Г) 10-тен 25 мА дейін 1 страница

Стандарт

Стандарт дегеніміз – белгілі бір үлгіге келтіру, нормалау өлшеу.

Қауыпсіз еңбек етуді қамтамассыз ету үшін бір –бірімен тығыз байланысқан стандарттар кешені қолданылыды.

Стандарт мемлекеттік, республикалық, салалық және өндірістік болып бөлінеді.

Мазмұны мемлекеттік стандарттау жүйесінің бір белгісі болып есептеледі. Стандарттардың негізі болып ГОСТ 120.001-74, терминдер мен түсініктері сонымен қатар қауыпсыз еңбек етудің нормаларымен мөлшерлері көрсетілген. Мысалы: стандарт бойынша қойылған талаптар, еңбек ету жолдарын қауіпсіздендіру ең жоғары сатыда көтерілген, қауіпті жағдайлар мүлдем алынып тасталған.

Қауіпті және зиянды факторлар табиғи әсерге байланысты келесі топтарға бөлінеді. Олар- физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлар.

Физикалық деп – белгілі бір механизмнің қозғалысынан, электромагниттік сәулелердің әсерінің электр тоғының әсерінен, қатты дыбыстардың не тербелістердің әсерінен, шаң-тозаңның әсерінен келетін зиянды айтамыз.

Химиялық деп – өндірістерде қолданылатын өте зиянды элементтердің мөлшерсіз көп қолдану себебінен адам денсаулығына келетін генетикалық, концерогенді, мутогенді зияндар.

Биологиялық деп – биологиялық нысанамалардың(өсімдіктер, жануарлар, бактериялар, вирустар) әсері жарақаттынуға немесе науқастануға әкеліп соқтырады.

Психофизиологиялық факторлар адам орнанизімінің нерв жүйесіне және психологиясына физикалық және психикалық ауыртпашылықтар әкеледі.

Еңбек қауыпсіздігінің стандарт жүйесіне электр қондырғыларының қолдану ережелері мен нормалары енгізілген. Өндірістік жабдықтармен технологиялық құбылыстарға, қорғану құралдарына, ұжымдық және жеке бақылау әдістеріне талаптар қойылады.

ГОСТ 12.04.026 76 түрлі түсті хабарлаушы және таңба қауіпсіздігі4 тақбалар категориясы бар.

1. Тыйым салу; қызылмен шектелген шеңбер.

2. Ескертуші таңба; сары үшбұрыш

3. Нұсқаулық белгілер жасыл шаршылар

4. Көрсеткіш таңбалар көк тікбұрыш.

Барлығы стандартта 28 белгі көрсетілген.

Олардың.

Белгілер өндірістік бөлмелерде, құрылыс алаңдарында, егерде қауіпті қорек көзі пайда болса жабдықтарға қойылады немесе ілінеді.

Қауіпсіздік белгілері жұмысшының кейбір қимылдарды жасауға тыйым салады. Қауіпті екенін ескертеді. Қорғағыш құралдарды қолдану қажет екенін еске салады. Электр қондырғыларының бөлшектерін әр түрлі түспен сырлау (бояу) жұмысшының өндірісте қауыпті жағдайды ескертіп тез шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Мысалы: үш фазалы айнымалы ток желісінде АВС фазалары сары, жасыл, қызыл түстерге боялады. Нольдік шина нейтральмен жерлестірілген және қорғаушы жерлендіргіш шина қараменен, изоляцияланған нейтралы бар желінің нейралдық шинасы ақ түспен боялады.

Тұрақты ток желісінде оң шина (+) қызылмен, ал теріс (-) шина көкпен боялады.

Барлық байланыс өнеркәсіптерінің жұмысшылары міндетті түрде еңбек туралы заңды және еңбекті қорғау ережелері мен нормаларының талабын орындау қажет.

Жұмысшылар, Қызметерлер, инженерлік –техникалық жұмысшылар жарғыға сәйкес дәл уақытында өз міндетін атқарып, өзіне тапсырылған жұмысты тіліп, берілген доспарды орындап, еңбек тәртібін бұзбай, мүлікке зиян келтірмей, мемлекеттік құпияны сақтап, хат алмасу құпиясын сақтап, техникалық қауіпсіздік ережесін, кәсіптік тазалықты, өрттік қауіпсіздікті халыққа мәдениетті қызмет көрсетуді орындау қажет.

Еңбек міндетін мүлтіксіз орындағаны үшін жұмысшыға алғыс жарияланып оның аты құрмет тақтасына ілінеді «Си ақы төленеді».

Инженерлік – техникалық персонал байланыс мекемедегі еңбек туралы заңды, еңбекті қорғау ережесін бұзса тәртіпті, әкімшілік қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Тәртіпті ескерту ретінде жұмысшыға ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, ақысы төмен жұмысқа ауыстырылып немесе 3 айға қызметінен төмендетілуі мүмкін.

Әкімшілік ескерту ретінде (ескерту немесе ақшалай төлем) техникалық қауіпсіздік ережесін, кәсіпорын тазалығын сақтамағаны үшін техникалық инспекция мен санитарлық бақылау органдары салады.

Еңбекті қорғау ережесін бұзу, орындамау, қоршаған ортаны ластау бақытсыз жағдайға әкеліп соқтырса адамның денсаулығына зиян келтірсе жауапты адамдар прокуратура органдары арқылы қылмыстық жауапқа тартылады.

Қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлінеді. Мемлекеттік және қоғамдық мекемелері қоршаған ортаны қорғауға аса зор мән қою керек оның ішінде үш биологиялық орталары:

Атмосфералық ауа, су және жер.

Ауаның ластану себебтері толық жанып кетпейтін жанармай өнімдері, химиялық металлургиялық өндірістер ауаға шаң, күкірт газын, көміртегі оксидін, азотты, қарамайды шығарады. Ауру саны ауаның тазалық дәрежесіне тәуелді. Осыған байланысты қоршаған орта ауасын қорғау шаралары жасалады. Ол үшін құрғақ өндірістік тәсілдерін ылғал тәсіл мен ауыстыру, өндірістік құбылыстарын автоматтандыру мен механизациялау, электромобильді қолдану. Көне газ шаң ұстағыштарды жөндеу және жаңасын орналастыру, шаң ұстағыш комералар, электр сүзгілер, жеңді сүзгілер қолдану.

Екінші биологиялық ортаны ластау көзі лас сулар мен мұнай өнімдері болып есептеледі. Оның алдын алу шаралары өндірістерде лас су өндірмейтін жүйелерді суда қайта қолдану. Автоматтанған су шаруашылық кешені мен су қоры насаналырын жасау (құру).

Жер қойнауын ластау, ауадағы зиян заттар мен өндіріс қоқыстарының жиналуынан пайда болады. Сондықтан соңғы кезде өндірістік қалдықтарды өңдеу, жерді түздалудан балшықтану мен құрғақтандырудан қорғау керек.

 

Байланыс мекемелер мен кәсіпорындарда еңбекті қорғау жұмысын ұйымдастыру.

Байланыс кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмысы тексеріліп, басшылар мен қызметкерлердің жұмыс мамандырының еңбекті қорғау саласында қауіпсіздендіру ережесін білу, оны сақтау, қолдану барысын, жылына 1 рет тексеріп арнаулы емтихандар жүргізіп, қорытындылап отырады. Себебі байланыс әсіпорындары электр қорек көзінен және көптеген жаңа аппаратураларен жұмыс істеу арқылы адам өміріне қауіпті жағдайлар пайда болады.Барлық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерде еңбекті қорғау және қауіпсіздендіру жұмысының барысына 1-ші басшы жауап береді. Толық жауапкершілік бас инженер мен орынбасарға жүктеледі. Сонымен қатар техникалық қауіпсіздендіру инженерінің штаты болады. Жауапкершілігі мол қызметкерлер 1-ші болып өз білімдерін көтеріп, басшылық етуге рұқсат қағаз алады. Ол үшін басшымен инженер арнайы курстардан еңбекті қорғау депортпментінде өтеді. Оқыту курстары 36с -48 сағ. дейін ұйымдастырылады. Оқыту және емтихан қабылдау күні 2 жеті бұрын қабылданады. Басшылар мен бас инженерлер өздерінің білімдерін келесі тұрғыда көрсету тиіс:

1. Еңбекті қорғау заңы.

2. Қ.Р. халқының денсаулығын қорғау заңы.

3. Халықтың санитарлық эпидемиологияық жағдай туралы заң.

4. Еңбек қауіпсіздігінің стандарт жүйесі.

5. Авариялардың алдын алу және болдырмау жүйесі.

6. Электр мен жарықтандыру қауіпсіздік жүйесі.

7. Өрт қауіпсіздігі жүйесі.

8. Өндірістік процесстегі технологиялық режим, және қауіпсіздік қамтамассыз ететін нұсқаулар, технологиялар, схемаларын білу.

Сонымен қатар әрбір басшы өзінің басқаратын кәсіпорында адам өміріне қауіпті жұмыс атқарылатын жұмыс орындарының тізімін жақсы білуі тиіс. Сол жұмыс орындарында ауа тазартқыштар жұмыс істеу барысын, электр жарықтарының мол екендігін, санитарлық жағдайының тазалығын үнемі тексеріп тұру керек.

Дыбыс, шу, тербеліс сияқты қолайсыз жағдайлардың болмауын ұйымдастырады.

Байланыс мекемесінде өткізілетін шараларды бақылауды күшейту үшін, зақымдануы төмендету және еңбек жағдайын жақсартуы үшін 3 сатылы бақылау жұмыс жүргізіледі.

1. Күнделікті мастер немесе бас бригадир қоғамдық инспектормен бірге жұмыс орындарының жағдайын, дұрыс жұмыс істемейтін жабдықтар не аппаратуралар болса және қорғаушы құралдарды тексеріп өзгертер тапса, дереу оны жою үшін шаралар қолданылады. Егер бұзылысты (ақауды) өз күштерімен жөндей мүмкін болса арнай 3 сатылы жүрналға жазады.

2. Аптасына 1 рет цех бастығы аға қоғамдық инспектормен бірге цехтағы еңбекті қорғау жағдайын бөлшектеп тексереді. Мастердің жасаған ескертуі бойынша шешім қабылдап, кемшілікті жою бойынша орындалған шараларды тексереді. Тексеру нәтижесін цех бастығы сол журналға жазады.

3. Айына 1 рет. Бас инженер мен еңбекті қорғау инженері байланыс мекемесі бойынша еңбекті қорғау жағдайын тексереді. Тексерілгеннен кейін кемшіліктерді жоюдың 1-ші 2-ші сатылы тексеруден кейінгі нәтижесін мекеме бұйрық бойынша рәсімдейді.

Барлық байланыс өнеркәсіптерінің жұмысшылары міндетті түрде еңбек туралы заңды және еңбекті қорғау ережелері мен нормаларының талабын орындау қажет.

Жұмысшылар, Қызметерлер, инженерлік –техникалық жұмысшылар жарғыға сәйкес дәл уақытында өз міндетін атқарып, өзіне тапсырылған жұмысты тіліп, берілген доспарды орындап, еңбек тәртібін бұзбай, мүлікке зиян келтірмей, мемлекеттік құпияны сақтап, хат алмасу құпиясын сақтап, техникалық қауіпсіздік ережесін, кәсіптік тазалықты, өрттік қауіпсіздікті халыққа мәдениетті қызмет көрсетуді орындау қажет.

Еңбек міндетін мүлтіксіз орындағаны үшін жұмысшыға алғыс жарияланып оның аты құрмет тақтасына ілінеді «Си ақы төленеді».

Инженерлік – техникалық персонал байланыс мекемедегі еңбек туралы заңды, еңбекті қорғау ережесін бұзса тәртіпті, әкімшілік қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Тәртіпті ескерту ретінде жұмысшыға ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, ақысы төмен жұмысқа ауыстырылып немесе 3 айға қызметінен төмендетілуі мүмкін.

Әкімшілік ескерту ретінде (ескерту немесе ақшалай төлем) техникалық қауіпсіздік ережесін, кәсіпорын тазалығын сақтамағаны үшін техникалық инспекция мен санитарлық бақылау органдары салады.

Еңбекті қорғау ережесін бұзу, орындамау, қоршаған ортаны ластау бақытсыз жағдайға әкеліп соқтырса адамның денсаулығына зиян келтірсе жауапты адамдар прокуратура органдары арқылы қылмыстық жауапқа тартылады.

Байланыс мекемесінде өткізілетін шаралар және олады бақылау Байланыс мекемесінде өткізілетін шараларды бақылауды күшейту үшін зақымдануды төмендету және еңбек жағдайын жақсарту үшін үш сатылы бақылау енгізілген.

Күнделікті мастер немесе бригадир қоғамдық инспектормен бірге жұмыс орнының жағдайын жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін және қорғаушы құралдарын тексереді. Егер кемшіліктер тапса, дереу оны жоюға шара қолданады. Егер өз күштерімен бұзылысты жою мүмкін болса үш сатылы бақылау журналына жасады.

Апта сайын цех бастығы аға қоғамдық инспектормен бірге цехтағы еңбекті қорғау жағдайын бөлшектеп тексереді. Мастердің ескертуі бойынша шешім қабылдайды. Кемшіліктерді жою туралы шаралардың орындалуын бақылайды. Тексеру нәтижесінің цех бастығы сол журналға жазады.

Ай сайын бас инженер мен еңбекті қорғау инженері байланыс мекемесі бойынша еңбекті қорғау жағдайларын тексереді. Бірінші және екінші сатыдағы тексеруден кейінгі кемшіліктерді жою нәтижесін бақылайды.Тексеру нәтижесін мекеме бойынша бұйрықпен рәсімдейді.

 

2-дәріс. Өндірістік жарақаттың туындау себептерін оқып үйрену әдістері. Жазатайым жағдайды зерттеудің басты мағынасы – аталған өнеркәсіптегі болған жағдайдың ақиқатын анықтап және осындай жағдайларды ескерту бойынша жетілдірулерді енгізу, сондай-ақ, қызмет көрсету барысына байланысты зақым алған жұмсшалардың қоғамдық қорғанысын қамтамасыз ету.

Травма – бұл грек тілінен аударғанда, сыртқы әрекет жағдайлардың әсерінен адамның дене мүшелерінің тканьдарының біртұтастығының бұзылуы.

Өндіріс шарттары- жұмысшылар үшін кейбір зияндылықтар мен қауіптіліктер жиынтығымен сипатталады.

Қауіптің өндіріс фактор әсерімен байланысқан жағдайын өндірістегі сәтсіз оқиға деп айтады.

Бұл оқиға шапшаңдылықпен сипатталады. Сыртқы әсерімен ағзадағы (организм) зақымдану арасындағы уақыт секунд немесе секунд бөлшектерін құрайды. Дәл осы себептермен өндіріс ауруларының сәтсіз оқиғалары ерекшеленеді.

Адам ағзасының (организм) улануы, аяқ астынан немесе тез арада пайда болған жағдайда зақым, ал ұзақ уақыт ішінде зиянды заттар әсерінің нәтижесінде болса - өндірістік ауру деп қарастыруға болады. Зиянды заттарды пайдалануда қауіпсіздік талаптарының орындалмауы нәтижесінде өндірістік зақымдарды, мамандық аурулары немесе жұмыс үрдісінде пайда болған денсаулықтағы ауытқулар адам ағзасына әсер ететін заттар жиынтығына байланысты.

Өндірістік зақым – еңбек қауіпсіздік шараларын орындамаған жағдайда өндірістегі жұмысшының алатын зақымы. Мамандық ауруы жұмысшыларға зиянды еңбек шарттарының әсерімен пайда болған ауру. Белгілі уақыт ішінде алынған өндірістік зақымдар жиынтығын өндірістік зақымдану, ал кәсіби аурулар жиынтығын- кәсіби ауру деп атайды. Әсер ету сипатына байланысты зақымдар механикалық (соғып алу, сындыру); термикалық (күйдіру, мұздау); химиялық (улану, күю); электрлік (демі тоқтау, шок) және т.б. бөлінеді.

Өндірістік сәтсіз оқиға деп өндіріспен байланысты және келесі жерлерде пайда болатын оқиғаларды айтуға болады:

- мекеме көлемінде;

- мекеме тапсырмасымен сыртта орындау кезінде (байланыс сымдарының электр тораптарында, т.б.).

Жұмыспен байланысты сәтсіз оқиғаларға келесі оқиғалар жатады:

- жұмысқа келе жатқанда немесе жұмыстан кайтқанда болған оқиғалар;

- мекеме немесе ұйымның жұмысымен байланысты өз қоғамдық міндетін атқару кезінде болған оқиғалар;

- әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін сақтау, мемлекеттік және меншікті күзетуде болған оқиғалар.

Нәтижесіне байланысты сәтсіз оқиғалар келесі түрлерге жіктеледі:

- жұмыс қабілеті бар (өзі зақымдану): 3 күнге дейін жұмыс қабілетін жоғалту;

- 2 немесе одан көп адамдар зақымдалған топтық сәтсіз оқиғалар;

- мүгедектік және өлім жағдайлары бар ауыр оқиғалар;

- бір өлім және 3 т.б. нәтижелері бар топтық жағдайда және 2 өлім және одан көп болған т.б. жағдайлары

бар сәтсіз оқиғаларды ерекше есептік оқиғалар тізбегіне жіктейді.

    Қызметтік зерттеудің негізгі талаптары:

- зақымданушыға 1-ші дәрігерлік көмек көрсету;

- сәтсіз оқиға себептерін талқылау;

- еңбек шарттарын және қауіпсіздік техникасын камтамасыздандыру бойынша шарттарды өткізу;

- сәтсіз оқиға себебі болған адамды (адамдарды) табу.

    Еңбек қабілетін жоғалту бойынша өндірістегі сәтсіз оқиғаларды зақымданушы немесе куәгер шеберге, цех бастығына, жұмыс жетекшісіне мәлімдеу керек. Сәтсіз оқиғаны естіген соң, олар зақымданушыға 1-ші дәрігерлік көмек ұйымдастырады, болған оқиға туралы мекеме жетекшілеріне және кәсіподақ комитетіне хабарлайды. Сәтсіз оқиға себептерін іздестіріп, оларды жоюға шара қабылдайды. Мекеме жетекшілері кәсіподақ комитеті төрағасымен бірге 24 сағат ішінде қауіпсіздік техникасы инженері немесе оның орынбасарымен болған жағдайдың себептерін зерттеп болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін шаралар қабылдау керек. Одан басқа ол бригада, смена, цех бөлімшелері, салалар, ИТР (басқару) жетекшілерімен бірге жиналыс ашып, зерттеу нәтижелерімен танысады. Онда Н-1 түрінде акт толтырылып көрсетілген мекендер бойынша актты жібереді. Топтық жағдайларда акт әр зақымданушыға бөлек толтырылады. Актіде сәтсіз жағдай шарттарын суреттеу кезінде зақымданушының қай кезде не жұмыс істегені туралы жазылуы тиіс. Егер жұмысшы қондырғымен жұмыс істеген болса, оның жұмысы техника қауіпсіздігі шарттарына сәйкес орындалмаса, қондырғының түрі, моделі, шығарған зауыты, шығарған жылы көрсетіледі. Және де жұмысшының қай жері зақымданғаны туралы 1-2 сөз айтылады.

    Егер электр тоғымен зақымдалған болса, онда тоқтың түрі (айнымалы немесе тұрақты) мен кернеуі көрсетіледі. Күю кезінде күю себептері көрсетіледі, мысалы, ерітілген маталлмен, агрессивті сұйық затпен және т.б. көрсетіледі. Одан басқа актта сәтсіз оқиғаның негізгі себептері көрсетілуі керек техникалық, мекемелік (зақымдалушының білімсіздігі, жұмыстың, жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылмауы, дербес сақтану құралдарының жоқтығы) және санитарлы-техникалық (метрологиялық шарттардың сақталмауы, өндіріс бөлмелерінің сиымсыздығы, дұрыс жарықтану жүйесінің болмауы, шу, тербеліс және т.б.).

    Жұмыс қабілетін жоғалту мерзімі аяқталған соң мекемеде қалған Н-1 түріндегі акт экземплярына сәтсіз оқиға нәтижелері туралы мәліметтер жазылады және оны жоғарыда тұрған мекемеге, кәсіподақ, техникалық еңбек инспекторына және сәтсіз оқиға болған ұйымның кәсіподақ комитетіне жазбаша түрде хабарлайды.

    Екі немесе одан көп адам болған топтық сәтсіз оқиға және де ауыр өлім жағдайларына арнайы түрде қызметтік зерттеулер жүргізіледі, жағдай орнына келген кәсіподақ, техникалық еңбек инспекторы сәтсіз оқиға себептерін зерттеп қызметтік зерттеу құжаттарымен танысады.

Н-1 түрдегі акттар негізінде ұйым әкімшілігі, өндіріспен байланысты сәтсіз оқиғада зақымдалған жұмысшылар туралы 9-форма түрінде есеп жүргізіп, бұл 3 күннен көп еңбек қабілетін жоғалтқан сәтсіз оқиға деп есептелінеді.

 

Өндірістік зақымдану себептерін білу әдістері

Өндірістік зақым  дегеніміз өндірістегі жарақаттардың жиынтығын сипаттайтын құбылысты білдіреді.

Қазіргі кезде травматизмді (жарақаттықты) талдаудың жиі қолданылатын әдістері келесідей:

- Статистикалық (санақтық);

- Монографикалық;

- Техникалық.

Өндірісте сәтсіз оқиға өздігінше пайда болмайды, оған әрдайым бір себеп болады. Сондықтанда әр сәтсіз оқиғаның өзі өндіріс бөлімінде еңбек шарттары дұрыс ұйымдастырылмағанын сипаттайды.

Статистикалық әдісте травматизмнің деңгейі төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

а) травматизмнің, белгіленіп алынған зерттеу мерзіміндегі абсолюттік саны арқылы;

б) травматизмнің жиілік коэффициентімен;

в) травматизмнің ауыртпалық коэффициентімен;

г) травматизмнің қауіптілік коэффициентімен;

Травматизмге объективті баға беру үшін оның абсолюттік көрсеткіштермен қатар, басқа да жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер (коэффициенттер) қолданылады.

Травматизмнің жиілік коэффициенті деп зерттеуге алынған мерзім ішіндегі оның сандық көрсеткішінің, белгіленіп алынған негізгі қатынасын айтады.

Сәтсіз оқиға туралы зерттеулер мен есептік мәліметтер материалдары еңбек қауіпсіздігі туралы бірер ауыз сөз айтуға және зақымдануды болжамдауға мүмкіндік береді.

Өндірістегі зақымдану себептерін статистикалық, топографиялық, монографиялық және т.б. әдістермен зерттейді.

Статистикалық әдіс сәтсіз оқиға туралы мәліметтердің жиынынан, олардың жиналуынан және санақтық материалдың өңделуінен тұрады. Бұл кезде зақымданушының жасын, жынысын, осы мамандық бойынша жұмыс стажын, білімін, техника қауіпсіздігі бойынша емтиханды тапсыру мерзімін және т.б. факторларды ескереді. Одан басқа жұмыс шартын және түрін, жыл, тәулік және смена мезгілін, қондырғы орнын және т.б.сипаттарын жинақтайд

КЧ=

Зақымдалу жиілігінің формуласы 1 жыл ішіндегі 1000 адам ішінен қанша бақытсыз жағдайға ұшырайтындығын сипаттайды.

Кт=

Бір бақытсыз жағдайдың қанша мерзімге созылатындығының орташа мәнін сипаттайды.

Кн= КЧ × Кт=

Зақымның ауырлығы мен жиілігін кешенді түрде ескереді.   

 

Кл=

Өндірістегі бақытсыз жағдайдың нәтижесінде өлген аадамдар саны.

Еңбек шарттарының зақымдану деңгейін бағалау әдісінің бірі топтық әдіс. Бұл әдіс статистикалық әдістің жалпы түрін бейнелейді.Топтық әдісте қарастырылатын мәліметтер сәтсіз оқиғаның белгілері бойынша топталған соң өңделеді. Бұл әдістің мәні – осы топталған белгілер бойынша өндіріс зақымының көрсеткіштері арасындағы айырымды анықтау.

    Топографиялық әдіс мекеменің топографиялық зерттеулерін өткізуді қарастырады. Ол сәтсіз оқиға орындарында себептерді білуге негізделген. Ең қарапайым мысал ретінде қауіпті еңбек шарттары жойылмаған мекемелер карталарын және қондырғылардың орналасу жоспарын қарастыруға болады. Мұндай картада шартты белгілермен бірге өндіріс зақымдар жағдайлары да көрсетіледі. Алынған нәтижелер соңында қоршауларды тұрғызу жерлері белгіленеді, қондырғылардың конструкцияларын өзгерту, сонымен қатар арнайы мамандық шараларды талап ететін аудандарға бөлінеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: