Порта-кавальды анастомоздар. 3 страница

-Буылтықтың қабырғасы үш жартыайлы қақпақтың орналасуына келетін үш көтеріңкіні-қолқа қойнауларын,sinus aortae, түзеді. Бұл қойнауларды, қақпақтар сияқты оң,сол және артқы деп белгілейді.

Оң қойнаудан оң тәждік артерия, a.coronaria dextra, солдан-сол тәждік артерия, a.coronaria sinistra, басталады.

Қолқа доғасы: қолқа доғасы, arcus aortae, шығыңқы жағымен жоғары қараған және алдан артқа бағытталып, қолқаның төмендеген бөлігіне өтеді. Өткен жерінде кішкене тарылу байқалады, ол қолқа қылтасы, isthmus aortae, атауын алады.Қолқаның бұл тарылған жері қолқа доғасы мен қолқаның төмендеген бөлігінің басталған шекарасында, қолқа доғасынан сол бұғанаасты артериясының тармақталған орнынан қолқаның төмендеген бөлігіне ауысқанға дейін орналасады. Қолқа доғасы оң ІІ қабырға шеміршегін ІІІ-ІV кеуде омыртқалары денелерінің сол бетіне бағытталады.

-Қолқа доғасынан 3 ірі тамыр: иық-бас сабауы, truncus brachiocephalicus, сол жалпы ұйқы артериясы, a.carotis communis sinistra, сол бұғанаасты артериясы, a.subclavia sinistra, тармақталады.

-Иық бас сабауы, truncus brachiocephalicus қолқа доғасының бастапқы бөлігінен тармақталады. Ол ірі тамыр, ұзындығы 4 см-дей, жоғары және оң көтеріліп, оң кеуде-бұғана буыны тұсында екі тармаққа: оң жалпы ұйқы артерияға, a.carotis communis dextra, және оң бұғанаасты артерияға, a.subclavia dextra, бөлінеді.

Кейде иық-бас сабауынан ең төменгі қалқанша артериясы, a.thyroidea ima, шығады.

Қолқаның төмендеген бөлігі: қоланың төмендеген бөлігі, aorta descendens, қолқа доғасының жалғасы, III-IV кеуде омыртқалары денелерінен IV бел омыртқаға дейін орналасып, оң және сол жалпы мықындық артерияға, aa.iliacae communes sinistra et dextra, бөлінеді,өзі кіші жамбас қуысына жіңішке сабауша-орталық сегізкөз артериясы түрінде жалғасып, сегізкөздің алдыңғы бетінде жатады.

XII кеуде омыртқа деңгейінде көкеттің қолқалық тесігінен өтіп, hiatus aorticus, іш қуысына түседі. Қолқаның төмендеген бөлігінің көкетке дейінгі бөлігі - қолқаның кеуделік бөлігі, aorta thoracica, көкеттен төмен – қолқаның іштік бөлігі, aorta abdominalis, деп аталады.

 

15. Сирақ және аяқбасы артериялары: топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ететін аймақтары.

Жауабы:                      Тақым артериясы

      Тақым артериясы, a.poplitea, сан артериясының тікелей жалғасы.Артерия, canalis adductoris-тің төменгі тесігі тұсында басталып, жартылай жарғақты бұлшықеттің, m.semimembranosus астында жатып, тақым шұңқыры түбінен, басында, facies poplitea-ға кейін тізе буынының буын қабына, төменгі ішінде жанасып жүреді.Тақым шұңқырында алғашында төмен және кішкене латералді,тақым шұңқырының ортасынан тіптік бағыт алады.

     Артерияның төменгі бөлімі балтыр бұлшықеттерінің бастарымен жабылған саңылауға өтеді, m.popliteus төменгі жиегінде, аталған бұлшықет пен бастары арасында жүріп,жиегі астында алдыңғы асықты жілік артериясына, және артқы асықты жілік артериясына, бөлінеді.

        Барлық деңгейде тақым артериясымен аттас вена, асықты жілік нерв, қосарлана жүреді.

        Тақым артериясы өз жолында тізе буыны мен бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз ететін бірнеше қатар тармақтар береді.Осы тармақтар өзара анастомозданып, тізе буынының торын, тізуге қатысады.

        Тақым артериясының тармақтары:

1.   Жоғарғы бұлшыеттік тармақтар, саны 3-5, m.biceps дистальді бөлігі мен m.semimembranosus,m.semitendinosus, қанмен қамтамасыз етеді.

2.   Латералды жоғарғы тізе артериясы, a.genus superior lateralis тақым артериясынан тармақталып, сыртқа жүреді.M.biceps femoris,астында жатып, латералді айдаршыққа бағытталып, тізуге қатысатын өте ұсақ тармақтарға шашырайды.

3. Медиалді жоғарғы тізе артериясы, a.genus superior medialis, m.semimembranosus және m.adductor magnus, сіңірлерінің астымен, медиалді айдаршық үстімен алға бағытталып,ортан жілікті ішкі жағынан айналады және тізе буыныныңторын тізуге қатысады.

4. Ортаңғы тізе артериясы, a.genus media, тақым артериясынан алға бағытталып, ligamentum popliteum obliquum үстімен тізе буыны қабына барып,буынның синовиалді қабығына және кресттәрізді жалғамаларға бірнеше қатар тармақтар береді.

5. Латералді төменгі тізе артериясы, a.genus inferior lateralis тақым артериясының ең дисталді бөлімінен басталады, m.gastrocnemius латералді басы және m.biceps femoris астымен жүріп,кіші жіліншік басынан жоғары тізе буынын айналады, және тізенің алдыңғы бетіне шығып, түзуге қатысады.

6. Медиалді төменгі тізе артериясы, a.genus inferior medialis медиалді басының астында жатып, тізе буынының медиалді шетін айналып,lig.collaterale tibiale астында жатады.Артерияның тармақтары тізе буынының торы құрамына кіреді.

7. Балтыр артериялары, a.surales саны екеу,тақым артериясының артқы бетінен басталып, сирақтың үшбасты бұлшықетінің проксималді бөлімін және терісін қанмен қамтамасыз ететін бірнеше қатар ұсақ тармақтар береді.

 

 

Артқы асықты жілік артериясы

  Артқы асықты жілік артериясы,a.tibialis posterior тақым артериясының тармағы.Ол сирақтың артқы бетімен төмен жүріп, артынан, m.soleus және алдынан, m.tibialis posterior, m.flexor digitorum longus арасында орналасады артериямен аттас веналар қосарлана жүреді, оған латералді, n.tibialis жанасады.

   Артқы асықты жілік артериясы төмен және кішкене медиалді бағытталып, медиалді толарсаққа жетеді.Бұл тұста артерия медиалді толарысақтың артқы жиегінен, m.tibialis posterior, m.flexor digitorum longus сіңірлерімен бөлінген және бүккіштер ұстағышының терең табағында жатады.Бүккіштер ұстағышының астымен кейін, m.abductor halluces проксималді учаскесінің астымен жүріп, аяқбасының табан бетіне өтеді және, m.abductor halluces жоғарғы жиегінде немесе, retinaculum mm.flexotum астында екі тамаққа: латералді табан артериясына, a.plantaris lateralis және медиалді табан артериясына a.plantaris medialis бөлінеді.

   Артқы асықтың жілік артериясы өз жолында келесі тармақтар береді.

1.  Кіші жіліншіктің айналма артериясы,a.circumflexus fibulae негізгі сабаудың бастамасынан тармақталып,кішіжіліншік басының астына алға бағытталады, осы аймақтың бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етіп, rete articularis genus түзуге қатысады.

2.  Кішіжіліншік артериясы, a.peronea,артқы асықты жілік артериясының бастапқы бөлігіненбасталатын ең ірі тармағы.Ол кішіжіліншік басы деңгейінен төмен, артқы асықты жілік артериясынан латералді төмен бағытталып,кішіжіліншікке жақын, артқы асықты жілік бұлшықетінің артұы бетінде жатып, болашақта артынан m.flexor halluces longus жабылады.Артерия латералді толарсақ тұсында өкшелік тармақтарға, rr.calcanei шашырап, сирақ-асық буынына және өкше торына, rete calcaneum, бағытталады.

Кішіжіліншік артериясы өз жолында бірнеше тармақтар береді.

а) Қоректендіретін тармақ, r.nutricius кішіжіліншіктің қоректендіру өзегі арқылы кіріп, сүйекті қоректендіреді.

б)Тесіп өтетін тармақ, r.perforansлатералдi толарсақтан 4-5 см жоғарытармақталып,сүйекаралық жаоғаққа тесіп өтеді,сирақтың алдыңғы бетімен төмен бағытталады,ол осы тұста латералді алдыңғы толарсақтық артериямен анастомозданып, латералдi толарсақ торын, rete maleolare laterale және өкше торын, rete calcaneum түзуге қатысады.

в)Латералді толарсақтық тармақтар, rr.maleolaris lateralis латералді толарсақ құрамына кіретін кішкене тармақтар.

г)Дәнекер тармақ, r.communicans,толарсақ деңгейінде, асықты жіліктің артқы бетінде тармақталатын кішкене сабау.

3. Астықты жілікті қоректендіруші артерия, артқы асықты жілік артериясынан, сирақтың жоғарғы үшінде тармақталып, бұлшыеттерге бірнеше ұсақ тармақтар береді және асықты жіліктің қоректендіру тесігіне кіреді.

4. Медиалді толарсақ тармақтары, rr.maleolaris mediales,медиалді толарсақтың артында басталып, алға бағытталады, медиалді алдыңғы толарсақ артериясвмен, a.maleolaris medialis anterior анастомоз түзеді.

5. Өкшелік тармақтар, rr.calcanei, 2-4 мөлшерінде өкшенің ішкі бетіне бағытталып,латералды өкшелік тармақтармен, rr.calcanei lateralis,анастомозданып өкше торын,rete calcaneum, түзеді.

6. Медиалді өкшелі артерия, a.plantaris medialis, бүккіштер ұстағышынан, retinaculum flexorum, астынан шығып, аяқ басының табан бетінің медиалді жиегімен, және, арасымен жүріп бірінші табан сүйегіне бағытталады.

Артерия аталған бұлшықеттердің арасында жатып, беткей және терең тармақтарға бөлінеді.

А)Беткей тармақ, r.superficialis, m.abductor hallucis арқылы кіріп, аталған бұлшықетті қанмен қамтамасыз етіп, аяқ басының ішкі жиегімен бірінші бақайға жетеді.

Б) Терең тармақ, r.profundus,арасындағы жүлгеде жатып,бірінші табан сүйегінің басына жетеді.Аталған бұлшықеттер мен терісін қанмен қамтамасыз етіп, a.metatarsea plantaris prima, анастомоз түзеді.

7. Латералді табан артериясы, a.plantaris lateralis,диаметрі ірілеу, m.abductor hallucis астынан шыққан соң, аяқ басының табан бетіне өтеді.

     Сонымен артерия медиалді бағытталып, табан доғасын, arcus plantaris түзеді.Доға бірінші табан аралық кеңістікке жеткен соң, r.plantaris profundus байланысады.

   Табан доғасынан келесі тармақтар кетеді:

   а) Табан сүйектерінің артериялары,aa.metatarsea plantares саны төртеу, табан сүйектері арасындағы кеңістікте алға бірінші бағытталады.Артерияның дисталді шетіндегі атауы бақайлардың жалпы табандық артериясы, aa.digitales plantares communis олар бірінші бақайшақ негізінде екі баұайлардың меншікті табандық артерияларына, aa.digitales plantares propriae бөлініп, бақайлардың бір-біріне қараған жиегіне барады.

       Бірінші бақайлардың жалпы табандық артериясы үш бақайлардың меншікті табандық артерияларын береді; біреуі – II бақайшақтың медиалді жиегіне және екеуі - I бақайшақтыңжан-жағына.

  б) Аяқбасының табан беті сүйектері мен бұлшыеттеріне бірнеше ұсақ тармақтар.

  в) Тесіп өтетін тармақтар,rr.perforantes.           

 

 

16. Қолтықтық артерия: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

           Қолтық артериясы,a.axillaris қолтық шұңқырында орналасады.Ол тікелей, a.suclavia, жалғасы, бұғананың төменгі жиегінен үлкен кеуде бұлшықетінің төменгі жиегіне дейін орналасады,осы тұстан қолтық артериясының жалғасы иық артериясы,a.brahialis.

           Қолтық артериясын қолтық шұңқырының алдыңғы қабырғасындағы үш бұрышқа сәйкес шартты түрде үш бөлікке бөледі: 1.бұғана – кеуде үшбұрышына сәйкес бөлік; екінші – кіші кеуде бұлшықеті деңгейіне сәйкес, үшінші – кеуде асты үшбұрышы деңгейіне сійкес.

            Қолтық артериясының бірінші бөлігі алдынан,fascia clavipectoralis-бен жабылып, жоғарғы тістерінде жатады.Артерияның ішінен және алдынан бұғанаасты венасы, алдынан және сыртынан – иық өрімінің сабаулары, орналасады.

             Қолтық артериясының бұл бөлігінен келесі тармақтар таралады:

1.         Ең жоғарғы кеуде артериясы,a.thoracica suprema, бұғананың төменгі жиегінде баасталып, медиалды және төмен бағытталады және екі жоғарғы қабырғааралық бұлшықеттерге, алдыңғы тісті бұлшықетке, сонымен бірге үлкен және кеуде бұлшықеттері мен сүт безіне тармақтар береді.

2.         Кеуде – акромион артериясы, a.thoracoacromealis, кіші кеуде бұлшықетінің жоғарғы – медиалды жиегінде басталып, тереңінен беткейге кіріп, келесі тармақтарға бөлінеді.

А) Акромион тамағы,r.acromealis, жоғарғы және сыртқа бағытталып, үлкен кеуде және дельтатәрізді бұлшықеттердің астына өтіп, аталған бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етеді. Б) Бұғаналық тармақ,r.clavicularis, бұғана аймағына бағытталып, бұғанаасты бұлшықетін қанмен қамтамасыз етеді.

В) Дельта тәрізді тармақ,r.deltoideus, төмен және сыртқа жүріп, m.pectoralis major-мен, m.deltoideus,арасындағы жүлгеде жатады, аталған бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етеді.

Г) Кеуделік тармақтар,rr.pectorales, үлкен және кіші кеуде бұлшықеттері мен алдыңғы тісті бұлшықетке барады.

          Қолтық артериясының екінші бөлігі кеудe бұлшықетінің артында орналасып, иық өрімімен артынан, медиалды және латералды қоршалады. Қолтық артериясының бұл бөлігінен тек бір ғана тармақ-латералды кеуде артериясы таралады.

          Латералды кеуде артериясы,a.thoracica lateralis қолтық артериясының төменгі перифериясынан басталып, төмен бағытталады, алғашында кіші кеуде бұлшықетінің артында, кейін алдыңғы тісті бұлшыұеттің сыртөы бетіне жатады. Артерия қолтық шұңқұрындағы лимфа түйіндері мен шелмайды, сонымен қатар алдыңғы тісті, кіші кеуде бұлшықеттерін, сүт безін қанмен қамтамасыз етіп анастамоз түзеді.

          Қолтық артериясының үшінші бөлігі үлкен кеуде бұлшыетінің артында, жауырынасты бұлшықеті мен арқаның жалпақ бұлшықеті сіңірінде және үлкен жұмыр бұлшықетте жатады; артерияның сыртынан құстұмсұқ – иық бұлшықеті орналасады.Иық өрімінің тармақтары артерияның бұл бөлігінен бүйір және алдынан орналасады.

            Қолтық артериясының үшінші бөлігінен келесі артериялар тармақталады:

1.   Жауырынасты артерия, a.subscapularis, жауырынасты бұлшықеттің төменгі жиегі деңгейінде басталып, төмен бағытталады, екі тармаққа бөлінеді: А)жауырынның айналма артериясы, a.circumflexa scapulae, артқа жүріп, үш жақты тесіктен өтеді және жауырынның бүйір жиегіне оралып, жоғары қылқанасты шұңқырына бағытталады.Mm,subscapularis,tetes major et minor,latissimus dorsi, deltoideus,infraspinatus, Қанмен қамтамасыз етеді. б) Кеуде – арқа артериясы, a.thoracodorsalis жауырынасты артериясы сабауының бағытын жалғастырады.Ол қолтық шұңқырының артқы қабырғасы бойымен төмен жүріп, жауырынның бүйір жиегімен, арасындағы саңылау арқылы жауырының төменгі бұрышына жетеді және, қалыңдығында, анастомоз түзеді.

2. Тоқпан жіліктің алдыңғы айналма артериясы, a.circumflexa humeri anterior қолтық артериясының сыртқы жағынан басталып, құстұмсық – иық бұлшықетімен астымен латералды, кейін иықтың екі басты бұлшықетінің қысқа басының астымен, тоқпан жіліктің алдыңғы бетімен жүріп,төмпешікаралық жүлге аймағына жетеді де екі тармаққа бөлінеді: біреуі жоғарылыған бағытта жүріп, иықтың екі басты бұлшықетінің ұзын басы сіңірімен ере жүреді және иық буынына еніп, тоқпан жілік басына бағытталады;екінші тоқпан жіліктің сыртқы жиегін айналып, анастомоз түзеді.

3. Тоқпан жіліктің артқы айналма артериясы, a.circumflexa humeri posterior қолтық артериясының артқы бетінен, бірге басталып, артқа бағытталады және төрт жақты тесігі арқылы өтіп, тоқпан жіліктің хирургиялық мойынының артқы және сыртқы беттерін айналып, қолтық нервпен, бірге дельтатәрізді бұлшықеттің терең бетінде жатады.

a.circumflexa humeri anterior a.circumflexa humeri posterior a.cicumflexa scapulae a.thoracodorsalis, және,a.suprascapularis анастамоз түзеді.Ол иық буынының буын қабын, дельтатәрізді бұлшықетті және сол аймақтың терісін қанмен қамтамасыз етеді.

 

17. Иық артерясы: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

Жауабы:   Иық артериясы, a.brahialis,қолтық артериясының тікелей жалғасы.Ол үлкен кеуде бұлшықетінің төменгі жиегі деңгейінде басталып, дөңгелек пронатор мен иықкәрыжілік бұлшықеттері арасындағы кішкене науада, m.bicipitalis brahii апоневрозының астында екі тармаққа бөлінеді; кәріжілік артериясына,a.radialis, және шынтақ,a.ulnaris, артериясына.

   Иық артериясынан келесі тармақтар таралады:

1.         Иықтың терең артериясы,a.profunda brahii иық артериясының артқы ішкі бетінен иықтың жоғарғы үштен бөлігінде басталады.Иықтың терең артериясы кәріжіліктің жанама артериясына,a.collateralis radialis,жалғасды.Ол шынтақтың буын торының,rete articulare cubiti, түзілуіне тармақтар беріп, a.reccurens radialis-пен анастомоз түзеді.

                   Иықтың терең артериясы келесі тармақтар береді:

     а) Дельтатәрізді тармақ, r.deltoideus, иықтың терең артериясының алғашқы блімінен таралып, құстұмсұқ-иық және иықтың екі басты бқлшықеттерінің астында жатып оларға тармақтар беріп, тоқпан жіліктің алдыңғы бетімен дельта тәрізді бұлшықетке жетеді.

     б) Тоқпан жілікті қоректендіретін артериялар, aa.nutriciae humeri, тоқпан жіліктің қоректендіретін тесіктеріне бағытталады.

    в) Ортанғы жанама артерия, a,collateralis media, иықтың үш басты бұлшықетінің латералді және медиалды бастарының арасымен төмен жүреді.Кейін латералды басы қалыңдығына еніп, шынтақ буынына жеткен соң, sulcus cubitalis posterior lateralis-те жатады және осы тұста шынтақтық буын торы, rete articulare cubiti, түзілуіне қатысады.

     г) Бұлшықеттің тармақтар, rr. Musculares, иықтың үш басты және құстұмсұқ иық бұлшыеттеріне барады.

2.   Шынтақтың жоғарғы жанама артериясы, a.collateralis ulnaris superior, иық артериясының медиалды бетінен, иықтың терең артериясының тармақталатын жерінен сәл төмен басталады.Төмен бағытталып, медиалды айдаршыққа жетеді де, шынтақтың буын торы,rete articulare cubiti түзілуіне қатысады.Артерия иық бұлшықетін, иықтың үш басты бұлшықетінің медиады басын және осы аймақтың терісін қанмен қамтамасыз етіп, медиалды айдаршықта,r posterior a.reccurens ulnaris, анастомоз түзеді.

3.   Шынтақтың төмнгі жанама артериясы, a.collateralis inferior, иық артериясының медиалды бетінен, иықтың төменгі үшінде басталады.Иық бұлшықетінің алдыңғы бетімен төмен бағытталып, шынтақтың қайырылма артериясының алдыңғы тармағымен,анастомоз түзеді.Өзінің тармақтарымен медиалды айдаршық аймағына жетіп, кіреді және шынтақтың буын торы, түзілуіне қатысады.   

 

 

18. Кәрі жіліктік және шынтақтық артериялар: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

Жауабы: Кәрі жілік артериясы - a.radialis - бағыты жағынан иық артериясының жалғасы болып табылады.

7 тармағы:

1. a.reccurens radialis - кәрі жіліктің қайрылма артериясы жоғары қарай қайырылып a. collateralis radialis-пен анастомозданып, rete articulare cubiti, түзілуіне қатысады.

2. rami musculares - айнала қоршаған бұлшықеттерге барады

Қолдың басына барғанда 5 тармаққа бөлінеді:

3. rami carpeus palmaris -алақан-білезік тармағы, ramus cutaneus palmaris-пен аностомозданып, rete carpi palmare түзуге қатысады.

4. ramus palmaris superficialis - беткей алақан тармағы, arcus palmaris superficialis, түзуге қатысады.

5. ramus carpeus dorsalis - сыртқы білезік тармағы, rete carpi dorsale, түзуге қатысады.

6. a. metacarpae dorsalis prima - алақан сүйектерінің бірінші сыртқы артериясы.

7. a. principis pollicis - басбармақ артериясы

Шынтақ артериясы - a.ulnaris - иық артериясының екі соңғы тармақтарының бірі болып табылады.

 

5 тармағы:

1. a.reccurens ulnaris - шынтақтың қайрылма артериясы 2 тармаққа бөлінеді:

· а.reccurens ulnaris anterior a.collateralis ulnaris inferior-мен анастомозданады

· a.reccurens ulnaris posteriora.collateralis ulnaris superior-мен анастомозданады

2. a.interossea comminus - жалпы сүйекаралық артерия сүйекаралық жарғаққа барады. Сүйекаралық жарғақ арасындағы мембрананы қанмен қамтамасыз етеді.1-2 тармақтары шығып профунда тармақтарымен анастомозданады.

3. ramus carpeus palmaris - алақан-білезік тармағы - кәрі жілік артериясының аттас тармағына қарсы жүріп, онымен жалғасады.

4. ramus carpeus dorsalis - білезіктің сыртқы тармағы - a.radialis-тің аттас тармағына қарсы жүреді

5. ramus palmaris profundus - терең алақандық тармақ - a.radialis-пен бірге терең алақан доғасын түзуге қатысады.

Ары қарай metacarpi алақанаралық жерлерге тармақтар қол басында a.digitalis әр саусақтың шетінен қантамырлары жүріп отырып қанмен қамтамасыз етеді.

 

 

19. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтар: құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Жауабы: Сыртқы құлақ - auris externa - құлақ қалқаны мен сыртқы есту өтісінен тұрады.

Құлақ қалқаны - auricular - шеміршекті терілі эпителиймен қапталған.

Құрылысы: құлақ шиыршығы - майысқан жерлері - helix, оған қарсы шиыршық - anthelix. Екеуінің ортасы қайықшасы - scapha деп аталады. Аnthelix 2 аяқшаға бөлініп кетеді - crura antihelix. 2 аяқша ортасында шұңқыр - fossa triangularis. Бүртігі - tragus. Қарсы бүртігі - antitragus. Құлақ сырғалығы - lobulus auriculae - май ұлпасынан құралады.

Қызметі: дыбыс толқынын қабылдау

Сыртқы есту өтісі - meatus acusticus externus - екі шеміршекті және сүйекті бөліктен тұрады. Құлақ қалқанына жалғасқан бөлігі шеміршекті, ішкі жағы самай сүйегінің дабыл бөлігінің жиегімен қосылады. Ұзындығы 3,5 см шамасында. S әрпі тәрізді иілген.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: