Порта-кавальды анастомоздар. 9 страница

 

 

1.1.8 Асықты жілік және жіліншігі: құрылысы, қызметі.

Асықты жілік - tibia. Оның проксималды шеті (эпифиз) екі айдаршық-медиалды, condylus medialis және латералды condylus lateralis түзеді.Ортан жілікке қараған жақтағы айдаршықтарда ортан жілікпен буындасуға арналған сәл ойыстау буын алаңдары facies articularis superior орналасады. Асықты жілік айдаршықтарының екі буындық беті де бір-бірінен eminentia intercondylaris деп аталатын қырмен бөлінеді. Қырдың екі tuberculum intercondylare mediale et laterale төмпешігі бар.Бұл қыраттың алдыңғы және артқы шеттерінде бір-бірден жатады, олардың area intercondylaris anterior, ал артқысы area intercondylaris posterior деп аталады.Буындық беттері жуандау жиекпен қоршалған. Жиекпен сәл төмендеу, енді асықты жіліктің алдыңғы бетінде едәуір қомақты бұдырмақ, tuberositas tibiae (апофиз), төртбасты бұлшықет сіңірінің бекитін жері жатады. Латералды айдаршықтың артқы бүйір аймағында кішкене жайпақ буындық беті –кіші жіліншік басымен, facies articularis fibularis буындасатын жер жатады.

Асықты жіліктің денесі үшқырлы пішінді,оның үш жиегі бар:алдыңғы,margo anterior, медиалды,margo medialis және кіші жіліншік жаққа қараған,сүйекаралық жарғақтың бекуіне арналған жер латералды жиек.margo interossae. Үш жиектің арасында үш бет болады: артқы,facies posterior, медиалды, facies medialis, латералды, facies lateralis. Медиалды бет пен алдыңғы (ең өткір) жиек тері астында айқын білініп тұрады. Астыңғы жіліктің төменгі дисталды шетінің (эпифиз) медиалды жағында төменде берік өсінді –медиалды толарсақ, malleolis medialis орналасады. Оның арт жағында жайпақ сүйекті жүлге, sulcus malleolaris, сіңірдің өтетін ізі бар. Асықты жіліктің төменгі шетінде аяө ұшы сүйектерімен буындасуға арналған бейімділіктер, facies articularis inferior, және медиалды толарсақтың латералды жағында-facies articularis malleoli жайғасқан. Асықты жіліктің дисталы шетінің латералды жиегінде тілік, insisura fibularis, кіші жіліншікпен қосылатын жер болады.

Асық жілік шыбығы - fibula шеттері жуандаған жұқа әрі ұзын сүйек болып табылады. Жоғарғы (проксималды) эпифиз жайпақ дөңгелекше буындық беті, facies articularis capitis fibulae, арқылы асықты жіліктің латералды айдаршығы буындасатын кішкене бас,caput fibulae, түзеді. Осы беттің сәл артқы және бүйір жағынан жоғары қарай сүйекті бұдыр, бастың ұшы, apex capitis fibulae шығып тұрады. Шыбықтың денесі үш жиекті және өзінің бойлық білігі бойынша сәл-пәл бұратылған сияқты. Сүйек диафизінің асықты жілікке қараған және сүйекаралық жарғақтың, membrane interossea cruris, бекуіне арналған жиегі margo interossea ретінде белгіленеді.Асықты жілік шыбығының төменгі (дисталды)эпифизі жуандап, тегіс буындық беті, facies articularis malleoli, бар латералды толарсақ, malleolus lateralis, түзеді.

 

1.1.9 Аяқбасы сүектері:құрылысы, қызметі.

Аяқ басы сүйектеріне: тілерсек, табан және бақай сүйектері ажыратылады.

Тілерсек - tarsus білезік сүйектері сияқты екі қатарға орналасқан жеті қысқа кеуек сүйектен түзілген. Артқы немесе проксималды екі біршама ірілеу сүйектен-асық және оның астында жатқан өкше сүйектен құралады.Алдыңғы немесе дисталды қатар, медиалды және латералды бөлімдерден тұрады.Медиалды бөлім қайықтәрізді және сынатәрізді сүйектен тұрады, ал латералды бөлімде тек бір ғана текше сүйек жатады. Асықты жілік сирақ сүйектерімен (жоғарғы жағында) және қайықтәрізді сүйекпен (алдыңғы жағынан) буындасуға бейімделген.

1.Асық топай сүйек, talus алдыңғы жағында тарылған мойынға,collum tali айналатын денеден, corpus tali тұрады; мойын қайықтәрізді сүйекпен, facies articularis navicularis буындасуға арналған буындық беті бар сопақ дөңес баспен corpus tali аяқталады.Асық сүйек денесінің жоғарғы жағында сирақ сүйектерімен буынасуға арнлаған шығыршық, trochlea tali орналасады.

2.Өкше сүйек, calcaneus. Сүйектің жоғарғы жағында асық сүйектің төменгі буындық беттеріне сәйкес келетін буындық беттер орналасады.Медиалды жаққа қарай өкше сүйегінің, sustentaculum tali деп аталатын өсіндісі-асық сүйектің тірегі шығады.Өкше сүйегінің алдыңғы бөлімдегі буын беттері осы сүйектің артқы буындық бетінен жүлге, sulcus calcanei арқылы бөлінген. Ол асық сүйектің нақ осындай жүлгесіне жанасып, онымен бірге аяқ ұшының сыртында латералды жағынан ашылатын сүйекті қойнау, sinus tarsi, түзеді.Өкше сүйегінің латералды бетінде ұзын жіліншік бұлшықетінің сіңіріне арналған жүлге өтеді.Өкше сүйегінің тілерсек сүйектері екінші қатарына қараған дисталды жағына текше сүйекпен буындасуға арналған буындық беті, facies articularis cuboidea жатады.

3.Қайықтәрізді сүйек, os naviculare асық сүек басы мен үш сына тәрізді сүйектердің арасында орналасқан.

4.5.6 Үш сына тәрізді сүйек, ossa cuneiforma өздерінің сыртқы түріне қарай осылай аталады және os cuneiforme mediale, intermedium et laterale деп белгіленеді.Сүйектердің ішіндегі ең ірісі-медиалды сүйек.Сынатәрізді сүйектердің сәйкес беттерінде көрші сүйектермен буындасуға арналған буын беттері орналасады.

7.Текше сүйек, os cuboideum, аяқ ұшының латералды жиегінде өкше сүйегі мен IV және V табан сүйектері негізінің арасында жатады.Сүйектің табан жағында қиғаш бұдырмақ, tuberositas ossis cuboidea шығып тұрады, оның алдында жүлге, sulcus tendinis m.peronei longi өтеді.

Табан сүйектері, metatarsus, қысқа моноэпифизарлы қуысты сүйектерге жататын және қолдағы алақан сүйектеріне ұқсайтын бас табан сүйектерінен, ossa metatarsalia, тұрады.Алақан сүйектері сияқты негізі, basis, ортаңғы бөлігі немесе денесі, corpus, ж2не дисталды шеті, басы, caput болады.Оларды аяқ ұшының медиалды жиегінен бастап санайды.

Аяқ ұшы бақайларының сүйектері,бақайшақтар, phalanges digitorum pedis қол ұшының осындай сүйектерінен кішілеу шамаларымен өзгешеленеді.Тек екі бақайшағы бар І бақайды қоспағанда, бақайлар, саусақтар сияқты үш бақайшақтан тұрады.Дисталды бақайшақтардың шетінде жуандаған бұдырмағы, tuberositas phalangis distalis, болады, бұл олардың басты ерекшелігі болып табылады. Дәнтәрізді сүйектер табан сүйектер-бақайшақтар буындары(І бақай аймағында тұрақты) мен І бақайдың буынаралық буынында кездеседі

 

 

1.1.10 Шүйде сүйегі: құрылысы,қызметі

Шүйде сүйек, os occipitale, әрі бассүйек күмбезіне, әрі оның негәзәне қатыса отырып, бассүйек қорабының артқы және төменгі қабырғаларын түзеді. Ол(аралас сүйек болғандықтан) осыған сәйкес дәнекер тін негізінде жабын сүйек(шүйде қабыршағының жоғарғыбөлігі) ретінде де, сондай-ақ шеміршек негізінде де(cүйектің басқа бөліктері) сүйектенеді. Ол тек 3-6 жаста бірыңғай сүйекке айналып бітісіп кететін жеке-жеке 4 бөліктен тұрады. Үлкен шүйде тесігін, foramen magnum(жұлынның омыртқа өзегінен бассүйек қуысындағы сопақша миға ауысатын жері) тұйықтайтын бұл бөліктер мыналар: алдыңғы жағынан –негізгі бөлік,pars basilaris,жан-жақтарында-латеральды бөліктер,partes lateralis, арт жағынан-шүйде қабыршағы,squama occipitalis. Қабыршақтың шеке сүйектерінің арасына сыналап өтетін жоғары бөлігі жеке сүйектенеді және көбінесе бүкіл өмір бойы көлденең жікпен бөлініп тұрады.

Шүйде қабыршағы, squama occipitalis, жабын сүйек ретінде табақша тәрізді, сырт жағынан дөңес, ал іш жағынан ойыс. Оның сыртқы бедері бұлшықеттер мен байламдардың бекуіне байланысты. Ішкі беттің бедері мидың пішініне және оның қабаттарының бекуіне байланысты, соның себебінен бұл бет тік бұрыш жасай қиылысатын екі қыр арқылы байланысатын 4 шұңқырға бөлінеді: бұл екі қырға бірге кресттәрізді томпақты, eminentia cruciformis, ал олардың қиылысқан жерінде ішкі шүйде шодырын(protuberantia occipitalis interna) түзеді.

Бойлық қырдың төменгі жартысы сүйірлеу және crista occipitalis interna деп аталады. Жоғарғы жартысы және көлденең қырдың екі жартысы да жақсы байқалатын: сагиталды, sulkus sinus sagittalis superioris және көлденең,sulkus sinus transversi жүлгелерімен қамтылған.

Латералдық бөліктердің, partes lateralis, әрқайсысы бассүйектің омыртқа жотасымен байланысуына қатысады, сондықтан олардың төменгі бетінде шүйде айдаршығы, condulus occipitalis, ауыз омыртқамен буындасатын жер болады.

Негізді бөлік, pars basilaris, 18 жасқа қарай сына тәрізді сүйекпен бітісіп-өсіп, бассүйек негізінің ортасында бірыңғай сүйек, os basilare, түзеді.

 

1.2.1 Мойын бұлшықеттері: топографиялық орналасуына байланысты жіктелуі, құрылыс ерекшеліктері.

Жауабы:

Мойын бұлшықеттері орналасуы жағынан мынадай топтарға бөлінеді:

1.Беткей бұлшықеттер platysma,m.sternocleidomastoideus).

2.Ортаңғы бұлшықеттер, немесе тіласты сүйегінің бұлшықеттері:

а)одан жоғары жататын бұлшықеттер (mm.mylohyoideus, digastricus, stylohyoideus, geniohyoideus);

б)одан төмен жататын бұлшықеттер(m.sternohyoideus, sternothyroideus, thyrohyoideus, omohyoideus);

3.Терең бұлшықеттер:

а)қабырғаларға бекитін бүйір бұлшықеттері(mm, scalenі anterior, mediale еt posterior);

б)омыртқа алдындағы(m, longus colli,m, longus capitis; m, rectus capitis anterior et lateralis).

Беткей бұлшықеттер.

1. Мойынның теріасты бұлшықеті,m, platysma,тікелей тері астында, шандырдың үстінде жұқа табақша түрінде жатады.

 Қызметі.мойын терісін тартып, бұлшықет теріасты веналарын қысып қалудан сақтайды,бет қимылында маңызы бар, езуді төмен қарай тарта алады.

 

2.Төс-бұғана-емізікті бұлшықет,m.sternocleidomastoideus, алдыңғы бұлшықеттің астында орналасып, одан мойын шандыры арқылы бөлінеді. Ол төстің тұтқасынан және бұғананың төстік шетінен басталып, емізік тәрізді өсіндіге және шүйде сүйектің linea nuchae superior-ына бекиді.

Қызметі.Біржақты жиырылғанда бұлшықет омыртқа жотасының мойын бөлімін өз жағына қарай қисайтады, сонымен қатар бір мезгілде басты көтеріп, бетті қарама-қарсы жаққа қарай айналдырады.

 

Ортаңғы бұлшықеттер.

1.Жақ-тіласты бұлшықеті, m.mylohyoideus, жақ-төменгі жақсүйектің linea mylohyoideus-ынан басталып, иектің ішкі жағынан тіласты сүйегінің денесіне қарай орта сызықпен екі mm.mylohyoideа арасындағы шекара бойымен созылып жатқан сіңірлі жікте,raphe, аяқталады.

2.Қосқарыншалы бұлшықет,m. digastricus, дөңгелек аралық сіңірмен қосылған екі құрсақшадан тұрады.

3.Біз-тіласты бұлшықет, m, stylohyoideus, самай сүйегінің processus styloideus-інен тіласты сүйегінің денесіне түсіп, екі шоғырмен қосқұрсақ бұлшықетінің аралық сіңірін қаусырып алады.

4.Иек-тіласты бұлшықеті, m, geniohyoideus,raphe-нің бүйір жағынан m.mylohyoideus үстінде жатады, төменгі жақсүйектің тіласты сүйегінің денесіне дейңн созылып жатады.

 

Терең бұлшықеттер.

1.Алдыңғы сатылы бұлшықет,m. scalenus anterior

2.Ортаңғы сатылы бұлшықет, m. scalenus medius

3.Артқы сатылы бұлшықет, m. scalenus posterior

4.Мойынның ұзын бұлшықеті, m. longus colli m, longus capitis

5.Бастың ұзын бұлшықеті,m. longus capitis

1.2.2.Ауыз қуысы: қабырғасының құрылысы, бөлімдері, Еріндер, ұрт, қызыл иектің құрылысы.

Ауыз қуысы, cavitas oris, екі бөлімге бөлінеді: ауыз алды, vestibulum oris, және нағыз ауыз қуысы, cavitas oris propria. Ауыз алды деп сыртынан еріндер мен жақтар арасындағы, іш жағынантістер мен қызыл иектер арасындағы кеңістікті айтады. Ауыз тесігі,rima oris, арқылы ауыз алды сыртқа ашылады.

Еріндер, labia oris, сыртынан терімен, іш жағынан шырышты қабықшамен жабылған ауыздың сақиналы бұлшықетті талшықтары болып табылады. Еріндерде тері шырышты қабықшаға айналады,ол жоғарғы еріннен қызылиек бетіне созылып, орта сызық бойымен жақсы байқалатын жүгеншік, frenulum labii superioris, түзеді.

Таңдай,palatum, екі бөліктен тұрады. Алдыңғы үштен екісінің негізі,palatum osseum, бар, бұл қатты таңдай palatum;durum;артқы уштен бірі, жұмсақ таңдай,palatum molle, фиброзды негізі бар бұлшықетті түзіліс болып табылады.

Ауыз қуысында үш жұп сілекей бездерінің шығару өзектері: төменгі жақасты, тіласты, сонымен қатар ауыздың кілегейлі қабықшасында көптеген ұсақ бездер бар. Бөліп шығаратын секреттің сипатына қарай бездер:серозды,шырышты, аралас деп бөлінеді.

1.2.3 Асқазан: топографиясы,бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі.

Асқазан - gaster асқорыту жолының қалта тәрізді кеңейген жері.Қарында өңеш арқылы өткен тамақ жиналып, асқорытудың бірінші сатылары өтеді, тамақтың қатты бөліктері сұйық немесе ботқа тәрізді қоспаға айналады.

Топографиясы. Қарын,epigastrium-дe орналасады. Қарынның көп бөлігі 5/6 жуығы ортаңғы жазықтықтан солға қарай жатады; қарынның үлкен қысықтығы толған кезде regio umdilregions-ке проекцияланады. Асқазан ұзыннан төмен, солдан оңға, арттан алға қарай бағытталған. Омыртқа бағанасының сол жағында VII сол жақ қабырға шеміршегінің артында, төстің жиегінен2,5-3 см қашықтықта орналасқан.

Құрылысы. Қабырғасы 3 қабықтан тұрады.

1.tunica mucosa-шырышастылық негізі.

2. tunica muscularis-бұлшықетті қабық.

3. Tunica serosa- серозды қабық.

Tunica mucosa қарынның негізгі қызметі-қышқыл ортада асты химиялық өңдеуге сәйкес құрылған. Шырышты қабықта асқазан сөлын өндіретін арнаулы асқазан бездері орналасады, асқазан сөлінде тұз қышқылы болады. Тunica muscularis астың араласып, жылжуына көмегін тигізетін миоциттерден, бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Асқазан қабырғасының ең сыртқы қабаты ішастардың бөлігі болып табылатын серозды қабықтан,tunica serosa түзіледі.

Асқазанның қанмен қамтамасыз етілуі.Асқазанның кіші иінін сол асқазан артериясы, a.gastrica sinistra, (құрсақ сабауының тармағы), мен оң асқазан артериясы, a.gastrica dextra, (меншікті бауыр артериясының тармағы); үлкен иінін оң асқазан-шарбы артериясы, a.gastroepiploica dextra, (асқазан он екі елі ішек артериясының тармағы), және сол асқазан-шарбы артериясы, a.gastroepiploica sinistra, асқазан түбін- қысқа асқазан артериялары, aa.gastricae breves, (екеуі де көкбауыр артериясының тармақтары) қанмен қамтамасыз етеді.Асқазанның кіші және үлкен иіндері тұсында асқазан және асқазан-шарбы артериялары өзара анастомоз құрып, асқазан айналасында артериялық сақина түзеді, одан асқазан қабырғасына көптеген тармақтар тарайды.

Асқазанның нервтенуі (асқазан өрімін plexus gastricus, қалыптастыруда) кезбе және симпатикалық нервтермен жүреді.Алдыңғы кезбе сабауы асқазанның алдыңғы қабырғасында, артқы кезбе сабауы-асқазанның артқы қабырғасында тармақталады.Асқазанға симпатикалық талшықтар құрсақ сабауынан келеді.

1.2.4 Он екі елі ішек: топографиясы,бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі.

Он екі елі ішек, duodenum, ұйқы бездің басын таға тәрізді айналып жатады. 4 негізгі бөлімді айырады:

1)pars superior.

2)pars descendens.

3)pars horizantalis.

4)pars ascendens  түзеді.

Топографиясы. Он екі елі ішек өз иілімінің ішкі жағымен ұйқы бездің басымен бітісіп-өседі, оған қоса, pars superior бауырдың шаршы бөлігімен,pars descendens –оң жақ бүйрекпен жанасады, pars horizantalis a және v.mezentericae superiors алдынан және aorta мен v.cava inferior арасында артынан өтеді. Duodenum-де шажырқай болмайды да, негізінен алдыңғы жағынан ішастармен жабылады.

 

Он екі елі ішектің қанмен қамтамасыз етілуі.Он екі елі ішекті алдыңғы және артқы жоғарғы ұйқыбез-он екі елі ішек артериялары, aa.pancreaticoduodenalis superiors anterior et posterior (асқазан-он екі елі ішек артериясының тармақтары) және төменгі ұйқыбез-он екі елі ішек артериясы, aa.pancreaticoduodenalis inferior (жоғарғы шажырқай артериясының тармағы)қанмен қамтамсыз етіліп, өзара анастомоз құрып, он екі елі ішектің қабырғасына он екі елі ішек тармақтарын rr.duodenales береді.

Он екі елі ішекте кезбе нервтің және асқазан, бауыр және жоғарғы шажырқай өрімдерінің тік тармақтары нервтендіреді.

1.2.5 Аш ішек пен мықын ішектер: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі.

Жіңішке ішек,intestinum tenue,үш бөлімге бөлінеді:

1. Duodenum-он екі елі ішек

2.Jejunum-аш ішек

3.Ileum-мықын ішек.

Жіңішке ішектің ұзындығы 2,7 м-ден аспайды. Бұл ішекте ас механикалық және сілтілік реакция жағдайында одан әрі химиялық өңдеуден өтіп, сіңіріледі.

Аш ішек пен мықын ішекті,intestinum tenue mesenteriale деген жалпы атпен біріктіреді, өйткені бүкіл бұл бөлім duodenum-нен өзгеше ішастармен жабылып, шажырқай арқылы артқы құрсақ қабырғасына бекиді. Аш ішек пен мықын ішек арасында айқын шекара болмаса да, екі бөлімнің де типтік бөліктерінің жоғарғы бөлігі мен төменгі бөлігі айқын байқалатын өзгешеліктері бар: аш ішек диаметрі үлкендеу, қабырғасы қалыңдау, қан тамырлары мол.

Құрылысы. Аш ішек шырышты қабықшасы, tunica mucosa, оны жауып тұратын көптеген ішек бүрлерінен,villi intestinales күңгірт барқыт тәрізді көрінеді. Бүрлер-ұзындығы шамамен 1мм, шырышты қабықшаның өсінділері, шырышты қабықша тәрізді цилиндрлі эпителиймен жабылған және центрінде лимфалық синусы мен қан капиллярлары болады. Бүрлердің қызметі-өт,ұйқы безі, ішек бездері бөлетін сөлдердің әсерін алған қоректік заттарды сіңіру, бұл кезде көмірсулар мен белоктарын вена тамырлары, ал майларды лимфа тамырлары сіңіреді. Бүрлер аш ішекте көп болады, ол жерде олар жұқалау және ұзындау. Бұлшықет қабықшасы,tunica muscularis, жіңішке ішектің түтікшелі пішініне сәйкес миоциттердің екі қабатынан тұрады:сыртқы- бойлық, ішкі-циркулярлы қабат. Циркулярлы қабат жақсы дамыған. Серозды қабықша,tunica serosa, аш ішекті жан-жағынан қаусыра, арт жағынан, шажырқайдың екң жапырақшасы енсіз жолақ қалдырады, екі шажырқай арасымен ішекке нервтер, қантамырлар, лимфа тамырлары келеді.

Аш ішек пен мықын ішектің қанмен қамтамасыз етілуі.Жіңішке ішектің шажырқайлы бөлігі жоғарғы шажырқайлық артерияның тармақтары, 15-20 жіңішке ішек артерияларымен, aa.intestinales, қанмен қамтамасыз етіледі. Нервтенуі кезбе нервтің тармақтары мен жоғарғы шажырқайлық өріммен (симпатикалық нервтер жүреді).

1.2.6 Жуан ішек: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі.

Жуан ішек, intestinum crassum,жіңішке ішектің шетінен артқы тесікке дейін созылып, мынадай бөліктерге бөлінеді:

1.Caecum-құрт тәрізді өсінді.

 2.Colon ascendens-жоғарылаған ішек.

 3. Colon transversum-көлденең ішек.

 4.Colon descendens-төмендеген ішек.

 5.Colon sigmoideum-сигма тәрізді.

6.Rectum-тік ішек.

Жуан ішектің жалпы ұзындығы 1,0 мен 1,5 метр аралығында өзгеріп отырады.Сaecum аймағындағы ені 7 см-ге жетеді. Жуан ішектің жіңішке ішектен ерекшелігі:1.еркше таспалардың болуы,teniae coli, 2. өзіне тән қампайған жерлерінің болуы,haustra coli, 3.майы бар сероз қабықшасы өсінділерінің болуы,appendices epiploicae.

Жуан ішектің шірішты қабықшасында сіңіру процесінің әлсіреуіне байланысты бүрлер болмайды да,сондқтан ол аш ішектіңшырышты қабықшасынан өзгеше тегіс болып келеді. Аш ішектегі дөңгелек қатпарлар тоқ ішекте жеке бөліктергеб бөлініп, тек шырышты қабықшадан ғана емес, қабырғаның басқа қабаттарынан да тұратын жарты ай тәрізді қатпарларға айналады. Бұлшықет қабыға екі қабаттан тұрады:сыртқы-бойлық, ішкі-циркулярлы қабат. Ішкі –циркулярлы, тарылтатын қабат қана тұтас, ол тығыз нәжіс бөліктерін жылжыту қажеттігіне байланысты қалыңдайды.Кеңейтетін бойлық бұлшықет жуан ішекте жоғарыда сипатталған үш teniae-ге бөлінеді. Өйткені саңылаудың кеңеюін нәжіс бөліктерінің қысымы жеңілдетеді.

Жуан ішектің қанмен қамтамасыз етілуі.Жиек ішекті жоғарғы шажырқайлық артерияның тармақтары a.mesenterica superior, жоғарылаған жиек ішекті –оң жиектік артерия, a.colica dextra, көлденең жиек ішекті-ортаңғы жиектік артерия, a.colica media, және төменгі шажырқайлық артерияның a.mesenterica inferior тармақтары:төмендеген жиек ішекті –сол жиектік артерия, a.colica sinistra, сигматәрізді жиек ішекті-сигматәрізді артерия, a.sigmoidea,қанмен қамтамасыз етеді.

Жиек ішек кезбе нервтің тармақтары (сигматәрізді жиек ішек –ішкі мүшелік бел нервтері) мен жоғарғы және төменгі шажырқайлық өрімнің симпатикалық нервтерімен нервтендіріледі.

1.2.7 Соқыр ішек және құрт тәрізді өсінді: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі.

 Соқыр ішек,caecum, басталатын жерінен оған аш ішек құятын жерге дейінгі тоқ ішектің бірінші бөлігі болып табылады. Тік шамасы 6 см-дей, көлденең шамасы 7-7,5 см-дей қапшық тәрізді. Сaecum оң жақ мықын шұңқырында ілі-шала,lig.inguinale латералды жартысынан жоғары орналасқан. Алдыңғы беті тікелей іштің алдыңғы қабырғасына жанасып жатады немесе одан үлкен шарбымен бөлінеді. Қалыпты орналасқан соқыр ішекте құрт тәрізді өсіндінің 4 түрлі орналасу қалпын ажыратады:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: