Порта-кавальды анастомоздар. 10 страница

1.Төмен түсуші қалып

2.Латералды қалып

3.Медиалды қалып

4. Соқыр ішектің арт жағында жоғары көтерілуші қалып

Қарт адамдарда құрт тәрізді өсіндінің саңылауы ішінара немесе тұтас бітелуі мүмкін.

Аппендикстің шырышты қабығы folliculi lymphatici aggregate appendicis verformis түріндегі лимфа тканіне бай да, кейбір авторлар оның қызметін осымен байланыстырады. Қабырғасы дәл ішектікіндей. Деректер бойынша апппендикстің лимфалық түзілістері лимфопоэз бен иммуногенезде маңызды рөл атқарады, бұл иммундық жүйенің мүшесі деп қарауға негіз болады.

Соқыр ішек пен құрт тәрізді өсінді жан-жағынан ішастармен жабылған. Құрт тәрізді өсіндінің шажырқайы,mesoappendix, әдетте оның ең шетіне дейін созылады. 6%жағдайда соқыр ішектің артқы беті ішастармен жабылмайды.

Соқыр ішек және құрт тәрізді өсіндінің қанмен қамтамасыз етілуі, нервтенуі.

Соқыр ішек пен құрт тәрізді өсіндіні-мықын-жиек артериясы және оның тармақтары, aa.iliocolica (r.ascendens rr.caecales anterior et posterior a.appendicularis) қанмен қамтамасыз етеді. Жиек ішек кезбе нервтің тармақтары (сигматәрізді жиек ішек-ішкі мүшелік бел нервтері) мен жоғарғы және төменгі шажырқайлық өрімнің симпатикалық нервтерімен нервтенеді.

 

1.2.8 Тік ішек: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі.

Тік ішек,rectum,нәжіс массасының жиналуы үшін қажет. Мүйіс деңгейінде басталып, олсегізкөз алдында кіші жамбасқа түсіп, алдыңғы-артқы бағытты екі иілім түзеді: біріншісі-жоғарғы, сегізкөз ойысына сәйкес дөңесі артқа қараған-flexura sacralis; екіншк- төменгі, құйымшақ бөлігінде дңесі алға қараған, шатаралық- flexura perinealis.Хирургияның дамуына байланысты қазіргі кезде оны бес бөлімге бөлген ыңғайлы: ампулаүстілік, жоғарғы-ампулалық, ортаңғы –ампулалық, төменгі –ампулалық бөлім және аралық бөлімдер.    

Топографиясы.Тік іішектің артында сегізөз бен құйымшақ жатады, ал алдында еркектерде ішастары жоқ бөлімімен-шәуетқуықшалары мен шәует шығаратын түтікке, сондай-ақ олардың арасындағы несеп қуықтың бөлігіне, ал одан төменде қуықасты безіне жанасып жатады. Әйелдерде тік ішек алдынан жатырмен және қынаптың артқы қабырғасымен шектеседі. Тік ішек қынаптан дәнекер тін қабатымен, тік ішек-жатыр қалқасымен бөлінеді.

Шырышты қабық,tunica mucosa,ішек қабырғасы созылғанда оңай жазылып кететін көптеген бойлық қатпарлар түзеді. Canalis analis-те бойлық қатпарлар 8-10 мөлшерінде columnae analis деп аталатындар түрінде тұрақты болып қалады. Шырышастылық негіз, tela submucosa, күшті дамыған, бұл артқы тесік арқылы шырышты қабықтың сыртқа шығуына жағдай жасайды. Бұлшықетті қабық,tunica muscularis,екі қабаттан тұрады:сыртқы-бойлық, ішкі- циркулярлық қабаттан тұрады.Ішкі қабатаралық бөлімнің жоғарғы бөлігінде 5-6мм-ге дейін жуандап, осы жерде сфинктер,m sphincter, түзеді, оның биіктігі 2-3см, аналь тесігінің терімен қосылатын жерінде аяқталады.

Тік ішектің қанмен қамтамасыз етілуі.Тік ішек қабырғасын жоғарғы тік ішек артериясы, a.rectalis superior, (төменгі шажырқайлық артерияның тармағы), жұп ортаңғы және төменгі тік ішек артериялары, aa.rectales media et inferior, (ішкі мықын артерияларының тармақтары)қанмен қамтамасыз етеді.

Тік ішектің парасимпатикалық нервтенуі ішкі мүшелік бел нервтерімен және симпатикалық нервтенуі төменгі шажырқайлық өрім тармақтарымен жүреді.Сонымен қатар жоғарғы және төменгі құрақ асты өрімдерінен ішек қалыңдығына ортаңғы және төменгі тік ішек өрімдері қалыптасады.

 

1.2.9 Бауыр: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі.

Бауыр,hepar, көлемді безді мүше болып табылады(массасы 1500г жуық). Бауырдың қызметі әралуан. Ол ең алдымен шығару өзегі арқылы он екі елі ішекке келетін өт жасап шығаратын үлкен асқорыту безі болып табылады. Оған бөгеу,тазарту қызметі тән: қанмен бауырға келетін белок алмасудың улы өнімдері бауырда нейтралданады. Бауыр зат алмасудығ барлық түріне қатысады. Ішектің шырышты кабығы сіңіріп алатын көмірсулар бауырда гликогенге айналады.

Бауыр тікелей көкеттің астында құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің оң жағында орналасқан,сондықтан оның кішкене бөлігі ғана ересек адамда ортаңғы сызықтан сол жаққа қарай өтеді. Жаңа туған нісетеде бауыр құрсақ қуысының көп бөлігін алып, бүкіл дене салмағының 1/20 бөлігін құрайды. Бауырда екі бет:алдыңғы-жоғарғы және төменгі беті,екі жиек:төменгі және жоғарғы-артқы жиек ажыратылады. Бауырда екі бөлікті ажыратады:оң жақ бөлік,lobus hepatus dexter, кішілеу сол жақтық бөлік, lobus hepatus sinister, бұлар көкеттік бетте бір-бірінен орақ пішінді байламымен бөлінген. Бауыр беттерімен түйісетін мүшлер онда жанасушы мүше деп аталатын батыңқы- ойыстар түзеді. Бауырдың көп бөлігі ішастармен жабылған.

Құрылысы.Бауырдың сероз қабығының астында жұқа фиброзды қабықша,tunica fibrosa, жатады. Ол бауыр қақпалары аймағында тамырлармен бірге бауыр затына еніп, бауыр бөліктерін қоршайтын жұқа дәнекер тін қабатына айнала созылады. Адамда бауыр бөліктері бір-бірінен нашар бөлінген.

Бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі.Бауыр қақпасына меншікті бауыр артериясы, a.hepatica propria, мен қақпа венасы v.porta, кіреді.Бауырдың ішінде меншікті бауыр артериясы мен қақпа венасы үлесшеаралық артериялар мен үлесшеаралық веналарға тармақталады.Бұл артериялар мен веналар бауыр үлесшелерінің аралығында үлесшеаралық түтіктермен ductuli interlobulares, бірге орналасады.Үлесшеаралық веналардан үлесшенің ішіне жалпақ үлесшеаралық синусоидтық капилярлар тармақталып, олар бауыр табақшаларының аралығында орналасып, қақпалық венаға ашылады. Синусоидтық капилярлардың бастапқы бөліміне үлесшеаралық артериялардан тармақталатын артериялық капилярлар құйылады.Бауыр үлесшелерінің орталық веналары өзара бірігіп, үлесшеасты (жинаушы) веналарын, vv.sublabulares, түзеді.Соңғыларынан 2-3 ірі немесе бірнеше бауыр веналары түзіліп, төменгі қуыс венаға жүлгесі аймағында бауырдан шығып, төменгі қуыс венасына ашылады.

Бауыр кезбе нервпен және бауыр өрімімен (симпатикалық) нервтенеді.

1.2.10 Өт қалтасы: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі. ТЕК АРТЕРИЯНЫ, НЕРВТЫ ЖАЗ

Өт қалтасы, vesica fellea c biliaris, алмұрт пішіндес. Оның бауырдың төменгі жиегінен сәл шығып тұратын кең шеті-түбі,fundus vesica fellea,деп аталады;оған қарама-қарсы тар шеті- мойны,collum vesica fellea, деп аталады;ортаңғы бөлігі денесі, fundus vesica fellea, түзеді. Мойын тікелей ұзындығы 3,5 см өт қалтасы өзегіне айнала созылады. Өт қалтасы тек төменгі бетінде ғана ішастармен жабылған.

Өт қалтасы орналасу қалпы бауырдың орналасуына, оның тыныс алу кезіндегі қимылдарына және т.б. байланысты XII кеуде және V бел омыртқа деңгейлері арасында өзгеріп отырады.

Құрылысы. Серозды қабықтың астында жатқан бұлшықет қабаты,tunica muscularis, фиброзды тін қоспасы бар еріксіз бұлшықет талшықтарынан тұрады. Шырышты қабық қатпарлар түзеді және онда көптеген шырышты бездер бар.   

Өт шығару жолдары. Өт бауырда тәулік бойы жасалып, ал ішекке керегіне қарай келіп тұратындықтан, өтті сақтайтын ыдыс қажет болады. Ол ыдыс өт қабы болып табылады. Бауырда жасалатын өт одан бауыр өзегі,ductus hepaticus communis арқылы ағып шығады. Керек болған жағдайда ол,ductus choledochus арқылы бірден он екі елі ішекке келеді. Егер қажеттілік болмаса, онда ductus choledochus пен сфинктері жиырылған күйінде болады да, өтті ішекке жібермейді, сол себепті өт тек ductus cysticus және одан әрі өт қабына ағады, Бұған спираль қатпардың,plica spiralis, құрылысы жағдай жасайды.

Өт қалтасының қанмен қамтамасыз етілуі.Өт қалтасын меншікті бауыр артериясының тармағы, өт қалтасы артериясы, a cystica, қанмен қамтамасыз етеді және кезбе нервпен,сонымен қатар бауыр өрімімен(симпатикалық) нервтенеді.

 

1.3.1 Жалпы және сыртқы ұйқы артериялары: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

Жалпы ұйқы артериясы - a.carotis 3-ден 4-ші қолқа доғалары бойында вентралды қолқадан дамиды;оң жағында truncus brachiocephalicus- тен,сол жағында қолқа доғасынан шығады. Жалпы ұйқы артериялары кеңірдек және өңештің жағымен жоғары қарай жүреді.Оң жақ жалпы ұйқы артериясы сол жақтағыдан қысқалау,өйткені,сол жақ ұйқы артериясы екі-кеуде(қолқа доғасынан сол жақ төс-бұғана буынына дейін)және мойын бөлімдерінен,ал оң жақ ұйқы артериясы тек мойын бөлімінен тұрады.A.carotis communis,trigonum caroticum-ге өтіп,қалқанша шеміршек немесе тіласты сүйегі денесінің деңгейінде өзінің соңғы тармақтарына: a.carotis externa et a.carotis interna-ға бөлінеді.Қан ағуды тоқтату үшін жүзіктәрізді шеміршектің төменгі жиегі деңгейінде,жалпы ұйқы артериясын YI мойын омыртқасының tuberculum caroticum–ына батырып қысады.Кейде сыртқы және ішкі ұйқы артериялары ортақ сабаумен емес,жеке-жеке қолқадан шығады,бұл олардың қалай дамитындығын көрсетеді. A.carotis communis сабауының бүкіл ұзына бойынан оның қасында өтетін тамырлар мен нервтер үшін ұсақ тармақтар –vasa vasorum және vasa nervorum-дар кетеді,бұлар,мойында жанама қан айналымының дамуы үшін белгілі бір қызмет атқарады.

Сыртқы ұйқы артериясы- a.carotis externa бас пен мойынның сыртқы бөліктері қанмен қамтамасыз етеді.Сыртқы ұйқы артериясы басталған жерінен жоғары көтеріліп,m.digastricus-тің артқы қарыншасы мен m.stylohyoideus–тің артқы бөлігінің ішкі жағынан құлаққасы безін тесіп өтіп,төменгі жақ өсіндісінің мойында өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді.Олар алдыңғы,ортаңғы және артқы топтарға бөлінеді.

 Алдыңғы топқа жататын артериялар,қамтамасыз ететін ағзалардың дамуы және орналасуына байланысты,желбезек доғаларының туындылары болып табылады,атап айтқанда:қалқанша без бен көмейдікі-a.thyroidea superior,тілдікі-a.lingualis,беттікі-a.facialis.

1. A.thyroidea superior - қалқанша бездің жоғарғы артериясы сыртқы ұйқы артериясының басталатын жерінен сәл жоғарыдан шығып,төмен және алдыға қарай жүріп,қалқанша безге келіп,сол жерде басқа қалқанша артерияларымен қосылады.

Жолында n.laryngeus superior–мен бірге lig.thyroideum –ды тесіп өтіп,тармақтарымен көмейдің бұлшықеттерін,байламдарын және шырышты қабығын қанмен қамтамасыз ететін a.laryngea superior-ді береді.

2. A.lingualis - тіл артериясы,тіласты сүйегінің үлкен мүйіздері деңгейінен шығып,m.hyoglossus-пен жабылған Пирогов үшбұрышы арқылы жоғары өтіп,тілге қарай келеді.оған енгенге дейін тіласты безіне тармақтар береді.Тілге енгеннен кейін тіл артериясының сабауы-a.profunda linguae деген атпен тілдің ұшына дейін созылып,жолында тіл арқасына көптеген тармақтар- rr.dorsales linguae береді.

3. A.facialis - бет артериясы,алдыңғы артериядан сәл биіктеу төменгі жақ бұрышы деңгейінен шығып, m.digastricus-тың артқы қарыншасынан ішке өтіп,m.masseter-дің алдыңғы жиегі тұсында,төменгі жақтың жиегінен иіліп бетке өтеді.Бұл жерде, m.masseter алдында,оны төменгі жаққа қарай қысуға болады(қан тоқтағанда).Одан әрі көздің медиалды бұрышына қарай жүріп,сол жерде ақырғы тармағы-a.angularis пен ішкі ұйқы артериясы жүйесінің тармағы a.ophtalmica–дан кететін a.dorsalis nasi- мен анастомоз құрады.Төменгі жақ арқылы иілгенге дейін жақын жатқан құрылымдарға:жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайға,таңдай бадамшаларына,төменгі жақасты безі мен ауыз көкетіне,сілекей бездеріне,иілгеннен кейін жоғарғы және төменгі еріндерге тармақтар береді.

Артқы топ.

4.A.occipitalis -шүйде артериясында, processus mastoideus-тегі жүлге арқылы өтіп,желке аймағындағы тері астына келіп төбеге дейін тамақталады.өз жолында a.occipitalis бірқатар қоршаған бұлшықеттерге,құлақ қалқандарына,артқы бассүйек шұңқыры аймағындағы мидың қатты қабығына кішкене тармақтар береді.

5.A.auricularis posterior -құлақтың артқы артериясы, жоғары және артқы қарай жүріп,құлақ қалқаны артындағы теріге қарай өтеді.Оның тармақтары құлақ қалқанында,шүйде терісі мен бұлшықеттерінде,сондай-ақ дабыл қуысында(оған артерияның тармағы foramen stylomastoideum арқылы өтеді.)таралады.

6.A.sternocleidomastoidea,аттас бұлшықетке барады.

Ортаңғы топ артерия доғаларының қалдықтарынан тұрады.

7. A.pharyngea ascendens - жоғары көтерілетін жұтқыншақ артериясы,жоғары қарай оның қабырғасымен көтеріле жұтқыншақты,жұмсақ таңдайды,таңдай бадамшасымен,есту түтігін,дабыл қуысын және мидың қатты қабықшасын қанмен қамтамасыз етеді.

8. A.temporalis superficialis - самай беткей артериясы,сыртқы ұйқы артериясының екі соңғы тармақтарының бірі-a.carotis externa сабауының жалғасы ретінде самай бұлшықеті шандырында терінің астында сыртқы есту тесігінің алдынан самайға барады.Бұл жерде артерияны самай сүйегіне қысуға болады.Оның ақырғы тармақтары-ramus frontalis және ramus parietals,шеке мен самай аймағында тармақталады.Ол жол-жөнекей құлаққасы безіне,құлақ қалқанының латералды беті мен сыртқы есту тесігіне тармақтар береді;тармақтардың бір бөлігі беттің артқы жағына,көздің сыртқы бұрышына-m.orbicularis oculi және бет сүйегіне барады.A.temporalis superficialis –ті де қанмен жабдықтайды.

9. A.maxillaries - жоғарғы жақсүйек артериясы,сыртқы ұйқы артериясының басқа бір соңғы тармағы болып табылады.тармақтарды зерттеу оңай болу үшін оның қысқа сабауын үш бөлімге бөледі:бірінші бөлім төменгі жақ мойнын орап өтеді,екінші бөлім m.pterygoideus lateralis–тің бетімен fossa infratemporalis –ке өтеді,үшінші бөлім-fossa pterygopalatina-ға өтеді.

 Бірінші бөлімнің тармақтары жоғары қарай сыртқы есту тесігіне fissure pterygotympanica арқылы дабыл қуысына барады;мидың қатты қабықшасына foramen spinosum арқылы a.meningea media-ортаңғы менингеалдық артерия(ең ірі тармақ)өтеді және төмен қарай төменгі тістерге-a.alveolaris inferior- төменгі ұяшықтық артерия барады.Соңғы артерия төменгі жаққа canalis mandibulae арқылы өтеді.Өзекке енгенге дейін a.alveolaris inferior аттас бұлшықетке r.mylohyoideus береді,ал өзекте өзінің тармақтарымен төменгі тістерді қамтамасыз етіп,a.mentalis деген атпен foramen mentale арқылы шығып,иек терісі мен бұлшықеттерінде тармақталады.

Екінші бөлім тармақтары:ұрт бұлшықетіне және барлық шайнау тобы бұлшықеттеріне аттас артеирялар арқылы,сондай-ақ sinus maxillaries–тің шырышты қабығына және жоғарғы азу тістерге артқы жоғарғы ұяшықтық артериялары арқылы барады.

Үшінші бөлімнің тармақатары.1) a.infraotbitalis -көзұяасты артериясы,fissure orbitalis inferior арқылы көзұясына енеді,содан кейін canalis infraorbitalis арқылы жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетіне шығып,төменгі қабаққа,көз жасы қабына және төмен қарай жоғарғы ерін мен ұртқа тармақтар береі.Бұл жерде бет артериясы тармақтарымен қосылады,сондықтан a.maxillaries сабауында қан ағысы қиындағанда,қан оның бассейніне a.facialis арқылы келеді.Көзұясының өзінде-ақ a.infraorbitalis көз алмасыбұлшықеттеріне тармақтар береді;көзасты тілігінен өткенде ит және күректістерді (aa.alveolarae superiors anteriores)және sinus maxillaries –тің шырышты қабығын тармақтармен жабдықтайды;2)таңдай,жұтқыншақ және есту түтікшесіне баратын тармақтар,олардың бір бөлігі canalis palatinus major арқылы төмен түсіп,foramina palatine majus et minores арқылы шығып,қатты және жұмсақ таңдайда тармақталады.3) a.sphenopalatina -сынатәрізді-таңдай артериясы,аттас тесік арқылы мұрын қуысына өтіп,оның латералды қабырғасы мен қалқасына тармақтар береді;мұрын қуысының алдыңғы бөлігі aa.ethmoidales anterior et posterior арқылы қан алады(a.ophtalmica-дан).

 

1.3.2 Ішкі ұйқы артериясы: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

Ішкі ұйқы артериясы, a.carotis interna -жалпы ұйқы артериясынан басталып,бассүйек негізіне көтеріліп,самай сүйектегі –canalis caroticus- ке енеді.Мойын аймағында тармақталмайды;басталатын жерінде дорсалды қолқаның латералды орналасқан сабауынан дамуына сәйкесті,a.carotis externa-дан сыртқа қарай жатады,алайда көп ұзамай оның медиалды бетіне ығыса бастайды.Ішкі ұйқы артериясы canalis caroticus –тің иілгендігіне қарай онда алдымен тік жүріп,содан кейін алдыңғы медиалды бағытта иіліп самай сүйектің ұшында,foramen lacerum жанында бассуйек қуысына енеді;жоғары қайырылып,сынатәрізді сүйек (sulcus caroticus)арқылы түрік ершігінің түбі деңгейінде қайтадан алға бұрылып,кеуекті қойнау қабаты арқылы өтіп,canalis opticus қасында соңғы рет жоғары және сіл артқа қарай иілім жасап,бірінші тармақты-a.ophtalmica -береді де,содан кейін қатты және торлы қабықты тесіп,ақырында өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.

A.carotis interna -ның тармақтары:

1.Дабыл қуысына өтетін -rr.caroticotympanici.

2. A.ophtalmica - көз артериясы,canalis opticus арқылыn.opticus –пен бірге көзұясы қуысына өтіп,сол жерде өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.Көзұсына дейінгі жолында бірнеше тармақ береді.

A.ophtalmica тармақтары:1)мидың қатты қабығына баратын,a.meningea media-мен(a.carotis externa жүйесінен a.maxillaries тармағы)жалғасып кететін тармақтар;2)көз жасы безіне баратын a.lacrimalis;3)көз алмасына баратын aa.ciliares –көздің тамырлы қабығында аяқталады;олардың арасында a.centralis retinae көру нервіне өтіп,сонымен бірге торлы қабықта тармақталады;4)көз алмасы бұлшықеттеріне баратын тармақтар;5)қабақтарға баратын a.palpebrales laterals et mediales –тер;6)мұрын қуысының шырышты қабықшасына a.ethmoidales et posterior–лар барады;7)a.supraorbitalis-көзұясынан арқылы шығады;8)a.dorsales nasi-мұрын қырының жиегімен төмен кетеді.

3. A.cerebri anterior - алдыңғы ми артериясы,көлемі кішілеу,алға және мидың бойлық жүлгесінің алдына қарай медиалды жүріп,мүйізді дененің тізесін орай,ми сыңарының ішкі бетімен артқа өтіп,шүйде бөлігінң басталар жеріне дейін созылып,өз жолында ми жүлгесінің бас жағында көлденең сабау a.communicans anterior - алдыңғы байланыстырушы артерия арқылы басқа жағының аттас артериясымен жалғасады.

4. A.cerebri media - ортаңғы ми артериясы,латералды жаққа мидың латералды жүлгесiнің тереңіне қарай жүріп,сол жерде-ibsula бетінде тармақтарға бөлінеді,ол тармақтар ми сыңарларының бетіне шығып,маңдай,самай және төбе бөліктерінің сыртқы бетін қанмен қамтамасыз етеді,мидың артқы бөлімдері қанды a.vertebralis жүйесінен алады.

5. A.choroidea - тамырлы өрім артериясы,бүйір қарыншасһның төменгі мүйізіне еніп,plexus choroideus-те аяталады.

6. A.communicans posterior - артқы байланыстырушы артерия,көз артериясын бергеннен кейін a.carotis interna–дан шығады,кейін бұрылып,a.cerebri posterior-ға (a.vertebralis-тен)құяды.

A.communicans anterior,aa.cerebri anteriores- тердің бөліктері, a.communicans posterior s жәнеa.cerebri posteriores (a.vertebralis-тен)бірігіп торасты кеңістігінде мидың негізінде тұйық үлкен мидың артерия шеңберін- circulus anteriosus cerebri -түзеді.

 

1.3.3 Бұғанаастылық артерия: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

Тек сол жақ бұған асты артериясы-a.subclavia-қолқа доғасынан тікелей шығатын тармақтарға жатады,ал оң жақ бұғанаасты артериясы –truncus brachiocephalicus-тың тармағы болып саналады.

Бұғанаасты артериясының бірінші бөлімінің тармақтары(septicum intercalenum-ге кіргенде дейін)

1.A.vertebralis- омыртқа артериясы m.scalenus anterior мен m. longus coli аралығында орналасқан foramen processus transversalis –іне кіріп, мойын омыртқаларындағы көлденең өсінді тесіктер арқылы membrane atlantoocipitalis posterior-ға дейін жоғары көтеріліп,оны тесіп өтіп,шүйде сүйектің foramen magnum- ы арқылы бассүйек қуысына енеді.Бассүйек қуысында екі (оң,сол) жақтың артериялары орталық сызыққа түйісіп.көпіршенің артқы жиегіне жақын жерде тақ базиллярлы артерияға a.basilaris- бірігеді. Ол өз жолында бұлшықеттерге,жұлынға және мидың шүйде бөліктерінің қатты қабықшасына ұсақ тармақтар, сондай-ақ маңдай ірі ірі тармақтар береді:

а)a.spinalis anterior- бассүйек қуысында,екі омыртқа артериясы қосылатын жерге жақын өтіп, төмен және орталық сызыққа қарай жүріп,қарсы жақтың аттас артериясымен бір сабауға бірігеді;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: