Ішкі Монолог пен диалог 6 страница

Aл пьесaдaғы кейіпкерге ұқсaу, оның психологиялық көңіл күйін сездіре оқу оқушылaрғa aуыр. Сондықтaн оны тaлaп ету ретті болa бермейді деп есептейміз. Себебі, пьесaдa кейіпкердің шектен тыс трaгедиялық хaлін немесе лирикaлық сезімін, жеке бaсының күйінішін (көзіне жaс aлуын) т.б. күлкілі жaйттaрды көрсететін сәттер кездесуі мүмкін. Сыныптaғы оқудың бaсты мaқсaты — оқығaнын түсіне білу, сол негізде тыңдaушылaрғa кейіпкерлердің ойы мен ісін сездіруге тырысу. Әрине, кейіпкерлердің түрлі хaрaктерін aшу үшін оқушыдaн сол хaрaктерді тaни білу тaлaп етіледі. Мұның өзі оқу aрқылы пьесaның кейіпкрлерін тaнудың бaсы болaды. Ендеше оқу aлдындa әр кейіпкерге лaйық дaуыс ырғaғын, эмоциялық мәнерді сaбaқтa aнықтaп aлу сaбaқтың бaсты нысaнaлaрының бірі болуғa тиіс. Қазіргі кезде мектептерде жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары қолдануда. Мәселен академик В.И. Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяшенконың ұжымдық оқыту әдісі принциптері, Ж.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы, М.Жанпейісованың «Модулдік оқыту технологиясы» Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибиеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Оқуышы санасына сәуле беріп түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып білімді жүйелі түрде меңгертуіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» мен М.Жанпейісованың «Модулдік технологиясының» маңызы ерекше. Эпостық және лирикaлық шығaрмaлaрмен бірге көркем әдебиеттің күрделі бір түп-сaлaсы болғaн дрaмaдa дa жaлпы әдебиет зaңдылықaрынa бaғынaды. Сондықтaн дa дрaмaлық шығaрмaлaрды мектепте оқыту принципі де эпос, лирикaны оқытудың әдіс-тәсілдерімен сaбaқтaс болып келеді. Бірaқ дрaмaны оқытудың өзіндік ерекшеліктері, өзіндік сипaттaры бaр. Бұл оның жaнрлық тaбиғaтынa бaйлaнысты.

Әдебиет саласында драма эпос,лирика сынды үш тегінің бірі.Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды.Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма –көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап,оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі.Драмалық шығармаларда баяндау болмайды.Оқиға,яғни тартыс желісі кейіпкер сөзі арқылы дамиды.Автор кейіпкердің оқиға барысындағы дене қимылын жақша ішіне бөлек жазып отырады.Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, көбінесе диолог,кейде монолог түрінде болып келеді. Кей жағдайда өлең түрінде немесе қара сөз түрінде де кездеседі.

31. Көркем бейне жасауда типтендіру тəсілі

Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, əлеуметтік орта дəуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі жəне жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады. Жазушыға тип жасау əрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы қисын емес, тіріə мүсін прототип. Əр жазушының твочестволық лабороториясына үңілген адам оның өмір шындығын

көркем жинақтау; яғни əдеби бейнелерді типтендіру əрекеті, көбіне, əр типке прототив табудан басталғанын байқауға болады. М.Əуезовтың əр типінің өмірде прототипі болған. С.Мұқановтың Амантайының төркіні Амангелді т.б. Типтік тұлғасын жинақтау, көркем бейнені даралау процесі, міне,осылай басталады.Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқлы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітім, тұлғасын қалыптастырумен бірге оның ішкі мінезін даралайды. Əрбір əдеби тұлға тек өзіне ғана тəн, өзгелерде жоқ психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық ұлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мыс: Ғ.Мұстафин «Дауылдан кейін» романын жазу үстінде бар күшін кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамау жағын қадағалауға жұмасағанын айтады. Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Образ – эстетикалық мəні бар, ойдан шығару арқылы əрі нақты, əрі жинақты жасалған адам өмірінің əсем суреті. «Талантты жазушының əр образы тип».Типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр. Мəселен, əдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшліктерінен құралады да, тип болады. Мысалыға Құнанбайды алып қарасақ, бүкіл ішкі сыртқы бітімі ешкімге ұқсамайды, əбден дараланған, мінез құлқы, іс-əректі, ақыл-парасаты бірегей, бөлек. Бұнда Құнанбайдың жалқы – тұлға. Сонымен бірге, ол əбден жинақталған, сол дəуірдегі өмір кешкен бай-шонжарлардың бəріне ортақ əрекет бар. Бұл жерде Құнанбай – жалпы, өз ортасының жиынтығы. Көркем əдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізін байқауға болады. Мыс, М.Əуезов Абай бейнсі арқылы қазақ қоғамындығы жаңалықты, ұнамды қасиеттердің бір алуанын байқауға болады. Көркем əдебиеттегі жинақтау – типке əкелсе, даралау – мінезге əкеледі. Образ осылай туады.

 

32. С.Торайғыров поэзиясының жаңалығы

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.

Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.

С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы еркін қоғам туралы асқақ арманға қанық. Оның болашаққа ұмтылған әдеби мұрасы өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизм мен Отанға деген махаббатқа тәрбиелеудің адамзаттық мәніне ие.

 

33. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау

Көркем шығарманың композицияссы мен сюжеті.

Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы.

Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.

Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.

Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.

Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.

Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.

Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.

Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.

Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.

Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.

Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.

Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.

 

34. Мазмұн мен пішіннің бірлігі.

Мазмұн мен пішін бірлігі-көркемдік арты. Мазмұн мен пішін-іргелі философиялық ұғым. Бұл екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте болады. Көркем шығарманың күллі құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде жатыр. Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретн бір нәрсе-бір мамұнының бірнеше пішіні болатыны. Мысыла, Ұлы Отан соғысының сөз өнерінде әр түрлі пішінде суреттелгенін Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас», Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы» атты шығармаларынан аңғаруға болады. (поэзия, проза, драматургия).

Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты.

Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз болады. Мысалы, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық, өнерге мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы шындығының өнердег пішіні әр дәуірде әр алуан. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. (Қазіргі махаббаты Қыз Жібек пен Төлегеннің сезімдеріндей суретесе, осы дәуірдегі сай келмес еді). Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретінтағы бір ерекшелік-мазмұнын мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мамұнын ала келеді.

Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз-өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі-оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.

Қорыта айтқанда, шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысын негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірі өнерге айналдырған ең құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі.

Мазмұн дегеніміз шығарманың өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін мағыналылығы деуге болады. Шығарманың мазмұны-баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай, өмір құбылыстарының тікелей өзі емес, соның көркемдік крінісі, сөзбен мүсіндеп берілген суреті.

Өмір шындығы әдебиет шығармасындағы көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой-сезімі, адамгершілік, азаматтық мұрат-идеалдары келіп қосылады. Шығарманың көркемдік тұлға-пішініне, өрнек-кестесіне, өн бойына қан жүгіртіп, жан беретін, өң нұр беретін идеалық мазмұн-жазушының биік қоғамдық мақсаттарының көрінісі. Әдеби шығарманың көркем түрін (пішінін) оның мазмұн-мағынасынан бөліп қарауға еш болмайды. Шығарманың көркемік сапасы алдымен идеялық мазмұнның тереңдігіне байланысты.

Әдебиеттегі мазмұн мен пішінді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек былай болар еді: шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушның өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі.

 

35. Сара Тастанбек қызының ақындық шығармашылығы                                                     

Сара – дарынды ақын, саналы суреткер, көркем сөздің шебері. Бізге жеткен шығармаларының көлемі шағын. Оның үстіне зерттелу жағы кенже.Ақын өзінің алтын ойларын жан тебірентер монологтар мен диалогтарға құрылады. “Тордағы тоты” жинағы ақынның “Тағдыр тәлкегі” атты көлемді туындысымен ашылады. Бұл – өзінің құрылысы мен мазмұн желісіне қарағанда дастан тәріздес оқиғалы шығарма. Әкесі өліп, жетім қалғаннан кейінгі өмір жолынан бастап-ақ өлеңмен шолып суреттейді.Сараның келесі маңызды шығармасы – “Жүрек” деп аталады. Дастанның мазмұны қызық. Жергілікті халық аңыздарының негізінде жазылған көркем туынды. Лирикалық герой жалғыз өзі түн жамылып, Қапал тауының “Баянжүрек”, “Сайын бөлек”, “Қоңтәжішоқы” аталатын бөлек шоқылары мен жоталарына қаратып сыр шертеді.“Жүрек” – қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын аларлық ерекше шығарма. Ол – романтикаға толы лирикалық дастан. Жер жүрек пен өз жүрегін толғантқан лирикалық қаһарманның монологтары өте әсерлі. Махаббат еркіндігін аңсаған жастар жүрегінің дүрсілі естіліп-ақ тұрады.Ақындық шабыт пен терең толғамын танытар шығармаларға оның “Ашындым”, “Арсалаң алдында”, “Ортақ мұң”, “Аққу”, “Қарлығаш”, “Торығам”, “Шымылдық”, “Қош бол, елім”, “Көп сәлем Ыбакеме, дұғай-дұғай” атты арнау, толғауларын да жатқызу орынды. Бұлардың әрқайсысы – көлемі шағын, мазмұны терең, көркемдік құны жоғары шығармалар.“Қарлығаш” – Әріпке арналып жазылған жұмбақ сыр. Өзінің ғашықтығын білдіріп, хат жазған әріпке жұмбақтап жауап қайтарған Сараның бұл туындысы да “Аққу” сияқты символды бейнелі сөздерге толы.Сараның “Шымылдық” атты толғауының маңызы да атап көрсетерлік. Қазақтың “Әмеңгерлік” салтына қарсы пікірлерін ақын алыстан орап, сұлу суреттер жасай отырып бейнелейді.Сараның ақындық өнерінің шыңы – Біржанмен айтысы. Бұл – ақындар айтысы өнерінің үздік үлгісі дерлік тұтас туындысы. Өзінің әлеуметтік мәнімен де, көркемдік суреттілігімен де, поэтикалық тапқыр тілімен де құнды, шынайы шығарма.Сара Тастанбекқызы – XIX ғасыр қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан көркем сөздің белгілі шешені. Халық поэзиясы үлгісінде өмір бойы жыр төккен ақпа ақын. Халық поэзиясының суреттілік сапасын көтеріп, көркемдігін зорайтқан, өзіндік өнерпаз. Еш шалдырмас топтан озған жүйрік. Асыл сөздің сарқылмас кені. Поэзиямыздың қыздан шыққан кемеңгері.Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады.Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады.Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінін өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын

2.Әдебиет пәні бағдарламасын жасаушы әдістемеші ғалымдар                              

 1960-1990 жылдардағы әдебиет пәні оқу құралдары мен                                          әдістемелік нұсқаулары. Аталған жылдарда әдебиет пәнін оқыту, жетілдіру жөнінде әдістемелік еңбектер мен оқу бағдарламаларын құрастырып жазғанғалым-әдіскерлер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев,М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов,Ә.Дайырова, Ш.Кәрібаев, Қ.П.Жүсіп, Қ.Бітібаева т.б.жаңа қазақ мектебіндегі әдебиетті оқыту әдістемесінеӘ.Қоңыратбаев,А.Көшімбаев,Т.Ақшолақов,С.Қирабаев,Ә.Дайырова,С.Тілешова, Қ.Бітібаева, т.б. оқу құралдары мензерттеу әдіскерлік еңбектері.                                                                                                                              

Ішкі Монолог пен диалог                                                                                                    

Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай (“Сұлушаш”), Қоңқай (“Ақан сері – Ақтоқты”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті. Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада, әсіресе, прозалық дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді ауызекі сөйлеу тіліне біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен оқырмандарды оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар. Демек, монолог туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды келтіру бір жақты болады. Ғылыми баяндамада да, көпшілік алдында сөйлегенде де, екеу, үшеу ара сөйлескенде де, монологтың шебер құрылуы арқылы тыңдармандарымен диалог құрып кететін шешендер де болады.Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді. Диалог арқылы адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас құрып, рухани, мәдени байланыс орнатып, күнделікті тіршілігінен хабардар болады, қоғамдағы өз орнын тауып, бағыт-бағдарын анықтайды. Диалог үлгілерін жинақтап үлкен үш топқа бөліп қарастырады: а) ақпараттық диалог. Бұған: диалог – сұхбат, диалог –тергеу, хабарлама диалог және диалог – түсінісуді жатқызады.                                                                            


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: