Порта-кавальды анастомоздар. 5 страница

Мишық ақ және сүр заттан тұрады. Ақ заты немесе мишықтың милық денесі, corpus medullare cerebelli, мишық қалыңдығында жатады. Бұл жерде ол тармақталып, сұр затпен жабылған ақ табақшалар, laminae albae, түрінде әрбір қатпарға кіреді. Сондықтан мишықтың сагиталді кесіндісінде ақ жэне сұр заттың арақатынасындағы сурет милық ағашы атауы түрінде көрсетілген. Мишық сыңарлары мен құртының ми ағаштарын ажыратады; әсіресе, мишық құртындағы ақ заттың орналасу көрінісі айрықша көрсетілген, ол өмір ағашы, arbor vitae (vermis), атауын алады. Мишық аяқшалары. Мишық мидың басқа бөлімдерімен үш жұп аяқшалары, pedunсulі, көмегімен байланысады, олар өткізгіш жолдар жүйесін құрайды, талшықтары мишыққа және мишықтан жүреді. Келесі аяқшалары бар:1) сопақша мидан мишыққа баратын мишықтың төменгі аяқшалары, pedunculi cerebellares inferiores; мишықтың ортаңғы аякшалары, pednnculi cerebellares medii, көпірден мишыкка; 3)мишықтың жоғарғы аяқшалары, pedunculi cerebellares superiores, мишықтан ортаңғы миға.

Мишық ядролары, nuclei cerebelli, мишықтың милық денесі, corpus medullare cerebelli, қалыңдығындағы сұр заттың жұп жиынтығы түрінде. Келесі ядроларды ажыратады: 1. Тісті ядро, nucleus dentatus, ақ заттың медиалді-төменгі учаскесінде жатады, ол тісті ядроның какпағы, hilus nuclei dentati, атауын алады. 2. Тығынтәрізді ядро, nucleus emboliformis, тісті ядроға параллель және медиалді орналасады. 3. Шартәрізді ядро, nucleus globosus, тығын тәрізді ядродан кішкене медиалді жатып, кесіндіде бірнеше кішкене пішінді шарлар түрінде көрсетілген. 4. Төбешік ядро, nucleus fastigii, қүрттың ақ затында, оның орталық жазықтығының жанжағында, тілшік үлесшесі мен орталық үлесше астында, төртінші қарынша төбесінде жатады.

 

 

23. Сопақша ми: сыртқы және ішкі құрылысы.

Жауабы: Сопақша ми, medulla oblongata, артқы ми көпіршігінің немесе ромбтәрізді мидың, rhombencephalon, туындысы. Сопақша ми буылтық түріндегі жұлынның краниалді бағыттағы жалғасы, ми буылтығы, bulbus medullaris, атауын алуы сол себепті. Сопақша мидың ең жуандаған бөлігін сопақша ми буылтығы, bulbus medullae oblongatae, деп атайды. Сопақша ми конус пішінді, артынан кішкене жалпайған және алдыңғы бөлімдерінде дөңгеленген беттері бар. Оның жіңішке шеті жұлынға, жоғарғы кеңейген шеті көпір мен мишыққа бағытталған. Сопақша ми мен жүлынның арасындағы шекара бірінші мойын нервтің жоғарғы түбіршігінің шығу жері немесе пирамидалар қиылысының, decussatio pyramidum, төменгі деңгейі. Сопақша ми көпірден алдыңгы бетінде көлденең жүретін жүлге арқылы бөлінеді, жүлгеден ми бетіне әкететін нерв n.abducens шығады. Сопақша мидың бойлық көлемі - 3 см, көлденеңі орташа - 1,5 см алдыңғы - арткы 1 см-дей. Сопақша ми озінің алдыңғы, вентралді бетімен ылдидың төменгі учаскесінде жатып, үлкен тесігіне дейін жетеді. Сопақша мидың алдыңғы, вентралді бетінде алдыңғы орталық саңылау, fissura mediana anterior, өтеді, ол жұлынның аттас саңылауының жалғасы. Бұл саңылау жоғары бағытталып, кішкене ұңғыл - соқыр тесікпен аяқталады. Соқыр тесік сопақша миды көпірден шектейтін жоғарыда аталған көлденең жүлгеде орналасады. Алдыңғы орталык саңылау бірінші жұп мойын нервтері түбіршіктерінің будалары шығатын деңгейде кішкене үзіліп, пирамидалар қиылысынан, decussatio pyramidum, түзілген беткей саңылау түрінде. Сопақша мидың көлденең кесіндісінде әрбір пирамиданың будалар жиынтығынан түратынын ажыратуға болады, олар оң және сол пирамидаларда өзара жартылай қиылысып, пирамидалар қиылысын, decussatio pyramidum, түзеді. Кейін олар жұлынның латералді жіпше жүйесіне, funiculis spinalis lateralis, латералді қыртыс - жүлын жолы, tractus corticospinalis lateralis, түрінде жүреді. Будалардың қалған кішкене бөлігі қиылысқа қатыспай жұлынның алдыңғы жіпше жүйесіне, funiculus spinalis anterior, алдыңғы кыртыс-жұлын жолы, tractus corticospinalis anterior, түрінде жалғасады. Осы аталмыш екі жолды пирамидалы жолға біріктіреді. Сопақша ми пирамидаларынан тысқары сопақша-дөңгелек пішінді томпақ, төменгі олива, oliva inferior, орналасады, ол бүйір жіпшенің алдыңғы бетінде шығып тұрады. Оливаны пирамидадан жұлынның аттас жүлгесінің жалғасы алдыңғы латералді жүлгесі, sulcus lateralis anterior, бөледі. Бұл жүлге жүлыннан сопақша миға өткенде көлденең жүретін сыртқы доғатәрізді талшықтармен, fibrae arcuatae externae, тегістеледі, талшықтар оливаның төменгі жиегінде орналасып, пирамидаға бағытталады. Алдыңғы латералді жүлге тереңінен сопақша мидың бетіне тіласты нервтің, n. hypoglossus, 6-10 түбіршіктері шығады. Оливалар аркылы өткізілген көлденең кесіндісінде оливаларда нерв талшықтарымен бірге сұр зат тобын ажыратады, олардың көп бөлігі қатпар пішінді - төменгі оливалық ядросы, nucleus olivaris; оның олива-мишық жолымен, tractus olivocerebellaris, толтырылған төменгі оливалык ядро қақпағы, hilus nuclei olivaris, бар, және кішкене көлемді ядроларының біреуі ішке еніп, медиалді қосымша оливалық ядроны, nucleus olivaris accessorius medialis, басқасы-артта жатып, дорсалді қосымша оливалык ядроны, nucleus olivaris асcessorius dorsalis, түзеді. Сопақша мидың артқы, дорсалді бетінде артқы орталык жүлге, sulcus medianus posterior, орналасады, ол жоғары бағытталып, ми табақшасына, ысырма, obex, жетеді. Ми табақшасы, tuberculum nuclei gracilis арасында тартылып, төртінші карынша куысы төбесінің бөлігін құайды. Жүлынның орталық өзегі қуысы ысырманың астында төртінші қарынша қуысына жалғасады. Артқы орталық жүлгеден тысқары екі жүлге отеді; біреуі орталық жүлгеге жақын-артқы аралық жүлге, басқасы латералді-артқы латералді жүлге, sulcus lateralis posterior. Артқы латералді жүлге тереңінен 4-5 мөлшерінде тіл-жүтқыншак нервтің, n. glossopharyrigeus, түбіршіктері, 12-16 мөлшерінде кезбе нервтің, n. vagus, түбіршіктері, 3-6 мөлшерінде косымша нервтің церебралді болігінің, pars cerebellalis n. accessorii, түбіршіктері сопақша ми бетіне шығады. Артқы орталық және артқы латералді жүлгелер жұлыннықң аттас будаларының жалғасы саналатын артқы жіпшені, funiculus posterior, шектейді. Артқы аралық жүлге артқы жіпшені екі будаға бөледі, біреуі артқы аралық жүлге мен артқы орталық жүлге арасында жіңішке буда, fasciculus gracilis, ол жоғарыда томпаққа - жіңішке ядро төмпешігіне, tuberculum nuclei gracilis, жалғасады, басқасы - артқы аралық жүлге мен артқы латералді жүлге арасында - сынатәрізді буда, fasciculus cuneatus, ол да жоғарыда нашар айқындалған сынатәрізді ядро томпешігіне, tuberculum nuclei cuneati, жалғасады. Аталған осы томпақтарда сұр зат жиынтығы бар: жіңішке ядро төмпешігінде жіңішке ядро, nucleus gracilis, сынатәрізді төмпешікте - сынатәрізді ядро, nucleus cuneatus. Осы ядролар жасушаларында артқы жіпшенің сәйкес будалар талшықтары аяқталады. Артқы латералді жүлгенің жоғарғы шетінде, тіл-жүтқыншак нерв түбіршіктерінің үстінде, артқы және латералді жіпшелер жалғасы түрінде жартылай дөңгелек пішінді буылтық-мишықтың төменгі аяқшасы, pedinculus cerebellaris inferior, орналасады. Оң және сол мишықтын төменгі аяқшалары ромбтәрізді, fossa rhomboidea, шұңқырды латералді және дорсалді шектейді. Әрбір мишықтың төменгі аяқшаларының құрамына латералді үлкен және медиалді кіші бөліктерді түзетін откізгіш жүйе талшықтары кіреді.

 

24. Ромбтәрізді шұңқыр: қабырғалары, бас ми жүйкелерінің шұңқыр беткейіне проекциясы.

Жауабы: Төртінші қарынша түбінің пішініне сәйкес ромбтәрізді шұңқыр, fossa гһomboidea, атауын алады, ол сұр заттың жіңішке қабатымен, stratum cinereum fossae rhomboideae жабылған. Ромбтәрізді шұңқыр онтогенезі бойынша үш бөлімнің калыптасуы болып саналады: оның жоғарғы бөлігі, pars superior, ромбтәрізді ми қылтасынан, isthmus rhombencephali, пайда болып, pedunculi cerebellares superiors, арасында орналасады, аралық бөлігі, pars intermedia, артқы мидан, metencephalon, түзіліп, оң және сол латералді қалталар арасында жатады және төменгі бөлігі, pars inferior, сопақша мидан, myelencephalon, құрылып, оң және сол мишықтың төменгі аяқшаларының, pedunculi cerebellares inferiores, арасында орналасады. Ромбтәрізді шұңкыр алдынан мидың суқұбырынан, артынан calamus seriptorius-ке дейін тартылады. Оның бұрыштары: алдыңғы - үлкен миға, артқы - жүлынға, доғал бұрыштары - латералді қалталарға бағытталады. Шұңқырдың ұзындық диагоналі бойы­ мен ромбтәрізді шұңқырдың орталық жүлгесі, sulcus medianus fossae rhomboideae, өтеді, ол алдынан суқұбырына өтеді. Қысқа диагональ латералді қалталар арасынан өтеді. Шұңкырды орталық жүлге оң және сол үшбүрыштарға бөледі. Әрбір үшбүрыштың негізі орталық жүлгеде жатады, ал ұшы ромбтәрізді шұңқырдың ең жалпақ учаскесі - латералді қалталарға, recessus lateralis, бағытталады. Мишыктьщ төменгі аяқшаларының арасында жүргізілген сызық ромбтәрізді шұңқырды көлемі жағынан әртүрлі екі: жоғарғы (алдыңғы) және төменгі (артқы) үшбүрыштарға бөледі. Орталық жүлгенің жан-жағында екі медиалді томпақ, eminentiae medialis, бар, олар ромбтәрізді шұңкырдың алдыңғы учаскелерінде жақсы айқындалған. Осы томпақтардың қалыңдығында ми нервтерінің қимыл ядролары жатады. Әрбір томпақтың алдыңғы бөлігінде бет нерв тізесінен түзілген беттік төмпешік, coiliculus facialis, бар. Медиалді томпақ пен беттік төмпешік латералді жағынан шекаралық жүлгемен, sulcus limitans, шектелген жүлгенің жоғарғы бөлімдерінде, pedunculus cerebellaris superior-та жақын көк түсті кішкене учаске - көкшіл дақ, locus ceruleus, орналасады, оның түсі пигменттік жасушалардың орналасуына байланысты. Бет нерв төмпешігінің латералді бетінде және көкшіл дақтың артында терең емес жоғарғы шүңқыр, fovea superior, бар, ол шекаралык жүлгенің кеңейген жері болып саналады. Бет нерві төмпешігінің төменгі бөлігінің артында көлденең бағытта, ақ түсті жіңішке ми жолақтары, striae medullares ventriculi quartii, өтеді, олар ромбтәрізді шұңқырдың аралық бөлігінде жатады. Олар латералді орналасқан есту төмпешігінде, tuberculum acusticum, басталып, орталық жүлгеге бағытталады. Есту төмпешігінде ұлу нервтің дорсалды ядросы, nucleus cochlearis dorsalis, немесе nucleus dorsalis cochlearis, жатады, ол ядродан жоғарыда аталған, striae medullaris, басталады. Олар есту төмпешігі мен жалпайған көтеріңкісінің шекаралык жүлгесі арасындағы бетте өтеді. Кіреберіс алаңнан төмен тіласты нерв үшбүрышты, trigonum n. hypoglossi, одан медиалді және кішкене төмен, төменгі шұңқырдың астында кою қоңыр түсті кішкене учаске - кезбе нерв үшбұрышты, trigonum n. vagi, орналасады. Одан төмен ұсақ жүлгелермен алабажақтанған жер, жазатын қауырсын, calamus seriptorius, бар, оның артында ромбтәрізді шұңқырдың орталык жүлгесі жұлынның орталық өзегіне өтеді. Осы жерді ысырма, obex, жабады, ол төртінші қарынша төбесінің төменгі жиегінің соңғы учаскесі, оның астында орталық өзекке кіреберіс орналасады. Ысырманың астында, бірақ тортінші карынша қуысынан тысқары, сопақша мидың орталык сызығы бойымен артқы орталык жүлге (саңылау), sulcus (fissura) medianus posterior, орналасады, ол жұлынға да жалғасады. Одан латералді кішкене көлемді сопақ көтеріңкі - нәзік буда ядросының төмпешігі, tuberculum nuclei gracilis, жатады. Ол жоғары және сыртқа карай ешқандай шекарасыз мишықтың төменгі аяғына, pedunculus cerebellaris inferior, ол төмпешік нәзік будаға, fasciculus gracilis, өтеді. Төмпешік пен нәзік буда сыртынан артқы аралық жүлгемен, sulcus intermedius posterius, шектелген, оның сыртында және жоғары созылған көтеріңкі, сынатәрізді ядро төмпешігі, tuberculum nuclei cuneati, жатады. Ол жоғарғы болімінде мишықтың төменгі аяғына, томенгі бөлімінде сынатәрізді будаға,fasciculus cuneatus, өтеді. Сынатәрізді буданың латералді бөлігінде созылған көтеріңкі, сұр төмпешік, tuberculum cinereum, жатады, төмпешік сынатәрізді томпешік пен оливаның арасында орналаскан және сынатәрізді төмпешіктен жүлгемен бөлінген.

 

25. Бас миының IV-ші қарыншасы, қабырғасының құрылысы. Жұлын-ми сұйықтығының ағу жолдары.

Жауабы: Төртінші қарынша, ventriculus quartus cerebri, артқы ми көпіршігі, metencephalon, және сопақша ми көпіршігі, myelencephalon, қуыстарынан дамыған тақ қуыс. Төртінші қарынша жоғарыдан ми суқұбыры арқылы үшінші қарынша қуысымен, төменнен-орталык өзектің көмегімен жұлын қуысымен байланысады. Сонымен катар, төртінші қарынша қуысы үш тесік арқылы торлы қабық астындағы кеңістікпен, cavum subarachnoidale, байланысады. Төртінші қарынша мидың барлық карыншалары сиякты жүлын сүйыктығымен, liquor cerebrospinalis, толтырылған. Ол алдынан көпір мен сопақша мимен, артынан және бүйірлерінен мишықпен қоршалған. Ал, төртінші қарынша қуысы дорсалді — төртінші қарынша төбесімен, вентралді - оның түбімен және латералді - әрбір бүйір жағынан жиекпен түзілген бұрышпен шектелген. Төртінші қарыншаның артқы қабырғасын немесе төбесін, tegmen ventriculi quartii, алдан артқа жүретін жоғарғы ми желкені, velum medullare superius, тузеді, ол бүйірінен мишықтың жоғарғы аяқшаларымен шектеліп, төбенің алдыңғы, жоғарғы бөлігін құрайды; кейін төбенің артқы бөлігін төменгі ми желкені, velum medullare inferius, және ішінен тамырлы эпителиалді табақшамен, lamina chorioidea epithelialis, көмкерілген төртінші қарыншаның тамырлы жамылғысын, tela chorioidea ventriculi quarti, құрайды. Төменгі ми желкені бүйір жағынан мишықтын төменгі аяқшаларының медиалді жиегіне бекиді. Кейде тамырлы жамылғы мен төменгі ми желкенін ромбтәрізді шұңқыр төбесі атауына біріктіреді. Төртінші қарынша төбесі шатыр пішінді, жоғарғы және төменгі ми желкендерінін мишық құртына өткен жерінде шатыр бұрышы -ұшын, fastigium, түзеді, ол мишықтың вентралді бетінде, алдынан мишық тілшігі, lingula cerebelli, және артынан мишық түйіншегінің, nodulus cerebelli, арасында орналасады; аталмыш екі үлес мишық құртына жатады. Төртінші қарыншаның тамырлы жамылғысы эмбрионалді дамудың бірінші кезенінде барлық жағынан тұйық, кейін ол жарылып, төртінші қарынша қуысы мен торлы қабықастындағы кеңістік, саvum subarachnoidale, арасындағы байланысты аталмыш тесіктердің көмегімен түзеді. Тесіктер үшеу: біреуі - төртінші қарыншаның орталық тесігі, apertura mediana ventriculi quarti; және екеуі - бүйір немесе төртінші қарыншаның латералді тесіктері, aperturae laterales ventriculi quarti. Орталық бүйір тесіктерден үлкен; төбенің төменгі бөлімдерінде, ысырманың, obex, үстінде орналасып торлы қабықастындағы кеңістікке, мишық-буылтық цистернаға, cisterna cerebellomedullaris, ашылады. Латералді тесіктердің әрбіреуі төртінші қарыншаның латералді қалта, recessus lateralis ventriculi quarti, аймағында орналасып, мишық сыңары үлесі - жырымга, flocculus, жетіп, торлы кабықастындағы кеңістік қуысына, көпір цистернасына, cisterna роntis, барады. Қарынша куысы жағынан тамырлық жамылғыда талшыктық салпыншақтар бар, олар дәнекер тінмен және бірігіп кеткен тамырлармен бірігіп, карынша куысы жағынан эпителиалді табақшамен жабылған төртінші карыншаның тамырлык өрімін, plexus chorioideus ventriculi quarti, түзеді. Төртінші қарыншаның тамырлық өрімі мишық түйіншегінің алдынан екі: орта­лык тамырлық өрімге, plexus chorioideus medius, екі жіпше түрінде орталық жазықтықтың жан-жағында жатып, тамырлық жамылғының орталық тесігіне баратын және екі бүйір тамырлық өрімдерге, plexus chorioidei laterales, латералді қалтаға бағытталған өрімдерге бөлінеді. Тамырлық өрімді алып тастағанда, төртінші қарыншаның бүйір қабырғасына бекнтін жерінде тістелген таспа - төртінші қарынша таспасы, tenia ventriculi quarti, түрінде із қалады. Таспаға артынан және жоғарыдан мишық аякшасы сопақша миға жанасады, ол, яғни pedunculus cerebellaris inferior артынан жіңішке ядро төмпешігіне өтіп, төменнен ысырмаға, obex, жетеді. Таспа алдынан және бүйірлерінен латералді қалта, recessus lateralis, аймағына бағытталып, оны коршап, кейін жырым аяқшасы, pedunculus flocculi, бойымен төменгі ми желкенінің бос жиегіне өтеді, сонымен түйіншекке, nodulus, жетеді. Түйіншекке қарама-қарсы жақтағы таспа да жақындайды. Сонымен екі жақтың таспалары бір-біріне өтеді. Төртінші қарынша түбінің пішініне сәйкес ромбтәрізді шұңқыр, fossa гһomboidea, атауын алады, ол сұр заттың жіңішке қабатымен, stratum cinereum fossae rhomboideae жабылған. Ромбтәрізді шұңқыр онтогенезі бойынша үш бөлімнің калыптасуы болып саналады: оның жоғарғы бөлігі, pars superior, ромбтәрізді ми қылтасынан, isthmus rhombencephali, пайда болып, pedunculi cerebellares superiors, арасында орналасады, аралық бөлігі, pars intermedia, артқы мидан, metencephalon, түзіліп, оң және сол латералді қалталар арасында жатады және төменгі бөлігі, pars inferior, сопақша мидан, myelencephalon, құрылып, оң және сол мишықтың төменгі аяқшаларының, pedunculi cerebellares inferiores, арасында орналасады. Ромбтәрізді шұңкыр алдынан мидың суқұбырынан, артынан calamus seriptorius-ке дейін тартылады. Оның бұрыштары: алдыңғы - үлкен миға, артқы - жүлынға, доғал бұрыштары - латералді қалталарға бағытталады. Шұңқырдың ұзындық диагоналі бойы­ мен ромбтәрізді шұңқырдың орталық жүлгесі, sulcus medianus fossae rhomboideae, өтеді, ол алдынан суқұбырына өтеді. Қысқа диагональ латералді қалталар арасынан өтеді. Шұңкырды орталық жүлге оң және сол үшбүрыштарға бөледі. Әрбір үшбүрыштың негізі орталық жүлгеде жатады, ал ұшы ромбтәрізді шұңқырдың ең жалпақ учаскесі - латералді қалталарға, recessus lateralis, бағытталады. Мишыктьщ төменгі аяқшаларының арасында жүргізілген сызық ромбтәрізді шұңқырды көлемі жағынан әртүрлі екі: жоғарғы (алдыңғы) және төменгі (артқы) үшбүрыштарға бөледі. Орталық жүлгенің жан-жағында екі медиалді томпақ, eminentiae medialis, бар, олар ромбтәрізді шұңкырдың алдыңғы учаскелерінде жақсы айқындалған. Осы томпақтардың қалыңдығында ми нервтерінің қимыл ядролары жатады. Әрбір томпақтың алдыңғы бөлігінде бет нерв тізесінен түзілген беттік төмпешік, coiliculus facialis, бар. Медиалді томпақ пен беттік төмпешік латералді жағынан шекаралық жүлгемен, sulcus limitans, шектелген жүлгенің жоғарғы бөлімдерінде, pedunculus cerebellaris superior-та жақын көк түсті кішкене учаске - көкшіл дақ, locus ceruleus, орналасады, оның түсі пигменттік жасушалардың орналасуына байланысты. Бет нерв төмпешігінің латералді бетінде және көкшіл дақтың артында терең емес жоғарғы шүңқыр, fovea superior, бар, ол шекаралык жүлгенің кеңейген жері болып саналады. Бет нерві төмпешігінің төменгі бөлігінің артында көлденең бағытта, ақ түсті жіңішке ми жолақтары, striae medullares ventriculi quartii, өтеді, олар ромбтәрізді шұңқырдың аралық бөлігінде жатады. Олар латералді орналасқан есту төмпешігінде, tuberculum acusticum, басталып, орталық жүлгеге бағытталады. Есту төмпешігінде ұлу нервтің дорсалды ядросы, nucleus cochlearis dorsalis, немесе nucleus dorsalis cochlearis, жатады, ол ядродан жоғарыда аталған, striae medullaris, басталады. Олар есту төмпешігі мен жалпайған көтеріңкісінің шекаралык жүлгесі арасындағы бетте өтеді. Кіреберіс алаңнан төмен тіласты нерв үшбүрышты, trigonum n. hypoglossi, одан медиалді және кішкене төмен, төменгі шұңқырдың астында кою қоңыр түсті кішкене учаске - кезбе нерв үшбұрышты, trigonum n. vagi, орналасады. Одан төмен ұсақ жүлгелермен алабажақтанған жер, жазатын қауырсын, calamus seriptorius, бар, оның артында ромбтәрізді шұңқырдың орталык жүлгесі жұлынның орталық өзегіне өтеді. Осы жерді ысырма, obex, жабады, ол төртінші қарынша төбесінің төменгі жиегінің соңғы учаскесі, оның астында орталық өзекке кіреберіс орналасады. Ысырманың астында, бірақ тортінші карынша қуысынан тысқары, сопақша мидың орталык сызығы бойымен артқы орталык жүлге (саңылау), sulcus (fissura) medianus posterior, орналасады, ол жұлынға да жалғасады. Одан латералді кішкене көлемді сопақ көтеріңкі - нәзік буда ядросының төмпешігі, tuberculum nuclei gracilis, жатады. Ол жоғары және сыртқа карай ешқандай шекарасыз мишықтың төменгі аяғына, pedunculus cerebellaris inferior, ол төмпешік нәзік будаға, fasciculus gracilis, өтеді. Төмпешік пен нәзік буда сыртынан артқы аралық жүлгемен, sulcus intermedius posterius, шектелген, оның сыртында және жоғары созылған көтеріңкі, сынатәрізді ядро төмпешігі, tuberculum nuclei cuneati, жатады. Ол жоғарғы болімінде мишықтың төменгі аяғына, төменгі бөлімінде сынатәрізді будаға,fasciculus cuneatus, өтеді. Сынатәрізді буданың латералді бөлігінде созылған көтеріңкі, сұр төмпешік, tuberculum cinereum, жатады, төмпешік сынатәрізді томпешік пен оливаның арасында орналаскан және сынатәрізді төмпешіктен жүлгемен бөлінген.

 

 

26.  Қосымша және тіластылық жүйкелері: топографиясы, жүйкелендіретін аймағы.

Жауабы: Қосымша нерв, n. accessorius (XI жұп), қимыл. Қосымша нервтің ядролары, nuclei nervi accessorii, екі жерде орналасады. Қосымша нервтің церебралді ядросы, nucleus cerebralis nervi accessorii, ромбтәрізді шұңқырдан төмен сопақша мида орналасады. Осы ядродан шығатын талшықтар қосымша нервтің церебралді бөлігін түзеді, ол ми негізіне олива артындағы сопақша ми жүлгесінен көрінеді. Қосымша нервтің екінші ядросы, жұлындық ядро, nucleus spinalis nervi accessorii, жоғарғы бес-алты мойын сегменттері деңгейіндегі жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жатады. Сопақша мидан шығатын бассүйектік түбіршіктері, radices сraniales, төрт-бес мөлшерінде қосымша нервтің жоғарғы немесе церебралді түбіршігін құрайды. Жұлынның алдыңғы және артқы түбіршіктерінің арасындағы бүйір өзекшелерден шығатын жұлындық түбіршіктер, radices spinales, бірігіп, қосымша нервтің жұлындық түбіршігін түзеді, ол жоғары көтеріліп үлкен шүйде тесігі арқылы бассүйек қуысына кіреді. Осы тұста талшықтардың екі тобы байланысып, қосымша нервтің жалпы сабауын түзеді, ол бассүйек қуысынан (IX жэне X жүп нервтермен бірге) мойындық тесік арқылы шығып, екі тармаққа бөлінеді. 1) Ішкі тармақ, ramus internus (n. accessorius vagi), кезбе нервтің құрамына кіреді, бұл тармақтың көбі церебралді бөлік тал­шықтары. 2) Сыртқы тармақ, ramus externus (n. accessorius spinalis), төмен жүріп, төменгі жақүйек бұрышы тұсында, төсбүғанаемізіктәрізді бұлшықет астында артка иіледі; осы жерде нерв бүлшықетке тармақ беріп, оның қалындығында мойын өрімінің тармақтарымен байланысады. Кейін нерв аталмыш бүлшықеттің сыртқы жиегі астынан сыртқы мойын үшбүрышы аймағына шығып, трапециятәрізді бұлшықеттің алдынғы жиегіне кіріп, бүлшықетгі нервтендіреді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: