Теодолиттерді зерттеу 8 страница

Зертхана сабағында орындалған жұмысты, студенттер керекті есептеулерді орындап, оны түсініктемеде дайындайды. Студенттер тарапынан орындалған зертхана жұмысы екі апта ішінде жеке тапсырады. Зертхана жұмысын тапсрығанда студенттер алған білім көлемінде ауызша сұрақтарға, орындалған жұмыс туралы жауап береді.

2. Деңгейлер құрылымы

Деңгейлер аса кіші мәндегі еңіс бұрыштарды өлшеуде және сызықтарды келтіруде тағы да жазықтардың жайласу жағдайларын (көлденең, вертикаль, еңіс) анықтауда қолданады. Деңгейлер, сұйықтық бар амплуада және жүйектемеден тұрады.

Деңгейлер пішіні жағынан цилиндр немесе түтікше және дөңгелекше немесе сфералық түрінде болады.

Цилиндр деңгейлер ішкі беті бөшкен пішіндегі, тегіс мөлдір тазартылған дөңгелек доға беті бар шыны түтікшеден тұрады. Дөңгелек деңгейдегі амплуа ішіндегі сфералық бет тегіс мөлдір тазаланған (жоғарғы беті) болады. Сондықтан да цилиндр деңгейімен көлденең сызықта, ал дөңгелек деңгейде болса жазықтық салыстырылады.

Дөңгелек деңгейлер жоғарғы дәлдікті қамтамасыздандырмайды, онымен аспапты тұрпайы орнатуға болады. Цилиндр деңгейлер көптеген орындарда қолданылады. Олар бір немесе екі тараптамалы болады. Кейінгі түрін реверсионды немесе қайта ауыспалы деп те атайды. Бір тараптама деңгейлерде бір жұмысшы беті (жоғарғы), ал екі екі тараптамада болса – екі бет болады. Бұл бір деңгейді екі жағдайда тура және аударылып ауыстырылған жағдайда өлшеп, маркшейдер-геодезиялық аспаптарда қолданылады.

Деңгей ампуласын жасағанда шыны түтікше іші аз жабысқақтыққа ие болған төмен температурада тоңдап қатушы күлгін түсті эитль спирт, сұйықтығымен толтырылад. Сұйықтық ампула түтікшесінің үлкен көлемін толтырып, түтікшеде толтырушы үлбіругінің аз ғана бөлігі қалдырылады. Деңгей үлбіреуігі әрқашан шеткі жоғарғы орынға қарай ұмтылады, ал ампуланың ішкі беті үлкен радиустағы дөңгелектің бөлігі болғандықтан, деңгей ампуласының еңіс бұрышын, деңгейдің жоғарғы бетіне пропорционал орын ауыстырумен келтіреді. Осы орын ауыстыру ампулаға салынған шкаламен өлшеніп бекітеді. Деңгейде өлшеу ампуладағы ортаңғы шкаладан екі тарапқа қарай орындалады, ампуладағы ортаңғы шкала – ноль орны делінеді. Ампула ішіндегі бет ноль-орны нүктесінен өтуші жанама деңгей осі делінеді. Деңгейді пайдалануда немесе аспапты көлденең тегістікке жайластыруда деңгей үлбіреуігін ортадағы ноль-орынға жайластыру керек. Егер, ноль-орында үлбіреуік жайластырылмаса, онда үлбіреуіктің ортадан ауысқан орнын ампула шкаласы мен өлшеп анықтайды. Еңіс бұрышын градус жүйесінде анықтау үшін, шкаланың бұрыштық мәнісін, деңгей бөлегі бағасына көбейтеміз. Деңгей бөлегі бағасы зерттеу жолымен анықталады. Деңгейдегі үлбіреуік шамасы жұмысқа айтарлықтай кедергі жасамайды. Үлбіреуіктің ұзындығы ампула ұзындығының 0,3 0,4 дей болады. Үлбіреуік шамасы кіші болса, оның сезгірлігі азаяды, үлкейсе ол шкаладан шығып кетіп, оның орнын өлшеу қиынға соғады. Қоршаған орталықтағы температураның өзгеруіне байланысты үлбіреуік шамасы тез жылдам өзгереді. Үлбіреуік шамасын оңтайлап сақтау үшін деңгей ампуласында камералық қоры бар немесе компенсациялайтұғын шыны таяқшаны қолданамыз. Бірінші кезекте деңгей үлбіреуігі екіге бөлінеді. Оңтайланған шаманың бір бөлігі деңгейдің негізгі камерасында жайласады, екінші бөлігі болса, қорда жайласады. Екінші камераның бар болуы себепті, үлбіреуіктің жұмыс істеуі әрқашанда негізгі камерада үлбіреуік кішірейеді немесе ұлғаяды. Оңтайланған деңгейлерді қолдану өте қолайлы. Бұл деңгейдің ампула ішіндегі шыны түтікше сұйықтық көлемін кішірейтеді. Сондықтан да сұйықтық көлемінің өзгерісіне температураның көбейіп немесе төмендеуі әсер етпейді, ал соған байланысты деңгей үлбіреуінің шамасы аз өзгеріске ұшырайды.

Ақырында жоғарғы дәлдікте деңгей үлбіреуігін ноль-орынға орнатуда арнайы призам жүйесін қолданады. Үлбіреуік ұштарының көрінісі окулярдың көру дүрбісіне үлкейтіп беріледі. Үлбіреуікті ноль-орынға келтіру үшін окуляр ішіндегі көріністегі ұштарды түйістіру жеткілікті болады.

Деңгейлер құрылымын таңдау, оның сипаты көптеген геодезиялық аспаптарды керекті дәреже дәлдігімен жұмысқа дайындау арқылы еріседі.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Негізгі баға беруші микроскоптың мақсаты.

2.Верньердің негізгі мақсаты.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1.П.Н.Кузнецов, И,Ю.Васютинский, Х.К.Ямбаев “ Геодезиялық аспаптану”.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2]

1.Көру дүрбісінің ұлғаюын есептеп, анықтау.  

№2 Зертханалық жұмыс

 Жұмысты орындау тәртібі:

1. Құрылғының вертикальді және горизонталь осьтерін меңгеру.

2.Ең басты аспаптың меңгеруі және игеруі.

3.Элевационды винттер.

4.Қыл сызықты торға және көпіршікке түзету енгізу.

Теодолиттің вертикаль осі. Горизонталь дөңгелектегі микрометрлік – қысу құрылғылары. Тұғырықтар және көру дүрбісінің горизонталь осі. Нивелирдегі вертикаль осьтер және микрометрлік қысу құрылғылары. Элевацион винті. Нивелирдегі шексіз келтіруші винттер жүйесі. Деңгей және жіп торларын түзетулер жасаушы винттер штативтер, консольдер, орталыққа келтіруші құрылғылар және белгі берулер.

Оқулықтар: (1) 77-101 б.: (2) 68-88 б.

Бұл атамадағы тақырыбы студент оқып үйренуде, оптикалық есептердегі қолданылатын осьтер жүйесі. Оларды қолдану орны, оларға қойылған талаптар. Горизонталь және вертикаль дөңгелектері түйініндегі микрометр – қысу құрылғыларына айрықша көңіл бөліп, теодолит пен нивелирдің көтеруші винтері үйретілінеді.

 Деңгей құрылғылары, қолдану орны. Деңгей типтері. Цилиндр және дөңгелек деңгейлер. Деңгейлердің геомеханикалық элементтері, ампула типтері. Призма жүйелі деңгейлер. Деңгей бөлігінің бағасын анықтау, емтихан алушылар. Деңгедің сезімталдығы. Деңгейлердің жиектемесі. Компенсаторлар.

Оқулықтар: (1) 102-117 б.; (2) 89-103 б.

Студент, тақырып оқып үйренгеннен соң, деңгейдің қолдану орнын, оның құрылғысын, пайдалану және мүмкіндігін, оны толық білу қажет. Ол практикалық тұрғыдан деңгейдің сезімталдығын анықтауды таба біліп, зерттеп біліп және әр типтегі аспап деңгейлерінің бөлігі бағасын анықтау қажет. Компенсатор түрлерін үйреніп, деңгейлерді ауыстырушылардың мүмкіндігін, олардың дамуын үйрену керек.

Өлшемдік тетіктердің жаңадан жасалған негізгі түрлерін үйрену.

Өлшемдік тетіктердің алғашқы дағдылы жұмысқа жарамдылығын қабылдап үйрену.

Бұрыш өлшейтін аспаптардың конструкциялы құрылымымен танысу.

Осы жұмыс негізінде өлшемдік тетіктердің төмендегі түрлерін үйрену қарастырылады: қарапайым бағалаушы (НТ нивелирі), верньер (ТГ-5, ТТ-5), бағалаушы-микроскоп (ТОМ, ТЗО, Тһео-120), шкалалы микроскоп (Т30м, Т10, Т5), бір тарапты оптикалық микрометр (ТТ4), екі тарапты оптикалық микрометр (ТБ-І, ОТС-62, Т2).

Зертхана жұмысын орындау әрбір студентің жеке орындауымен атқарылады. Өлшемдік тетіктердің түрлері бойынша төмендегі тәртіппен материалдар есептеліп орындалып көрсетіледі:

Өлшемдік тетік түрлеріндегі окуляр ішіндегі көріністері, лимбада орнатылған микроскоп, лупадағы еркін түрдегі өлшемдерді алу;

Суретте бейнеленген өлшемдерді жазу;

Өлшем тетіктерінен алынған өлшемдердің дәлдігі.

Жұмыс дайындалып және келесі зертхана сабағында тапсырылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Берілгені және орналасуы бойынша қандай өстік системалар болуы мүмкін.

2.Қыл сызықты торға және көпіршік құрылғысына винттер арқылы түзету енгізу.

1.Микрометр мен бекітпенің қызметі және құрылымы.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1.П.Н.Кузнецов, И,Ю.Васютинский, Х.К.Ямбаев “ Геодезиялық аспаптану”.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2]

1.Теодолиттің өстік системасын сызу.

2.Құралдың негізгі түйіндерін анқтау.

№3.зертханалық жұмыс

Жұмысты орындау тәртібі:

1.Көпіршіктің бөлігін анықтау.

2.Теодолиттің вертикальды дөңгелегін арқылы анықтау.

3.Рейка арқылы анықтау.

Жұмыстың мақсаты болып:

1. Өлшемдік тетіктердің жаңадан жасалған негізгі түрлерін үйрену.

2. Өлшемдік тетіктердің алғашқы дағдылы жұмысқа жарамдылығын қабылдап үйрену.

3. Бұрыш өлшейтін аспаптардың конструкциялы құрылымымен танысу.

Осы жұмыс негізінде өлшемдік тетіктердің төмендегі түрлерін үйрену қарастырылады: қарапайым бағалаушы (НТ нивелирі), верньер (ТГ-5, ТТ-5), бағалаушы-микроскоп (ТОМ, ТЗО, Тһео-120), шкалалы микроскоп (Т30м, Т10, Т5), бір тарапты оптикалық микрометр (ТТ4), екі тарапты оптикалық микрометр (ТБ-І, ОТС-62, Т2).

Зертхана жұмысын орындау әрбір студентің жеке орындауымен атқарылады. Өлшемдік тетіктердің түрлері бойынша төмендегі тәртіппен материалдар есептеліп орындалып көрсетіледі:

Өлшемдік тетік түрлеріндегі окуляр ішіндегі көріністері, лимбада орнатылған микроскоп, лупадағы еркін түрдегі өлшемдерді алу;

Суретте бейнеленген өлшемдерді жазу;

Өлшем тетіктерінен алынған өлшемдердің дәлдігі.

Жұмыс дайындалып және келесі зертхана сабағында тапсырылады.

2. Өлшем тетігін үйрену

Жаңа түрдегі бұрыштың өлшеу аспаптарындағы өлшемдік тетіктерінің тізімін үйренумен қатар олардың кең таралу жағдайлары есепке алынады.

2.1. Қарапайым бағалаушы

Бұл өлшем тетіктері бұрыш өлшейтін аспаптарда көлденең дөңгелегі бар нивелирде, тағы да төмен дәлдікпен өлшейтін басқа аспаптарда қолданылады.

Ережеге байланысты өлшемнің дәлдігі қарапайым бағалаушымен анықталады және бұл дәлдік 6 10’ аспайды.

Қарапайым бағалаушы – бұл лимбаның кіші штрихымен және индекс арасындағы бағалануды ешбір оптикалық жүйесіз анықтайтын өлшем құрылымы (1 сурет). Лимбадағы көршілес штрихтар аралығы 1,5мм-ден үлкен болғандағы өлшем дәлдігі ондық үлеске бөліктердің дәлдігімен анықталады. 1 суретте көрсетілген өлшем дәлдігі 6’ құрайды. Лимба бөлік шамалары кішірейгенде дәлдік азаяды және ол лимба ¼, ½ бөлігін құрайды. Өлшем лимбаның бүтін бөліктер мен штрихтар арасындағы көзбен бағаланған кіші бөлік жинағынан тұрады. Біздің мысалымыздағы өлшем көрінісі көзімізге640,6 немесе 64036 өлшемді көрсетеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Баға беруші микроскоптың әрекет принципі.

2.Верньердің әрекет принципі.

 

Ұсынылатын әдебиеттер.

1.Б.Н.Кузнецов, И.Ю. Васютинский, Х.К. Ямбаев «Геодезиялық аспаптану»бет [118-122].

2.Методикалық нұсқаулар.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2]

1. Микроскоптың лупасының көз аясындағы есеп алу түрлерінің құрылымың сызу: верньердің, баға беруші микроскоптың.

2. Реннің қателігін анықтау, есепке түзетулер енгізу.

  

 №4зертханалық жұмыс

Жұмысты орындау тәртібі:

1.Лимбті зертеу.

2.Верньер бойынша есеп алу.

3.Микроскоп – баға беруші (штрихті микроскоп) құрылысың зерттеу.

Верньер

Геодезиялық аспаптарда әрқашанда тура верньерлер пайдаланып келген, бұл верньердегі n бөлік доғаны құрап, ал доғаның өзі n-1 бөлікке ие болады. Бұл доғалардың теңдігінен:

 (1)

бұл жерде,  - бөлігінің бағасы;

’ – верньер бөлігінің бағасы.

Лимба бөлігі мен верньер бөлігі арасындағы айырма верньер дәлдігі делінеді:

 (2)

(1) формуладағы ’ мәнісін орнына қойсақ:

 (3)

Осы тұрғыдан өлшем құрылғысы сан өлшемдерді алғанымызда, өлшемнің дәлдігі 10”, 20”, 30”, 1’ болуы мүмкін.

Мысалы, ТГ-5 төмендегі верньер құрылғысын қарап өтейік.

Өлшемдер дәл өлшеніп алыну үшін верньерлерде лупа қолданылады. Лупа шкала бойымен немесе верньер ортасында жылжып және бір орында орналасқан болады.

ТГ-5 теодолиті лимбасындағы 20’ бөліктердің өлшем дәлдігі 30” дейінгі өлшемдерді алуға болады. Алғашында верньер индекісінің нолі жайласқан орыннан лимбаның кіші штрихынан өлшем алынады. Біздің мысалымызда, 71020’. Кейін верньер шкаласы мен лимба шкаласының түйіскен орнын қараймыз, түйіскен верньердегі штрих санын өлшеп алу керек. 2 суретте бұл көрініс 9’100” құрайды. Лимба мен верньер өлшемдері жинақталып бізге,

71020’+9’100”=71029’00” өлшемді береді.

Верньер металдан жасалынған лимбасы бар бұрыш өлшейтін аспаптарда қолданылады. Верньер құрылымы дәлдік талабына толық жауап береді, себебі, теодолиттің техникалық анықтығы да осы дәлдікпен тағайындалады.

Қазіргі кезеңде металл лимбалы теодолит аспаптарының верньері оптикамен ауыстырылған.

Шкалалы микроскоп

 

Шкалалы микроскоптар қазіргі дәл және техникалық теодолиттерде қолданады, себебі, оларда өлшем алу бір тараптама болғандықтан. Бағалаушы микроскоппен салыстырғанда шкалалы микроскоп үлкен дәлдікті көрсетіп, бұл дәлдік қосымша шкаланы қолданғандықтан болады. Микроскоп көрінісінде бір мезгілде көлденең және вертикаль лимбаның бөлігін көруге болады (4 сурет). Лимбадан, лимба бөлігіндегі шкаладан өлшемді алуға болады. Мысалы, көлденең дөңгелектегі өлшем 460. енді болса көзімізбен бүтін шкала сандарымен шкаладағы үлестер санын жинақтанымыз дұрыс болады. Біздің мысалымызда: 5614 немесе 5624. Соңғы микроскоптағы лимба шкаласындағы көлденең дөңгелектегі өлшем 4605624 тең. Осыған ұқсас жағдайда вертикаль дөңгелектегі өлшем 35702530 тең. Микроскоптың үлкейтіп көрсетуіне байланысты (1,5мм дейін) өлшемдегі дәлдік 0,1 дейін яғни 6 құрайды. Бөліктердегі шамалар кішірейгенде өлшемнің дәлдігі азаяды.

Бағалаушы микроскоп

Техникалық дәлдікте оптикалық теодолиттерде бағалаушы микроскоп қолданылады. Конструктив түзілісіне қарай микроскоп окуляры бір тұтас дүрбіге немесе дүрбі тұғырына орналасады, кейінгісінде ол айналуға бейімделген. Бағалаушы микроскоптың өлшемдік дәлдігі1’ немесе 30” тең. Бағалаушы микроскоптың құрылысы қарапайым бағалаушыға ұқсас келеді. Дегенмен, лимбаны, ондағы өлшемдерді көзімізге үлкейтіп көрсетуде шыны лимбаның 10’ және одан да кіші бөліктерден өлшем алынады, осыған орай бұл құрылғының микроскоп окулярынан көлденең және вертикаль дөңгелектегі өлшемдерді анық дәлдікпен алуға мүмкіндік береді. ТЗО теодолитінен бағалаушы микроскоптан өлшемдерді алу тәртібімен танысып көрейік.

Микроскоп өлшек индексі келіп тұрған орнынан лимбаның кіші штрих өлшемін аламыз. Біздің мысалымызда көлденең дөңгелектегі өлшем 25040’, және вертикаль дөңгелектегі өлшем 356010’ тең. Кейін минуттың дәлдікке дейін лимбадан өлшемдер алынады, өлшемдердің үйлестігі 8’ және 4’ құрайды. Ақырында толық дәлдіктегі өлшемдер

25040’+8’=25048’

356010’+4’=356014’

 

 Бақылау сұрақтары:

1.Баға беруші микроскоптың әрекет принципі.

2.Верньердің әрекет принципі.

   

Ұсынылатын әдебиеттер.

1.Б.Н.Кузнецов, И.Ю. Васютинский, Х.К. Ямбаев «Геодезиялық аспаптану»бет [118-122].

2.Методикалық нұсқаулар.

  

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2]

1. Микроскоптың лупасының көз аясындағы есеп алу түрлерінің құрылымың сызу: верньердің, баға беруші микроскоптың.

№5зертханалық жұмыс

Жұмысты орындау тәртібі:

1.Бұрыштарды өлшеудің барлық әдістерімен танысу.

2.Т30, 2Т30М теодолиттерінің экцентриситетін анықтау.

3.Теодолитпен бұрыштарды өлшегендегі дәлдік бағасы.

 

Теодолит – геодезиялық сеттердегі бұрышты өлшеу, түсіру сеттерінде, теодолиттік түсіру кезінде, қолданбалы геодезиялық өлшеулерде, және магниттік азимутты анықтау үшін қолданылады.

Қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі, есептеу құрылғыларының түрі, горизонталь дөңгелегінің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясы және атқаратын міндеті жағынан әр түрлі текке бөлінеді. Теодолит - алидададағы көлденең шеңбердің деңгейін айырбастау үшін өзін өзі құрастыратын оптикалық компенсатордан құрылған. Ол құрылымды нивелир ретінде, яғни визирлеудің горизонталь сәулесіне қолданады.

Жұмыстың диапазондық температурасы минус 40˚С-дан плюс 50˚С-ге дейін.Теодолит 2Т5КП 2Т5К-ден айырмашылығы көру түтігінің тікелей кескіндеме беруімен жабдықталуы. Тағайындалуы, техникалық мінездемелері, негізгі бөліктерінің құрылымы, және жабдықталу комплекттері екі теодолитке де бірдей.

    2Т5К және 2Т5КП теодолиттерінің айрықша ерекшелігі: вертикаль дөңгелектің өздік орналасатын индексі. Ол вертикаль дөңгелекте деңгейді алып тастауға, визирдің горизонталь сәулесімен нивелирлеуге мүмкіндік береді.

    2Т5КП теодолиті 2Т5Ктеодолитіне қарағанда көру дүрбісі тура кескінді.

    2 cуретте жан қақпақсыз теодолит көрсетілген. Вертикль дөңгелектің есеп алу жүйелері бекітілген плата 7 ұстында төрт бұрандамен бекітілген. Серіппелі асқыштағы өздік орналасатын компенсатордың штангасы 5 кронштейндегі екі винт6 көмегімен орналастырылған. Даланық жұмыстарда ноль орнын юстирлі винт 1

(1-сурет) көмегімен түзетуге болады, осы кезде кронштейнде бекітілген призма 3 вертикаль дөңгелектегі отчетті өзгертіп иіледі.

    Дөңгелек формалы компенсатор маятниктегі 2 тыныштандырғыш ұяшығымен 1 тоғысады. 

    Ұстында горизонталь жазықтығында орналасқан кронштейнде 9 және 11 бұрандаларымен бекітілген горизонталь дөңгелектің есеп алу жүйесінің объективинің екі линзасы бар.

    2Т5К және 2Т5КП теодолиттерінде лимбтерден шкалалық микроскоп көмегімен есеп алынады, ол тез және дәл есеп алуға мүмкіндік береді.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Эксцентриситет деген не?

2.Негізгі зерттеулер және тексерулер.

3.Теодолит түрлері.

   

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Б.Н.Кузнецов, И.Ю. Васютинский, Х.К. Ямбаев «Геодезиялық аспаптану»бет [208-213]

2. Әдістемелік нұсқаулар «Теодолитті зерттеу»

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2]

1.Теодолит түрлері.

№ 6.Зертханалық жұмыс

Жұмыстың орындау тәртібі:

1. Нивелир түрлері.

2. Нивелирдің негізгі аспаптық қателері және оны зерттеу.

3. Нивелирлік рейкалар.

   Нивелерлеу және нивелирлер туралы жалпы мәліметтер. Нивелирлер жіктемелері. Мемлекеттік стандартқа бейімделген нивелир типтері және олардың негізгі параметрлері. Деңгейлі нивелирлер. Элевацион винтері бар нивелирлер. Өзінде көздеу сызығын ұстаушы нивелирлер, олардағы компенсаторлар түрлері. Еңіс көздеуші жарықпен жұмыс істеуші нивелирлер. Нивелирлерді тексеру және зерттеу. Нивелир рейкалары.

Оқулықтар: (1) 247-280б; (2) 270-303б.

Студент, тақырыпты үйренуде, нивелир құрылғысы дүзілісіне, оны тексеруге өзінің назарын қаратып, компенсатордың әрекетін үйреніп, олардың өзінде көздеу сызығын ұстаушы нивелирлерде қолданылатынын есте сақтай білуі қажет.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Нивелирдің негізгі сипаттамалары және оның классификациясы.

2. Рейкалардың түрлері.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. П.Н.Кузнецов, И.Ю.Васютинский, Х.К.Ямбаев «Геодезиялық аспаптану» (247-274)-бет.

2. Әдістемелік нұсқаулар «Исследование нивелира»

 

 СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2]

1. Нивелирдің тексермесі мен зерттемесі.

2. Көлбеу визирлеу сәулесі бар нивелирлерге қысқаша сипаттама беру.

Зертханалық жұмыс № 7

Жұмыстың орындау тәртібі:

1. Теодолитті – тахеометрді және кипрегельді – автоматтарды зерттеу.

2. Тахеометр мен кипрегельдің тексермелері мен зерттеулері.

Тахеометр және кипрегельдер жіктерімен қолдану орындары. Нанограммалы аспаптар, есептеу принциптері. Авторедукциялы тахеометрлер. Ішкі базисті тахеометрлер.

Бұл тақырыпты үйренуде, студент, қазіргі таңдағы тахеомер-автомат туралы толық көріністі мәлімет алумен қатар, аспаптың мүмкіндігі және ерекшелігін үйрену қажет. Құрылғыны меңгеріп, тахеометр және кипрегель-автоматпен жұмыс орындаудағы әрекеттерді үйрену керек.

1. Есеп. Оптикалық микрометрдегі көрініс параллель орын ауыстыру берілген  шамасын жазық параллель пластинка көмегімен орындалады. Пластинка қалыңдығы d=20мм болғанда пластинканың бұрылу бұрышын анықтау. Шынының сыну көрсеткіші n.

2.Есеп. 1 есептегі оптикалық микрометрдегі пластинка (жазық параллель) қалыңдығын табың, егер пластинка  бұрыш жасап бұрылса.

3.Есеп. Оптикалық микрометрдегі оптикалық сыналардың төбесіндгі бұрыштар  болғанда, берілген  орын ауыстыруды және сыну көрсеткіші n-дегі оптикалық сыналар арасындағы ажыралу  анықтаң.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: