Порта-кавальды анастомоздар. 7 страница

 

29. Иық өрімі: түзілуі, топографиясы. Ұзын және қысқа тармақтары, олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.

Жауабы: Иық өрімі, plexus brachialis, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші мойын жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарының, rr. anteriores nn. cervicalium V-VIII (C5-Cg), бірігуінен түзіледі. Сонымен бірге өрімнің түзілуіне төртінші мойын жұлын нервтің алдыңғы тармағының кішкене тармағы (С4) және бірінші кеуде нервтің алдыңгы тармағының, r. anterior п. thoracici primi, көп бөлігі қатысады. Сонымен катар өрімге қолтық шұнкырында екінші кеуде нервтің, r. anterior п. thoracici secundi (Тһ2) және кейде үшінші кеуде нервтің (ТҺ,) алдыңғы тармағының кішкене бөлігі қатысады. Иық өрімін түзетін жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары төртінші мойын және бірінші (екінші) кеуде омыртқалары деңгейінен омыртқааралық кеңістікте, spatium interscalenum, бұғанаасты артерияның артында және үстінде жатады. Сабаулар сатыаралық кеңістіктен шықкасын бұғанаүсті кеңістігіне кіріп, өзара жақындасады. Топографиялык иық өрімінің екі бөлігін ажыратады: бұғанаүсті және бұғанаасты. Бұғанаүсті бөлігі, pars supraclavicularis, бұғанаүсті шұңкырда, fossa supraclavicularis, m.sternocleidomastoideus-тің төменгі бөлігінен латералді және артқа орналасады. Оны алдынан m.omohyoideus төменгі қарыншасы қиып өтеді. Бұғанаасты бөлігі, pars infraclavicularis, қолтық шүңқырында, fossa axillaris, орналасады, оның алдында mm. pectorales minor et major бар. Иық өрімінің сабаулары бүғанаүсті кеңістігінде үш будаға бірігеді: латералді буда, fasciculus lateralis, қолтық артериясынан, a. axillaris, жоғары жатады, медиалді буда, fasciculus medialis, артерия- ның астында немесе медиалді жатады, және артқы буда, fasciculus posterior, артерияның артында орналасады.

Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігі, pars supraclavicularis plexus brachialis мойынның терең бұлшықеттеріне бұлшыкеттік тар­мактар, rr. musculares және иық белдеуі бұлшықеттеріне қысқа нервтер береді. 1. бұлшыкеттік тармактар, rr. musculares, өрім тармактарынан мойынның терең бұлшыкеттеріне: mm. intertransversarii, m.scalenus anterior, m.scalenus medius, m. scalenus posterior, m. longus colli бағытталады. 2. Қысқа нервтер: - жауырынның артқы нерві, n. dorsalis scapulae; - кеуделік ұзын нерв, n. thoracicus longus; - бұғанаасты нерві, n. subclavius; - кеуделік алдыңғы нервтер, nn. thoracici anteriores; - жауырынүсті нерв, n. suprascapularis; - жауырынасты нервтер, nn. subscapulares; - кеудеарқалық нерв, n. thoracodorsalis. Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігінен таралатын тармақтардың -арасынан, оның дорсалді және вентралді бөліктерінен кететін тармақтар деп те ажыратады.Иық өрімінің бұғанаүсті бөліктің дорсалді бөлігінің тармақтары: а) жауырынның артқы нерві, п. dorsalis scapulae, (С5), m. levator scapulae-нің алдыңғы бетімен және m. scalenus posterior арасымен мойынның көлденең артериясының төмендеген тармағымен, г. descendens a. transversae colli, бірге жүріп, жауырынның медиалді жиегіне бағытталады және mm. rhomboidei major et minor, m. levator scapulae төменгі бөлімдеріне тармактар береді. б) Кеуделік ұзын нерві, n. thoracicus longus (С5-С7) (С8) m. serratus anteriorлатералді жиегімен төмен қолтық сызығына бағытталады және өзінің тармақтарымен m. serratus anterior тісшелерінің қалыңдығына кіреді. Иық өрімінің бұғанаүсті бөліктің вентралді бөлігінің тармақтары: а) Кеуделік алдыңғы нервтер, nn. thoraciсі anteriores, жиі екі сабау: біреуі медиалді, n.thoracicus anterior medialis, екіншісі латералді жататын, n. thoracicus anterior lateralis, нервтер бұғананың артында және бұғанаасты артерия мен венаның алдында жатады, және mm. pectorales, major et minor қалындығына кіріп, тармақтарының біреуі m. deltoideus бұғана бөлігіне жетеді. б) Бүғанаасты нерв, n. subclavius (С4), (С5), (С6), жіңішке сабауша, бұғанаасты артерияның алдында алдыңғы сатылы бұлшықеттің төменгі бөлігінен латералді орналасып, m. subclavius-ке барады; ол жиі көкет нервке, n. phrenicus, дәнекер тармақ береді. в) Жауырынүсті нерв, n. suprascapularis (С5-С6), m.supraspinatus-ке сабаушалар береді кейде articulatio acromioclavicularis-ке тар­ мактар береді). Кейін нерв m. infraspinatus-ке, және иық буынының буындық қабының артқы бетіне сабаушалар береді. г) Жауырынасты нервтер, nn. subscapulares (C5-C7), екеу, m. subscapularis-тің алдыңғы бетінде орналасып, аталмыш бұлшыкетке және m. teres major-ғa жіңішке сабаушалар береді. д) Кеудеарқалық нерв, n. thracodorsalis (С6), С7, С8, жауырынның латералді жиегімен т. latissimus dorsi-дің алдыңғы жиегіне жетіп, бұлшықет қалыңдығында тармақталады.

Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі, pars infraclavicularis plexus brachialis қолдың бұлшықеттері мен терісіне ұзын тармақтар және бір қысқа нерв қолтық нервін, n. axillaris, береді. Иық өрімінің бүғанаасты бөлігі қолтық шұңкырында mm. pectorales major et minor артында m. subscapularis алдында, m. serratus anterior-дш латералді орналасады. Өрімнің бұл бөлігі қолтық шұңқырынан шыға берісінде m. coracobrachialis, m. subscapularis жэне m. latissimus dorsi арасында жатады. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігінің үш будасы қолтық шұңкырында a. axillaris- ті медиалді, латералді және артынан қоршайды, артерияның тек алдыңғы беті жабылмайды. Қолтық венасы, v. axillaris, артерияның алдыңғы-медиалді бетінде жатады. Әрбір буда қолға ұзын тармактар береді. Латералді буда Латералді буда, fasciculus lateralis, бесінші, алтыншы, және жетінші мойын нервтерінің (С5-С7) алдыңғы тармақтарынан түзілген. Ол келесі тармақтарды береді: 1) бұлшықеттерілік нерв, n. musculocutaneus 2) орталық нервтің латералді түбіршігі, radix lateralis n. mediani Бұлшықет-терілік нерв 1.Бұлшықет-терілік нерв, n. musculocutaneus (С5-С7) төмен және сыртқа бағытталады, т. coracobrachialis-ті жоғарыдан төмен қиғаш тесіп өтіп, m. brachialis және m. biceps brachii арасында жатады. Кейін нерв иықтың екібасты бұлшықеттің дисталді сіңірінің латералді жиегінің астынан шығып, шынтақ буын аймағында, иықтың меншікті шандыры арқылы теріасты майлы қабатқа кіріп, білектің терілік латералді нерв, n. cutaneus antebrachii lateralis, атауын алады. Бүлшыкет-терілік нерв өз жолында келесі тармақтарды береді: 1) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, m.coracobrachialis, m. brachialis, m.biceps brachii, нервтендіреді. 2) Тоқпан жілік сүйек кабығына және шынтақ буынының буындық қабына тармақтар. Кейде бұлшықет-терілік нерв пен орталық нерв арасында дәнекер тармақты кездестіруге болады. 3) Білектің терілік латералді нерві, n. cutaneus antebrachii lateralis, бұлшыкет-терілік нервтің соңғы тармағы. Ол шынтақ тенар аймағына дейін білектің алақан бетінің кәріжілік жартысы мен кәріжілік жиегі терісінде тармақталады. Осы нервтің жолында дәнекер тармақтар кездеседі: а) кәріжілік нервтің алақандық тармағымен, r. superficialis n.radialis; б) шынтақ нервтің сыртқы тармағымен, r.dorsalis n. ulnaris; в) білектің терілік медиалді нервімен, n. cutaneus antebrachii medialis; 2. Орталык нервтің латералді аякшасы немесе латералді түбіршегі, radix lateralis, алтыншы және жетінші мойын нервтерінен (С6, С7) түзіледі. Ол қолтық артериясын тысқары жатады. Медиалді буда Медиалді буда, fasciculus medialis, сегізінші мойын және бірінші кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Келесі тармақтарды береді: 1) шынтақ нерві, n.ulnaris; 2) иықтың терілік медиалді нерві, n.cutaneus brachii medialis 3) білектің терілік медиалді нерві, n.cutaneus antebrachii medialis; 4) орталық нервтің медиалді аяқшасы, crus medialis n. mediani.

ШЫНТАҚ HEPBI Шынтак нерві, п. ulnaris (C7, Cg), бастамасында колтык және иық артерияларынан медиалді орналасады, кейін иыктың ортаңғы үш деңгейінде иықтың медиалді перифериясымен, septum inter musculare mediate, бағытталады, иықтың төменгі жартысында оның артында жатады. Осы тұста шынтак нерві шынтақтың жоғарғы жанама артериясымен, a. collateralis ulnaris superior, бірге m. triseps медиалді басында жатып, epicondylus medialis humeri және olecranon арасындағы науаға төмен жүреді, осы жерде тек тері және шандырмен жабылып, сүйекте sulcus nervi ulnaris-те жатады. Шынтақ нервтің сабауы осы кеңістіктен шыққан сон m. flexor carpi ulnaris бастарының арасымен өтіп, білектің алдыңгы бетінде m. flexor digitorum profundus және m. flexor carpi ulnaris арасында, шынтақ артериясы мен венасынан a. et V. ulnares ішкері жатады. Нерв пен тамырларды білектің төменгі бөлігінде m. flexor carpi ulnaris сіңірі жабады. Иықта шынтақ нерві тармақтар бермейді. Білекте шынтақ нервімен орталық нерв арасында дәнекер тармақ кездеседі. Шынтақ нервтің сабауы иыктың ортаңғы және төменгі үш шекарасында, кейде жоғары немесе төмен өзінің соңғы тармақтарына: жіңішкелеу сыртқы тармаққа, ramus dorsalis, және ірілеу алакандық тармаққа, ramus palmaris, бөлінеді. Шынтақ нервтің тармактары: 1. Бұлшықеттік тармактар, rami musculares, т. flexor carpi ulnaris және m. flexor digitorum profundus-тың (IV жэне V саусактарға) шынтақтык бөлігіне; шынтақ нервтіңтармактары осы бұлшықет қалыңдығында орталық нерв тармағымен қосылып, бұлшықеттің қалған бөлігін нервтендіреді. 2. Буындық тармақ - ramus articularis, шынтақ буынының буындық қабына баратын жіңішке сабауша. 3. Алаканның терілік тармағы, ramus cutaneus palmaris, білектің төменгі учаскесінде тармақталатын екі жіңішке сабауша, шынтақ артериясына тармақ береді 4. Шынтак нервтің сырткы тармагы, ramus dorsalis m. ulnaris, шынтақ нервтің соңғы тармақтарының біреуі, шынтақ сүйегі мен m. flexor carpi ulnaris сіңірі арасымен өтіп, шандырды тесіп, қолұшының сыртқы бетіне жүреді және қолұшының сыртқы бетінің шынтақтық жағы терісіне тармақтар және саусақтардың сыртқы нервтерін береді. а) Саусақтардың сыртқы нервтері, nn. digitales dorsales, бесеу мөлшерінде бесінші, төртінші саусактардың сырткы беті жэне үшінші саусақтың шынтақтық жағы терілерін нервтендіреді, яғни олар бесінші саусактың тармак негізіне дейін жетеді, ол төртінші және үшінші саусактардың негізгі бунақтары терілерінде жайылады. б) Кәріжілік нервтің беткей тармағымен, r superficialis n. ulnaris, және білектің терілік медиалді, латералді және сыртқы нерв тармақтарымен. nn.cutanei anterbrachii- medialis, dorsalis et lateralis, дәнекер тармақтар. 5. Шынтақ нервтің алақандық тармағы, ramus palmaris n. ulnaris, шынтақ артериясымен бірге жүретін және шынтак нервтің негізгі сабауының жалғасы түрінде. Ол бұршақтәрізді сүйектің кәріжіліктік жағына жақындап, m. palmaris brevis, retinaculumflexorum арасында орналасып, беткей тармаққа, г. superficialis, және терең тармаққа, r. profundus, бөлінеді. A) Алақанның беткей тармағынан тармақталады: 1. бүлшықеттік тармак, ramus muscularis, m.palmaris brevis-ке баратын бір немесе бірнеше жіңішке сабаушалар; 2. терілік тармактар, rami cutanei, m. palmaris brevis қалыңдығына өтіп, hypothenar аймағы терісін нервтендіреді; 3. п. digitalis palmaris communis III (n. mediani) дәнекер тармақ; 4. саусақтың алақандық меншікті нерві, п. digitalis palmaris proprius, hypothenar бұлшықеттері бойымен алақан апоневрозының шынтақтык жиегінде орналасып, бесінші саусақтың алақан бетіне өтеді және оның шынтактык жиегі терісін нервтендіреді. 5. саусактың алақандык жалпы нерві, n.digitalis palmaris communis, жоғары көрсетілген нервтен қалың, IV spatium interroseum бойымен алақан апоневрозы астында жатып, екі тармаа бөлінеді: а) кіші саусақтың алақандык меншікті нерві, п. digitalis palmaris digiti minimi proprius, бесінші саусақтың кәріжіліктік жағы терісін нервтендіреді; б) IV саусактың алакандык меншікті нерві, n.digitalis palmaris digiti I V proprius (n. ulnaris), төртінші саусактың шынтақтык беті терісі мен тырнақтық бунакты нервтендіреді. Саусақтардың терілік нервтерінің соңғы тармақтары табақшалы денешіктерімен, corpuscula lamellosa, инкапсулалық рецепторлармен аяқталатын жіңішке тармақтар береді. Б) Терең тармақ, ramus profundus, бұршақтәрізді сүйектің кәріжіліктік бетінде жатады. Терең тармақ келесі нервтерді береді: 1) орталық нервтің саусактың алакандық бірінші жалпы нервімен, п. digitalis palmaris communis I n. mediani, дәнекер тармақтар; 2) буындық тармақтар, rami articulares, қолұшы сүйектерінің сүйекқабына және буындық қаптарға баратын жіңішке сабаушалар;. 3) бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, бұлшықеттерге бағытталады: а) thenar: бүлшыкеттері: m. adductor pollicis және m. flexor pollicis brevis (caput profundum); б) hypothenar бұлшықеттері: m. adductor digiti, m. flexor digiti minimi brevis, m. opponens digiti minimi; в) қолұшының ортаңғы тобына: m. lumbricales III, IV, mm. Interossei palmares et dorsales. 4) тесіп өтетін тармактар, rami perforantes, қолүшының сырткы бетіне сүйекаралық кеңістіктер арқылы өтіп, білектін артқы сүйекаралық нервінің, n.interosseus antebrachii posterior, сабаушаларымен қосылады.

Иықтың медиалді терілік нерві, п. cutaneus brachii medialis (С8,ТҺ,,ТҺ2,ТҺ3), медиалді будадан басталып, қолтық шұңқырында жауырынасты және арқаның жалпақ бүлшықеттері алдында жатады; алғашында колтық артерияның, a. axillaris, алдында, кейін медиалді орналасады. Осы тұста екінші кеуде нервтің латералді терілік тармағымен, r. cutaneus lateralis п. thoracici II, кейде үшінші кеуде нервтің (ТЦ) бірігіп, қабырғааралық иық нервтері, nn. іntercostobrachiales, атауын алады. Екі, кейде үш мөлшерінде нерв сабаушалары қолтық және иық шандырларын тесіп өтіп, қолтық шүңқыры және epicondylus medialis humeri жэне olecranon аймағына дейін иықтын алдыңғы, артқы медиалді беті терілерінде тармақталады. Білектің терілік медиалді нерві, п. cutaneus anterbrachii medialis (Cg,T h), қолтық артериясымен, a. axillaris, қолтық шүңқырында, ол иық аймағында иық артериясымен және орталық нервпен, a. brachialis et n. medianus, бірге жатады. Ол иықтың ортасында шандыр арқылы өтіп теріасты кабаттан шыққасын, алақандык және шынтақтык тармақтарға бөлінеді: а) алақандык тармақ, aponeurosis m.bicipitis brachii алдында, v. basilica-ның кәріжіліктік жағында орналасады, кейін v. mediana cubiti артында жатады және кәріжілік-білезік буыны аймағына дейін білектің алакандык бетінің шынтақтык жартысы терісінде, тармақталады. Алақандық тармақ, өз жолында n. cutaneus antebrachii lateralis (n. musculocutaneus), r. perforans r. palmaris тармақтарымен байланысады. б) шынтақтық тармақ. Орталық нерв, n. medianus, орталық нервтің латералді және медиалді түбіршектерінен, radices lateralis et medialis, түзілген. Екі түбіршік үшкір бұрыш түзеп қосылып, қолтық артериясының алдыңғы бетінде орналасатын ілмек түзеді. Кейін орталық нерв бір сабау түрінде иық артериясының кәріжіліктік жағымен жүріп, артериямен бірге иық шандырының астында sulcus Ыcipitalis medialis-те жатады. Нерв иықтың ортасына жеткен соң артерияны алдынан қиып өтіп, оның шынтақтық жағында орналасады. Өз жолын артериямен бірге жалғастырып, білектің aponeurosis m.bicipitis астымен шынтақ шұңырынан өтеді. Кейін орталық нерв n. pronator teres бастарының арасымен білектің ортаңғы сызығына бағытталады. Орталық артериямен, a. ulnaris тармағы a. mediana бірге m. flexor digitorum superficialis-тің сіңірлі доғасының астына барады және саусақтардың беткей және терең бүккіштері арасымен кәріжілік- білезік буынына жүреді Осы тұста орталық нерв саусақтардың бүккіштері сіңірлерімен бірге білезіктің кәріжіліктік бүккіші мен алақандық ұзын бұлшықеттері арасымен, retinaculum flexorum астымен білезік өзегінде өтіп, өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Соңғы тармақтары алақан апоневрозының астында, қолұшы аймағында алдынан беткей алақан доғасы, arcus palmaris superflcialis, артынан саусақтардың беткей бүккіші сіңірлері арасында жатады.

ОРТАЛЫҚ НЕРВТІҢ ТАРМАҚТАРЫ 1. Дәнекер тармактар, rami communicantes: а) иық аймағында бүлшыкет-терілік нервпен, тұрақсыз, иыктың жоғарғы ұшында орналасады. б) білек аймағында n. ulnaris-пен, m.flexor digitorum profundus; в) қолұшы аймағында ramus palmaris superficialis n. ulnaris және ramus superficialis n. radialis. 2. Буындық тармақтар, rami articulares, шынтак буынының, жартылай білезік буындарының және бірінші-үшінші (төртінші) саусактардың алақан беті буындарының буындық қаптарына. 3. Бұлшықеттік тармактар, rami musculares, орталық нерв иық аймағында тармақтар бермейді. Білекте орталық нервтің негізгі сабауынан тоқпан жіліктің медиалді айдаршыкүсті деңгейінде бұлшыкеттік тармақтар шығып, m.pronator teres, m. flexor carpi radialis, m. palmaris longus, m.flexor digitorum superficialis бағытталады. 4. Білектің алдыңғы сүйекаралық нерві, n. interosseus antebrachii anterior, орталык нервтін негізгі сабауынан m. pronator teres түсында басталып, алдыңғы сүйекаралык артериямен a. interosseus anterior, бірге дисталді жүріп, m. flexor pollicis longus және m. flexor digitorum profundus арасында жатып, m. pronator quadratus-ке жетеді. Ол m. flexor pollicis longus, m.flexor digitorum profundus және m. pronator quadratus нервтендіреді. 5. Орталық нервтің алақандық терілік тармағы, орталық нервтің негізгі сабауынан білектің төменгі үшынде т. flexor carpi radialis және т. palmaris longus сіңірлері арасында тармакталатын жіңішке тармак. Ол білектің шандырын тесіп өтіп, кәріжілік-білезік буыны, үлкен саусақ және алакан терілерінде тармакталады. 6. I, II, III саусақтардың алакандық жалпы нервтері, nn. digitales palmares communes I, II, III, орталық нервтін негізгі сабауының тармакталу жолынан түзіледі.Олар retinaculum flexorum-нің дисталді жиегі тұсында тармақталып, алақан апоневрозы мен беткей алақан доғасының астында бірінші, екінші және үшінші сүйекаралық кеңістіктерде орналасып, келесі тармақтарды береді: 1) терілік тармактар, rr. cutanei 2) бұлшықеттік тармактар rr. musculares 3) сау­сақтардын алакандық меншікті нервтері, пп. digitales palmares proprii 1) Терілік тармактар - r. cutanei, алақан терісі қалыңдығына, оның ортаңғы бөлімінде алакан апоневрозы арқылы кіретін жіңішке сабаушалар. 2) Бұлшықеттік тармактар, r. musculares, әрбір саусақтардьщ алақандық жалпы нервтерінен тармақталып, алақан аймағында келесі бұлшықеттерді нервтендіреді. а) п. digitales palmares communes I- m. abductor pollicis brevis, m.flexor pollicis brevis, m. opponens pollicis және m. lumbricalis I; б) n. digitales palmares communes II- m. lumbricalis II; в) n. digitales palmares communes III- m. lumbricalis III 3) Саусақтардьщ алақандық меншікті нервтері, nn. digitales palmares proprii, жетеу мөлшерінде бірінші, екінші және үшінші саусактардың алақандық бетінің кәріжіліктік және шынтақтык жиектерінің терісін және төртінші саусақтың сол бетінің кэріжіліктік жиегі терісін нервтендіреді. Олардың барлығы саусактардьщ алакан­ дык жалпы нервтерінің соңғы тармак­ тары, яғни бірінші нерв үш нерв береді: бас бармакка екеу және екіншіге - біреу, екінші нерв - екеу: сұк жэне ортаңғы саусақтарға және үшінші нерв - ортаңғы және төртінші саусақтарға. Бас бармақтың алақандық меншікті нервтері, nn. digitales palmares pollicis, бас бармактын алакандык бетінің кәріжіліктік жэне шынтақтық жиектері терісін нерв- тендіріп, кэріжілік нервтің беткей тармағына r. superficialis n. radialis, дэнекер тармакка береді. 1 және IV саусактардьщ терілерін нервтендіретін саусақтардың меншікті аталмыш саусақтардьң тырнақтық және ортаңғы бунақтарының сыртқы беті терілеріне тармактар береді. АРТҚЫ БУДА Арткы буда, fasciculus posterior, V, VI, VII, VIII мойын жэне I кеуде нервтерінің (С5- С8,ТҺ1) алдыңғы тармактарынан түзілген. Ол келесі тармактар береді: ҚОЛТЫҚ НЕРВІ 1) қолтық нерві, п. axillaris және 2) кәріжілік нерві, п. radialis Қолтык нерві - п. axillaris (С5,С6), ірілеу сабау; ол қолтық шүнкыры ұшында, т. subscapularis сіңірі бетінде, а. axillaris-тің артында орналасады. Нерв тоқпан жіліктің арткы айналма артериясымен, a. circumflexa humeri posterior, бірге кішкене томен, сыртка жэне артка бағытталып, foramen quadrilaterum-нен өтеді және тоқпан жіліктің хирургиялық мойнын орап, токпан жілік пен m. deltoideus арасында орналасып, келесі тармактарды береді: а) Бұлшыкеттік тармактар, rami musculares үлкен жұмыр бұлшықет қалыңдығына оның төменгі - сырткы беті жағынан және дельтатәрізді бүлшықет қалыңдығына оның ішкі беті жағынан кіретін бірнеше нерв сабаушалары. Соңғы тармақтардың ішінде pars spina-та, pars acromialis et pars clavicularis m. deltoidei-jxe тармақталатын топ сабаушаларын ажыратады. Осы сабаушалардың кейбіреулері бұлшықет калыңдығын тесіп өтіп, теріге енеді, сонымен қатар колтық нерві m. subscapularis- тің төменгі - латералді бөлігіне бүлшықеттік тармак, ramus subscapularis береді. б) Буындық тармақтар, rami articulares, иык буынының буындық кабына баратын жіңішке сабаушалар, олар буын қабы мен дельтатәрізді бүлшыкеттің ішкі беті арасында орналасып, токпан жілік сүйеккабығына сабаушалар береді. в) Иыктың латералді терілік нерві, п. cutaneus brachii lateralis, дельтатәрізді және иыктың үшбасты бұлшыкетінің ұзын басы арасында орналасып, жогарлаған жэне төмендеген сабаушаларға бөлінеді, олар дельтатэрізді бұлшыкег аймағының артқы бөлімдері және иықтың артқы жэне латералді беттерінің жоғарғы үші терілерінде тармақталады. Соңғы тармактары иыктың артқы терілік нервімен, п. cutaneus brachii posterior, жэне білектің арткы терілік нервімен, п. cutaneus anterbrachii posterior, косылуы мүмкін.

КӘРІЖІЛІК НЕРВІ, n. radialis (С5-С8,ТҺ,), қолтық шұнкырында, a. axillaris, артында жатады. m. brachioradialis арасында жатады. Кәріжілік нерві латералді айдаршықүсті деңгейіне жеткен соң sulcus cubitalis anterior lateralis-те беткей тармаққа, ramus superficialis, жэне терең тармакка, ramus profundus, бөлінеді. КӘРІЖІЛІК НЕРВ ТАРМАҚТАРЫ 1. Буындық тармак, ramus articularis, кэріжілік нервтің негізгі сабауынан токпан жіліктің хирургиялық мойыны түсында тармакталып, иық буыны қабына барады. 2. Иыктың артқы терілік нерві, п. cutaneus brachii posterior, кәріжілік нервтің негізгі сабауынан қолтық шүнкырында басталып, артқа киғаш бағытталады, кейде иықтың үшбасты бұлшыкетінің үзын басы калыңдығы арқылы өтіп, дельтатәрізді бұлшықет сіңірі деңгейінде иық шандырын тесіп, иықтың артқы-латералді беті терісінде тармақталады. Оның тармактары п.cutaneus lateralis тармақтарымен байланысуы мүмкін. 3. Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, иык аймағы түсында т. triceps brachii (барлык бастарына) m. anconeus жэне сирек т. brachialis-тің латералді бөлігіне бағытталады. 4. Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, шынтак буыны аймағында т. brachioradialis жэне т. extensor carpi radialis longus бағытталады. 5. Білектің арткы терілік нерві, п. cutaneus antebrachii posterior, кэріжілік нервтің негізгі сабауынан canalis humeromuscularis ішінде тармакталады, нервпен бірге septum intermusculare-ve дейін жүреді, иық - кэріжілік бүлшықетінің латералді жиегінде иық шандыры мен калканы тесіп өтіп, иықтың дисталді бөлігі жэне білектің артқы беті терілерінде тармақталып, кәріжілік- білезік буыны аймағына жетеді. Оның тармактары nn. cutanei antebrachii medialis et lateralis тармактарымен жэне ramus dorsalis manus n. ulnaris, ramus superficialis n. radialis байланысуы мүмкін. 6. Беткей тармак, ramus superficialis, кэріжілік нервтің негізгі сабауынан fossa cubiti-де, латералді айдаршықүсті тұсын- да тармақталып, т. brachioradialis-теи медиалді, томен кэріжілік артериядан тысқары жатады. Беткей тармак білектің ортаңғы үшінде кэріжілік жағына m. brachioradialis жэне т. extensor carpi radialis longus сіңірлері арасымен білектің кәрі- жіліктік жағының сыртқы жағына өтеді, кәріжілік-білезік буынынан сәл жоғары білек шандырын тесіп өтеді. Кейін кэріжілік нервтің беткей тармағы кәріжілік-білезікбуыны аймағының кэріжіліктік жағы терісінде жэне кол ұшы мен саусақтардың сыртқы кэріжілік жартысында саусақтардың сырткы нервтері, nn. digitales dorsales, түрінде тармакталады. Беткей тармактары: а) Дәнекер тармақ, rami communicantes, білектің төменгі үшінің сыртқы беті жэне кәріжілік-білезік буыны аймағындағы п. cutaneus antebrachii lateralis et dorsalis- пен байланысатын бірнеше катар жіңішке дәнекер тармақшалар түрінде; кэріжілік нервтің беткей тармағымен шынтақтық дәнекер тармак, rami communicans ulnaris rami superficialis n. radialis, ол - қолұшының сыртқы беті аймағында кэріжілік нервтің беткей тармағын ramus dorsalis manus п. ulnaris-пен қосатын дәнекер тармактардың ішіндегі ең ірі тармақ. б) Саусақтардың сыртқы нервтері, rr. digitales dorsales, бесеу мөлшерінде, терінің келесі учаскелерін нервтендіреді: бас бармақтың сыртқы бетінің шынтактық жэне кәріжіліктік жиектері терісін тырнақ негізіне дейін, сүк саусақтың сыртқы бетінің кэріжіліктік жэне шынтақтык жиектері терісін ортаңғы бунаққа дейін, үшінші саусактың сырткы бетінің кэріжіліктік жиегі терісін ортаңғы бунакка дейін. 7. Терең тармак, ramus profundus, беткейден ірілеу тармак, негізгі сабаудан беткей тармак сияқты латералді айдаршыкүсті деңгейінде тармакталып, т.supinator карыншасына кіріп, кәріжіліктің жоғарғы учаскесін орайды, білектің сыртқы бетіне қиғаш төмен бағытталады. Ол білектің сырткы бетіне m. supinator-дан шыккан соң m. extensor digitorum longus астында, беткей жэне терең жазғыштардың арасында жатады; кейін терең тармақ сыртқы сүйекаралык артериямен a. interossea posterior, бірге білезік аймағының сырткы бетіне дисталді жүреді. Терең тармақ береді: а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, білек аймағында келесі бұлшықеттерге: m. supinator, m. extensor carpi radialis brevis, m. extensor digitorum communis m. extensor digiti minimi, m. extensor carpi ulnaris, m. abductor pollicis longus, m. extensor pollicis brevis, m. extensor pollicis longus, m. extensor indicis. б) Артқы сүйекаралық нерв, n. interosseus posterior, бастамасында беткей жэне терең жазғыштар арасында, кейін білектің сүйекаралық жарғағының сырткы бетінде т. extensor pollicis longus және m. extensor pollicis brevis сіңірлері арасында орналасып, білезік аймағына жетеді. Арткы сүйекаралык нерв өз жолында келесі тармактарды береді: п. interosseus anterior мен байланысатын сүйекаралык жарғаққа; кэріжілік пен шынтақ сүйектерінің сырткы бетіне және сүйекқабына, білезік, білезік-алақан жэне де алақан-бунақ буындарының буындық каптарына.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: