономикалық теорияның бөлімі. Онда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар анықталады. Макроэкономикалық тәсілдеме ұлттық деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғалысын зерттеу үшін пайдаланылады. Макроэкономика ұлттық ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген экономикалық көрсеткіштерімен (жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, сұраныс жиынтығы және т.б.) айналысады.

Экономиканың бұл аспектісі басқару теориясына апаратын басты аспекті болып табылады, өйткені оны халық шаруашылығының ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін анықтауға болады. Бұны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.

Қоғамдық ауқымдағы басқарудың өзіндік ерекшелігі бар объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтермен айналысады. Бұл салада адамдардың көптеген талап-тілектері жүзеге асырылады. Ол қоғамның бүкіл жағдайына, оның ішінде әлеуметтік ақыл-ойының қалыптасуына себепші болатын барлық әлеуметтік инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды.

Қоғамды рухани тұрғыдан дамытуды басқару барлық басқару жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл турасында жалпы ұғымға айналып кеткен К. Маркетің «...мәдениет - саналы түрде бағыт алмай, стихиялы дамитын болса... ол бос кеңістік қана болып қалады...» деген сөзі шындыққа келеді.

Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде, өндірісті басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда еңбек процестері жиынтығының ажырамас бөлігін құрайтынын түйіндеп айтуға болады. Оның көп қырлы сипаты болады, әрі «басқару ісі барлық өндіріс тәсілдерінің қажетті сәтіне жатады».

2.2 Басқару ғылымының мәні

Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын (саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б.) қамтиды.

Егер өндірістік процестер мен қатынастардың мазмұны өндірісте материалдық игіліктерді тікелей өндірудің еңбегін ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардың мазмұны - бұл өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс.

Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады.

Қорытындысында адамдардық бір бөлігі материалдық игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатын болса, басқа біреулері - басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасы ретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды. Бұл қарым-қатынас, яғни қоғамдық байланыстар мен олардың өзара ықпалдасуының жиынтығы басқару субъектілері мен объектілері арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады.

Басқару қатынасы қандай түрге немесе тұрпатқа (типке) жататынына қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері арасындағы қатынас ретінде болады.

Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің - басқарушы мен басқарылушының бірлігі ретінде қарастырылады. Оның алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару органдарын - мемлекетті, үкіметті, министрліктерді және т.б. қамтитын басқару субъектілерін білдіреді. Ал екіншісі жалпы түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды, кәсіпорынды және т.б. білдіреді.

Жұмыс орнына келетін болсақ, мұнда басқарудың басқа түрі - Ф. Энгельс заттарды басқару деп анықтаған еңбек құралдарын басқару жүзеге асырылады.

Осылайша, өндірісті басқарудың екі түрі бөліп көрсетіледі.

а) адамдарды (қызметкерлерді) басқару:

ә) еңбек құралдарын (затты) басқару.

Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қосалқы жүйемен басқарылатын тікелей өндіріс процесін білдіреді. Басқарудың қосалқы жүйесі тек адамдарды басқару ісіне ғана қатысты. Басқаша айтқанда, өндірісті басқару - бұл өз кезегінде еңбек құралдарын басқаратын жұмыскерлерді басқару.

Қоғамдық өндіріс саласындағы басқарудың айрықша ерекшелігі мынада: ол қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығымен айналысады.

Мұның себебі, адам өндірістік процесте бірлескен еңбек процесінің тек қатысушысы ғана болып қалмайды, сонымен бірге ол бір мезгілде әлеуметтік тұлға да. Ал, адам әлеуметтік тұлға болғандықтан оған әр қилы қажеттілік, талап-тілек, қалау және т.б. тән.

Адам қарама-қайшылыққа толы, сол себепті де оларды әлеуметтік құбылыс ретінде, яғни әлеуметтік тұрғыдан басқару қиын.

К. Маркс өзінің «Фейербах туралы тезисінде»: адам - қоғамдық қатынастардың жиынтығы, деп анықтама берген.

Жоғарыда айтылғандардың түйіндемесі мынадай.

Басқару қатынасы басқару ғылымының мазмұны болып табылады. Өндірісті басқару қатынасы басқарумен ықпал ету процесінде адамдардың және ұжымдардың тұрақты өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің күрделі кешенін білдіреді.

Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша жіктеледі.

Олар мыналарға бөлінеді:

- басқарушы және басқарылушы қосалқы жүйелерінің арасындағы қатынасқа;

- басқарушы жүйенің ішіндегі басқару қатынасына (басқару сатылары және деңгейлері арасында);

- басқарудың әрбір буынындағы басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қатынасқа (субординация қатынасы).

Өндірісті басқару қатынасы сипаты бойынша мыналарға бөлінеді:

- тұлғалар арасында;

- жүйелер арасында;

- аралас.

Басқару қатынасы мыналарға бөлінеді:

а) салалық, яғни бір саланың шегіндегі қатынас;

ә) территориялық, яғни бір аймақтың шегіндегі қатынас;

б) салааралық, яғни әр түрлі салалардағы ұйымдардың арасындағы қатынас;

в) аймақаралық, яғни әр түрлі аймақтардағы ұйымдардың арасындағы қатынас;

г) территориялық-салалық.

Басқару қатынасын ұйымдық байланыстардың саны бойынша жай және күрделі деп бөлуге болады.

2.3. Басқару ғылымының мазмұны

Өндірісті басқару процесінде адамдардың мақсатты қызметінің формалары мен әдістерін, міндетті істерін (функцияларын), принциптерін әзірлеу, заңдар мен заңдылықтарды анықтау басқару ғылымынын мазмұны болып табылады.

Өндірісті басқару ғылымының міндеті - өндірісті басқару қатынастарының тетіктерін түсіндіру және нақты міндетті тиімді шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу.

Өндірісті басқару теориясы - кешенді білім жүйесі. Ол мына бөлімдерге бөлінеді:

• Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда басқарудың мәні, оның мазмұны, басқарудың заңдылықтары мен принциптері ашып көрсетіледі.

• Өндірістің басқару жүйесі туралы ілім. Бұл бөлімде басқару жүйесінің ұйымдастыру формалары, басқару функциясы мен құрылымы, басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұштастыру сөз болады.

• Ықпал етудің тұтқалары мен құралдарының жиынтығы ретінде басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім. Мұнда басқарудың әлеуметтік-психологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық экономикалық тетіктері, олардың жиынтығы және ықпалдасуы қарастырылады.

• Басқару процестері, олардың ерекшеліктері, басқару процесінің динамикасы, әдістері туралы ілім: басқару процесінің синтезі секілді ақпаратпен қамтамасыз ету және шешім.

• Басқарудың сапасы мен тиімділігі туралы ілім. Мұнда басқарудың стилі мен мәдениеті, басқару өнері, сондай-ақ тиімділікті бағалау мен оны арттырудың жолдары сөз болады.

Өндірісті басқару ғылымы теориясының даму негізін құрайтын іс-тәжірибенің талап етуі арқылы пайда болады.

Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілер арқылы анықталады.

Басқару - бұл ғылым мен өнер, онда объективтілік пен даралық (индивидуальность) ұштастырылады.

Тұтастай алғанда XX ғасырдағы басқару туралы ғылымның дамуын шартты түрде мына кезеңдерге бөлуге болады:

- 50-ші жылдары - таза басқарушылық шешімдер кезеңі;

- 60-ші жылдары - фирма ішіндегі ұзақ мерзімді жоспарлау;

- 70-ші жылдары - стратегиялық жоспарлау;

- 80-ші жылдары - стратегиялық менеджмент;

- 90-ші жылдары - стратегиялық процестерді зерттеуге көшкен басқару ғылымы дамуының жаңа кезеңі туды.

2.4. Басқару ғылымы әдістерінің жиынтығы

Кез келген ғылым секілді басқару ғылымының өз мазмұны, теориясы және әдістемесі болады.

Әдістеменің міндеті - осы саладағы білімнің өмір құбылыстарын (қолданысын, көрінісін) зерделеу мен қорытындылаудың әр түрлі құралдары мен тәсілдерінің жүйесін жасау болып табылады.

Басқару теориясы мен іс-тәжірибесінде көптеген әдістемелер қолданылады, оған жататындар:

- Диалектикалық әдістеме. Басқару ісінде барлық диалектикалық зандар мен категориялардың өз орындары бар.

- Нақты-тарихи тәсілдеме - өндірісті басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан әзірлеуге қойылатын міндетті талап.

- Кешенді тәсілдеме - басқару бойынша ұсыныстарды тиімді зерделеу және әзірлеу шарттарынын бірі.

- Аспектілік тәсілдеме - басқару қатынастарының бір қырын, бір ерекшелігін зерттеу. (Аспектілер: саяси-экономикалық, әлеуметтік, философиялық және т.б.).

- Жүйелі тәсілдеме - ол басқарушы жүйені және басқарылушы жүйені өзара байланыстыруға мүмкіндік береді. Жүйелі тәсілдемені жүзеге асырудың шарты - жүйелі талдаудың әдістемесі болып табылады. Жүйелі талдау басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жобалаудың әдістемелік негізінің бірі ретінде қызмет етеді.

- Үлгілеу (моделирование) - басқару ғылымының тиімді әдістемесі. Ол басқарылатын объектіні немесе субъектіні басқарудың үлгілерін жасауға негізделген. Ал, үлгілер өз кезегінде объектілердің немесе субъектілердің ерекшеліктерін танып-білуді жеңілдетеді.

- Эксперимент әдістемелері, әлеуметтік әдістемелер, мотивация әдістемелері және т.б.

2 тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары

1. Менеджмент туралы түсінік

2. Менеджмент түрлері

1. Менеджмент - кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын онтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорыңды тиімді басқару ғылымы.

Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.

Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнес пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды барынша тиімді пайдалануды және интеграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.

Басқаша айтқанда, менеджмент - бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен іс-тәжірибесі.

Менеджмент - нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік-әкімшілік, технократиялық, жоспарлы-директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.

Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері (мотивы), құндылықтары, нұсқамалары (установки) басқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.

2. Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте - тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.

3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.

4. Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.

5. Менеджмент менеджердің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері - тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рол ойнайды. Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатыны кездейсоқ емес.

Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:

- еңбек өнімділігін арттыру;

- бәсекеге жарамдылық;

- тұтынушыға бағдарлану (маркетинг);

- іс-әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу.

Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені қолдану өнері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайларға қарай басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді.

Менеджментте бастысы - ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алғаш кезеңдік және ағымдық) белгілейді.

Ескі стилді ұстанатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің басты, яғни принциптік айырмашылығы, міне, осында.

Жеке кәсіпорын мен тұтас экономиканың экономикалық жағдайы түпкі есебінде үш негізгі факторлармен анықталады:

- техника мен технологияның деңгейі;

- жұмысшы күшінің сапасы және еңбек уәждемелерін (мотивация) кеңінен пайдаланылуы;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: