Порта-кавальды анастомоздар. 8 страница

 

30. Бел өрімі: түзілуі, топографиясы. Тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.

Жауабы: PLEXUS LUMBALIS бұл жұлынны өрімдері ішінде XII кеуделік нервті төменгі тармағы одан кн барып, I, II, IV, бел жоғарғы тармағымен түзіледі. Бел өрімдері жұлыннан шыққанан к.н INCISSURA VERTEBRALIS SUPERIOR. INFERIOR арасында шығарылатын тесіктерінен шығып MUS.PSOAS MAJOR латериалды жиектеріненшығып ішке төмен қарай бағытталады. Нервтері: 1.INСISSURA VERTEBRALSTEN шЫҒЫП омырқа маңы бұлшықеттерін нервтендіретін NERVUS MUSCULARIS болады яғни оны RAMI MUSCULARIS дейді. Бұлықеттік нервтер олар майда-майда болып шыға салысымен бұлшықеттерді нервтентіреді.2.NERVUS GIPOGASTRICUS мықын құрсақ асты нервісі. Мықынға және құрсаққа барады ол Х!! Қабырғаға паралел шығады. MUS.PSOAS MAJOR дың латериалды жиегінен шығып төмен қиғаш бағытталып іштің мықын аймағына келіп іш бұлшықеттеріне тарайды.M.abdigus abdomens externus, internus дейтін бұлшықеттерді яғни ішкі қиғаш, сыртқы қиғаш,көлденең бұлшықеттерді нервтендіреді. Төмен қарай келгенде қасақаның жоғарғы терсін, бөксе аймағындағы терілерді нервтендіреді.3.NERVUS ILIOINGUNALIS-мықын шат нервісі. Мықынға ж.е шатқа келеді. бұл нерв MUS.PSOAS MAJOR яғни NERVUS GIPOGASTRICUS қа паралел есептеледі.MUS.PSOAS MAJOR ды летериалды жиегінен шығып шат сақинасынан шығып жыныс мүшелерін,терілерін нервтендіреді. Яғни ерлерде UMОтерісін, әйелдерде үлкен және кіші ерін терісін, сақинаның айналасындағы терілерді невтендіреді.4.NERVUS GENETOFEMORALIS –сан жыныс нервісі, санға ж,е жынысқа келеді. Оның екі тармағы бар GENETALIS тармағы жыныс мүшелерінекеледі. Шат өзегінің қабырғасын тесіп өтіп санның ішіне кіріпUMО қалтасының ұрық шығаратын түтікшесі мен бірге жүріп DUCTUS DEFERENSIA ны, ұрық шығаратын түтікшелерді,аталық безді көтеретін бұлшықеттерді,қалталарын UMО қалтасының қабырғаларын нервтендіреді.Ал әйелдерде жатырдың жұмыр байламын нервтендіреді.5.NERVUS CUFANEUS FEMORIS LATERIALIS –санның латералдық терілік нервісі. Ол санның сыртқы бөліктерін латериалды бөліктерін, терісін нервтендіреді.6.NERVUS FEMORALS -сан нервісі. санға келеді, LACUNA BAZORNI-тамырлық сағылауының латериалды жағынан өтеді,ол санға қарай өтіп, санныңбұлшықеттеріннервтендіреді және теріге шығады оның терілік тармағы NERVUS CUTANEUS FEMORIS MEDIALIS,яғни санның медиады тері нервісі. Ол созылып балтырға дейін өтеді.7.NERVUS ABTRATORIUS-жапқыш нерв. Жамбастың латериалды қабырғасынан өтіп сол жерде жамбас сүйектің FORAMEN ABTRATORIUM нан өтеді.Сосын FORAMEN ABTRATORIUM шығып MUSABTRATORIUM ді нервтендіреді кейін санның медиалды бөлігінен шығады да медиалды топта орналасқан бұлшықеттерді әкелуші бұлшықеттерді нервтендіреді.

1.1.1 Омыртқалар: құрылысы, иілімдері, қызметтері, жалпы қасиеттері.

Омыртқа бағанасы - columna vertebrae құрылысы метамерлі және біріне бірі жалғасып, қысқа кеуекті сүйектрег жататын жеке-жеке сүйекті сегменттерден-омыртқалардан, vertebrae, тұрады.Омытрқа бағанасы дененің тіргеі болып табылатын біліктік қаңқа рөлін атқарады, өзінің өзегіндегі жұлынды қорғайды, дене мен бассүйектің қимыл –қозғалысына қатысады. Омыртқа бағанасының қалпы мен пішіні адамның тік жүруіне байланысты болады.Омыртқа бағанасының үш қызметіне сәйкес әрбір омыртқада, vertebrae (грекше-spondylos), мыналар болады:

Алдыңғы жағында орналасқан-денесі, corpus vertebrae, түрінде қалыңдаған тірек бөлімі;

денеге артқы жағынан екі аяқшамен, pediculi arcus vertebrae бекіп, омыртқа тесігін,foramen vertebrale, тұйықтайтын доғадан, arcus vertebrae, осы омыртқа тесіктерінің жиынтығынан омыртқа бағанасында омыртқа өзегі,canalis vertebralis, түзіледі, ол онда орналасқан жұлынды сыртқы зақымданулардан қорғайды.Демек, омыртқа негізінен қорғаныш қызметін атқарады.

Доғаларда омыртқалардың қозғалысы үшін қажет тетіктер- өсінділер болады.Олар доғадан тарайды, ортаңғы сызық бойымен-қылқынды өсінді, processus transversus, жоғары және төмен қарай-жұп буындық өсінділер, processus articulares superiors et inferiores.Буындық артқы жағынан жұп тіліктерді, insisurae vertebrales superiors et inferiores, шектейді,олардан екі омыртқаны байланыстырғанда нервтер мен жұлын тамырлары үшін омыртқааралық тесіктер,foramina intervertebralia, түзіледі.Буын өсінділері омыртқааралық буындар түзуге қатысып, оларды омыртқалар қозғалыс жасайды, ал көлденең және қылқанды өсінділер омыртқаларды қозғалысқа келтіретін байламдар мен бұлшықеттердің бекуі үшін қажет. Омыртқа бағанасының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың жекелеген бөліктерінің шамасы мен пішіндері әр түрлі, осыған қарай:мойын омыртқалары (7), кеуде омыртқалары(12), бел омыртқалары (5), сегізкөз омыртқалары (5) және құйымшақ омыртқалары (1-5)деп ажыратылады.Бұлшықеттер мен байламдар бекитін көлденең және сүйір өсінділер күшті бұлшықеттер бекитін жерлерде көбірек өскен, ал құйымшақта жамбас бұлшықеттерінің құрып кетуіне байланысты,бұл өсінділер кішірейіп, қосылып, құйымшақта кішкентай қырқа түзеді.

 

1.1.2. Мойын, кеуде және бел омыртқалары: саны,құрылысы ерекшеліктері.

Мойын омыртқалары(олардың саны 7) vertebrae cervicales. Моын омыртқаларына түсетін жүктемеге сәйкес, олардың денелері де кіші болып келеді.Көлденең өсінділер өсінділер көлденең өсінді тесіктерінің, foramina processus transversalia, болуымен сипатталады.Осы тесіктер жиынтығынан пайда болатын өзектер,олардан өтетін омыртқа артериясы мен венасын қорғайды.Көлденең өсінділердің ұштарында аталған екі төмпешік-tuber cula anterius et posterius түрінде өтеді.VI омыртқаның алдыңғы төмпешігі күшті дамыған, ол –ұйқы төмпешігі, tuberculum caroticum, деп аталады(ұйқы артериясынан қан кеткенде, осы төмпешікке қанды тоқтату үшін ұйқы артериясын қысып басады).VI және VII омыртқада қылқанды өсінділерінің ұштары екіге бөлінген.І және ІІ мойын омыртқалардың пішіндері бассүйекпен буындасуына байланысты ерекше болады.І мойын омыртқада,atlas, дененің үлкен бөлігі даму барысында ІІ омытрқаға ауысып, соғын жабысып өсіп, dens, түзеді.Осының салдарынан І омыртқада тек алдыңғы доға қалады.І омыртқаның алдыңғы (arcus anterior   ) және артқы (arcus posterior) доғалары, жоғарғы және төменгі беттері,сонымен қатар жоғарғы буын ойығы, төменгі буын ойығы болады.Төменгі буындық ойығы ІІ омыртқамен буындасу үшін қажет.ІІ мойын омыртқа- біліктік омыртқа,axis, (латынша-білік, демек біліктік).Басқа омыртқалардан тіс тәрізді өсіндінің немесе тістің,dens, болумен ерекшеленеді.

Кеуде омыртқалары (олардың саны 12),vertebrae thoracicae, қабырғалармен буындасады.

Әдетте қабырғалар екі көршілес омыртқалармен буындасатындықтан, кеуде омыртқалары денелерінің көбіне екіден жартылай қабырғалық шұңқырлары болады.Олардың біреуі-омыртқаның жоғарғы жиегінде, fovea costalis superior,ал екіншісі-төменгі жиегінде, fovea costalis inferior орналасады.Ал І кеуде омыртқасы бұл ережеге бағынбайды.Кеуде омыртқаларының денелері оларға түсетін көптеу жүктемеге сәйкес, мойын омыртқалары денелерінен үлкен болады.Көлденең өсінділер жан-жаққа және артқа қарай бағытталған.Кеуде омыртқаларның қылқанды өсінділері ұзын және төмен қарай бағытталған, сондықтан омыртқа бағанасының кеуде бөлімі ортаңғы бөлігінде бір-біріне жабысып тұрады.

3. Бел омыртқалары,(олардың саны 5) vertebrae lumbales, омыртқа бағанасының жоғарыда жатқан бөлімдеріне қарағанда көбірек түсетін жүктемеге сәйкес, денелері үлкен болады. Қылқанды өсінділері артқа қарай тура бағытталған, буын өсінділері сагитталды орналасқан. Көлденең өсінді өзінің көп бөлігінде нағыз көлденең өсіндімен барынш қосылып, бір бөлігі оның негізі артында кішкене өсінді түрінде сақталған, қосымша деп дұрыс аталмайтын (accessorius-қосымша,қосылатын) рудименттік қабырға болып табылады,

 

1.1.3. Сегізкөз және құйымшақ: құрылысы, қызметі.

Сегізкөз омыртқалары - vertebrae sacrales (саны 5) жас кезде бір сүйекке-сегізкөзге (os sacrum) бірігіп бітісіді. Сегізкөз жоғары қараған негізі, basis ossis sacri және төмен қараған ұшы, apex ossis sacri,бар үшбұрыш пішінді болады.Сегізкөз негізінің алдыңғы жиегі соңғы бел омыртқаның денесімен бірге алға қарай шығыңқы мүйіс, promontorium, түзеді. Сегізкөздің алдыңғы немесе жамбастық беті, facies pelvina, ойыс келеді. Онда көлденең сызықтар, lineae transversae, омыртқалардың қосылған жерлері,ал осы сызықтардың ұштарында жамбастық сегізкөз тесіктері foramina sacralia dorsalia,сәйкес келеді.Оның бойында омыртқалардың жеке бөліктерінің қосылуынан түзілген 5 қыр жатады. Олар қылқанды өсінділердің бітісіунен түзілген-жұп аралық сегізкөз қырлары, cristae sacrales intermedia, және олардан латералды  көлденең өсінділердің бітісуінен түзілген - cristae sacrales laterales. Сегізкөз тесіктерін сыртқа қарай көлденең өсінділер мен сегізкөздің бүйір қабырғаларының қосылуынан түзілген-сегізкөздің латералды бөліктері- pars laterales, жатады. Олардың латералды жақтарында мықын сүйектерімен буындасуға арналған құлақ тәрізді (auricula) иілген буын беттері, facies auriculares, орналасады.Олардың әрқайсысынан артқа қарай сегізкөз бұдырмағы, tuberositas sacralis (бұлшықеттер мен байламдардың бекитін жері), орналасады. Сегізкөздің ішінен сегізкөз өзегі, canalis sacralis өтеді, ол омыртқа өзегінің жалғасы болып табылады. Адамда құйрықтың жоғалып, құйрық бұлшықетінің редукциялануынан, сегізкөз омыртқаларының сәйкес бөліктері де редукцияланады. Сондықтан сегізкөз өзегі өзінің төменгі бөлігінде тұйықталмай, сегізкөз саңылауымен, hiatus sacralis (hiatus- саңылау), шектеледі.

Құйымшақ омыртқалары, vertebrae coccygea, (саны бір мен бестің аралығында болады) құрып кеткен құйрықтың қалдығы ретінде рудиментті және орта жаста бір сүйекке, құйымшаққа айналып кетеді.

 

1.1.4 Қабырғалар және төс: құрылысы, қызметтері. Қабырғалардың төске беку ерекшеліктері.

Төс - sternum үш бөліктен тұрады: жоғарғы бөлігі-тұтқасы, manubrium sterni, ортаңғы бөлігі-денесі, corpus sterni, және төменгі бөлігі-семсер тәрізді өсінді(processus xiphoideus). Саптың жоғарғы жиегінде саптың мойындырық бөлігі, incisura jugularis, орналасады; оның бүйірлерінде әр жағында біреуден бұғана тілігі, incisura clavicularis, болады, олар бұғананың төстік шетімен буындасады. Тұтқаның төменгі жиегі дененің жоғарғы жиегі өзара алға шығыңқы төс бұрышы, angulus costales, деп аталады.Төс денесінің жиегінде қабырғалық тіліктер, incisurae costales, жатады, олар ІІ қабырғадан бастап шеміршекпен буындасады.

 Семсер тәрізді өсінді түрі жағынан күшті өзгеріп отарады, тесігі болуы, екіге тармақталуы, бір жағына қарай майысуы мүмкін және т.б. құрылысы өте бай қантамыр торы бар жұмсақ кеуек молдығымен ерекшаланеді, бұл төс арқылы қан құюға мүмкіндік жасайды. Төсте кемік майының көп болуы, сәуле ауруын емдеу кезінде жілік майын ауыстырып салуға мүмкіндік береді.

Қабырғалар. Дененің оң және сол бөлігінде 12 қабырғадан болады.Олардың барлығының артқы шеттері кеуде омыртқаларының денелерімен қосылады.Жоғарғы 7 қабырға алдыңғы шеттерімен тікелей төспен қосылады.Бұлар-қара нағыз қабырғалар, costae vera. Өздерінің шеміршектері арқылы төске емес, алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылатын келесі үш қабырға (VIII, IX және X) сүбе (жалған) қабырғалар, costae spuriae деп аталады. ХІ және ХІІ қабырғалардың алдыңғы шеттері бос жатады, бұлар қозғалмалы қабырғалар, costae fluctuantes.

Қабырғалар, costae, жіңішке иілген табақшалар болып табылады, олардың артқы, ұзындау бөлігі ұзын кеуекті сүйектерге жататын сүйектен, os costales, ал алдыңғы қысқалау бөлігі шеміршектен, cartilago costales, тұрады. Әрбір сүйекті қабырғада артқы және алдыңғы шеттерін, ал олардың арасында қабырға денесін, corpus costae, ажыратады. Артқы шеті қырмен бөлінген буындық беті бар қалыңдау қабырға басы, caput costae, болады, сол арқылы қабырға омыртқалардың денелерімен буындасады. І, ІХ және ХІІ қабырғаларды буындық беті қырмен бөлінбейді. Қабырға басына кейін тарылған бөлік қабырға мойнына, collum costae, жатады, оның жоғарғы жиегімен бірінші және соңғы қабырғада болмайтын бойлық қыр, crista colli costae, өтеді. Мойынның қабырға денесіне айналатын жерінде, сәйкесті омыртқаның көлденең өсіндісінің буындық бетімен буындасу үшін, буындық беті бар қабырға төмпешігі, tuberculum costae, орналасқан. ІХ және ХІІ қабырғаларда төмпешік болмайды, өйткені бұл қабырғалар соңғы кеуде омыртқалардың көлденең өсінділерімен буындаспайды.І қабырғаның жоғарғы бетінде практикалық тұрғыдан маңызды төмпешік, tuberculum m.scaleni anterioris, байқалады, ол алдыңғы сатылы бұлшықеттің бекитін жері. Осы төмпешіктің артқы жағынан кішкентай жүлгені, sulcus a.subclaviae, көруге болады, оған І қабырға бұғанаасты артериясы орналасады.Төмпешіктің алдында бұғанаасты венасы үшін басқа, жайпақтау жүлге, sulcus v.subclaviae, жайғасқан.

 

 

1.1.5 Иық белдеуі сүйектері, иық және білек сүйектері: құрылысы, қызметі.

Қолдың еркін бөлігінің қаңқасы (skeleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол ұшы сүйектерінен тұрады.

Тоқпан жілік humerus ұзын қозғалыс рычагы болып табылды, ұзын жілікті сүйек түрінде дамиды. Осы қызметыне қарай ол диафиз, метафиз, эпифиз, апофиздерден құралады. Жоғарғы шетінде жауырынның буындық тілігімен буындасатын шар тәрізді басы, caput humeri(проксималды эпифиз)болады. Оның басы басқа сүйектен анатомиялық мойын, collum anatomicum деп аталатын тар жүлгемен бөлінеді. Анатомиялық мойыннан кейін екі бұлшықет төмпешігі(апофиздер)орналасады, олардың үлкені, tuberculum majus, латералды, ал екінші кішілеуі, tuberculum minus, одан сәл алға қарай жатады. Төмпешіктерден төмен қарай сүйекті қырлар (бұлшықеттердің бекуі үшін) шығады: үлкен төмпешіктен- crista tuberculi majoris, ал кіші төмпешіктен-crista tuberculi minoris.

Екі төмпешік пен қырлар арасында жүлге, sulcus intertubercularis өтеді, онда екібасты бұлшықеттің ұзын басының сіңірі орналасады.Екі төмпешіктен төмен жатқан тоқпан жіліктің диафизбен шекрада жатқан бөлігі хирургиялық мойын-collum chirurgicum (иықтың ең көп сынатын жері) деп аталады. Сүйектің денесінің ортасында, оның латералды бетінде бұдырмақ, tuberositas deltoidae бар, оған дельтатәрізді бұлшықет бекиді.Тоқпан жіліктің кеңейген және біршама алға қарай иілген төменгі шеті, condylus humeri, жан-жағы бұдырлы өсінділермен медиалды және латералды айдаршық үстімен, epicondulus medialis et lateralis, аяқталады, олар сүйектің медиалды және латералды жиектерінің жалғасында жатады, және бұлшықеттер мен байламдардың бекуі үшін қажет(апофиздер).Медиалды айдаршықүсті латералдыға күштілеу жетілген де, әрі оның артқы жағында шынтақ нерв жүлгесі, sulcus n.ulnaris, орналасады.Айдаршықүсту араларында, білек сүйектерімен буындасу үшін қажет буындық беті(дисталды эпифиз) орын алады.Шығыршық, trochlea, медиалды жатады, ол шынтақ жілікпен буындасу үшін қажет.Шығыршықтан латералды шар кесіндісі түрінде буындық беті, тоқпан жіліктің айдаршығының басы, capitulum humeri, орналасады, ол кәрі жілікпен буындасу үшін қажет.

Білек сүйектері ұзын қуысты сүйектерге жатады.Олар: шынтақ жілік, ulna, медиалды және латералды жағында кәрі жілік, radius, орналасады.

Шынтақ жілік ulna. Оның жоғарғы(проксималды) жуан шеті (эпифиз)екі: артқы, жуандау, шынтақ өсіндісне, olecranon, және алдыңғы, кішкене, тәждік өсіндіге, processus coronoideus, бөлінеді.Бұл екі өсіндінің арасында тоқпан жіліктің шығыршығымен буындасуға арналған шығыршықтық тілік, incisura trochlearis жатады.Шынтақ жіліктің төменгі (дисталды) шетінде дөңгелек, жайпақ, төменгі беті бар басы, caput ulnae (эпифиз) болады, одан медиалды жағынан біз тәрізді өсінді, processus styloideus (апофиз) шығады. Бастың шеңберінде буындық айналма, circumferentia articularis, көрші кәрі жілікпен буындасатын жер орналасады.

Кәрі жілік radius. Кәрі жіліктің дисталды шеті проксималды шетіне қарағанда қалыңдау. Проксималды шеті capitulum humeri-мен буындасуға арналған жалпақ ойысы бар дөңгелек бас,caput radii (эпифиз) түзеді.Кәрі жілік басы басқа сүйектен мойнымен, collum radii, бөлінеді. Одан төмен алдыңғы білек жағынан бұдырмақ, tuberositas radii (апофиз), иықтың екібасты бұлшықеті бекитін жері бөлініп тұрады.Дисталды шетінің (эпифиз) латералды жиегі созылып бізтәрізді өсіндіге, processus styloideus (апофиз), айналады.

 

1.1.6 Білезік және алақан сүйектері:құрылысы, қызметі.

Білезік - carpus  4 сүйектен екі қатарға орналасқан 8 қысқа кеуек сүйектердің –ossa carpi жиынтығы болып табылады. Білезіктің проксималды немесе бірінші, білекке жақын, қатары егер бас бармақтан бастап санасақ, мына сүйектерден түзілген: қайықтәрізді,os scophoideum және жартыайтәрізді, os lunatum, үшқырлы, os triquertum және бұршақтәрізді, pisiforme. Алғашқы үш сүйек бір-бірімен қосылып, кәрі жіліктің дисталды шетімен буындасуға арналған эллипс тәрізді, білек жағына қарай дөңес буындық бетін түзеді. Бұршақтәрізді сүйек бұл буындасуға қатыспай, жек үшқырлы сүйекке қосылып буындасады.Білезіктің дисталды, немесе екінші қатары мына сүйектерден тұрады: трапеция, os trapezium, және ілмектәрізді, os hamatum.Сүйектердің бетінде көрші сүйектермен буындасуға арналған буын фасеткалары болады. Сонымен қатар, білезіктің кейбір сүйектерінің алақан бетінде бұлшықеттер мен байламдар бекуге арналған төмпешіктер шығып тұрады, атап айтқанда: қайықтәрізді сүйекте-tuberculum ossis scaphoidei, os trapezium-де - tuberculum ossis trapezii және hamulus ossis hamati (осы аттан шыққан). Білезік сүйектері жиынтығы қол сырты жағында дөңес те, алақан жағында науа тәрізді ойыс күмбез сияқты. Кәрі жілік жағынан білезік жүлгесі, sulcus carpi, қайықтәрізді сүйекктері және os trapezium төмпешіктерінен түзілген дөңеспен,eminentia carpi radialis, ал шынтақ жілік жағынан hamulus ossis hamati және os pisiforme құрайтын басқа дөңеспен, eminentia carpi ulnaris, шектелген.

Алақан сүйектері, metacarpus, бес алақан сүйектерінен, ossa metacarpalia түзіледі, олар типі жағынан бір, нағыз эпифизі бар(моноэпифиздік сүйектер) қысқа қуыс сүйектерге жатады және бас бармақ жағынан бастап І,ІІ,ІІІ және т.с.с деп реттеліп саналады. Әрбір алақан сүйегі негізінен, basis, диафиз немесе денеден, corpus және дөңгелектелген бастан, caput тұрады.ІІ-V алақан сүйектерінің негіздерінің проксималды шеттерінде білезіктің екінші қатары сүйектерімен байланысуға арналған, ал бүйірлерінде бір-бірімен буындасуға арналған жалпақ буын фасеткалары орналасады. І алақан сүйегі негізінде os trapezium-ге буындасатын ертоқым тәрізді буындық беті болады, бүйір фасеткалар болмайды. ІІ алақан сүйегінің негізі os trapezium-ді қаусыратын бұрыш пішінді тілік түзеді.; V алақан сүйектерінің бастарында проксималды саусақ сүйектерімен буындасуға арналған дөңес буындық беттері орналасады.Бастардың бүйір жақтарында бұдырлы шұңқырлар-байламдар бекитін жерлер жатады.Алақан сүйектерінің ішіндегі ең қысқасы және сонымен бірге ең жуаны-бас бармаққа жататын І сүйек. Ең ұзыны ІІ алақан сүйегі, одан кейінгі ұзындығы ІІІ,IV-V

 

1.1.7 Ортан жілік:құрылысы, қызметі. 

Ортан жілік os femoris қуысты сүйектердің ішіндегі ең үлкені және жуаны болып табылады. Өзінің дамуына байланысты оның диафизі,метафизі, эпифизі және апофизі болады.Ортан жіліктің жоғарғы(проксималды) шетінде дөңгелек буын басы, caput femoris (эпифиз) орналасады, ортасынан біршам төмен қарай буын басында кішкене бұдырлы шұңқыры,fovea capitis femoris –ортан жілік басы байламның бекитін жері жатады. Жілік басы сүйектерінің қалған бөлігімен мойын, collum femoris, арқылы қосылады.Мойынның ортан жіліктің денесіне ауысатын жерінде ұршық (апофиз) деп аталатын екі сүйекті төмпешік шығып тұрады.Үлкен ұршық, trochanter major, ортан жілік денесінің жоғарғы аяқталған жері болып табылады. Оның мойынға қараған медиалды бетінде шұңқыр,Fossa trochantericа, орналасқан.

Кіші ұршық, trochanter minor, мойынның төменгі жиегінде медиалды жағынан және шамалы артқа қарай жайғасқан.Екі ұршық бір-бірімен ортан жіліктің артқы жағында қиғаш өтетін қыр,crista interochanterica арқылы,ал алдыңғы бетінде- linea interochanterica, арқылы қосылады.Бұл түзілістердің барлығы-ұршықтар, қыр, сызық және шұңқыр бұлшықеттерінің бекуіне арналған.Ортан жіліктің төменгі(дисталды) жуандау шеті екі дөңгелек артқа қайырылған айдаршық,condylus medialis және condylus lateralis (эпифиз) түзеді.Олардың медиалды латералды айдаршыққа қарағанда төмен қарай шығыңқылау. Алайда шамаларының бұлайша тең болуына қарамастан, екі айдаршық та бір деңгейде орналасады, өйткені ортан жілік табиғи қалпында қиғаш тұрады және оның төменгі ұшы жоғарғысына қарағанда ортаңғы сызыққы жақындау орналасады.Айдаршықтардың буындық беттері алдыңғы жағынан бір-біріне ауысып сагитталды бағытта кішкене ойыс тізе тобықтық беті, facies patellaris, түзеді, өйткені тізе буыны жазылғанда patella артқы жағымен оған жанасады.Айдаршықтар артқы және төменгі жақтарында терең айдаршықаралық шұңқырмен, fossa intercondylaris, бөлінеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: